Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

НООСФЕРА 1 страница




Туылым

Популяция саны

Бұл берілген территориядағы немесе берілген көлемдегі особьтардың жалпы саны.

Популяция тығыздығы

Популяция тығыздығы оны мекендейтін особьтардың аудан немесе көлем бірлігіндегі санымен анықталады.

Популяцияның динамикалық көрсеткіштері

Динамикалық көрсеткіштер белгілі бір уақыт аралығында популяцияда жүретін процестерді сипаттайды. Популяцияның негізгі динамикалық көрсеткіштеріне туылым, өлім-жітім және популяцияның өсу жылдамдығы жатады.

Көбею нәтижесіндігі уақыт бірлігінде пайда болған жаңа особьтар саны.

Өлім – жітім

Белгілі бір уақыт аралығында популяциядағы өлген особьтер саны.

Популяцияның өсуі

Популяция өсуі өлім - жітім мен туылым арасындағы айырмашылық.

XVII ғасырда популяцияның санының өсуі геометриялық прогресс заңымен өсетіні белгілі болған, ал XVIIІ ғасырдың аяғында Томас Мальтус халықтардың геометриялық өсуі жөнінен өзінің әйгілі теориясын ұсынды. Қазіргі математикалық тілмен айтқанда организмдердің экспонциалды өсуі. Экспоненциалды өсу дегеніміз -өзгермейтін тұрақты жағдайларда популяция особьтерінің сандарының өсуі. Ұзақ уақыт бойы тұрақты, өзгерусіз сақталатын жағдайлар табиғатта мүмкін емес.

Өсу қарқындылығы

Популяцияның өсу қарқындылығының өзгеруі - әр түрлі болуы мүмкін. Көбеюдің жоғары потенциалы түрлердің тірі қалуында үлкен роль атқарады.

4. Популяциялық гомеостаз – популяцияның санын реттеу.

Популяциялық гомеостаз дегеніміз популяцияның сандық мәнін белгілі бір шегінде ұстап тұруы. Гомоестаздың түраралық механизмдеріне жыртқыш-жемтік, паразит-иесі типтегі қарым-қатынастар жатады. Түрішілік гомоестаздың негізіне бәсекелестік жатады. Оның екі түрі бар: 1) қатал түрішілік гомосстаз-коннибализм; 2) Жайлы түрдегі түішілік гомосстаз-әдетте особьтардың әлсіретуі арқылы көрініс береді. Бұл механизмде күшті особьтар сыртқы ортаға тежеуіш(әлсіретткіш) заттарды бөледі: стресстік құбылысты, территорияны шектеу, популяция арасындағы миграция.

Популяцияның кеңістіктік таралуы

Біркелкі таралу- бұл табиғатта өте сирек кездеседі. Бұл әртүрлі особьтар арасындағы бәсекелестікпен байланысты.

Кездейсоқ таралу- бірігіп тіршілік етуі байқалмайтын түрлерде және бірдей ортада ғана кездеседі.

Популяцияның демографиялық құрылымы

Популяцияның жыныстық және жас ерекшелік құрамын сипаттауды демография деп атайды («демос»-халық, «графо»-жазамын, суреттеймін). Белгілі бір популяция жас ерекшелігі әр түрлі особьтардан тұрады. Топтардың жас ерекшелік және жыныстық қатынасы популяцияның өсу қарқындылығы мен тіршілікке бейімдеушілігін және оның құрылымының маңызды сипаттамасы болып табылады.

Популяцияның этологиялық құрылымы

Этология - жануарлардың мінез-құлқының заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Бір популяция мүшелерінің қарым-қатынастарының жүйесін популяцияның мінез-құлықтық немесе этологиялық құрылымыдеп атайды. Популяция особьтарының басқа мүшелерлеріне қарым-қатынасы жөніндегі жануарлардың мінез-құлқы ең алдымен түрге тән жалғыз немесе топтық өмір сүруіне байланысты.

Жалғыз өмір сүруде - популяцияның особьтары бір-біріне байланыссыз тіршілік етеді. Жанұялық өмір сүру типінде ата-аналары мен ұрпақ арасында байланыс күшейеді.

Қауым- отырықшы жануарлардың топтық орналасуы.

Тобыр. Биологиялық пайдалы ұйымдасқан іс - әрәкеті байқалатын жануарлардың уақытша бірлігі

Үйір. Тобырмен салыстырғанда үйір - бұл жануарлардың ұзағырақ және тұрақты бірлесуі.

Бақылау сұрақтары:

1.Популяцияға анықтама беріңіз.

2.Популяцияның жастық және жыныстық құрамын сипаттаңыз.

3.Популяцияның кеңістікте орналасу түрлерін көрсетіңіз.

4.Туылу, өсу жылдамдығы, өлу дегеніміз не?

5.Туылу мен өлімнің типтері қандай?

6.Биотикалық потенциал дегеніміз не?

7.Биотикалық факторлардың түрлері қандай?

 

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Р.С. Оразбаева «Экология негіздері», Астана-2003

2.Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология. Алматы:Бастау,2003

3.Бейсенова Р.Р. экология және тұрақты даму пәнінен дәрістер жинағы Оқу құралы. Астана 2010 жыл.

Қосымша әдебиеттер:

5.Шилов И. А. Экология. М.: Высшая школа, 1997.

6.Христофорова Н.К. Основы экологии. Владивосток: Дальнаука, 1999.

7.Бродский А.К. Краткий курс экологии. СПб.: Изд-во С-Петербургского университета, 2000.

 


ДӘРІС № 5

Тақырып: Бірлестіктер экологиясы-синэкология.

Мақсаты: Студенттерге биоценоз туралы түсінік беру және экожүйедегі түраралық байланыстардың негізгі формалары, Г.Ф.Гаузенің бәсекелестік арқылы жою принципі, экологиялық қуыстың потенциалды және жүзеге асырылған түрлерін түсіндіру.

Жоспары:

1. Синэкологияның зерттеу обьектілеріне жалпы сипаттама:

2. Биоценоз түрлік құрылымы

3. Қарым қатынс түрлері

4.Экологиялық қуыс

Негізгі түсініктер: биоценоз, синекология, биогеоценоз, экожүйе, нейтрализм, комменсализм, протокооперация, мутуализм, аменсализм, микориза, антибиоз, аллелопатия.

1. Синэкологияның зерттеу обьектілеріне жалпы сипаттама

Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын, өзара және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан оны биогеноценологиялық экология деп те атайды.

Белбілі бір ареалда бірлесіп бірге тіршілік ететін және бір - бірімен байланысты алуантүрлі түрлердің бүкіл жиынтығы биоценоз ("биос" - өмір, "ценос" - бірлестік) деп аталады. Бұл атауды 1877 жылы неміс ғалымы К. Мебиус Солтүстік теңіз устрицаларын зерттегенде қолданып, ғылымға енгізді.

Табиғатта биоценоз әртүрлі масштабта болады. Біз шалғын, орман және кішкене шалшық биоценоздарын ажыратамыз. Қолдан жасанды биоценоздарды - аквариум, террариум, теплица, оранжереяларды жасауға болады. Барлық жағдайда бір - бірімен байланыс арқылы тіршілігін қолдайтын және абиотикалық жағдайлардың жиынтығына бейімделген, бірігіп тіршілік ететін организмдер бірлестігін көреміз.

Биоценоздың негізгі компоненттері: өсімдіктер, жануарлар және микроағзалар. Бұл жүйеде кейбір түрлер, популяциялар және түрлер топтары қауымдастық үшін ерекше зиян келтірмей, басқа түрлер өкілдерімен, топтарымен алмастырыла алады, ал жүйенің өзі түрлер арасындағы антогонисті күштердің теңдесуі есебінен сақталады. Кез келген биоценоз – ішкі күрделі құрылымы бар, түрлер арасындағы байланыстар арқылы реттелетін- күрделі табиғи жүйе.

2. Биоценоздың түрлік құрылымы

Биоценоздың түрлік құрылымы көптеген факторлар жиынтығына тәуелді. Түрлер алуантүрлілігімен және түрлердің сандық ара қатынасымен сипатталады. Негізгі шектеуші факторлар – температура, ылғалдылық және қоректік қорлардың жетіспеушілігі. Сондықтан жоғарғы ендіктердің, шөл және биік таулар биоценоздары түрлерге кедей. Бұл жерлерде тіршілік формалары осы жағдайларға бейімделген организмдер тіршілік ете алады.

Биоценоздағы түрлер саны әртүрлі болып келеді. Олардың біреулері көп санды, екінші біреулері аз санды, ал үшіншілері тіпті сирек. Биоценоздағы көп санды түрлер –доминанты немесе басыңқы түрлер деп аталады. Мысалы, шыршалы биоценозда ағаштар ішінен үнемі шырша басым келеді. Көп санды басым түрлер биоценоздың негізгі ядросын құрайды. Ал сирек және аз санды түрлер – биоценозда әртүрлі болып келеді. Доминантты түрлер бірлестікте негізгі басты байланыстарды анықтайды. Олар бірлестіктің негізгі құрылымы мен сыртқы пішінін құрайды.

Доминантты немесе басым түрлердің бір бөліктері – организмдердің тіршілік жағдйларына әсер ететін маңызды орта түзушілер. Шыршалы орманда жарықтың немесе ылғалдың таралуын, микроклиматты, топырақ жағдайының мозаикасын – доминантты шырша анықтайды.

Аз санды түрлер -бірлестіктің резервтерін (қорларын) құрайды. Олардың көп болуы - бірлестіктің тұрақты дамуының кепілі. Бай биоценоздарда барлық түрлер аз санды негізгі емес түрлер, бірақ түрлік құрамы неғұрлым кедей болған сайын доминантты түрлер соғұрлым көп болады. Осы қалыптасқан жағдайда аз санды түрлер өздерінің көбею мүмкіншіліктерін іске асыра алмайды, бірақ орта жағдайлары өзгерсе, олар басым түрлердің құрамына кіруі немесе тіпті олардың орнын басуы да мүмкін.

Түрлердің сандары жөнінен қатынасы - биоценоздың түрлік құрылымын құрайды.Биоценоздың әрбір типі үшін өзіне тән өз құрылымы болады.

Кеңістікте түрлердің таралуы. Биоценоз үшін түрлердің кеңістікте таралуы заңды құбылыс. Бұл таралудың негізін өсімдіктер әлемі қалыптастырады. Жапырақтардың орналастыруы - өздерінің өсу пішініне және жарық сүйгіштігіне байланысты, биоценозда өсімдіктер ярустылық құрайды. Әдетте орманда өсімдіктер 5-6 ярус құрайды. Аз санды түрлер, әдетте стенобионтты түрлер жиі нақтылы орта күйінің мысалы, жалпақ жапырақты ормандарда 5- 6 ярустарды құрайды. Бірінші - биік ағаштар (жөке, емен, қарағай т.б.), екінші - өте биік емес ағаштар (шетен, алма, алмұрт, мойыл) үшінші - бұталы (ит жүзім, ырғай, таңқурай және т.б.); төртінші- биік шөптерден, ал бесінші және алтыншы ярустар аласа шөптерден тұрады. Өсімдіктерге ярустылық жоғары ярустағы жарық сүйгіштердің жарық ағынын тегіс пайдалануға, ал төмендегілер - көлеңке сүйгіш өсімдіктер жарықтың қалған бөлігін ғана пайдалауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жануарлар да өсімдіктер әлемінің ярустарында да тіршілік етуі мүмкін, бірақ өздерінің қозғалғыштығына байланысты әртүрлі жануарлар бірден бірнеше ярусты меңгеруі мүмкін. Мысалы, тиіндер ағаштарда өздерінің ұяларын тұрғызады, оған балаларын салып шығарады, ал жаңғақ, саңырауқұлақ, жидектерді жерден жинайды.

Биоценоздың кеңістіктік құрылымында ярустылықпен қатар мозаикалық - горизонталды бағытта өсімдік пен жануар әлемінің өзгеруі. Бұл құбылыс, әсіресе жерүсті жамылғысының құрылымында жақсы көрінеді. Әртүрлі микротоптардан құрылған мозаикалар. Мысалы, төмпешік, томар өсімдіктері, ормандағы жарық түсетін «терезелерде» өсетін жарық сүйгіш өсімдіктер, ағаштар астындағы – көлеңкеге төзімді өсімдіктер, мүктердің дағы немесе жалаң грунт. Мозаикалық та, ярустылық сияқты көптеген факторлардың әсерінен пайда болады, сондықтан бірлестіктегі экологиялық бұзылыстардың жақсы белгісі болып табылады.

Биоценоздардың төзімділігі Биоценоздағы пайда болатын өзгерістер тіршілік ететін түрлердің төзімділігіне байланысты. Мысалы, бір бәсекелеуші түр басқа түрді ығыстырса, егер осы түр көп санды басым түрге жатпаса, онда биоценозда күрделі өзгерістер болмайды.

Аз санды түрлер - биоценоздың әлсіз бөлігі. Белгілі бір уақыттарға дейін сирек немесе аз санды түрлердің жойылуы биоценоздағы негізгі биоценотикалық байланыстарды онша өзгертпейді. Адамның жүруіне, таптауына, гүлдер мен жемістерді жинауына қарамастан, үлкен қала жанындағы шыршалы ормандар ұзақ уақыт сақталуы мүмкін, тіпті қайта қалпына келеді. Биоценоз құрамынан негізгі орта түзуші түрлердің жойылуы бірлестіктің ауысуына және бүкіл жүйенің бұзылуына соқтырады. Табиғатта ормандарды кесу, малдарды көп жаю, су қоймасындағы балықтарды көптеп аулау сияқты өзгерістер адамдардың іс-әрекеті нәтижесінде жиі болып тұрады.

Сонымен, биоценоз деп - тірі организмдердің бір жерде бір -бірімен өзара байланыста тіршілік ететін экологиялық топтарды атайды.

Биотикалық қарым қатынастар. Биотикалық қарым қатынастары

Табиғатта әрбір тірі организмдер оқшау, жеке тіршілік ете алмайды. Оны көптеген табиғаттың басқа өкілдері қоршайды және бұлардың барлығы бір бірімен күрделі қарым қатынаста болады. Организмдер арасындағы қарым қатынастар, сонымен қатар олардың тіршілік жағдайларына әсері қоршаған ортаның биотикалық факторларының жиынтығын құрайды. Экологиялық қарым қатынастар, әдетте, өте күрделі сипатта болады, көптеген факторларға байланысты және әртүрлі жағдайларда өзгеше өтеді.

Биотикалық факторлар деп – организмдер мен популяциялар арасындағы өзара әрекеттесу формаларын атайды. Биотикалық факторлартүрішілікжәне түраралық болып бөлінеді.

Түрішілік - Гомотиптік реакциялар

Гомотиптік реакциялар - бір түрге жататын дара организмдер арасындағы өзара әрекеттер. Бірлесіп тіршілік еткен жағдайда жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік әрекеттері көп дәрежеде популяция саны мен тығыздығына тәуелді болады. Сол себепті топ және масса эффектісімен байланысты құбылыстардың мәні үлкен.

Топ эффектісі дегеніміз - топтың өзінің және топ құрамындағы организмдердің санының дара организмдердің мінез-құлқына, дамуы мен көбеюіне ықпалы.

Көптеген бунақденелілер (қара секіртпе, тарақан, шегіртке) жеке дара тіршілікпен салыстырғанда, топ ішінде бірнеше қарқынды метаболизмге ие болып, тезірек өсіп жетіледі.

Масса эффектісінің топ эффектісінен айырмашылығы, ол бір түр особьтарының бірін бірі сезінумен байланысты емес.

Масса эффектісін особьтар саны және популяция тығыздығы артқан кезде тіршілік ету ортасында пайда болатын организмдер туындатады. Әдетте, масса эффектісі жануарлардың көбею қабілетіне, өсу жылдамдығына, тіршілік ету ұзақтығына жағымсыз әсер етеді. Мысалы, ұн зауза қоңызының популяциясы дамыған кезде, ұнда экскременттер, түлеу қабықтары жиналып қалады, осы жай жәндіктердің тіршілік ету ортасы ретінде ұнның нашарлауына әкеледі.

Гомотиптік реакцияларға топтың және масса эффектілерінен басқа, бір түр особьтары арасындағы әрекеттердің және бір формасы - түр ішіндегі бәсекелестік жатады. Бәсекелестіктің барлық түріне қатысты бір ереже бар: бәсекелестердің мұқтаждары неғұрлым ұқсас болса, бәсекелестік соғұрлым шиеленісе түседі.

Бәсекелестіктің негізгі екі түрі - тікелей және жанама бәсекелестік болады.

Тікелей бәсекелестік особьтардың бір-біріне тікелей ықпал етуі арқылы жүзеге асады. Мысалы, жануарлар арасындағы күшті қақтығыстар кезі немесе өсімдіктер мен микроорганизмдердің токсиндер бөліп шығаруы.

Жанама бәсекелестік - особьтардың тікелей әрекеттесуін қажет етпейді. Ол аралық буындар арқылы әртүрлі жануарлардың бірдей және міндетті түрде шектеулі болатын ресурстарды пайдалануынан туады. Сондықтан ондай бәсекелестікті, кейде пайдаланушылық бәсекелестік деп атайды.

Түраралық бәсекелестік – Гетеротиптік реакциялар

Гетеротиптік реакциялар - әртүрлі түрлерге жататын жеке организмдер арасындағы өзара әрекеттесулер. Екі популяцияның біріне – бірі ықпал етеді немесе ықпал етпейді. Егер ықпал ету орын алса, онда ол жағымды әлде жағымсыз болуы мүмкін.

А және В түрлерінің популяцияларының арасындағы қарым-қатынастың әртүрлі типтері

Гетеротиптік реакциялар А түрі В түрі
Бәсекелестік - -
Бейтараптылық    
Мутуализм + +
Ынтымақтастық + +
Комменсализм +  
Аменсализм -  
Жыртқыштық + -
Паразитизм + -

Ескерту: «0» – бұл түрге әсер етпейді, «+» - жағымды әсер, «-» - жағымсыз әсер.

Қарым - қатынас типтері

Егер екі популяция әрқайсысы екеуіне жағымсыз әсер ететін болса, онда олардың қарым-қатынасы бәсекелестік сипатта орын алады.

Егер екі популяция өзара әрекеттеспейтін болса және олардың ешқайсысы екіншілеріне ықпал етпесе, онда айтарлықтай экологиялық мәні жоқ жағдай – бейтараптылық немесе нейтрализм орын алады. Нағыз нейтрализм табиғатта өте сирек кездеседі, себебі, кез келген экожүйеде барлық популяциялардың арасында жанама әрекеттер болуы мүмкін.

Екі жаққа бірдей пайда әкелетін қарым - қатынастар мутуализмге жатады.

Екі түрдің әрқайсысының қатысуы міндетті болуы қажет селбестік қатынастың типін мутуализм деп атайды.

Симбиотикалық қатынастың міндетті шарты - организмдердің белгілі дәрежеде бірге тіршілік етуі. Бұның мысалы ретінде балдыр мен саңырауқұлақтың симбиозы болып табылатын қыналарды келтіруге болады.

Ынтымақтастық кезінде екі популяция қауымдастық құрады. Әр түр өз бетінше тіршілік ете алатындықтан, бұндай бірлесу міндетті емес, дегенмен қауымдастық құрамында тіршілік ету екеуіне де тиімді. Мысалы, қарқылдақ, шағалалар мен құтандар сияқты құстардың бірнеше түрлерінің бірігіп ұялауы - олардың жыртқыштардан ойдағыдай қорғануына мүмкіндік береді.

Комменсализм жағдайында қауымдастық құраушы түрдің бірінің популяциясы бірлесіп тіршілік етуден пайда табады, ал екінші түрдің популяциясы ешқандай пайда көрмейді. Комменсализм қатынасы табиғатта кең таралған. Мысалы, ірі сүт қоректілер (иттер, бұғылар) тікенекті тұқымдар мен жемістерді тасымалдаушылар болып табылады, ал өздері бұл қатынастан пайда да, зиян да көрмейді. Комменсализм - басқа түрге шығын келтірмей, бір түрді бір жақты пайдалану.

Бірге тіршілік ететін түрлердің біріне басқа түрдің әсері теріс (ол қысым көреді), ал тап осы уақытта қысым көрсетуші зиян да шекпейді, пайда да көрмейтін қарым қатынас түрі аменсализм деп аталады, яғни аменсализм деп бір популяцияның өсуі мен көбеюі тежеліп, ал ингибитор аталатын екінші популяция бұндай қысым көрмейтін жағдайды атайды. Мысалы, көптеген саңырауқұлақтар мен бактериялар басқа бактериялардың өсуін тежейтін антибиотиктер синтездейді;

Жыртқыштық деп бір популяция екіншісіне жағымсыз ықпал ете отырып, сол әрекетінен пайда болатын популяция аралық қатынастарды атайды. Әдетте, жемтік өлтірілгеннен кейін оны жыртқыш бүтіндей немесе жартылай жейді

Паразиттілік - бір түрдің (паразиттің) организмдерінің басқа түрдің (қожайынның) организмінің ұлпалары немесе қоректік заттардың есебінен тіршілік етеді.

Паразитизм немесе тоғышарлық - бұл жыртқыштық болып табылады, бірақ иеленушісі бірден опат болмай, паразит оны белгілі бір уақытқа дейін пайдаланылады. Демек паразитизмді жыртқыштық жұмсарған формасы ретінде қарастыруға болады.

Түр ішіндегі бәсекелестік түр аралық бәсекелестікке қарағанда қатаңдау; мұнда екі түрдің мұқтаждары неғұрлым жақын болса, олардың арасындағы бәсекелестік соғұрлым күшті болады.

Осындай мұқтаждықтары бүтіндей ұқсас екі түр бірдей жағдайда тіршілік ете алмайды, олардың біреуі белгілі бір уақыттан соң міндетті түрде ығыстырылып шығарылады. Осы қағида бәсекелестік құбылыстарын алғаш рет инфузориялармен жүргізген эксперименттері арқылы айқын көрсеткен Г.Ф.Гаузенің құрметіне "Бәсекелестік арқылы жою немесе Гаузе принципі" деп аталып, заң дәрежесіне ие болады.

Бәсекелестік арқылы жою принципі. Экологиялық қуыс

Кейде азықтық мұқтаждықтары әртүрлі болатын екі түр ортақ территорияда бір - бірімен бәсекелеспей тіршілік етеді. Мысалы, Англияда үлкен суқұзғын мен айдарлы суқұзғын жартастарға ұясын аралас салады және қорек аулайтын сулары да ортақ, бірақ олардың ұстайтын азықтары әртүрлі.

Үлкен суқұзғын тереңге сүңгіп, көбіне бентостық жануарлармен қоректенсе, айдарлы суқұзғын судың беткі қабатынан майшабақ тұқымдас балықтарды аулайды. Осы сияқты көптеген фактілер бізді 1927 жылы Элтон ұсынған экологиялық қуыс ұғымына әкеледі

Тіршілік орнын білу – қуысты зерттеудің басы ғана. Табиғи ортада организмдердің жағдайын анықтау үшін, біз олардың белсенділігі туралы, қорегі мен энергия көздері туралы, өсу мен метаболизм жылдамдығы туралы, қарым – қатынасқа түсетін басқа организмдерге оның әсері туралы, экожүйедегі маңызды процестерге оның тигізетін әсерлерін анықтауымыз қажет.

Түр аралық бәсекелестік нәтижесінде экологиялық қуыстың бөлінуі құбылысы «экологиялық диверсификация» деп аталады.

Бірге тіршілік етіп жүретін түрлер арасындағы диверсификация көпшілік жағдайда мынадай үш параметр: кеңістіктік орналасу, азықтық мамандану, белсенділік мезгілі бойынша жүзеге асады.

Кеңістіктік орналасудағы айырмашылықтың мәні - түрлердің әртүрлі станцияларды таңдап алуында. Үлкен ала тоқылдақ азығын ағаштардың діңінен, орташа тоқылдақ – ірі бұтақтардан, ал кіші тоқылдақ - бөрік басынан ұсақ бұтақтарынан іздейді.

Азықтық мамандану бойынша - экологиялық диверсификация кең таралған құбылыс. Жануарлардың жақын туыстас түрлерінен қоректік мұқтаждықтары әртүрлі болатындығы көптеген мысалдардан дәлелденген. Мысалы, бірнеше симпатриялық түрлерге жататын шөл кесірткелерінің біреулерінің азықтық рационы - құмырсқадан, екінші біреулерінікі - термиттерден, үшіншілерінің - кесірткенің өзге түрлерінен немесе өсімдіктерден ғана құрылады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 2206; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.205 сек.