Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Туризм менеджменті 3 страница




Рекреациялық қажеттіліктер - бұл күнделікті өмірдегі қажеттіліктер. Оларды қанағаттандыру рекреациялық тауарлар мен қызметті өндірудің мүмкіншілігіне байланысты.

Рекреациялық қажеттіліктеріне экономикалық баға берудің бір-неше: медициналық-биологиялық, әлеуметтанулық (социологиялық) және әлеуметтік-психологиялық аспектілері бар. Оның себебі -баға берген кезде қоғам мен оның мүшелерінің экономикалық мүмкіншіліктері өте маңызды, яғни қоғам мен оның мүшелерінің рекреациялық қажеттіліктеріне жүмсай алатын қаражаттары ескеріледі. Осы қаражат көлемі, ең алдымен, жалпы қоғамдық өнім көлемі мен оның таратылуына байланысты.

Рекреациялық қажеттіліктерді өтеу рекреациялық тауарлар мен қызметтерді өндіру қажеті мен мүмкіндігіне байланысты. Қажеттілік пен мүмкіндік өзара әрекеттесіп, нақты елдегі және басқа елдердегі бүтінгі қажеттіліктерді қалыптастырады.

Рекреациялық қажеттіліктердің медициналық-биологиялық аспектісі санаторлық-курорттық емдеудің құрылымы мен көлемімен анықталады. Аймақтық медициналық статистиканың негізінде курортологтар тұтгнушылардың санаторлық-курорттық емделу қажеттіліктерін және оларды қанағаттандырудың жиынтық балансын есептейді. Курорттар торының қажеттілігін әдетте нормативтергесәйкес анықтайды.

Сауықтыру қажеттіліктері медициналық-биологиялық аспектісі жағынан әзірше нашар зерттелген. Әдебиетте рекреациялық ic-j әрекеттің медициналық-биологиялық функциялары (бұлшық етка салмақ түсіру) мен әртүрлілігіне (бір істен екіншіге ауысып түру) ғана жалпы мәліметтер кездеседі. Рекреациялық іс-әрекеттің медициналық-биологиялық функцияларының жұмыс істеу себебі адамның орталық жүйке жүйесінде жатыр: адамның жүйке орталықтары толығыментоқтағанда емес, басқа жүйке орталықтары жұмыс істегенде ғана белсене «демалады».

Адам ағзасына демалыс орны мен мезгілінің, жас мөлшерінің, әлеуметтік табының, жүйке жүйесі түрінің және т. б. тигізетін әсер де дұрыстап зерттелмеген.

Рекреациялық қажеттіліктің социологиялық және әлеуметтік-психологиялық зерттеулері әлеуметтік топ немесе жеке тұлғаның рекреациялық қажеттілігінің қоршаган ортамен диалектикалық өзара байланысына бағытталған.

Рекреациялық кеңістікті ұйымдастыру шарттары, кеңістіктің рекреант әрекеттеріне тигізетін әсері социологиялық және әлеуметтік-психологиялық сипатқа ие. Сондықтан рекреациялық іс-әрекетті зерттеуде осы екі ғылымның маңызы зор. Бос уақыт әлеуметтануы (социологиясы) әлеуметтік топтардың қажеттіліктерін, олардың кең әлеуметтік топтар мен бүкіл қоғам қажеттіліктері арасындағы байла-ныстарын анықтап, зерттейді. Әлеуметтік психология әлеуметтік топ-тар мен жеке түлгалардың рекреациялық ортаға қоятын психологиялық талаптарын зерттейді. География үшін бір аумаққа байланған қоғам мүшелерінің әлеуметтік қүндылықтары және осы территорияда бірге тұрғандықтан пайда болатын қатынастар, яғни «жұрттың аумақтық бірлестіктері» өте маңызды.

Рекреациялық іс-әрекет процесінде әрбір әлеуметтік топ неме­се әртүрлі жастағы адамдар тобы арнайы талаптар қоя бастайды. Әрине, олардың барлық талаптарын ескеру мүмкін емес. Бірақ та рекреациялық әрекетті ұйымдастырғанда демалушылардың әралуан талаптарына ғылыми көзқарас болуы тиіс.

Таңдаулылық деп рекреацияның белгілі бір түрін, әдісін немесе ауданын қалайтын қала, ауыл, аудан, республика халқының пайызын түсінеміз.

Рекреациялық қажеттіліктің социологиялық зерттеулері кешенді түрде жүргізіледі. Олардың мынадай зерттеу кезеңдері болуы мүмкін:

1) демалыстың қазіргі шақтағы тенденцияларын статистикалық деректердің негізінде зерттеу;

2) рекреацияның мәні мен оның болашақтагы дамуы туралы ал-дыңала болжамдар жасау;

3) жұрт ішінде анкеталық сауалнама жүргізу;

4) рекреацияның даму болашағына ғылыми болжам жасау;

5) репрезентативтік деректерді тексеру негізінде теориялық ере-желерді құрастыру. Мұндайәдіс статистикалық деректердің жетіспеуі жағдайында жүргізіледі, алайда осындай әдісті қолданғанда мэлі-меттерді зерттеу объектілерінен тікелей қолма-қол алуға болады.

Рекреациялық қажеттілікті зерттеу үшін сұраптаулы зондаж әдісі қолданылады, яғни бүкіл халықты емес, халықтың бір бөлігін ғана сү_рап шығып «бүтінді оның бөлігі негізінде суреттеу». Бүкіл халық арасында сауалнама жүргізуді ұйымдастыру өте қиын және қыруар қаражат қажет етеді. Осындай сауалнаманың мысалы - ел халқының санағы. Зондаж болса, халықтың бір ғана бөлігін қамтиды және осыған негізделіп, кейбір сауалнама көрсеткіштерін бүкіл халыққа таратып қорытынды жасауға болады. Бұләдістің өз қағидалары, артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Сауалнама аумақтық қағида бойынша екі орталарда:

1) адамның жұмыс және түратын орнында;

2) демалыс немесе туристік саяхат орнында жүргізіледі. Сауалнама жүргізгенде халықтың әлеуметтік-демографиялық құрылымының моделі қолданылады. Жұмыспен түратын орнында жүргізілетін сауалнамалар рекреацияның жиілігін, ұзақтығын, маусымдылығын, құрылымын анықтайды. Тенденцияларды анықтау рекреациялық аумақтарды кеңістікте орналастыру ісінде, демалыс пен қызмет корсету мекемелері номенклатурасын таңдауда көмектесетін болады.

Рекреациялық аудандағы сауалнамалар рекреацияның мазмүнын, демалушылардың бюджетін, олардың қанағаттануын, болашақтағы талаптарын анықтайды.

Сауалнама жүргізгенде стратификацияланған («қатпарларға» бөлу) сұраптау негізіндегі интервью әдісі қолданылады. Сұраптаудың қиындығы - халықтың біркелкі болмауында. Сондықтан бұлсұраптау зерттелген ауданның, ал жалпы мемлекеттік зерттеу болса, бүкіл ел халқының әлеуметтік, жас мөлшерлік, жыныстық құрылымына толығымен сәйкес болуы қажет. Әлеуметтанушылар талаптарға сай болған адамдарының саны көрсетілген кестелерді құрастырады. Сау­алнама жасауға жататын тұлғалардың саны да репрезентативті болуы қажет.

Қолдағы ақпарат көлемін анықтаудың нақты алдыңала берілген статистикалық не социологиялық ережелері жоқ. Жалғыз бір жал­пы ереже мынадай: статистика жағынан бас бірлестіктер біркелкі болған сайын, сұраптау тобының көлемі шағын болуы мүмкін, ал бас

бірлестік жөніндегі ақпарат жетіспеген сайын сұраптау көлемі үлкен болуы керек.

Кеңес Одағы әдебиетінде емдеу-курорттық ғимараттардың ЦНИ-ИЭП институтының әлеуметтану секторы жұмысының қорытынды-лары көрсетілген.

Осындай зерттеулер бойынша бұрынғы КСРО-да туристердің көбісі орман мен теңіз жағалауын, су алқаптарымен шекаралас аумақтарды таңдаған. Орманда демалуды халықтың 34,5%, теңізде - 28,2%, өзен-көлде - 29,5% және жақын орналасқан орман-теңізді, орман-өзенді (көлді) қалаған. Тауда тек 5,5%, ал дала ландшафтында тіпті мардымсыз 0,1% демалғысы келген. Және де қалаулар құрылымы барлық жағдайда немесе әдетте адамның рекреация мүмкіншіліктері жөніндегі білімімен айқындалады. Осы жәйтті болашақтағы туризм мен демалыс қажеттіліктерінің болжамын жасағанда қате жібермеу үшін ескеру қажет. Келешекте қалаулар құрылымы өзгерістерге үліырамақ, мәселен, туризмнің бұрын дамымаған немесе беймәлім түрлерінің пайда болуына, олардың іске асырылу шарттарының не­месе ұйымдастырылу аумағының өзгеруіне байланысты, жұрт осы-ларды тандауы мүмкін.

Демалыс ландшафтын таңдауына халықтың жас сатылары құрылымы ең үлкен әсерететіндігі анықталды. Жасы келген сайын қала жұрты орманда демалуды коп таңдай бастайды: 16-24 жасарлардың 31,3%-ы ғана демалысын орманда өткізгісі келсе, 60 жасар және одан үлкендердің 47%-ы осындай демалысты қалайды. Керісінше, демалы­сын тауда өткізгісі келгендердің арасында жастар үлесі жоғары (9%).

Шипалы суларда зейнеткерлер демалғысы келеді. Бір қызығы, сауалнама бойынша орман мен озен жағасындағы демалыс теңіздегі демалыстан гөрі көп таңдаулы болады екен. Бірақ, қала тұрғындары арасында Қара теңіз жағалауындағы демалысты таңдайтындардың саны өсуде. Осы ауданда ересектердің 24%-ы демалғысы келеді. Теңіз жағалауында демалғысы келетіндердің арасында 16-39 жасар адамдар коп. Осындай демалыстың ең сүйікті аудандары - Қырым мен Кавказдың Қара теңіз жағалауы болған.

Рекреациялық қажеттіліктерді зерттеу - территориялық рекреа-циялық жүйелердің (ТРЖ) қалыптасуы, істеуі мен дамуының заң-дылықтарын анықтау жолындағы тек алғашқы маңызды кезеңі болып табылады.

Социологиялық зерттеулердің нәтижелері медицина қызмет- t керлерінің, экономистердің, экологтардың, курортологтардың және басқа да мамандардың ұсыныстарымен толықтырылуы керек, өйткені жұрттың талаптары медициналық ғылымның, табиғат қорғау мақсаттарының және мемлекеттің экономикалық мүмкіншіліктерінің ғылыми тұрғыдан дәлелденген талаптарына барлық жағдайларда сәйкес болуы мүмкін емес.

Халықтың сұранысы қажеттіліктердің әсермен бірге ұсыныла-тын туристік қызметтердің көлемі мен құрылымының, рекреациялық шаруашылықтың материалдық базасының дамуына байланысты қалыптасады. Сөйтіп, туристік сұраныс, бір жағынан халықтың жеке, топтық және қоғамдық төлеу қабілеті мен қоғамдық тұтыну қорларымен өтелетін қажеттіліктермен анықталады, ал, екіншіден, рекреациялық қызмет көрсету жүйесі мен туристік қызметтер ұсынысына байланысты.

Рекреациялық қажеттіліктер мен туристік сұраныс халықтың белгілі әлеуметтік-демографиялық тобының қалауы бойынша таңдалған туризм түрімен, осы топтардың төлеу қабілетімен және олардың экономикалық аудандағы немесе бүкіл ел көлеміндегі жалпы санымен анықталады.

Рекреациялық қажеттіліктерге болжам жасағанда, бір жағынан демалыс пен туризмнің қазіргі құрылымын, ал екінші жағынан халықтың таңдауларын, оның ғылыми-техникалық прогресс пен тез өзгеріп түратын өмір жағдайы әсернен болатын динамикасын ескеруқажет.

Рекреациялық қажеттіліктер құрылымы мен болашақтағы туристік ағымдар көлемін анықтау үшін халық топтарының бос уақыты балансының зерттеулеріне негізделген әдістерімен бірге нормативтік көрсеткіштер әдісі колданылады. Нормативтік әдістер демалыс пен туризм мекемелерінің 1 мың адамға есептелетін нормаларға сүйенеді. Туризмді ірі экономикалық аудандарда ұйымдастыру сүлбаларын жасағанда халық топтарының бос уақыты балансының зерттеулеріне негізделген әдістер ең дұрыснәтижелерге жеткізеді, ал жеке ТРЖ аудандық жоспарлауы деңгейінде - табиғи ландшафтарға зиян келтірмейтін жүктемелерді ескерген нормативтік әдісі қолайлы.

Қайталау сұрақтары

1. «Рекреациялық қажеттіліктер» деген не?

2. Қоғамдық, топтъщ және жеке рекреациялыққажеттіліктер деген не?

3. Рекреациялыққажеттіліктерінің қалыптасуына әсерететін факторлардың бес тобына сипаттама беріңіз.

4. Демалушылар топтарының демалыс орындарын таңдау себептерін атап беріңіз.

5. Халықтыңрекреациялыққажеттіліктерін зерттеу әдістері жөнінде айтып беріңіз.

§ 4 Рекреациялық іс-әрекет, оның құрылымдық және функционалдық ерекшеліктері.

Рекреациялық аумақтардың негізгі түрлері

Біз рекреациялық қажеттіліктердің өндіріс күштері дамуының белгілі денгейі мен өндірістік қатынастар сипаты жағдайындағы адамның еңбек қабілеттілігін қалпына келтіру шарттарына қойылатын жеке, топтық және қоғамдық талаптары ретіндегі анықтамасын бердік. Рекреациялыққажеттіліктер рекреациялық іс-әрекет түрлері арқылы қанағаттандырылады. Мұнда рекреациялық іс-әрекет дегеніміз -адамның физикалық, психикалық және рухани күшін қалпына келтіру мақсатындағы адамның бос уақыт кезіндегі әрекеттері [6].

Адамның бос уақытындағы іс-әрекет құрылымының күрделілігі жұмыс әрекетіндегі іс-әрекеті құрылымының күрделілігінен кем емес. Тіпті одан асып түседі, өйткені жұмыс кезінде өндіріс технологиясы мен ұйымдастырылуы адам әрекеттері еркіндігін шектейді. Ал бос уақытында адам күшін қалпына келтіру әдісін саналы немесе бейсаналы түрде таңдауға өз еркі бар.

Рекреациялық іс-әрекет белгілі бір тәсілдер арқылы жүзеге асады. Мұндай тәсілдерді «рекреациялық шаралар» деп атайды. Сонымен, «рекреациялық шаралар» - бұлрекреациялықіс-әрекет түрлерін іске асыру тәсілдері. Шаралар жинағының ішінде мынадай рекреациялықшараларды бөліп қарауға болады: суға шомылу, жаяу қыдыру, саңырауқүлақ пен жеміс-жидек жинау, ескерткіштер мен мұражайларды аралап көру және т.с.с. Рекреациялық шараларды екі топқа белуге бо­лады, олар негізгі төрт шараның басын қосады (1-кесте) [6].

Рекреациялық-емдеу шаралары - бұл арнайы шаралар жүйесі, санаторлық-курорттық емдеу әдістерімен қатаң анықталады: климат пен емдеу, бальнеологиялық емдеу, балшықпен емдеу және т.б. Рекреациялық-сауықтыру шараларының түрлері әралуан болып келеді. Бүған кіретіндер: қыдыру, суға шомылу, күн және ауа ваннала-рын алу, ойындар, жай демалыс, саңырауқұлақ теру және т. б.

Рекреациялық-спорттық шаралары, негізінен, адамның күш-қуатын дамытуға бағытталған. Бүған кіретіндер: спорттық ойын­дар, желкенді және моторлы су спорты, шаңғы спорты, ұзақ жаяу жорықтар, тау шыңдарына көтерілу және т. б.

Рекреациялық-танымдық шаралар адамның рухани дамуына арналған. Бүған жататындар: мәдени ескерткіштерді тамашалау, табиғат құбылыстарымен танысу жәнет. б.

Рекреациялық шаралардың бірнеше түрі шынында бірігіп орын алады. Мысалы, жаңа жерлерде серуендеу козғалыс пен таным функцияларын бірге орындайды. Рекреант өз еркімен белгілі уақыт ішінде бірнеше рекреациялық шараларды біріктіруі мүмкін. Осындай үйлестіру саны өскен сайын рекреациялық әрекет тиімділігі деі артады, себебі бір уақыт бірлігінде рекреациялық қажеттіліктердін үлкенірек көлемі қанағаттандырылады.

1-кестe

Рекреациялық шаралардың типологиясы

Қалпына келтірілген топ Даму тобы
Рекреациялық емдеу шаралары Рекреациялық сауыктыру шаралары Рекреациялық спорт шаралары Рекреациялық танымдық шаралар
Қатаң түрде анықтау әдісі бойынша санаторлық- курорттық емдеу шарасы: бальнеологиялық (минералды сумен) емдеу, батпақпен емдеу Таза ауада жүру және мөлшерлі физикалық салмақпен кыдыру, суға жүзу, әр түрлі ойындар, саңыраукұлақ және жеміс-жидек теру, күн мен ауа ваннасы, пассивті тынығу және т. б. Адамның күш- қуатын өсіру шарасы (спорт тық ойындар, моторлы су спорты, шанғы спорты, ұзақ уақытқа сапарға шығу, тау шыңдарына шығу және т. б.) Адамды рухани дамыту шарасы (мәдени және табиғи ескерт- кіштерді көру, мұражайларға бару, табиғи және қоғамдық құбылыстармен танысу және т. б.)

Жоғарыда айтылған рекреациялық шараларды қарапайым рекреациялық шаралар дейді.

Қарапайым рекреациялық шара - бұл ішкі бүтіндей біркелкі технологиялық компоненттерге бөлінбейтін рекреациялық қызметтің әлементтері.

Қарапайым рекреациялық шара (ҚРШ) демалыс бағдарламасын құрастыру негізі болып табылады. Социологтар 100 мыңға жуық ҚРШ есебін шығарып отыр, оның саны әрбір 10 жылда екі есе өседі. Сондықтан ҚРПІ-ны ірі топтарға (рекреациялық, іс-әрекет түрлеріне) біріктіру қажет.

Рекреациялықіс-әрекеттің түрі (РӘТ) дегеніміз - қарапайым рекреациялықшаралардың біртекті тобы, олардың әрқайсысы өзара алмаса алады. Баскаша айтсақ, рекреациялық іс-әрекеттің бір түріне өзара алмасатын қарапайым рекреациялық шаралар жата береді. Туроперейтингтің тәжірибесінде мулдай жағдайлардың маңызы зор, өйткені қандай да болмасын қарапайым рекреациялық шараны еткізуге мүмкіндік болмай қалғанда, оның орнын толтыру үшін ту­ристке қарапайым рекреациялықшараның басқасын ұсынады. Мыса­лы, саңырауқүлақ болмай қалғанда, туристерге жеміс-жидек жинауды ұсынады [10].

Барлық рекреациялықіс-әрекет түрлері рекреациялықіс-әрекет циклымен бірігіп, соның құрамына кіреді. Белгілі уақыт ішінде кайталанатып түратын рекреациялықшаралардың тұрақты комбина-циясы «рекреациялық іс-әрекетциклы» деп аталады (Ю.А. Веденин, 1975).

Тірі жүйелердің өмір сүру шартының бірі - тірі материяға тән биологиялық үрдістердің ырғақтылығы (ритмі). Тәуліктік (цир-кадтық) ырғақтар биологиялық ырғақ болып табылады, бұл тірі жан-дардың қасиеті және олардың өмір сүру шартының бірі. Сондықтан рекреациялықіс-әрекеттің тәуліктік циклын бір мезгілде немесе бірнеше шағын мезеттерде орындалатын әрекеттер үйлесуінің баста-уыш бөлігі болып қарастыруға болады (5-сурет).

Тәуліктік циклдар белгілі уақыт ішінде бірнеше рет қайталанып тұрады. Мынадай циклдар болуы мүмкін: ұзақдемалыс циклы, өмір циклы, белгілі жас сатыларының циклы (балалық шақ, жастық шақ, есейген шақ) және т. б.

¥зақ демалыс циклы тәуліктік циклдардан құрылады. Бірақ бұл кезде бірдей тәуліктік циклдары қайталанбайды. Мысалға, санатор

лық-курорттық емдеу бір-біріне тең емес: адаптациялық (бейімделу), емделу, экскурсиялық кезеңдерге бөлінеді. Әр кезеңнің өзінің те­ракты тәуліктік циклдары қалыптасады. Күн тәртібі деп аталынатын қатаң тәуліктік циклдары санаторлық-курорттық емдеу кезінде, ал катаң емес тәуліктік циклдары - өз бетімен ұйымдастырылған демалыс кезінде пайда болады (6-сурет).

Рекреациялық іс-әрекеттің өмір циклдары рекреация түрлері мен формаларының, географиялық аудандардың кезекпен-кезек ауысу ында және т. б. көрініс алады.

6-сурет. Шаралардың демалыс циклыньщ сұлбасы

(Ю. А. Веденин, 1975)

Рекреациялық іс-әрекетциклдарын олардың қоғамдық функциялары мен технологиялары бойынша да айыруға болады (Ю.А. Веденин, 1975): емдік, сауықтыру, спорттықжәнетанымдық циклдары.

Күнделікті өмірде рекреациялық шаралар алмасып тұрады. Шара­лар неғүрлым аралас болса, рекреациялық іс-әрекет соғұрлым әсерлі болып, рекреациялық қажеттілік қанағаттанарлықтай бола түседі. Соңғы уақытта көбінесе рекреациялық іс-әрекеттің негізгі үш түрі туралы әңгіме қозғалуда. Оларға емдеу, спорттық-сауықтыру және танымдық рекреациялық іс-әрекет жатады. Рекреациялық-сауықтыру және рекреациялық-спорт шаралары түрлі рекреациялық шаралар тобына кіргенімен, өзінің функциялық бағыты бойынша бір-біріне өте жақын. Өйткені екеуі де негізінен адамнын күш-қуатын сауықтырып дамуына әсерн тигізеді.

Рекреациялық шаралардың әралуандылығы, араластығы және ауысып тұруы рекреациялық аумақтардың касиеттерімен тығыз бай-ланысады. Шаралардың әралуандылығы рекреациялық ресурстардың (табиғи жәнеәлеуметтік-экономикалық ресурстар) әралуандылығына сәйкес келуі керек. Рекреациялық ресурстардың әралуандылығы шаралардың араласып және ауысып тұруына мүмкіндік береді.

Аудандық жоспарлауда рекреациялық аумақтың көп функция-лық сипаты (табиғи кешендерді таңдау мүмкіндігі, инженерлік құры-лыстардың құрылымы мен орналасуы, т. б.) рекреанттың қолындағы уақыт мезгіліне байланысты яғни істейтін шаралар тізімі мен ұзақ-тығына байланысты. Өз еркімен орындалатын рекреациялық іс-І әрекетциклдары әзірше жақсы зерттелмеген.

Рекреациялық циклдардың жаһандық және макроаумақтық ден-і гейдегі әсерлері рекреациялық саланың аумақтық ұйымдастырылу мәселесі ретінде қарастырылады.

Рекреациялық қажеттіліктер құрылымының өзгерістері себепкер болған рекреациялық іс-әрекет эволюциясының екі негізгі тенденцияларын атап шығу қажет. Бірінші тенденция: бір жағынан, сауыктыру-спорттық және танымдық рекреациялық шаралар маңызының артуымен бірге, барлық шаралардың өсуі жағдайындағы емдеу шараларының азаюы. Ең көзге түсетін ерекшелік - табиғи (өзгертілмеген немесе шамалы өзгертілген) ландшафтарды пайдаланатын рекреация түрлерінің тез дамуы. Екінші тенденция - жана,дәлірек айтсақ, бұрын көп айналыспаған рекреациялық шаралардың пайда болуы.

Ғылыми әдебиетте рекреациялық іс-әрекеттің неше түрлі жіктелуі мен топтастырылуы кездеседі. Олардың негізінде ең жиі кездесетін критерийлері мынадай: саяхат мақсаты, оның ұйымдастыру сипаты, құқықтық статусы, саяхаттың ұзақтығы, рекреанттың қозғалыс түрі, оның жас мөлшері, шаралар жиілігі және тағы басқалары - бұлардың барлығы рекреациялық іс-әрекеттің құрылымы деп аталады (2-кесте).

Емдеу рекреациясы негізгі емдік табиғи факторлары бойын­ша бөлінеді: климат, минералды су көздері, емдік балшықтар және тағы басқалар. Осындай ресурстарға байланысты ол үш негізгі топқа бөлінеді: климатпен емдеу, бальнеологиялық емдеу жәнебалшықпен емдеу. Олардың үйлесіп келуіне қарай бальнео-балшықпен емдеу, бальнео-климатпен емдеу, климат-бальнео-балшықпен емдеу топтары болып та бөліне алады. Емдік-курорттық рекреация жайлары медициналық-биологиялық нормаларға мүқият сәйкес болулары қажет. Жұртты емдеуге арналған курорт аумақтары белгілі шарттарға ие болуы керек.

Бұрынғы КСРО-да табиғи ландшафтық зоналарға сәйкес курорттар мынадай типтерге бөлінген:

1) теңіз жағалаулық жазықтық, көбінесе жерортатеңіздік климаты, дала, шел, ылғалды субтропик-тер ормандарының климаты, қоңыржай ендіктерінің орман климаты, шөлейт климаты тән курорттар;




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 1938; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.046 сек.