Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Туризм менеджменті 17 страница




Табиғи кешендердің эстетикалық ішкі қасиеттері мынадай көрсеткіштермен де сипатталады: орманның тығыздық дәрежесі, ағаштардың толықтығы, орманның жік қабаты, балауса орман ағаштарының молдығы және т.б. Тегістіктегі орманды аудандар үшін басым белгі - кеңістіктің орман тығыздығының дәрежесі. Орман тығыздығының пайызына байланысты кеңістік ашық, жартылай ашық және жабықболып бөлінеді.

Мысалы, орманның тығыздығы 50% асқанда ландшафтың эстетикалық қасиеті төмендейді. Қалың орман ішінде рекреант жаяу жүргенде жылдам шаршайды және табиғат пейзаждарының өзгерістерін дұрыс қабылдай алмайды. Ең жоғары баллды жартылай ашық кеңістік алып тұрады. Ашық кеңістіктер де жалықтыруы мүмкін.

Жер бедері мен өсімдіктің үйлесуі де маңызды болады. Төбелі жер бедерінің биік жерлерінде орналасқан орташа биік орманымен үйлесуі ландшафттың тілімделуін күшейтіп көрсетеді, ал ойпаттарда орман орналасса ландшафт жазық болып көрінеді. Бірінші мысалда эстетикалық бағасы жоғары, екіншісінде бағасы төмендейді.

Сыртқы пейзаж әртүрлілігі көршілес табиғи кешендерінде көрініп тұратын пейзаждық әралуандығымен сипатталады. Жазық жерлерде таулы аудандарға қарағанда табиғи кешеннің сыртқы айналасының эстетикалық қасиеттері шамалы рөл ойнайды. Жазықта эстетикалық жағынан орман аумақтары маңызды орын алады.

Сыртқы пейзаж әртүрлілігінің көрсеткіштері мынадай: бірден көрінетін көрші табиғи кешендердің саны, сыртқы табиғи пейзаждар-ды қабылдау бүрышының тікелей және көлденең мөлшері, көкжиек сызықтарын кесілуі, сонымен қатар сыртқы пейзаждарды жақсы көру үшін көп орындардың пайда болуы. Мысалы, таулы аудандар-да ең жоғарғы бағаны тау шыңдары алуы керек, себебі солар арқылы барлық табиғи кешендер жақсы қабылданады, ең төменгі бағаны-тау шатқалы алып тұрады. Сыртқы пейзаждарды көру бұрышы үлкен болса, көршілес кешендердің көрінісі кең болады, пейзаждардың әртүрлілігі жоғары.

Психологиялық-эстетикалық бағалаудың жаңа түрлері - табиғи кешеннің экзотикалық және қайталанбау сипаттары. Экзотикалық сипаты дегеніміз демалыс орнының турист түратын жеріне ұқсамау мөлшері. Қайталанбау сипаты - нысандар мен құбылыстардың кездесу (қайталану) немесе кездеспеу (қайталанбау) жиілігі.

Технологиялық баға беру: адам мен табиғи ортаның өзара байланысы рекреациялық іс-әрекеттің «технологиясы» мен техникасы арқылы ерекшеленеді. Бағаның бұл түрі екі аспектіні қамтиды. Бір жағынан, технологиялық баға беру бүкіл рекреациялық жүйедегі жұмыстарының мүмкіндіктерін бағаласа, екінші жағынан аумақты игеру үшін инженерлік-құрылыс мүмкіндіктерін бағалайды. Мұндарекреант көзқарасынан бағалау субъекті рекреациялық сала бола­ды. Рекреациялық салада пайдалануы үшін табиғи кешен біршама халықтың демалысы мен санаторлық емдеуін ұйымдастыруға жарай-тын қасиеттеріне (жайлылық, шипалық қасиеттері және т. б.), коры мен көлеміне жәнеұзақ уақыт пайдалану мүмкіншілігіне ие болуы қажет.

Туристік-рекреациялық ресурстарды бағалау үшін ең қолайлы тәсіл- ландшафтық картаны пайдалану, себебі мұндай жағдайда бағалау объекті ретінде синтетикалық бірліктер - табиғи аумақтық ке­шендер болады. Бірлік дәрежесі зерттеу және оған сәйкес карталардың масштабымен анықталады: орта масштабта - аудандар, ландшафтар немесе олардың ірі бөліктері (жергілікті жерлер), ірі масштабта - уро­чище (мекендер) мен фациялар.

Ең алдымен рекреацияның шектеулер сулбасы құрастырылады, ол үшін табиғи және шаруашылық шектеуші факторлар ескеріледі. Тек осыдан кейін баға беру жұмысына кірісуге болады. Шектеуші фак­торлар мынадай болуы мүмкін: климаттың қолайсыздығы, жыртқыш жануарлардың кездесіп қалу мүмкіндігі, санаторлық-курорттық емдеу үшін қолайсыз микроклиматтық жағдай; жағажай, су, құрылыс жерінің жетіспеуі және т. б. Алдың ала табиғи аумақтық кешендердің қазіргі пайдалану сүлбасы құрастырылады және халық шаруашылық жоспарлары ескеріледі. Қалалар мен өнеркәсіп нысандарының әсерету зоналары, пайдалы қазбаларды өндіру орындары, ауыл шаруашылық жерлері және т.с.с. бағаланатын аумақтарға кірмейді.

Технологиялық баға беру критерийлерін таңдау - кәдімгі үлкен зерттеу жұмысы, ол әлі де толығымен аяқталған жоқ. Критерийлер біздің субъект-объект қатынастары жөніндегі білімімізді көрсетеді. Ал біздің қарастырып отырғанымыз жеке тұлғалар мен әлеуметтік топтардың талаптары емес, бүкіл сала болғандықтан, баға беру субъектісі жалпылану керек, тіпті кейбір субъективтік талаптар қарастырылмау керек. Сонда баға беру субъекті ретінде рекреациялық шаралар түрі, олардың кешені, демалыс пен туризм формалары мен түрлері және т.б. қарастырылуы мүмкін.Ал енді шаруашылық іс-әрекетінің ірі аялары үшін жер бөліну бойынша екіталай жағдай туындаған кезде аумақты бүкіл рекреациялық сала үшін бағалау қажеттілігі пайда болуы мүмкін.

Баға беру жұмысының соңғы кезеңі - бағаның түрін анықтау. Қазіргі шақта бағаның екі түрі бар: сапалық және баллдық. Сапалық баға аумақтардың морфологиялық құрылымның анализі бойынша бағалық белгілерді логикалық түрде дәлелдеуге мүмкіндік береді. Соның негізінде кысқаша сипаты бар баллдық баға дұрыс қойылады. Сонымен қатар, математикалық әдістерді қолданған кезде сапалық тетік факторлардың салмақтарын дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Рекреация үшін табиғи жағдайларға баға берудің критерийлерін анықтау жұмыстарымен көптеген елдердің ғалымдары айналысады. Осындай зерттеулердің арасында 1973 жылы шыққан Д.И. Мухинаның «Методы и принципы технологической оценки природных комплек­сов» (Табиғи кешендерге технологиялық бағаберудің әдістері мен принциптері) атты жұмысы маңызды болып табылады. Бұл еңбекте рекреациялықбағалау үшін әдістемелікұсыныстар келтірілген. КСРО-ның табиғи аймақтарына рекреациялық баға беру әдістемелері туралы 1969 жылы шыққан Ю.А. Веденин мен Н.Н. Мирошниченконың жұмысы бар.

Я. Варшиньска (Польша, 1974) табиғи ресурстарының туризм мен демалыс мақсаттарында бағалауды сандық көрсеткіштерін таңдап алынған математикалық функция арқылы өтетін трансформациясына негізделген бағаберу әдісін ұсынған. Бұлұсыныс Краков аймағын тау туризмі мақсатында бағалау үшін қолданылған. Ол үшін негізгі ландшафттық сипаттамалар: жер бедері, гидрографиялықторы, өсімдік ескерілген.

Бұл тақырыптағы жұмыстар әсіресе 60-шы жылдардың соңынан бастап белсене жүргізілуде. Жалпы туристік қасиеттер жүйеленетін, терминология анықталатын теориялық жұмыстармен бірге туристік қасиеттердің аттрактивтілігін (тартымдылығын) анықтауға арналған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мұнда қолданатын ең сүйікті әдіс - бонитировка әдісі. Бұләдіс кең қолданылады және мұнда субъективтік элементтерден құтылу әрекеттері жүргізіледі, себебі субъективтік фактор баға бергенде дұрыс қорытынды жасауға кедергі болады. Кейінгі кез­де «тартымдылық (жарамдылық) коэффициенті» деген синтетикалық көрсеткіш қолданылады. Ол 0-ден 1-ге шейін өзгереді және1 дегеніміз тартымдылықгың максималды деңгейі болып табылады.

Демалушылар мен туристердің табиғи-рекреациялық айналасына деген таңдау сипаты бәріне мэлім. Рекреациялық зонасының табиғаты әртүрлі болған сайын, оның табиғи әлементтерінің саны да көп болады, жәнерекреациялық іс-әрекеттің көптеген түрлеріне қолайлы болады. Рекреациялық жергілікті жерді функциялары бой­ынша бағалау көптеген әлементтерге тәуелді. Мұнда рекреациялық жергілікті жер деп рекреациялық мақсатта қолдану алгышарттарына ие болатын табиғи кешенді айтамыз. Жергілікті жер функциялары дегеніміз табиғи кешеннің рекреациялық іс-әрекет түрлері үшін пайдалану мүмкіншілігі. Рекреациялық іс-әрекет түрлері, яғни функциялар саны сандық көрсеткіш арқылы сипатталады, әрбір функция бір түріне теңдес.

Рекреациялық жергілікті жердің қабілеті жететін функциялар сум-масын білсек, оның тартымдылық (жарамдық) коэффициентін табуға болады. Ал осы коэффициент арқылы қандай да болсын аймақтың рекреациялық жергілікті жерлердің бағалануы өткізіледі.

Тартымдылық (жарамдылық) коэффициент! бойынша рекреа-циялық жергілікті жерді бағалау үшін ландшфтық карта, ландшафтық сипаттама және зерттелу аймағының рекреациялық функцияларының суммасы қажет.

Тартымдылық (жарамдылық) коэффициенті бойынша рекреа-циялық жергілікті жерлердің бағалану бағдарламасы мынадай кезең-дерден тұрады:

а) аталған аймақта мүмкін болатын рекреациялық іс-әрекет түрлерін болжап, зерттеу және олардың санын анықтау;

ә) рекреациялық жергілікті жер мен айналасын сипаттайтын материалдарды талдау, мұнда табиғи компоненттер бөлек түрде және біріктіріліп зерттеледі;

б) әртүрлі рекреациялық іс-әрекет жүргізу мүмкіншіліктерін анықтау;

в) рекреациялық жергілікті жер функцияларының суммасын есептеу;

г) аталған жердің жарамдылық коэффициенты (Кж) мынадай фор­мула бойынша есептеу:

К = С./С.,

жфа фж'

мұндаС - аймақ функцияларының суммасы;

С - жергілікті жер функцияларының суммасы.

Сонымен бірге туристік-рекреациялық ресурстарды дифференциалдық рентаның қалыптасуын ескеруімен, бір тектес ресурстар­ды игеру күндарын салыстыру арқылы, рекреациялық қызметтің экономикалық эффектін анықтау арқылы, рекреациялық ресурстар­ды пайдаланудан түсетін табысты анықтау арқылы бағалау әдістеріжасақталуда.

Табиғи ресурстарды демалыс пен туризм мақсатында антропогендік жүктеме нормаларына сәйкес пайдалану кджет. Осындай нормаларды анықтау үшін биологиялық және психологиялық әдістер қолданылады. Биологиялық әдіс бойынша туристік ауыртпалық табиғи кешен өз биологиялық қасиеттерінен айырылмай шыдай алатындай 1 гектарға келетін адамдар санымен анықталады. Бұл көрсеткіштер әртүрлі табиғи кешендер үшін бірдей емес және олардың антропогендік әсерне деген шыдамдылығына, мысалы, тапталуға, топырақтың нығыздалуына, тамырлардың бұзылуына тәуелді. Орман мен жайылым биоценоздарына түсетін рекреациялық ауыртпалықтың рұқсатты нормалары 8-ші кестеде көрсетілген.

8-кесте

Рұксат берілген рекреациялық жұктеме нормалары [36]

Табиғи кешен Норма, адам/га
  Өте құрғақ топырактағы қарағай орманы 0,5-1
  Құрғақ топырактағы қылканды орман 1-2
з Аралас және жапыракты К¥Рғақ орман 2-3
  Құнарлы топырақтағы жалпақ жапыракты орман 3-5
  Құрғак анғардағы, жайылмадағы, ойпаттағы және баска да орташа ылғалды жерлердегі жайылымдар. 5-10 10-20

Туризм мен демалыс ресурстарына табиғи ресурстарымен бірге антропогендік (мәдени) ландшафтар ресурстары да жатады. Мәдени-тарихи әлеует дегеніміз — бұл тарихи ескерткіштер, естелік орында-ры, қолөнер, мұражайлар және материалдық және рухани мәдениеттің басқа да нысандары. Мәдени-тарихи ресурстар туристік қызметте қолданылады. Олардың ішінде ең көп тараған түрлері - мұражайлар мен экскурсиялық-туристік қызмет көрсету.

Мәдени-тарихи ресурстарға баға беру әдістері мынадай [13]:

1. Экскурсиялық нысандардың аудан бірлігіне келетін тығыздығын, олардың санын және аумақ бірліктері (әкімшілік, экономикалық) мен туристік орталықтары бойынша қүрьілымын анықтау.

2. Экскурсиялық нысандардың демалыс пен туризм ұйымдастырушылар көзқарасы жағынан негізгі көрсеткіштер бойын­ша (танымдық құлдылығы, әйгілі болуы, аттрактивтілігі, келбеті, қоршаған ортаның медициналық-географиялық қасиеттері) баллдық баға беру.

3. Нысанның экскурсиялық әлеуетін оны қарап шығу үшін қажетті және жеткілікті уақытын анықтау арқылы есептеу. Нысандардың белгілі түрлерін қарап шығу үшін орташа уақыты көрсетілген типологиялық кестені құрастыру.

4. Экскурсиялық трассалар мен маршруттардың аттрактив-тілігін трассада да, маңындағы зоналарда да орналасқан мәдени-тарихи ны-сандарды ескеріп бағалау.

Әлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурстарды құрасты-ратын неше түрлі объектілерді талдауға оларды санақтау, сипаттау және топтастыру кіреді. Мәдени-тарихи нысандарын тіркегенде және оларға сипаттама бергенде оның атауын, орналасуын, маркировкасын (белгіленуін), иесін, нысан бойынша эдеби жәнебасқа көзнамаларды, орналасу сүлбасын атап көрсетіп, оның қысқаша суреттемесін жасау керек.

Мәдени-тарихи нысандарға баға берудің келесі, бұдан маңызды кезеңі - олардың рекреациялық, маңызы бойынша типологиясы. Типологияның негізінде мәдени-тарихи нысандардың ақпараттық мәні жатыр: қайталанбауы, аталған түрге жататын нысандар арасында үлгілі болуы, танымдық және тәрбиелік маңызы, көркемділігі (аттрактивтілігі).

Әлеуметтік-экономикалық нысандардың рекреациялықмақсаттағы акпараттьшығын оларды тамашалау үшін қажетті және жеткіліктіуақыт мөлшерімен өлшеуге болады. Осындай уақытмөлшерін анықтау үшін нысандардың мынадай көрсеткіштер бойынша жіктелуін жасау керек:

1) нысанның көрсетуге арналған ұйымдастырылу деңгейі;

2) экскурсантгардың нысанды қарап тұратын кездегі орналасуы. ¥йымдастырылу деңгейі бойьшша нысандар арнайы ұйымдас-тырылған, мысалы, мұражайлар, монументтер т. б., және көрсетуге ұйымдастырылмаған нысандар, мысалы, қаланьщ көріністері, көшенің перспективасы және т.с.с. болады. Қарап көру мақсаты мен экскурсияның негізі болғандықтан, ұйымдастырылған нысандарды көру үшін ұйымдастырылмаған нысандарға қарағанда ұзақ уақыт керек. Ұйымдастырылмаған нысандар экскурсия бағдарламасындағы ұсақ-түйектерге үңіліп қарайтындай емес жалпы көрініс болып табылады.

Экскурсанттардың нысанды қарап тұратын кездегі орналасуы бойынша нысандар интерьерлік (экскурсант нысанның ішінде орналасады, ішкі жағынан қарап кору) жәнеэкстерьерлік (экскурсанттар нысан сыртында, сырттан қарап шығу) нысандарға бөлінеді. Экстерьерлік нысандарды көріп шығудың жалпы уақыты интерьерлік объектілеріне қарағанда ұзақ болады.

Экскурсия тақырыбына орай (бұрынғы КСРО-да кәсіподақтық туризмде экскурсиялар 9 тақырыптық топқа жіктелген) онда мақсаттық, қосымша және қосалқы нысандар болады. Мақсаттық нысандарды көріп шығу үшін экскурсия уақытының 50%, қосымшаларына 30% шамалы, қосалқы нысандарға 20% шамасында жүмсауға келісіп алуғаболады.

Мәдени-тарихи нысандарына (тарих пен мәдениет ескерткіштері) экономикалық баға берген кезде осы ескерткіштер орналасқан аумақтарға дифференциалдық рента қолданылмайды, есептерге кіргізілмейді. Экономикалық баға көрсеткіші ретінде ескерткіштерді пайдаланудың тікелей эффекті (кіру бағасы, экскурсиялық қызмет көрсету бағасы) және танымдық, тәрбиелік ақпаратынан болатын жасырын экономикалық эффекті қабылданады.

Қазіргі ғылыми әдебиетте туризм мәселелерін кешенді түрде зерттеу қажеттілігі талқылануда. Сондықтан туристік ресурстар (мүмкіншіліктер) ұғымына тұрмыс жағдайы мен қызмет көрсету жүйесін (қонақ үйлер, туристік базалар, қызмет көрсету мәдениеті, көлік жағдайы мен құралдары және т. б.), яғни инфрақұрылымды кіргізу керек. Кейбір авторлар мұнда сонымен қатар нақты туристікаудандардың салт-дәстүрлері мен көпшілік үшін сүйікті болуын қосады.

Географиялық жағынан туризмнің даму жолдарын анықтаған кезде табиғи, мәдени-тарихи жәнеәлеуметтік-экономикалық жағдайьша баға беру; туристік мекемелер мен маршруттардың қалыптасқан торын тал-дау; рекреациялық аумақтардың сыйьімдьілығьін анықтау қажет. Осьшың нәтижесінде рекреациялық аудандастыруды откізуге болады.

Е.В. Ефременконың (1980) айтуынша, кешенді бағаның құрамына 1) табиғаттың мүмкіншіліктері; 2) аумақты мәдени жағынан игеру дәрежесі; 3) экзотикалығы; 4) бос уақытта өткізілетін шаралардың әртүрлілік дәрежесі бойынша туристік мүмкіншіліктер; 5) тарихи-мәдени объектілер; 6) тұрмыстық қызметтер; 7) әйгілілік дәрежесі мен салт-дәстүрлер бағалары кіреді. Сойтіп, туристік мүмкіншіліктерді кешенді түрде анықтау үшін әрбіреуі бірнеше басқа көрсеткіштерден тұратын 6-7 көрсеткішті қосып есептеу керек. Факторлардың біреуінің басым болуына негізделіп, рекреациялық іс-әрекеттің функционалды типтерін анықтауға болады. Сауықтыру туризмі үшін 1+2+3+4+6, спорттық сауықтыру туризмі үшін - 2+3+4, танымдық туризмі үшін 2+3+5 факторларының интеграциясы маңызды. Басқаша айтқанда, «біріктірілген туристік әулет» ұғымын енгізу және оның анықтау критерийлерін табу уақыты келді.

Бонитировка арқылы ең үлкен туристік ағымдарды анықтауға, туристер құрамы жонінде жанама мәліметтерді табуға болады. Әдетте табиғи әулеті жоғары маршруттарға жастар аттанады, ал белгілі мәдени-тарихи ескерткіштері орналасқан жерлерге жасы келіп қалған адамдар барады. Бірақ қалай да болса, туристер бонитеті жоғары жер-лерде шоғырланады.

Бонитировка жүйесі туристік аудандарды топтастырудың объек-тивті, шынайы критерийлерін береді.

Қайталау сұрақтары

1. Туризм географиясының әдістемелігі жөнінде әцгімелеп берініз.

2. Қандай себептен аумаща рекреациялықбаға беру туризм географиясының басты міндеттерінің бірі болып табылады?

3. Табиғи туриспгік-рекреациялықресурстарга баға беру жөнінде айтып беріңізҚандай себептен оларга әлеуметтік-экономикалықресурстардан бұрын баға беріле бастаган?

4. Табиғи туристік-рекреациялық ресурстарга баға берудің медщиналық-биологиялық туріне сипаттама беріңіз.

5. Туристік-рекреациялықресурстарга бағаберудің психологиялық-эстетикалықтүріне сипаттама беріңіз.

6. Туристік-рекреациялық ресурстарга бағаберудің технологиялық түріне си­паттама беріңіз.

7. Аумацтың туристік бонитировкасы деген не?

8. Жарамдылықкоэффициент! деген не? Оны капай есептейді?

9. Әлеуметтік-экономикалық туристік-рекреациялықресурстарга баға беру жөнінде айтып беріңіз.

10. Жалпы туристік әпеует деген не?

§ 5 Территорияның туристік-рекреациялық сыйымдылығын зерттеу мәселелері

Соңғы кезде территорияның рекреациялық сыйымдылығы өзекті мәселеге айналып барады. Бұл халық демалысын қамтамасыз етумен және рекреация зоналарында табиғатты қорғаумен байланысты. Территорияның рекреациялық сыйымдылығы дегеніміз - бұлосы территорияда бір уақытта бола алатын, табиғаттың тұрақты бірқалыптылығын бұзбайтын және демалу жағдайын нашарлат-пайтын, рекреанттардың максималды саны. Туристік маршруттың рекреациялық сыйымдылығы - оның қауіпсіздік техникасын бұзбаған жағдайдағы өткізу мүмкіндігі. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, территорияның рекреациялық сыйымдылығын анықтағанда туристік-рекреациялық іс-әрекеттің объектісінен, яғни рекреациялық потен-циалдан бастау керек. Рекреациялық потенциал дегеніміз - демалыс пен туризмді ұйымдастыру үшін табиғаттың, мәдени-тарихи және әлеуметтік-экономикалық құлдылықтардың жиынтығы.

Бағалау аукымына қарай рекреациялық әлеует пен оның әлемент-тері, аумақтың рекреациялық сыйымдылығы ұғымдарының көлемі өзгереді. Бірінші дәрежедегі экономикалық аудан немесе ел деңгейінде рекреациялық әлеуетке рекреацияның ресурстық бөлігімен бірге шаруашылық әлеуеті де - негізгі қор мен еңбек ресурстары кіреді. Бұларға қарағанда курорттың немесе ұлттық саябақтың функционалды зонасының әлеуеті әлементтерінің (мысалы, биотоп) саныәлдеқайда төмен.

Экономикалық аудан немесе ел деңгейінде рекреациялық по­тенциал рекреациялық ағымның экономикалық даму деңгейіне,халық өмірі деңгейіне, демалыс пен туризм саласына еңбек ресурстарын тарту мүмкіншілігіне тәуелді. Рекреанттар ағымының көлемі елдің (ауданның) ауқымына; туристік-рекреациялық ресурстардың көлеміне, тұрақтылығына жәнеәртүрлілігі мен кеңістік пен уақыттағы таралуына, қажетті инфрақұрылым дамуына байланысты.

Кейбір ғалымдар рекреанттар ағымы, олардың елде (ауданда) болатын уақыты жәнетұрақты тұрғындар саны арасындағы өзара тәуелділігіне назар аударады. Мысалы, дамушы елдерде халықаралық туризм белгілі бір шамадан асып кетсе, азық-түлік дефицитын туындырады. Яғни, рекреациялық сыйымдылық елдің азық-түлік қабілетін де ескеруі қажет.

Рекреациялық сыйымдылық инвестиция салу мүмкіндігіне де тәуелді. Дамымаған елдер, туристік-рекреациялық ресурстары көп болса да, туризм мен оның инфрақұрылымына инвестиция жасай алмайды. Керісінше олар өзінің туристік-рекреациялық ресурстарын ая-май қолданып, жалпы рекреациялық потенциалын азайтады. Мысалға, Африка елдерінде аңшылық туризмінің қарқынды дамуы жабайы аңдардың азаюына әкеліп соқты. Кейбір зерттеушілер рекреациялық сыйымдылықты анықтағанда конақжайлылық сақталатындай туристер мен тұрақты тұрғындар арасындағы пропорцияларға назар ауда­рады. Мұндай қатынас 1:3 аспау керек.

Территорияның рекреациялық сыйымдылығын зерттеген кез­де туристік-рекреациялық пайдаланудың экологиялық аспектісіне назар аударған жөн. Алайда рекреациялық сыйымдылықты тек рекреациялық қажеттіліктер мен табиғаттың оларды қанағаттандыру қабілеті арасындағы қайшылық деп шектеуге болмайды. Оны ескеру керек, бірақ бұл жеткілікті емес. Аумақтың рекреациялық сыйымдылығы мәселесін шешу туралы рекреациялық табиғатты пайдалану жөніндегі тарауда айтылатын болады.

Жылдан жылға туризммен айналысатын адамдардың саны көбейіп келе жатыр. Сондықтан олардың табиғатқа тигізетін жағымсыз әсер байкалуда. Бұл жағдайда табиғатқа әсерететін рекреациялық салмақтың мәселесі де көтеріліп жатыр. Табиғатты деградациядан сақтау үшін және рекреациялықәрекетті жүргізуге комфортты жағдай жасау үшін рекреациялық салмакты оптималды қылу проблемасын тез арада шешу қажет. Бұл проблеманың мәні - нормативтер жасау аркылы табиғатқа әсерететің экологиялық салмақты ғылыми түрде дәлелдеуТабиғатқа әсерететін рекреациялық салмақтың нормативтері туралы мәлімет элі де аз. Көптеген нормативтер бақылаудың өте аз саны-на негізделеді, немесе тек қана жобалау мен пайдалану тәжірибесіне сүйенеді. Нормативтер «аудандастырылған» болуы керек, олар нақты ауданның табиғи компоненттерінің, функционалдық зоналарының жәнепайдалану тәртібі арасындағы тепе-теңдігін кдмтамасыз етуіқажет.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 1411; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.021 сек.