Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Туризм менеджменті 21 страница




Туристік сұраныс динамикасы қоғамдағысаяси жәнеэкономикалық үрдістерге байланысты. Жалпы айтқанда туристік қозғалыс жылдам дамып келе жатыр, бірақ туристік қызметтің тұтгну үрдісі бірде жыл­дам, бірде баяу өтеді. Саяси тұрақсыздық немесе кейбір елдердегі немесе аудандардағы экономикалық конъюнктураның нашарлауы халықаралық және ішкі туризм көрсеткіштерін төмендетеді, ал керісінше, саяси жәнеэкономикалық жағдай түзелсе туризм өркендей бастайды.

Саяхат жасаған кезде турист қызметтердің жалпы, арнайы туристік және қосалқы түрлерін тұтынатынын түсіну қажет. Ең алдымен турист

баспананы, тамақты және көлікті қажет етеді. Бұл жағынан туристің жергілікті тұрғыннан айырмашылығы шамалы.

Сұраныстың екінші бөлігі, туристік сұраныстың дәл өзі, саяхат жасау түрткілеріне байланысты және өзіне тән сипаттамаларына ие: рекреациялық (демалу, көңіл көтеру, танымдық, әсер алу мақсатында), іскерлік (кәсіби қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында), көңіл көтеру, ойын-сауық, емделу, демалу, кәсіби не діни қажеттіліктерін қанағаттандыру сияқты саяхат жасау түрткілері бір-бірімен шиеленісіп тиесілі қызметке деген сұранысты тудыруы мүмкін. Мысалға, сим­позиум, конференция сияқты мэжілістерге келген адамдар үшін басқа да қосалқы қызметтер қажет. Олар өз жұмысын орындауымен бірге жергілікті қызықтыратын табиғи жерлерді, мұражайларды, ескерткіштерді көріп шығады, театрларға, концерттерге барады және т.с.с. Кейбір жағдайларда қосымша қызметтерден түсетін табыс конгрестік туризмінен түсетін табыстың жартысына дейін жетеді. Туристік сұраныс әртүрлілігі мен кешенділігіне орай біріктірілген туристік қызмет - «туристік тур» ұсынысы пайда болады.

Туристік сұраныс көптеген факторларға тәуелді, олардың ішіндегі ең бастылары: тұтынушының (туристің) табысы; оның бос уақыт ұзақтығы, тауарлар мен кьізметтер бағасы, туристік қызметтер саны мен сапасы және т.б. Сондықтан факторлардың өзгерісіне орай туристік сұраныс та біресе өседі, біресе төмендейді. Мысалға, ақылы жүйелі демалыстың енгізілуімен және еңбекакының өсуімен бірге туристік қызметтер мен тауарлардың тұтынуы да өседі. Немесе, Шарджа Әмірлігінде 80-ші жылдарының соңында спирт ішімдіктерді тұтынуға тыйым салу нәтижесінде осы елдің туристік индустриясы Батыс Еуропа мен Американың көптеген клиенттерінен айырылып калған.

Сөйтіп, туристік сү-раныс икемділік қасиетіне ие деп айтсақ та бо­лады: тұтынушының табысы, туристік тур бағасы, сапасы немесе қол жетерлігі, саяси, экономикалық, экологиялық және басқа жағдайлар өзгерсе туристік қызметтер тұтынуының құрылымы өте жылдам өзгеруіне қабілетті.

Туристік сұраныс маусымдық қасиетіне ие: жылдың белгілі бір мезгілінде шыңына жетіп, басқа мезгілдерде құлайды. Туристік белсенделіктің шыңдары, маусымаралық мезгілі және өлі маусымы болады. Өлі маусым кезінде туристік ағымдар өзен суы сияқты «тартылып» қалады да өзінің төменгі шегіне жетеді (3-4%).

Қоңыржай климат белдеуі елдерінде негізгі туристік маусымдар мынадай: жазғы маусым (шілде-тамыз) немесе шың маусым («сезон-пик»), қысқы маусым (қаңтар-наурыз), маусымаралық мезгіл (сәуір-маусым айлары, қыркүйек) және «өлі маусым» (қазан-желтоқсан). Статистикалық мәліметтер бойынша екі жазғы ай ішінде туристік сапарға Батыс Еуропа халқының жартысы аттанады.

Туристік сү-раныстың өзгеріп тұру факторлары:

- климаттық және мотивациялық (түрткі) фактор: жұрт жазды күні демалған дұрыс деп ойлау әдеті;

- экономикалық фактор - Батыс елдерінде шілде-тамыз айларында (еңбек өнімділігі ең томен болатын айлар) көптеген кәсіпорындар профилактика жұмыстарын жүргізіп өндірісті тоқтататын әдеті бар;

- әлеуметтік фактор - ата-аналар өз демалысын мектеп каникулдарымен үйлестіріп балаларымен бірге демалғысы келеді;

- «сән» факторы - белгілі жыл мезгілінде сән болып есептелетінкурортқа бару құмарлығы.

Туризмнің маусымдық сипаты туризм экономикасына кері әсертигізеді, оның нәтижесінде көлік жыл бойы бір қалыгшен істей алмайды, тағы бір салдары - әртүрлі әлеуметтік проблемалар. Осындай жағымсыз әсерді төмеңцету үшін үкіметтер арнайы ұйымдастырушылық және экономикалық шаралар кешендерін қолданады.

Туристік сұраныстың кеңістіктегі шоғырлануы туристік ағымдар географиясында көрініс табады. Бұл ағымдарды іске асырылған туристік сұраныс деп айтуға болады. Туризмнің кез келген түрі өз бағыты мен кеңістіктегі таралуымен сипатталатын өз туристік ағымдарын қалыптастырады.

Туристік сұранысқа туристердің қажеттерін қанағаттандыра ала-тын оған сәйкес туристік үхыныс болуы қажет. Ұсыныс жетіспейтін жағдайда, сұраныс болған кезде де туристік функция орындала ал­майды. Туристік сұраныс өте шамалы немесе тіпті жоқ болған кезде де, егер туристік үхыныс бар болып тұрса, ауданның автоматты түрде туристік сипаты пайда болады. Сондықтан туристік үхынысқа сондай зор маңыз беріледі. Және де туристік ұсыныс туристік сұраныстан озып түруы керек - бұл әлеуметтік-экономикалық және табиғат қорғау жағынан да өте пайдалы.

Туристік ұсыныс дегеніміз кұндылықтар мен ұсынылатын және көрсетілетін қызметтер жиынтығы болып табылады (16-сурет).

Туристік ұсыныстың тағы бір анықтамасы: «белгілі бағамен белгілі уақыт кезеңінде сатуға ұсынылған туристік өнім мөлшері» (С. Водейко, 1997). Ал Я. Варшиньска мен А.Яцковский (1978) туристік ұсынысты «туристік нарықта қол жетерлік туристік тауарлар мен қызметтердің жалпы көлемі», деп түсінеді. Туристік ұсыныс ең алдымен екі негізгі әлементтерді - туристік тауарлар мен туристік қызметтерді қамтиды. Маркетинг көзкарасынан туристік ұсыныс мазмүнын туристік өнім орындайды. Сонымен қатар турист үшін туристік өнім - бұл баратын туристік жердегі уақытын өткізудің әртүрлі мүмкіншіліктеріне сүйенетін материалдық және материалдық емес тұтгнушылық құндылықтардың пакеті.

Бұл пакетті турист белгілі төлемақыға алынған лэззаттану ретінде қабылдайды (В. Мидлтон, 1996).

Жалпы туристік өнім ретінде түсінілетін туристік ұсыныс фактор-лары мынадай:

- баратын жерінің қасиеттері мен ортасы;

- баратын жерінің инфрақұрылымы мен қызмет корсету сапасы;

- баратын жерінің көліктік қол жетерлігі;

-тұтынушы төлейтін бағасы [41].

Туристік ұсыныс бірінші қатардағы және екінші қатардағы ұсыныстар жиынтығы ретінде көрсетілуі мүмкін (В.Гаворецкий, 1997). Біріншісіне:

- табиғи орта (табиғи туристік-рекреациялық ресурстар, мысалы, теңіздер, көлдер, таулар, ормандар және т. б.);

- антропогендік орта (әлеуметтік-экономикалық туристік-рекреациялық ресурстар, мысалы, тарихи ескерткіштер);

- қоғамдық-мәдени қүндылықтар (салт-дәстүрлер, тіл, қонақжайлылық, техникалық жетістіктер және т. б.);

- жалпы инфрақұрылым нысандары (көлік, коммуналдық шаруашылық) кіреді.

Екінші қатардағы ұсынысқа туристік инфрақұрылым нысандары мен жабдықтары, мысалы: қонақ үй мен мейрамхана шаруашылығы, демалыс пен спорт жабдықтары, саяхаттарды ұйымдастырудағы делдалдық қызмет - жатады.

Туристік құндылықтар тобына туристік қасиеттерді қамтитын негізгі қүндылықтар және туристер қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұйымдастырылған қосымша құндылықтар (туристік инфрақұрылым) кіреді. Кейде туристік құндылықтар жиынтығын туристік аймақ пен елдің байлығы (игілігі) деп те атайды.

Туристік ұсыныстың тағы бір негізгі әлементі - туристік инфра-құрылымның бөлек буындарының туристерге көрсететін қызметтері. Олар негізгі, қосымша және крсалқы қызметтер болып бөлінеді. Негізгі туристік қызметтерге туристің саяхат жасау үшін міндетті қызметтер жатады - көлік, орналастыру, тамақтандыру. Қосымша қызметтер негізгі туристік құндылықтар арқылы осы құндылықтар орналасқан жерінде көрсетіледі-экскурсиялық, сауықтыру, спорттық, мәдени-көңіл көтеру қызметтері.

Туристік ұсыныс үш негізгі әлементтерге: 1) туристік қасиеттерге; 2) көлік базасы мен оған байланысты қол жетерлігіне; 3) туристік шаруашылығына тәуелді. Ал осы әлементтерінің дәрежесі табиғи орта мен әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты. Туристік ұсыныс ұғымы туризм географиясында жиі қолданылатын туристік аттрактивтілік (тартымдылық) түсінігіне өте жақын.

Туристік қажеттілік қоғамдық-экономикалық шарттары мен өндіріс күштері дамуының белгілі деңгейінде пайда болып қалып-асады. Ол үшін ұлттық табыс көрсеткіші жеткілікті болуы қажет. Туризмге жұмсалатын қаражат көлемі қоғам байлығы белгілі бір жоғары деңгейге жеткенде ғана ойдағыдай үлкен болуы мүмкін.

Қайталау сұрақтары

1. Туристік сұраныща әсерететін факторларды атап шығыңыз және оларга сипаттама беріңіз.

2. Туристік сұраныстың әлеуметтік окәне цогамдыңкатегория ретіндегі си-паттамаларын атап беріңіз.

3. Туристік сұраныс аньщтамасын беріңіз.

4. Туристік ұсыныс аньщтамасын беріңіз. С. Водейко, Я. Варшиньска мен А. Яц­ковский анықтамаларын айтып берініз.

5. Туристік қызметте туристік сұраныс пен туристік ұсыныс қалай өзара әрекеттеседі?

§ 3 Туристік шаруашылық

Туристердің келуінен шаруашылыққа түсетін пайдасы ерте заманнан байқалған. Солай болса да, тек XIX жүзжылдықтан бастап туризм көптеген аймақтың экономикасына елеулі әсерн тигізе ба стады (мысалы, Жерорта жәнеҚара теңіз жағалаулары, Альпі, Кар­пат, Судет тауларының кейбір аудандары). Туристерге көрсетілетін қызметтен түсетін табыстың өсуіне байланысты, кейбір елдер мен аймақтарда XX ғасырдан бастап туристерге көрсетілетін қызмет саласын «туристік индустрия» деп атай бастады. Оньщ себебі - туризмнің шаруашылықтағы рөлін дамыған өнеркәсіппен салыстыруға әбден болады. Туристердің қажеттерін қанағаттандыру үшін туризм аудандарын шаруашылық жағынан игеру қажет.

Туристік шаруашылық дегеніміз әртүрлі бөлімдердің белгілі бір кешені, олардың құрылуы және дамуы туристердің келуі және тұруымен байланысты. Туристік шаруашылық бірін-бірі толықтырып тұратын салалардан қалыптасқан, туристердің сұранысын біріккен бір кешенде ғана өтей алады.

Туристік шаруашылық ұғымының анықтамаларымен әр кезде О. Рогалевский (1974), Я. Варшиньска, А. Яцковский (1978), К. На­умович (1990) сияқты поляк ғалымдары айналысқан. Олардың анықтамасы мынадай: «туристік шаруашылық дегеніміз туристік ресурстары бар аумақты туристік қозғалыс қатысушыларының пайдалануы үшін бейімдеу процесі». Осы үрдістің нәтижесі - туристік техникалық әлеует құрамына кіретін жабдықтар жиынтығының пайда болуы.

Туристік сұраныстың негізгі әлементтерінің бірі ретінде туристік шаруашылық аумақтық жүйеге және туристік қозғалыс ауқымына үлкен әсеретеді. Жылдан жылға өсіп келе жатқан сұраныс, демалыс түрлерінің одан әрі жіктелуі, туристердің әлеуметтік құрылымының өзгеруі нәтижесінде туристік шаруашылық құрылымы және геогра-фиясы жағынан да өзгерістерге үнемі ұшырауда.

Туристік шаруаінылық - бұл туристік ресурстардың, материалдық өндіріс сферасында өндірілетін тауарлардың, туристік ресурстарды тұтгнуға мүмкіндік беретін қызметтердің жиынтығы, яғни туристік өнімнің өндірісі, таратылуы жәнетұтгнуы. Туристік шаруашылық нарық жүйесінде (техникалық қондырғылар, кәсіпорындарының, кооперативтердің,институттардың,мекемелердіңқызметі)адамдардың туристік (рекреациялық) қажеттіліктерін қанағаттандырады.

Туристік шаруашылық экономикалық әлементтерді мемлекеттің әлеуметтік-саяси мақсаттарымен: тәрбиемен, рекреация және спортпен, ағартумен, денсаулық сақтаумен, адам күйін қалпына келтірумен,оның бос уақытын пайдалануымен, өлкетанумен, демалысымен, қоршаған ортаны қорғаумен байланыстырады (А. Корнак, 1998).

Туристік шаруашылықтың басты мақсаты - адамның жұмыспен оқудан бос уақытындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болады. Туристік шаруашылық туристік сұранысты қанағаттандырады.

Қорыта айтсақ, туристік шаруашылық - бұл адамның туристік тауарлар мен қызметтерге деген артып келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында тікелей немесе жанама түрде дамитын әртүрлі шаруашылық және қоғамдық функциялардың кешені (В. Гаворецкий, 1997).

Түнеу базасының, көліктің, тамақтандыру базасының рөлі өте маңызды, оларсыз, карастырылған ауданның туристік тартымдылығы қандай да жоғары болса да, бұқаралық туризмнің дамуы мүмкін емес. Туристік тартымдылығы жоғары болу үшін, қосалқы базасы да оған сәйкес болуы қажет.

Туристерге қызмет корсету нысандары мен жабдықтардың орна-ласуы, олардың кеңістік және функционалдық құрылымы туристік қасиеттер мен туристік келулер мақсатына да тәуелді.

Аумақтың туристік қозғалысты дамыту мүмкіншіліктерін сы-нау үшін оның табиғи жәнемәдени қасиеттерімен бірге туристік шаруашылық даму деңгейін де білу керек. Бұлмәселемен «туристік сыйымдылық» ұғымы да байланысты: мұнда туристік сыйымдылық дегеніміз түнеу, тамақтандыру және қосалқы базалардың сыйымдылығы, яғни туристік шаруашылық объектілерін бір мезгілде пайдалана алатын туристердің максималды саны.

Туристік шаруашылықты тура және жанама түрлеріне белуге бо­лады. Олар өзара тығыз байланысты және жеке түрде кездеспейді [42]. Бірінші топқа туристерге ғана қызмет көрсететін мекемелер мен объектілер: турбазалар, қонақ үйлер, кемпингтер, приюттар (паналар), арнайы жоддар мен көлік орталықтары және т. б. жатады. Олар, атап айтканда - туристік объектілер. Екінніі топқа туристерге арналмаған мекемелер мен объектілер жатады, бірақ та оларды туристер анда-санда ғана пайдаланады. Оған жататындар: жалпы мемлекеттік жолдар, көлік пен коммуникация, мейрамхана желілері, дүкендер, тұрмыстық және мәдениет мекемелері. Мұндай кешендердің барлығы атқаратын ісіне қарай төрт базаларға: түнеу (орналастыру), тамақтандыру, коммуникациялық және қосалқы (17-сурет) базаларға жіктелген.

Мекемелер мен нысандарды туристік шаруашылықтың белгілі бір тобына жатқызған кезде өндірілетін тауар немесе қызметтің физикалыққасиеттері ескерілмейді. Бір нысан туристердің пайдалану деңгейіне қарай тікелей әлде крсалқы туристік шаруашылық тобына жата беруі мүмкін [42]. Теориялық жағынан тікелей және қосалқы туристік шаруашылыққұрылымы мен құрамы ауданның нақты жағдайына тәуелді болады. Дегенмен тәжірибелік мақсатта, әсіресе нысандар құрылысы мен жаңартуын жасайтын шаруашылық қызметкерлері үшін осындай, туристік шаруашылықтың бір түрін екіншісінен айыруға мүмкіндік беретін қарапайым жіктелу қажет болады.

Қандай да саяхат болмасын, ол туристерді орналастырудан бас-талады. Туристерге ұсынылатын қызметтердің ішіндегі бастысы -түнейтін орынды дайындау. Оған кіретіндер: қонақ үйлері, пансио-наттар, жергілікті тұрғындардың үйлері, турбазалар, мотельдер, кем­пингтер, шатырлар және т. б.

Туризмдегі түнеу базасының ең ескі жәнеең жиі кездесетін түрі - қонақ үйлер. Кейінгі кезде қонақ үйлер кешендерін қалыптастыру тенденциясы байқалады. Қонақ үйлердің осындай жүйелері жұмысты басқару мен ұйымдастырудың орталықтандырылған саясатын жүргізуге, объектілерді жабдықтауга және т. б. мүмкіндік береді. Туристік қонақ үйінде мәдени-тұрмыстық қызмет корсету орындары, мейрамхана формасындағы тамақтандыру кәсіпорындары, туристік және экскурсиялық жұмыс көрсету жайлары орналасады. Әдетте туристік қонақ үй туристік маршрут жолында қала маңында немесе туристік орталықта орналасады.

Туристік база - бұлмәдени-тұрмыстық қызмет корсету орындары, тамақтандыру кәсіпорындары, туристік жұмыс болмелері бар қонақ үй тәрізді ғимарат (маусымдық немесе жыл бойы істейтін). Туристік база туристік маршрут жолында орналасады және демалушылар үшін туристік саяхаттар мен экскурсияларды ұйымдастырады.

Пансионат - туристердің демалысына арналғанжәнекурорттық аудандар мен кала маңының демалыс зоналарында орналасқан конақ үй тәрізді сауықтыру мекемесі.

Приют (баспана) - туристерді қысқа мерзімге орналастыруға арналғантамақ пісіру орны бар маршрутта демалыс жасайтын қарапайым демалыс орны. Осындай баспана туристік база филиалы болып есептеледі.

Мотель - автотуристерге арналған туристік қонақ үй. Мотельде автотұрақ орны және автомобильдік техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жайлары болады.

Кемпинг - автотуристерге маусымдық қызмет көрсету кешені. Онда қарапайым орналастыру орындары, автотұрақ, тамақ дайындауга арналған ошақтар немесе қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары бо­лады.

Халықаралықжәне ішкі туризм дамуымен бірге орналастырудың арзан орындары - кемпинг сұранысы өсуде. Кемпинг күрьілысы үлкен қаражат салымын қажет етпейді және өте жылдам салынады. Сондықтан олардың болашағы зор деп айтсақ қате болмас. 60-80-ші жылдары кемпинг құрылысы өте қарқынды түрде іске асырылған.

Орналастырудың негізгі құралдарына жататын қонақ үйлер, пансионаттар және мотельдермен бірге туризм индустриясына орналастырудың көптеген қосымша құралдары да: жастар турбаза-лары, жанүя демалысына арналған рекреациялық орталықтары, тау лашықтары, санаторийлер мен демалыс үйлері, сонымен қатар, жалға берілетін пэтерлер, дачалардағы үйлер, фермалар және т. б. жатады. Қосымша орналастыру құралдарындағы түнеу орындарының саны жылдан жылға өсуде. Кейде орналастырудың негізгі және қосымша орындарының арасында айырмашылықты табу қиын, себебі жалға берілетін пәтерлердегі қызмет көрсету деңгейі қонақ үйлердікінен ешқандай кем емес. Сондықтан ЮНВТО ұсынысы бойынша қосымша орналастыру орындарына қонақ үйлер, пансионаттар мен мотельдерден басқаларының барлығы жатады.

Туризмде «екінші пәтерлер» рөлі 50-ші жылдардан бері жылдам өсуде.

Туристерді орналастырудың әзірше кең тарамаған, бірақ болашақтағы перспективасы өте жоғары формасы - балықшы-лар мен аңшылар үйлері болып табылады.

Енді ұйымдастырылмаған туризм туралы айтқан жөн болар. Даңғыл жолдардың (әуе,темір жол, кеме байланысы және т.с.с.) соңғы аялдамаларында қажетті азық-түлік сатып алуға, құрал-жабдықтарды жалдауға, кеңес алуға болатын базалар болса, көптеген «жабайы» туристер олардың қызметін пайдаланар еді. Өз еркімен саяхат жасайтын туристер - саны ең үлкен туристер тобы болғандықтан, оларға ең қарапайым қызмет көрсету мәселелерін шешу дегеніміз өзекті міндетболып табылады. Жәнеол үшін үлкен қаражаттың қажеті жоқ, ал жұмсалған ақша өзін жылдам өтейді.

Қандай да болсын саяхат ең алдымен туристерді орналастыру-дан басталады. Туристік база, кемпинг, қонақ үй белгілі уақытқа туристердщ нағыз паналайтын үйі, демалыс орны болады, сондықтан ол көркемді, жайлы, жақсы салынған болуы қажет және туристерге ұнауы керек.

Туристерді орналастыру әлеуетінің ең жиі қолданылатын көр-сеткіші - елдің (аймақтың) 1000 тұрғынына есептелген қонақ үй базасының көлемі болады. Аймақтар арасында бұл көрсеткіштің айырмашылықтары үлкен.

Туристердің азық-түлік пен сусындарға деген сұранысын қана-ғаттандырудың да зор маңызы бар. Жалпы тамақтандыру туристік қонақ үйлері жанындағы мейрамханаларда, кафеде немесе басқа да қоғамдық тамақтану мекемелерінде ұйымдастырылады. Туристерді талондар мен жолдамалар бойынша тамақтандырумен бірге бұлкәсіпорындар тауарларын бөлшектеп те сатады жәнеосындай сату үлесі бөлшектеп сату тауар айналымының 50%-ын құрайды.

Туристік орталықтарда қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастырудың жабық, ашық және аралас түрлерін айырған жөн.

Тамақтандырудың жабық түрі ұйымдастырылған демалыс мекемелері үшін қажет. Демалушылар белгілі бір жерде накты бір уақытта тамақтанады. Уақыты аяқталмай кетіп калған, кешігіп қалған немесе келмеген жағдайда туриске ақшасын қайтармайды.

Тамақтанудың ашық түрі өз бетімен жүрген туристерге, жергілікті тұрғындарға арналған, сондай-ақ ұйымдасқан демалушылар да ақшаға сатып алып тамақтана алады. Кейде жергілікті саяхат бюрола-ры берген арнайы талон арқылы төлеуге де болады.

Қоғамдық тамақтанудың аралас түрінде ұйымдасқан демалушыларға арнайы орындарда белгілі бір уақытта тамақтандыру қызметі көрсетіледі, ал басқа уақыттарда келушілердің барлығы ас мәзірі бойынша тамақтана бере алады. Тамақтанудың аралас түрі деп ұйымдасқан демалушылардың талон арқылы крғамдық тамақтану мекемелерінде тамақтануын айтады.

Демалушылар тамақтанудың екі түрлерімен қанағаттанады: біріншісі - міндетті, яғни рекреациялық іс-әрекет үшін жеткілікті жігер (калория) беретін тамақ, екіншісі - әуесқойлық, яғнитуристердің жергілікті тағамдарға қызығушылық көрсетуі. Бұл қызмет көрсетудің маңызды әлементі, туристердің есінде сақталатын нәрсе және бос уақытын мәдени түрде өткізу формасы. Туристерді тартатын кәсіпорындар формасының бірі - этнографиялық мейрамханалар мен кафелер болып табылады. Мұнда ұлттықәлементтер интерьерде, даяшылар ісиімінде, оркестр репертуарында және ең алдымен ас мәзірінде көрініс алады.

Мейрамханалар интерьері, ас мәзірі бойынша және мақсатына карай да бөлінеді. Біреуіне тамақ ішіп рахаттану үшін, екіншісіне көңіл көтеру, билеу үшін, тағы біреулеріне қызықтыратын эстрадалық бағдарлама көру үшін барады. Осыған орай мейрамханалар мен ка­фелер де мамандандырылуы мүмкін. Сонымен бірге олар жастардың, орта жастағы адамдардың, қарттардың талғамдары мен сұраныстарын ескеруі керек.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 3079; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.