Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

СИЛЛАБУС 1 страница




СИЛЛАБУС

ЕТD 1107 – Экология және тұрақты даму

5В042200 – Баспа ісі; 5В050200 – Саясаттану, 5В050400 – журналистика; 5В051400 – қоғаммен байланыс мамандықтары студенттеріне арналған

 

Астана 2013

 


1. Оқытушының аты-жөні, ғылыми атағы: Дәрібай Айнұр Оңталапқызы, PhD, Қоршаған ортаны қорғаудағы басқару және инжиниринг кафедрасының аға оқытушысы. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Жаратылыстану ғылымдары факультеті. Жұмыс телефоны 35-38-06 /33-220/, ұялы телефоны 87027288575

Ғылыми қызығушылық: Экологиялық токсикология, биохимия, экология.

Ғылыми мектеп: жануарлар экологиясы және биохимиясы, жетекші PhD, б.ғ.к., доцент Масалимов Ж.К.

2. Пәннің аты. Экология және тұрақты даму. Жалпы міндетті модуль 5. ЕТD 1107. 2 кредит.

3. Оқу тәртібінің жүргізілу уақыты мен орны дәріс, практикалық сабақ, студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыстары сабақ кестесіне сәйкес құрылады.

4. Оқу пәндерінің пререквизиттері: Экология және тұрақты даму курсын тиімді игеру үшін орта мектептегі алған биология және экология негіздері жөніндегі білімі қажет.

Пәннің постреквизиттері: философия,экономика, саясаттану, мәдениеттану, әлеуметтану курстарын өткенде қолдануға болады.

5. Оқу тәртібінің мінездемесі

5.1. Оқу тәртібінің бағыты.

Оқу пәні болашақ мамандардың қоршаған ортаны қорғауын, табиғатты тиімді пайдалануын, сонымен қатар Қазақстанның экологиялық мәселелері жөніндегі білімін қалыптастырады.

5.2. Пәнді оқытудың мақсаты.

Экологияның қалыптасу кезеңдері, заңдылықтары, организм мен орта, табиғи бірлестіктер, экожүйелер, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қазіргі кездегі экология мен тұрақты дамудың мәселелері мен оның дамуы қарастырылады.

5.3. Пәнді оқытудың міндеттері

-негізгі функциональді экологиялық бірліктерді: жеке түрлерді, популяцияларды, биогеоциноздарды, экожүйелерді жайындағы білімді меңгеру.

- табиғат ресурстары және оларды тиімді пайдалану мәселелерін меңгеру

- биосфера-ғаламдық экожүйе жөніндегі теориялық білімдерін қалыптастыру

- қазіргі кездегі экологиялық мәселелер және оның дамуы жөніндегі білімге баса назар аудару.

5.4 Оқу тәртібінің мазмұны

Экология және тұрақты дамудың негізгі түсініктері, қағидалары, экологияның заңдары, әртүрлі тіршілік орталарында мекен ететін ағзалар топтарының сипаттамалары берілген. Сондай-ақ қоршаған табиғи ортаны қорғау, табиғи қорларды сақтау және тиімді пайдалану, табиғи ортаның ластануы жайлы түсініктер және қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы мен оны шешу жолдары, Тұрақты даму концепциясының негізгі қағидалары туралы ғылыми пән.

5.5.Оқу пәндерін оқытудың жоспары.

 

Апталар Тақырыптар аты Сағ. саны мен оқытуды ұйымдастыру формалары СӨЖ үшін тапсырмалар
  Экология және оның қысқаша даму тарихы. Экологияның ғылым ретінде анықтамасы. Экологияның мақсаты, міндет-тері және әдістері. Экологияның қалыптасуының тарихы. Экологияның бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология, ғаламдық экология. Экологияның басқа ғылымдармен байланысы, экологиялық мәселелерді шешудегі ролі. Шолу дәріс – 1 сағ. Прак. сабақ «Экология табиғатты қорғаудың және табиғатты тиімді пайдаланудың теориялық базасы ретінде»–1сағ. СОӨЖ – 1сағ СӨЖ – 2 сағ Экология және оның қысқаша даму тарихы.
  Особьтар экологиясы-аутэкология.Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейі. Организм және тіршілік ету шарттары. Негізгі тіршілік орталарына байланысты организмдердің экологиялық топтары. Дәріс – 1 сағ.; Практикалық сабақ «Негізгі тіршілік орталары және олардың сипаттамасы» – 1 сағ.; СОӨЖ – 1сағ; СӨЖ – 2 сағ Особьтар экологиясы-аутэкология.
  Экологиялық факторлар және олардың классификациясы.Антропогенді фактордың әсер ету заңды-лықтары. Либихтың заңы. Шелфордтың заңы. Стенобионттар және эврибионттар. Организмдер тіршілігіндегі абиотикалық факторлардың мәні. Ортаның экологиялық сыйымдылығы Дәріс – 1 сағ.; Практикалық сабақ «Организмдердің қоршаған ортаға экологиялық бейімделуі» – 1 сағ.; СОӨЖ – 1сағ СӨЖ – 2 сағ Экологиялық факторлар және олардың классификациясы.
  Популяция экологиясы-демэкология.Популяция түсінігі. Популяцияның статистикалық сипаттамалары. Кеңістіктік таралуы және оның сипаттамасы. Олли принципі. Популяцияның динамикалық сипаттамасы. Популяция санының экспонен-циалды және логистикалық өсімі, реттелуі. Дәріс – 1 сағ.; Практикалық сабақ «Популяция түрдің өмір сүру формасы және оның негізгі критерийлері» – 1 сағ.; СОӨЖ – 1сағ СӨЖ – 2 сағ Популяция экологиясы-демэкология.
  Бірлестіктер экологиясы-синэкология.Биоценоз туралы түсінік. Экожүйедегі түраралық байланыстардың негізгі формалары. Түраралық бәсекелестік бірлестіктің түрлік құрылымын сақтаудың негізгі механизмі. Г.Ф.Гаузе принципі. Экологиялық қуыс: потенциалды және жүзеге асырылған. Дәріс – 1 сағ.; Практикалық сабақ «Биоценоздағы организмдердің биотикалық қарым-қатынастары» – 1 сағ.; СОӨЖ – 1сағ; СӨЖ – 2 сағ Бірлестіктер экологиясы-синэкология.
  Экожүйенің құрылу заңдылықтары.Экожүйе түсінігі. Экожүйедегі энергия ағыны және химиялық элементтердің айналымы. Термодинамиканың бірінші және екінші заңы. 1% және 10% ережелері. Бірлестіктің трофикалық құрылымы. Қоректік тізбектер, деңгейлер, торлар. Экологиялық пирамидалар. Экожүйе өнімділігі, тұрақтылығы, тұтастығы. Дәріс – 1 сағ. Практикалық сабақ «Экожүйедегі негізгі биогенді элементтердің айналымы» – 1 сағ. СОӨЖ – 1сағ СӨЖ – 2 сағ Экожүйенің құрылу заңдылықтары.
  Биосфера және оның тұрақтылығы.Биосфера концепция-сының қалыптасуы. Биосфера эволюциясы. В.И.Вернадскидің биосфера және ноосфера концепциясы. Тірі зат концепциясы. Геологиялық және геохимиялық фактор концепциясы. Био-сферадағы зат айналымы. Ғаламдық биогеохимиялық цикл-дер. В.И.Вернадскийдің биогеохимиялық заңдары. Заманауи биосфера. Қоршаған ортаға өндірістік жүктеменің артуы. Дәріс – 1 сағ. Практикалық сабақ «Биосфера және оның тұрақтылығы» – 1 сағ. СОӨЖ – 1сағ СӨЖ – 2 сағ Биосфера және оның тұрақтылығы.
  Тұрақты даму концепциясы. «Тұрақты даму» түсінігінің туындау тарихы. Рим клубы, Медоуздың және Форрестердің еңбектері. БҰҰ қоршаған ортаға қатысты бірінші конферен-циясының декларациясы (Стокгольм 1972). Рио-де-Жанейро 1992, Иоханнесбург 2002 бүкіләлемдік саммиті. Еуропа қалаларының тұрақты даму хартиясы. Тұрақты даму факторлары Проблемалық дәріс – 1 сағ. Практикалық сабақ «Тұрақты даму концепциясы» – 1 сағ. СОӨЖ – 1сағ СӨЖ – 2 сағ Тұрақты даму концепциясы.
  Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері.Тұрақты дамудың деңгейлері. Тұрақты дамудың әр деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін факторлар. Тұрақты дамуды қамтамасыз ететін халықаралық ұйымдар, олардың іс-әрекетінің тұрақты дамуға қатысты ғылыми теориялық негіздері Дәріс – 1 сағ. Ғылыми пікірталас «Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері» – 1 сағ. СОӨЖ – 1сағ СӨЖ – 2 сағ Тұрақты даму теориясына ғылы-ми талдау жасау-дағы халықаралық ұйымдар әрекеті
  Табиғи ресурстар оларды тиімді пайдалану тұрақты дамудың негізгі аспектісі ретінде.Қоршаған ортаның оптимизациясы табиғатты тиімді пайдаланудың теориялық негізі. Жердің табиғи ресурстарының сипаттамасы. Табиғат ресурстарының классификациясы. Биологиялық ресурстар, өнім қауіпсіздігі. Табиғатты тиімді пайдалану, азқалдықты және қалдықсыз технология. Энергияның альтернативті экологиялық таза көзін пайдалану мүмкіндіктері. Дәріс – 1 сағ. Практикалық сабақ «Табиғи ресурстар оларды тиімді пайдалану тұрақты дамудың негізгі аспектісі ретінде» – 1 сағ. СОӨЖ – 1сағ СӨЖ – 2 сағ Табиғи ресурстар оларды тиімді пайдалану тұрақты дамудың негізгі аспектісі ретінде.
  Биосфера тұрақсыздығының шығыуындағы антропоген-дік фактордың әсері. Өркениет типтеріне және оның дамуы-ның сатыларына байланысты қоршаған ортаға дифференциал-ды антропогендік жүктеме. Адам қоғамының қалыптасуында-ғы табиғаттың ролі. Табиғат пен қоғамның әсерлесу тарихы. Дәріс – 1 сағ.; Практикалық сабақ «Биосфера тұрақсыздығының шығыуындағы антропоген-дік фактордың әсері» – 1 сағ.; СОӨЖ – 1сағ; СӨЖ – 2 сағ Биосфера тұрақсыздығының шығыуындағы антропогендік фактордың әсері.
  Қазіргі таңдағы ғаламдық экологиялық мәселелер, оның туындау себептері мен салдары. Өндіріс пен ауылшаруашы-лығының интенсивтілігіне байланысты экологиялық фактор-лар. Қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биология-лық ластануы және экологиялық генетикалық салдары. Проблемалық дәріс – 1 сағ. Практикалық сабақ «Қазіргі таңдағы ғаламдық экологиялық мәселелер» – 1сағ.; СОӨЖ – 1сағ СӨЖ – 2 сағ Қазіргі таңдағы ғаламдық эколо-гиялық мәселелер, оның туындау себептері.
  Тұрақты дамудың әлеуметтік-экологиялық мәселелері. Әлеуметтік экологиялық дағдарыс және тұрақты даму. Халық санының өсуі, оның сапалық өзгеруі. Туылымға әсер ететін факторлар, отбасын жоспарлау. Урбанизация мәселелері. Кедейшілік, кірістің теңсіз бөлінуі. Энергетикалық кризис мәселесі, шешу жолдары. Әлемдік өнім өндіру мәселесі. Ресурстық кризис. Генофондтың өзгеруі,ортаның жалпы агрессивтілігінің өсуі, тірі организмдерге әсері. Соғыс және терроризм, экологиялық салдары. Әскери-өндірістік кешен. Дәріс – 1 сағ. Практикалық сабақ «Тұрақты дамудың әлеуметтік-экологиялық мәселелері» – 1 сағ. СОӨЖ – 1сағ СӨЖ – 2 сағ Тұрақты дамудың әлеуметтік-экологиялық мәселелері.
  Табиғатты қорғау және тұрақты даму.Қоршаған ортаны қорғаудың принциптері мен әдістері. Қорық территориялары, биосфералық резерваттар. Қызыл кітап, оның биологиялық алуантүрлілікті қорғаудағы ролі. Адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі экологиялық білім мен ағартудың ролі. Дәріс – 1 сағ. Практикалық сабақ «Табиғатты қорғау және тұрақты даму» – 1 сағ. СОӨЖ – 1сағ СӨЖ – 2 сағ Табиғатты қорғау және тұрақты даму.
  Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға қатысты өзекті экологиялық мәселелері. ҚР табиғи ортасының деста-билизация процесі, себептері, салдары. Аралдың әлеуметтік экологиялық проблемалары. Ядролық қару жарақты сынау-дың адамзатқа әсері мен салдары. ҚР территориясындағы әскери-сынақ полигондары. Қоршаған ортаның жағдайын бағалау әдістері мен критерилері. Экомониторинг, оның ұйымдасу принциптері, түрлері. ҚР қоршаған ортаға қатысты заңдары. ҚР тұрғындарына экологиялық білім мен тәрбие беру. ҚР тұрақты даму концепциясы, стратегиясы, механизмі. Проблемалық дәріс – 1 сағ. Практикалық сабақ «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға қатысты өзекті экологиялық мәселелері» – 1 сағ. СОӨЖ – 1сағ СӨЖ – 2 сағ Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға қатысты өзекті экологиялық мәселелері.
  Барлығы Дәріс – 15 сағ, прак.сабақ -15 сағ, СОӨЖ – 30 сағ, СӨЖ – 30 сағ.  

 

6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.

6.1. Негізгі әдебиеттер:

1. Ю. Одум Экология. 1,2 том, Мир, М., 1986.

2. Р.Ф. Реймерс Экология М., 1994.

3. И.А. Шилов Экология. М., 1997.

4. В.А. Вронский Прикладная экология. Ростов-на-Дону, 1996.

5. Сабырбаева Х.С. Қолданбалы және медициналық экологияға кіріспе. Алматы, 2004.

6. Ә.С. Бисенова, Ж.Ш. Шілдебаев, Г.З. Сауытпаева. Экология. Алматы: Ғылым, 2001.

7. Г.С. Оспанова, Г.Т. Босшатаева. Экология. Алматы: Экономика, 2002.

8. А.Ж. Ақбасова, Г.Ә. Саинова. Экология. Алматы: Бастау, 2003.

6.2. Қосымша әдебиеттер:

1. В.И. Вернадский Биосфера М., 1967.

2. М. Бигон, Дж Харнер Экология особи, популяции и сообществ. 1,2 т. Мир, М., 1989.

3. Т.А. Работнов Фитоценология, М., 1983.

4. А.М. Гиляров Популяционная экология М., 1990.

5. А.Д. Потапов Экология М., 2000.

6. М.А. Аскарова Общая экология, Алматы: Қазақ Университеті, 2004.

7. Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы

7.1. Аудиториялық сабақ кезінде ағымдық бақылау жүргізу жоспарланып отыр. СОӨЖ мен СӨЖ - дің орындалу сапасын бақылау қарастырылған. Коллоквиум және тест түріндегі екі аралық бақылау /7 және 14 аптада/ жоспарланған.

7.2. Бақылау әдістері. Реферат жазу, сұрау /жазбаша және ауызша/ колоквиум және тест алу

Ағымдық бақылау - 20%

СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын бақылау - 20%

Ағымдық бақылау:

Коллоквиум - 10%

Бланкілік тестілеу - 10%

Ағымдық және аралық бақылау - 60%

Қорытынды бақылау - 40%

8. Оқу тәртібінің саясаты.

Экология және тұрақты даму пәні міндетті курс болып табылады. Оқу жүктемесінің көлемі 2 кредитті құрайды, оның 15 сағаты-дәріс, 15 сағат- практикалық сабақтар, 45 сағат-СӨЖ.

1. Сабаққа кешікпеңіз;

2. Сабақ кезінде сөйлеспеңіз, газет оқымаңыз, ұялы телефонды өшіріңіз, сағыз шайнамаңыз;

3. Сабаққа үлгілі киіммен келіңіз;

4. Сабақты себепсіз жіберуге болмайды, себепті жағдайда анықтама қағазын әкеліңіз;

5. Жіберілген сабақты оқытушының бос уақытында қайта тапсырыңыз;

6. Тапсырманы орындамаған жағдайда баға төмендетіледі;

7. Сабаққа үнемі келіңіз;

8. Оқу процесіне белсенді ат салысыңыз;

9. Үй тапсырмасын ұқыпты орындаңыз;

 

Кафедраның әдістемелік секциясында қаралды, хаттама № _ «» ____________2013 ж.

 

Кафедра меңгерушісімен бекітілді _______________ Бейсенова Р.Р.

 

 

Кафедраның әдістемелік секциясында талқыланған, хаттама № «___» __________2013 ж.

 

Кафедра меңгерушісі бекіткен _____________________ Бейсенова Р.Р.


Оқу пәні бойынша глоссарий

Әдістемелік нұсқау: Пән бойынша келтірілген ұғымдар анықтамасын бірнеше рет түсініп оқып шығыңыз; егер анықтамада түсініксіз немесе белгісіз терминдер кездессе, түсіндірме, энциклопедиялық сөздіктерден қарап тауып, мәнін түсініңіз; ұғыммен жұмыс істегенде, алдымен оның мазмұнын ұғып түсініңіз де, одан кейін оның өзіндік ерекшеліктерін біліп алыңыз.

Абиотикалық факторлар - тірі организмдерге тікелей немесе жанама әсер ететін өлі табиғат элементтері (космостық, геофизикалық, климаттық, кеңістік, уақытша, т.б.)

Автотрофтар - көмір қышқыл газы, су және минералдық тұздардан органикалык заттарды синтездейтін организмдер.

Адаптация - тірі организмдердің тіршілік жағдайларына бейімделі процесі, түр бойынша (генотиптік) бейімделушілік бірнеше ұрпақ бойынша жүріп, түр түзілу процесімен байланысты болатын және жеке (фенотиптік) адаптация

Аменсализм - белгілі бір ортадағы организмдердің бір түрінің екінші түр тіршілігіне басымдылық көрсететін түр аралық қатынастар типі.

Атмосфера - Жердің немесе кез келген космостық дененің газды қабықшасы.

Антибиоз - организмдер арасындағы бір-біріне кері әсер ететін қарым - қатынастың түрі.

Анабиоз - қолайсыз жағдайлар әсерінен немесе организмнің жеке даму процесінде ерекше кезеңнің қалыптасуына байланысты олардың тіршілік әрекеттерінің уақытша тоқтауы.

Анаэробты организмдер - оттегіні қажет етпейтін, оттегі қатысынсыз ортада тіршілік ететін организмдер.

Антропогендік факторлар - адамның тіршілік әрекетінің әсері.

Апвеллинг - мүхит суларының жоғарғы қабатқа қарай көтерілуі.

Ареал - органимздердің систематикалық топтарының -популяциялар, түр, т.б. таралу аймағы.

Аутэкология - белгілі түрге жататын жеке особьтарды зерттейтін экологияның бөлімі немесе түр экологиясы.

Альбедо - белгілі бір дененің түскен сәулені шағылдыру қасиеті.

Альтернативті энергия көздері - Күн, жел, теңіздер мен геотермальды энергия түрлері

Аэробты организмдер - бос оттегі қатысында тіршілік ететін организмдер.

Азотфиксация - топырақ бактерияларының атмосферадағы молекулалық азотты сіңіруі.

Базалық мониторинг - антропогенді әсер болмайтын табиғи экожүйелердің жағдайын бақылау.

Бентос - мүхит пен континетальды сулардың түбінде, грунтта тіршілік ететін организмдер

Биогаз - қатты және сүйық қалдықтардан, оның ішінде мал шаруашылығы комплекстерінің қалдықтарынан, қаланың коммунальдық - түрмыстық суларынан, сол сияқты арнайы өсірілген балдырлар мен басқа да организмдерден алынатын жанғыш газ.

Биогенді заттар - тірі организмдердің тіршілік процестері нәтижесінде түзілетін заттар (атмосферадағы газдар, таскөмір, мүнай, торф), қоректік заттар, биогендер, биогендік элементтер - тірі организмдер құрамына кіретін элементтер - көміртегі, оттегі, азот, сутегі,

Биогеохимиялық цикл - минералды қосылыстар құрамындағы химиялық элементтердің өсімдіктер мен жануарлар организмдері арқылы табиғаттағы айналымы.

Биогеоценоз - тірі организмдер қауымдастығының (биоценоз) абиотикалық жағдайлардың кеңістіктік жиынтығын (биотоп), зат, энергия мен информация алмасулары негізінде біріктіретін құрлықтық экожүйе.

Биосфера - құрамы, құрылысы мен энергетикасы тірі организмдер тіршілігімен анықталатын Жердің белсенді ерекше қабықшасы.

Биоиндикация - тірі организмдер мен олардың қауым-дастықтарына тигізген әсеріне қарай антропогендік факторларды анықтау.

Биологиялық ресурстар - адамзат қоғамына пайдалы, багалы болып саналатын генетикалық ресурстар, организмдер немесе олардың бөліктері, популяциялар мен басқа да кез келген экожүйелердің биотикалық компоненттері.

Биологиялық тазарту - судың қүрамындағы ластаушы заттарды микроорганизмдер көмегімен тазарту.

Биота - кеңістіктегі барлық тірі организмдер жиынтықтарының кез келген түрі, (мысалы, экожүйе биотасы, құрлық биотасы, теңіз биотасы, биосфера биотасы, т.с.с).

Биотикалық факторлар - тірі организмдердің бір-біріне әсеріңің барлық түрдері.

Биотикалық айналым – биосферадағы биотикалық және абиотикалық компоненттердің арасындағы экожүйелердегі биогенді элементтердің айналымы.

Биотоп – белгілі биоценоз алып жатқан абиотикалық факторлары салыстырмалы біртекті кеңістік.

Биокосты заттар - тірі организмдердің тіршіліқ процестері мең биологиялық емес (табиғи) процестердің біріккен әсері нәтижесінде түзілетін заттар.

Биом - Жердің негізгі климаттық аймақтарына сәйкесірі кұрлықтық экожүйелер (шөлдер, шөлейттер, ормандар).

Биоценоз - кұрлық не судың белгелі бір бөлігінде бірге, тіршілік ететін әртүрлі систематикалық топқа жататын организмдердің қауымдастығы.

Биоценоэкология - тірі организмдердің қауымдастықтары мен оларды қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастарды зерттейтін экология саласы.

Биофильтр - ағызынды суларды биологиялық әдіс арқылы тазарту қондырғысы.

Валенттілік (экологиялык) - толеранттылық шектері немесе түр, не популяциялардың әртүрлі орта жағдайларында тіршілік ету қабілетінің сипаттамасы.

Газдар (парниктік) - атмосфераға түсіп, парниктік эффект туғызатын, көмірқышқыл газы, метан, көмірсутектер, т.б. газ тәрізді заттардың қоспасымен атмосфераның ластануы.

Гомеостаз - организмдер немесе организмдер тобының қоршаған ортаның түрлі өзгерістерінде динамикалық тұрақты тепе-теңдігін сақтай алу қабілеті.

Геотермальды сулар - жер қойнауындағы ыстық, өздеріне тән химиялық құрамы бар сулар.

Гербицидтер - арам шөптерді жоюға қолданылатын улы химикаттар.

Гидробиология - барлық су ресурстарыда тіршілік ететін тір организмдерді зерттейтін ғылым саласы.

Гидробиосфера - Жер бетілік суларда мекендейтін тірі организмдердің тіршілік ету ортасы, биосфераның бір бөлігі.

Гидробионттар - суда тіршілік ететін организмдер.

Гидросфера - тірі организмдер мекендейтін Жердің сулы кабықшасы, барлық мұхиттар, өзендер мен көлдер теңіздер, батпақтар, су қоймалары мен бұлақтар.

Гидрохимиялық режим - судың химиялық құрамының уақыт мезгіліне байланысты өзгерістері.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 1963; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.069 сек.