Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Туризм менеджменті 16 страница




Табиғикешендертуристік-рекреациялықресурстаркласынакелесіүлгібойыншаөтеаладыәлдеондайболаалмайды:

1) туристік сұраныс болмағандықтан табиғи кешендердің ресурстық сипаты жоқ;

2) туристік сұраныстың пайда болуы табиғи кешендерді тексеріп бағалауды қажет етеді;

3) қоғамдық қажеттіліктің арқасында бағалы табиғи кешендер ресурстарға айналады;

4) туристік сұраныстың көбеюі қолайсыз табиғи кешендер өңдеуден өткізіліп, туристік ресур­стар класына енгізіле бастайды.

Осындайүлгібойыншаәлеуметтік-экономикалықобъектілердеэкскурсиялықрекреациялықресурстаркласынаөтеді. Туристіксұраныстыңарқасындамәденижәнеэтнографиялықобъектілертексеріліп, экскурсиялықтуризмгежарамдыльныжағынаноларғабағаберіледі. Сұраныстыңкеңеюіменрекреациялыққұлдылықкритерийлерініңдамуы, халықтыңмәденидеңгейініңөсуіарқасындапайдаланатыннысандарауқымыкеңейеді. Олардыңкөптегенсаныарнайыреставрациялықжұмыстарынанкейінэкскурсиялықкөрсетілімкатарынаенгізіледі.Бұрынөмірсүргенүрпақтардыңеңбекөніміболатұра, әлеуметтік-экономикалықобъектілермұндатанымдықсипаттағытуристікқызметтердіөндіругеарналғанеңбекқұралынаайналады.

Туристік-рекреациялықресурстарғасырларбойыресурстартүрлерініңрөліменқұрылымы, туристікқажеттіліктеркөлеміөзгергендігінентарихиұғымдарғажатады.

Туризмніңәрбіртүрініңресурстарыөзінетәнерекшересурстарболыптабылады. Санаторлық-курорттықемдеуүшінминералдысу-ларменбалшықтар, ауарайыменклимат, үңгірлерментүзқазбалары (спелеотерапия) қолданылады. Сауықтырудемалысыүшінжайлы, қолайлыклимат, жүмсақмаусым, су, өсімдік, жербедеріжәнеландшафтыңбасқакомпоненттеріқажет. Спорттықтуризмүшінжорықжасаумүмкіндігі, белгіліқиындықдәрежедегікедергілер, арақашықтық, жұрттыңтығызорналаспауыжәнет.б. қажет.

Экскурсиялықтуризмніңнысандарынакелеек, олармынадай: мәдени-тарихижәнетабиғинысандары, қайталанбайтыншаруашылықнысандары, фольклорлықмерекелерменхалықмәдениетініңәлементтері (ұлттықойындар, қолөнер, қолданбалыкәсіптер).

Туристік-рекреациялықресурстардыңмаңыздысипаттамаларымынадай:

1) ТРЖ-ніңәлеуметтіксыйымдылығынанықтайтынқордыңмөлшері (минералдысулардебиты; қолайлырекреациялықаумақ-тардыңкөлемі, туристікорталықтардыңэкскурсиялықәлеуеті); игерілудеңгейі, жүктемелердіреттеу;

2) потенциалдырекреациялықжерлердіанықтауғажәнесани-тарлыққорғаушеңберлерінорнатуғамүмкіндікберетінресурстардыңтаралуауданы (сулықабаттардыңкөлемі, жаға-жайлардыңаумағы, территорияныңсуғарылуы, орманаумағы, тұрақтықаржамылғысыныңшекаралары);

3) туризммаусымын, туристікағымныңырғақтығынанықтайтынэксплуатациялықкезең(климатықолайлыкезеңніңұзақтыгы, суғатүсумезгілі, тұрақтықардыңжатуы);

4) көптегенресурстүрлерініңтерриториялықтұрғыданқозғалмайжатуы, рекреациялықинфрақұрылымменағымдардыөзінешоғырландырыптартуынасебепші;

5)ақшакапиталыныңазжұмсалуыжәнепайдалануғакететіншығындардыңтымжоғарыболмауыинфрақұрылымдыжылдамқұруғажәнеәлеуметтік-экономикалықнәтижеалуға, сондай-ақресурстардыңкейбіртүрлерінжекеқолдануғамүмкіндікбереді;

6) табиғаттытиімдіпайдаланунормаларынсақтайотырып, культивацияжәнесапасыжоғарыжабдықтардыпайдалануарқылытуристік-рекреациялықресурстардыкөпретпайдаланумүмкіншілігі.

Демалыспентуризмүшінпайдаланылатынресурстардытікелейжәнежанаматүрлерінебөлугеболады. Біріншісінетуристердіңөздеріқолданатынресурстар, яғниландшафтыңкөзтартарлықерекшесүлулығыжәнеэкзотикалығы, жергіліктіжердіңемдеу-сауықтыруқасиеті, тарихи-мәдениескерткіштеріжәнебасқадатанымдықобъектілеріжатады. Тікелейтуристікресурстардыигеруүшінжанамаресурстарын, яғнишикізат, энергетикалық-жанармай, материалдық, қаражат, еңбекресурстарынтартуқажет.

Туристік-рекреациялықресурстартуризмніңаумақтықұйымдас-тырылуына, туристікаудандарменорталықтардыңқалыптасуынаәсернтигізеді. Бірақолартікелейтүрдеәсеретпейді. Оларкөптегенәлеуметтік-экономикалықфакторлардың, еңалдыментуристікқажеттіліктердіңкөлеміменқұрылымыныңәсерменіскеасырылады. Туристік-рекреациялықіс-әрекеттіңаумақтықұйымдастырылуыныңұзақмерзімдіболжамыбарлықрекреациялықресурстардыанықтауды, есептеудіжәнебонитировкажасаудықажететеді.

Қайталау сұрақтары

1.Географиялық, табиғи, антропогендік (ңоршаган) орта аньщтамаларының айырмашыпыцтарын көрсетіңіз.

2. Туристік-рекреациялықресурстар аныңтамасын беріңіз. Ресурстар мен даму алгышарттары арасындағы айырмашылық неде?

3. Табиғитуристік-рекреациялықресурстар деген не?

4. Әлеуметтік-экономикалық туристік-рекреациялықресурстар деген не? Олар қалайжіктеледі?

5. Алгышарттар туристік-рекреациялықресурстар дәрежесіне қалай өтіп кетеді?

6. Туристік-рекреациялыңресурстардың сипаттамасын беріңіз.

7. Тікелей окәне жанама туристік-рекреациялықресурстар деген не?

§4 Территорияға рекреациялық баға берудің әдістемесі мен критерийлері

Туризмнің ғылыми зерттеулері жаңа әдістемелік тетіктерді қажет етеді. Туризм географиясының қазіргі кезеңі - бұл жүйелену, жіктеу, теориялық түжырымдамалар, қолдағы білімдер синтезінің кезеңі. Туризм жөніндегі әртүрлі көзқарастарды жалпы түжырымдамаға біріктіретін жалпы әдістемелік негізі - жүйелік тәсіл. Оның мақсаты -объектілердің (мұнда қарастырып отырған объект - туризм) жүйелер ретіндегі мәнін ашу, олардың ішкі және сыртқы байланыстарын зерттеу, жүйелердің тұрақты құрылымын қалыптастыру, тетіктерін анықтау болады.

Туризм географиясының әдістемелігі қазір даму жолында. Оған кіретін әдістер саны өте көп. Жалпы айтқанда әдіс дегеніміз - бұлтәсіл, мақсатқа жету жолы, әрекеттер қалпы. Туризм география­сы әртүрлі жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың әдістерінпайдаланады. Дәстүрлі географиялық әдістердің ішіндегі туризм географиясы үшін ең бастылары - типологиялық, салыстырмалы-географиялық, картографиялық әдістер. Олармен бірге туристер мен туристік индустрия қызметкерлерінің социологиялық зерттеулер әдісі, физиологиялық және ағымдағы дәрігерлік бақылау әдісі (кли­мат факторлары мен микроклиматтық жағдайлардың, жер бедерінің, өсімдіктің және т. б. адам ағзасына жасайтын әсерн талдау), математикалық, математикалық-статистикалық әдістер қолданылады. Өрістегі және камералдық әдістер жақсы нәтижелерді көрсетеді.

Демалыс пен туризм үшін табиғи ортаның ресурстарына баға беріп, жарамдылығын анықтау - туризм географиясының ең ба-сты мақсаты. Мәденижәне тарихи объектілерінің туристік-рекреа-циялық ресурстардағы маңызды, табиғи жағдайлардың алатын орны да ерекше, себебі рекреация мен туризмнің дамуының негізгі алғышарты табиғи орта болып табылады. Сондықтан, КСРО және шетелдік зерттеушілер ертеден-ақ географиялық әдебиетте туристік-рекреациялық ресурстардың табиғи жағына ерекше баға берген.

Рекреациялық табиғи шарты ретінде табиғи-аумақтық және аквалды кешендер және олардың компоненттері мен жеке қасиеттері болып табылады, олардың ішінде аттрактивтілік, контрасттылық кедергілерден өту мүмкіндігі, экзотикалық, қайталанбайтын немесе үлгі болатын сипаты, табиғи нысандарының ауқымы мен формасы және олардың орналасуы.

Алғашқыда табиғи ресурстар мен аумақтар санаторлық-курорт-тық яғни емдік мақсаттарда бағаланған. Кейін табиғи кешендердің рекреациялық бағалану қағидаларына, әдістемесіне және критерийлеріне назар аударыла бастады. Ресурстар мен шарттар демалыс пен туризм ұйымдастырушылар жағынан да, саяхатшылар жағынан да қарастырылғандықтан оларға баға беру өте қиын.

Табиғи әлеуеттің демалыс пен туризм үшін баға беру кри-терийлерін көптеген ғалымдар іздестіруде. Осындай зерттеулердің ішінде Л.И. Мухинаның «Принципы и методы технологической оцен­ки природных комплексов» [35] еңбегін атап айту қажет. Л.И. Му­хина рекреациялық баға беру мәселесін әлеуметтік мәселелер қатарына қояды. Бұл жұ_мыста аумақтың рекреациялық әлеуетін демалушылардың демалыс шарттарына деген көзқарастарынанегізделген баға беру нұсқаулары берілген. Мұнда табиғи ортаның демалысты ұйымдастыру үшін физиологиялық жайлылығы мен ландшафтардың, табиғи және мәдени-тарихи нысандарының әлеу-меттік-психологиялық аттрактивтілігін ескеру ұсынысы берілген.

Қазіргі кезде аумақты бағалаудың бірнеше әдістемесі жасалған. Алайда, ғылымның медициналық-биологиялық, әлеуметтік, психологиялық салаларында демалушылардың табиғи кешендеріне қоятын талаптары әзірше дұрыстап анықталмаған.

Демалыс пен туризм үшін табиғи жағдайына баға беру өте қиын. Емдік ресурстарына баға беруден айырмашылығы, мұнда пейзаждың тартымдылығы, экзотикалыгы, қайталанбайтындылығы бағаланады.

Баға беру субъекті мен объектінің арасындағы катынастарды көрсетеді. Сондықтан баға беру реті төмендегідей міндетті кезеңдерден тұрады:

1) баға берудің объектісін анықтау, яғни табиғи кешендердің компоненттері мен қасиеттерін бағалау;

2) субъектіні анықтау, оны позициясы бойынша бағалау. Рекреациялық ресурстардың баға беру субъектісі ретінде туризм жиі қолданылады;

3) зерттеудің мақсатымен және субъектінің қасиеттерімен анықталатын баға берудің критерийлерін бөлу;

4) баға беру шкалаларының көрсеткіштерін құрастыру. Шка-лалар субъекті мен объектінің арасындағы бағалық қатынастарды көрсетеді. Бұл жағдайда шкала сатылардың саны жөнінде сұрақтар туады. Көбінесе 3-4 немесе 5-6 сатылар қолданылады. Әрбір саты объекті мен субъектінің арасындағы байланыстың интенсивтілігінің көрсеткіші болып табылады. Рекреация үшін бағалаудың 5-сатылы шкаласы келесі градациядан тұрады: 1 - ең қолайлы; 2 - қолайлы; 3 -біршама қолайлы; 4 - аз қолайлы; 5 - қолайсыз.

Мысал ретінде КСРО FA география институтының КСРО орталық аумақтары үшін жасалған суаттарды шомылу мақсатында (5-кесте) бағалау шкаласын (ең қолайлы жағдайға 4 балл беріледі) қарастырайық.

5-кесте

Жер аландарына шомылу үшін қолайлылығына баға беру [2]

Көрсеткіш Сипагтама Баға (балл)
  Таяз су зонасының ені, м 5-10 10-20 20-40 40-100 > 100 4 3 2 1 0
  Таяз су зонасының түбіндегі топырак литологиясы ұсақ қиыршык тас дөңбек тас саз тұнба 4 3 2 1 0
  Судың орташа тәулік темпера-турасы 18-22 с С болатын жазгы күндерінің саны 80 60-80 50-60 30-50 <30 4 3 2 1 0
  Ағыс жылдамдығы, м/с 00-1 1-22-3 3 4 3 2 1 0
  Жағалау маңындағы су өсімдігінің аумағы, су периметрінін 100 метріне келетін % 0-10 10-50 50-80 >80 4 3 2 1 0

Сатылар арасындағы интервал сүрагы да әзірше шешілмеген. Оған жауап беру үшін объекті мен субъекті арасындағы байланыстар тікелей немесе тікелей емес екендігін анықтау қажет.

Туристік-рекреациялық ресурстарға баға бергенде бағаланатын объектінің (ресурстың түрі, объект немесе аумақ) және субъектінің (туризмнің түрі, рекреациялық шаралардың циклі, демалушылардың категориясы) ерекшеліктерін ескеру қажет.

Туристік ресурстарға баға берудің негізгі үш түрі бар:

1. Медициналық-биологиялық (физиологиялық) баға беру - дема-лысты ұйымдастыру үшін табиғаттың комфорттық дәрежесін табу;

2. Психологиялық-эстетикалық баға беру - демалушыларға тиетін табиғат ерекшелігінің эмоциялық әсерлеріне талдау жасау;

3. Технологиялық баға беру - мамандандырылған және кешенді ТРЖ калыптасуының мүмкіндіктерін және туризмнің әралуан түр-лерін ұйымдастыру үшін ресурстардың жарамдылығын анықтау.

Ресурстардың құндылығын анықтау және олардың түрлерін тишді пайдалану үшін, рекреациялық ресурстардың кешенді сипаты баға берудің үш түрін үйлесімді болуын қажет етеді.

Баға берудіқ медициналық-биологиялық түрі табиғи факторлардың адам ағзасына тигізетін әсерн көрсетеді. Бұл жағдайда рекреанттың организм үшін комфорттылығы да бағаланады. Медициналық-биологиялық баға бергенде климат басты рол атқарады. Климатологтар мен курортологтар демалыс пен туризм үшін климаттық ресурстарга баға беру әдістері жүйесін ұсынған. Климат дегеніміз белгілі бір аудандарға лайықты ауа райының көп жылдық режимі. Оның адамға әсері нақтылы ауа райы арқылы беріледі.

Климатқа рекреациялық баға бергенде адам организмінің метеорологиялық факторларга байланысын тексеру қажет. Курорто­логтар ауа райының адамға жасайтын физикалық әсерімен бірге оның эмоциялық әсерн де ескереді.

Ұзақ уақыт бойы ауа райының адам ағзасына әсерететін әлементтері мен құбылыстарын елшеу әдістері іздестірілген. Бірақ адам ағзасына бір мезгілде коптеген метеорологиялық әлементтер әсеретеді, сондықтан мұндай іздестірулер нәтижесіз болды. Әдістерді таңдау барысында шартты (эффективті) температураның жүйесі құрастырылған. Осындай шартты температуралар метеорологиялық көрсеткіштердің (ауаның температурасы, оның ылғалдылығы, жел күші мен күн радиациясы мен үзын толқынды сэулелену интенсивтілігі) кешенді әсерн сипаттайды.

Температура мен ылғалдылықтың әсерн сипаттайтын кешенді көрсеткіш эффективті температура (ЭТ) деп аталады. Темпера­тура, ылғалдылық және жел жылдамдығын сипаттайтын кешенді көрсеткіш - эффективті-эквивалентті температура (ЭЭТ). Тем­пература, ылғалдылық, жел күші және күн радиациясын сипаттай­тын кешенді корсеткіш радиацитың-эквивалентті температуpa (РЭТ) деп аталады. РЭТ есептері күн сэулесінің адам денесін қыздыратынын көрсетеді. 1 минутта адам денесінің 1 шаршы сантиметріне күн энергиясының 0,7 кіші калориясы келіп түрса, адам оны температураның 3° көтерілгеніндей болып сезінеді. Кесте мәліметтеріне сүйенсек, жоғары температураны ауа құрғақ болған кезде оңай шыдауға болатыны анық.

Адам организмі үшін қолайлы температура мен ылғалдылықтың үйлесімді көрсеткіштері 6-кестеде көрсетілген (6-кесте).

6-кесте Адам ағзасына қолайлы температура мен салыстырмалы ылғалдылық үйлесімі [1]

Температура, °С Салыстырмалы ылғалдылық, %
   
   
   
   

Шартты температура жүйесімен «комфорт зонасы» байланысады, көптеген адамдар үшін оның температурасы 17° пен 23°С арасында болады. Белсенді рекреанттар үшін «комфорт зонасы» 12° пен 16° арасындағы эффективті-эквивалентті температурада бола алады. «Комфорт зонасынан» тыс эффективті-эквивалентті температура адам ағзасына қолайсыз. «Комфорт зонасы» адамның денсаулығына және жыл мезгіліне қарай өзгеріп тұрады.

Медициналық-биологиялық баға берудің келесі әдісі - кешенді климатологиялық әдісі. Бұләдіс адам организміне тигізетін метео-рологиялық әлементтер кешенінің әсерн ескереді. Бұләдіс арқылы «тәулікауа райы» мен «бір мезет ауа райын» және ауа райы өзгеруінің жылдамдығын сипаттауға болады. «Тәулікауа райы» түсінігін қолдану себебі адам ағзасының кептеген функцияларының ауа райының тәуліктегі өзгерістеріне байланысты болуы. Алдыңда өткен түн мен келесі күннің метеорологиялық жағдайлары бір-бірімен бай­ланысты, бұл жағдай адамның тәуліктік ритмикасын анықтау үшін «Тәулік ауа райы» ұғымы курорттық аудандар климаттарын зерттеп салыстырған кезде өте пайдалы болды. Ауа райы оның морфологиялық негізінде құрастырылған классификациясы арқылы сипатталады. Бұл жіктелуге ауа райының 16 класы кіреді, оның ішінде аязсыз ауа райы тобы (8 класс), ауа температурасы 0°-тан өтетін ауа райы (2 класс) және аязды ауа райы (6 класс).

Соңғы жылдары ауа райының күрт өзгерісі көрсеткішін бағалау қолдануда. Ауа райының күрт өзгерістерге үшырауы ағзаның физиологиялық функцияларының ойдағыдай өзгерістеріне әкеліп соғады. Мұндай өзгерістер атмосфералық фронттар өткен кез­де және жергілікті циркуляция жағдайында да байқалады. Өзгеріс көрсеткішінің мөлшеріне қарай (пайыз) ауа райының мынадай режимдері: өте тұрақты (25%), тұрақты (25-34%), құбылмалы (35-50%) және өте құблмалы (50%) режим болады. Ауа райының өзгеріс көрсеткіші жоғары болса, ауа райын болжау қиынға түседі.

Климаттық зерттеулермен бірге климаттық факторлар әсерне ұшыраған ағзаның күйін суреттейтін көрсеткіштер іздестірілуде. Кли­мат ерекшеліктері мен ағза күйі арасындағы байланыстарды табудың жиі қолданылатын әдістерінің бірі - сүрапталған топ ішінде олардың субъективті пікірлері жөніндегі сауалнама жасау. Объективті бағалау критерийі ағзаның терморегуляторлық тетіктерінің кернеуі болып табылады. Ол адам денесінің орташа температурасының немесе терлеу көлемінің өзгеруі бойынша анықталады.

Адам терісінің орташа температурасына байланысты жылу сезімін ескеруімен ауа райы түрлері тоғыз категорияларға - өте суықтан өте ыстыққа дейін бөлінеді. Ыстық болған кезде адам терісінің темпе­ратурасы көп өзгермейтіндігінен ыстық ауа райының әсерін бағалау үшін терлеу көрсеткішін қолданған жөн.

Комфорттық жағдай - дене терісінің орташа температурасы 31-33° болған кезде байкалады, бұл жағдайда адам ыстықтамайды да, тоңбайды да. Температураның белгілі бір мөлшерге төмендеуі адам денесінің белгілі бір мөлшерде салқындауына әсеретеді. Көрсетілген әдістерді қолданып, бірқатар қолданбалы мақсаттарды шешуге бола­ды: демалыс, туризм, емдеу үшін климаттың қолайлылығы бойынша географиялық аудандастыруды жүргізуге болады. Адам организмі үшін қолайлы ортаның ұзақтығы - климатқа медициналық-биологиялық баға беру жұмысының негізгі көрсеткіші болып табылады.

Тау аймақтарының климатын бағалау әдістемесі жөнінде атап айту керек. Біріншіден, тау климаты теңіз деңгейінен жергілікті жердің биіктігіне, беткей көлбеуі мен бағытына, жер бедеріне қарай жылдам өзгерістерге ұшырайды. Екіншіден, өзіне тән ерекшеліктерімен бірге, айналасындағы ландшафт сипаттарына да ие болады. Таулы аудандарының климаттық жіктелуі тау курорттарының классификациясында көрініс табады. Бұл классификацияда курорт мамандандырылуы; тау аймағы орналасқан табиғи зонасы; биіктік белдеуі (аласа таулы - 1000 м-ге дейін, орта таулы - 1000-2000 м, биік таулы - 2000 м-ден жоғары); курорт ауданындағы өсімдік көрсетілген.

Негізгі көрсеткіші адам ағзасы үшін қолайлы мезгіл ұзақтығы болып табылатын климаттың медициналық-биологиялық бағалануы әсіресе территориясы үлкен елдер үшін қажет. Осындай жұмыстар шетелдік туризм дамуы үшін де маңызды. Олардың қорытындылары жолнамалар мен жарнамалық буклеттерге енгізіледі.

Психологиялық-эстетикалық баға бергенде адамға тиетін табиғи ландшафттың ерекшеліктерінің эмоционалды әсер бағаланады. Баға берудің әдістемесі өте күрделі. Сондықтан ол кез келген табиғи кешенге адамның эмоциялық реакциясымен анықталып қана қояды.

Сұлулықты аңсау адамның рухани дүниесінің ең маңызды қырының бірі болып табылады. Осыған орай табиғи туристік-рекреациялық ресурстарды бағалаған кезде оларды психологиялық-эстетикалық жағынан қарастырған жөн болады. Басқа қасиеттері теңдес болған жағдайда эстетикалық қасиеттері жоғары аумақтар ре-креанттарды өзіне көбірек тартатыны белгілі.

Ең соңғы уақытқа шейін ландшафтың эстетикалық құлдылығы жөніндегі көзқарастар ландшафтық сәулетшілер талғамдары мен пікірлеріне ғана негізделген. Соңғы жылдары психологтар, социологтар және географтар ландшафтың эстетикалық қасиеттерін өлшеу үшін бірқатар көрсеткіштер ұсынған. АҚШ-тың ұлттық паркінде туристердің орналасуы туралы зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, ең жоғары тартымды әсерді шеткі зоналар мен фокустік пункттер алып түратыны анықталды. Шекаралық зоналар деп әртүрлі екі ортаның арасындағы шекаралық сызықты айтады: су - құрлық (күшті әсер), орман - алаңқай (орташа әсер), төбешіктер - жазық (шамалы әсер) (7-кесте).

7-кесте Табиғи кешендер жүптарының контраст деңгейіне салыстырмалы баға беру (Ю.А. Веденин, Л.С. Филиппович, 1975)

Табиғи кешендерінің жұбы Баға (балл)
  Орман-суат  
  Орман (өріс)-суат  
  Орман-жайылым (өріс)  
  Қалық бұталар-жайылым (өріс)  
  Орман-калың бұталар  
  Өріс-жайылым  

Бірқалыпты орманды алаптар, батпактар немесе аса ылғалды жерлер, ландшафты қатты ыдырапкеткенжерлер ешкімді қызықтырмайды. Осындай бақылаудың арқасында сандық көрсеткіштерді шығаруға мүмкіндік туды, жеке алғанда аумақтың «шектік» әсерлерімен қанықтық көрсеткіші:

Қ =L /S,

ш.э.ш7

мұндаL - шеттік сызықтың үзындығы, S - аумақтың көлемі.

Аумақтың фокустік пункттермен қанықтығы көбінесе жер беде-ріне байланысты. Ландшафттың осы қасиетін бағалау үшін, мысалы, орташа максималды салыстырмалы биіктіктердің аумақ бірлігіне де-ген қатынасын қолданады.

Көптеген зерттеушілердің айтуынша, эстетикалық құлдылық ландшафтың морфологиялық құрылымына, табиғи пейзаждың әр-түрлілігіне тәуелді. Осыдан «табиғи пейзаждың әртүрлілігі» деген түсінік енгізілді. Бұл түсінік 1) табиғи кешеннің ішкі құрылымынан; 2) басқа табиғи кешендермен сыртқы байланыстан тұрады.

Табиғи пейзаждың ішкі әртүрлілігі ландшафтың ішкі морфологиялық құрылымы арқылы анықталады (жер бедері, өсімдік түрлері, гидрологиялық ерекшеліктері, әртүрлі компоненттердің өзара бай-ланысы және т. б.). Табиғи пейзаждың ішкі әртүрлілігінің мынадай көрсеткіштері болады: ландшафттың морфологиялық бөліктерінің контурларының ландшафтық аудан көлеміне деген қатынасы;морфологиялық бөліктері түрлерінің ландшафт ауданына қатынасы; фондық доминанталар мен құрылымдық детерминанттардың маршруттағы жиілігі.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 1318; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.059 сек.