Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Туризм маркетингі 3 страница




Сауда дамуына түрткі болатын шешімдердің бірі - азық-түліктің туристік экспорты. Кейбір елдер тұтгну тауарлар экспортын туристік экспортқа ауыстыруда. Дамушы елдер оз экспортын туристік импортарқылы қолдау жолдарын іздестіруде. Пассивті туризм қабылдаушы елге валюта әкеледі,бұл ұлттық табыс үшін өте пайдалы. Осының нәтижесінде қабылдаушы ел туристік балансының оң сальдосын туристерді жіберуші елден тауар импортын ынталандыру үшін пайдалануға тырысады. Өнеркәсібі жақсы дамыған елдердің өзі үшін алмасудың осындай түрі - өз өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын қолдау мен дамыту жолы болып табылады. Экспорттың шамалы болуы экономикалық дамуын тежейтін елдерде туризм өркендеу факторына айналуы мүмкін.Шетелдік туризмді елдің экономикалық дамуын тездететін, толем балансын түзейтін және валюталық қорын ұлғайтатын сайман ретінде қарастыруға болады.

Өнімдердің және қызметтердің халықаралық алмасу тиімділігі дәстүрлі экспорттан және туристік экспорттан түсетін валютаны салыстыру арқылы есептеледі.

Импортты қарастыратын болсақ, импорт тиімділігі импортталған өнімге жұмсалатын қоғамдық шығындармен (валютада) анықталатынын білу қажет.

Шетел сапарлары, импорт сияқты, ішкі сұранысты қысқартады. Сонымен бірге, пассивті туризм турист шыққан елінде ешқандай материалдық игілік жасамайды. Тұтыну тауарлары ұсынысы шектеулі болса, туристік импорт сұранысты азайтады да ішкі тұтгнушы нарығындағы жағдайды жеңілдетеді. Және де туристік импортты колдау үшін елдің туристерге сатқан бағасынан арзан бағаға алынған валютасы болу керек.

Сонымен қатар, жоғарыда айтылғандай, туристерді жіберуші елге туристер жүмсаған ақшасы импортқа жасалған тапсыры-стар арқылы қайта оралып келеді. Мұндай жағдайда жұрт туристік сапарға аттануға мүмкіндік алады, ал мемлекет бюджетіне зиян келтірілмейді. Туристік импорт пен экспорттың мемлекет экономи-касына тигізетін әсерін толығымен бағалау үшін туризммен байла­нысты барлық өндіріс факторларын, инвестициялық қажеттіліктерін және мемлекеттің халықаралық байланыстарын ескеру қажет. Зерттеуге жататын тағы бір тенденция - туристік импортты туристік экс­порт арқасында жүргізу, яғни «турист орнына турист» формуласы.

Қорыта айтсақ, халықаралық туризм қоғам өміріне үлкен әсертигізеді. Шетеддік туризмнің, туристік қызметтің дамуы мемлекеттіңтөлем баланеының тұрақты болуына, ұлттықтабыс өсуіне септігін тигізеді, саяси жағдайды түзеу құралы болып табылады.

Халықаралық туристік ағымдардың өсуі мемлекет арасындағы сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейтуге әсерн тигізеді, материалдық байлықтар мен мәдени қүндылықтарды құруда басқа ұлттардың тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді. Осының арқасында, сыртқы экономикалық байланыстың түрі ретінде, халықаралық туризмнің маңызы өсе береді.

Қайталау сұрақтары

1. Мемлекеттер арасындағы сырткы эконолшкалық байланыстардың қандай формаларын білесіз? Халықаралық туризмді осындай формалардың цайсысына жатқызуга болады?

2. Халықаралықтуризмнің сыртцы экономикалық байланыстардың формасы ретінде қандай өзіне тән ерекшеліктері бар?

3. Халықаралық туризмдегі экспорт, импорт жәнереэкспорт деген не? Олардың ерекшеліктерін атап беріңіз.

4. Туризм арқылы экспорт жасаудың артықшылықтары қандай?

5. Халықаралық туристік алмасудағы тиімділік есебі калай жасалады?

§ 2 Шетел туризмінің экономикалық дамуына жасайтын әсері

Тауарлардың қозғалысы сияқты, туристер шет елдерге барғанда шетел валютасының қозғалысы байқалады. Сондықтан қандай да ел болсын, туристік қызмет экспортын дамытуға тырысады, ал осындай экспорт дәстүрлі тауарлар мен қызметтер экспортын толықтырады. Осыған орай, көптеген туризм мамандары шетелдік туристерді қабылдаудың экономикалық тиімділігін атап көрсетуде. Елдің экономикасын қаржыландыру мақсатында шетелдік қаржының келуіне септігін тигізетін салаларды ең алдымен дамыту қажет.

Осыған орай, шетелдік туризмнің дамуы (яғни туристік қыз-меттерді шетел туристеріне сату) төлем балансының құрылымын өңдеудің, сыртқы экономикалық алмасу көлемін арттырудың, өнеркәсібі дамымаған аудандарды дамытудың ең қолайлы формасы болмақ.

Экономикасы элсіз, инвестициялық қаржылары жетіспейтін елдер қаржылары мен білікті еңбек күшін көбіне туристік экспорт секторына жүмсағаны, яғни өнеркәсіппен ауыл піаруашылығына жұмсалатын қаржыны азайтқаны дұрыс бола ма деген сұрақ пайда болуы мүмкін. Осындай көзқарасты қолдайтын туризм теорияшылары мынадай дәлелдерді келтіреді:

1. Экспорттық туристік секторды дамыту шаралары елдің табиғи құндылықтарын игеруге мүмкіндік туғызады, демек, табиғи құндылықтардан түсетін табыс артады. Экспорт секторының дамуы арқасында осыған дейін халықаралық алмасуға белсенді қатыспаған елдердің араласуына мүмкіндік туатын болады.

2. Туристік тауарлар мен қызметтерді өндіру, экономикалықдаму жолына түскен елдерге өте қажетті болады. Осындай елдерде еңбек күшінің, азық-түліктің бағалары төмен; сонымен қатар, мұлда, им­порт қажеттілігі минималды болғанымен бірге, туристік тауарлар мен қызметтердің көпшілігін өндіруге толық мүмкіндік бар. Осын­дай жағдай халықаралық туристік нарықтағы бэсекелестікте алдыңғы қатарда болуға жол береді. Мысал ретінде Грекия, Түркия, Испа­ния, Ливан, Египет сияқты елдерді келтіруге болады. Халықаралық туристік мамандандырылу өзара пайда қағидасына негізделуі керек. Мамандандырудың пайдасы тұрақты болады да туристік моноөнім немесе туристік монокультураны дамытуға бағытталануға әкеліп соғады.

3. Дамушы елдерде валюта қаржысының келуі жеткіліксіз. Туризмнің дамуы (туристердің келуі) нетто (таза) валюта түсімін арт-тырады. Басқа шаруашылық салаларына қарағанда туристік сектор валютаны жылдам әкеледі.

Қорыта айтсақ, шетел туризмін шетел төлем қаржыларының жедел түсу көзі ретінде қарастыруға болады, және, осыған орай, шетел туризмін қарқынды дамыту қажеттілігі айқын болып көрінеді.

Басқа салалардағы айналымға қарағанда, туристік айналым, төлем формасына орай, ұзақ мерзімді несиелерді қажет етпейді. Алайда, мұндай жағдайда туристік тауарларды күні бұрын өндіруді, яғни оларды өндіру мен қоймада сақтауға арналған ұзақ мерзімді несиелерді қажет ететін туризмнің маусымдық қасиеті ескерілмейді.

Сөйтіп, барлық дәлелдерді келтірмей, туристік экспорттың өте жоғары тиімділігі жөнінде айтуға болмайды. Жасалған талдау бойын-ша, маусым арасында отандық туристерге қызмет көрсетпейтін туристік салалар өз табысынан айрылып, шығынға үліырайтын көрінеді.

Туристік экспортта үйренішті экспортта өткізіле алмайтын тауар-лар мен қызметтер сатылады. Туристік экспортта нәтижеге жету үшін тартымды туристік объектілер мен тиісті жарнама болуы қажет.

Кейбір авторлар туристік шаруашылықта қаржыландыру фак­торы ең маңызды рөл ойнамайды деп айтады. Экономикалық цикл шеңберінде туризм басқа өнеркәсіп салаларына қарағанда қаржы-ландыруды аз қажет етеді деген пікір бар [42].

Басқалары, керісінше, қаржыландыру факторы өте маңызды деген пікірде. Осындай жағдайда шығындар туристік тауарларды импорттың қатысуынсыз алу мүмкіндігімен өтеледі, дейді. Және де туристік сектордың ойдағыдай дамуы басқа салаларға онша тәуелді емес деп дәлелдейді. Мысалы, өңдеу өнеркәсібі шикізат пен жартылай фабрикаттарды өңдейтін жанама өндіріс салаларының дамуын қажет етеді.

Туристік саланы алсақ, мүлда туристік шаруашылық ең алдымен қызметтердің, әсіресе жеке қызметтердің арқасында жүзеге асырылады, сондықтан басқа салаларды кешенді түрде пайдаланудың қажеті шамалы. Көлік құралдары мен жолдарды алмасақ, негізгі туристік инвестициялар қонак үй шаруашылығына жұмсалады. Мұндай жағдайда экспорттьщ туристік шаруашылықтың кеңеюіне септігін тигізеді.

Шетелдік туризм - ел дамуын жеделдететін, төлем балансын жандандыратын, валюталық қорын үлғайтатын фактор. Шетелдік ту­ризм «көрінбейтін» игіліктерді пайдалану арқылы сыртқы сауданы күшейтуі мүмкін.

Кейбір бұрынғы социалистік елдер, мысалы Болгария, шетел туризмін шетел валютасын толықтыру тәсілі ретінде пайдаланады. Тіпті қызметтер демпинг шарттарында көрсетіліп кетеді. Дегенмен, бұл елдер туристік экспортты экспорт дамуының ең маңызды тармағы ретінде қарастырмайды. Швейцарияның өзі туризмді осын­дай көзқарастан қарастырмайды. Жалпы айтқанда, туристік экспорт әрі кетсе елдің экспорттық мүмкіншіліктерін толықтыра алады.

Халықаралық туристік мамандандырылудың пайдасын дәлелдеу үшін Испанияны мысал ретінде келтіруді жақсы көреді. Ал Испанияның өзі туризмді экспорттық өндірістің қосалқы саласы ретінде қабылдайды. Осы елдің асып түскен туристік тартымдылығын ескере түра, Испания соғысқа дейінгі кезінің өзінде өте күшті дамыған туристік шаруашылыққа ие болғанын ұмытпаган жөн. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін испан экспорты өте қиын жағдайда болған. Туризмнің дамуы үйренішті экспорт үшін қолайлы жағдай туғызуға өз септігін тигізді, және де, туризмнен түскен табысын Испания басқа салаларға жүмсады.

Швейцария әдетте классикалық туристік ел деп есептеледі. Алайда Швейцария елінің көбісі туризмнен басқа іс-әрекеттермен айналысады, ал ел байлығын қалыптастырған сала туризм емес. Қазіргі Швейцария өте жақсы дамыған индустриялық мемлекет, табысында туризм бірінші қатарда түрмайды. Туристік мамандандырылу заманы өтіп кетті. Бүгін Швейцария туристер келуін шектеуде және өз азаматтарын шетелге барып келуге ынталандырады.

Ең үлкен ауқымды туризмнің өзі инфрақұрылымның тиімділігін қамтамасыз ете алмайды. Тиімді болу үшін шаруашылықтың туристік емес салалары тиісті дамуы қажет. Шаруашылық инфрақұрылымының дамуынан түсетін пайданы туристік индустрия «тегін» пайдалана алады, сондықтан туризм рентабелді болып есептеледі. Инфрақұрылым құнының кішкене де болса бөлігін туристік сектордың шығынына қосса, туристік сектор тиімсіз (рентабелді емес) секторға айналар еді.

Экономикасы дамымаған елдердің көбі бұқаралық туризм елдері бола алмайды. Осындай елдерге жоғары дәрежедегі туристік игілігі аз, халық саны аз елдер; туристік тартымдылығы өте жоғары болса да, бірақ индустриалдық елдерден тым алыс орналасқан мемлекеттер жатады.

Статистикалық техниканың жеткілікті дамуына қарамастан, ту­ризм дәл статистикалық мәліметтермен әзірше қамтамасызданбаған. Валюталық бақылау жүйесінің болмауы шетел туризмінің валюталық эффектінің есебін киын қылады.

Туристік экспорттан түсетін табыстың негізін үш әлемент: келген туристердің саны, орташа тәулік шығындары мен елде болудың орташа мезгілі құрады. Валюталық табыс көрсеткіштерін анықтау өте киын. Туристік қызметтер төлем балансының бірнеше тармағында, мысалы, «шетел туризмі», «тауарлар мен кьізметтер», «көлік» тармақтарында, жазылған. Туристік толем балансы анықтамасының тар болуы (бұл«турист» анықтамасының екіталай болуынан пайда болады) «шетел туризм» тармағының толық болмауына әкеліп соғады.

Кең мағынадағы туристік төлем балансына табыстардың халықаралық қозғалысына байланысты қарыз кіреді. Бүған «шетел

туризмі» тармағымен бірге туристік мақсаттарындағы тауар айна-лымы, қызмет алмасуы, капитал мен еңбек қозғалыстары кіреді. Бұл анықтамаға, сонымен қатар, туристік шаруашылыққа салынған кез келген капиталдан түсетін табыс кіреді. Туристік табыстар мен шығындарды дұрыс анықтау мүмкіндігін туғызатын бағалау критерийін қолдану қажеттілігі пайда болды.

Р. Баретье [45] туристік шаруашылықты жүргізуге қажетті маңызды әлементтерді ескеруді ұсынады. Атап айтсақ, бұлар: туристік әлеует, туристік қызмет сұранысы мен ұсынысы және осы елдердегі туристік игіліктерді өзара толықтыратын барлық әлементтер. Тек осындай кешенді тетік арқылы туристік шаруашылықтың ағымдағы және ұзақ мерзімді тиімділігін анықтауға болады. Сондықтан туристік мәселелерді валюталық аспектімен шектеуге болмайды. Туристік шаруашылықтың ұзақ мерзімді дамуының жоспары жалпы экономикалық даму жоспарымен үйлесуі қажет.

Қайталау сұрақтары

1.Шетелдік туризмді дамыту түрткілері мен оның артықшылықтарынын дәлелдерін келтіріңіз.

2. Туристік экспорттың экогары рентабелділігінің (табыстылығының) себебі неде?

3. Эксперты шектелген елдерде туризм неге дамуыныңмаңызды факторы бола алады?

4. Халықаралық туристік мамандандырылу елдердің экономикалық дамуына капай әсеретеді?

5. Туризмнен түсетін валюталық табыстың есебі калай жүргізіледі?

§ 3 Халықаралық туризм дамуыныңнегізгі факторлары мен шарттары

Халықаралық туризм дамуының факторларын статикалық және динамикалық факторларына белуге болады. Статикалық факторларға мызғымас, теракты маңызы бар табиғи-географиялық факторлары жатады. Динамикалық факторларға уақыт пен кеңістікте үнемі өзгеріп түратын демографиялық, әлеуметтік-экономикалық, материалдық-техникалық және саяси факторларын жатқызуға болады.

Табиғи әлементтер мен кешендер жаратылыс объектілер ретінде, рекреациялық қызмет шарттары ретінде рекреациялық шаруашылықпайда болмай-ақ дүниеде болады. Қоғам қажеттіліктері мен рекреациялық сұраныстың пайда болуынан кейін, олардың зерттелуі, бағалануы және дайындығы өткізілгеннен соң, табиғиәлементтері мен кешендері туристік-рекреациялық ресурстар категориясына өтеді. Табиғи алғышарттарының ресурстарға айналуында оларды зерттеу мен рекреациялық шаруашылықта туристік қызметтерді көрсетуге технологиялық және басқа да мүмкіндігіне жеткізуге жұмсалған қоғам еңбегі ең маңызды мүрындығы болып табылады.

Осыған ұқсайтын үрдіс әлеуметтік-экономикалық объектілердің экскурсиялық туристік-рекреациялық ресурстар класына айналғанда да орын табады. Сұраныстың артуы, рекреациялық критерийлердің кеңеюі, халықтың мәдени деңгейінің өсуі пайдаланатын нысандар санының көбеюіне септігін тигізеді; көптеген нысандар арнайы реставрациялық жұмыстардан кейін экскурсиялық көрсетілімге кіреді.

Туристік-рекреациялық ресурстар тарихи категорияға жата­ды, себебі, рекреациялық іс-әрекетке жаңа табиғи жәнеәлеуметтік-экономикалықәлементтер тартылып отырады.

Туристік-рекреациялық ресурстар адамның физикалық және рухани күштерін калпына келтіруге септігін тигізеді, тікелей және жанама тұтыну мен туристік қызмет көрсету үшін пайдаланады.

Демографиялық факторлар әлемде Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін біршама ортақ қасиеттеріне ие болып тұр. Халық санының өсуі потенциалды туристер санына тікелей әсер етуде.

Халық саны, орналасуы және құрамы туристік сұраныс көлемі мен құрылымына әсеретеді. Жер халқының қарқынды өсуі нәтижесінде тұтынушылар санының көбеюі мен туристік нарықтьщ кеңеюі байқалады. Соңғы онжылдықтарда байқалған демографиялық жа-рылыс дамушы елдерде болған, ал осы елдердегі өте нашар өмір деңгейі бұқаралық демалыс пен туризмді ұйымдастыру жолындағы ең биік тосқауыл болып түр. Ал туристер санының өсуіне басты себеп болатын индустриялық елдерді алсақ, халық санының өсуі мардымсыз немесе тіпті жоққа шығып жатыр. Әлемдегі экономикалық және демографиялық өсу полюстарының бар болуына байланысты, туристік сұраныс әлем бойынша тең болып қалыптаспайды.

Туристік сұранысқа халықтың жас мөлшерлік құрылымы үлкен әсеретеді. Батыс елдерінде туристік тауарлар мен қызметтердіңнегізгі тұтгнушылары болып табылатын 30-50 жасар адамдардың үлесі өскен сайын рекреациялық шапшаңдық та өседі. Сонымен бірге, соңғы 10-20 жыл ішінде терең өзгерістерге ұшыраған және жылдам дамып келе жатқан, 55 жастан асқан қарт адамдардың нарығына назараударған дұрыс.

Қазіргі өмірде урбандану үрдісі өте маңызды рөл ойнауда. Жер халқының жартысы қалаларда өмір сүреді және осы көрсеткіш оданәрі өсуде.

Адам денсаулығына зиян келтіретін урбандану үрдісі рекреациялық қажеттіліктер мен туристік сұранысты қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Қала үлкен болтан сайын, мекенжайынан тыс жерде демалуға тырысатын қала тұрғындарының саны көбейеді.

Әлеуметтік-экономикалық факторлар халықаралық туризм дамуында ерекше маңызды рөл ойнайды. Олардың ішінде ұлттық табыс алдыңғы орында орналасады.Ұлттық табыс, дәлірек айтсақ, оның тұтынуға жұмсалатын бөлігі халықаралық туризмінің өсу мүмкіншілігін сипаттайды. Ұлттық табыс пен саяхаттар саны арасындағы тәуелділік сөзсіз де түсінікті.

Дегенмен, туристік саяхаттардың көбеюі жұрттың материалдық ахуалымен бірге оның бос уақыт ұзақтығына да байланысты. Соңғы 20-30 жылда дамыған елдердің көбінде бос уақыт көбейді: жұмыс уақыты қысқартылды, ал жыл сайын болатын кезекті демалыс мезгіліөсті.

Қазіргі ғылыми-техникалық революция жағдайында саналы ой еңбегінің маңызы артуда, ондірістік жәнетұрмыстық кернеуі күшеюде, қоршаған орта хал-ахуалы нашарлауда. Осының барлығы адамдардың денелік және психологиялық шаршауына әкеліп соғады, сондықтан олардың еңбек қабілетін қалпына келтіру шараларының қажеттілігі туындайды. Осыған орай отелмелі жылдық демалыс мерзімі де осуде. Белсенді демалыс түрі болып есептелетін туризм арқасында адамдардың еңбек қабілетін қалпына келтіру мақсатынажылдам жетуге болады.

Халықаралық туризмнің осуіне әсерететін әлеуметтік-экономикалық факторларына, сонымен қатар, халықтың білім мен мәдени деңгейінің, эстетикалық қажеттіліктерінің өсуін жатқызу керек. Осыған орай, елдердің тұрмысын, тарйхын, мәдениетін, өмір ахуалын білгісі келген адамдардың саны оседі. Осындай қажеттілікті тек туристік саяхатта ғана орындауға болады.

Халық табыстарының және меншікті мүлігінің (меншікті тұрғын үйі, автомобиль, яхта және т.с.с.) өсуі туристік қызмет колемінің және белсенділігінің алғышарты болып табылады. Қазіргі танда Жердің әрбір тұрғыны ХІХ-ХХ ғасыр шекарасында түрған ата-бабаларынан шамамен 4,5 есе бай екен. Ел байыған сайын жеке тұтыну құрылымы озгеріп тұрады, мысалы, туристік қызмет пен тауарларына деген сұраныс оте жылдам өседі.

Жұмыстан, дене қажеттерінен, үй шаруашылық жұмыстарынан кейін қалған бос уақыт туризм дамуының алғышарты болып табы­лады. Бос уақыт бұрын қоғамның өте жрд табының олжасы болса, XXғасырда кең бұқара оған ие болды, яғни көпшілік халық туризммен айналасуға мүмкіндік адды.

30-піы жылдары дамыған елдер жұмыскерлер еңбегін реттейтін заңнамаларын қабылдаған кезде халықаралық туризмінің өсуі байқалған. Ақылы кезекті демалыстардық пайда болуы (АҚШ - 1914 ж., Аустралия мен Жаңа Зеландия - 1919 ж., КСРО - 1922 ж. және т. б.) туризм үшін өте маңызды болды. Қазіргі кезде 500 миллиондай жалданған жұмыскерлердің жылдық кезекті ақылы демалысқа қүқығы бар, ал олар туристік қызметтердің потенциалды тұтгнушылары бо­лып табылады.

Қоғамның әлеуметтік-кәсіптік құрылымы да туристік белсен-ділікке әсеретеді. XXғасырға дейін туризм ақсүйектер туризмі болған. Туризмнің алғашқы түйнектері Ежелгі Грекия мен Римде пай­да болтан. Гректер мен римдіктер - лауазымды тұлғалар, аксүйектер, бай адамдар ұзақ сапар жасаған алғашқы адамдар болған сияқты.

Орта ғасырларда жас және бай ағылшындар білім алу мақсатында континентке аттанады (грандтур). Франция мен Италияға барып өнердің ең биік жетістіктерімен екі-үш жыл ішінде танысу үшін кыруар ақша жұмсалған: шет елде оқу үшін жылына үш-төрт мың фунт стерлинг қажет болған. Алайда, XVIIғасырдың екінпіі шенінен бастап, байыған буржуазия, аристократтарды ығыстырып, еуропапық мәдениетке ортақ болу мақсатында континентке ұмтылды.

XIXғасырда саяхат жасау сэнін қаржы капиталының пайызын немесе құнды қағаздар диведенділерін пайдаланып омір сүретін рантье жалғастырды: ол үшін бұлардың қаражаты да, бос уақыты дажеткілікті болған. 1899 жылы ағылшын рантьелерінің табысы 90-100 млн. фунт стерлингке жетіп, саудада бірінші қатардағы ел болып есептелетін ¥лыбританияның сыртқы сауда табысынан бес есе асып түсті.

XXғасырда туристік қозғалыс жаппай сипатқа ие болды. Туристік қозғалысқа бірте-бірте жаңа әлеуметтік топтар қосыла бастады. Олар қазіргі туристік нарықтың конъюнктурасын қалыптастырады.

Туризм дамуы мен туристік сұранысқа әсерететін объективті факторларға экономикалық және қоғамдық байланыстардың нығаюын, мемлекеттік саяси тұрақтылыгын, көліктегі прогресті, туризмнің материалдық базасының жетілдірілуін, туристік нарықтағы бағалар деңгейін жатқызуға болады.

Материалдық-техникалық факторлар: орналастыру, көлік, тамақтандыру, сауда - халықаралық туризм дамуында өте маңызды рөл атқарады. Туристік инфрақұрылымның материалдық базасы өте маңызды: атап айтсақ бұл қонақ үйлер, мотельдер, бунгало, туристік деревнялар (ауылдар), турбазалар, кемпингтер, меншікті пэтерлер және т. б.

Туристерді тамақтандыру маңызы түнеу орны рөлінен кем емес. Қысқа уақытта көптеген туристерге тамақтандыру қызметін көрсетіп үлгеру қажет. Тамақтандыруды ұйымдастырғанда туристік саяхаттардың маусымдық сипатына байланысты проблемалар туындайды.

Әдетте туристердің ең коп саны жазғы айларға келеді, сондықтан кейбір азық-түлікті алдыңала жинақтап қоймаға сақтап қою қажет бо­лады. Ол ушін заманга сай тоңазытқыштар керек.Екінші қиын мәселе- қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы орын жетіспеуі. Мұндаймәселені шешу үшін таза ауада орналасқан жеңіл павильондар мен буфеттер ашылады.

Туристік қозғалысты кеңейтудің материалдық негізі көлік болып табылады. Қазіргі көлік бұрынғыға қарағанда қауіпсіз, жылдам және жайлы болды. Халықаралық туризм үшін туристік саяхатта көлік байланысында үзілістердің болмауы маңызды. Ол үшін жергілікті, ұлттықжәне халықаралық көлік құралдары арасындағы байланыстарды қамтамасыз ету қажет. Сапалық көрсеткіштер - жылдамдық, көлік құралдарының техникалық қауіпсіздігі, тасымалдың жүйелігі де өте маңызды болады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 1069; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.043 сек.