Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

БРОНХТАР 8 страница




171. Сопақша ми, сыртқы, ішкі құрылысы, ядроларының қызметі. Сопақша ми – myelencephalon, medulla oblongata, жұлынның ми сабауында тікелей жалғасы және ромбтәрізді мидың бөлігі болып табылады. Онда жұлын мен мидың бастапқы бөлімі құрылыстарының белгілері ұштасқан, сондықтан оның myelencephalon деген атауы осыған байланысты, буылтық тәрізді жоғарғы кеңейген шеті көпірмен шектеседі, ал төменгі шекарасы мойын нервтерінің I жұбының түбіршіктері шығатын жер немесе шүйде сүйектің үлкен тесігінің деңгейі. 1. Сопақша мидың алдыңғы (вентралды) бетінде орталық сызық бойымен жұлынның аттас жүлгесінің жалғасын құрайтын fissura mediana anterior өтеді. Оның бүйірлерінде – пирамидалар – pyramides medullae oblangatae – жатады, олар жұлынның алдыңғы жіпшелерінің жалғасы болып саналады. Пирамидаларды құрайтын нерв талшықтары будаларының бір бөлігі fissura mediana anterior тереңінде қарама-қарсы жақтың сондай талшықтарымен қиылысады да, decussatio pyramidum, содан кейін жұлынның бүйір жіпшесіне келеді. Қиылыспай қалған талшықтары, жұлынның алдыңғы жіпшесінде өз жағында – tractus corticospinalis anterior төмен түседі. Пирамидалық талшықтар ең жоғары дамыған үлкен ми қыртысын бассүйек нервтерінің ядроларымен және жұлынның алдыңғы мүйіздерімен байланыстырады. Пирамиданың латералды сопақша дөңес – олива, olivа, жатады, ол пирамидадан жүлгеше – sulcus anterolateralis – бөлінген. 2. Сопақша мидың артқы (дорсалды) бетінде жұлынның аттас жүлгесінің тікелей жалғасы – sulcus medianus posterior –созылып жатады. Оның бүйір жақтарында артқы жіпшелер жатады. Олар латералды жақтарынан онша күшті дамымаған sulcus posterolateralis арқылы шектелген. Артқы жіпшелер жоғары қарай ажыраса, ромбтәрізді шұңқырды көмкеретін мишықтың төменгі аяқшаларының – pedinculi cerebellares inferiores – құрамына еніп, мишыққа келеді. Әрбір артқы жіпше аралық жүлге арқылы медиалды – fasciculus gracilis және латералды – fasciculus cuneatus – бөліктерге бөлінеді. Ромбтәрізді шұңқырдың төменгі бұрышында жіңішке және сынатәрізді будалар томпайып тұрады. Бұлар аттас сұр зат ядроларынан – nucleus cuneatus-тен пайда болған. Аталған ядроларда артқы жіпшелерде өтетін жұлынның жоғары көтерілетін талшықтары аяқталады. Sulci posterolateralis et anterolateralis арасында жататын сопақша мидың латералды беті бүйір жіпшеге сәйкес келеді. Оливаның артындағы sulcus posterolateralis-тен бассүйек нервтерінің XI, X және IX жұптары шығады. Ромбтәрізді шұңқырдың төменгі бөлігі сопақша мидың құрамына кіреді. Сопақша мидың ішкі құрылысы. Сопақша ми тепе-теңдік пен есту ағзаларының дамуына, сондай-ақ тынысалу мен қан айналысына қатысы бар желбезек аппаратына байланысты пайда болады. Сондықтан онда сұр заттың тепе-теңдікке, қимыл-қозғалыстарды үйлестіруге, сол сияқты зат алмасу, тынысалу және қан айналысын реттеуге қатысы бар ядролары орналасқан. 1. Nucleus olivaris – оливарлық ядро, оның медиалды жағы ашық пішіні сұр заттың иілген табақшасы тәрізді, ол оливаның сырт жағынан томпаюына себеп болады. Ол аралық тепе-теңдік ядросы болып табылады. Сондықтан адамда жақсы дамыған, себебі тік жүру үшін жетілген тепе-теңдік аппараты қажет. 2. Нерв талшықтарының айқаса өрілуі мен олардың арасында жататын нерв жасушаларынан түзілетін торлы құрылым – formation reticularis. 3. Желбезек аппараты туындылары мен ішкі ағзаларды нервтендіруге қатысы бар төменгі бассүйек нервтерінің (XII-IX) төрт жұбының ядролары. 4. Кезбе нервтің ядроларымен байланысқан тынысалу мен қан айналымының өмірлік маңызды орталықтары. Сондықтан да сопақша ми зақымданғанда адам өліп кетуі мүмкін.

172. Мидың 4 қарыншасы, оның қабырғалары, құрамы. Ромбтәрізді ми қылтасы, оның құрамы. IV қарынша, ventriculus quartus, артқы ми көпіршігі қуысының қалдығы болғандықтан, ромбтәрізді миды, rombencephalon құрайтын артқы мидың барлық бөлімдері үшін ортақ қуыс болып табылады. IV қарынша шатырға ұқсайды, оның түбі мен төбесін ажыратады. Қарыншаның түбі немесе негізгі ромб пішінді, сопақша ми мен көпірдің артқы бетіне батып тұрған сияқты көрінеді. Сондықтан оны ромбтәрізді шұңқыр, fossa rhomboidea, деп атайды. Ромбтәрізді шұңқырдың артқы төменгі бұрышында жұлынның орталық өзегі ашылады, ал алдыңғы жоғарғы бұрышында IV қарынша суқұбырымен қатынасады. Оның латералды бұрыштары екі қалта, recessus lateralis ventriculi quarti, түрінде тұйық аяқталады. IV қарынша төбесі, tegmen ventriculi quarti, төбесі шатыр пішінді, ол: мишықтың жоғарғы аяқшалары арасында керілген жоғарғы желкеннен, vellum medullare superius, және жырым аяқшаларына жанасып жататын жұп түзіліс – төменгі желкеннен, vellum medullare inferius, құралған. Төбенің желкендер арасындағы бір бөлігі мишық затынан түзілген. Төменгі ми желкені жұмсақ қабық жапырақшасымен, tela choroidea ventriculi quarti, толығады. Ол жұмсақ қабық іш жағынан артқы ми көпіршігінің артқы қабырғасының рудименті болып табылатын эпителий қабатымен, lamina choroidea epithelialis, жабылған. Ромбтәрізді шұңқырдың, fossa rhomboidea, атына сәйкес екі жоғарғы және екі төменгі жағы болады. Ромбының жоғарғы жақтары – екі жоғарғы мишық аяқшаларымен, төменгі жақтары – екі төменгі аяқшаларымен щектелген. Ромбының ортаңғы сызығы бойымен, жоғарғы бұрышынан төменгі бұрышына дейін ортаңғы жүлге, sulcus medianus, созылып жатады. Ол ромбтәрізід шұңқырды оң және сол жартыға бөледі. Жүлгелердің жандарында сұр заттың жиналуынан пайда болған жұп томпақ, eminentia medialis, орналасқан. Ол төмен қарай біртіндеп тарылып, тіласты нервісі проекцияланатын үшбұрышқа, trigonum nervi hypoglossi, айналады. Бұл үшбұрыштың төменгі бөлігінен латералды, сұр түсті, кіші үшбұрыш, trigonum nervi vagi, жатады, онда кезбе нервтің ядросы, nucleus dorsalis nervi vagi, орналасқан. Eminentia medialis-тің жоғарғы жағында томпақ бет төбешігі, colliculus facialis, бар, ол бет нервінің түбіршігі мен әкететін нервтің проекциясынан пайда болған. Латералды бұрыш аймағында VIII жұп нервтің ядролары жататын, кіреберіс алаңы, area vestibularis, орналасады. Олардан шығатын талшықтардың бір бөлігі striae medullares ventriculi quarti түрінде, көлденең жүріп ортаңғы жүлгеге келеді. Олар ромбтәрізід шұңқырды жоғарғы және төменгі жартыларына бөліп, сопақша ми мен көпірдің шекарасына сәйкес келеді. Қылта, isthmus rhombencephali, ортаңғы миға ауысатын жер. Оның құрамына кіретіндер: 1) жоғарғы мишық аяқшалары, pedunculi cerebellares superiors; 2) олармен мишық арасында керілген жоғарғы ми желкені, velum medullare superius, ол ортаңғы ми төбесі табақшасы төбешіктерінің арасындағы ортаңғы жүлгешеге бекиді; 3) ілмек үшбұрышы, trigonum lemnisci, ол латералды ілмектің, lemniscus lateralis, есту талшықтары жолынан пайда болады. Бұл үшбұрыш сұр түсті, алдыңғы жағынан - төменгі төбешіктің сабымен, артқы жағынан – мишықтың жоғарғы аяқшасымен және латералды жағынан – ми аяқшасымен шектелген. Ми аяқшасы мойнақ пен ортаңғы мидан айқын білінетін жүлгемен, sulcus lateralis mesencephali, бөлініп тұрады. Мойнақтың ішіне қарай ортаңғы ми суқұбырына өтетін IV қарыншаның жоғарғы шеті еніп тұрады.

173. Ромбтәрізді шұңқыр, ми нервтері ядроларының проекциясы. Ромбтәрізді шұңқырдың, fossa rhomboidea, атына сәйкес екі жоғарғы және екі төменгі жағы болады. Ромбының жоғарғы жақтары – екі жоғарғы мишық аяқшаларымен, төменгі жақтары – екі төменгі аяқшаларымен щектелген. Ромбының ортаңғы сызығы бойымен, жоғарғы бұрышынан төменгі бұрышына дейін ортаңғы жүлге, sulcus medianus, созылып жатады. Ол ромбтәрізід шұңқырды оң және сол жартыға бөледі. Жүлгелердің жандарында сұр заттың жиналуынан пайда болған жұп томпақ, eminentia medialis, орналасқан. Ол төмен қарай біртіндеп тарылып, тіласты нервісі проекцияланатын үшбұрышқа, trigonum nervi hypoglossi, айналады. Бұл үшбұрыштың төменгі бөлігінен латералды, сұр түсті, кіші үшбұрыш, trigonum nervi vagi, жатады, онда кезбе нервтің ядросы, nucleus dorsalis nervi vagi, орналасқан. Eminentia medialis-тің жоғарғы жағында томпақ бет төбешігі, colliculus facialis, бар, ол бет нервінің түбіршігі мен әкететін нервтің проекциясынан пайда болған. Латералды бұрыш аймағында VIII жұп нервтің ядролары жататын, кіреберіс алаңы, area vestibularis, орналасады. Олардан шығатын талшықтардың бір бөлігі striae medullares ventriculi quarti түрінде, көлденең жүріп ортаңғы жүлгеге келеді. Олар ромбтәрізід шұңқырды жоғарғы және төменгі жартыларына бөліп, сопақша ми мен көпірдің шекарасына сәйкес келеді. XII жұп – тіласты нерві, n.hypoglossus, ромбтәрізді шұңқырдың ең төменгі бөлігінде, trigonum n. hypoglossi-дің тереңінде орналасқан, бір қозғалтқыш ядросы бар. XI жұп – қосымша нерв, accessorius, екі ядросы бар, біреуі жұлында орналасқан, nucleus n. accessorii деп аталады, екіншісі X және IX жұп нервтер ядроларының төменгі жалғасы, nucleus ambiguous деп аталады. Ол сопақша мида олива ядросынан дорсолатералды орналасады. X жұп – кезбе нерв, n. vagus, үш ядросы бар: 1) сезімтал ядро, nucleus solitarius, тіласты нерві ядросымен қатар, trigonum n. vagi-дің тереңінде орналасқан; 2) вегетативті ядро, nucleus dorsalis n. vagi, сол аймақта орналасқан; 3) қозғалтқыш ядро, nucleus ambiguus, IX жұп ядросымен ортақ formatio reticularis-те, nucleus dorsalis-тен тереңдеу орналасқан. IX жұп – тіл-жұтқыншақ нерві, n. glossopharyngeus, үш ядросы бар: 1) сезімтал ядро, nucleus solitarius, тіласты нерві ядросынан латералды жатады; 2) вегетативті ядро, nucleus salivatorius inferior, төменгі сілекей бөлетін ядро; оның жасушалары сопақша мидың formatio reticularis-де nucleus ambiguous пен олива ядросы аралығында шашырай орналасады; 3) қозғалтқыш ядро, n.vagus және n. accessorius-пен ортақ nucleus ambiguous. VIII жұп – кіреберіс-ұлу нерві, n. vestibulocochlearis, area vestibularis аймағында ромбтәрізді шұңқырдың латералды бұрыштарында проекцияланатын көптеген ядролары бар. Ядролар нервтің екі бөлігіне сәйкес екі топқа бөлінеді. Нервтің бір бөлігі, pars cochlearis, ұлу немесе меншікті есту нервінің, екі ядросы бар: а) артқы ядро, nucleus cochlearis dorsalis және ә) алдыңғы ядро, nucleus cochlearis ventralis, бұл аталған артқы ядродан латералды және алдына қарай орналасады. Нервтің басқа бөлігі, pars vestibularis, кіреберіс немесе тепе-теңдік нерві, оның төрт ядросы бар: медиалды – негізгі ядро; латералды; жоғарғы; төменгі. VII жұп – бет нерві, n. facialis, көпірдің formatio reticularis partis dorsalis-інде орналасқан бір қозғалтқыш ядросы бар. Одан шығатын нерв талшықтары өз жолында көпірдің қалың қабаты арасында ромбтәрізді шұңқырда, colliculus facialis түрінде томпайып шығып тұратын ілмек түзеді. Өз жолында бет нервімен тығыз байланысқан аралық нервтің, n. intermedius, екі ядросы бар: 1) вегетативті ядро, nucleus salivatorius superior көпірдің formation reticularis-інде бет нерві ядросынан дорсалды орналасқан; 2) сезімтал ядро – nucleus solitarius. VI жұп – әкететін нерв, n. abducens, оның бет нерві ілмегінде орналасқан бір қозғалтқыш ядросы бар, сондықтан ромбтәрізді шұңқыр бетіндегі, colliculus facialis, осы ядроға сәйкес келеді. V жұп – үшкіл нервтің, n. trigeminus, төрт ядросы бар: 1) сезімтал ядро, nucleus pontinus n. trigemini, көпірдің жоғарғы бөлімінің дорсолатералды бөлігінде проекцияланады; 2) жұлындық ядро, nucleus spinalis n. trigemini, алдыңғы ядроның сопақша ми арқылы жұлынның мойындық бөліміне дейін өтетін жалғасы болып табылады, бұл жерде артқы мүйіздерінің substantia gelatinosa-сына жанасады; 3) қозғалтқыш ядро, nucleus motorius n. trigemini, сезімтал ядродан медиалды орналасқан; 4) ортаңғы милық ядро, nucleus mesencephalicus n. trigemini, суқұбырдан латералды жатады. Ол шайнау бұлшықеттері мен көз алмасы бұлшықеттері үшін проприоцептивтік сезімталдық ядросы болып табылады.

174. Цистерна туралы түсінік. Субарахноидалды кеңістік цистерналары.

175. Қатты ми қабығы туындылары және қатты қабық қойнаулары. Қатты қабық, dura mater encephali, басқа қабықтар сыртында жататын тығыз ақшыл дәнекер тінді қабық. Оның сыртқы беті тікелей бассүйекке жанасып, олар үшін сүйек қабығы болып есептеледі. Қатты қабықтың ішкі бетінен бірнеше өсінділер шығады, олар ми бөліктері арасына өтіп, бір-бірінен бөлінеді. Falx cerebri, үлкен ми орағы, екі үлкен ми сыңарлары арасында сагитталды бағытта орналасқан. Ол бассүйек күмбезінің ортаңғы сызығы бойымен sulcus sinus sagittalis superioris-тің жиектеріне бекіп, алдыңғы жіңішке шетімен crista galli-ге бітісіп өседі. Ал артқы кең жиегімен мишық шатырының жоғарғы бетімен бітісіп кетеді. Tentorium cerebelli, мишық шатыры, горизонталды керілген, екі еңісті шатыр секілді жоғары қарай сәл дөңес табақша. Бұл шүйде сүйегінің – sulcus sinus transversi- жиектеріне және екі жағында самай сүйегі пирамидасының жоғарғы жиегі бойына, сынатәрізді сүйектің processus clinoideus posterior-ына дейін бекиді. Ол үлкен мидың шүйде үлестерін төмен орналасқан мишықтан бөліп тұрады. Falx cerebelli, мишық орағы, үлкен ми орағы сияқты сызық бойымен crista occipitalis interna-ны бойлай шүйде сүйегінің үлкентесігіне дейін келіп, тесікті бүйір жақтарынан екі аяқшасымен қаусырады. Бұл аласа өсінді мишықтың артқы тілігіне еніп тұрады. Diaphragma sellae, ертоқым көкеті, түрік ертоқымы түбінде гипофиздік шұңқырды үстіңгі жағынан шектейтін табақша. Оның ортасынан hypophysis-ден шығатын infundibulum-ға арналған тесік өтеді. Қатты қабықта мидан қан жинайтын қатты қабық қойнаулары, sinus durae matris, орналасады. Қойнаулар қатты қабықтың меншікті қабатында оның өсінділерінің бассүйекке бекитін жерлерінде жайғасып, веналардан қабырғаларының құрылысымен өзгешеленетін, қақпақшалары жоқ веналық өзектер болып табылады. Sinus transversus, көлденең қойнау –ең үлкені және кеңі, шүйде сүйегінің sulcus sinus transversi-де, tentorium cerebelli-нің артқы жиегінде орналасады, ол жерден sinus sigmoideus-кежалғасады да sulcus sinus sigmoidea-да орналасады, одан әрі foramen jugulare арқылы v. Jugularis interna-ға жалғасады. Осының арқасында көлденең қойнау сигма тәрізді қойнаумен бірге бассүйек қуысындағы барлық веналық қан үшін негізгі өткізгіш-коллектор қызметін атқарады. Оған бір бөлігіне тікелей, бір бөлігі жанама жолмен барлық қалған қойнаулар құяды. Тікедей құятындар: Sinus sagittalis superior, жоғарғы сагитталды қойнау, ол falx cerebri-дің жоғарғы жиегімен бүкіл sulcus sinus sagittalis superior-дің бойымен crista galli-ден бастап, protuberantia occipitalis бекітілген жерінде орналасады, ол жоғарыға дейін өтеді. Sinus sagittalis superior-дың бүйірлерінде, қатты қабық қабатында кішкене қуыстар – қан көлдері деп аталатындар орналасады, олар бір жағынан қатты қабықтың және мидың веналарымен қатынасады. Sinus occipitalis, шүйде қойнауы, falx cerebelli-дің crista occipitalis interna-ға бекітілген жерінде орналасады. Ол жоғарыда аталған қойнаудың жалғасы ретінде өтеді, одан шүйде сүйегінің foramen magnum-ның екі жиегін бойлай орналасады. Sinus rectus, тік қойнау, falx cerebri-дің мишық шатырына бекитін жерінде орналасады. Ол алдыңғы жағынан ми орағының төменгі жиегі бойымен жүретін төмегі сагитталды қойнауды, сондай-ақ мидың ең терең бөліктерінен ағып шығатын мидың үлкен венасын қабылдайды.

176. Жұлын сұйықтығының өнімі және ағу жолдары, оның функционалді маңызы. Ми мен жұлынның торлы қабықасты кеңістіктері мен ми қарыншаларын толтырып тұратын ми-жұлын сұйықтығының, liquor cerebrospinalis, организмнің басқа сұйықтарынан ерекше айырмашылығы бар. Онымен тек ішкі құлақтың эндо- және перилимфасы мен көздің сулы ылғалдығы ғана ұқсас. Ми-жұлын сұйықтығы plexus choroidei-ден секрециялану жолымен бөлінеді, оның эпителилі қоршауы бездің эпителиіне ұқсас болады. Liquor cerebrospinalis-ті жасап шығаратын аппараттың сұйықтыққа бір заттарды тұтып қалатын қасиеті бар, бұның миды зиянды әсерлерден қорғауға үлкен маңызы бар. Сөйтіп, өзінің ерекшеліктері жағынан ми-жұлын сұйықтығы миымен оның негізіндегі тамырлар үшін қорғаныштық қызмет қана атқармай, нерв жүйесі орталық мүшелерінің дұрыс қызмет атқаруы үшін арнаулы ішкі орта. Ми-жұлын сұйықтығы орналасқан кеңістік тұйық болады. Одан сұйықтық негізінен өрмек қабықтың грануляциялары арқылы сүзілу жолымен веналық жүйеге және ішінара ми қабықтары жалғасатын нервтер қынабы арқылы лимфа жүйесіне ағып шығады.

177. Проекциялық талшықтар туралы түсінік, олардың жіктелуі. Проекциялық талшықтар ми қыртысының бір бөлігін thalamus және corpora geniculata-лармен, бір бөлігін орталық нерв жүйесінің төмен жатқан бөлімдері және жұлынмен байланыстырады. Бұл талшықтардың кейбірі қозуды орталыққа, ми қыртысына қарай, ал басқалары, керісінше, орталықтан шетке қарай өткізеді. Ми сыңарының ақ затындағы проекциялық талшықтар қыртысқа жақындау жерде сәулелі тәж, corona radiata, түзеді. Ішкі капсула арқылы өтеді. Ішкі қапшық, capsula interna, бір жағынан жасымықтәрізді ядро екінші жағынан құйрықты ядро мен таламус арасындағы ақ зат қабаты болып саналады. Мидың фронталды кесіндісінде ішкі қапшық ми аяқшасына созылатын қиғаш өтетін ақ жолақ тәрізді көрінеді. Горизонталды кесіндіде ол латералды жаққа қарай ашылған бұрыш пішінді, сол себепті ішкі қапшықтың құрылысында құйрықты ядро мен жасымық тәрізді ядроның арасындағы алдыңғы аяқшасын, crus anterius capsulae internae, таламус пен жасымықтәрізді ядроның арасындағы артқы аяқшасын, crus posterius және ішкі қапшықтың аталған екі бөлігінің бұрыш тәрізді иінін, genu capsulae internae, ажыратады. Проекциялық талшықтар ұзындығына қарай мынадай жүйелерге бөлінеді. 1. Tractus corticospinalis қозғалтқыш ерікті импульстарды дене,қол-аяқ бұлшықеттеріне өткізеді. Орталық алдындағы қатпардың ортаңғы және жоғарғы бөліктері қыртысының пирамидалы жасушаларынан басталған пирамидалы жол талшықтары сәулелі тәж құрамында төмен жүріп, ішкі қапшықтың артқы аяқшасының алдыңғы 2/3 бөлігі арқылы өтеді. Бұл жерде қолға баратын талшықтар аяққа баратын талшықтардың алдында орналасады. Олар әрі қарай ми аяқшасы, pedunculus cerebri, арқылы көпірге, одан төмен сопақша миға барады. 2. Tractus corticonuclearis бассүйек нервтерінің қозғалтқыш ядроларына өткізгіш жолдар. Олар орталық алды қатпарының төменгі бөлігі қыртысының пирамидалық жасушаларынан басталып, ішкі капсула иіні мен ми аяқшасы арқылы өтіп,содан кейін ортаңғы миға, сопақшамиға көпірге келіп, қарсы жағына ауысып, қиылыс түзе, қозғалтқыш ядроларында аяқталады. Талшықтардың шамалы бөлігі қарсы жаққа өтпей өз жағында аяқталады. 3. Tractus corticopontini ми қыртысынан көпір ядроларына баратын жолдар. Олар маңдай – tractus frontopontinus, шүйде – tractus occipitopontinus, самай – tractus temporopontinus және шеке үлестерінен – tractus parietopontinus шығады. Бұл жолдардың жалғасы ретінде көпір ядроларынан мишыққа оның ортаңғы аяқшаларының құрамында талшықтар барады. Үлкен ми қыртысы осы жолдардың көмегімен мишық қызметіне тежеуші және реттеуші әсер етеді. 4. Fibrae thalamocorticalis et corticothalamica таламустан ми қыртысына және керісінше, ми қыртысынан таламусқа баратын талшықтар. Таламустан шығатын талшықтардан орталық таламус тарамдары деп аталатынды атап көрсету қажет. Ол орталық артындағы қатпарда орналасқан тері сезімі орталығына бағытталатын сезімтал жолдың соңғы бөлігі. Бұл жолдың талшықтары таламустың латералды ядроларынан шығып, ішкі капсуланың артқы аяқшасы арқылы пирамидалы жолдың артынан өтеді. Бұл жер сезімтал қиылыс деп аталады.

178. Экстрацептивтік сезім түрлерінің өткізгіш жолдары. Сыртқы тітіркенулерді қабылайтын рецепторлар экстерорецепторлар деп аталады. Эволюцияның ерте кезеңдерінде олар негізінен дененің сыртқы жабындыларында орналасқан, бұл сыртқы тітіркенулерді қабылдау үшін қажет еді, сондықтан адамда да олар эмбриогенезде сыртқы ұрық жапырақшасынан – эктодермадан дамиды. Қызметі жағынан асқорыту жүйесімен тығыз байланысты, сондықтан энтодермадан дамитын дәм сезу мүшесінің ғана бұған қатысы болмайды. Одан әрі жануарлардың құрылысы және тіршілік қалпының күрделенуімен экстерорецепторлар ішіндегі маңыздылары күштірек дамып, құрылыстары күрделеніп, организмнен тысқары орналасқан, сондықтан дистантты деп аталатын заттардан тітіркенулерді қабылдайтын ерекше мүшелерге айналды. Бұлар – есту, көру және иіс сезу рецепторлары теріде орналасып, тері анализаторының шеткі бөлігін құрайды. Дыбыс, жарық, дәм және иіс сезу рецепторларынан шығатын өткізгіш жолдар эстезиология тарауында тиісті анализаторларды сипаттағанда қарастырылады. Бұл жерде тері анализаторларының өткізгіш жолдары баяндалады.

179. Қысым және сипап-сезу өткізгіш жолы. Терінің тактилді (жанасу және сипап сезу) сезімталдығын өткізгіш жолдар – tractus gangliospinothalamocorticalis. Рецептор тері қабатында жатады. Өткізгіш жол үш нейроннан тұрады. Бірінші нейронның жасушалық денесі сезімталдықтың барлық түрлерінің шеткі нейрондары жасушаларының жиыны болып табылатын жұлын түйінінде орналасады. Бұл түйін жасушаларынан шығатын өсінді екі тармаққа бөлінеді; олардың шеткісі тері нерві құрамында рецептордан шығады, ал орталық тармақ артқы түбіршік құрамында жұлынның артқы жіпшесіне барып, сол жерде жоғары көтерілетін және төмен түсетін тармақтарға бөлінеді. Талшықтардың бір бөлігі мен жанама тармақтарын жұлынның артқы мүйіздерінде – substantia gelatinosa-да аяқталады. Жоғарылаған талшықтардың басқа бөлігі артқы мүйіздерге енбей, жұлынның артқы жіпшелеоінде жүріп, fasciculus cuneatus et gracilis-тердің құрамында сопақша мидың аттас ядроларына – nucleus gracilis және nucleus cuneatus-ке жетеді. Жұлынның артқы мүйіздері мен сопақша мидың аталған ядроларында екінші нейронның жасуша денесі жатады. Артқы мүйіздерде орналасқан жасушалардың аксондары – comissura alba- арқылы ортаңғы жазықтықты қиып өтіп, қарама-қарсы жақтың бүйір жібінде орналасқан tractus spinothalamicus lateralis құрайды. Жүлын-таламустық будалардың айқасуы артқы түбіршіктің жұлынға кіретін деңгейінен 2-3 сегмент жоғарылау жерде өтеді. Бұл буда мидың сабау бөлігі арқылы таламусқа жетеді. Өз жолында ол ми сабауы мен бассүйек нервтерінің қозғалыс ядроларымен байланысады, олар арқылы тері тітіркенгенде ми рефлекстері пайда болады. Сопақша ми ядроларында орналасқан екінші кезең жасушаларының аксондары – leminiscus medialis – деп аталатын жолмен таламуқа жетеді. Бұл жол сопақша мида қарама-қарсы жаққа ауысып, медиалды ілмек айқаспасын – decussatio lemniscorum-ды түзеді. Сөйтіп, дененің әрбір жартысы үшін жұлыгда тактилді импульстарды өткізетін екі жол бар: 1) айқаспаған жол - қарама-қарсы жақтың бүйір жібінде жатады; 2) айқасқан жол - қарама-қарсы жақтың бүйір жіпшесінде жатады. Таламуста үшінші нейронның жасуша денесі жатады, оның аксондары tractus thalamocorticalis құрамында үлкен ми қыртысына, орталық артындағы қатпар мен тері анализаторының қыртыстық шеті орналасқан шеке бөлігіне барады. Кеңістіктік тері сезімталдығы – стереогноздың өткізгіш жолдары – fasciculus gracilis et cunetaus бойымен жүретін жанасу және қысым сезу сузімталдығы сияқты тері сезісталдығының бұл түрі де үш буыннан тұрады: 1) жұлын түйіндері; 2) сопақша мидағы nucleus gracilis et cuneatus-тер; 3) таламус және ең соңында жоғарғы төбе бөлігіндегі тері анализаторының қыртыстық шеті.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-20; Просмотров: 1770; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.016 сек.