Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

БРОНХТАР 12 страница




2) Ағзалық тармақтар, rami viscerales, симпатикалық сабаудың симпатикалық түйіндерінің медиалды жиегінен тармақталып, кіші жамбас астауы өрімдерінің құрамында осы қуыстағы ағзаларға жетеді.

224.Симпатикалық бағананың мойын бөлімі, топографиясы, түйіндері, тармақтары, нервтендіру аймақтары.

Симпатикалық сабаудың мойын бөлімі үш түйінмен көрсетілген,олар өзара түйінаралық тармақтармен байланысады және мойын шандыр қабығының омыртқаалды табақшасының артында мойынның терең бұлшықеттерінде жатады.

Преганглинарлық талшықтар мойын түйіндеріне симпатикалық сабаудың кеуде бөлімінің түйінаралық тармақтарымен барады, олар жұлынның ҮІІІ мойын және 6-7 жоғары сегментттерінің латеральды аралық «сұр» заттегі вегетативтік ядроларының келеді.

Жоғарғы мойын түйіні

Жоғары мойын түйіні,симпатикалық сабаудың ең ірі түйіні.Ол ұршық пішінді, ұзындығы 2 см-дей қалыңдығы -0,5см.ЖМТ І-ІІ мойын омыртқаларының көлденең өсінділері алдында орналасады.Түйіннің алдында ұйқы артериясы,латералды кезбе нерв, артында бастың ұзын б.е жатады.ЖМТ құрамында постганглионарлық талшықтары бар келесі тармақтар ажырайды: 1)жоғарғы мойын түйінін үш жоғарғы мойын жұлын нервтерімен байланыстыратын сұр дәнекер тармақтар,rr.communicantes grisei;2)ішкі ұйқы нерві,n.caroticus internusn, түйіннің жоғарғы полюсінен аттас артерияға бағытталып,артерия жолында ішкі ұйқы өрімін,plexus caroticus, қалыптастырады. Plexus caroticus internus ішкі ұйқы артериямен бірге ұйқы өзегіне кіріп, бассүйек қуысына кіреді.Өрімнен ұйқы өзегінде ортаңғы құлақтың шырышты қабығына ұйқы-дабыл нервтері тармақталады.Ішкі ұйқы артериясы өзектен шыққан соң, ішкі ұйқы өрімнен терең тастық нерві,n.petrosus profundus,тармақталады.

Көз өрімінен кірпікті түйінге симпатикалық түбіршік,radix sympaticus, тармақталады.Бұл түбіршік талшыұтары қысқа кірпіктік түйін арқылы транзитпен өтіп,көз алмасына жетеді.Симпатикалық талшықтар көз тамырлары мен қарашық кеңейетін бұлшықетті нервтендіреді.Ішкі ұйқы өрімі бассүйек қуысында ішкі ұйқы артерия тармақтарының тамыр маңындағы өрімдеріне жалғасады;3)сыртқы ұйқы нерві,nn.caritici externi,2-3 сабауша түрінде сыртқы ұйқы артерияға бағытталып,оның жолында аттас симпатикалық өрімдер, plexus caroticus externus,түзеді.Сыртқы ұйқы өрімі аттас артерия тармақтарымен таралып,тамырлардың,бездердің,бас ағзаларының біріңғай-салалы элементтері мен тіндерінің симпатикалық иннервациясын іске асырады.Жалпы ұйқы өріміне,plexus cariticus communis,жалпы ұйқы артерия тұсында орналасқан ішкі және сыртқы ұйқы өрімдері бірігеді;4) мойындырық нерві,n.jugularis, ішкі мойындырық вена қабырғасымен мойындырық тесікке көтеріліп,кезбе нервтің жоғарғы және төменгі түйіндеріне, тіл-жұтқыншақ нервтің төменгі түйініне және тіл асты нервке баратын тармақтарға бөлінеді.Соның арқасында симпатикалық талшықтар ІХ,Х,ХІІ жұп ми нервтері тармақтарының құрамында таралады;5)көмей-жұтқыншақ өрімдері,rr.larungopharyngei, көмей-жұтқыншақ өрімнің түзілуіне қатысып,жұтқыншақ және көмейдің шырышты қабығы мен тамырларын нервтендіреді.6)жүректің мойындық жоғарғы нерві, n.cardiacus cervicalis superior,мойын шандыр қабығының омыртқаалды табақшасының алдымен симпатикалық сабауға параллель төмен түседі.

Ортаңғы мойын түйіні.

Ортаңғы мойын түйіні,ganglion cervical medium,сопақ пішінді,жоғарғы түйіннен кішірек,Ү-ҮІ мойын омыртқалары көлденең өсінділері деңгейінде,m.longus colli алдында, төменгі қалқанша артерияның алдында жатады.Кейде оның орналасқан жерінде бірнеше қосымша түйіншелер,ganglia accessoria, болуы мүмкін.

Ортаңғы мойын түйіндері тармақтары:

1.Дәнекер тармақ, rami communicantes,IV-Viмойын жұлын нервтерімен қосатын;олар түйіннің латералді-артқы бетінен басталады.

2.Көкеттік нервпен қосатын қосатын дәнекер тармақтар.

3.Ұйқы нервтері,екі-үш өте жіңішке сабаушалар, жалпы ұйқы және төменгі қалқанша артериялар қабырғасына бағытталып,осы артерияларды қоршайтын жалпы ұйқы және төменгі қалқанша өрімдеріне кіреді.

4.Төменгі қалқанша өрімі,оның сабаушалары төменгі қалұанша артериясымен қосарлана жүріп, оның тармақтарымен қалқанша және қалұаншамаңы бездері паренхимасына кіреді.

5.Ортаңғы мойын жүректік нерв,n.cardiacus cervicalis medius, бірнеше тармақтарымен кейде ортаңғы мойын түйінінен, кейде тікелей симпатикалық сабаудан басталып,жоғарғы жүректік нервпен симпатикалық сабау арасымен алғашында жалпы ұйқы артерия артымен, кейін оның латералді жиегімен және бұғанаасты артерияның алдымен немесе артымен жүріп, кеуде торы қуысына кіреді, яғни оң иық-бас сабауының бөлінген жерінде, сол-сол жалпы ұйқы артерияның латералді жиегінде артерия мен бұғанаасты артерия арасында жатады.

Кеуде торы қуысында екі ортаңғы жүректік нервтер жалпы жүректік өрімнің түзілуіне қатысады.

6.Қалқаншалық тармақ,rami thereoideu,ортаңғы жүректік нервтен тармақталатын жіңішке сабаушалар.Олар қалқанша без денесіне және қалқаншамаңындағы бездерге тармақтар береді.

Аралық мойын түйіні.

Аралық мойын түйіні,ganglion cervical intermedium,(тұрақсыз), ортаңғы мойын түйіні астында,ҮІІ мойын омыртқаның көлденең өсінділері деңгейінде,артында көлденең өсінділер өзегінен тысқары орналасқан омыртқалық артерия бөлігі,алдынан омыртқалық вена жатады.

Аралық мойын түйінның тармақтары:

1)ҮІІ мойын жұлын нервке дәнекер тармақтар,rami communicantas.

2)Омыртқалық нерв,n.vertebralis, омыртқалық артерия қоршайтын екі жіңішке сабаушалар.

Төменгі мойын түйіні.

Төменгі мойын түйіні, ganglion cervical iferius,жоғарғы түйіннен кіші, бірақ ортаңғы мен аралық түйіндерден үлкен,дұрыс емес төрбұрыш пішінді, бұғанаасты артерияның артында,ҮІІ мойын омыртқаның көлденең өсіндісі деңгейінде жатады. Төменгі мойын түйіні жиі бірінші кеуде симпатикалық түйінге немесе сонымен тұтасып жататын,мойын –кеуде түйіні,ganglion cervicothoracicum,немесе жұлдызша түйіні ganglion stellatum атауын алады.

Төменгі мойын түйінінің тармақтары:

1.ҮІ-ҮІІІ мойын жұлын нервтеріне дәнекер тармақтар,rami communicantes.Бұл тармақтар ортаңғы мойын,жоғарғы кеуде симпатикалық түйіндердің тармақтары сияқты постганглионарлық талшықтар,олар иық өрімінің перифериялық нервтерінің құрамына кіріп, қолда тармақталып, тамырлар қабырғасын,тері бездерін және шаш бұлшықеттерін нервтендіреді.

2.Көкеттік нервпен дәнекер тармақтар,rami communicantes cum n.phrenica.

3.Кезбе нервпен дәнекер тармақтар,rami communicantes cum.n vago,олардың бір бөлігі қайырылма нервке бағытталады.

4.Бұғанаасты артерияның өріміне,plexus subclavius,бұғанаасты артериямен қосарлана жүретін сабаушылар.Бұл өрімге тармақтар бірінші кеуде симпатикалық түйіннен тармақталуы мүмкін.

5.Төменгі қалқаншалық өрімге, plexus thereodeus inferior,төменгі қалқанша артериямен қосарлана жүретін сабаушалар және оның тармақтарымен бірге қалқанша және қалқаншамаңындағы бездерге жетеді.

6. Омыртқалық өрімге,plexus vertebralis,омыртқалық артериямен бірге жүріп,оның тармақтарымен ми қабықатырна жетеді.

7.Сұт бездерінің ішкі өріміне,plexus mammarius internus, ішкі кеуде артериясымен қосарлана жүреді.

8.Төменгі мойын жүректік нерв,n.cardiacus cervicalis inferior,симпатикалық сабаудың төменгі мойын және бірінші кеуде тұйіндерінен бірінші тармақтарымен тармақталып, бұғанаасты артерияның артында орналасады, оның иық-бас сабауының артымен, ал солдан қолқаның артымен жылпы жүректік өрімге бағытталады.

225.Симпатикалық сабаудың кеуде бөлігінің тармақтары.

Симпатикалық сабаудың кеуде бөлігі, pars thoracica trunci symphathici,I, XII кеуде омыртқалары деңгейінде омыртқа бағананың жан-жағындажатады.Симпатикалық сабау қабырғалардың артқы шетінің алдында орналасып, қабырғааралық тамырларды алдынан кесіп өтіп, кеуде ішкі шандырының табағы мен қабырғалық өкпеқаппен ғана жабылған.

Оң симпатикалық сабаудан медиалды сыңар вена,ал сол сабаудан медиалді жартылай-сыңар вена өтеді.

Симпатикалық сабауға жолы бойында 10-12 кішкене жалпайған дұрыс емес үшбұрыш пішінді симпатикалық сабаудың кеуде түйіндері, ganglia thoracica trunci symphatici, кіреді, олардың жоғарғылары төменгілерден ірілеу; сол жақтағы жоғарғылардың ең ірісі бірінші кеуде түйіні.

Симпатикалық түйіндер өзара түйінаралық тармақтармен,rami interganglionares,байланысады,олардың ұзындығы мен қалыңдығы әртүрлі 1-3 будадан тұрады. Әрбір түйіннің латералді жиегіне жұлын невртеріне, яғни қабырғааралық нервтерге дәнекер т армақтар, rami communicantes,кіреді.Ал медиальді жағынан ағзалар мен өрімдерге тармақтар таралады.

Бірінші кеуде түйіні,ganglion thoracicum primum, бірінші қабырға басы деңгейінде бұғанаасты артерияның артында орналасады. Оның пішіні кейде жұлдызша тәрізді, кейде дұрыс емес ұшбұрыш тәрізді; жиі төменгі мойын түйінімен қосылып, мойын-кеуде түйінін, ganglion cervico-thoracicum,түзеді немесе екінші кеуде симпатикалық түйінімен қосылады.

Симпатикалық сабаудың кеуде бөлігінің тармақтары:

1.Дәнекер тармақтар, rami communicantes, симпатикалық сабаудың әрбір түйінінің латералді жиегінен тармақталып, сәйкес қабырғааралық нервтерге бағытталады; олар екеу немесе одан көп тармақ мөлшерінде берілген түйін деңгейінде жататын қабырғааралық нервке және жоғарғы және төмен жатқан нервке қосылады.

2.КЕуделік-жүректік нервтер,nervi cardiaci –thoracici,негізінен бірінші кеуде түйінінен тармақталады, жүрек жолында төменгі мойын немесе жұлдызша түйінінің төменгі жүректік нервімен кеуделік-жүректік нервтер,сонымен қатар, кезбе нервтің жүректік тармқтарының арасында дәнекер тармақтар бар.

3.Кезбе нерв пен дәнекер тармақтар.

4.Қайырылма нерв пен дәнекер тармақтар.

5.Жоғарғы 5-6 түйінінің медиалді жиегінен тармақталатын жіңішке тармақтар, кеуде қусында орналасатын ішкі ағзалар мен тармырларды нервтендіреді.

Бірнеше қатар тармақтар, медиалді бағытталып, қабырғааралық тармырлар,сыңар вена және жартылай сыңар вена,сонымен бірге кеуде түтігі қабырғасына жетеді.Қалған тармақ кеуделік-қолқалық өрім,plexus aorticus-thoracicus,құрамына кіреді, ол өзінің бастапқы бөлімінде жалпы жүректік өріммен, төменнен – құрсақтық өріммен ж\е оның туындыларымен байл.оның кейбір тармақтар қатары ішкі ағзалар өрімдеріне: өңештік тармақтар,rami esophagei,өңештік өрімге,plexus esophageus, өкпклік және бронхтық тармақтар, rami bronhialis et pulmonales – өкпелік және бронхтыөқ өрімге,plexus bronhialis et pulmonales,кіреді.

6.Ішкі ағзалық нерв,n.splanchnicus major,Ү-ІХ кеуде түйіндерінің алдыңғы медиалді бетінен 3-5 тармақтарымен басталады.Нервті құрайтын барлық тармақтары омыртқа денесінің бүйір бетінде орналасып, 9-10 омыртқалар деңгейінде бір сабауға бірігеді.Ол көкеттің бел бөлінһгіне төмен ж\е медиалді бағытталады.Кейін көкеттің ортаңғы ж\е медиалді аяқшаларының арасымен (оңнан сыңар венамен,солдан жартылай сыңар венамен бірге) жүріп, құрсақ қуысына кіреді, қысқа сабау түрінде құрсақтық өрім, plexus cealiacus,құрамына кіреді.Одан нерв жолымен кеуделік қолқалық өрімге, кіші ағзалық өрімдер түзетін тармақтарға ж\е көкірекаралық өкпеқапқа баратын сабаушалар тармақталады.Ішкі ағзалық нервке дара сабауішілік нерв жасушалары кіріп, кішірек ағзалық түйін,ganglion splanchnicum,түзеді.

7.Кіші ағзалық нерв, n. splanchnicus minor,10-11 кеуде түйіндерінен 2-3 тармақпен басталып, үлкен ағзалық нерв бағытымен жүреді ж\е онымен бірге көкет арқылы құрсақ қуысына кіріп, бірнеше қатар тармақтарға бөлінеді, тармақтарының кішкене бөлігі құрсақтық өрімі құрамына, үлкен бөлігі – бүйрек өрімі құрамына кіреді.

8.Ең төменгі ағзалық нерв, n. splanchnicus minimus,12 кеуде түйінінен басталатын тұрақсыз тармақ, кіші ағзалық нерв жолымен жүріп, бүйрек өрімі құрамын кіреді.

Барлық 3 ағзалық нервтер құрсақ қуысы ағзаларын- асқазанды, бауырды, ұйқыбезді, ішектерді,көкбауырды ж\е бүйректі,сонымен қатар кеуде қуысы мен іштің қан және лимфа тамырларын нервтендіруге қатысатын өрімдер құрамына кіреді




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-20; Просмотров: 819; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.035 сек.