Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сік шалу 4 страница




Зембілге салынған кезде аяқтарды жартылай бүгіңкі күйге келтіреді.Санды қажетсіз оңды-солды қозғаудың қажеті жоқ, оны сырқат үшін ыңғайлы күйде қалдырады.

Сырқаттың жамбасын дәкімен қатты тартпай орап тастаған дұрыс.

14-сурет. Жамбас сүйегі сынған кезде сырқатты әкету

 

Терінің айтарлықтай беріктік қаситеі бар және жарақат кезінде оның тұтастығы бұзылмайды, ал осы уақытта жұмсақ ұлпалар мен сүйектер зақымдалуы мүмкін.

Егер дене тілінген немесе сыдырылған жерлер ластанбаса, оны адамның өзінің емдеуіне болады. Егер жара үлкен болса, ең жақсысы дәргерге барып, ауруға қарсы ектіру керек.

Жұмсақ ұлпалар зақымдануының аса көп тараған түрі дененің сыдырылуы болып табылады, ол қатты заттың соққы салдарынан пайда болады, соққы тиген жер бірден үлбірейді, көбінесе көгереді олардың пайда болуы зақымдалған тамырлардан қанның ағуымен түсіндіріледі.

Тарамыстың созылуы секірген, құлаған ауыр затты көтерген кездегі ебдейсіз әрекеттерден туындайды. Созылу белгілері - буынның сырқырауы, терінің үлбіреуі, қозғалудың қиындығы.

Буынның шығуы - бұл буындағы сүйектерді ажырататын буынның үстіңгі жағының анатомиялық өзара қарым-қатынасының өзгерісі. Буын шыққан кезде оның қызметі бұзылады. Буынның шығуы толық және жартылай шығу (таю) болып бөлінеді. Буынның таюы әдетте сіңірдің созылуына немесе буынды бекітетін байламды үзуге, кейде буын қоржынын зақымдауға, яғни буынның үстіңгі жағын жабатын қабатты зақымдауға алып келеді.

Буынның шығу белгілері: домығу, буынның табиғи емес пішіні, өзгеруі, буынның төңірегінің қатты сырқырауы, әсіресе сәл қозғалғанда, буын төңірегіндегі тері түсінің өзгерісі, жарақаттанған буындағы қозғалыстың шектелуі, бір затқа тисе қатты сырқырайды.

Буынның шығуы да сүйектің сынғаны сияқты елеулі жарақат, арнайы медициналық көмекті қажет етеді. Дененің жарақаттанған бөлігін түзетуге тырыспаңыз. Тақтаның немесе шинаның көмегімен зақымданған буынды қозғалтпаңыз, мүмкіндігінше сол жерге тиіспеуге тырысыңыз. Буын шыққан жерге суық компресс қойыңыз. Сирақ немесе жіліншік жарақаттанған жағдайда аяқты көтеріп ұстуаға тырысыңыз, бұл буынның домығу деңгейін азайтады. Зардап шегушіге жағдай жасап жатқызуға тырысыңыз.

 

2. Күйіктер

Күйік - жоғарғы температураның (термиялық күйік), химиялық заттың (химиялық күйік), рентген сәулесінің немесе ядролық бомба жарылған кездегі жарық сәулесінің (сәулелік күйік) әсерінен терінің зақымдануы.

Термиялық күйік - денеге жалың, қайнаған су, жанып тұрған және ыстық сұйықтық пен газ, қызған және балқыған металлдар, напалмдардың тікелей әсерінен пайда болады. Зақымданудың ауырлығы әсер еткен температураның жоғарғылығына, әсер етудің ұзақтылығына, зақымданудың көлемі мен жайылуына байланысты. Қатты күйіктер әсіресе жалын мен қысымда тұрған будың әсерінен пайда болады. Аяқ - қол, көз, дененің басқа мүшелеріне қарағанда күйікке жиі ұшырайды.

Химиялық күйік денеге жинақталған қышқылдардың (тұз, күкірт, азот, сірне, карбол және сілтілердің (күйдіргіш калий мен күйдіргіш натрий, мүсәтір спирті, сөндірілмеген әк), фосфордың және ауыр металлдардың кейбір тұздарының (ляпис, хлорлы мырыш және т.б.) әсерінен пайда болады.

Зақымданудың ауырлығы мен тереңдігі химиялық заттың түрі мен жинақталуына, әсер ету созымдылығына, қай жер екендігіне байланысты. Химиялық заттарының әсеріне кілегейлі қабықша, тері жамылғысы мен мойын төтеп бере алмайды, ал табан мен алақан мейлінше төзімдірек.

Сәулелік күю - адролық жарылыстың жарық сәулесінен рентген мен күн сәулесінен пайда болады. Сәулелік күйіктің сырттай алғашқы белгілері зақымдау дәрежесіне сәйкес келмейді, зақымдау дәрежесі біршама кейінрек анықталады.

Күйіктің ауырлығы оның таралу аясымен және денесімен зақымдану тереңдігімен анықталады. Күйік тарала түскен сайын ол адам өмірі үшін қауіпті бола түседі. Дененің үстіңгі 1/3 бөлігі күйген жағдайда көбінесе өлімге әкеліп соқтырады. Зақымдану тереңдігі бойынша күйік 4 дәрежеге бөлінеді:

I - дәрежедегі күйікте дене қатты қызарып домығады. 3-5 күннен соң тері қотырланып сауыға бастайды.

II - дәрежелі күйікте қатты қызарған теріде көлкілдек бүршік пайда болады. Бүршіктер мөлдір сары сұйықпен толады.

II - дәрежелі күйік кезінде терінің тереңдігі қабатттары зақымданбайды, сондықтан, егер терінің күйген беті асқынбаса, онда бір аптадан соң терінің қабаттары кедір-бұдырсыз қалпына келеді.

III - дәрежелі күйікте ұлпалар жансызданып қабыршақтар пайда болады. Зақымданған жерде үлпілдек ұлпа пайда болады. Ол қосқыш ұлпамен ауысып сол жерде дөрекі жұлдызша тектес дақ пайда болады.

IV - дәрежелі күйікте аса қуаіпті жоғарғы темпеатураның әсерінен тері қарайып күйеді. Бұл күйіктің ең жоғары ауыр түрі, тері, бұлшық ет, сіңір, сүйек зақымданады.

 
 

15-сурет. Саусақтың үшінің күюі 1,2 және 3,4 дәрежелер

 

III және IV - дәрежелі күйіктер өте баяу оңалады. Күйген терінің бетін тек теріні қайта жапсыру арқылы ғана жабуға болады.

Күйік ауруының алғашқы кезеңі күйіктен ес шығу деп аталады. Күйіктен ес шығу кезінде сырқат әуелде қозады, ыңырсиды, іші бұрап аурады, бұдан кейін селқостық басталады. Әдетте ес шыққан кезде құсық, шөлдеу, тамырдың әлсіз жалдам соғысы байқалады. Күйіктен естен танудың басты белгісі кіші дәреттің күрт азаюы, ал кейде мүлдем тоқтауы болып табылады.

Күйіктен ес шығудан кейін өте ауыр күйік азабы, яғни денеге улы заттардың түсүінен қанның улануы басталады. Бұл кезеңде жарадан қаңға ұлпаның ыдырау өнімдері сорылады одан кейін жүйке жүйесінің бұзылуы қозуға (ұйқысыздыққа, бұлшық еттердің шоршуына) немесе еңсенің түсуіне алып келеді.

Термиялық күйіктің кезіндегі алғашқы медициналық көмек- зардап шегушіге жоғары температураның ықпалын тоқтатуға, яғни жанған киімді сөндіруге, оны жоғары температура аймағынан әкетуге, оның денесінен күйген киімді шешуге бағытталады. Жалын қаулаған киімді әсіресе, егер оған жылдам тұтанғыш сұйық түссе, ең алдымен, зардап шегушіні тығыз матамен орап тастау жолымен сөндіруге болады, сонда отқа ауаның баруы тоқтап жалын өшеді. Бүкіл киімді, әсіресе жылдың суық мерзімінде шешудің қажеті жоқ, өйткені дененің суынуы жарақатқа жалпы ықпал етеді және үрейді күшейте түседі.

Алғашқы көмектің келесі міндеті күйіктің үстіңгі бетіне оның асқынуын ескерту мақсатында тазартылған таңғыш қою болып табылады.

1- дәрежедегі күйік кезінде таңғышты спиртпен, арақпен, марганец қышқылды калиймен ылғалдап қоюға болады. Көпіршіктерді қыздыруға жәнен алуға, сондай-ақ күйген жерге қандайда бір май жағуға (вазелин, мал немесе өсімдік майы) болмайды. Жағылған май ауруды жазуға немесе басуға көмектеспейді есесіне жұқпалылардың енуіне жол ашады ал бұл өз кезегінде алғашқы дәрігерлік көмекті көрсетуге, теріні алғашқы хирургиялық емдеуге қыиндық келтіреді.

Химиялық күйік кезіндегі алғашқы медициналық көмек - химиялық заттың түріне байланысты. Концентрацияланған қышқылдар күйдірген кезде (күкірттен өзге) күйіктің бетін 15-20 минут бойы суық сумен шаяды. Күкірт қышқылы сумен қосылып жылу шығарады, бұл күйікті асқындыруы мүмкін, сілті ерітінділерімен (сабынды су, сода ерітіндісі - стакандағы суға бір шай қасық қосылады) шаю оң нәтиже береді. Күйген жерге бор, магнезия себуге болады.

Сілтілерден болған күйікті сумен жақсылап шайып, артынша сірке қышқылының әлсіз ерітіндісімен тазалау қажет (стакандағы суға бір шай қасық асханалық сірке су (ем- домнан кейін күйген жерге тазартылған таңғыш қоюға болады, таңғышты ерітінділермен ылғалдауға болады фосфордан болған күйік қышқылмен және сілтіден болған күйіктен ерекшеленеді, өйткені фосфар ауада тұтанады және күйік аралас - термиялық және химиялық (қышқыл) болып шығады. Дененің күйген жерін суда ұстаған жақсы, судың астында фосфор кесектерін таяқпен және мақтамен кетіреді. Фосфор кесегін қатты су ағынымен шаюға болады. Сумен шайғаннан кейін күйген жерді мыс купоросының 5% ерітіндісімен тазалайды, бұдан кейін терінің үстін тазаланған таңғыштармен жабады. Май мен мазды пайдалану жағымсыз әсер етеді,

өйткені олар фосфордың сорылуына көмектеседі. Напалмда фосфор болатындығын ұмытпау қажет, сондықтан ол күйдерген кезде ол фосфорлық күйік тәрісздес болуы мүмкін.

Сөндірілмеген әктен болған күйікті емдеуді маймен жүргізеді. Әктің барлық кесектірін алғаннан кейін ғана жараға маз жағылған таңғыш қоюға болады.

Оқиға орнында алғашқы көмек көрсету тәртібі.

Бірінші тәртіп - мүмкіндігінше күйген жерді құрғақ таза жаймамен немесе жаялықпен тезірек жабу.

Есіңізде болсын!

Терінің күйген бөлігін байлап тастауға немесе қатты түюге болмайды.

Екінші тәртіп - целлофан пакеттері, пластикалық шөлмектерді қармен, мұзбен немесе суық сумен толтыру және оларды құрғақ жайма немесе жаялық төселген күйген жердің үстіне қояды.

Үшінші тәртіп - зардап шегушіге екі - үш таблетка анальгин беру (оның есі болған жағдайда).

Төртінші тәртіп - зардап шегушіге жылы сусынды көп ішкізу және толық тыныштықта қалдыру.

1. Күйген жерді жылдамырақ суық судың астында қойып 10-15 минут ұстау.

2. Таза құрғақ матамен жабу.

3. Көпіршік үстіне суық зат қою (мұздық қаптама, мұзды су құйылған немесе қар салынған пакет).

2,4-дәрежелі көмек көрсету кезінде жасауға болмайды:

1. Сумен шаюға.

2. Күйген жерді құрғақ таза матамен кешіктірмей жабуға.

3. Құрғақ матаның үстіне міндетті түрде суық зат қоюға.

 
 

 

16-сурет. Тері жамылғыларының тұтастығын бұзбай

1,2-дәрежелі күйік кезінде көмек көрсету

 

 

Төменгі температураның ықпалынан ұлпалар мен органдардың зақымдалуы үсік шалу деп аталады. 60о-тан жоғары температурада пайда болатын күйіктерден ерекшелігі үсік шалу әртүрлі температураларда пайда болады. Суықтың жарақаттаушы күші температураның төмендеуімен қоршаған орта ылғалдығының өсуіне сәйкес атта түседі.

Үсік шалу себептері: суықтың, желдің ұзақ ықпалы, жоғары ылғалдылық, тар киім, тар немесе су аяқ киім, ұзақ уақыт қозғалмау, шаршау, зардап шегушінің жалпы күйі-сырқаттануы, мас болуы, қанның кетуі және т.б.

Үсікке аяқ-қолдың, құлақтың, мұрынның үш жақтары жылдам ұшырайды.

Организм қатты суынған кезде (қан тамырлары түйіліп тығындалады) қан айналымы, айырбас процестері бұзылады (тамақтану бұзылып, артынша ауыр жағдайға алып келеді). Ұлпалардың өлуінің, тереңдігінің кеңдігі төменгі темератураның созылымдығы мен төменгі температура ықпалының дәрежесіне байланысты. Зақымдалған ұлпаларда болатын орны толмайтын құбылыстардың негізгі себептері осы төңіректе коректенетін қан тамырларының кең таралып, қатты тығындалуы жетілетін тромбоз болып табылады.

Органдарда болып жатқан өзгерістер ауырлығы мен тереңдігі бойынша төрт дәрежеге бөлінеді:

I - дәрежеде тері ағарып, сезгіштігін жоғалтады бұдан кейін ісініп қызарады. Оның үстіңгі қабаты қотырланады аяқ-қол мұздайды. Негізгі тамырлар соғысы едәуір әлсірейді, зақымдалған ұлпалар домығады.

II - дәрежеде теріде бозамық немесе қан тәріздес сұйық пайда болады. Сол жердегі негізгі тамырлар соқпайды, зардап шегуші едәуір ауыртпалықты сезінеді.

Үсік шалудың осы дәрежесінде температураның көтерілуі есінеу, тәбеттің жоғалуы мен ұйқы басу сияқты жалпы құбылыстар байқалады. Осы жері көгеріп тұрады, сезімталдық әлсірейді, тырнақтың түсуі, сүйектің сырқырауы, тамырдың соғысы байқалады.

III - дәрежеде негізгі тамырлар соқпайды, зақымдану тереңдігі біртіндеп анықталады. Алғашқы күндері терінің домығуы байқалады, көпіршік пайда болады терінің жабылмаған бөлігінің ісіну жолағы пайда болады.

Тереңдігі ұлпалардың зақымдануы қалың ірің түрінде 3-5 күнде байқалады. Ұлпалар мүлдем ештеңе сезбей аурулар азапты сырқаттан азап шегеді. Үсік шалудың осы дәрежесінде қатты көрінеді әуелі дене қатты қалтырайды іле -шала қоршаған ортаға селқостықпен қарау ахуалы жайлайды.

IV- өте ауыр. Ұлпалардың барлық қабаттарының оның ішінде сүйектің жансыздануымен сипатталады.

Дененің зақымдалған бөлігін жылыту мүмкін емес, ол суынған және мүлдем сезімсіз күйінде қалады, терінің бетін қара сұйықты көпіршік жабады, нақты ажырату жолағы 10-17 күннен кейін пайда болады.

Зақымдалған аймақ тез қарайып құрғай бастайды. Аяқ-қолдың ажырау процесі ұзақ (1,5-2ай), жараның жазылуы өте баяу. Бұл кезеңде организмнің жалпы күйі күрт нашарлайды, органдарда дистографиялық

өзгерістер (бұзылу) байқалады.

Алғашқы медициналық көмек - зардап шегушіні әсіресе дененің үсінген бөлігін жедел жылыту болып табылады. Үсік шалған адамды мүмкіндігінше тезірек жылы жайға апару қажет. Ең алдымен дененің үсіген жерін жылытып, ондағы қан айналымын қалпына келтіру керек. Дененің үсіген жерлерін спиртпен шайып, таза қолмен ысқылайды, кейде бұны жасауға тұра келеді. Ысқылауды дененің үсіген бөлігінде сезімталдық, қызару және ысыну пайда болған кезде ғана тоқтатуға болады. Дененің үсінген бөлігін қармен ысқлау қазіргі уақытта теориялық тұрғыдан негізсіз және практикалық тұрғыдан қауіпті теріске шығарылды, өйткені суықты күшейтеді, ал мұздақ теріні жаралап, үсінген төңіректі асқындырады.

Жылытуды жылы ваннаның көмегімен жүргізуге болады. Судың температурасын 20-30 минуттың ішінде 20-40о дейін біртіндеп артырған жөн. Бұл жағдайда аяқ-қолды кір-қоқыстан мұқият жуған дұрыс. Ваннадан кейін ысқылау жүргізіп, зақымданған жерді сүртіп таза таңғышпен жауып, қандай да бір жылы жамылғымен қымтау қажет.

Сырқатқа ыстық шай, кофе жүрек тамыр дәрілерін (корвалол, кордиамин, кофеин) береді.

Бет үсінген кезде үлбіреген жерлерді иіс сумен сүртіп, вазелин немесе антисептикалық крем жағады, одан кейін иіс сумен шайылған таңғыш қояды.

Бірінші дәрежедегі үсік шалған және екінші дәрежедегі үсікке едәуір шалдыққан сырқаттарды емдеу (саусақ, қол, мұрын, құлақ) амбулаториялық тұрғыдан яғни таза таңғыш қою, физиотерапия жүргізу жолымен жүргізіледі.

Аяқ-қол үшінші, төртінші дәрежедегі ауқымды үсікке шалдыққан кезде стационарлық ем қажет.

4. Күннің өтуі және ыстық тию

Ыстық күндері адамның басына ұзақ күн сәулесінің тікелей әсері ми қан тамырларының кеңеюіне әкеп соқтырады, соның нәтижесінде басқа қанның құйылуы байқалады (гиперемия).

Беттің қызаруы және бастың қатты ауыруы күннің өтуінің алғашқы белгілері болып табылады. Сонан соң жүрек айниды, бас айналады, көз қарауытады және құсқысы келеді. Ауру естен танады, тыныс алу жиілей түседі, жүрек қызметі әлсірейді.

Басты орамалмен жабу, сондай-ақ басқа суық су құю алдын-алу шаралары болып табылады.

Бүкіл организмге қоршаған ауаның ыстық температурасы (30-400) ұзақ әсер еткен кездегі орталық жүйке жүйелеріне ауыр зақым келтіретін ысыну ыстық тию деп аталады. Ол жоғары немесе әдеттегідей жылу реттегіштің қызметі кеміген немесе тоқтатылған кезде пайда болады.

Денеге ыстық тиюдің үш себебі:

1. Жоғары сыртқы температура;

2. Дененің ылғалын жібермейтін қымталған киім;

3. Ауыр жұмыс істеу.

Ыстық тию тек ыстық күндерде емес ол жылы және қапырық бөл- мелерде, ыстық цехтарда болады. Ыстық тию әсіресе көрсетілген үш себеп қосылған кезде пайда болады.

Қатты ысынған және терлеген кезде организм ылғалды жоғалтады, қан қоюланады, организмдегі тұздың мөлшері азаяды, осының нәтижесінде ыстық тию пайда болады. Бұл организмдегі әсіресе мидағы оттегі тапшылығына әкеп соқтырады.

Ыстық тиюдің алғашқы белгілері - аурудың әлсіздігі қалжырағандығы, жүрегінің айнуы, басының ауыруы, айналуы. Дененің ысынып, температурасы 38-400 дейін көтерілген кезде ауру құсады, талықсиды, кеуде құрсуы пайда болуы мүмкін.

Алғашқы медициналық көмек: зардап шегушіні жақсы желдетілетін орынға апарып, киімін шешіп, басын сәл көтеріп жатқызады. Зардап шегушіні тыныштықта қалдырып, басы мен жүрек төңірегін салқындатады (суық су құяды), тез және аяқ асты салқындатуға болмайды. Сырқатты ылғал матамен ораған дұрыс, олай ету суды буландырып температураны төмендетеді. Сусын мен жеңіл тамақ береді. Жүрек -тамыр қызметі әлсіресе, тыныс алу бұзылса, 1мл 10% кофейн ертіндісін, 1мл кордиамин, 1мл 10% лобелин ертіндісін береді. Күн тиген кездегі алғашқы көмек ыстық тиген кездегідей.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 1739; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.15 сек.