Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

C) металлды штифтпен интрамедуллярлы остеосинтез 2 страница




 

a) Бүйректердің поликистозы

b) Жіті пиелонефрит

c) Жіті паранефрит

d) Пионефроз

e) Бүйрек ұстамасы

 

1499. 70 жасар науқаста зәр шығуы кенеттен тоқтап қалды. Қуығы толып кеткен

дей сезім пайда болды, кіші дәретке қыштау сезімі өте, қасаға үстінде шыдатпайтын күшті ауырсыну байқалады. Бұған дейін 2-3 жыл бойында зәр шығарудың қиындықпен келетініне, несеп ағымының нашарлығына көңіл аударған болатын, түнде 2-3 рет кіші дәретке шығады. Симптомның атауы?:

 

a) Несептің кенеттен тоқтап қалуы (ишурия)

b) Парадоксальды ишурия

c) Несептің ұсталмауы

d) Несепті ырықсыз ұстай алмай қалу

e) Анурия

 

1500. 4 жасар ер балада зәр шығаруы қиындаған, несеп ағымы жіңішке, жіп тәрізді; әрбір зәр шығару кезінде күпеті шар тәрізді кернеліп, кеңейіп кетеді. Диагноз?

 

a) Баланопостит

b) Парафимоз

c) Фимоз

d) Жіті кавернит

e) Меатостеноз

 

1501. 82 жас науқаста екі апта бойында несептің ырықсыз түрде тұрақты ағып тұруы байқалады. Бұған дейін зәр шығарудың қиындауы, жиіленуі, несептің көп мөлшерде (3 литрге дейін) шығуы байқалған болатын. Аузы құрғақ, күшті шөлдеу сезімі бар. Қант диабеті күдігі дәлелін таппады. Қасаға үстінде томпайған, ауырсынатын көлемді құрылым пальпацияланады. Симптомның аталуы?:

 

a) Несептің кенеттен тоқтап қалуы

b) Парадоксальды ишурия

c) Анурия

d) Қалдық несеп

e) Несептің ұсталмауы

 

1502. 8 жасар 0ыз балада туыл5аннан бері қарай күндіз де, түнде де несептің аз мөлшерінің ырықсыз ағып тұруы байқалады, бірақ қалыпты зәр шығару процессі сақталған. Тексеріп көрген кезде несептің тұрақты түрде қынаптан тамшылап ағып шығатындығы анықталды. Болжам диагноз?:

 

a) Қуық-қынаптық жыланкөз

b) Бүйректің толық емес қосарлануы

c) Бүйректің толық қосарлануы

d) Нейрогендік қуық

e) Қуықтың экстрофиясы (эктопиясы)

 

1503. 48 жас әйел науқаста ауруханаға келер күннің қарсаңында бел аймағының сол жағында күшті ауырсыну ұстамасы байқалған болатын. Сонан кейін зәр шығару тоқтап қалды және оған деген қыштау сезімі де жоқ. Несептің жоқ екендігіне 12 сағат болды. Пальпация және перкуссия кезінде қасаға үстінде қуық анықталмайды. Қуықты катетерлеу кезінде несеп алынған жоқ. 6 жыл бұрын бүйректас ауруы бойынша оң бүйрегі алынып тасталған. Болжам диагноз?:

 

a) Жіті пиелонефрит

b) Рефлекторлық анурия

c) Субренальды анурия

d) Ренальды анурия

e) Секреторлық анурия

 

1504. 56 жас науқас бүгін таңертең қалыпты денсаулық фонында кенеттен ешқандай ауырсыну сезімінсіз несебінің қанмен боялып шыққанын байқап қалды. Несептің қанмен боялуы зәр шығару процессінің басынан аяғына дейін байқалды. Қандағы гемоглобиннің мөлшері және қан қысымы қалыпты деңгейде. Қан кетудің болжам ошағы?:

 

a) Қуық

b) Артқы уретра

c) Алдыңғы уретра

d) Бүйрек

e) Қуықасты безі

 

1505. 38 жасар әйел науқаста әлсіздікке, тез шаршауға, ауыздың құрғақтығына, күшті шөлдеуге, несептің ауық-ауығымен қанға боялуына шағым бар. Құрсақтың жоғарғы аймақтарында қатаң, беткейі кедір-бұдыр құрылым дар пальпацияланады. Қан қысымы 200/120 мм.сын. бағ. Болжам диагноз?:

 

a) Бүйректердің ісігі

b) Бүйректердің карбункулы

c) Бүйректердің поликистозы

d) Бүйретердің пионефрозы

e) Бүйректердің емізікшелерінің некрозы

 

1506. 3 жасар ер балада жыныс мүшесі кішірейген, төмен қарай қисайған, ұмасы екіге ажырап кеткен, үрпінің сыртқы тесігі бұтаралығында орналасқан; зәрін отырған күйінде шығарады. Диагноз?

 

a) Микропенис

b) Эписпадия

c) Крипторхизм

d) Гипоспадия

e) Гермафродитизм

 

1507. 8 жасар ер баланың ені ұмада жоқ. Туылған кезде екі ені де ұмада жоқ болған, 6 жас кезінде сол ені қалыпты орнына түскен болатын. Оң шап аймағында дөңгелек, мөлшері 3х2 см құрылым пальпацияланыды (оншалықты айқын емес). Диагноз?

 

a) Анорхизм

b) Оң жақтағы аталық бездің ісігі

c) Оң жақтама крипторхизм

d) Лимфаденит

e) Оң жақтама шап жарығы

 

1508. 28 жас еркек науқаста 2,5 м биіктіктен құлап түскеннен кейін бел аймағының оң жағында күшті ауырсыну пайда болды және және зәр шығарған кезде несебі қанға боялды (қанның пішіні «құрт» тәрізд»). Пульс 140 мин., толуы әлсіз, қан қысымы 80/50 мм сын. бағ. Оң қабырға астындағы аймақта ісіну пальпацияланады. Көрсетілгендердің ішіндегі қай әдіс ең бағалы диагностикалық болып есептеледі?

 

a) УЗИ почек

b) Экскреторная урография

c) Ретроградная уретеропиелография

d) Компьютерная томография

e) Обзорная урография

 

1509. 43 жасар еркек алкогольдық мас болуы кезінде құрсағына күшті соққы алған болатын. Содан кейін құрсақтың төменгі бөлігінде күшті ауырсыну пайда болды, зәр шығаруға қыштау сезімі жиіленді. Зәр шығаруға тырысқан кезде тек қанға боялған сұйықтықтың азғантай ғана мөлшері шығады. Соққы алғанға дейін 6 сағат бұрын қуығын босатқан болатын. Құрсағы кернелген, күшті ауырсыну бар. Болжам диагноз?

 

a) Уретраның жабық жарақаты

b) Қуықтың интраперитонеальды жабық жарақаты

c) Қуықтың экстраперитонеальды жабық жарақаты

d) Қуықтың толық емес жабық жарақаты

e) Уретраның толық жабық жарақаты

 

1510. 23 жасар еркек үрпісінен қан бөлінуіне, зәр шығара алмауына шағым жасап келді. 4 сағат бұрын, темір шарбақтан секіріп өтіп жатқан кезде шарбақ үстіне бұтаралығымен «отырып» қалды. Тексерген кезде бұтаралығында айтарлықтай ісіну бар, пальпация және перкуссия кезінде қасаға үстінде ұлғайған, кернелген қуық анықталады. Үрпінің жарақаты диагнозы қойылған. Емдеу тактикасы?:

 

a) Қуықтың катетерленуі

b) Уретраның буждалуы

c) Уретротомия

d) Уретроуретроанастомоз

e) Троакарлық цистостомия

 

1511. 38 жасар науқаста 4 күн бұрын бел аймағының сол жағында күшті ауырсыну пайда болды. Ыстық ваннадан кейін күшті ауырсыну батып ауырсынуға айналды, бірақ тұрақты түрде. 2 күннен кейін дене температурасы 38,6 C, көтеріліп кетті, екі рет күшті қалтырау болып өтті. 3 жыл бұрын сол бүйрегінен тас алынған болатын. Сол жақтағы қабырға асты аймағында ауырсыну бар, сол жақтан Пастернацкий симптомы өте сезімді. Диагноз?

 

a) Жіті біріншілік пиелонефрит

b) Жіті екіншілік пиелонефрит (серозный)

c) Жіті біріншілік іріңді пиелонефрит

d) Жіті екіншілік іріңді пиелонефрит

e) Жіті серозды пиелонефрит

 

1512. 22 лет жасар келіншекте жүктіліктің 24-ші аптасында бел аймағының оң жағында батып ауырсыну пайда болды, дене температурасы 39 C дейін көтеріліп кетті, бір рет қалтырау болып өтті. Созылмалы тонзиллитпен ауырады. Сол бүйрек тұсында ауырсыну бар. Жүктіліктің іріңді жіті пиелонефриті диагнозы қойылған. Емдеу тактикасы?:

 

a) Сол жақ бүйірінде жату

b) Тізе-шынтақ қалпында жату

c) Қуықтың катетерленуі

d) Қуықтың катетерленуі

e) Перкутандық (тері арқылы) нефростомия

 

1513. 20 жасар еркек, ұманың сол жағында шап және бел аймақтарына тарлатын күшті ауырсыну бар, дене температурасы 39 С. Мұздай суға шомылғаннан кейін ауырып қалған. Тексерген кезде ұманың сол жағы айтарлықтай ұлғайған, терісі қызарған, ұманың пальпациясы күшті ауырсыну береді. Диагноз?

 

a) Сол еннің шемені

b) Сперматоцеле

c) Сол еннің бұралып қалуы

d) Сол жақтама жіті эпидидимит

e) Сол еннің ісігі

 

1514. 32 жас әйел науқас бел аймағының оң жағындағы тұрақты батып ауырсыну сезімі шағымымен келді, зәр шығаруы жиіленген және ауырсынады, несебі лайқы, ауық-ауығымен несебіне қан араласып шығады. Ауырғанына үш ай болды (екінші босанудан кейін тез аралықта). Балалық шағында экссудативті плевритпен ауырған. Пастернацкий симптомы сол жақтан сезімтал.. Науқасты қай маманға бағыттар едіңіз?

 

a) Терапевтке

b) Онкологқа

c) Хирургке

d) Урологқа

e) Фтизиоурологқа

 

1515. 62 жасар науқас. Несебінің бірнеше рет қанмен боялғандығына шағым жасайды, қан несеп ағымының басынан аяғына дейін байқалады. Дене температурасы тұрақты түрде 37,8 – 38,0 C) Тексерген кезде оң жақтан енбауы веналарының варикозды кеңеюі байқалады. Диагноз?:

 

a) Оң жақтама варикоцеле

b) Оң жақтама жіті пиелонефрит

c) Оң бүйрек паренхимасының ісігі

d) Бүйректердің поликистозы

e) Қуықтың ісігі

 

1516. 62 жасар еркекте зәр шығаруының қиындауы, түнгі кезде жиілеуі (3-4 рет) байқалады. Несеп ағымы әлсіреген, қуықтың толық босалмауы сезімі бар. Перкуссия кезінде қасаға үстіндегі дыбыстың тұйықтығы байқалады (4-5см). Симптомның атауы?

 

a) Ишурия

b) Парадоксальды ишурия

d) Қалдық несеп

c) Несептің ұсталмауы

e) Несептің стрестік ұсталмай қалуы

 

1517. 66 жасар науқаста бір жыл бойында зәр шығарудың жиілігі, зәр шығарудың соңында дүркін-дүркін несептің қанмен (пішінсіз ұйындылар) боялуы байқалады. 2- стакандық сынақта несептің екінші үлесі еттің жуындысы түсіне боялған. Қай әдіс диагноз қою үшін ең бағалы болып есептеледі?:

 

a) УДЗ

b) Цистоскопия

c) Экскреторлық урография

d) Цистография

e) Ретроградтық пиелография

 

1518. 78 жасар ер науқаста тіке жүрген кезде зәр шығарудың жиіленуі және қасаға үстінде ауырсыну бар; тіке тұрып қуығын босатар кезінде несеп ағымы кенеттен тоқтап қалған кезде, дене қалпын өзгертіп, қуығын жатып босата алуға қабілетті. Диагноз?

 

a) Простата аденомасы

b) Қуықтың ісігі

c) Қуықтың тасы

d) Уретраның тарылуы

e) Несепағардың тасы

 

1519. 23 жасар әйел науқаста суықтап қалғаннан 2 күннен кейін зәр шығарудың жиіленуі, ауырсынуы пайда болды. Зәр шығарудың соңында қан тамшылайды. Дене температурасы қалыпты, Пастернацкиц симптомы теріс мәнді. Диагноз?

 

a) Жіті пиелонефрит

b) Жіті цистит

c) Жіті уретрит

d) Жіті паранефрит

e) Жіті гломерулонефрит

 

1520. 36 жасар науқас 2 ай бұрын сол енінің біртіндеп ұлғая бастағандығын байқады. Балалық шағында сол жақтама крипторхизммен ауырған болатын. 8 жасында сол еннің ұмаға түсірілуі операциясы жасалған. Тексерген кезде ұманың сол жағы ұлғайған, сол аталық бездің көлемі 10х6 см, ен тығыз, беткейі кедір бұдыр. Болжам диагноз?:

 

a) Сол жақтама орхит

b) Сол жақтама крипторхизм

c) Сол жақтама еннің шемені

d) Сол жақтама эпидидимит

e) Сол жақ аталық бездің қатерлі ісігі

 

1521. 28 жасар науқас әйелді босанғаннан жарты жылдан кейін физикалық ауыр жұмысты қайтадан бастағалы бері құрсақтың оң жағындағы ауырсынулар мазалай бастады. Ауырсыну тік тұрған кезде пайда болады да жатқан кезде жоғалып кетеді. Дүркін-дүркін қан қысымы көтеріліп кетеді. Болжам диагноз?

 

a) Оң бүйректің ісігі

b) Оң жақтама гидронефроз

c) Оң жақтама нефроптоз

d) Оң бүйректің кистасы

e) Бүйректердің поликистозы

 

1522. 30 жасар науқаста ауруханадан тыс жасалған аборттан (түсік) 3 күннен кейін дене температурасы 40 C көтеріліп кетті, содан соң несеп мөлшері төмендей бастады, ал кейінірек мүлдем жоғалып кетті. Несеп 3 күннен бері қарай жоқ. Науқас бозарған, ісінген, тілі құрғақ, ауызынан аммиак иісі шығады. Қуықты катетерлеу кезінде несеп алынбады. Болжам диагноз?:

 

a) Экскреторлық анурия

b) Преренальды анурия

c) Рефлекторлық анурия

d) Секреторлық анурия

e) Несептің кенеттен тоқтап қалуы

 

1523. 36 жасар науқас әйелде жалпы әлсіздік, шаршағыштық, ауыздың құрғақтығы, шөлдеу байқалады. Балалық шағынан бастап созылмалы пиелонефритпен ауырады. Науқаста жалпы әлсіздік, шаршағыштық, шөлдеу, көңіл айну және құсу байқалады. Қан қысымы 220/120 мм. сын. бағ. Тәулігіне 3 литр түссіз, салыстырмалы тығыздығы төмен несеп бөліп шығарады. Науқаста негізгі аурудың қандай асқынуын болжамдайсыз?:

 

a) Бүйрек функциясының жіті жеткіліксіздігі

b) Бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі

c) Олигоанурия

d) Олигурия

e) Нефрогендік гипертония және бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі

 

1524. 36 жасар еркек науқас. Бүйрек тасының алынып тасталуы операциясы жасалғаннан 12 сағаттан кейін қуығын босата алмайды, қуықтың толып кетуіне және зәр шығаруға күшті қыштау сезімдерінің бар екендігіне қарамастан. Перкуссия және пальпация кезінде айтарлықтай кеңейіп кеткен қуық анықталады. Науқаста операциядан кейінгі асқынулардың қандай түрі байқалады?

 

a) Секреторлық анурия

b) Экскреторлық анурия

c) Преренальды анурия

d) Несептің рефлекторлық тоқтап қалуы

e) Парадоксальная ишурия

 

1525. 43 жасар науқаста нефролитотомия операциясынан 7 күннен кейін таңғыш қарқынды түрде алқызыл балғын қанмен боялып кетті. Сонымен қатар нефропиелостомиялық дренаждан және қуықтан қанның ұйындысымен боялған несеп те шыға бастады. Науқаста операциядан кейінгі асқынулардың қандай түрі байқалып отыр?

 

a) Астаушадан қан кету

b) Несепағардан қан кету

c) Бүйрек паренхимынан қан кету

d) Қуықтан қан кету

e) Тостағаншадан қан кету

 

1526. 37 жасар науқаста пиелонефролитотомия операциясынан 4 күннен кейін пиелостомиялық дренаждаушы түтіктен несеп шықпай қалды, операция болған бүйректе кернелген ауырсынулар пайда болды. Дене температурасы 40 С дейін көтеріліп кетті. Бір рет күшті қалтырау болып өтті. Науқаста операциядан кейінгі асқынулардың қандай түрі орын теуіп отыр?

 

a) Пиелонефростомиялық дренаждаушы түтіктің астаушадан тыс шығып кетуі немесе бітеліп қалуы

b) Тостағаншадан қан кету

c) Астаушадан қан кету

d) Бүйрек паренхимасынан қан кету

e) Паранефральды майлы клетчаткадан қан кету

 

1527. 76 жасар науқаста эпицистостомия операциясынан 4 күннен кейін қуықтағы дренаждаушы түтіктен несеп шықпай қалды, таңғыш несеппен мол түрде сулана бастады, қуықтың кернелуі сезімі және зәр шығаруға қыштау сезімі пайда болды. Науқаста операциядан кейінгі асқынулардың қандай түрі байқалып отыр?:

 

a) Дренаждық түтікшенің обструкциясы салдарынан пайда болған несептің кенеттен тоқтап қалуы

b) Несептің созылмалы түрде ұсталып қалуы

c) Несептің рефлекторлық тоқтап қалуы

d) Анурия

e) Олигакурия

 

1528. 72 жасар науқаста қуықтың толық тігілуімен аяқталған трансвезикальды аденомэктомиядан 3- күннен кейін уретральдық катетерден несеп шығуы тоқтап қалды, қасаға үстінде күшті ауырсыну пайда болып науқас уретрадағы катетердің айналасынан зәр шығара бастады. Науқаста операциядан кейінгі асқынулардың қандай түрі пайда болды?:

 

a) Қуықтың тампонадасы

b) Несептің ырықсыз ұсталмай қалуы

c) Несептің ұсталмауы

d) Несептің стрестік ұсталмай қалуы

e) Несептің рефлекторлық тоқтап қалуы

 

1529. 28 жасар науқаста гинекология бөлімінде жатырдың экстирпациясы операциясы жасалған. Операциядан кейінгі 48 сағат бойында қуықта қалдырылып кеткен катетерден несеп шығуы байқалмай отыр. Операциядан кейінгі асқынудың болжам түрі?

 

a) Cекреторлық анурия

b) Субренальды анурия (екі несепағарлардың да байланып тасталуы)

c) Несептің кенеттен тоқтап қалуы

d) Олигоанурия

e) Несептің рефлекторлық тоқтап қалуы

 

1530. 10 жасар ер балада 3 күн бойында байқалған тоқтаусыз құсудан кейін несеп мөлшері төмендей бастады, ал кейінірек мүлдем тоқтап қалды. Болжам диагноз?

 

a) Преренальды анурия

b) Ренальды анурия

c) Субренальды анурия

d) Несептің кенеттен тоқтап қалуы

e) Несептің рефлекторлық түрде тоқтап қалуы

 

1531. 18 жасар бойжеткен қыз суицид мақсатымен 10 сағат бұрын ұйқтатқы дәрілердің бір уысын жұтып жіберген. Қуығы бос. Болжам диагноз?

 

a) Преренальды анурия

b) Ренальды анурия

c) Субренальды анурия

d) Аренальды анурия

e) Несептің рефлекторлық тоқтап қалуы

 

1532. 27 жасар еркек. Бүйректің жеңіл жабық жарақаты диагнозы қойылған. Емдеу тактикасы?:

 

a) Консервативті

b) Люмботомия

c) Бүйректің резекциясы

d) Нефростомия

e) Урогематоманың дренаждалуы

 

1533. 34 жасар еркек. Бүйректің жабық жарақаты. Ауыр түрі. Айтарлықтай урогематома анықталады. Дене температурасы 38,5 С. Емдеу тактикасы?:

 

a) Консервативті

b) Гемотрансфузия

c) Динамикалық бақылау

d) Инфузиялық терапия

e) Люмботомия. Бүйректің ревизиясы

 

1534. 27 жасар еркек наұқас. Қуықтың жабық экстраперитонеальдық жарақаты бар. Кіші жамбастың урогематомасы анықталған. Кіші жамбас қуысының флегмонасы даму қауіпі бар. Емдеу тактикасы?:

 

a) Тек антибактериялық терапия

b) Цистостомия

c) Қуық жарақатының тігілуі. Кіші жамбасстың Мак-Уортеру Буяльский әдісі бойынша дренаждалуы. Эпицистостомия

d) Троакарлық цистостомия

e) Қуықтың пункциялық аспирациясы

 

1535. 29 жасар еркек. Қуықтың жабық интраперитонеальды жарақаты бар. Іш қуысында 1,5 литр сұйықтық анықталады (УДЗ-ге сәйкес). Емдеу тактикасы?:

 

a) Эпицистостомия

b) Троакарлық цистостомия

c) Лапаротомия, ішперде қуысының дренаждалуы, қуық жарақатының тігілуі, эпицистостомия

d) Қуық жарақатының тігілуі

e) Ішперде қуысының дренаждалуы

 

1536. 49 жасар еркек науқаста қуық ісігіне күдік бар. Қандай зерттеу әдісі ең бағалы болып есептеледі?:

 

a) УДЗ

b) Цистография

c) Цистоскопия

d) Экскреторлық урография

e) Уретроцистография

 

1537. 57 жасар еркек науқас. Бүйрек паренхимасы қатерлі ісігіне тән макрогематурияның ерекшеліктерін көрсетіңіз?:

 

a) Ауырсынусыз

b) Ауырсынумен

c) Терминальды (соңғы)

d) Инициальды (бастапқы)

e) Ұйындының пішіні жоқ

 

1538. 76 жастағы науқаста трансвезикальды аденомэктомиядан кейін қуықтың тампонадасы симптомы байқалады. Себебін атап көрсетіңіз?:

 

a) Қан кету және қуықта көптеген майда қан ұйындыларының түзілуі

b) Уретральдық катетер функциясының жеткіліксіздігі

c) Қуықтың атониясы

d) Қуықтың гипертонусы

e) Қуық сфинктерінің жеткіліксіздігі

 

1539. 37 жастағы науқаста қуықтың ісігіне күдік бар. Цистоскопия үшін қажетті бірінші шартты көрсетіңіз?:

 

a) Қуықтағы сұйықтықтың мөлдірлігі

b) Үрпінің өтімділігі

c) Қуықтың сиымдылығының жеткілікті болуы

d) Жіті эпидидимиттің жоқ болуы

e) Созылмалы эпидидимиттің жоқ болуы

 

1540. 49 жастағы науқаста бүйректің оң жақтама ұстамасы байқалады. Көрсетілген симптомдардың қай бірі бүйрек ұстамасына тән емес?

 

 

a) ұйқышылдық

b) тынышсыздық

c) жәрдем беруді талап ететін тұрақты түрдегі өтініштер

d) көңіл айну

e) ишурия

 

1541. 2 жасар ер балада жыныс мүшесі басының және күпеттің үшкі беткейінің ауырсынуы, қызаруы, іріңді бөліністер байқалады. Диагноз?:

 

a) Парафимоз

b) Баланопостит

c) Баланит

d) Постит

e) Меатостеноз

 

1542. Ауылдық дәрігерлік амбулаторияға 75 жасар науқас келді. Соңғы 3 сағаттан бері қарай зәр шығаруға бағытталған көптеген әрекеттеріне қарамастан зәрін шығара алмайды. Құрсақтың төменгі бөлімінде шыдатпайтын ауырсынулар байқалады. Қасаға үстінде ұлғайған шар тәрізді көлемді құрылым көрінеді. Симптомның атауы?:

 

a) Парадоксальды ишурия

b) Анурия

c) Қуықтың тампонадасы

d) Несептің рефлекторлық тоқтап қалуы

e) Несептің кенеттен тоқтап қалуы

 

1543. 41 жастағы науқаста жыныс мүшесінде күшті ауырсыну, ауырсынумен сипатталатын эрекциялар, дене температурасының жоғарылауы байқалады. Қуысты денелерде тығыздалған бөлімдер пальпацияланады. Диагноз?:

 

a) Жіті кавернит

b) Жіті уретрит

c) Жіті баланопостит

d) Парафимоз

e) Созылмалы уретрит өршу сатысы

 

1544. Оң несепағардың ортаңғы үштен біріндегі тасы бар 31 жастағы науқаста уретероскопия жасау әрекеті сәтсіз аяқталды. Көрсетілген әдістердің қай бірі осы сәтсіздіктің себебі туралы ең бағалы мәлімет бере алады?

 

a) Ретроградты цистография

b) Ретроградты уретеропиелография

c) Экскреторлық урография

d) УДЗ

e) Шолулық урография

 

1545. 52 жастағы науқасқа цистоскопия жасау қажет. Осы процедураны жасау үшін қажет екінші шартты көрсетіңіз?:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 850; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.198 сек.