Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Загрузка...

Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Туризм менеджменті 14 страница




Соңғы жылдары тау шаңғы туризміжылдам дамуда. Жақсы дамыған қызмет көрсету жүйесімен жабдықталған арнайы тау шаңғы курорттары салынуда. Альпинизмде туризмнің көпшілік түріне айналуда. Рекреациялық-спорттық туризм түрлері табиғи-аумақтық кешендерге жоғары деңгейдегі талаптарды: өтуге арналған кедергілердің саны мен қиындығы, тау шаңғы трассаларына койылатын талаптар және т.с.с. қояды.

Сапардың ұзақтығына қарай туризм қысқа(демалыс күнгі немесе уикэнд туризмі және көршілес шекара маңындағы туризм) жәнеұзақ мерзімдіболып бөлінеді. Адамдардың үш тәулікке дейін саяхатқа келуін қысқа мерзімді туризм дейді. Қысқа мерзімді сапар - туризмнің бұқаралық түрі болып саналады. Ұзақ мерзімді туризм (үш тәуліктен артық) каникул немесе ұзақ мерзімді демалыспен байланысты.

Саяхаттың арақашықтығына қарай туризм жақынжәнеалыебо­лып бөлінеді. Жақын саяхат өз елімізге, алые саяхат шетелдерге бару деген сөз.

Туристік ағындардың ритмі бойынша туризм жылдық және мезгілдік болып бөлінеді. Жылдық дегеніміз жыл бойы туристік аудандарға саяхатқа, демалуға адамдардың барып түруын айтады.

Мезгілдері мен ырғағына қарай туризм жыл бойындағы(үнемі) жәнемаусымдықболып бөлінеді. Біріншісі - туристік аудандарға не­месе елді мекендерге туристер жыл бойы біркелкі түрде келсе болады, ал белгілі жыл мезгілінде келіп түрса маусымдық туризм деп айтааламыз. Маусымдық туризмнің өзі жазғы, қысқы әне маусымаралық туризм болып бөлінеді.

Туристік саяхатқа қатысушылардың жасына қарай туризм былай бөлінеді:

а) балалар мен жасөспірімдер туризмі;

ә) жастар туризмі;

б) ересектер туризмі.Ересектер туризмін орта жастағылар мен қарт адамдар туризміне бөлуге болады.

Әлеуметтік құрылымы бойынша

а) қала тұрғындарының туризмі;

ә) ауыл тұрғындарының туризмі; б) отбасы туризмібо­лады.

Туристердің сапар желісінде орналасуы бойынша туризмді төмендегідей бөлуге болады:



а) қонақ үй типтесжәне

ә) қонақ үй типті еместуризм.

Туристік саяхат мақсатына қарай туризм келесідей:

а) рекреа-циялық,

ә) экскурсиялықжәне

б) мамандандырылған немесе ар­найытуризм болып бөлінеді. Рекреациялық туризмге емделу және сауықтыру мақсатындағы саяхат кіреді. Рекреациялық туризм климатпен емдеу, бальнеологиялық және балшықпен емдеуден түратын курорттық емдеу туризмі мен демалыс үйлері мен пансионаттардағы және спорттық жорықтардағы сауықтыруды қамтитын сауықтыру-спорттық туризміне бөлінеді. Экскурсиялық туризм - табиғаты мен әлеуметтік-экономикалық (антропогендік) тұрғыдан қызықты орын-дармен танысу мақсатындағы саяхат, бұл басқа аудандарға неме­се елдерге саяхат жасау. Арнайы туризм - арнайы бағдарлама және маршрут бойынша өткізілетін саяхат. Әдетте оған мақсаттары немесе кәсіби мүдделері ортақ болатын адамдар қатысады.

Қозғалыс әдісі мен көлік құралдарын қолдану бойынша туризмнің үш тобы бөлінеді:

а) белсенді(көлік құралдарынсыз);

ә) пассивті(мо-торлы көлік құралдарын пайдалануымен, бұл топтың бір бөлігі көлік туризмідеп аталады);

б) моторсыз көлік құралдарын қолданатын туризмтүрі.

Осындай белгілер бойынша жасалған жіктелу, әрине, шартты түрдегі жіктелу екені түсінікті. Мұнда ең басты белгіні тауып анықтау маңызды.

Көлік қызметінің түріне қарай туризм автомобильмен (жеке), автобуспен, авиациялық (рейс немесе чартер), темір жолмен, теплоходпен (теңіз, өзен, көл кемелері) саяхат жасау болып бөлінеді.

Дүние жүзіндегі жолаушылар тасымалының бір ширегі авто­мобиль көлігінің үлесіне тиеді. Батыс Еуропада туристердің 70% өз көліктерімен саяхаттайды (50-ші жылдары бұл көрсеткіш 25% болған), АҚШ-та бұл көрсеткіш 90% құрайды. Алыс емес жерлерге туристерді көбінесе автобус көлігі тасымалдайды, алыс және өте алыс жерге - авиация көлігі. Мысалы, атлантикалық желілерінде авиациялық тасымалдың дамуы нәтижесінде теңіз жолаушылар тасы-малы күрт азайды.

Чартерлік авиациялық тасымал қазір кең қолданылады. Чартерлік ұшақ дегеніміз бір немесе бірнеше тасымалға жалданған үшақ. Чартерлік үшақтармен инклюзивтурлар,яғни алдың ала келісілген маршрут бойынша көлік шығындары күні бұрын төленген топтық туристік саяхаттар іске асырылады.

Туристік темір жол тасымалының маңызы төмен, әсіресе аумағы кішкентай елдерінде. Дегенмен темір жол көлігі жайлылығын жоғарылату мен жылдамдығын 200-250 км/сағатқа шейін жеткізу арқылы бэсекелестікте жеңу әрекеттерін жасауда. Темір жол көлігіне инклюзив-турлары да енгізілуде. Рекреацияның туристік пойыз сияқты формасы кең тараган. Сонымен қатар, темір жол тасымалының арзан бағасы да маңызды рөл ойнайды.

Теңіз көлігінің паромдық тасымалдағы, оның ішінде туристердің автомобильдерін тасымалдауындағы рөлі жоғары. Соңғы 20 жыл ішінде круиз туризміде шапшаң дамуда. Круиз дегеніміз - бұл теңіз саяхаты, жабық бір шеңбермен, белгілі бір маршрутпен көрікті, көңіл толарлық жерлерге тоқтап саяхат жасау.

Круиз маршруттары көбінесе жылы теңіздерге қарай бағытталады. Жерорта теңізі бойынша, оның ішінде Грекия аралдарына жасалатын круиздер ең жақсы дамыған. Екінші орында Кариб ауданы орналасады, онда алдыңғы қатарда Бағам аралдарындағы круиздер. Скандина­вия елдерінің порттары да артта қалмайды. Тынық мұхит алқабында да круиздер саны өсуде. Круиздік кемелерін шығару бойынша бірінші орында Нью-Йорк порты орналасады. Круиздік туризммен айналы-сатын алдағы қатардағы елдер - Англия, Норвегия, Грекия, Италия, Франция, АҚШ.

Алғашқыда барлық туристік іс-әрекет коммерциялық түрде болса, одан түсетін кіріс туристік мекемелердің жұмысының басты нәтижесі болды. Табыстарын көбейту үшін туристік фирмалар мен агенттіктер өз шығындары мен туристік өнім арасындағы оңтайлы баланс іздестіреді, сондықтан олар ұсынатын тауарлар мен қызметтер табыстары жоғары немесе орташа тұлғаларға арналған.

Бірте-бірте коммерциялық туризмгеқарсы мағынадағы әлеуметтік туризмдеген түсінік пайда болды. Оның негізгі қағидалары мынадай: қоғам мүшелерінің барлығын табыстары шамалы таптарды туризм аясына тарту арқылы қамтамасыз ету; табысы аз адамдар туризмін қолдау мен үкіметтік, қоғамдық, муниципалдық және коммерциялық құрылымдардың оның дамуына белсене қатысу. Сонымен, әлеуметтік туризм - бұл ақшалары аз адамдардың пайдаланатын туризмі, оларды мемлекет және мемлекетке жатпайтын құрылымдар қолдайды.

Әлеуметтік туризмнің дамуында зейнеткерлер кассаларының арнайы қорлары, кәсіподақтар, зауыт комитеттері, орталықтандырылған қаржы көздері беретін төлемақыларының маңызы жоғары.

Әлеуметтік туризм жүйесі тұтынушыларға ғана емес,туристік мекемелері үшін де өте тиімді. Демалыс чектерінің енгізілуімен бірге олар өз нарығын кеңейтеді және көрсеткен қызметінің өтілу кепілдігіне ие болады. Бұл бағытта мемлекеттің қаржылық, жеңілдетілген салық және несиелік саясаты жүргізіледі.

Осындай жүйе табысы төмен тұлғалардың көптеген топтарын қамтиды. Басынан бастап бұл жүйе қол еңбегімен айналыскан біліксіз жұмысшылар үшін құрылған, сондықтан оны жұмысшылар туризмімен теңестірген. Бірақ уақыт өте бере оның әлеуметтік базасы кеңейді, енді бұл жүйе қызметін әртүрлі қоғам мен жас мөлшер сатыларына жататын топтар пайдаланады.

Кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік және муниципалдық органдардың табысы темен халық топтарының де-малысын ұйымдастыруында қатысуы нәтижесінде әлеуметтік ту­ризм қоғам өмірінің коммерциялық туризммен салыстыруға келетін құбылысқа айналды.

Қазіргі кезде бұқаралық туризмұғымы туристік қозғалыстың демократиялануы мен кеңеюін көрсетеді. Жақсы дамыған Батыс ин-дустриалды елдерінде халқының жартысынан көбі туристік өнімнің, яғни туристік тауарлар мен қызметтердің тұтынушылары болып табылады. Бұқаралық туризм ұғымы XIXғасырдағы ақсуйектер туризміне қарама-қарсы түсінік ретінде енгізілді. Ақсүйектер немесе аристократиялық туризмтұтынушылардың өте жүқа таптарына арналған, ал дамушы елдерінде өмір деңгейі өте төмен болғандықтан бұл жергілікті тұрғындардың қолы жетпейтін туризм түрі.

Бұқаралық туризмге тағы бір қарама-қарсы мағынасы бар түсінік - қалтасы өте қалың клиенттерге арналған элиталық туризм.Бұлар үшін туристік нарықтағы бағалар маңызды емес, бірақ ұсынылатын тауарлар мен қызмет көрсету сапасына олардың қоятын талаптары өте жоғары. Элиталық туризмнің дамуы букіл туристік бизнеске ықпал жасайды, қызмет көрсетудің жаңа жоғары стандарттарын бекітіп таратады жәненәтижесінде қалай да болса халық өмірі деңгейін көтеруге септігін тигізеді. Элиталық туризм сондықтан «туристік локомотив» деп жай аталмаған.

Рекреациялық туризм.Туристік сапар жасау түрткілерінің ең бастысы - демалу. Әрине, бұл ең алдымен эдемі жерлерде, яғни туристік аттрактивтілігі жоғары жерлердегі (теңіз жағалауы, тау-лар, көлдер мен өзендер сияқты) жүйелі демалыс, уикэнд кезінде жанүясымен бірге демалу.

Рекреациялық туризмге демалыс пен уикэнд өткізу, спорт пен рекреация, мәдени шаралар, туған-туысқандарға барып шығу сияқты мақсаттарда жасалатын саяхаттар жатады [22].

Ең жиі кездесетін рекреациялық шаралар мынадай: пассивті де­малыс, жағажайда болып шомылу, су спорты, серуендеу, теннис, во­лейбол ойнау, велосипед тебу сияқты демалыс.

Рекреациялық туризм шеңберінде этникалық, әлеуметтік және уи­кэнд түрлерін де белуге болады.

Көңіл көтеру мен демалу мақсатындағы саяхаттарға әлемдік туризмнің 70% келеді. Оларға сауықтыру, спорттық, танымдық мақсатындағы саяхаттар, шоп-турлар жатады.

Халықтың ең сүйікті демалыс түрі бұрынғыдай шомылу-жағажай демалысы болып қала береді: бұл адам денсаулығы мен көңіл-күйін қалпына келтірудің ең жақсы әдісі болып саналады. Алайда, мамандардық болжауы бойынша, тәуекел мен шытырман оқиға әлементтері бар саяхаттар бірінші орынға шығуына байланысты, теңіз курорт сапарын жасау «сэні» өтіп кетіп, тауға аттану басталмақ.

Рекреациялық ағымдардың негізгі бөлігі Еуропа, Солтүстік Аме­рика, Шығыс Азия жәнеТыньщ мүхит аймагында қалыптасады. Осы аймақтардың үлесіне халықаралық шығу туризмінің 90% келеді.

Туристерді «жіберуші» елдерге (70% дейін) Еуропажатады. Негізінен Германия, ¥лыбритания, Франция, Чехия, Польша, Ресей, Румыния, Словения елдерінен коп туристер саяхатқа шығады.

Еуропадан кейін екінші орында рекреациялық туристерді жет-кізуші аймаққа Солтүстік Америка жатады, әсіресе АҚШ, оның үлесіне туристік ағымдардың 15%-ы түседі. Үшінші орында Шығыс Азия мен Тынық мүхит аймағы, туристік ағымдардың 10%-ы алады. Қазіргі кезде Шығыс Азия мен Тынық мұхит аймагы шығу рекреациялық туризмнің қарқынды дамып келе жатқан нарығы.

Іскерлік туризм- бұл қызмет бабымен іссапар орнында табыс табу мақсатында емес сапарға шығу, яғни съезге, ғылыми конгреске, конференцияға, симпозиумға, ондірістік семинарға және кормелерге катысу. Бүған барған елде лауазымды орны бар тұлғалар кірмейді. ОА. Смирнованың (2006) іскерлік туризмнің анықтамасы мынадай: «Негізгі мақсаты оздерінің күнделікті қоныстауы мен жұмыс орнынан озге жерлерде отетін іскерлік кездесулерде қатысу болып табылатын жұмыс уақытындағы орнын ауыстыру кезінде пайда болатын қатынастар мен құбылыстардың жиынтығы» [23]. Іскерлік туризм -бұл туризмнің ең болашағы зор саласы.

Іскерлік туризм өзінің ағымдарын қалыптастырады. Олардың негізгі болігі Еуропа, Солтүстік Америка мен Оңтүстік-Шығыс Азияға келеді. Іскерлік туристерді қабылдайтын Еуропа мемлекеттердің алдыңгы қатарында Германия, Ұлыбритания, Франция, Нидерлан­ды, Италия, Испания, Швеция, Швейцария орналасады. Еуропа Одағының астанасы болып есептелетін Брюссель (Бельгия) ерекше орын алады.

Іскерлік туризм нарығының ең қарқынды дамып келе жатқан сегменті - конгрестік туризм. Конгресс дегеніміз бірнеше жылда бір рет бірнеше мың адамға шейін жиналатын пленарлық отырыс тұріндегі жиналыс. Әдеттегідей осындай форумдарда жаһандық, әлемдік маңызы бар мәселелер қарастырылады.

Альтернативалық туризмтабиғи ортаға ең аз колемде әсерететін, жәнебұқаралық және коммерциялық туризмге қарама-қарсы бола-тьш туризм [24]. Альтернативалық туризмді «сәйкесті», «жүмсақ», «тепе-теңдік», «жауапкершілікті» және «жасыл» деп атайды [24]. Альтернативалық туризмнің басты мақсаты - жергілікті тұрғындар қоғамдарымен қатынасқа кіру. Туризмнің бұл түрі жақсы даярлықты қажет етеді. Жеке жәнеұйымдастырылған альтернативалық туризмболуы мумкін [18].

Экологиялық туризм(экотуризм) жақында ғана «жасыл» ре­волюция толқынында пайда болды жәнеелдің тұрақты даму кон-цепциясына байланысты ол батыста кең дами бастады. Арнайы әдебиетте экологиялық туризм табиғи ортасы жақсы сақталған аудандарға жергілікті жердің табиғи және мәдени-этнографиялық ерекшеліктері жөнінде түсінік алу мақсатында жасалатын саяхаттар деп анықталады, сонымен қатар экологиялықтуризм экожүйелердің біртұтастығын бүзбайды және табиғатты қорғау жергілікті тұрғындар үшін пайда әкелетіндей экономикалық шарттарды қалыптастыратынболады [25, 26].

Экотуризмді кейде бұқаралық туризмге қарама-қарсы мағынада қарастырады, сондықтан әдеттегі туризмге қарағанда оның негізгі белгілері мынадай:

- экотуризмнің басты нысандары болатын қайталанбас табиғи

кереметтерінің бар болуы;

-туризм индустриясының жоспарлы дамуының арқасында қолданғанмен, тозбайтындай табиғи және мәдени потенциалды территорияның болуы;

- басқаларға қарағанда томен капиталды, материалды жәнеэнергосыйымдылығының болуы;

- экотуризмнің ең күрделі мақсаттарының бірі экологиялық білім беру және экологиялық ойлауды қалыптастыру;

- бүкіл мемлекеттер мен аймақтардың әлеуметтік-экономикалықдамуын қолдау.

Қысқа уақыт мезгілінде табиғатта уикэнд жасаған кезінде демалудан бастап табиғи жаратылыс тақырыбында ғылыми зерттеулер жүргізуге дейін, экологиялық туристер әртүрлі міндеттерді орындайды. Соңғы жылдары экотуристер әртүрлі қиын емес таза ауадағы жұмыстарга қатысады. Олар құстар мен басқа жануарлар санын есептейді, сирек кездесетін өсімдіктерді бақылайды, басқа да осыған ұқсайтын жұмыс жасайды. Экотуристерді қайталанбайтын өсімдік қоғамдастықтары мен биоценоздар, мысалы экваторлық ормандар, жазғы тундра немесе көктемдегі шөл, өлі табиғат нысандары (үңгірлер, каньондар, таулар және т.б.), кейбір антропогендік ланд-шафтар қызықтырады.

Экологиялық туризмнің диверсификациясымен бірге оның туризмнің баска туризм түрлерімен жанасуы байқалуда. Мысалы, іскерлік сапарлар кезінде қатысушылары ұлттық немесе табиғи-этнографиялық саябақтарға барады, жагажайда шомылып демалады немесе құрыжай таза ауада серуендеп қыдырады. Сөйтіп, экотуризм шекараларын табу өте қиын.

Альтернативалық туризм сияқты емес, экотуризм маркетинг зерттеулерін қажет етеді. Экотуризм шеңберіндегі рекреациялық шаралардың мысалы - «birdwatching», яғни құстарды олардың табиғи ортасында бақылау; «фото-сафари» (жануарларды суретке түсіру).

Бүгінгі таңда экотуризм дамыған елдермен бірге дамушы елдерде де сэнге айнала бастады. Экотуризмді белсене насихаттайтын елдерге Колумбияны, Соломон аралдарын, Малайзияны, Уганданы жатқызуға болады.

Квалификациялық (спорттық) туризмең алдымен жақсы шыныгуды қажет етеді. Квалификациялық туризмді спортпен теңдестіруге болмайды, себебі оның мақсаты - рекреация, денсаулық пен физикалық форманы сақтап қалу, өлкені жан-жақты білу болып табылады [27]. Сонымен қатар квалификациялық туризм мақсаты ең жоғары жетістіктерге жетіп бэсекелестерді жеңу болып табылады. Квалификациялық туризмнің ең сүйікті түрлері - желкен спорты, бай­дарка мен каноэ қайықтарында жүзу, виндсерфинг, альпинизм, дай-винг, спелеотуризм, аң аулау және т. б.

Жалпы айтканда спорттық туризм туризмнің қымбат түріне жата-ды. Онда қолданылатын құрал-жабдықтар қаражат қажет етеді. Және де мүлдай туристің белгілі бір білімдері, дағдылары мен ептілігі болуы қажет. Осыған орай, бір жағынан спорттық туризмді элита туризміне жатқызуға болады.

Экстремалды туризмүнемі тәуекелмен, шытырман оқигалармен байланысты. Қазір туризмнің осы сегменті әлемнің туристік нарығының 10%-ын құрайды жәнебұл көрсеткіш өте жылдам өсуде. Лион университетінің география профессоры Ж.-М. Девайли «біздің қоғам жүйкені қытықтайтын көңіл көтеруді есірткі сияқты қажет етеді», - деп есептейді. Экстремалды туризм скейтбординг, сноу-бординг, скайсерфинг, треккинг, хелиски, фрирайд, рафтинг сияқты спорт түрлерімен тығыз байланысты.

Ауыл туризмі-бос уақытты ауылды жерде өткізу. Оның ерекшелігі - ауыл пейзажы мен ауьшды жерге тәнүйлер мен жайлардық болуы. Ауыл туризмінің инфрақұрылымын ауылды жерде орналасқан пансионаттар, паналар, шағын отельдер, жекеменшікті үйлер, қонақ жайлары (бөлмелер), кемпингтер құрады. Ауыл туризм түрлеріне ауыл аумақтарында өткізілетін, жергілікті жағдайларға лайықтанған жәнежергілікті табиғи ресурстарын тиімді пайдаланатын барлық түрлерін жатқызуға болады [28].

Ауыл туризмінің бір шағын түрі - агротуризм.Агротуризм дегеніміз ауыл шаруашылық кәсіпорындарында қонақтарды қабылдаумен байланысты іс-әрекет түрі (И. Ендрейчик, 1995). Аг­ротуризм ауыл шаруашылығымен, ауыл шаруашылық кәсіпорны жұмысымен тығыз байланысты. Мұнда туристердің ауылды жерге оларды итермелейтін түрткісі - мал өсіруге, егістікпен айналысуға деген қызығушылығы.

Ауыл туризмінің, оның ішінде агротуризмнің қасиеттері мынадай:

- таза тамақ;

- бұзылмаған, таза табиғат;

- тыныштық;

- ауыл өмірімен, фольклормен танысу малмен айналысу,

- ауыл шаруашылық жұмыстарын өз қолымен жасау [29]. Агротуризмнің тағы бір жақсы жері - жұмыссыздықты азайту,жаңа еңбек орындарын қалыптастыру Мұндай әсер тікелей және жанама болуы мүмкін.

Тікелей жасайтын әсер- агротуристік шаруашылық иесі туристерге қызмет көрсетуге арналған әрекеттер жасайды, мысалы:

- пәтерін жалға беру жәнетамақтандыру;

- жол көрсетуші жұмысы (арба, велосипед қолданып немесе жаяужүру);

- туристерге көлік қызметін көрсету;

- туристік құрал-жабдықтарды жалға беру (қайыктар, велосипел, моторлы қайық және т. б.);

- атқа мініп жүруді, жүзуді үйрету;

- механик қызметтері (өз көлігімен келген туристерге);

- күзет, мүлікті сақтау қызметі;

- балаларын күтіп, қарау және т.е.с Жанама түрдегі әсер:

-туристердің келуінен болатын ауыл шаруашылық өнімі көлемінің өсуі;

- туристер үшін азық-түлік, жартылай фабрикаттарды, басқа бұйымдарды алдыңала даярлап қою;

- жалға берілетін пэтерлер мен үйлердегі құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- сауданың дамуы;

- туристер келетін аумақтарда тазалық сақтау мен реттеу жұмыстарының қажеттілігі;

- көркем қолөнер бұйымдарына деген сұраныстың өсуі;

- ақпараттық, дистрибьюторлық, промоушн сияқты қызметтердің дамуы, мысалы, картосхемалар мен буклеттерді шығару агротуристік бюролар мен агенттіктердің пайда болуы жәнет.с.с. [30].

Діни туризмбүгінгі күні айтарлықтай ауқымды көлемге жетіп отыр. Оған мінажат ету сапарлары, дін мен діни мәдениет тарихын білу мақсатындағы саяхаттар, діни қызметшілердің саяхаттары жатады [31]. Олардың ішінде ең алдымен мінажат ету сапарларын атау керек. Бұл қасиетті діни орталықтарына бару болып табылады. Ең ірі үш монотеистік дін мінажат етушілері үшін қасиетті жер - Иерусалим. Еврейлер мұнда Інжіл жерлерін, жылау қабырғасын, Ғибадатханалық тауын көру үшін келеді. Христиандар Иеруалимді Исаның жердегі баспанасы ретінде мойындайды және Құдай Бейітіне тізе бүгу үшін келеді. Мүсылмандардың осындағы қасиетті орындары - Омар, аль-Акса мешіттері және т.б. Алайда мұсылмандардың ең басты қасиетті «хадж» (қажылық) орталығы - Мухаммед пайғамбар туған Сауд Арабиясындағы Мекке қаласы. Қүдайға табынушы като-ликтер Рим папасына Ватиканға барады. Туристік діни маршруттар-ды анықтайтын әр елде өзінің ұлттық діни орталықтары бар.

Мәденитуризмі.Мәдениет пен туризм бір-бірімен өте тығыз байланысты. Туризм мәдениет объектілерін қорғайды,байытады және насихаттайды, мәдениет болса туризм дамуына өз септігін тигізеді. Мәденитуризм - бұл ойдағыдай мәдени қүндылықтарына ие орында­рын: мәдениет, тарих пен сәулет өнері ескерткіштерін; археологиялық ескерткіштер мен қазбаларды; атақты тұлғалармен байланысты орындарды; мұражайларды, көрмелерді және т. б. көріп шығу Мәденитуризмі ең жақсы дамыған елдер - еуропалық мемлекеттер. Басқа елдер арасынан Израиль, Үндістан, Қытай, Мексика, Жапония сияқты елдерді бөліп атауға болады [18].

Уикэнд туризмі (мерекелік туризм).Бұл туризмнің ең сүйікті түрлерінің бірі. Жұмыс орны мен түратын жерінен тыс, бірақ онша алыс емес жерде демалу қажеттілігінен туындайды. Уикэнд туризмі ұйымдастырылған (топтық) немесе жеке уикэнд туризмі болуы мумкін. Туристер әртүрлі көлік құралдарын, ең алдымен меншікті автомобильдерін пайдаланады. Туризмнің бұл түрі өте жиі «екінші баспанаға» бару түрінде өтеді.

Сонымен, туризм классификациясының ғылыми және прак-тикалық маңызы бар, ол білгеніңді реттеуге және дүниежүзілік ту­ризм қозғалысын терең біліп-түсінуге әсерн тигізеді. Туристік қызметтердің сапасы мен көлеміне қойылатын қосымшаталаптарының және қызмет көрсетудің жаңа түрлері мен формаларының, сондай-ақ туризмнің жаңа түрлерінің пайда болуына байланысты туризм клас-сификациясы жетілдіріледі және толығымен мәреге жетті деп оны есептеуге болмайды.





Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 688; Нарушение авторских прав?;


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



ПОИСК ПО САЙТУ:





studopedia.su - Студопедия (2013 - 2017) год. Не является автором материалов, а предоставляет студентам возможность бесплатного обучения и использования! Последнее добавление ip: 54.158.195.221
Генерация страницы за: 0.02 сек.