Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Панаханалар 4 страница




Кейде өлім мен өмір ортасында темірбетон тұрғандай. Оны кран арқылы тез көтеру қауіпті-астында жатқан жарықшақтары жылжып адамды басуы мүмкін. Француз, австриялық құтқарушылары бетон плитасын кран арқылы бір неше сантиметрге көтеріп пайда болған саңылауға, дәрігер зардап шеккен адамға глюкоза қоспасын беретін, одан кейін бетонды шеттерінен бұрғылайтын, ол плитаны барынша абайлап қозғалтуға мұрша береді. Осылай бесінші тәулікте бір неше түнгі сағаттар жұмысынан кейін бетон қамалынап, жетінші ай аяғы ауыр болған Алиса Нахапетян құтқарылды

Өрт өшіру құрамалары құтқару жұмыстарын өткізу барысында жанқиярлық пен ерлік көрсетті. Апаттан кейін алғашқа сағаттарында Ленинакан, Спитак, Кировакан қ. қ өрт жойылды, ол өз алдына жағдайдың күрделуіне әрі жаңа құрбандықты доғаруға мүмкіншілік берді.

Жер сілкіністен кейін қираған Ленинакан қаласына аман қалған алты өрт өшіру машиналары кірген. Бесеуі басталып келе жатқан өрт ошақтарын жоюда болды, ал алтыншысы жылжымалы байланыс тірегіне айналды. Қала ішін қарауыңда жүріп, оның экипажы барлық ақпарды жедел беріп тұрды Егер де әрең басталған өрт ошағы бастамасында жойылмағанда, қала өрт жаулап алған от теңізіне айналып, газ иісі мен түтін құтқару жұмыстарын күдікке қалтырар еді

Сөйтіп, бірінші соққыдан кейін мұнай базасындағы құйып алу эстакадасы жанды. От жалыны тез-тез жоғары көтеріліп айналадағы кеңістікті басып алды, оның қасыңда мындаған тонна бензин және дизель отыны бар үлкен сиыймдылықтарымен резервуарлық парк орналысқан. Егер де өрт оларға түскеңде қаланы талқаңдырар күші бар жарылыс болар еді.

Өрт өшірушілер тек отпен көресіп шектелген жоқ. Сөйтіп, өрт өшіруші Арзуманян С. өз бетімен 20 адамды құтқарды Бір қираған үйдің іргесін балтамен бұзып жарықшақтардың астынан шекарашы жанұясын - әйелі мен төрт баласын құтқарып алды. Мұндай мысалдар айтарлықтай көп.

Біздің өрт сөндірушілермен АҚШ, Австрия, Ұлы Британия, Канада, Польша, Чехославакия елдерінен келген әріптестері қоян-қолтық жұмыс істеді. Армениядағы қасірет жаппай зақымдану ошағында қираулар астынан адамдарды құтқару үшін қуатты техника және ең бастысы білікті мамангерлер керектігін көрсетті.

Армения АҚ штабының бастығы генерал майор Л. Мелконов былай деді: «Егер де бізде қажетті техника болғанда, қаза болғандардың жартысын құтқаруға болар еді!»

Құтқару жұмыстарына кесел келтіретін әрі жаңа аварияларды жасап және адам зақымдадыратын аварияларды оқшаулау мен жою бойынша жұмыстар әдетте құрама буындарымен су құбырлары, канализациялары, электр, газ, жылу мен сантехникалық жүйелері арқылы іске асады.

Коммуналды-энергетикалық пен технологиялық жүйелерінде авария мен бұзылу зардабын жоюдағы негізгі амал - қираған бөлімшелерді және ғимараттардағы қадашаны ажырату.

Өрт өшіру мақсатында су жіберу насосты стансылары мен ұңғымалар қайта қалпына келтіріледі қосалқы, су айдау резервуарлар іске қосылады.

Жылу берілістер жүйесі аварияға ұшыраған кезде адамдарға зақым келтірілмес үшін ғимараттағы сыртқы жүйесінен ажырататын ысырмасын айырады.

Газ тарату жүйесінде болған аварияларды жоюы жеке газ таратқыш пен газголдерлі стансыларының ажыратылу немесе тыйю қондырғылар мен арнайы сына арқылы (ғимараттан тыс) іске асады. Төменгі қысымды газ құбырлары тығындалады әрі шикі балшықпен сыланап жапырақты резинамен оралады. Құбыр саңылаулары тығыз (брезент) таңғышпен немесе қамыт салып, жапырақты резинамен оралады. Газ жану барысыңда оның жүйедегі қысымы кемиды, жалын құм, жер, балшық, саз арқылы өшіріледі. Газбен байланысы бар аварияларда оқшауландыратын газқағарлар мен жарылуға қауіпсіздігі бар лампыларды қолдануымен іс-шаралар өту керек.

Элетрқуат жүйелеріндегі аварияларын жоюы тек тоқ айырылған соң (ғимарат кірісінде ажыратқышты, сақтағыштарды айырумен, сымдарды кесумен) өтеді. Электр жұмыстарында жүйе аумағы екі жақтан жерленеді.

Канализациялық торабында аварияларды жою үшін ағынды суларын бұрып, зиян шеккен жерін ажыратады.

Технологиялық құбыр берілістерінің қирау шамасында шұғыл жұмыстар жарылыс пен өрт болдырмау мақсатында (құбыр тосқауылдарын және қысым ұстайтын насостарын өшіру) орындалады.

Құтқару жұмыстар барысында қираған ғимараттарды бұзу жұмыстары көтергіш, трактор немесе жару амалдарымен жасалады. Қабырғалардың күшейтілуі неше түрлі тіреулер арқылы өтеді.

Қж БҚЖ Жүргізу және ұйымдастыру бойынша АҚ құрама командирлерінің жұмыс мазмұны мен жалғасымдығы

АҚ құрамасын дайындыққа келтіру туралы оның командиріне шаруашылық нысанның АҚ штабы хабарлайды.

Бұйрық алынған соң АҚ құрамасының командирі мыналарды істеу міндетті:

· АҚ құраманың жеке құрамаларын құлақтандыру және оның

толық жиналуын қамсыздандыру;

· белгіленген жиналу орнына қысқа мерзімде жету;

· жеке құраманы әрі жабдықтау шараларын атқару және құрама ішіне өзгеріс керек болса жасау;

· автокөлікті, және т б мөлікті қабылдап оның ақаусыздығын тексеру;

· жеке құрамаға табелдік мүлікті таратып, оның күтілун қадағалау,

· жеке құрамның жеке қорғаныс құралдарын өз өлшеміне келтіруін жүргізу;

· жеке құраманы қорғау үшін арналған панаханаларды қабылдау;

· жиналу ауданында (талап етілсе) автокөлікті, техниканы және мүлікті жасыру мен қайта таратуды ұйымдастыру;

· құрама шішіндегі байланыс құралдарын тексеру және байланысқа шығу тәртібін анықтау;

Құрама командирі жұмыс не жұмыстан тыс уақытта жеке құраманы жинау және құлақтандыру тәртібін алдын ала жасайды Ең әуелі бөлімше, тірек, буындар командирлері мен байланысшылар хабарландырылады.

Құрама адамдары шақыру командасын естіген бетте дереу орнатылған жиналу пунктеріне жетіп, өз командиріне баяндайды.

Жиналу орындарында жеке құрама табелдік мүлік қабылдайды оның ақаусыздығын тексеріп, жеке қорғаныс құралдарын өзіне ыңғайлы күйге келтіреді.

Газқағарлар мен тыныс алу органдарын қорғайтын басқа да құралдарды жеке құрамадағы адам алған сәттен бастап өзімен бірге алып жүруге тиіс Құрамаға тіркелген автокөлік пен техника төтенше жағдай аумағында дереу жылжу үшін толық дайындыққа келтіріледі.

Жеке құрама жиналған соң және барлық мүлік-техникамен қамсыздандырылған соң командир, егер қажет болса, құрама дайындығын байқайды.

АҚ құрамасының дайындыққа келтірілгендігі туралы жоғары бастыққа баяндайды (АҚ штабының бастығына).

Күштердің даярлығы мен іс әрекеті алдын – ала пысықталған жоспарда анықталады. Жоба – жоспар ықтимал ТЖ болжау негізінде құрылады.

АҚ нысана бастығының өмірі бойынша АҚ құрама командирі ТЖ ауданына, алдағы жұмыс орнына жорық жасайды. Іске қосылған күштердің сәттілігі олардың пайдалану тиімділігі белгілі бір деңгейде барлауды дер кезінде ұйымдастыру және жүргізуге нақты жағдайларды ескеруге байланысты. Барлау бойынша міндеттерді әдетте АҚ бастығы қояды Ол барлау мақсатын, қандай мәлімет қашан және қайдан алу керектігін, қай жерде қандай міндеттерді орындау үшін негізгі күштерді шоғырландыру тиістілігін, ол үшін қандай күштерді және құрамдарды пайдалану қажеттілігін нұсқайды.

ТЖ аудандарында барлау мыналарды анықтайды апат ошағының шекарасы мен оның таралу бағытын, тікелей қауіпі төнген нысандар мен мекендерін; адамдар шоғырланған орындарды, бұзылған ғимараттардың жағдайларын және мұндағы зардап шеккендердің бар-жоғын, жұмыс орнына техниканы апаратын жолды, технологиялық және коммуналды-технологиялық тораптарындағы апат орындарын, тексеретін құдықтардың және ажыратқыш қондырғыларының жағдайын, олардағы ақау көлеміне, жұмыс көлемі мен оны жүргізу, жағдайын, техника мен құралдардың пайдалану мүмкіндіктерін.

Барлауды, барлайтын буындар жүргізеді Олардың саны мен құрамы ТЖ аумағына байланысты.

Төтенше жағдай ауданында құрамалар көрсетілген учаскелерде орналасып, нақты міндеттер алады Құрама командирлері қойылған міндеттердің сәтті орындалуы үшін жеке жауап береді.

Тапсырма алысымен құрама командирі оны түбегейлі шешіп, жағдайды бағалап әрі шешіп қабылдап ауызша бұйрық береді де жеке құрама жұмысын ұйымдастырады құрама командирі бағынышты құрамаларға міндет қояды, өз шешімінде жұмыстардың жалғасымдығын және әрекеттену тәртібін, құрамаларды жан-жақты қамсыздандыру мен басқаруды қалай ұйымдастыру керектігін айта кетеді.

Құрама командирлері өз бұйрығында аудан бойынша қалыптасқан жағдайды және құрама міндетін (талап етілсе көршілес құрамалардың міндеттерін); медициналық көмек беретін нүктелердің қай жерде орналасқандығын; зардап шеккендерді көшіру тәртібін және жолын; жұмыстардың басталу уақытын, жеке құрамалы ауысымды демалысын ұйымдастыруды, жұмыстардағы қауіпсіздік шараларын, өз орны мен орынбасар орнын анықтайды. Бұйрықтар нақты дәл болу керек.

Төтенше жағдай аудандарында ең әуелі құтқару жұмыстарымен апат зардабын ескертумен, адамдар өлімін және материалдық құндылықтарды жоюылына әкелетін екінші ретті қайталанбалы әсерін алдын ала ескертумен байланысты шаралар жүргізіледі. Жұмыстар толық аяқталғанша үзілмей жүреді. Радиациялық қауіпті нысанда жұмыс барысында (ТЖ ауданында) құрама командирі адамдардың сәулеленуін қадағалайды.

Жер сілкінісі зардабын жоюда құрамалар әуелі мыналарды жасайды:

· үйінді астынан және өртеніп жатқан ғимараттан зардап

шеккендерді шығару;

· үйінділерден құтқарылған зардап шеккендерді көшіру үшін және

техникаға қажетті жолды ашу;

· адам өміріне қауіп төндіретін коммуналдық-энергетикалық

тораптарындағы апат көздерін жою;

· опырылысқа ықтимал және апат қалпында тұрған құрылыстарды

күшейту не бұзу;

ҚжБШЖ құрама командирлері әрдайым маңызды орындарда болады өйткені ол жерден қол астында бар құрамаларды басқаруы қолайлы.

Бағыныштыларды басқаруға мүмкіндік беретін негізгі құрал байланыс болып табылады.Құрама командирі аудандағы жұмыс ахуалын әр дайым білуге міндетті, егерде өзгеріс болса дереу тиісті шешім қабылдап, жаңа міндеттерді қол астындағыларға қояды.

Алат зардабын жою барысында құрамалардың өз ара өздіксіз байланысын сақтау аса маңызды.Төтенше жағдай аудандарында коменданттық қызмет құрылады. Ол үшін қоғамдық тәртіп қорғау құрамалары және де ішкі істер органдарының бөлімшелері тартылады.

Алдына қойылған мақсаттарды орындап болған соң құрамалар нұсқалған аудандарына жетіп, жаңа міндеттерге даярланады.

ҚӘУЗ ошақтарын жою нысана АҚ бастығының шешімі негізінде өтеді. ҚӘУЗ ағылып – буланып шыққанына байланысты зардапты жоюға әуелі объектінің штатты газдан құтқару қызметі кіріседі. Газдан қорғау қызметінің басты міндеті-құтқару жұмыстарын жасау, қауіпті жерден жұмыскерлерді көшіру, зардап шеккендерге алғашқы медициналық кемек көрсету. Газдан құтқару құрамалары газ қауіпі бар орында жұмыстар жүргізеді, онда міндетті түрде газқағар қию керек. ҚӘУЗ ошақтарын жоюды радиацияға және химиялық қауіпіне қарсы құрамалар жүргізеді. Олар газдан құтқару құрамаларымен тығыз байланыста болады.

Зақымдалған ошақты жою міндетін алған бетте командир жағдайды білу үшін барлаушыларды жібереді. Нұсқалған маршрутпен жүре бере барлаушылар әр 300-400 м сайын құралдармен ауаның қаншалықты ластанғанын анықтайды. Зақымдалған ошағын тауып, олар аумақты зерттейді, ошақ шекарасын оған кіру жолдарын анықтайды, ҚӘУЗ таралу бағытын, ғимараттардың бұзылу сипатын, зардап шеккендердің хал-ахуалдарын бағалайды. Алған мәліметтерді барлаушылар құрама командиріне дереу баяндайды құрама командирі бастықтың ақпары негізінде және барлаушылардың, мәліметтеріне қарай өз шешімімен қол астындағыларға ауызша бұйрық береді. Бұйрықта құрама командирі авария ситатын және орнын, улы заттар түрін әрі булардың таралу бағытын, ұғмараттардың бұзылу дәрежесін, өрт жағдайын көрсетеді.

Сол орында құрама командирі ең басты шешімдерді анықтайды және машиналардың т.б. құралдардың пайдалану ретін нақтылайды.

Құрама командирі қауіпсіздік сақтау шараларының орындалуын қадағалайды.

Азаматтық қорғаныс құрамалары ҚӘУЗ-бен ластану ошақтарына айналатын аварияларды шектейді әрі жояды, аумақ пен шмараттарды зиянсыздандырады.

ҚӘУЗ бар коммуникациядағы аварияларды жою барысында авариялық-техникалық топтық жеке құрамасы крандарды және т.б. айдағыш қондырғыларды жабады, улы зат құбыр арқылы әрі таралмас үшін құбыр шеттерін ағаш (металды) тығындамалармен бітейді, саңылауларға муфталарды орнатады.

Егер, объект ҚӘУЗ жайылтпайтын үйіндімен қоршалса, төгілген сұйық затты арналағн жабық сиымдылықтарға айдайды, қалған қалдықтарына дегазация жүргізіледі.

ТЖ ауданынан құрамалар шығарылған соң сәулелену мөлшері анықталады, жеке құрама санитарлық тазартылудан өтеді киім-кешек, жеке қорғаныс құралдары мен саймандарды зарарсыздандырыларды оның жұмыс дайындығы арттырылады, машиналардың техникалық қамсыздандыруы жүргізіледі жұмсалған, материалдық құралдар толықтырылады, құрама келесі міндеттерді орындауға әзірленеді.

Ұйымдардағы АҚ мен ТЖ жөніндегі оқу-жаттығу түрлері

Арнайы тактикалық оқулар (АТО) бейбіт және соғыс уақытынан алынған мақсат бойынша міндетті орындаушы АҚ құрамаларын даярлаудың негізгі және аса тиімді түрі болып табылады.

АТО даярлықпен өткізу кезінде АҚ құрамаларын даярлау бағдарламасын, АҚ құрамалар мен АТО ұйымдастыру мен өткізу бойынша нұсқаулықты, бейбіт және соғыс уақытында АҚ жоспарларын басшылыққа алу керек.

АТО созымдылығы 4-8 сағат болуға тиіс.

АТО даярлау мен өткізу кезінде мына құжаттар әзірленеді:

§ АТО даярлық пен өткізу туралы бұйрық;

§ АТО даярлығының күн тізбелік жоспары;

§ АТО өткізу жоспары;

Командалық-штабтық оқу (КШО) ұйымдарда Азаматтық қорғаныс бастықтарының, АҚ және ТЖ штабтары мен қызметтерінің, басшы құрамын, Азаматтық қорғаныс құрамалары командирлерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарына және Азаматтық қорғаныс бойынша бірге даярлаудың негізгі түрінің бірі болып табылады.

КШО жыл сайын, егер олар үстіміздегі жылы жоспарланса, КО және ОЖ алдында, қалған ұйымдарда бір тәуліктен аспайтын мерзімде, оның ішінде 8 сағат жұмыс уақытында олар үшін ыңғайлы уақытта өткізіледі. Ұйымдарда КШО-ны өткізу басшы құрамының оқу тобындағы 15 сағаттық бағдарлама аяқталғаннан кейін ұсынылады.

КШО өткізу үшін, әдеттегідей, мына құжаттар әзірленеді:

ü ұйымдарда КШО өткізу және даярлық туралы АҚ бастығының бұйрығы;

ü ұйымдардағы КШО даярлығының күн тізбелік жоспары;

ü оқуға басшылықты ұйымдастыру схемасы;

ü басшылар орынбасарлары мен дәнекерлерінің жеке жоспары;

ü басқа қажетті құжаттар;

Кешенді оқу (КО) Азаматтық қорғаныс бастықтарының, АҚ және ТЖ штабтары мен қызметтерінің, басшы құрамын, Азаматтық қорғаныс құрамалары командирлерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарына және Азаматтық қорғаныс бойынша бірге даярлаудың негізгі түрінің бірі болып табылады.

Оқудың созымдылығы барлық оқу сұрақтарының толық және сапалы пысықтауды қамсыздандыруға және екі тәуліктен аспауға тиіс. Жоғары тұрған АҚ бастығының шешімі бойынша оқу созымдылығы көбейтілуі мүмкін.

КО-ға бүкіл басшы құрам, ұйымдар АҚ құрамаларының командирлері, жеке құраммен, техникамен, прибормен және мүлікпен толық жарақталған құрамалардың ықтимал ең көп саны тартылады.

Ұйымдарды КО жүргізу үшін мына құжаттар әзірленеді:

§ ұйым АҚ бастығының бұйрығы;

§ КО өткізудің күн тізбелік жоспары;

§ оқуды өткізу жоспары;

§ бсашылар орынбасарларының (көмекшілерінің) дәнекерлерінің жеке жоспары;

§ оқуды қамсыздандыру үшін басқа да құжаттар (материалдық-техникалық, медициналық қамсыздандыру, барлау мен байланысты ұйымдастыру жоспары, қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаулық).

Объектілік жаттығу (ОЖ) – бұл кешенді оқудың өткізудің уақыты мен орындалған шараларының көлемі бойынша қысқартылған, жеңілдетілген түрі.

ОЖ созымдылығы 10 сағатқа дейін.

ОЖ-ға бүкіл басшы құрам, құрамалар мен ұйымдар АҚ құрамаларының командирлері сондай-ақ құрамаға кірмеген жұмысшылар мен қызметшілер тартылады.

ОЖ өткізу үшін, әдеттегідей, мына құжаттар әзірленеді:

ü ұйымдарда ОЖ өткізу және даярлық туралы АҚ бастығының бұйрығы;

ü ұйымдардағы ОЖ даярлығының күнтізбелік жоспары;

ü ОД өткізу жоспары;

Оқудың барлық түрлеріне (КО, ОЖ, КШО, АТО) даярлықпен өткізудің нақты сұрақтары тиісті нұсқауларда көрсетілген.

Сейсмоқауіпті аймақта орналасқан барлық ұйымда, оқу орнында және мектепке дейінгі мекемелерде кемінде тоқсанына бір рет сейсможаттығу өткізіледі.

Авариялық жағдайлар бойынша жаттығулар барлық ұйымда, оқу орнында және мектепке дейінгі мекемелерде тоқсанына бір рет сел бойынша жаттығу өткізіледі.

Жаттығулардың барлық түрлері ҚР ТЖА әзірлігін нұсқаулықтар бойынша өткізіледі.

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары.

  1. Барлау дегеніміз не?
  2. Қжәне БҚЖ жүргізу тәсілдері мен амалдары
  3. Қорғаныс ғимараттарын пайдалану түрлері
  4. Медициналық қамсыздандыру дегеніміз не?
  5. Гидрометорологиялық қамсыздандыру дегеніміз не?
  6. Оқу жаттығу түрлерін атап көрсетіңіз?
  7. Кешенді оқыту дегеніміз не?
  8. Командалық оқу жаттығу түрлерінің жүргізілуі

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 14(219-236б),16(425-430б),17(145-165б)

Қосымша әдебиеттер: 8(237-247б), 12(126-139б)

 

4.Пәнді оқып білу туралы әдістемелік нұсқау.

1. Аудиториялық уақытқа лекция, оқылған материалды талқылау, кейсті талдау және түрлі жаттығуларды орындау кіреді. Әрбір сабаққа студент негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша дайындалу керек. Бақылау жұмысына кешіккен және қатыспаған студенттер 0 балл алады. Бақы-лау жұмысын қайта тапсыру қарастырылмаған.

2. Курс бойынша өтілген лекцияда берілген негізгі түсініктерге қатысты шағын бақылау жұмысы беріледі. Студент барлығы беріліген тақырып бойынша бақылау жұмысын орындайды. Бір бақылау жұмысының ең жоғарғы бағасын оқытуыш белгілейді..

3. Негізгі ұғымдар әрбір лекцияда беріледі және түсіндіріледі. Сабаққа қатысу және ұғымдары лекцияда берілген анықтамалармен және түсінік-терімен бірге жазып алу студенттің міндеті. Егер-де қандай да бір себеппен студент сабаққа қатыс-паса, ол лекциялық материялды топтағы басқа студенттен алуы керек. Оқытушы ешбір студент-ке қатыспаған себебіне қарамастан лекциядан тыс уақытта лекциялық материялды бермейді.

4. Әрбір сабақта студент материалды талқылауда белсенді қатысуы керек. Белсенділігі шығып сөйлеудің сапасымен бағаланады. Жеке шығып сөйлеу мен топтық презентациялар жүргізіледі. Белсенділігінің ең жоғары бағасы әр сабақта хабарла-нады.

5. Бесінші аптада әрбір студентке талдау үшін жеке кейс беріледі. Оны жоспарға сәйкес талдау керек және оқудың жетінші аптасының соңына дейін жазбаша талдау беру керек /талдау жоспары әрбір кейсте беріледі/.

6. Егер талдаушылар бір нәрсеге түсінбесе, ол оқытушыдан түсіндіруін сұрауы тиіс.

7. Студенттерге бақылау жұмысын орындау үшін компьютерді қолдану ұсынылады.

8. Таңдаушылар обылыстық, қалалық және университет кітапханаларында жұмыс жұмыс жасай алады және кітапхана ережесі бойынша абоненттен кітап жаздырып алуына болады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-31; Просмотров: 1021; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.083 сек.