Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Туризм менеджменті 15 страница




Қайталау сұрақтары

1. Қазіргі туризм жіктелуінің критерийлерін атап шығыңыз.

2. Туризмнің формаларга, кластарга, типтерге, турлергежәне шағын турлеріне бөлінуі жөнінде айтып беріңіз.

3. Туризмнін негізгі формаларын атап шығыңыз. Оларды бөлу критерийлері қандай?

4. Туризмнің негізгі кластарын атап шығыңыз. Оларды бөлу критерийлері қандай?

5. Туризм типтерін атаңыз. Осы ұгымдарды кім және щшан енгізген?

6. Ұйымдастыру сипаты бойынша туризмнің жіктелуі жөнінде айтып беріңіз.

7. Туризм туристік саяхат мақсатына қарай қалай бөлінеді?

8. Туризм қозгалыс әдісіне қарай қалай бөлінеді?

9. Әлеуметтік туризм деген не?

10. Рекреациялық туризмге сипаттама беріңіз.

11. Іскерлік туризмнің туризмніңбасқа түрлерінен айырмашылыгы қандай? Іскерлік туризмнің сипаттамасын беріңіз.

12. Экологиялықтуризм анықтамасын беріңіз.

13. Квалификациялықтуризм деген не?

14. Ауыл туризмі деген не?

15. Агротуризм деген не?

16. Діни туризм туралы әңгімелеп беріңіз.

РЕКРЕАЦИЯЛЫҚБАҒА БЕРУ ЖӘНЕАУМАҚТЫ

РЕКРЕАЦИЯ ҮШІН ПАЙДАЛАНУ.

ТУРИСТІК АУДАНДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

§ 1 Туризм дамуының табиғи алғышарттары

Шаруашылықтың саласы ретінде туризм кен өндіру, орман шаруашылығы, балық пен ауыл шаруашылығы сияқты ресурстарға тәуелді. Аумақты пайдалануы бойынша туризм тек ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының артында орналасады. Рекреацияньщ жерге деген қажеті тұрғын үй құрылысына қажетті территориясынан үш есе, ал табиғи саябақтар, қорықтар мен қорықшалардың жер қажетін есептесек, 6-7 есе артық.

Сөйтіп, кейде табиғаты аз өзгерген жердің ауқымды аудандарын қажет етіп, туризм игерілген аудандарда шектелген мүмкіндіктеріне ие болады. Дегенмен ауыл аймақтарында туризм ауыл шаруашылық жер пайдалануымен жақсы үйлесуі мүмкін. Рекреациялық зоналарды пайдалы қазбаларын өндіру орындарының, жогары зиянды өнеркәсіп орындарының жанында орналастыруға болмайды.

Рекреациялық мамандандырылу деңгейіне қарай рекреация үшін аумақтарды пайдаланудың үш түрі бар:

1) Рекреациясы жоғары аумақтар - саябақтар, жағажайлар және көпшілік демалыс аймақтары. Мұнда басқа жер пайдаланушылар жоқ немесе олардың әсері шамалы.

2) Рекреациясы орташа аумақтар - бір уақытта экологиялық және өндірістік функцияларды атқаратын жерлер (қала маңында огырғызылған ағаштар, әрозияға карсы егілген ормандар және т. б.).

3) Рекреацияға пайдасы шамалы аумақтар.

Жерді бөлудің ең көп кездесетін нұсқасы - екінші нұсқа.

Демалыс орындарын іздестіргенде табиғи ресурстардың атқаратын рөлі өте маңызды. Ландшафтың ерекшелігі мен климаты, өсімдік пен жануарлар әлемінің алуан түрлілігі, спортпен шұғылдануға, аңшылықпен және балық аулаумен айналасуға табиғаттың мүмкіншілігі ескерілуі қажет. Рекреациялық іс-әрекеттің түрлері аумақтағы табиғи ресурстардың әртүрлілігіне байланысты.

Ірі туристік кешеннің қалыптасуында немесе жеке бір туристік объектінің салынуында елдің (ауданның) географиялық орны маңызды рөл атқарады. Яғни теңізге, тауға, орманға немесе маңызды көлік жолдарына жақын болуы өз әсерн тигізеді.

Жер бедері табиғи ортаның маңызды әлементі болып саналады, себебі жер бедерінің әртүрлілігі ландшафтың құндылығын көтереді.

Таулы жерлердің климаттық және ландшафтық ерекшеліктері психофизиологиялық регенерация (қалпына келтіру) жағынан өте маңызды, белсенді және пассивті демалыс үшін өте қолайлы. Белсенді тау туризмнің қасиеттері: ортаның жылдам ауысуы, формалардың контрасты, симметрия мен асимметрия, ландшафтың динамикалық және статикалық сипаттары, шыңға шығу және тамаша көріністер. Қысты күні таудың климаттық-орографиялық қасиеттері шаңғы туризмін дамытуға мүмкіндік туғызады.

Табиғи ортаның екінші бір маңызды әлементі - климат. Мезоклиматтың жалпы сипаттамасымен бірге, рекреациялық мақсатта аумақты бағалауында топоклиматтық, тіпті микроклиматтық ерекшеліктерді анықтау өте маңызды болады.

Гидрологиялық ерекшеліктері, бір жағынан, спорт түрлерін дамытуға, таза ауада суға түсуге, балық аулаумен айналысуға мүмкіндік береді, екіншіден, ландшафт көркемділігі жағынан туризм үшін өте маңызды. Рекреациялық қажетіне пайдаланатын гидрогеологиялық шарттары мынадай: таза ағын сулар мен суаттардың болуы, табиғи жағажайлар немесе жүзу бассейндерін қалыптастыруға жарайтын жердің болуы, судың жайлы температурасы мен ағыс жылдамдығы, спорт түрлерін дамытуға жарайтын әртүрлі сулардың болуы.

Аумақтың туристік функциясының дамуына орман да қатты әсерн тигізеді. Ландніафтық касиеттерімен бірге орман қоршаған орта жағдайын жақсартудың биологиялық факторы болып табылады. Орман атмосфераны оттегі және озонмен байытады, желге кедергі

болады, ауа температурасының тәулікжәне жылдық амплитудаларын төмендетеді. Ірі орман массивтері ауа массаларының турбұленттік алмасуын жеңілдетіп, қолайсыз топоклиматтық құбылыс бо­лып есептелетін ауаның тұрып калуына жол бермейді. Орманның рекреациялық және эстетикалық маңызы жоғары.

Ауқымды аумақтарда туристік қозғалыстың маусымдық сипатын анықтау қажет. Туристік мезгілдің үш түрі бар: жалпы рекреациялық маусым, суға түсу маусымы және қысқы маусым.

Жалпы рекреациялық маусым - демалыс пен туризмнің әралуан түрлерін (жаяу, велосипед саяхаттары, мототуризм, күнге күю, таза ауадағы ойындар, аң мен балықаулау және т. б.) өткізуге болатын мезгіл. Климаты қоңыржай тән елдерде бұл мезгіл наурыз-сәуір айларында басталып, қазан айында аяқталады. Бұл мезгіл вегетациялық кезеңге сәйкес келеді (ауаның орташа температурасы 5°С жоғары).

Суға түсу маусымы - жалпы рекреациялық мезгілдің шомылу мен спорттың су түрлерін таза ауада жүргізу мүмкіндігі бар бір бөлігі. Оның ұзақтығы судың 18°С, ауаның орта тәулік температурасының 15°С шектеледі.

Қысқы маусым спорттың қысқы түрлерімен, әсіресе шана мен шаңғы түрлерімен байланысты. Оның ұзақтығы қардың қалыңдығына және жату ұзақтығына байланысты. Ауаның орташа температурасы 0°С томен болады.

Туризмнің дамуы маусымға тығыз байланысты. Мысалға, спорттың су түрлерін шомылу маусымында жүргізуге болады. Шаңғы туризм жер бедерінің тартымдылығымен және қысқы мезгілімен байланысады. Тау туризмі үшін тиісті жер бедері мен ландшафтың эстетикалық қасиеттері маңызды, ал оны өткізу мезгілі - жалпы рекреациялық маусым.

Қайталау сұрақтары

1. Халық шаруашылық саласы бола түра, туризм неге ресурстарга багыт-талады?

2. Туризм қандайсалалармен жацсы үйлеседі? Қайсыларымен үйлеспейді?

3. Туризм дамуының табиғи алгышарттарының құрылымы қандай?

4. Табиғи алгышарпгтарының бөлек әлементтерінің сипаттамаларын берініз.

5. Туристік маусымдардың қысқаша сипаттамаларын беріңіз.

§ 2 Туризм дамуыньщ әлеуметтік-экономикалық алғышарттары

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін туризмнің дамуына көптеген факторлар әсерн тигізді, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық факторлар маңызды рөл атқарды. Әлеуметтік-экономикалық факторларға мемлекеттің әлеуметтік саясаты; жұмыстан бос уақыт; халықтың ауқаты; урбандану үрдісі; білім мен мәдениеттің дамуы және т. б. жатады.

Қазіргі туризмнің дамуына мемлекеттің әлеуметтік саясаты, ең ал-дымен жұмыс уақыты, төлемі отілетін демалыс жөніндегі жарғылары және демалыс жоніндегі шешімдері үлкен әсертигізеді.

XIXғасырдың екінші жартысынан басталған бос уақыттың көбеюі туристік қозғалысқа ең үлкен ықпал жасайды. Жыл бойындағы жұмыс уақытының қысқаруымен бірге букіл өмір бойындағы жұмыс істеген жылдарының колемі де азаяды. Мұның себебі - мектепте жалпы міндетті білім беру мерзімінің өсуі және зейнеткерлік заңнаманың жетілдірілуі. Төлемі отелетін жылғы демалыс та оте маңызды. Еңбек демалыстары 60-шы жылдарының өзінде екі аптадан кем болмаған, кейбір елдерде тіпті үш-төрт аптаға жеткен.

Жұмысты ұйымдастыру бойынша Халықаралық конвенциясы 1970 жылы жылдық демалыс мерзімі үш аптадан кем болмау керек екенін мойындады.

Кейбір елдерде демалыс мерзімі тез өсті, мысалы, КСРО-да 1958 жылы оның ұзақтығы 18,5 күн болса, 1968 жылы 21-ге дейін өсті. АҚШ-та дәл соғыс алдыңда өнеркәсіп еңбекшілерінің тек 46% еңбек демалысына колы жеткен, 40-50-ші жылдары - 80%, қазір - 95%. Ме-реке күндерінің туризмі мен күнделікті демалыс дамуында күн мен апта ішіндегі жұмыс сағаттарының колемі маңызды.

Бұрынғы КСРО-да жұмыс аптасы бес күндік болтан жағдайда жұрттың көпшілігінде 112 демалыс пен мереке күндері болған, ал жылғы еңбек демалысын есептегенде - 130-136 күн (кейбір қызметкерлер үшін 148-160 күн) немесе жылдағы күндер есебінің 35-42%. Дамыған елдерде, сонымен қатар, үй жұмысына жұмсалатын уақыттың қысқаруына байланысты еркін уақыт мелшері де өскен.

Бос уақыттың көбеюіне ағартудың, білім берудің және міндетті оқудың дамуы да әсеретеді. Көптеген елдерде жастардың үлкен бөлігінің (17-19 жасар мектеп оқушылары немесе 21-25 жасар сту-денттер) бос уақыты көп, олар оны туристік саяхаттар мен апта сайынғы демалысқа жұмсайды.

Соғыстан кейінгі зейнеткерлік заңнаманың жетілдірілуі мен өмір жасының ұзаруына байланысты қарт адамдар (жасы 60-тан асқан) туристік саяхаттарға белсене қатыса бастады. Мысалы, Францияда 1961 жылы 60-64 жасар француздардың 29,9% туристік қозғалысқа қатысса, 1969 жылы бұл көрсеткіш 32,5% дейін өсті.

Туристік көш-қонға әсерететін тағы бір өте маңызды фактор -елдер мен аймақтар тұрғындарының байлығының өсуі болды. Халық игілігі мен туристік қозғалыс арасындағы байланысты коптеген зерттеулер дәлелдейді. Бұл қорытынды әсіресе жогары дамыған елдер үшін тән. Шаруашылық дамуы мен онымен байланысты халық табыстары деңгейі және туристік құбылыстар арасындағы өзара тәуелділіктері қоғамның туристік белсенділігі деңгейінде көрініс береді.

Халық табысы және оған байланысты оның туристік белсенділігі елдің әлеуметтік-кәсіптік құрылымына да тәуелді. Мысалы, бұл саланың зерттеулері коп жылдар бойы откізілген Францияда демалысқа шығатындар арасында ең үлкен пайызын еркін кәсіптер өкілдері, жоғары және орта білімді мамандар күратын көрінеді.

Туристік қозғалыста халықтың әлеуметтік топтарының қатысуы туристік аймақтар мен жерлердің шаруашылығына үлкен әсерн тигізеді.

Туристік қызметтер қажеттілігінің өсу себептері - халық өмір деңгейінің көтерілуі жәнеәлеуметтік сақтандыру қаражаттарының бөлінуі болып табылады. Бос уақыттың көбеюі мен халықтың байлығы жәнемәдени деңгейінің өсуіне байланысты рекреациялық қызметтер сұранысы да ұлғаюда.

Соңғы жылдары қоғам қажеттіліктерінің өзгеруіне байланысты туристік қызмет корсетудің жаңа формалары пайда болды. Мысалы, жеке меншікті автомобильдер санының көбеюіне қарай автосаяхат құмарлығы күшейді. Бұл мотельдер, кемпингтер, техникалық қызмет көрсету станцияларының құрылысының алғышарты болды.

Қазіргі кезде демалыстың тағы бір формасы - ата-аналардың балаларымен бірге демалуы жақсы дамып келе жатыр. Осыған орай туристік құрылыстарды жоспарлаған кезде арнайы отбасы демалы­сына назар аудара басталды.

Туристік кешендер қалыптасуының ең басты алғышарттарының бірі - олардың қаражатпен қамтамасыздандырылуы. Туризм дамуын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету мақсатында бұрынғы КСРО-да туристік-экскурсиялық мекемелер 1962 жылы салықтың барлық түрлерінен босатылғанды. Туристік жолдамаларынан, экскурсиялардан, басқа қызмет түрлерінен түскен табыстар рекреациялық нысандарының құрылысы мен жабдықталуына, негізгі қорды толықтыруына, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын сатып алуға жұмсалған.

Халық санының өсуі нәтижесінде әлемнің туристік әулеті де өседі, осыған орай жұрттың жаңа топтары туристік іс-әрекетіне қосылады.Халық саны өсуінің нәтижесінде халық тығыздығы өседі. Енді тыныш, өркениетпен өзгертілмеген жерді индустриялық дамыған елдерде табу қиын. Осыған орай ірі қалалар мен агломерациялар тұрғындары осындай жерде демалу үшін өз елі мен шет елдеріне алыс сапарға аттанады.

Халықаралық туризмге әсерететін саяси факторларының ішінде туристердің «экспортерлері» мен «импортерлері» болып саналатын елдердің ішкі саяси жағдайын, елдер арасындағы қатынастар мен олардың туристік байланыстарына жасайтын әсерн, туристерді жіберуші елдердегі және туристік маршруттар өтетін аудандардағы саяси жағдайын атап айту керек.

Ел арасындағы дипломатиялық келісім, туризм бойын-ша келісімшарттардың болуы, коммуникациялар мен қозғалыс құралдарын бірігіп пайдалану, туристік жарнамамен алмасу ел­дер арасындағы туристік ағымдардың өсуіне септігін тигізеді. Ең қарқынды туристік байланыстар саяси, әскери және экономикалық бірлестіктерде түратын елдер арасында байқалады.

Қайталау сұрақтары

І.Туризм дамуының әлеуметпгік-экономикалық алгышарттарын атап шығып, қысқаша сипаттамаларын беріңіз.

2. Туризм дамуына мемлекеттің әлеуметтік саясаты қалайәсеретеді?

3. Бос уақыттың көбеюі туризм дамуына қалайәсеретеді?

4. Халықтабысының өсуі оның туристік белсенділігіне қалай әсеретеді?

5. Туризм дамуына урбандану, демографиялықжәне саяси факторлар қалайәсеретеді?

§ 3 Туристік-рекреациялық ресурстар

Туристік-рекреациялық ресурстар ұғымын түсіну үшін ең алды-мен географиялық, табиғи, антропогендік (қоршаған) орта ұғымының мағынасын анықтау қажет.

Терминологиялық талқылауға үңілмей-ақ айтсақ, табиғи орта жеті әлементтердің жиынтығы болып табылады. Бұл жеті әлементтер мынадай: белгілі бір кеңістікте орын тапқан үш биотикалық (өсімдік, жануарлар, топырақ) және төрт абиотикалық әлементтер (геологиялық құрылым, жер бедерінің құрылымы, сулар, климат). Табиғи ортада тұратын адам, оны өзгертіп антропогендік ортаны қалыптастырады. Қорыта айтсақ, географиялық ортаны сегіз әлемент құрады: физикалық және биотикалық ортамен бірге адам қалыптастыратын орта, яғни бұл ауылдар, қалалар, фабрикалар, су бөгендері және т. б. сияқты антропогендік әлементтері кіретін өзгертілген табиғи орта [32].

Географиялық ортаның осындай барлық әлементтері туристік-рекреациялық ресурстар бола алады. Бірақ олар туристердің қызығушылығын туғызғанда ғана туристік-рекреациялық ресурстарға айналады. Мысалға, геологиялық құрылым немесе топырақ туристерді қызықтыра ала ма деген сұрақ қоюға болады. Бұрын ондай болмаған, ал қазір болса, осындай туристік іс-әрекет дамып келе жатыр [32].

Сулардың (теңіздер, өзендер, көлдер, бөгендер), жер бедерінің (таулар, қыраттар және т.б.), климаттың (температура, күн сэулесі, қар, мұз), өсімдік пен жануарлар әлемінің туризмге әсерететіндігі сөзсіз. Туристерді белгілі бір жерге (аудан, жергілікті жер, маршрут) туристік-рекреациялық ресурстардың жиынтығы (географиялық ортаның бірнеше әлементтерінің үйлесуі) тартады.

Я. Варшиньска мен А. Яцковски [33] айтуынша туристік-рекреациялық ресурстар дегеніміз - туристерді қызықтыратьш табиғи немесе антропогендік әлементтердің (бірге немесе әрбіреуі бөлек) жиьштығы.

Экономикалық әдебиетте туристік-рекреациялық ресурстар та-биғи және антропогендік шығу тегі бойынша жіктелетін игілік (қор) ретінде анықталады. Алайда, туристік-рекреациялық ресурстарды жіктеу үшін әдетте шығу тегі критерийінің орнына олардың функциялары қолданылады, мысалға, ресурстарды демалысқа, тануға арналған және мамандандырылған ресурстар деп бөледі (4-кесте). Со-нымен бірге бұл функциялар туристің ең басты үш түрткісі (мотиві) болып табылады.

Туризмді дамыту мақсатында аумақтардың қулдылығын анықтау үшін туристік-рекреациялық ресурстарды зерттеу қажет.

Туристік-рекреациялық ресурстар дегеніміз туристік-экскурсиялық қызметте пайдаланатын қоғамдық қажеттіліктеріне сәйкес технологиялық дәрежеге жетілдірілген белгілі бір мөлшерде өзгертілген табиғижәне антропогендік ландшафтардың жиынтығы. Барлық туристік-рекреациялық ресурстардың жинағын үлкен екі топқа: табиғи жәнеәлеуметтік-экономикалық (мәдени-тарихи) ресурстарға бөлуге болады.

4-кесте

Туристік-рекреацнялық ресурстардың жіктелуі [32]

Туристік- рекреациялықресурстар Ресурстарды жіктеу критерийлері Ресурстардың жіктелуі
  Рекреациялық (демалу үшін) Демалу физиологиясының көрсеткіштері 1 Қажетті ресурстар (табиғи орта) 2 Пайдаланатын ресурстар
  Танымдық Табиғи ортамен генетикалық байланысы 1 Табиғи ресурстар А. Адам ешқандай қатыспай калыптасқан:
      - флора мен фауна ерекшеліктері - жартастар - шатқалдар, өзен аңғарлары - сарқырамалар, бұлақтар - үнгірлер мен гроттар - басқа геологиялық объектілер В. Адам жасаған - ескерткіштер - мұражайлар мен табиғи коллек-циялар - ботаникалық бактар - зоосаябақтар С. Заңды түрде корғалатын объектілер - көрініс пункттері - халық саябақтары - көрініс саябақтары
    Адам өмірімен, жұмысымен және іс-әрекетімен байла-нысты Антропогендік ресурстар - мұражаилар мен археологиялық резерваттар
      — этнографиялықмұражайлар мен шығармашылық орталықтары - сәулет өнері мен құрылыс ескерткіштері
      - өнер мұражайлары мен көркем өнер коллекциялары
      - биографиялық мұражайлар
      - мамандандырылған мұражайлар мен қайталанбайтын объектілер
      - әскери-тарихи объектілер - естелік орындар мен мұражаилар
      - шаруашылық іс-әрекет пен техниканың ескерткіштері - қазіргі мәдениет жетістіктері - діни табыну орындары
  Мамандандырылған Табиғи ортаның туризмнің маман-дандырылған түрлері үшін жарамдылығы 1. Қайықтар мен желкенді кемелердеп саяхаттар 2. Балық аулау 3. Ан аулау 4. Атты туризм 5. Альпинизм 6. Спелеология 7. Сүнгу (дайвинг)

 

Л.Н. Багрова, Н.В. Багров, B.C. Преображенскийлердің(1977) анықтамасыбойынша, «табиғирекреациялықресурстар» - бұлбелгіліуақытішіндеадамдардыңдемалысынұйымдастыруғаарналған, рекреациялықіс-әрекетүшінқомфорттықасиеттерібартабиғижәнетабиғи-техникалықгеожуйелерментабиғиқұбылыстар[34].

«Әлеуметтік-экономикалықрекреациялықресурстарға» тарихи-мәдениобъектілер (ескерткіштержәнеатақтыжерлер, мұражайларжәнет. б.) жәнеқұбылыстар (этнографиялық, саяси, өндірістікжәнет. б.) жатады. Бұлресурстарбіржағынанматериалдықжәнеруханиболыпжіктелсе, екіншіжағынанжылжымайтынжәнеқозғалатынре­сурстарболыптоптастырылады.

Материалдықресурстарөндірісқұралдарыменқоғамныңбасқадаматериалдыққүндылықтарыныңжинағынбіріктірсе, руханиресурстар - қоғамныңжетістіктерінбілім, ғылым, өнер, әдебиетжағынанқамтиды.

Қозғалмайтынресурстартобынтарихиескерткіштер, сәулетөнерініңобъектілері, археологиялықжәнемонументтікқұрылыстарқұрайды.

Жылжымалыресурстартобынаөнерескерткіштері, археологиялықзаттар, минералогиялық, ботаникалықжәнезоологиялықколлекция-лар, деректіескерткіштержәнеоңайқозғауғаболатынзаттаржатады. Мұндайресурстартобыәдеттемұражайларда, кітапханаларда, мұрағаттардашоғырланады.

Тарихижәнемәдениескерткіштернегізгібелгілерібойыншабестүріне: тарихи, археологиялық, сәулетөнеріжәнеқалақұрылыстық, өнерескерткіштеріне, дерекнамаескерткіштерінебөлінеді.

Тарихиескерткіштергеүйлер, құрылыстар, қоғамменмемлекет-тіңдамуынабайланыстыескерткішорындарымензаттаржатады.

Археологияескерткіштерінеқалашықтарқалдықтары, обалар, ескіүйлердіңорны, бекіністер, өндірісжәнесуқұбрлары, тастымүсіндер, тастағыбейнелержатады.

Сәулетөнеріменқалақұрылыстықескерткіштерінесәулетансамбльдеріменкешендері, тарихиорталықтар, алаңдар, кварталдар, көшелер, ежелгіқалалардыңқалдықтары; азаматтық, өнеркәсіптік, әскери, дінисәулетөнерініңескерткіштері, халықсәулетөнерініңескерткіштеріжәнеосыларменбайланыстымонументалдық, бейне, декоративті-қолданбалы, бақ-паркөнерініңескерткіштеріжатады.

Өнерескерткіштерінебейнелеуөнері, декоративті-қолданбалышығармаларжәнебасқадаөнертүрлерінжатқызуғаболады.

Дерекнамаескерткіштері- бү_лмемлекетбилігініңактілері, бей­не-, фотокүжаттаржәнетаспажазулар, сондай-ақкөнежәнебаскақолжазбаларменархивтер, фольклорменмузыкажазбалары, сиреккездесетінбаспалар.

Әлеуметтік-экономикалықрекреациялықресурстарғатарих-пен, мәдениетпенжәнеқазіргіадамдардыңіс-әрекетіменбайла­ныстыбасқадаобъектілердіжатқызуғаболады. Мысалы, тамашасалынғанспорткешені, хайуанатпаркі, ботаникалықбақтар, ғылымимекемелер, жоғарыоқуорындары, өндірістікмекемелер, театрлар,этнографиялықжәнефольклорлықкөзтартарлықкөрнектіорындар, халықдәстүрлеріжәнет. б.

Туризмдідамытуүшінтабиғижәнеәлеуметтік-экономикалықколайлыжағдайыбараумақтарөзінен-өзітуристікресурсболаалмай-ды. Егероғансұранысболсажәнеоныигеругетуристікшаруашылықмүмкіндіктерітабылса, ондаолартуристікресурстарғаайналады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 2622; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.054 сек.