Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

БРОНХТАР 2 страница




Қыртыс үлесшелерінің құрамына: Бүктелген бөлік ПРАС КОНВОЛЮТА оның аралығында орналасқан тармақталған бөлік, ПРАС РАДИАТА кіреді. Және көршілес үлесшелерімен үлесаралық артериялар мен веналар арқылы шектелген.

Бүйректің құрылымдық- қызметтік бірлігі нефрон НЕФРОН Нефрон мальпиги денешігінен КОРПУСКУЛЮМ РЕНАЛЕ және бүйрек өзекшелерінен тұрады.

Нефрон құрылысы:

Мальпиги денешігі Корпускулюм РЕНАЛЕ шумақтан ГЛОМЕРУЛУС және оны қоршаған Қос қабырғалыбокалтәрізді Шумлянский- Боумен атты шумақ қапшықтан КАПСУЛА ГЛОМЕРУЛИ тұрады. Шумақ қапшығының қуысы нефрон өзекшесінің проксимальді бөлігіне ПРАС ПРОКСИМАЛИС ТУБУЛИ НЕФРОНИ немесе иреленген проксимальді өзекшеге ТУБУЛУС РЕНАЛИС КОНТОРТУС жалғасады. Бұл өзекше одан әрі бүйректің милы затының немесе пирамиданың терең қабатына қарай өтіп, нефрон (Генле ілмегі) ілмегіне жалғасады.

ГЕНЛЕілмегі АНСА НЕФРОНИ Нефрон өзекшенің дистальді бөлігіне ПРАС ДИСТАЛИС ТУБУЛИ НЕФРОНИ жалғасып жинаушы түтікшеге ТУБУЛУС РЕНАЛИС КОЛЛИГЕНС ашылады.

 

 

 

63.Бүйректің юкстагломерулярлық аппараты туралы түсінік.

Нефрон барлық деңгейде келетін және жанасатын қантамырлармен қоршалған.Нефронның 80% бөлігі бүйректің қыртыс заты қалыңдығында НЕФРОНУМКОРТИКАЛЕ орналасқан. Қалған нефрондардың шумағы милы затқа жатады, ал ілмек төмендеген және жағарылаған бөліктермен милы затқа орналасады. Бүйректің милы затында орналасқан нефрондар «юкстамедулярлы» нефрондар, НЕФРОНУМЮКСТАМЕДУЛЯР деп аталады.

64.Бүйректің қызметтері.Бүйректің форникалдық аппараты.

Үлкен және кіші бүйрек тостағаншалары мен бүйрек түбегінің құрылысы біртекті. Олардың қабырғаларының құрылысы:Шырышты, бұлшықеттік және сыртқы дәнекер тінді қабаттардан тұрады. Кіші тостағанша қабырғасында, оның күмбезі тұсында біріңғай салалы бұлшықет талшықтары сақинатәрізді қабат күмбез қасыңқысын түзеді. Кіші тостағанша қабырғаларының бұл бөлігіне нерв талшықтары мен қан және лимфа тамырлары жақын жатады. Осы құрылымдар бүйректің форникалық аппаратының құрамына кіреді.

Бүйректің форникалық аппаратының маңызы: юүйрек паренхимасынан кіші тостағаншаларға несептің шағарылуы және кіші тастағаншалардан несептің кері өтпеуіне кедергі жасауы.

Форникалық аппарат жұмысының принципі сауу аппартаының механизміне ұқсас, несеп өз-бетімен ақпайды, ол бүртіктен кіші тастағаншаларға белсенді сауылады. Форникалық аппарат жұмыс механизміне төрт бұлшықет қатысады, олар жиырылу қабілетімен иемденеді.

Бүйрек тастағаншаларының қабырғасында, күмбезден жағары М.ЛЕВАТОРФОРНИКИС оның айналасында М.СФИНСТЕР ФОРНИКИС кіші тостағанша тұсында жан-жағында М. СПИРАЛИС КАЛИЦИС орналасқан.

Тостағаншаларда несептің жиналуы және олардан шығарылуы екі кезекпен жүреді:

1 Систола, жиырылу 20 сек тен 45 сек дейін

2 Диастола, босаңсу 10-15 сек

М ЛЕВАТОР ФОРНИКИС пен М.ЛОНГИТУДИНАЛИС КАЛИЦИС тостағанша қуысын кеңейтіп, несеп жиналуына жағдай тудырып, ал М. СФИНСТЕР ФОРНИЦИСпен СПИРАЛИС КАЛИЦИС тостағаншаны тарылтып, оны босатады.

65. Бүйректің қанмен қамтамасыз етілу ерекшеліктері. Зәрдің түзілу кезеңдері және шығарылу жолдары.

Бүйректің қантамыр арнасы арқылы, вена және капиллярлармен көресетілген,олар арқылы тәулігіне 1500-1800 қан ағады. Бүйрек қақпсаы ХУЛУС РЕНАЛИС арқылы кірген бүйрек артериясы А. РЕНАЛИС алдыңғы және артқы тармақтарға бөлінеді. Бүйрек қойнауында алдыңғы және артқы тармақтар бүйрек түбекгің алдынан және артынан жүріп сегментарлықартерияларға бөлінеді. Алдыңғы тармақтан4сегментарлық артерия: Жоғарғы сегментке А.СЕГМЕНТИ СУПЕРИОРИС, жоғарғы аодыңғы А. СЕГМЕНТИ АНТЕРИОРИС СУПЕРИОРИС, төменгі алдыңғыА. СЕГМЕНТИАНТЕРИОРИС ИНФЕРИОРИС және төменгі А. СЕГМЕНТИ ИНФЕРИОРИС тармақталады.

-----Бүйрек артериясының артқы тармағы мүшенің артқы тармағы мүшенің артқы сегментіне А. СЕГМЕНТИ ПОСТЕРИОРИС атауымен жалғасады.Сегментарлық артериялар үлесаралық артерияларға АА.ИНТЕРЛОБАРИС тармақталады. Олардың әкелуші шумақ артериоласы АРТЕРИОЛА ГЛОМЕРУЛАРИС АФФЕРЕНС басталып, капиллярларға жалғасады. Капиллярлардан шумақ ГЛОМЕРУЛУС қалыптасады. Шумақтан әкетуші шумақ артериоласы, АРТЕРИОЛА ГЛМЕРУЛЯРИС ЕФФЕРЕНС басталады., оның диаметрі әкелуші тамырға қарағанда кіші Шумақтан шыққан әкетуші тамыр бүйрек өзекшелерін шырмап, бүйректің милы және қартыс заттарында капилляр торын түзетін капиллярларға тарайды.

-----Бүйректің милы затына доғалық, үлесаралық және кейбір әкетуші шумақ артериоласынан пирамидаларды қанмен қамтамасыз ететін артериоларлар АРТЕРИОЛАРЕКТИ тармақталады.

------Бүйректің қыртыс затаының капилляр торынан венулалар қалыптасып ВВ.ИНТЕРЛОБУЛЯРЕС, түзіледі олар доғалық веналарға ВВ. АРКУТАЕ құяды. Бүйректің қыртыс затының беткей қабаты мен фиброзды қабығында жұлдызша венулалар ВЕНУЛАСТЕЛЛЕТЭ қалыптасып доғалық веналарға ашылады. Олар үлесаралық веналарға ВВ.ИНТЕРЛОБУЛЯРИС бүйрек қойнауына кіріп, өзара бірігіп, бүйрек венасын түзеді. Бүйрек венасы В.РЕНАЛИС бүйрек қақпасынан шығып, төменгі қуыс венаға ашылады.

Бүйректің лимфа тамырлары қан тамырлармен бірге жүріп, бүйрек қақпасынан шағады. Лимфа тамырлары бел лимфа түйіндеріне НОДИ ЛИМФ. ЛЮМБАЛЕС құяды.

Адам зәрінің шамамен 96%-ы су, 1,5%-ы бейағзалық заттар. Зәрде хлорлы натрий мөлшері көбірек, сульфаттар, фосфаттар, калий, кальций, магний карбонаттары аз мөлшерін құрайды. Зәрдің құрамында 2,5% ағзалық заттар болады. Әсіресе несепнәр (мочевина), зәр қышқылы көбірек кездеседі. Несепнәр бауырда аммиактан түзіледі. Ересек адам тәулігіне шамамен 1,2 -1,6 л зәр бөледі. Көптеген ауруларды анықтау үшін зәрді талдауға алып зерттейді. Зәрдің сарғыш түсті болуы оның құрамындағы урохром пигментіне байланысты. Урохром гемоглобиннің ыдырауынан, ішек пен бүйректе ет пигментінен түзіледі. Зәрдің құрамындағы азотты өнімдер несепнәрмен бірге шығарылады.

Зәрдің түзілуі

Бүйректен тәулігіне 1700-1800 л астам қан ағып өтеді. Бүйректе зәрдің түзілуі, оның қанмен ерекше қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты. Бүйректе зәрдің түзілуі 2 кезеңнен тұрады: сүзілу (фильтрация), және қайта сіңірілу (реабсорбция). Латынша «абсорбция» - сүзілу, «ре» - косымша кері қайту деген ұғымдарды білдіреді.

Зәр түзілудің сүзілу кезеңінде бүйректің қыртысты затында орналаскан бүйрек денешігіндегі қылтамыр шумағындағы қаннан зәр бөлінеді. Мұны бірінші реттік зәр түзілу деп атайды. Бірінші рет түзілген зәрдің мөлшері өте көп болады. Бүйректен ағып өтетін әрбір 10 л қаннан 1 л бірінші реттік зәр түзіледі. Бірінші реттік зәрдің құрамы қан сарысуына ұқсас, бірақ онда нәруыздар болмайды. Бірінші рет түзілген зәрдің құрамындағы судың көп мөлшері қайтадан канға өтеді. Сонымен бірге ағзаға қажетті қант, аминқышкылдары, натрий, калий иондары, су және басқа заттар да қайтадан қанға сіңіріледі. Судың және басқа заттардың қайтадан қанға сіңірілуі нәтижесінде тәулігіне шамамен 1,5 л екінші реттік зәр түзіледі.

Бүйректе зәрдің сыртқа шығарылуы өсімді жүйке жүйесі арқылы (жұлынның сегізкөз бөліміндегі орталық) реттеледі. Сонымен бірге бүйректің кызметін реттеуге аралық мидан (гипоталамустан) түзіліп, гипофиздың артқы бөлімінен бөлінетін вазопрессин гормоны да қатысады. Зәрдің бөліну мөлшері әсер ететін заттарға (тағамға) және орта жағдайына да байланысты. Суық күндері суды көп ішіп, құрамында нәруызы көп тағамдарды пайдаланғанда зәр көп бөлінеді. Ауаның, температураның жоғарылауы, құрғақ тамақ зәр бөлінуін азайтады. Зәр несепағармен қуыққа толып, оданзәршығару өзегі (үрпі жолы) арқылы сыртқа шығарылады.

89)Бүйрек үсті бездері хроматифон денешіктері құрылысы мен қызметтеріБүйрек үсті без сырт жағынан фиброзды қабықпен қапталған жұп без. Ол сыртқы қыртыстық қабатқа және ішкі — боз затқа бөлінеді. Қыртыстық қабат үш аймаққа бөлінеді сырткы — шумақты, ортаңғы — шоғырлы және ішкі — торлы аймақтар. Әр аймақ өзіне тән гормондар түзеді. Бозғылт зат хром тұздарының әсерінен сарғыш түске боялған хромаффиндік торшалардан құралған. Бұл кабатта көптеген нерв талшықтары мен ганглиоздық (симпатикалық) нерв торшалары кездеседі,Бездің қыртыстық қабатында түзілетін гормондар минералокортикоидтар (альдостерон, дезоксикортикостерон), глюкокортикоидтар (гидрокортизон, кортизон, кортикостерон), андренокортикоидтар (андростендион, андростерон, эстрон, прогестерон) болып 3 топқа бөлінеді,Минераакортикоидтар организмде минералды заттардың алмасуын — натрий мен калий деңгейін, реттейді. Минералокортикоидтар жетіспесе организм натрийді, суды, хлоридтерді көп бөліп шығарады да, ішкі ортаның қасиеттері өзгеріп, тіршілік жағдайлары бұзылады.Глюкокортикоидтар көмірсулар, белоктар, майлар алмасуына әсер етеді, ұлпаларда белоктың ыдырауын күшейтіп, олардың синтезін бәсеңдетеді. Глюкокортикоидтар әсерімен қан құрамындағы амин қышқылдарының мөлшері өсіп, олар бауырда глюкоза мен гликогенге айнала қордағы май шығыны артып, қуат алмасуы күшейеді. Бұл гормондар антиденедердің түзілуін баяулатып, қабыну процесін өршітпеуде маңызды орын алып, булығу (стресс) тудыратын әр түрлі қолайсыз факторлардың әсеріне бейімделуде маңызды рөл атқарады.Бүйрек үсті безінің қыртыстық бөлігінің қызметі нашарласа адам аддисон дертіне шалдығады тері қола түске боялып, адам арықтайды, тәбет нашарлап, қандағы қант мөлшері азаяды, қан қысымы төмендейді, астения (әлжуаздық) пайда болып, ішкі ортада натрий мөлшері азайып, калий мөлшері көбейеді.Бездің боз затында адреналин және норадреналин гормондары түзіледі. Бұл гормондар катехол туындысы болғандықтан катехоламиндер деп аталады. Олардың әсері симпатикалық нерв әсеріне ұқсас, сондықтан оларды симпатикалық аминдер деп те атайды.Адреналин тираминнің туындысы, ал норадреналин метилсізденген адреналин болып табылады, оның құрамында метил тобы болмайды.Катехоламиндер гликогенолиз және липолиз процестерін шапшаңдатады, көмірсулар мен майлар алмасуына әсер етіп, жылу реттеу, қан айналым процестеріне, бұлшық ет әрекетіне, ОНЖ-сі, тыныс алу және қан түзу мүшелерінің қызметіне ықпал жасайды. Адреналин жүрек етінің қозғыштығын күшейтіп, жиырылу күшін арттырды, жүрек жұмысын жиілетіп оның минуттық көлемін көбейтеді, қан қысымын жоғарылатады.Норадреналин жүрек етінің қозғыштығын өзгертпейді, жүрек жұмысын баяулатады. Бұл екі гормон да жүрек тамырлары арнасын кеңейтіп, тері тамырларын тарылтады, бауыр мен бұлшық еттерде гликогеннің ыдырауын күшейтіп, қандағы глгокозаның деңгейі жоғарылатады. Катехоламиндер организмді белсенді әрекеттерге дайындайды.

90) Жүрек дамуы, топографиясы, шекаралыры, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы.

Жүрек,cor бұлшық ет қабырғалары жақсы дамыған, конус тәрізді қуысты ағза. Жүрек алдыңғы көкірек аралықтың төменгі бөлігінде бөлінде, көкеттің сіңірлі орталыгында, сол және оң өкпеқап қуыстарының аралығында орналасып, жүрекқаппен pericardium, қапталып ірі қантамырлармен бекінген. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады. Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді. Терең ет қабаты әрбір жүрекшеде жекелей орналасады. Бұл қабаттың кардиомиоциттері ұзынынан орналасады. Жүрек қарыншаларының бұлшықет қабығында айқын байқалатын бес ет қабаты болады. Олардың сыртқы беткей және ішкі бұлшықет қабаттарын қиғаш жатқан кардиомиоциттер, ал ортаңғы үш ет қабаттарын сегіздік тәрізді иіле орналасқан жүрек ет жасушалары түзеді.Жүректің артқы-жоғарғы кеңейген бөлігін жүрек негізі basis cordis, оған ірі веналар ашылып, одан ірі артериялар шығады. Алдыңғы –төменгі бос бөлігі жүрек ұшы apex cordis деп аталады. Жүректің құрылысы оның атқаратын қызметіне сай келеді. Ол тұтас арқылы екі — сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы — құлақшадан және төменгі — қарыншадан тұрады. Жүректің құрылысы оның атқаратын қызметіне сай келеді. Ол тұтас арқылы екі — сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы — құлақшадан және төменгі — қарыншадан тұрады. Жүрек жүрекқаппен бірге ассиметриялы кеуде қуысында, алдыңғы көкірекаралықта орналасады;оның 3/2 бөлігі орталық сызықтан сол, ал 3/1 бөлігі оң болікте жатады. Жүректің ұзындық болігі қиғаш, жоғарыдан төмен, оңнан солға, арттан алға ораналасады.Жүректің оң веналық бөлімі алдынан, сол артериялық бөлімі артта бұрылып орналасады. Жүрек алдынан ж/е бүйірінен өкпеқапта орналасып өкпемен, оның аз бөлігі алдынан төспен қабырға шеміршектеріне жанасады.Жүректің жоғарғы шекарасы оң ж/е сол 3-і қабырға шеміршектерінің жоғарғы жиектерін байланыстыратын сызық бойымен отеді,Оң шекарасы 3-і оң қабырға шеміршегінің жоғарғы жиегінен вертикальді төмен 5-і қабырға шеміршегіне дейін.Төменгі шекарасы 5-і оң қабырға шеміршегінен жүрек ұшына дейін өткізілген сызық бойымен:жүрек ұшы сол 5-і қабырғааралықта ортанғы бұғаналық сызықтан 1-1,5 см ішке қараи анықталады.Сол шекарасы үшінші сол қабырғаның жоғарғы жиегінен жүрек ұшына деиін. Жүректің шекарасы Жүректің көкетке қараған беті жалпақ, артқы төменгі- көкеттік бетін,facies diafragmatika, төс пен қабырға шеміршектеріне қаараған беті дөңес, алдынғы-жоғарғы-төс қабырғалық бетін,facies sternocostalis, және оң-алдыңғы ұзын, сол қысқа дөңгелек жиектеріне ажыратады.Жүректің бетінде 3 жүлге бар.Тәждік жүлге – жұрекшелер мен қарыншалар шекарасында орналасады және алдыңғы, артқы бойлық жүлгелер бір қарыншаны екіншіден бөледі.Тәждік жүлгеде,Sulcus coronaries, жүректің меншікті тамырлары жатады, тәждік жүлге төс-қабырғалық бетте өкпе сабауының жиегіне дейін ғана жетеді.Алдыңғы қарынша –аралық sulcus interventricularis anterior, ж/у артқы қарынша –аралық жүлгелерді, sulcus interventricularis posterior, ажыратады. Бұл жүлгелерде жүректің тәждік тамырларының тармақтары орналасады.

91)Жүрек камераларынын құрылысы.Жүректің клапан аппараты.Құлақшалар құрылысымен қызметі.

Адам жүрегінің пішіні конусқа ұқсас, оның оң жақ жалпақтау келген бөлігі – негізі, ал сол жақтағы сүйір бөлігі ұшы деп аталады. Жүректің ұшы сол жақтағы 5-жұп қабырғаның шеміршекті шетіне сәйкес келеді. Жүрек циклі. Клапанды аппараттың мәні.
Адам жүрегі – қуысты бұлшықетті мүше. Тұтас вертикаль перде арқылы ол екі жарты бөлікке бөлінеді: сол және оң. Горизонталь бағытта өтетін екінші перде жүректі төрт қуысқа бөледі: жоғарғы қуыстар- жүрекшелер, төменгі- қарыншалар. Жаңа туған нәрестенің жүрегінің массасы орта есеппен 20 г- ға тең. Ересек адамның жүрегінің массасы 0,425—0,570 кг. Ересек адамның жүрегінің ұзындығы 12—15 см- ге жетеді, көлденең қимасының өлшемі 8—10 см, алдыңғы- артқы 5-8 см. Жүректің массасы мен өлшемдері кейбір ауруларда (жүрек ақауы) және ұзақ уақыт ауыр дене еңбегімен немесе спортпен шұғылданатын адамдарда өзгереді. Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі, ортаңғы және сыртқы.
Ішкі қабат эндотелийлі (қан және лимфа тамырларын ішінен астарлайтын жалпақ жасушалар қабаты) қабықшадан (эндокард) тұрады, ол жүректің ішкі бетін астарлап жатады. Ортаңғы қабат (миокард) көлденең- жолақты бұлшықеттен тұрады. Жүрекшелер бұлшықеттері қарынша бұлшықеттерінен дәнекер ұлпалар (тіндер) пердесімен бөлінген, осы тіндер тығыз фиброзды талшықтардан құралады - фиброзды сақина. Жүрекшелердің бұлшықетті қабаты қарыншалардың бұлшықетті қабатына қарағанда бірталай нашар жетілген, ол жүректің әр бөлігінің жасайтын қызметтерінің ерекшелігіне байланысты. Жүректің сыртқы беті сірі қабықпен (эпикард) қапталған, ол жүрек маңы қапшығының (сөмкенің)- перикардтың, ішкі жапырағы болып табылады. Сірі қабықтың астында аса ірі жүрек артериялары мен көктамырлары орналасқан, олар жүрек тіндерін қанмен қамтамасыз етеді, және жүректі невртендіретін (иннервация) жүйке жасушаларының, жүйке талшықтарының көп шоғыры орналасқан.
Перикард (жүректің қабы) жүректі қапшық сияқты қоршап тұрады және оның еркін қозғалуын қамтамасыз етеді. Ол қанмен толатын жүректің созылуын шектейді және жүрек қантамырлары үшін тірек болып табылады.
Жүректе екі қақпақша (клапан) бар: атривентрикулярлы және айшық.
Атривентрикулярлы клапандар жүрекшелер мен сәйкес қарыншалар аралығында орналасады. Жартылай айшық клапандар аортаны сол жақ қарыншадан, ал өкпе өзегін (ствол) оң қарыншадан бөліп тұрады.
Жүрек қызметінің екі фазасын бөліп көрсетуге болады: систола (жиырылу) және диастола (босаңсу). Жүрек циклінің әртүрлі фазасының ұзақтығы жүректің жиырылу жиілігіне байланысты. Жүректің жиі жиырылуы кезінде әр фазаның қызметі төмендейді, әсіресе диастоланың. Жүрекшелердің диастоласы кезінде атривентрикулярлы клапандар ашық және сәйкес тамырлардан келетін қан олардың қуыстарын ғана толтырып қоймай, қарыншаларды да толтырады.
Жүрекшелердің систоласы кезінде қарыншалар толығымен қанмен толады. Осы кезде қанның қуыс және өкпе көктамырларына кері ағысы болмайды. Қарыншалар систоласының аяғында олардағы қысым аорта мен өкпе өзегіндегі қысымдардан үлкен болады. Бұл айшықты клапандардың ашылуына себепші болады, ал қан қарыншалардан сәйкес тамырларға ағады. Қарыншалар диастоласы кезінде олардағы қысым кенет төмендеп, ол қанның қарыншаларға қарай кері ағуына жағдай жасайды. Сөйтіп жүрек клапандарының ашылып- жабылуы жүрек қуысындағы қысымдардың өзгеруімен байланысты.
Жүрек бұлшықеті қозғыштыққа, қозуды өткізуге, жиырылуға қабілетті.
Қозғыштық. Жүрек бұлшықетінің қаңқа бұлшықетіне қарағанда қозғыштығы төмен. Жүрек бұлшықетінде қозудың пайда болуы үшін қаңқа бұлшықетімен салыстырғанда күшті тітіркендіргішті қолдану қажет. Жүрек бұлшықетінің реакциясының шамасы берілетін тітіркендіру күшіне (электрлік, механикалық, химиялық және т.б.) байланысты болмайтындығы анықталған. Жүрек бұлшықеті шекті (табалдырықты) және шамасы үлкен тітіркендіруде де максимал жиырылады.
Өткізгіштік. Қозу толқыны жүрек бұлшықетінің талшықтары және жүректің арнайы тіні арқылы әртүрлі жылдамдықпен тарайды. Қозу жүрекшелер бұлшықеттерінің талшықтарымен 0,8—1,0 м/с жылдамдықпен, қарыншалар бұлшықеттерінің талшықтарымен 0,8—0,9 м/с жылдамдықпен, ал жүректің арнайы тіні арқылы 2,0—4,2 м/с жылдамдықпен таралады. Жиырылғыштық. Жүрек бұлшықетінің жиырылуының өзіндік ерекшелігі бар. Алдымен жүрекшелер бұлшықеттері жиырылады, содан соң – папиллярлық бұлшықеттер мен қарыншалар бұлшықетінің қабаты жиырылады. Ары қарай жиырылу қарыншалардың ішкі қабатын қамтиды, ол қарыншалар қуыстарынан қанның аорта мен өкпе өзегіне ағуын қаматамасыз етеді. Жүрек бұлшықетінің физиологиялық ерекшелігі – созыңқы рефрактерлі периоды мен автоматиясы болып табылады. Жүректің құрылысы оның атқаратын қызметіне сай келеді. Ол тұтас арқылы екі — сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы — құлақшадан және төменгі — қарыншадан тұрады. Сонымен, адамның жүрегі бүкіл сүтқоректі жануарлардікі сияқты төрт камералы: ол екі құлақшадан және екі қарыншадан тұрады.Қарыншаға қарағанда құлақшаның қабырғасы әлдеқайда жұқа. Бұл құлақша жұмысының оншалықты көп болмауына байланысты. Ол жиырылған кезде қан қарыншаларға өтеді. Қарынша бүкіл тамырларды бойлай қан айдап, көп жұмыс атқарады. Көп жұмыс істейтіндіктен, сол жақ қарыншаның бұлшық еті оң жақ қарыншаның қабырғасынан қалың болады. Әрбір құлақша мен қарыншаның шекарасында жақтаулы қақпақшалар болады, олар сіңір талшықтары арқылы жүректің қабырғасына бекінеді. Бұл жақтаулы қақпақшалар.Құлақша жиырылғанда қақпақшаныыңы жақтаулары қарыншаның ішіне қарай салбырап, босап қалады. Сондықтан қан құлақшадан қарыншаға еркін өтеді. Қарынша жиырылғанда қақпақшаның жақтаулары тығыз жабылып, құлақшаның кіре беріс жолын бітейді, сондықтан қан тек бір бағытта — құлақшадан қарыншаға қарай ағады, одан қан тамырларына барады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-20; Просмотров: 1485; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.016 сек.