Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Туризм менеджменті 19 страница




КСРО-да алғаш рет рекреациялық аудандастыру жөнінде Б.Н. Ли-ханов пен B.C. Преображенский усыныс жасаған еді [6]. Аудандастырудың негізгі критериі - рекреациялық кәсіпорындардың орналасу тығыздығы мен олардың елдің негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз етудегі рөлі болып табылады. Авторлар елді төрт рекреациялық зонаға, ал зоналарды рекреациялық аудандарға бөлді.

Туристік аудан анықтамасы жоғарыда (2-тарау) келтірілген. «Туристік аудан (аймақ)» ұғымын анықтайтын көзқарастар мен кри-терийлерді бірқалыпты қылу қажеттілігі туындады. Әзірше біркелкі қөзқарас ғылыми зерттеулерде де, әкімшілік және шаруашылық ор-гандарында да қалыптаспаған.

Көптеген елдерде туристік аудандастыруды рекреациялық және табиғи аудандастырумен шатастырады. Табиғи әлементтерінің маңызын ескере тұра, туризмнің танымдық процесімен тығыз байланыста болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыс екенін умытпаған жөн, туризмнің бұл аспектісі келешекте кеңейіп, ұлғаятын түрі бар. Көптеген туризм географтары туристік аудандастыруды тіпті физикалық географиялық аудандарының негізінде өткізе береді.

Соңғы жылдарда бұрынғы КСРО-да рекреациялық аудандар жөнінде көп зерттеулер жүргізілді. Рекреациялық аудандастырудың негізіне демалыс, емделу, содан кейін ғана туризм үшін табиғаттың жағдайларының анализі мен бағалануы жатты. Сонымен рекреациялық аудандастырудың ішінде екі тенденция пайда бола бастады:

1) мұнда демалыс пен туризм аудандары жеке бір физикалық-географиялық аймақтардың ішінде қалыптасады. Сонда әрбір ірі физикалық-географиялық бірлікте бірнеше аудандар болуы мүмкін;

2) физикалық-географиялық аудандардың шекарасы рекреациялық аудандардың шекарасына сәйкес келеді.

«Рекреациялық аудан» деген ұғымды пайдалану тек қана табиғаттану зерттеулерін жүргізуге мүмкіндік береді, ал шаруашылық,

-халықтық, көліктік жағдайларды анықтау өте қиын, кейде мүмкін емес, себебі рекреациялық ауданның нақты белгіленген шекарасы анықталмаған. Сондықтан туризм статистикасын жүргізуге де жағдай жоқ.

Туризм мәселелерін шешуге экономикалық географтар да қатысқан еді. Олар рекреациялық аудандастырудың негізіне экономикалық аудандастырудың қағидаларын жатқызды. Яғни рекреациялық аудан­дар экономикалық аудандарға сәйкес келеді. Бұл өз кезегінде салалық аудандастырудың қағидаларына қайшы келеді, яғни туристік және рекреациялық аудандастырылу араласып кетеді. Рекреацияға туризм кіргендіктен олардың айырмашылықтарына қарамай осы процесс бойынша аудандастыру жүргізіледі.

Туристік ауданды «туризм үшін әлеуметтік-экономикалық, мәдени-тарихи және табиғи-географиялық жағдайларды біріктіретін территориялық бірлік» ретінде қарастырсақ, онда туристік аудан-дардың шекарасы әкімшілік аудандардың шекарасына сәйкес келеді деп айтуға болады. Яғни әкімшілік аудандар - бұл нақты белгіленген

әкімшілік аумақтар.

Әкімшілік аудан дегеніміз не? Бұл төменгі сатыда орналасқан әкімшілік-шаруашылық аудан,яғни территорияның экономикалық аудандастырылуының бастауыш ұйымы (бірлігі).

Географиялық әдебиетте «туристік аудан» мен «туризм ауданы» деген ұғымдарды жиі шатастырады. Туристік аудан дегеніміз белгілі бір территориялық бірлік, ал туризм ауданы - туризмнің таралу аймағы. Туристік аудан экономикалық географтардың зерттеу объектісіне жатады. Туризм ауданы болса, сәулеткерлер мен жоспарлаушылардың зерттеу объектісіне кіреді. Ал шынында географтар туризм ауданда-рын зерттеумен айналысады, осының нәтижесінде терминологиялық түсініспеушілік пен ауытқулар байқалады.

Бұл жөнінде Л.И. Мухина былай деп айтады: «туризмді белсенді демалыс ретінде қарастырсақ, туризмнің белгілі түрі (немесе бірнеше түрі) үшін пайдаланатын (немесе пайдалануы мүмкін) кез келген ау­данды туристік аудан деп атай аламыз. Алайда бірнеше дәрежедегі аудандарды - жергілікті, облыстық, жалпыұлттық, халықаралық туристік аудан - айыру қажет» [6].

B.C. Преображенскийдің пікірінше, «туристік аймақ дегеніміз ту­ризм дамуының ауданы. Оны туристік аудандастыру кезінде бөлінген «ауданнан» айыру керек, себебі онда:

а) аудандар торы тегіс, бұл бөлінген аудандардың барлығы туристік аудандастыру аудандары болып табылады деген сөз, яғни олар туристік аудандар деп атала беруі мүмкін;

б) қазіргі және болашақтағы туристік сұраныстың қалыптасу аудандарды жәнетуристік сұраныс қанағаттандырылатын аудандарды (шаралардың уақыт циклдары бойынша) бөліп атауға бо­лады. Экономикалық географияда туристік аумақ дегеніміз туристік экономикалық ауданы басым немесе шаруашылық саласы ретінде туризм маңызды немесе басты рөл ойнайтын салалық экономикалық аудан; оның маңызы табыс әкелу деңгейі, саладағы еңбекпен қамтылу деңгейлері бар критерий бойынша анықталады» [6].

Рекреациялық жәнетуристік аудан анықтамаларын салыстырсақ, туризмді рекреация түрі ретінде қарастыруға болғандығынан туристік аудан - рекреациялық ауданның бір түрі деп айтуға болады.

Н.С. Мироненко менИ.Т Твердохлебов айтуынша, «рекреациялық аудандастыру салалық әлеуметтік-экономикалық аудандастырудың бір түрі болғандығынан, рекреациялық ауданды салалық экономикалық аудандар класына жатқызу керек» [5].

Олардың рекреациялық (туристік) аудан анықтамасы мынадай: «рекреациялық (туристік) аудан дегеніміз аумақтың табиғи жәнемәдени-тарихи кешендері мен оның экономикалық шарттарын пайдаланып, рекреанттар қажеттіліктерін ең жақсы түрде қанағат-тандыруға мүмкіндік беретін, рекреанттарға қызмет көрсетуге мамандандырылған, экономика жагынан өзара байланысты рекреа-циялық кәсіпорындарының аумақтық жиынтығы» [5].

Сонымен бірге, рекреация және онымен байланысты салалар кешені басым болатын және аумақ дамуының негізін күратын рекреациялық ауданды интегралдық экономикалықаудан деп атауға да болады.

Сөйтіп, туристік аудан - туризмнің дамуына арналған бірнеше табиғи, тарихи-мәденижәне әлеуметтік-экономикалық жағдайлары бар экономикалық салалық аудан. Осыларға байланысты ауданда туристік іс-әрекеттер басым болып келеді. Туристік аудан - әлеуметтік-экономикалық категория, оның рекреанттарға қызмет корсету бойын­ша аумақтық жүйесі ретіндегі ұғымы қоғамдық еңбектің аумақтық бөлінісіне негізделеді.

Туристік аудандардың бірқатар ерекшеліктері бар: туристік аудан - өзінің сипаты мен өнімі бойынша әлеуметтік құрылым. Туристік ауданның өнімі - халықтың физикалық және рухани күшін қалпынакелтіруге және жетілдіруге арналған туристік қызметтер; туристікаудандардың өндіріс үрдісі бөлек кезеңдерде өтетін басқа салалықаудандардан айырмашылығы - онда қоғамдық үдайы өнірісініңтөрт сатылы процесі қатар жүреді: өндіріс, алмасу, тарату жәнетұтыну. Туристік аудандарда екі шеткі сатылар арасында (өндіріспен тұтыну) уақыттық үзіліс жоқ. Бұл алдыңала жинақталмайтынтуристік қызметтерге жататын қасиет; туристік аудандар ресурстарғабағытталады. Яғни тау-кен, балық, орман өндірістік салалармен жәнеауыл шаруашылық аудандарымен туристік аудандардың үқсастығы- ұзақ (жыл бойы) демалыс функциясын атқаратын туристік аудандарды орналастыру үшін жеткілікті түрде ресурстардың болуы керек; көптеген туристік аудандарға тән қасиет табиғи ырғақтарға жәнеқоғам өмірінің ұйымдастырылуына сәйкес мезгілмен жұмыс істеуі.

Туристік аудандардың калыптасу шарттары - табиғи жәнеәлеуметтік-экономикалық орта болып табылады.

Туристік аудандардың қалыптасуын былай суреттеуге болады. Өзіне туристік аймақпен бірге қазіргі мезетте туристік аймақ бөлігі болмайтын туристік нысандар кіретін аумақ «туристік кеңістік» (С. Лишевский, 1995), кеңес әдебиетінде «рекреациялық кеңістік» бо­лып табылады. Кеңістік ішіндегі туризм дамуының алғашқы кезеңдері туристік аймақтың ерекшеліктерін әзірше анық көрсетпейді. Әуелі туристік аймақ туристік қасиеттермен ассимиляция мен колониза­ция арқылы көзге түседі, бірақ бұл қасиеттері урбандану кезеңінде аса карқынды туристік игеру нәтижесінде («туристофикация») жоққа шығады. С. Лишевскийдің айтуынша, туристік кеңістік түрлері ту­ризм дамуының фазаларын (кезеңдерін) және аумақты игеру деңгейін көрсетеді [37]. Мүлдай жағдайда туристік аймақтар таңдалып алған критерийлер бойынша бірқалыпты ареалдар болып табылады.

Бүдан кейінгі маңызды мәселе- туристік аймақ пен ТРЖ арасындағы айырмашылықтарды анықтау (В. Преображенский, С. Лишевский, М. Бочваров).

Басты жүйе қалыптастырушы фактор - сала блоктары (жүйе бөліктері) арасындағы байланыстар болып табылады. Ал аймақ қалыптастырушы фактор - жүйе бөліктерінің нақты әлементтерінің бір-бірімен және табиғи, әлеуметтік-экономикалық, мәдени орталары әлементтерімен аумақтық үйлесулері болып табылады. Осыбайланыстар арқылы аталған аумақтың туристік мамандандырылуы қалыптасады. Аймақ, бір жағынан, үлкен кеңістік инфрақұрылымның бір бөлігін ғана қамтиды (байланыстырушы ұғым), екіншіден, туристік сала әлементтерін біріктіруімен бірге, әртүрлі артефакттар мен ментифакттарды да біріктіріп, олармен бірге біртұтас болады да аймақтағы туризм мен рекреация дамуына әсеретеді (кең ұғым).

Туристік аймақ ерекшеліктеріне әсерететін туризмнің кеңістіктік қырларына сипаттама берейік.

Туристік кеңістік үш негізгі әлементті: туристер сұранысы мен рекрутациясының (шығу тегі) қалыптасу аумағын; қызмет көрсету ұсынысы аумағын (сұраныстың іске асырылатын аумағы, оны туристік дестинация аумағы деп атайды) және оларды байланыстыратын аумақтарды (сұраныс аумағынан ұсыныс аумағына жету үшін көлік қажет) қамтиды.

Туристік аймақ туризмінің дамуында өзгерістер факторы ретіндегі туризмнің дамуы ең басты рөл ойнайды. Сұраныс пен байла­ныстырушы аумақтардың шығу тегі туристік аймақтар шығу тегіне мүлдем үқсамайды. Сыртқы орта мен туристік аймақ арасындағы айырмашылықтарды және бүкіл кеңістік ерекшеліктерін анықтау өте маңызды мәселе болып табылады. Сонымен қатар, О. Рогалевский (1974), С. Лишевский (2002) және т. б. туристік аймақтардың пішініне де назар аударады. Олар зоналық, тораптық, ареалдық (шашыраңқы) және т. б. аймақтар болуы мүмкін.

Туристік құндылықтар (туристік-рекреациялық әлеует, туристік-рекреациялық ресурстар) - гетерогендік (шығу тегі бойынша әртүрлі) күлдылықтар. Бастапқы туристік қүндылықтардың бір бөлігі табиғи күлдылықтар, ал екінші бөлігін адам жасаған. Олардың география­сы әртүрлі. Табиғи құндылықтар аз өзгерген табиғи орта, ал екіншісі - жасанды орта болып табылады. Нысандардың осы екі топтары арасындағы шекара айқын емес: кейбір ресурстарды табиғатпен бірге адам да қалыптастырады (мысалы, су бөгендері).

Бастапқы туристік қүндылықтардың орналасуы туристік ма­мандандырылуы бар аумақтардың тұрақталуын қалыптастырады. Құлдылықтардың өзі туристік ресурстар емес. Оларды ресурстарға айналдыру үшін белгілі қаржы жүмсап, шаралар жасау қажет. Тек осыдан кейін оларды нарықта қызметтер (туристік өнімдер) ретінде ұсынуға болады.

Туристік аймақ өмірінің ерекшелігі оның маусымдық сипаты болып табылады. Мұның себебі - жыл бойында табиғи кұндылықтардыбірқалыпты пайдалануға болмауы жәнеәртүрлі әлеуметтікфакторлардың әсері. Ресей географтары И. Твердохлебов пен Н. Мироненко (1981) туристік аймақтардың мазмүны мен сипаттамаларымаусымдарға байланысты өзгеріп түрғанынан және мұндай жағдайбасқа салалар үшін тән емес болғандықтан туристік аймақтар жөніндежалпы түрде айтуға болмайды, дейді. Кейбір авторлар (мысалы,П. Мариот) интегралдық аймақ деген болмайды немесе шындықтабіз аймақтардың екі түрі жөнінде айтуымыз керек, деп айтады.

Аймақтардың бұл екі түрі логикасы және кеңістік-уақыт қағидаларыбойынша бір-бірінен айырылады: каникулдық-демалыстық аймақтар(жоғары сапа мен мамандандырылуға бағытталған) және уикэндтік-мерекелік аймақтар (оның шарты - туристік қүндылықтардың оңайқол жетерлігі, мұнда аумақтың игерілуі онша маңызды емес, мұнда еңалдымен қаланың әсер ету зонасы ескеріледі).

Туристік аймақ - салалық және функционалды аймақ. Қажетті шарттардың болуы аймақтың міндетті түрде туристік аймақ болуы деген сөз емес. Мұндатек болашақта туризмнің даму потенциалы бар зоналары жөнінде айтуға болады.

Туризм қырларының бірі туристік аймақтардың жіктелуі, мысалы, теңіз маңы, тау, діни туризм аймақтары және т. б. Бр мамандандырылған туристік аймақтар болады.

Туристік аймақ ұғымы туризм классификациясында маңызды ақпараттық және дидактикалық рөл ойнайды.

Туристік аймақтардың шекараларын анықтау оңай мәселе емес. Шекараларды өткізу үшін қандай нәрсе ең маңызды болады - табиғи жағдай ма, шаруапіылық іс-әрекеті ме, әкімшілік бөлінуі ме? Мысалға, туристік аймақ шекарасын тауда қалай өткізу керек - аңғарлар мен өзендер бойымен, тау жоталары суайрықтарымен, әлде туристік аймақ тауға барамын деген туристер келетін елді мекендер, шаруашылық нысандар мен терминалдар орналасатын тау бөктерлерін қамту ке­рек пе? Гималаи тауларын бір туристік аймаққа жатқызу керек пе немесе, оның бөліктері бір-бірінен бөлек орналасқан болғандықтан, көршілес шатқалдарды аймақ құрамына кіргізу үшін шекараларын Қытай, Непал, Үндістан территориясына тереңдетіп енгізу керек пе? Альпі территориясы автомобиль, темір және аспалы жолдарымен жақсы қамтамасыздандырылған. Бірақ осыған негізделіп, ита-льян Альпілерін Ломбардия мен Пьемонттан, австриялық - Дунай, Штирия мен Каринтиядан, швейцариялық - Солтүстік Швейцария жазықтарынан, француз Альпілерін Рона аңғарынан бөліп жүлып ала аламыз ба? Сонымен бірге тағы да бір сұрақ бар: туристік аймаққа туристік емес, бірақ функциялары мен аумағы бойынша байланысы бар территорияларды косу керек пе, керек емес пе? Сірэ, B.C. Преображенскийдің (1975) көзқарасы ең дұрыс болмақ:ол рекре­ация мен туризмнің салалық жүйелерін функционалды түтастық пен реттеу негізінде бөлінетін жүйелері ретінде қарастырады. Қалай да болсын, туристік кеңістікке туристік емес кеңістікті енгізу қажеттілігі мәселесі әзірше шешілмеген.

КСРО, Ресей географиясында туристік-рекреациялық аудандастырудың анық әдістемелігі түгелі оның біртүтас қабылданған қағидалары да жоқ. Мұның себептері мынадай: рекреациялық іс-әрекеттің өзіндік ұйымдастырылуының, туристік-рекреациялық баға беру сұрақтарының, толыққанды туристік ресурсты қалыптастыру мәселелерінің нашар зерттелуі.

Батые және поляк географиясы (КСРО, Ресей географиясымен салыстырсақ) XXғасырдың 80-ші жылдарынан бастап салалық және интегралдық аймақтар мәселелерімен айналыспайды. Бұл таң қалдыратын жайттің бірнеше түсіндірмесі бар [38].

Біріншіден, жаһандану факторларының әсерінен орталықтан-дырылған басқару маңызы жоққа шыққан кезде аудандастырудың жо-спарлау сайманы ретіндегі маңызы төмендеген. Ал аудандастыру бол-са, 30-шы жылдары басталып, орталықтандырылған және аймақтық жоспарланумен бірге дамып келе жатыр.

Екіншіден, интегралдық (табиғи-әлеуметтік-экономикалық) аймақүғу утпін өте күрделі және нақты әрекеттерді іске асыру негізін жасамайтын құрылым болып түсіндіріледі.

Үшіншіден, бір мақсатқа жету үшін кеңістікте қалыптастырылған функционалдық аймақтар арасындағы қатынастар өте маңызды. Мысал ретінде көршілес аудандарға қарағанда туризмі нашар дамыған аймақта туризмді дамыту жұмысын жүргізу мақсатын келтіруге бо­лады. Әдетте түрлі функционалды мақсаттар үшін аудандастыру ісі геоақпарат әдістерін қолданғанда едәуір жеңілдейді. Аумақтық дамуындағы жылдам өзгерістері болған жағдайда да бұләдіс өтепайдалы. Аудандастырудың мыңдаған нұсқалары болуы мүмкін, сондықтан аудандастыру дегеніміз нақты бір жерде нақты бір мақсатқа жетуге арналған әдіс болып табылады.

Төртіншіден, аудандастыру туризм дамуына қолайлы табиғи жағдайларды аудандастырумен теңдеседі және болашақта да теңцеспек. Еуропа мен Ойкуменада бұл жағдайлар бұрында белгілі болғандықтан, мәліметтер базасынан ақпарат алынып тұрса, аудандастырудың қажеті де жоқ. Ол туризмнің бастапқы кезеңдерінде ғана өте қажетті болған. Ол кезде ақпараттың қыруар көлемін реттеу, ресурстарды тегістеу қажеттілігі болған. Дегенмен аудандастырудың қажеті жоқ деген кезқарас қате сияқты: туризмнің нақты бір аумақтағы экологиялық, әлеуметтік, шаруашылық, мәдени, психологиялық әсерін бағалауын аудандастырусыз жасау мұмкін емес.

Бесіншіден, туризмнің қазіргі дамуы мұқият ұйымдастыруға, мар-кетингке, туристік өнімді нарықта өткізуге, яғни туристік аймақтан тыс орналасқан рекрутация аумақтарында қалыптасатын сұранысқа бағытталған. Осы күнге дейін аудандастыру туристік өнім ұсынысына бағытталатын. Маркетинг пен өнім өткізу мәселелері географиялық зерттеулер мен аудандастырудың негізі екенін географтар және осы проблемамен айналысатын басқа мамандар түсінуі қажет.

Еңбекшілердің туристік қызмет сұранысының өсуіне орай еңбектің аумақтық бөлінісі нәтижесінде демалыс пен туризм сфера-сы өзінің табиғи және әлеуметтік-экономикалық шарттары бойынша туристік іс-әрекет түрлерінің талаптары мен шаруашылықтың осы саласының аумақтық ұйымдастырылуына сәйкес болатын ең қолайлы аумақтарды өзі үшін «таңдап» алады. Демалыс пен туризм дамуының белгілі бір кезеңінде туристік іс-әрекеттің осы аумақта шоғырланып орнығуы пайда болады, ішкі және сыртқы байланыстар қалыптасады, үйлестіру орталықтарының иерархиясы пайда болады, жоспарлық-ұйымдастырушылық аумақтық басқару құрылады.

Экономикалық және әлеуметтік географияда әлеуметтік-эконо-микалық аудан тауарлық өнімнің ауданаралық алмасуымен сипатта-латын шаруашылығының мамандандырылуымен ерекшеленеді. Сол сияқты туристік ауданда рекреанттарға туристік қызмет көрсетуді өнімді осы ауданнан «сыртқа шығару» деп бағалауға болады. Деген­мен, туристік аудандарға тек халық шаруашылыгында туризм басым болатын аудандарды ғана жатқызуға болмайды. Мұндай аудандар әдетте аз болады.

Аумақты рекреациялық мақсатта аудандастыру жәнебағалау әртүрлі табиғи, экономикалық, әлеуметтік, физиологиялық, экологиялық, сәулеттік-көркем-суреттік және басқа факторларды ескеруді қажет етеді. Туристік аудандастыру әдістері аудандастыру ауқымы мен мақсаттарына тәуелді:

1) шаруашылық дамуының перспективті жоспарларын техникалық-экономикалық жағынан дәлелдеу үшін елдің ірі аймақтарының туристік потенциалын анықтау әдісі;

2) жеке облыстардың территорияларында халықтың демалысын ұйымдастыру мүмкіндіктерін аудандық жоспарлар жасау үшін анықтау;

3) жоспарда белгіленген демалыс зоналарында нақты туристік объектілерді орналастыру және олардың детальды жоспарлауын жа­сау.

Дәл қорытындыларды жасау үшін зерттеудің негізгі нысаны табиғи аумақтық кешен болуы керек. Туризмде пайдалану мақсатында жер бедері, су, өсімдік, климат, табиғат пен мәдениеттің қызыктыратын нысандары бағаланады.

Жыл мезгілдеріне демалысқа қолайлы күндер санын есептеп талдау жасасак, басқа әлементтерге қарамай-ақ, стационарлық демалысқа жарайтын аумақтар тізімінен қиыр солтүстік, биік тау, шөл аумақтарын алып тастауға болады. Шектеу факторларына, сондай-ақ, батпақтар және эндемиктік жүқпалы аурулар тарап кеткен жерлердің болуы, тарихи жәнесәулет өнері ескерткіштері жоқ жерлердегі тегіс урбандану жатады.

Туристік аудандастыруды тікелей шектеу факторларынан бастау керек, себебі көптеген артықшылық болып есептелетін факторлар болған жағдайдың өзінде жалғыз бір шектеуші фактор олардың барлығынан асып түсуі мүмкін.

Географиялық әдебиетте әсіресе аудандастырудың басқа түрле-рімен (мысалы, ауыл шаруашылық немесе өнеркәсіп) салыстырсақ салалық экономикалық аудандастыру мәселелері аз қарастырылған. Дегенмен рекреациялық жүйелердің таксономиясы, иерархиясы жөніндегі сэтті жұмыстарды атауға болады.

ТРЖ-нің иерархиясы, таксономиясы туралы Е.А. Котляровтың (1978), Н.С. Мироненко мен И.Т. Твердохлебовтың (1981) жұмыстарында айтылған.

Е.А. Котляровтьщ пікірінше, туристік-рекреациялық аудандастырудың төрт сатылы таксономиялық бірліктері болғаны дұрыс: республика (елке, облыс), аудан, рекреациялық жер, рекреациялық шағын аудан [13]. Н.С. Мироненко мен И.Т. Твердохлебов (1981) бұл жүйені бес буынға бөліп отыр: рекреациялық зона (аймақ), рекреациялық макроаудан, рекреациялық мезоаудан, рекреациялық микроаудан, рекреациялық пункт [5].

Туристік аудандастыру туристік саланыжоспарлау мен басқарудың негізін қщрайды. Туристік аудандастыру арқылы оның негізгі даму бағыты анықталады, туризмнің материалдық-техникалық базасының өсуі үшін аумақтың алғышарттары бағаланады. Табиғи жәнеәлеуметтік-экономикалық ресурстарын, көлік жағдайын, туристік инфрақұрылым деңгейін, басқа іс-әрекеттердің туристік іс-әрекетке деген оң және кері әсерлерін, туристік аудандардың өндірістік және аумақтық ішкі құрылымын бағалау негізінде аудандастыру кезінде әртүрлі дәрежедегі аумақтық рекреациялық бірліктердің шекарала-ры, олардың функционалды жәнеәлеуметтік маңызы, рекреациялық сыйымдылығы анықталады, рекреациялық игеру реті орнатылады.

Қайталау сұрақтары

1. Аумщтың туристік аудандастырылуы не үшін қажет? Аудандастырудың басқа түрлерімен оның қандай байланысы бар?

2. «Рекреациялық аудан» мен «туристік аудан» анықтамаларының айырмашылығын түсіндіріп беріңіз.

3. «Туристік аймсщ» (аудан) деген не? Аныңтамасын беріңіз. С.Лишевскийдің «туристік кеңістік» ұғымынан оның қандай айырмашылыгы бар?

4. Туристік аудандастырудаш экүйе цалыптастыруты және аймац қалыптастырушы факторлары деген не?

5. Туристік ауданның негізгі сипаттамаларын беріңіз.

6. Туристік аудандар шекараларын анықтау (делимитация) мәселелері жөнінде айтып беріңіз.

7. Батыс елдерінде салалықжәне интегралдың аудандастыру мәселелерімен неге айналыспай цойган?

8. Туристік-рекреациялықаудандастыру таксономиясы жөніндегі кеңес ғалым-дары еңбектері туралы әңгімелеп беріңіз.

ТУРИЗМ - ХАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢСАЛАСЫ




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 2507; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.05 сек.