Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тапсырма. Кестенің мәліметтерін пайдаланып, температура мен жауын-шашынның таралуына әсер ететін абиотикалық факторларды




Тапсырма.

Тапсырма.

Тапсырма

Кестенің мәліметтерін пайдаланып, температура мен жауын-шашынның таралуына әсер ететін абиотикалық факторларды анықтаңыздар.

Төменде берілгендерді абиотикалық, биотикалық, антропогенді факторлар бойынша жіктеңдер. (жыртқыштық, ормандарды кесу, ауаның ылғалдылығы, ауаның температурасы, паразитизм, жарық, ауаның қысымы, бәсекелестік, зауыттар шығарған көмірқышқыл газының қалдығы, судың тұздылығы).

Берілген жағдайларды шектейтін факторларды анықтаңдар.

1) Мұхиттың 6000м тереңдігінде өсімдіктер үшін: су, температура, көмірқышқыл газ, судың тұздылығы, жарық.

2) Жазда шөлдегі өсімдіктер үшін: температура, жарық, су.

3) Қыста ормандағы торғайлар үшін: температура, қорек, ауа, ауаның ылғалдылығы, жарық.

4) Қара теңіздегі өзен шортандары үшін: температура, жарық, корек, судың тұздылығы, ауа.

5) Солтүстік тайгадағы қабандар үшін: температура, жарық, қорек, ауа, ауаның ылғалдылығы, қар жабындысының биіктігі.

Гомойотермділердің пойкилотермділерден артықшылығын дәлелдеңіздер. Гетеротермді ағзалар. Термофильді, криофильді ағзаларға түсінік беріңіздер.

Бақылау сұрақтары:

1. Қоршаған ортаның экологиялық факторлары.

2. Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы.

3. Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары: Ю.Либихтың минимум заңы және В.Шелфордтың толеранттық заңы.

4. Абиотикалық факторлардың жіктелуі

5. Стенобиоттылық және эврибионттылық.

6. Аллен және Бергман ережелері

7. Ылғалдылыққа байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары

8. Жарыққа байланысты организмдердің экологиялық топтары

9. Термофильді, криофилді организмдер.

 

Әдістемелік нұсқаулар:

Оқу құралында келесі экологиялық критерийлерді ерекше атап өту керек: қоршаған орта бөліктерінің бөлшектенбеуі, мысалы экологиялық фактор ретінде суқойма тереңдігін қарастыруға болмайды, себебі тереңдік судағы тіршілік иелеріне тікелей әсер етпейді. Ол қысымның көтерілуі, жарықтың төмендеуі, температура азаюы және т.б. арқылы әсер етеді. Міне осы аталғандар экологиялық факторлар ретінде қарастырылады. Бұларды студенттерге құстар базары мысалы арқылы көрсетуге болады, ондағы ортаның факторы құстар саңғырығындағы биогенді заттар болады.

Экологиялық жүйелер деңгейі – барлық экофакторлардың организмдерге кешенді түрде әсер ету жиынтығы экожүйенің климаттық режимін түзеді, түрдің барлық тіршілік процестері және түрлердің өзара әсерлесуі осылардың ауқымында жүзеге асырылады.

Қорытындылай келе табиғаттағы экологиялық факторларды 3-ке бөліп қарастырады: абиотикалық, биотикалық, антропогенді. Алған деректерді жақсы түсіну үшін экологиялық факторлардың алуантүрлілігіне қарамай негізгі заңдылықтарды көрсетуге болады. Лекция тақырыбымен жұмыс істегенде осы заңдарға аса көңіл бөлген дұрыс. Оптимум және пессимум заңдарының ағзаларға әсерін, шектеуші факторлар, толеранттылық (төзімділік) ролін анықтау.


Практикалық сабақ №4.

Тақырыбы: Популяция түрдің өмір сүру формасы және оның негізгі критерийлері.

Сабақ мақсаты: Студенттерді популяция түсінігімен таныстыру популяцияның динамикалық және статикалық сипаттамасын беру.

Оқыту құралдары мен әдістері: ауызша сұрау, дискуссия және диспут, имитациялық және іскерлік ойындар, жеке және топтық презентация, аргументтелген эссе, комментарийлер және т.б.

 

Сабақ өткізу жоспары:

Популяция түсінігі. Анықтамалары

Популяцияның жастық және жыныстық құрамы

Популяцияның кеңістікте орналасу түрлерін көрсету

Популяцияның демографиялық және этологиялық құрылымы.

1 тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер

1. Т.Мальтустың геометриялық прогресс заңымен өсу теориясы

2. Линкольн индексі

3. Популяцияның мөлшерін бағалау әдістері: текше әдісі, тура бақылау әдісі, суретке түсіру әдісі, белгі салу және қайта аулау әдісі.

4. Популяция диморфизмі және полиморфизмі.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 1194; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.014 сек.