Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Туризм менеджменті 7 страница




Басқару органы қызмет көрсетушілердің білім деңгейіне үнемі талдау жасап, мамандарды оқытып, олардың білімін көтеруге ар­найы шараларды курстар, семинарлар, мектептер жүйелері арқылы ұйымдастырып тұруы қажет. Жоғары және орта арнайы білімді және біліктілігін жоғарылатқан мамандардың саны қызметкерлер; біліктілігінің дәрежесін көрсетеді.

ТРЖ-нің барлық сипаттамаларын зерттеп, оларға талдау жасау -рекреациялық географияның маңызды міндеті болып саналады.

Қайталау сұрақтары

1. В.М. Кривошев пен И.В. Зориннің байланыстар матрщасы деген не және ТРЖ әлементтері арасындағы өзара байланыстарын қалай суреттейді?

2. ДТ-ның ТРЖ басқашағын жүйелерімен болатын өзара байланыстарын реттеп беріңіз.

3. ТК-нің ТРЖ басқашағын жуйелерімен болатын өзара байланыстарын сурет-men беріңіз.

4.ТҚ-ның ТРЖ басқашағын жүйелерімен болатын өзара байланыстарын q реттеп беріңіз.

5. ҚК-нің ТРЖ басқашағынжүйелерімен болатын өзара байланыстарын q реттеп беріңіз.

6. БО-ның ТРЖ басқашағынжүйелермен болатын озара байланыстарын реттеп беріңіз.

ТУРИЗМ ГЕОГРАФИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

§ 1 Рекреациялық география және туризм географиясы туралы түсініктердің арақатынасы

Соғыстан кейінгі кезеңде, әсіресе 60-70-ші жылдарында рекреациялық география мен демалыс географиясы атаулары кең тарады, осы атаулар кейбір елдерде бұрын жиі қолданылатын ту­ризм географиясының орнына қолданыла бастады. Өте жиі бұлатау­лар, кейбір авторлардың пікірінше теңдес болмаса да, тең мағынада колданыла берген. Ал, ГФР-да бос уақыт географиясы түсінігі жиі пайдалануына жол ашылды.

Осыдан кейінгі жылдары көптеген ғалымдар туризм географи­ясы, рекреациялық география мен демалыс география пәндерінің бір мағынада болуына қарсы келді. Осы пәндерді бір-бірінен бөліп түсіндірген ғалымдар П. Жорж (Франция), B.C. Преображенский мен Ю.А. Веденин (КСРО), И. Матцнеттер (ГФР), Б. Барбье (Франция), Ф. Хеллайнер (Канада) және т. б. болды.

Бұрынғы Кеңес Одағында «рекреациялық география» мен «туризм географиясы» ұғымдары әртүрлі ғылым пәні ретінде қабылданды. Ең алдымен рекреациялық география (B.C. Преображенскийдің те-ориясы бойынша, 1975) пайда болды. Туризм географиясы болса Кеңес Одағының ыдырауына шейін дұрыс дамымаған. Бұл екеуінің арақатьшасы мынадай: рекреациялық география - бұлмәні жағынан емалыс пен туризм географиясы. География ғылымдарының шінде де бұлардың алатын орны туралы пікірлер әр түрлі болған. Кейбіреулері оларды пәнаралық ғылымдарға жатқызса,басқаларыоларды қоғамдық география ғылымдарының шеңберінде кіргізді. Бұл мәселені шешу үшін талдау жасауымыз қажет. Біріншіден, ғылымдардың зерттеу объектісі мен пәнін қарастырайық.

Көп ғалымдар ол екеуін бір мағыналы емес десе де, бір-бірімен тығыз байланысып түратын екі түрлі ғылыми пән деп айтады. Олар бұл екі ғылымды қоғамдықгеография (әлеуметтік-экономикалық) пәнінің саласына жатқызады.Олардың айтуынша, аталмыш ғылымдархалық шаруашылығының екі саласын - рекреациялық сала мен ту­ризм жүйесін зерттеп түсіндіреді. Өйткені, бұл екі сала өндірістік заттар шығармайтын сфераға жатады. Олардың негізгі өнімі-рекреациялық және туристік қызметтер. Олар халықтың әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерін демалыс кезінде өтей отырып, елге әлеуметтік және экономикалық табыс әкеледі. Осыған орай, бұл ғылымдардың объектісі мен пәндерін қоғамдық географияның зерттеу объектісі мен пәнінен бастаған жөн. Э.Б. Алаевтың айтуынша (1983), «қоғамдық географияның объектісі ретінде қарастырылатын «ойку-мена» -қоныстанған, игерілген, немесе, басқаша айтқанда, қоғамдық өмірдің орбитасына кіретін жердің географиялық қабығының бір бөлігі» [11]. Ойкумена деген ұғым қоғамды ғана емес, қоршаган ортаны да қамтиды. Қоғамдық географияның объектісі ретінде ол қоғамдық өмір мен онын айналасындағы барлық экономикалық (өндірістік), әлеуметтік, саяси, демографиялық, рекреациялық және басқа да сфераларын қамтиды. Осы аялардың барлығы дербес түрде де, біріккен түрде де іске асы-рылады. Яғни осы аяларды бөліп көрсету бір жағынан дерексіздену әрекеті, себебі олар тек бірлесіп гармониялық түрде жүзеге асырылады. Ойкуменаның әрбір сферасы кеңістікте күрделі түрде ұйым дастырылған. Мысалы, экономикалық сферасы кеңістікте әр түрлі деңгейдегі әлеуметтік-экономикалық аудандар түрінде, демографиялық сферасы - халық орналасуының аумақтық жүйесі ретінде, әлеуметтік сферасы - халықтың территориялық орта түрінде, саяси сферасы - мемлекеттер түрінде және т.с.с ұйымдастырылған. Осындай кеңістік сфералардың әрқайсысында өзіне сай қоршаған ортасы бар және онымен олар үнемі байланыста болып тұрады.

Қоғамның кеңістіктегі ұйымдастырылуының саяси, медициналық, әскери және басқа да аспектілерінің зерттеулері географиянын саяси, медициналық, әскери және баска да салаларының қалыптасуына ықпал етті.

Территориялық қоғамдық жүйе (ТҚЖ) қоғамдық (әлеуметтік-экономикалық) географияның пәні болады (А.И. Чистобаев, М.Д. Шарыгин, 1990). Территориялық қоғамдық жүйе дегеніміз - ойкуменаның кеңістік-уақыттық бөлігі, онда қоғамның өмір сфералары үнемі өзара байланыста болып, бір-бірін толықтырып тұрады. Зерттеу пәні мен объектісін түсініп, қоғамдық географияға мынадай анықтама бе-руге болады: «Экономикалық жәнеәлеуметтік география біртұтас интегралдық-синтетикалық ғылым ретінде табиғи ортаның нақты бір жағдайында қоғамның кеңістікте ұйымдастырылуын зерттейді» (А.И. Чистобаев, М.Д. Шарыгин, 1990) [12].

Қоғамдық географияның еншілес ғылымдары ойкуменаның бел-гілі бір сферасының кеңістікте ұйымдастырылуын зерттейді. Олар-дың өз зерттеу объектісі мен пәні болады. Сондықтан рекреациялық география да, туризм географиясы да қоғамдық (әлеуметтік-экономикалық) географияның салалық пәндері болып саналады.

XXғасырдың 70-ші жылдарының соңында және 80-ші жылдары ның басында «демалыс», «рекреация», «туризм», «экскурсия» деген түсініктер қабылданды. Н.С. Мироненко мен И.Т. Твердохлебовтың айтуынша (1981): «демалыс - бұл күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталмаған қандай да бір болмасын адамның іс-әрекеті»; «рекреация - бұл халықтың тұрақты жерінен тыс жердегі арнайы мамандандырылған аумақтарда сауықтыру,спорттық,танымдық жәнемәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған адамның бос уақытында іске асатын қатынастар мен құблыстар жиынтығы»; туризм - бос уақытты тұрақты жерінен тыс жерде өткізудің бір түрі. Қазіргі ғылыми әдебиеттер бойынша, «туризм дегеніміз - бұл адамдардың тұрғылықты жерінен тыс жерге саяхат-тау кезінде пайда болатын қатынастар мен құблыстар жиынтығы. Әрине, егер де бүндай саяхаттар ұзақ уақыт қоныстану немесе ақша табу мақсатымен уақытша қоныстануға айналып кетпесе». Сонымен, туризм деген түсінік - ол тұрақты жерінен тыс жердегі 24 сағат не­месе одан артық уақытта болатын рекреацияның барлық түрі. «Экс­курсия - бұл танымдық, ғылыми, спорттық немесе көңіл көтеру мақсаттарын көздейтін, түнеуге тоқтамай 24 сағаттан аспайтын саяхат немесе серуен жасау». Осындай анықтамалар жалпы халықаралық ұғымдарга сәйкес. Енді осы ұғымдарды зерттейтін тиесілі географиялық пәндердің анықтамаларын да атау қиын емес сияқты.

Дегенмен бұлмәселеәлі де толық шешілмеген. Мұның себебіаталған ұғымдардың бір-біріне деген қатынасында. Осы ұғымдардың ішіндегі ең бастысы - өзіне басқалардың барлығын қамтитын дема­лыс ұғымы.

Осындай болса, рекреанттар, туристер мен экскурсанттар дегеніміздің барлығы демалушылар болып табылады. Ал рекреацияға туризм мен экскурсия да кіреді, яғни туристер де, экскурсанттар да рекреанттар екені түсінікті. Экскурсант болса, ол турист болмауы да мүмкін, мұндай жағдайда ол тек қана рекреант.

Сөйтіп, демалыс географиясының құрамына рекреациялық гео­графия да, туризм географиясы да кіру керек. Ал бұрынгы КСРО-да шын мәнінде рекреациялық географияны туризм географиясы мен демалыс географиясының «қосындысы» деп түсінген. Шынында да, рекреацияның жогарыда келтірілген анықтамасына ұстансақ,егер демалыс «мамандандырылған» аумақтарда іске асырылса, ондарекреациялық географияны өзіне туризм географиясы мен демалыс географиясы кіретін пән ретінде қарастыру керек.

Туризмнің зерттеулері өткізілген бірталай елдерде, оның ішінде Кеңес Одағында рекреациялық география мен туризм географиясы ұғымдарының түсіндірілуінде осындай екіталайлық кездеседі. Мысалы, туризм географиясы атауы кездесетін жұмыстарда (Е.А. Котля-ров, 1978; И.И. Пирожник, 1985) бұлұғым шын мәнінде рекреациялық географияға жатады [13, 14].

1971 жылы кеңес одағы әдебиетіне B.C. Преображенский мен Ю.А. Веденин енгізген рекреациялық география ұғымы біраз эволюциялық өзгерістерге үшырап, 1975 жылы оның соңғы нұсқасы қабылданды. Сол нұсқа бойынша рекреациялық геогра­фия географиялық пәндерге жатады. Территориялық рекреациялықжүйелердің пайда болуы,орналасу заңдылығын зерттеу, сонымен қатар тұрақты жерден тыс жердегі қоғамның бос уақытында іс-әрекетінін ұйымдастырылуы рекреациялық географияның зерттеу пәні болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, рекреациялық география табиғи орта мен демалыс арасындағы өзара байланыстарын анықтап, ТРЖ-нің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін әдістемелік жұмыстарды жүргізіп тұрады.

Туризм географиясы экономикалық пәндерге жатады. Оның зерт­теу пәніне:

- шаруашылық кешенінің қалыптасуында туризм мен туристік әрекеттің рөлі;

- туристік қозғалыспен байланысатын шаруашылық әрекеттердің аумақтық түрлері кіреді.

Әлемдегі туризм зерттеулерінде туристік ресурстар мен туристік қозғалыстың шоғырлануы арасындағытәуелділікке ерекше назар аударылады. Осындай тәуелділік нәтижесінде кеңістікте біршама өзгерістер пайда болады, ал осындай өзгерістер географиялық зерттеулерде орын табуы қажет. Туристік кеңістіктер «бет-әлпеті» мен олардың жіктелуін зерттеуде де географияның рөлі жоғары.

«Рекреациялық іс-әрекет» пен «туристік іс-әрекет» анықтамалары қос мағыналы. Бір жағынан, бұл анықтамалар адам мен халық топтарының іс-әрекеттерін түсіндіріп тұрса, олармен рекреациялық шаралар, шаралар циклдері ұғымдары байланысты. Ал екіншіден, бұлұғымдар қоғамның халықтың демалыс

Қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған іс-әрекеттерін (бұл дема-іс ұйымдастырушылардың іс-әрекеті деп аталады) қамтиды. Негізгі категория ретінде «іс-әрекет» категориясын қолдансақ, рекреациялық (туристік) іс-әрекет іліміне кеңістік пен уақыт қос рымдарын енгізуіміз қажет. Біріншіден, қандай да іс-әрекет болмасын, кеңістік пен уақытта іске асырылады, екіншіден, осындай іс-әрекетте уақыт пен кеңістіктің ерекше түрлері қалыптасады -әлеуметтік уақыт бөлігі болып табылатын рекреациялық уақыт және рекреациялық кеңістік - әлеуметтік кеңістіктің бір бөлігі. Әрине, уақыт пен кеңістікті бөліп көрсету - бұлзерттеу тәсілі, шын мағынадағы рекреациялық (туристік) іс-әрекет біртұтас «кеңістік-уақытта» өтеді. Өкініпже орай, әзірше рекреациялық «кеңістік-уақыттың» зерттеу стратегиясы анық емес. Сондықтан аталған пәндердің нысанасы жөнінде айтсақ,біз тек рекреациялық кеңістік немесе ойкуменаның рекреациялық шағын жүйесі туралы айтамыз.

Рекреациялық кеңістік - рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыруымен байланысатын әлеуметтік жәнемәдени кеңістіктің бөлігі. Және де әлеуметтік кеңістік, яғни адамдар іс-әрекетінің кеңістігі рекреациялық кеңістік ретінде қарастырылуы мүмкін (мысалы, өндірістік кәсіпорындарының өзі де қысқа мерзімді демалыс немесе туризм орындары болуы мүмкін). Ал айда рекреация кеңістіктің басты функцияларының бірі болатын, оны ұйымдастыратын кеңістік алқаптары болып бөлінуі мүмкін. Рекреациялық кеңістік жеке жәнеәлеуметтік кеңістікті кеңейтеді, ел аймақтары мен әлемнің мәдениқұндылықтарын қамтиды, мәденитүйісудің ерекше кеңістігі болып табылады.

Туристік кеңістік рекреациялық кеңістікпен ұласады, себебі, біріншіден, туризм - рекреацияның бір бөлігі, екіншіден, туристік әрекет рекреациялық іс-әрекет сияқты белгілі бір кеңістік пен уақытта іске асады.

Осыдан мынадай қорытынды жасауға болады: рекреациялық гео­графия мен туризм географиясының зерттеу объектісіне ойкуменаньш рекреациялық шағын жүйесі жатады.Ал екеуінің зерттеу пәндері «рекреация» мен «туризм» анықтамалары тең болмағандықтан әр түрлі болып келеді. Рекреациялық географияның пәніне халықтың рекреациялық әрекетінің аумақтық ұйымдастырылуы, ал туризм географиясының пәніне туристік әрекетінің аумақтықұйымдастырылуы жатады. Ал осы пәндердің әрқайсысы өз саласынын іс-әрекетінің аумақтық ұйымдастырылуын ТРЖ арқылы зерттейді [2].

Заңды түрде мынадай сұрақ туады, олай болса «демалыс» және«экскурсия» дегеніміз не? Біздің көзқарасымызша, бұл екі түсінік рекреациялық іс-әрекеттің бір бөлігі болып, рекреациялықгеографияның зерттеу шеңберіне кіреді. Ал туризм географиясына тек адам іс-әрекетінің бір түрі ретіндегі туризм кіреді. Адамның қандай да болсын іс-әрекеті кеңістік пен уақытта іске асырылады, бірак туристік іс-әрекетерекше географиялық сипатына ие. Тіпті туристік іс-әрекет кеңістік пен уақыттың ерекше түрлерін - туристік кеңістік пен туристік уақытты қалыптастырады деп айтсақ қате болмас.

Туризм де рекреацияның бір бөлігі болса да, өзінің бұқаралық си­патына байланысты рекреациялық іс-әрекеттен бөлек ерекшеленеді.

Сайып келгенде, рекреациялық географияның нысанасы - бұл де­малыс пен экскурсия, ал туризм географиясы - бұл тек қана туристік қозғалыс географиясы.

Сонымен, «рекреация» деген түсінік «туризм» деген түсініктен қаншалықты кең болса, рекреациялық география да өзінің зерттеу кеңділігінен туризм географиясынан соншалықты асып түседі.

Қайталау сұрақтары

1. Рекреациялық география мен туризм географиясының бір-бірінен айырган кеңес және шетелдік галымдарды атап беріңіз.

2. Рекреациялық, география мен туризм географиясыныңбұрынгы КСРО-дағыдамуы жөнінде айтып беріңіз.

3. Рекреациялық, география мен туризм географиясы қандайғылымдарга жата­ды? Неге?

4. Рекреациялық, география мен туризм географшсын дүниеге келтірген «ана» ғылымының нысаны мен зерттеу шецбері жөнінде айтып беріңіз.

5. Рекреациялық, географияның нысаны мен зерттеу пәні.

6. Туризм географиясының нысаны мен зерттеу пәні.

7. Туристік-рекреациялық іс-әрекеттіц «дуализмінің» (қосмагынасы) мәні неде?

8. Рекреациялықкеңістік деген не?

§ 2 Туризмнің даму тарихы

Туризм қоғамдық, шаруашылық және кеңістіктік құблыс ретінде ежелгі замандарға терең кең тамыр жайған мол дәстүрге ие. Туристік әдебиеттерде туризмнің дамуын кезеңдерге бөлу жайында, әсіресе Унцикер, Мариотти, Пжеславский секілді ғалымдардың ортақ еңбегінде көптеп айтылады.

Туризм келесі кезеңдерге бөлінеді:

1. XVIII ғасырдың соңына дейінгі туризм:

а) ежелгі туризм;

ә) орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуірі кезіндегі туризм;

б) XVIIжәнеXVIIIғасырлардағы туризм.

2. XIXжәнеXXғасырлардағы - IIДүниежүзілік соғысқа дейінгі туризм.

3. Қазіргі заманғы туризм [15].

Туристік саяхаттар, сауда-саттық сапарлар өзінің мәнін жоғалтқанда басталды деп есептеледі. Біздің заманга дейінгі IVмыңжылдықта көне Мысырда аталынып жүрген, осындай алғашқы көшіп-қонушылықка жататыны - діни негізіндегі саяхаттар. Тұңғыні саяхаттардың бірі - б.з.д. 1501-1484 ж. хош иістер елі Пунт жеріне жасалған саяхат. Оны Мысыр ханшайымы Хатшепсут ұйымдастырған. (ШаповалГ.Ф. История международного туризма. М.: «Экоперспектива», 1998. - С 18-53). Б.з.д. 2000ж. мысырлық Синухит Кедемге яғни Шығысқа сапар жасап, оны «Синухиттың шытырман оқиғалары»атты папирусында суреттеген. Біздің заманға дейінгі VI ғасырда Мысыр перғауыны Нехао Африка төңірегінде атақты үш жылдық саяхат жасаған. Мысырдағы туристік саяхаттар қалаларды көріп, жасанды көлдер, шипалы бұлақтарға барумен байланысты болды; кейініректе жиілеп салына бастаған пирамидалар саяхаттаушылардың назарын аудара бастады. Алайда, жақсы дамыған жол торлары мен сапалы түнеу үйлері және арзан асханалардың тек кана ежелгі Грекия мен Римде пайда болуы бұл саяхаттарды белгілі мөлшерде тежеді. Туризм ол кездері ешқандай табыс көзі болып есептелмеген.

Жол тораптарының маңызын тек қана парсылар айтарлықтай ұғынып, өз мемлекеттерінің территориясында қатынасу жолдарының жүйесін қүрды. Бұл қатынас жолдары дегеніміз жақсы қалыптағы патшалық жолдары болды (үзындығы 3 мың км). Бұл жолдар Вавилон, Сузы жәнеЕкбатан қалаларын мемлекеттің шеткей аймақтарымен байланыстырып тұрды. Әрбір 30 миля сайын парсы жолдары бойында саяхатшыларға демалыс жағдайларын қамтамасыз ететін тұрақтар (керуен-сарайлар) орналастырылды. Көрсетілген қызметке төленетін ақы байлар мен кедейлерге бірдей болды.

Алайда, антикалық туризмнің гүлденуі ежелгі Грекия және Риммен байланысты болды. Аталмыш мемлекеттерде туризмнін экономикалық жағына көп көңіл бөлінді. Бүгіннен 2300 жыл бұрын Ксенофонт Пирей портында сауда орындары мен мемлекеттік қонак үйлер құрылысын ұсынған, оның пікірінше, бұлар үлкен табыс әкеледі деген сенімде болған. Гректер мен римдіктер кейде алыс сапарға аттанған; гректер жолдары нашар болғандықтан көбінесе теңіз арқылы саяхат жасаған.

Ежелгі гректер б.з.д. VIII ғасырдың өзінде саяхаттарға аттанады. Олар, мысалы, Олимпиада ойындарына қатысушылар немесе көрермендер ретінде қатысқан. Алайда, бұл саяхаттың жалғыз түрткісі болмаған. Геродот елдер салт-дәстүрлері мен өмірін зерттеп б.з.д.V ғасырда талай жерді аралап шықты.

Римдіктер өте жақсы дамыған және сапалы жолдар торын салған. Жолдар алғашқыда әскери мақсатында салынған, кейін бұл жол­дар басқа да мақсаттарда пайдаланып бүкіл Ежелгі Рим өмірінде маңызды рөл ойнайтын болды.Римдіктер сауықтыру мақсатында жылы су көздеріне және курорттарға барып түруды жақсы көрді. Емдеу құдайы Асклепийдің храмдары көне замандарда құрыла бастайды, классикалық кезеңде (б.з.д. V-VI ғғ.) олардың саны 60-тан астам болады. Олар каладан қашық, қыраттау, жақсы климаты бар жерде салынды. Швейцариядағы қазіргі Сент-Моритц курорты сол кездің өзінде әйгілі болған.

Алғашқыда қалада тұратын бай гректер мен римдіктер жақын орналасқан демалыс жерлеріне баратын, кейінірек сапарлар геогра­фиясы кеңейді. Минералды көздер немесе қасиетті орындардың жаныңда қазіргі санаторийлер сияқты объектілер салынады. Сауықтыру орындары өте жайлы болған және оларда ойын-сауық әрекеттері өте жақсы ұйымдастырылған. Емделу орындарымен қатар, римдіктер жазда тау мен теңізге барып демалуды жақсы көрген, ал ең сүйікті демалыс жері Неаполь шығанағы маңындағы орындар болған. Ежелгі Римде туристік сапарлардың екі маусымдық сипаты байкалады және демалушылардың көпшілігі жазды күні демалуды қалаған.

Сапар шегушілердің тағы бір ірі тобы діни мақсатта саяхат жа-сайтын пилигримдер болды. Ең белгілі қасиетті орындарының бірі Олимпия болған. Мұнда б.з.д. VII ғасырдан бастап төрт жыл сайын Зевс қүрметіне мереке өткізілген. Бұл мерекеге алдыңда тек қана гректер, кейін римдіктер де қатысатын болды.

Ежелгі дүние дәуірінде шипалы суларға, табыну орындарына, спорттық, көңіл көтеру және баска орындарға баратын туристер топтарымен бірге оларға қызмет көрсететін адамдар да пайда болады. Мысалы, ертедегі Грекияда Олимпиялық ойындарға өнерсүйгіштер мен спорт адамдары көптеп келушілер болды. Оларды орналастыру үшін арнайы ғимараттар салынған. Рим империясында саяхатшыларды орналастыру үшін бір-бірінен ат көлігімен бір күн ішінде жетуге болатын мемлекеттік қонаға үйлері салынады. Бірте-бірте шет елдерінде саяхат жасайтын адамдарды қоргайтын қонақжайлылық зандары қалыптасады.

Көне дәуірі мен Орта ғасырлардағы адамзаттың ұлы жетістігі Ұлы Жібек Жолы болып табылады. Жібек Жолы (Ұлы Жібек Жолы) - Қытайдың Шиан деген жерінен басталып, Шыңжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтгофен бен А. Херман XIX ғ. ұсынған.

Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрынболтан. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі Фергана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жан Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де «Жібек жолында» ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін ала барған; ал елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңірі мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Ал Жаң Чян барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол гүлденіп, көркейе бастады. Шығыс пен батыстың аралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді өзара тоғыстырды. Осы жолды қорғау жәнедамыту мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл қойып, әскер тұрғызды.

Жібек жолы іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген: жол шығыста Чаңаннан басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 км асады. Ерте кездегі Жібек жолы Шыңжэңнан 3 айрыққа бөлінген, Тянь-Шань тауының солтүстігіндегі ежелден бар дала жолы: Жемсары, Іле өңірін басып, Балқаш оңіріне барады, онан ары батыс солтүстікке жүргенде Қара теңіздің шығыс жағалауына жетеді. Оңтүстік айрығы Крораннан (Лулан) шығып Күнлүн тауының батысын қапталдап Жаркентке барады, онан ары жүргенде адырлардан асып, Орта Азияға, Батыс Азияға, Еуропаға дейін созылады. Кроранның батыс солтүстігіндегі Көншы өзенінің батысын бойлап, Иіңпанды,Күшарды басып Қашқар Жаңашар ауданына баратын жол солтүстік айрығы саналады, бұл жол да адырлардан асып, Еуропаға дейін барады. Кейін тағы 3 айрық жол пайда болды: Юймынның ба­тыс солтүстігінен басталып, қазіргі Құмыл, Түрпан, Жемсары сияқты жерлерді басып, бұрынғы дала жолына тұтасатын жол, бұл кейінірек «Солтүстік жол» деп аталды. Тұрпаннан шығып, Тянь-Шань тауының оңтүстігін қапталдап, батысқа беттеп, Қарашәр, Күшәрді басып, бұрынғы солтүстік жол айрығымен тұтасатын жол кейінгі кездері




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 1582; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.014 сек.