Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

B) Симоновский-Венсан ангинасы 3 страница




b) Лакунарлы баспа.

c)Жаралы-жабынды баспа.

d) Сол жақты артқы паратонзиллит.

e)Алдыңғы немесе супратонзиллярлы абсцесс.

 

1131. 25 жастағы науқас әйел дәрігерге жиі баспамен ауыратындығына, субфибрилитетке, кезеңді артралгияға шағымданып келді. Қарап тексергенде аранда: бадамша бездер тыртықты өзгерген, доғашықпен қосылған, ротация кезінде қозғалыссыз, алдыңғы – таңдай доғашықтары ісіңген, қызарған, лакунада казеозды тығындар бар. Жақ бұрышында ұлғайған лимфа түйіндері пальпацияланады. Диагноз қойыңыз:

a) Созылмалы тонзиллиттің компенсацияланған сатысы.

b) 2 жақты катаралді баспа.

c)Созылмалы гиперпластикалық фарингит.

d) Созылмалы тонзиллиттің декомпенсацияланған сатысы.

e)2 жақты паратонзиллит, инфильтрация сатысы.

 

 

1132. Науқас емхананың ЛОР-дәрігеріне мұрын жарақатынан кейін пайда болған кезеңді бітелумен шағымданып келді. Науқас тән шағымдар берді: оң жаққа жатса мұрынның оң жағы бітеледі немесе сол жаққа жатса сол жақ бөлігі бітеледі. Риноскопияда: мұрын пердесі оң жаққа қисайған, мұрын жолы тарылған, төменгі мұрын кеуілжірі ұлғайған, шырышты қабаты бозғылт-күлгін.

a) Медикаментозды ринит.

b) Мезгілдік атопиялық ринит.

c)Жыл бойғы аллергиялық ринит.

d) Вазомоторлы ринит, мұрын пердесінің қисаюы.

e)Гипертрофиялық ринит.

 

1133. Науқас емхананың дәрігеріне әлсіздікке, дискомфортқа, мұрынның бітелуіне және түшкіру ұстамаларына шағымданып келді. Қарап тексергенде мұрын қуысының шырышты қабаты бозғылт сұр, бөлінділер серозды, көп және сулы. Науқастың сөзінен мұндай жағдай соңғы 3 жыл ішінде белгілі бір жыл мерзімінде байқалады. Процесстің ағымы жыл сайын ұзақ және ауыр өтуде. Диагноз қойыңыз:

a) Медикаментозды ринит.

b) Вазомоторлы ринит.

c)Жыл бойғы аллергиялық ринит.

d) Мезгілдік атопиялық ринит.

e)Нейровегетативті ринит.

 

1134. Науқас емхананың ЛОР-дәрігеріне мынандай шағымдармен келді: тыныс алудың қиындағанына, түшкіру ұстамаларына, көп серозды бөлінділердің ағуына. Қарап тексергенде мұрын қуысының шырышты қабаты бозғылт көкшіл немесе сұр, төменгі мұрын кеуілжірінің бетінде ақ дақтар анықталды, кеуілжірлер ұлғайған, қамыр тәрізді тығызды. Шырыштың анемизациясы мұрын кеуілжірлерінің жиырылуына әкелмеді және түшкіру ұстамасын туғызды. Науқастың сөзінен үйдің шаңы, жануарлардың жүні түшкіру ұстамаларын туғызады. Диагноз қойыңыз:

a) Медикаментозды ринит.

b) Мезгілдік аллергиялық су ағу.

c)Жыл бойғы аллергиялық ринит.

d) Мезгілдік аллергиялық ринит.

e)Нейровегетативті тұмау.

 

1135. Науқас мұрынның бітелуіне шағымданады. Анамнезінде ЖРВИ-мен ауырған. Өздігінен емделді, санорин тамшыларын қолданды, бірақ жақсару болмады. Соңғы уақытта нафтизин ғана көмектеседі. Алдыңғы риноскопияда мұрын кеуілжірлері ұлғайған, шырышты қабаты қызарған, ашық қызыл, патологиялық бөлінді жоқ. Диагноз қойыңыз:

a) Медикаментозды ринит.

b) Мұрын пердесінің қисаюы.

c) Жыл бойғы аллергиялық ринит.

d) Мезгілдік атопиялық ринит.

e) Вазомоторлы ринит.

 

1136. Науқас ЛОР-дәрігерге мұрынмен тыныс алуының қиындауына, әлсіздікке шағымданып келді. Қарап тексергенде оң жағында тынысы сақталған, бірақ дем алуы қиын, ал сол жағында жоқ. Мұрынның шырышты қабаты әлсіз күлгін, сол жағында жалпы мұрын жолында іріңді бөлінді бар. Диагноз қойыңыз:

a) Мұрынның хоаналді полипі.

b) Сол жақты жедел іріңді гайморит.

c) Полипозды риносинусит.

d) Мұрын пердесінің оңға жаққа қисаюы.

e) Төменгі мұрын кеуілжірлерінің қисаюы.

 

1137. Науқас ЛОР- стационарға мұрынмен тыныс алуының қиындауына, әлсіздікке шағымданып келді. Алдыңғы риноскопияда солғын сұр, қозғалысты түзілістер анықталды, жалпы мұрын жолында іріңді бөлінділер бар. Диагноз қойыңыз:

a) Полипозды риносинусит.

b) Аспиринді үштік.

c) Гипертрофиялық ринит.

d) Хоаналді полип.

e) Төменгі мұрын кеуілжірінің ұлғаюы.

 

1138. 17 жастағы науқас ЛОР- стационарға кезеңді мұрыннан қан ағуы бойынша қаралды. Қарап тексергенде мұрын аралықтың оңға қисайғанын анықтады, бірақ екі жағынан да де малу қиындаған. Тура емес риноскопияда жоғарғы мұрын-жұтқыншақ аймағын толтырған қызыл-қоңыр түсті домалақ түзіліс анықталды. Диагноз қой:

a) Жасөспірімдік ангиофиброма.

b) Аденоидты вегетациялар.

c) Мұрын- жұтқыншақ лимфоэпителиомасы.

d) Хоанальды полип.

e) Мұрын- жұтқыншақ склеромасы.

 

1139. Стационарға науқас мынандай шағымдармен келді: оң жағынан көбірек тыныс алуының қиындығына, құрғақтық сезімге, аз мөлшердегі шырышты бөлінділер, бірақ соңғы уақытта іріңді қан аралас болды. Алдыңғы риноскопияда: мұрын қуысы іріңді-қанды қабыршықпен қапталған. Мұрынның шырышты қабаты жұқарған, қызыл-көкшіл түсті, кейбір аймақтарда қанаған грануляциялар бар. Мұрын аралықтың шеміршек бөлігінде перфорация анықталды.

Диагноз қой:

a) Озена. Жаман иісті су ағу.

b) Субатрофиялық ринит.

c) Мұрын қуысының склеромасы.

d) Мұрын қуысының жегісі.

e) Вегенер гранулематозы.

 

1140. Жоғарғы сынып оқушысы құлақ жарақатын – құлақ қалқанынан алақанмен соққы алды. Жарақаттан соң құлағындағы қатты ауруды, шуды сезді, өткінші бас айналу байқалды, есін жоғалтқан жоқ. Отоскопияда: есту жолдары бос, Mt- гиперемияланған, қан құйылу ошақтары бар. Құлақ жарақатының сипатын анықта.

a) Акутравма.

b) Вибротравма.

c)Ацеллотравма.

d) Баротравма.

e)Шу жарақаты.

 

1141. Көмекей рагы бар науқас қабылдау бөлімшесіне стеноз көріністерімен жеткізілді. Өмірлік көрсеткіштері бойынша трахеостома жасалды. Кеңірдек 3 және 4-ші сақиналар аралығында көлденең ашылды. № 5 трахеостомиялық металл түтік қойылды. Келесі күні қарап тексергенде науқаста жөтел және жарада аздаған сұйық тағам пайда болды. Трахеостомия кезінде қандай техникалық қате жіберілді?

a) Қалқанша бездің тіні зақымдалды.

b) Трахеотүтіктің өлшемі тесіктің өлшеміне сәйкес келмейді.

c)Трахеостомалық түтіктің төменгі жағы кеңірдектің шырышты қабатын зақымдады.

d) Өңеш қабырғасының зақымдануы.

e)Операция кезінде фарингостома қалыптасты.

 

1142. Науқас 36 жаста, ЛОР-дәрігерге ұзақ дауыс жүктемесінен кейін жұтқыншақтағы ауру сезіміне шағымданды. Науқастың сөзінен онда әрқашан жұмсақ қарлыққан төмен дауыс болатын.Тынысы еркін, жоғарғы тыныс жолдары жағынан жедел қабыну көріністерін байқамады. Қарап тексергенде мойынның алдыңғы беті өзгермеген, фонация кезінде мойын мен көмейдің сыртқы бұлшық еттерінің күштенуі анықталады. Араң тыныш, ауыздың ашылуы еркін. Тура емес ларингоскопияда көмей қақпашығы қозғалысты, дыбыс шығу саңылауы мен шынайы дыбыс қатпарлары бос. Фонацияда вестибулярлы қатпарлардың айқын қозғалысы көрінеді, бірақ толық жабылмайды. Диагноз қой:

a) Созылмалы ларингит.

b) Пахидермиялық ларингит.

c) Созылмалы фарингит.

d) Гипертонусты фоностения.

e) Гипотонусты фоностения.

1143. Науқас 48 жаста, көп жылғы стажбен темекі шегугі дәрігерге дауысының қарлығуына, түнгі уақыттағы тұншығу приступтарына шағымданды. Созылмалы ларингит бойынша емделді, бірақ жағдайы жақсармады. Соңғы уақытта тез жүргенде ентігу пайда болды, түнгі тұншығу приступтары көбейді. Қарағанда араң тыныш, ауызының ашылуы қиын емес. Тура емес ларингоскопияда- көмей қақпашығы қозғалысты, алмұрт тәрізді синустар бос, көмейің вестибулярлы бөлігі патологиясыз. Шынайы дауыс қатпарлары оң жақтан- гиперемияланған, қозғалысты, сол жақтан- боз, қозғалысы шектелген, қыры тегіс емес. Қыртыс асты аймағында сұр түсті төмпешікті инфильтрат көрінеді. Көмейдің томографиясында шынайы дауыс қатпарының сол жағынан, жүзік тәрізді шеміршекке дейін тегіс емес қырлары бар тығыз көлеңке үшін қатпар асты аймағының ассиметриясы анықталды. Диагноз қой:

a) Қатпар асты аймағының ісігі.

b) Пахидермиялық ларингит.

c) Көмейдің папиломатозы.

d) Дауыс қатпарының фибромасы сол жақтан.

e) Флегмонозды ларингит.

 

1144. Науқас әйел ЛОР- стационардың қабылдау бөлімшесіне құлағынан сасық иісті іріңнің ағуына, ауру сезіміне шағымданып келді. Бұдан басқа ол жалпы әлсіздікке, дене температурасының 38°С-ге жоғарылауына шағымданды. Бала кезінен ауру, кезеңді өршуді байқайды. Емізік тәрізді өсінді аймағының пальпациясы мен перкуссиясын ауру сезімсіз, қарағанда өзгермеген. Есту жолында жағымсыз иісті іріңді бөлінді бар. Дабыл жарғағыңың алдыңғы-жоғарғы квадрантында шеттік перфорация бар, сол арқылы Воячек зондымен тиген кезде қанайтын грануляциялар томпайып шығады. Дабыл жарғағының керілген бөлігі сақталған, жарғақ сәл гиперемияланған және инъекцияланған. Есту төмендеді, бірақ ШР-4м сақталған.

Диагноз қой:

a) Жедел ортаңғы отит.

b) Мастоидитпен асқынған жедел ортаңғы отит.

c)Созылмалы мезотимпаниттің өршуі.

d) Грануляциямен асқынған созылмалы эпитимпаниттің өршуі.

e)Холестеотомамен асқынған созылмалы эпитимпаниттің өршуі.

 

1145. Жедел жәрдем машинасымен бөлімшеге науқас ауыр жағдайда жеткізілді, сұрақтарға әзер жауап береді. Сол құлағынан ірің ағуға, оның орташа ауру сезіміне шағымданды. Басының қатты ауруын айтады. Дене температурасы 38,5°С. Анамнезқнен құлағынан ірің ағу бала кезінен екені анықталды, корьмен ауырғыннан соң отит пайда болды. Осы реттегі отиттің өршуі суық тигеннен кейін дамыды. Емделмеді. Қарсаңында қатты бас ауруы пайда болды, дене температурасы жоғарылады, жалпы жағдайы төмендеді, өткінші есінен тану байқалды. Жағдайының нашарлауымен ЛОР- стационардың қабылдау бөлімшесіне жеткізілді. Отоскопияда сол жақ сыртқы есту жолында жағымсыз иісті іріңді бөлінді бар. Дабыл жарғағының керілген бөлігі гиперемияланған, оның артқы-жоғарғы квадрантында холестеотомды массаларға толы шеттік дефект бар. Шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі айқын, екі жағынан да Керниг симптомы оң. Көз түбі өзгеріссіз. Диагноз қой:

a) Созылмалы мезотимпаниттің өршуі.

b) Созылмалы кариозды отиттің өршуі.

c) Менингитпен асқынған созылмалы отиттің өршуі.

d) Созылмалы мирингиттің өршуі.

e) Грануляциямен асқынған созылмалы отиттің өршуі.

 

1146. Стационардың ЛОР- бөлімшесіне науқас әйел бас айналуға, масс сияқты жүруіне, ерігінен тыс оң жаққа қарай қисаюы мен құлауына, құлағындағы шуға шағымданып келді. Анамнезінде іріңдеген холестеатома бойынша оң құлағына кең санациялайтын операция жасалды. Операциядан кейінгі кезеңде басының орналасу өзгерісіне қарай өткінші бас айналу байқалды. Соңғы уақытта мұндай симптоматика көбейді,оң жаққа қарай бас айналу айқын және ұзақ бола бастады. Жүрістің тұрақсыздығы пайда болды. Құлағынан іріңді бөлінділерді байқамады. Қарап тексергенде ЛОР-ағзалары жағынан патология табылмады. Оң жақ радикальды қуыс толық эпидермизацияланған, бөлінді жоқ. Қуыстың медиальді қабырғасында горизонтальды жарты доға тәрізді каналдың проекциясы орнында қабышақпен жабылған эпидермизация аймағының кішкентай дефектісі бар. Прессор сынамасын жасаған кезде бас айналу және нистагм пайда болып, олар өздігінен жойылады. Диагноз қой:

a) Серозды лабиринтит.

b) Іріңді лабиринтит.

c) Меньер ауруы.

d) Лабиринт фистуласы.

e) Отогенды арахноидит.

 

1147. Отоларингологқа науқас әйел құлағындағы қышу, бөтен заттың бары тәрізді сезімге, екі құлағының естуінің төмендеуіне шағымданды. Науқастың сөзінен құлағындағы қышу соңғы жыл ішінде байқалады, бірақ соңғы аптада жагдайы нашарлады, аз бөлінділер пайда болды, қышу көбейді. Отоскопияда сыртқы есту жолының терісі сәл гиперемияланған, инфильртацияланған. Жарғақ – шеміршек бөлігінде кебек тәрізді эпидермистің қабыршақтары. Есту жолының сүйек бөлігі түбінде жарғаққа жақын түйір тәрізді қосылыстарымен шырыш бөлінді бар. Дабыл жарғағы сәл гиперемияланған. Диагноз қой:

a) Сыртқы диффузды отит.

b) Отомикоз.

c)2 жақты вирусты отит.

d) 2 жақты мерингит.

e)2 жақты мукозды отит.

 

1148. Стационардың ЛОР-бөлімшесіне 45 жастағы науқас емхана дәрігерімен жеткізілді. Құлағының туалеті кезінде науқастың аяқ астынан басы айналып, лоқсу пайда болды, 1 рет құсты, көп тер шықты. Науқас кушеткаға жатқызылды. Нистагм байқалды. Бұрын бұндай симптомдар аз дәрежеде науқас құлақ туалетін өзі жасаған кезде болатын. Науқас бала кезінен созылмалы отитпен ауырады. Процестің кезеңді өршуін байқайды. Сол құлағын қарап тексергенде сыртқы есту жолының терісі жағынан өзгерістер жоқ. Есту жолында аздаған іріңді бөлінді бар. Дабыл жарғағы жоқ, тотальды дефект. Дабыл жарғағының шырышты қабаты инфильтрацияланған,ісінген, томпайған. Прессор сынамасын өткізгенде нистагм байқалады. Спонтанды вестибулярлы бұзылыстар жоқ. Диагноз қой:

a) Грануляциямен асқынған созылмалы эпимезотимпаниттің өршуі.

b) Лабиринт фистуласымен асқынған созылмалы іріңді отиттің өршуі.

c)Отогенды арахноидитпен асқынған созылмалы іріңді отиттің өршуі.

d) Іріңді лабиринтитпен асқынған созылмалы отиттің өршуі.

e)Серозды лабиринтитпен асқынған созылмалы ортаңғы отиттің өршуі.

 

1149. Науқас 32 жаста басының сол жақ жартысындағы әсіресе соңғы күндері қатты мазалайтын ауру сезіміне шағымданады. Аппетит жойылған, тамақ қабылдауға байланыссыз құсу приступтарын айтады. 15 жылдай естудің төмендеуімен бірге ортаңғы құлақ ауруымен ауырады. Ірің ағумен жүретін прцесстің кезеңді өршуін белгілейді. Соңғы өршу жарты жыл бұрын болды, сол кезде қазірге дейін сақталған естудің айқын төмендеуі байқалады. Терісі боз сұр түсті. Тілі қапталған. Пульс 48 соққы мин. Науқас солғын, жас аққыш. Қарапайым команданы орындай алмайды, оған бағытталған сөзді түсінбейді, көрсеткен заттардың атын есіне түсіре алмайды. Көп сөйлейді, бөлек сөздерді дұрыс айта, сөйлемді дұрыс құрастыра алмайды. Шүйде бұлшық еттерінің жеңіл ригидтілігі анықталады, Бабинский рефлексі оң, оң жақ терең рефлекстері сәл жоғарылаған. Отоскопияда оң жақта есту жолдарында іріңді бөлінді бар. Туалеттен соң дабыл жарғағының томпайған грануляцияларға толы үлкен шеттік дефектісі көрінеді. Емізік тәрізді өсінді проекциясы ауру сезімсіз. Жұлын сұйықтығы лайлы, қысыммен ағады. Көз түбінің іркілген емізікшесі табылды. Диагноз қой:

a) Отогенды менингитпен асқынған созылмалы отиттің өршуі.

b) Отогенды арахноидитпен асқынған созылмалы отиттің өршуі.

c) Мидың самай бөлігінің отогенды абсцессымен асқынған созылмалы отиттің өршуі.

d) Грануляциямен асқынған созылмалы отиттің өршуі.

e) Іріңді лабиринтитпен асқынған созылмалы іріңді отиттің өршуі.

 

1150. Науқас 45 жаста ЛОР-бөлімшеге дауысының қарлығуына, тамағындағы қышу және Ашу сезіміне шағымданып келді. Анамнезінде 25 жылғы стажбен темекі шегуші. Жұтыну ауру сезімсіз, ауызының ашылуы еркін. Тура емес ларингоскопияда: алмұрт тәрізді синустар бос, симметриялы, көмей қақпашығы қозғалмалы. Көмейдің қуысы бос, фонацияда дауыс саңылауының үштен ортаңғысында жеңіл қосылмайды. Диагноз қой:

a) Созылмалы фаринголарингиттің өршуі.

b) Жедел ларингит.

c) Пахидермиялық ларингит.

d) Эпиглотит.

e) Жедел ларинготрахеит.

 

 

1151. Науқас С ЛОР-бөлімшеге шағымданып келді: жұтынудың қиындауына, сұйық тағаммен шашалуға. Науқастың сөзінен 3-ші күн тамақ ішпеді, дене температурасы 39,5 °С, терісі ылғалды, дауысы қарлыққан, тынысы ауызының ашылуы еркін. Қарап тексергенде: араңда жайылған гиперемия, бадамша бездер сәл ісіңкі, борпылдақ. Тура емес ларингоскопияда: алмұрт тәрізді синустар сөлге толы, тіл-көмей қақпашығы аумағы тарылған, көмей қақпашығы қалыңдаған, инфильтрацияланған,қозғалысы шектелген, көмейдің қуысы қиындықпен көрінеді, бос. Дауыс қатпары қосылады. Диагноз қой:

a) Көмей қақпашығының абсцессі.

b) Тіл-көмей қақпашығы кеңістігінің іріңді кистасы.

c) Флегмонозды ларингит.

d) Көмей папилламатозы.

e) Паидермиялық ларингит, өршуі.

 

1152. Науқас С. 25 жаста ЛОР-аурухананың қабылдау бөлімшесіне тамағындағы ауру сезіміне, жұтынудың қиындығына шағымданып келді. Анамнезінде 5 жыл бұрын тонзиллэктомия жасалған. Қарап тексергенде сілекей ағу көрінеді, тілдің сыртқа шығарылуы ауру сезімді. Тілдің артқы үштен бір бөлігін қасықпен басқанда ауру синдромы шыдатпайтындай көбейнді. Араңда жайылған гиперемия. Көмей-жұтқыншақты қарап тексергенде тіл түбінің проекциясында сұр-сары түсті бірлі-жарым нүктелік түзілістер бар. Диагноз қой:

a) Тілдік баспа.

b) Тіл-көмей қақпашығы аймағының абсцессі.

c) Созылмалы ларингофарингиттің өршуі.

d) Түтік бадамша бездердің баспасы.

e) Көмей қақпашығының абсцессі.

 

1153. Науқас 20 жаста қабылдау бөлімшесіне тамағындағы жұтынған және сөйлеген кезде көбейетін ауру сезіміне, әлсіздікке шағымданды. Дене температурасы 38°С, жақ асты және иек асты аймағында ісіну бар. Иек асты аймағын пальпациялағанда мойынның алдыңғы және сол жақ бүйір беттеріне таралатын инфильтрат анықталады, тері гиперемияланған.Ауыздың ашылуы қиын, ихорозды иіс шығады, тіл көтеріңкі. Қарап тексергенде араң гиперемияланған, ауыз қуысы түбінің жұмсақ тіндерінің тығыздалуы анықталады. Кариозды тістің экстракциясынан кейін жедел ауырды. Диагноз қой:

a) Мононуклеарлы баспа.

b) Ауыз қуысы түбінің флегмонасы.

c) Паратонзиллит, инфильтрацияланған сатысы.

d) Жұтқыншақтың дифтериясы.

e) Симановский- Венсан баспасы.

 

1154. Науқас 52 жаста ЛОР-бөлімшеге мынандай шағымдармен госпитализацияланды: солға қарағанда диплопия, аздаған түсіп кету, сол жоғарғы қабақтың түсуі, көз алмасының әкетуінің бұзылуы. Шүйде аймағында кезеңді бас ауруды, мұрынның бітелуін, мұрын –жұтқыншақта бөліндінің жиналуын айтады. Окулист көру жағынан патология анықтамады, көз түбі өзгеріссіз. ППН рентгенограммасында сол жақ сына қуысы және торлы лабиринттің артқы жасушаларында гомогенді қараю анықталады. Қалған мұрын маңы қуыстары патологиясыз.Диагноз қой:

a) Созылмалы гаймороэтмоидит.

b) Жас өспірімдік ангиофиброма.

c) Мұрын- жұтқыншақтың аденоидты вегетациялары.

d) Оптохизмальды амақтың ісігі.

e) Созылмылы іріңді этмоидит, сфеноидит.

1155. Науқас 50 жаста ЛОР -бөлімшеге госпитализацияланды,басты төмен қаратқан кезде көбейетін, мұрынның бір жақ бөлігінен үнемі бөлінетін мөлдір бөліндіге шағымданды. Соматикалық сау. Анамнезінен: менингитпен ауырған. Риноскопияда мұрынның шырышты қабаты күлгін, ылғалды, мұрын жолдары бос, патология анықталмады. Басқа ЛОР-ағзалар жағынан патология жоқ. Науқасқа бөліндінің сипатын көрсету ұсынылды. Басын алдыға еңкейтіп отырғанда бірнеше минуттан соң бірнеше тамшы түрінде сұйық бөлінді шықты.

Диагноз қой:

a) Назальды ликворея.

b) Вазомоторлы ринит.

c)1 жақты этмоидит.

d) Дакриоцистит.

e)Мұрын-жас каналының обструкциясы.

 

1156. Науқас 15 жаста ЛОР-бөлімшеге мұрынмен тыныс алуының қиындығына шағымданып госпитализацияланды. Анамнезінде: 2 күн бұрын дене шынықтыру сабағында бетінен доппен соққы алды. Қарап тексергенде мұрын аралық шеміршек бөлігінде симметриялы ісінген. Басқа ЛОР- ағзалары жағынан патология жоқ. Диагноз қой:

a) Мұрын аралықтың гематомасы.

b) Мұрын және мұрын аралық сүйектерінің сынығы.

c) Мұрын аралық төртбұрышты шеміршегінің шығуы.

d) Мұрын аралықтың абсцессі.

e) Мұрын аралықтың трывмадан кейінгі перихондриті.

 

1157. Қыз бала 10 жаста, қабылдау бөлімшесіне тамағындағы ауру сезіміне, температураның жоғарылауына,әлсізідікке шағымданып түсті. Анамнезінен 3 күн бұрын ауырды. Объективті: жағдайы орташа ауырлықты, дене температурасы 40°С, терісі ылғалды. Фарингоскопияда: жұтқыншақтың шырышты қабаты гиперемияланған, бадамша бездер ақ жабындымен жабылған, мойын лимфа түйіндері жақ асты және жақ бұрышы аймағында ұлғайған. Шап және қолтық асты лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталды. Қан анализінде: лейкоциттер- 13*10^9 г/л

Сегментоядролы нейтрофильдер- 23%

Таяқшаядролы- 0%

Лимфоциттер- 50%

Эозонофилдер- 0%

Моноциттер- 26%. Диагноз қой:

a) Жұтқыншақ отомикозы.

b) Агранулоцитарлы баспа.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 1406; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.092 сек.