Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер тізімі 10 страница




Көміртектің салыстырмалы атомдық массасын есептеп шығарыңыз.

Шешуі: Элементтің салыстырмалы атомдық массасы оның атомы массасының массаның атомдық бірлігінен (м.а.б.) неше есе ауыр екенін көрсететін сан. Олай болса көміртектің салыстырмалы атомдық массасын табу үшін оның атомдық массасын м.а.б.-не бөлу керек:

Ar(C)= 19,93*10-27кг/1,66*10-27 кг=12

Көміртектің салыстырмалы атомдық массасы оның атомдық массасының м.а.б.-нен 12 есе ауыр екенін көрсететін сан.

 

 

2. Атом құрылысы. (2сағ.)

 

1. 1s22s22p3 электронды құрылымды атомның төрт квант санын кестеге жазыңыз: n,l,ml,ms.

 

 

Электрон саны              
n              
l              
ml              
ms              

 

2. Sr, As,Co, Nd атомдарының электрондық формуласын жазыңыз.

3. Sc,Tі, V, Cr атомдары қанша бос орбиталдардан тұрады? Олардың электрондық формулаларын жазыңыз.

4. Al, Mg, І, Ag атомдарының орбиталдар санын көрсетіңіз.

5. Тотығу дәрежесі көрсетілген атомдардың электрондық формуласын жазыңыз:

а)P-3; б)Mn+4; в)Ba+2.

6. (ΙΙ, ΙΙΙ, VΙ) темір оксидінің формуласын жазыңыз; темір қышқылының және оның тұздарының химиялық формуласын, калий ферраты және барий ферраты.

7. Электрондық формуласы былай анықталған:

а) 2s22p3; б) 3s23p4; в) 3d104s2 элементтердің период және группасын анықтаңыз. Осы элементтердің электронды-кестелік формуласын және тотығу дәрежелерін жазыңыз.

8. Хлор, азот атомдарындағы максимальді қозған күйінде дара (валенттік) электрондарының санын анықтаңыз.

9. Келесі атомдардың бірінші мольдану энергиясының өсу ретіне қарай орналастырыңыз:

1) 1s2; 2) 1s22s22p2; 3) 1s22s22p5; 4) 1s22s22p6; 5) 1s22s22p63s1.

10. Әр периодтағы элементтердің санын біле отырып, периодтық жүйедегі орнын анықтаңыз: 35, 42, 56.

 

Мысал:

Н.Бор теориясы бойынша №4 тұрақты орбитаның радиуысын және сол орбитада айналып жүрген электрондардың жылдамдықтарын есептеп шығар.

Шешуі:

Н.Бор теориясы бойынша кез-келген тұрақты орбитаның радиуысымен орбитаны айналатын электрондардың жылдамдығын мына формулалардың жәрдемімен есептейміз:

Zn=0.053n2HM, vn=2187*1/n км/с

Мұндағы тұрақты орбитаның номері, оның мәнін формулаларға қойып есепті шығарамыз:

Zn=0.053*42HM=0.424HM, v4=2187*1/4 =546.75 км/с

 

3. Химиялық байланыс. (2сағ.).

 

1. Са-Н немесе J-Cl байланыстың қайсысы өте жоғары? Электрондық жұп қай атомға ығысқан? (ЭОСа=1,0; ЭОН=2,1; ЭОJ=2,5; ЭОCl=3,0).

2. Валенттілік байланыс әдісімен CH4, NH3, H2O молекулаларының түзілуін қарастырыңыз. Валенттілік бұрыштарының мағынасын салыстырыңыз (109˚28Ө, 107,3˚, 104,5˚) және олардың өзгеруінің мінездемесін түсіндіріңіз..

3. Валенттік байланыс әдісімен PCl3 және BCl3 молекулаларының түзілуін қарастырыңыз.

4. Молекулярлық орбиталдар әдісімен N2, NO, CO молекулаларының түзілуін қарастырыңыз. Энергетикалық диаграммасын көрсетіңіз, байланыс түрін және молекуланың магниттік қасиетін анықтаңыз.

5. МО әдісімен O22-, NO+ молекулярлық иондарының түзілуін қарастырыңыз. Байланыс түрін анықтаңыз.

 

4. Химиялық реакциялардың ағуының жалпы заңдылықтары. (2сағ.).

 

1. 0,5моль СО2 ыдырағанда 196,7 кДж жылу сіңіріледі. СО2 (кДж/моль) энтальпиясын анықтаңыз.

2. NaH (к) + H2O (сұйықтық) = NaOH (р) + H2 (г) реакциясының жылу эффектісін есептеңіз, егер ∆Н˚NaH(к) = -56,94кДж/моль, ∆Н˚NaOH(р) = -469,47кДж/моль, ∆Н˚H2O(ж) = -285,84кДж/моль болса.

3. 9,3г фосфор жанғанда 229,5кДж жылу бөлінеді. (V) фосфор оксидін ∆Н˚298 есептеңіз.

4. Графиттің алмазға өту реакциясының энтальпиясын анықтаңыз: С(гр.)2=СО2 ∆Н˚Ι =-390,30кДж/моль; С(алм)2=СО2 ∆Н˚ΙΙ=-392,20кДж/моль.

5. Мына реакцияларда энтропияның өсуін және кемуін анықтаңыз:

а) NH3(г) + HCl(г) = NH4Cl(к); б) 2C(к) + CO2(г) = 2CO(г);

в) 2NH4NO3(к) = 4H2O(ж) + O2(г) + N2(г); г) CaO(к) + CO2(г) = CaCO3(к).

6. Стандартты жағдайдағы реакцияның термодинамикалық жылу мүмкіндігін бағалаңыз:

N2(г) + 2H2O(ж) = NH4NO2(т), если ∆G˚(Н2O) = -236,96, ∆G˚(NH4NO2) = -115.83кДж/моль.

7. Реакция мына теңдік бойынша жүреді: 4NH3(г) + 5O2(г) = 4NO(г) + 6H2O(г). Егер қысымды 2 есе арттырса реакция жылдамдығы неше есе артады?

8. 4HCl(г) + O2(г) = 2H2O(г) + 2Cl2(г) реакциясының көлемін 2 есе арттырса, реакция жылдамдығы неше есе артады?

9. 4HCl(г) + O2(г) = 2H2O(г) + 2Cl2(г) реакциясының концентрациясын 3 есе арттырса, реакция жылдамдығы неше есе артады?

10. Егер реакцияның температурасын 500-ден 1000К-ға арттырғанда реакцияның жылдамдық константасы 100 есеге артады. Реакцияның активизациялау энергиясын есептеңіз.

11. Температураның коэффициенті γ-ге тең. Температураны 300-ден 400К-ға арттырғанда химиялық реакцияның жылдамдығы неше есе артты. Осы реакцияның активизациялау энергиясын есептеңіз?

12. CO(г) + H2O(г) D CO2(г) + H2(г) реакциясының тепе-теңдік константасын есептеңіз. Заттың бастапқы концентрациясы (моль/л) мынаған тең: [CO] = 0,01; [H2O] = 0,02; [H2] = 0,01; [CO2] = 0,01. СО-нің тепе-теңдік жағдайындағы концентрациясы 0,007моль/л-ге тең.

13. Жүйедегі тепе-теңдік қай бағытта ығысады:

1) H2S(г) D H2(г) + S(г) -20,1кДж 2) N2O4(г) D 2NO2(г)-66,5кДж

3) 2CO(г) + O2(г) D 2CO2(г) + 565,13 кДж 4) H2(г) + J2(т) D 2HJ(г) + 25,1кДж

а) реагенттердің концентрациясын арттырғанда; б) қысым жоғарылағанда; в) температура жоғарылағанда?

 

Мысал:

1) Атом молекуласында сигма және пи байланыстарының түзілу схемасын жазып көрсетіңіз.

Шешуі: Азот аотомында үш дара электрондар екені сызықтық-электрондық формуласынан көрінеді. 7N1S22S22P3

Азот атомдарынан молекула түзілгенде осы үш электронның біреуі бір сигма байланысын түзуге, ал қалған екеуін пи байланысы түзуге жұмсалады.

2) Мына реакциядағы бастапқы заттардың концентрацияларын 3 есе арттырғанда реакция жылдамдығы неше есе артады:

2SO2+O2=2SO3

Шешуі: Химиялық кинетика заңы бойынша реакция жылдамдығы әрекеттесуші заттар концентрацияларының көбейтіндісіне тура пропорционалды болады:

V=K[SO2]2*[O2]

Әр заттың концентрациясы 3 есе артатындықтан оларды 3-ке көбейтіп реакция жылдамдығын табамыз:

V=K[3SO2]2*[3O2]=K*9[SO2]2*3[O2]=27*K[SO2]2*[O2]

Реакци жылдамдығы 27 есе артады.

5. Ертінділер. (2 сағ.).

 

1. 100 мл ерітіндіні 1г NaCl құрайды. Осы ерітіндінің молярлық концентрациясын және титрін есепте.

2. Массалық үлесі 20% және тығыздығы 1,179 г/см3 кальций хлориді ертіндісінің молярлық және эквиваленттік концентрациясын есептеңіз.

3. Көлемі 282 мл суда массасы 18г H3PO4 ерітілді. Ертінді тығыздығы 1,031г/см3.Ертіндідегі қышқылдың массалық үлесін (%), титрін, молярлық және эквиваленттік концентрациясын есептеңіз.

4. 18,8 г фенол С6Н5ОН (М=94г/моль), 500 г бензол құрайтын ертінді қандай температурада қатады. Бензолдың криоскопиялық тұрақтысы 5,1˚С-ге, оның қату температурасы 5,5˚С-ке тең.

5. 60 г бензолда 4,86 г күкіртті еріткенде, оның қайнау температурасы 0,81˚С-ға жоғарылады. Бензолдың эбуллиоскопиялық тұрақтысы 2,57˚С-ге тең. Осы ертіндінің күкіртті молекуласы қанша атомды құрайды?

6. Сатылы тұз гидролизінің молекулярлы және ион-молекулярлы теңдігін құрыңыз: K2SO3, Al2(SO4)3.

7. Әлсіз бір негізді қышқыл ертіндісінің рН және рОН есептеңіз. Диссоциациалану константасы 10-4тең.

8. 1л ерітіндіні 0,5 моль K2SO4 және 0,1 моль КNО3 құрайды. Калийдің ион концентрациясын К+(моль/л) есептеңіз.

9. Егер ертіндінің рН 12-ге тең болса, 200 мл NаОН ертіндісінде ерітілген натрий сілтісінің массасын есептеңіза.

10. Бөлме температурасында қорғасын (ІІ) хлоридінің ерігіштігі 10,58г/л-ге тең. Қорғасын хлоридінің ПР PbCl2 неге тең?

 

Мысал:

500г 10%-ті ертіндіні дайынлау үшін неше грамм зат еріту керек?

Шешуі:

10%=m1/500г*100%, m= 10%500г/100%=50г.

Ертіндінің молярлық концентрациясын мына формула бойынша анықтауға болады:

CM=m1/MV=моль/л,

Мұндағы CM – молярлық концентрация; m1 – еріген заттың массасы (г), M – заттың молі (моль/г), V – ерітіндінің көлемі (л).

 

6. Тотығу-тотықсыздану реакциясы. (2сағ.)

 

1. Мына молекулардың атомдарының тотығу дәрежелерін анықтаңыз: КNО3, H2SO3, KMnO4, H2CrO7, Na2CrO4, PbO2, K2MnO4, H2O2, PbSO4.

2. Электрондық теңдеу құрыңыз және қай процесс тотығу немесе тотықсыздану екенін көрсетіңіз: а) SO32- → SO42-; б) NO3- → NO2-; в) Cr2O72- → 2Cr3+; г) MnO4- → MnO42-; д) ClO3- → Cl-; е)PbO2→Pb2+.

3. NO3- ионын NH4+ ионына тотықсыздандыру үшін сутектің неше моль ионы қатысады?

4. Көрсетілген қосылыстардың қайсысында күкірт тек тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш болады: K2SO3, H2S, Na2SO4, SO2,H2SO3, SO?

5. Электрондық баланс әдісімен теңдіктің коэффициенттерін қойыңыз:

а) FeS + O2 → Fe2O3 + SO2;

б) NH4NO3 → N2O + H2O;

в) Mg + HNO3→ Mg(NO3)2 + NH4NO3 + H2O; г) Н2MnO4 → НMnO4 + MnO2 + H2O;

д) HCl + K2Cr2O7 → Cl2 + CrCl3 + KCl + H2O.

6. Ионды-электронды әдіс бойынша теңдіктің коэффициенттерін қойыңыз:

а) KNO2 + KMnO4 + H2O → КNО3 + MnO2 + KOH;

б) H3PO3 + KMnO4 + H2SO4 → H3PO4 + MnSO4 + K2SO4 + H2O;

в) Na3AsO3 + KMnO4 + KOH → Na3AsO3 + K2MnO4 + H2O;

г) K2Cr2O7 + Na2SO3 + H2SO4 → Cr2(SO4)3 + Na2SO4 + K2SO4 + H2O.

7. ТТР теңдігін аяқтаңыз:

а) Al + HNO3 → Al(NO3)3 + ……. б) KBr + MnO2 + H2SO4 → Br2 + MnSO4 + …….

в) H2S + KMnO4 + HCl → S + ……. г) PH3 + KMnO4 + H2SO4 → H3PO4 + …….

Мысал:

Сілтілік ортада Na2SO3-тің KMnO4 арқылы тотығу теңдеуін электрондық баланс әдісі бойынша құрастыр.

Шешуі:

Бұл реакцияда он жеті зарядты марганец тотықтырғыш, он төрт зарядты күкірт тотықсыздырғыш екенін анықтап және сілтілік ортада +7 зарядты марганец +6 зарядты күйге дейін тотықсызданатынын еске алып реакция теңдеуінің схемасын жазамыз:

+7 +4 +6 +6

KMnO4+Na2SO3+KOH K2MnO4+Na2SO4+H2O

Енді тотықсыздандырғыш пен тотықтырғыштың тотығу дәрежелерін өзгеруін еске ала отырып қосымша электрондық теңдеулер құру арқылы олардың коэффициенттерін табамыз:

Mn7++e=Mn6+ 2

S4+ -2e= S6+ 1

Теңдеудегі марганецтің алдына 2, ал калий гидроксидінің алдына да 2 қою арқылы реакция теңдеуінің соңғы түрін жазамыз:

2KMnO4 +Na2SO3+2KOH=2K2MnO4+Na2SO4+H2O

Теңдеудің сол және оң жағындағы әрбір элементтің атомы өзара тең болғандықтан «реакция теңдеуі дұрыс құрылдың деген тұжырым жасаймыз.

 

7. Электрохимия негізі (2 сағ.).

 

1. Көрсетілген металдармен Fe, Ag, Mg, Cu, Pb жұптасқанда никель қандай электрод (анод, катод) болады?

2. Көрсетілген металдардың Sn, Co, Al, Nі, Ag, Au қайсысымен мырыш жұптасқанда жоғары ЭҚК гальваникалық элемент құрайды?

3. 0,01М CuSO4 тұзының ертіндісіндегі мыстың электрондық потенциалын (В) есептеңіз:

Cu2+/Cu = +0,34B.

4. 298К күміс электродының потенциалын және 0,001моль/л Ag+ ион концентрациясын есептеңіз E˚Ag+/Ag = +0,80В.

5. Мына реакцияның электродтық тепе-теңдік потенциалын есептеңіз:

ClO3- +6H+ +6e- → Cl-+3H2O, если E˚Cl03-/Cl- = +1,45B, [ClO3-] = [Cl-] = 0,1моль/л, Т=298К, pH=5.

6. Мыс-қалайы гальваникалық элементінің стандартты ЭҚК есептеңіз E˚Zn2+/Zn = -0,76B, E˚Sn2+/Sn = -0,14B.

7. Мына теңдік негізі бойынша Nі + Pb(NO3)2 = Nі(NO3)2 + Pb гальваникалық элементтің кестесін құрыңыз. Анодта және катодтағы процесс теңдігін жазыңыз. Элементтің ЭҚК-н есептеңіз, егер [Nі2+] =0,01моль/л; [Pb2+] =0,0001моль/л,. E˚2+/ = -0,25B; E˚Pb2+/Pb = -0,13B.

8. Сулы ертіндінің электролизі кезінде электродта қандай процестер жүреді:

а) K2SO4; б) KNO3 и AgNO3; в) CuCl2 и NaCl; г) FeSO4 и FeJ2.

9. 10А ток күшімен алюминий хлориді балқымасын 1 сағат электролиздегенде алынатын алюминийдің массасын есептеңіз.

10. 2300А ток күшімен натрий гидроксиді балқымасын электролиздегенде 0,5 кг металды натрий алу үшін кететін уақытты анықтаңыз. Ток бойынша шығын 40%. Осы жағдайда қандай көлем (л) оттек бөлінеді?

 

Мысал:

Өзінің тұзының 0,01См ерітіндісіне батырылған мырш электродының электродтық потенциалын есептеп шығарыңыз.

Шешуі:

Металдардың стандартты емес жағдайындағы электродтық потенциалдарын Нернст теңдеуі бойынша есептеп шығарамыз:

j= j0 + 0.059/n*lgC

мұндағы j - металдың электродтық потенциалы, n – ионның С – ионның концентрациясы, j0 – металдың стандарттық электродтық потенциалы. Мырштың стандарттық электродтық потенциалы –

-0,76 В. Сонда мырштың электродтық потенциалы былай табылады:

j= -0,76 + 0.059/2*lg10-2=-0818В.

 

 

8. Комплекс қосылыстар (1 сағ.).

 

1. Көрсетілген комплекс қосылыстардың заряд комплексін, тотығу дәрежесін және комплекстүзгіштің координациялық санын анықтаңыз:

а) Na[Co(NH3)2(NO2)4]; б) [Cr(H2O)5Cl]Cl2; в) [Pt(NH3)2(H2O)(OH)]NO3.

2. Бір құрамда болатын екі комплексті қосылыс берілген CoClSO4·5H2O. Біріншісі BaCl2-мен әрекеттеседі, ал AgNO3 әрекеттеспейді, екіншісі AgNO3 әрекеттеседі, ал BaSO4-мен әрекеттеспейді. Тұздармен әрекеттесу теңдігін және осы тұздардың координациялық формуласын жазыңыз.

3. Келесі қосылыстардың координациялық формуласын жазыңыз және атын атаңыз: 2NH4Cl·PtCl4; KCl·AuCl3; 2Ca(CN)2·Fe(CN)2; K2C2O4·CuC2O4; (NH4)4·Fe(SO4)2.

4. Келесі комплексті қосылыстардың формуласын жазыңыз: а) тетраамминмыстың тетрацианоцинкаты (ΙΙ); б) калий триоксалатородиаты (ΙΙΙ); в) бромотетраамминаквахром (ΙΙΙ).хлориді.

5. Валенттік байланыс әдісімен комплекс ионының түзілуін қарастырыңыз:

а) [AuCl4]-; б) [Co(NH3)6]3+.

6. Кристалдық жазықтық теориясы бойынша комплексті ионның түзілуін қарастырыңыз:

а) [Fe(CN)6]3-; б) [CoCl6]3-.

 

Мысал:

Fe3+ - комплекс түзуші, оның координациялық саны 6, СN- - лиганд, К+ + сыртқы сфераның ионы. Осы мәліметтерді пайдаланып комплекс ионың жазып оның зарядын анықта, сонан соң комплекс қосылысының формуласын жаз.

Шешуі:

Комплекс ионының құрамына комплекс түзуші мен лигандалар кіреді. Сондықтан комплекс ионы темір ионы мен цианид-иондардан тұрады. Үш оң зарядты темір ионының координациялық саны 6-ға тең болғандықтан онымен донарлыы-акцепторлы байланыс арқылы 6 цианид-ион қосылады. Сондықтан ішкі сфераның формуласын мынадый етіп жазуға болады:

[Fe(CN)6]

Бұл комплекс ионының зарядын анықтау үшін «комплекс ионының заряды оны құрайтын барлық иондардың зарядтарының алгебралық қосындысына теңң деген ережені пайдаланамыз.

Темір ионының заряды +3, цианид-ионның заряды +1 болғандықтан комплекс ионының заряды мынаған тең:

+3 + (-1) * 6 = -3

Комплекс ионының заряды -3 болғандықтан комплекс ионының формуласы мынадай болады:

[Fe(CN)6]-3,

Комплекс қосылыс басқа да қосылыстар сияқты электро нейтрал болатындықтан комплекс ионының үш теріс зарядын нейтралдап тұратын үш калий ионы сыртқы сфераға орналасса комплекс қосылысының формуласы мынадай болады:

K3[Fe(CN)6].

 

Методикалық әдістемелер: Семинар сабақтарын өте жақсы орындап шығу үшін курстың теориялық әдістемесін (дәрісте және өзіндік жұмыста) жақсы меңгеру қажет.

Келтірілген тапсырмалардың көбісі (тапсырмалар мен есептер) авторлардың методикалық әдістемелерінде мысал етіп көрсетілген. ([9,10] қос. қараңыз).

Негізгі әдебиеттер: [1], [2], [3]

Қосымша әдебиеттер: [7], [8], [9], [11], [12]

 

2.4. Лабораториялық жұмыстардың жоспары.

 

Лабораториялық жұмыс № 1

Бейорганикалық қосылыстардың кластары.

1.1 Жұмыстың мақсаты.

Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары, оларды алу жолдары, химиялық қасиеттерін зерттеу.

1.2 Жұмыстың мазмұны:

а) қышқылдық оксидтер мен негіздік оксидтердің сумен әрекеттесуі;

б) ерімейтін гидроксидтерді алу жолдары;

в) гидроксидтердің беріктігі;

г) орта тұздарды алу;

д) қышқылды тұздарды алу;

е) негізді тұздарды алу;

ж) амфотерлік гидроксидтерді зерттеу.

1.3 Техникалық қауіпсіздік:

химиялық реактивтермен жұмыс істегенде өте сақ болу қажет, оларды лабораториялық столға, өзіңіздің киімізге шашыратпауға, төкпеуге тырысу керек.

1.4 Қажетті қондырғырлар мен реактивтер:

а) Кипп аппараты, жанарғы;

б) тұздардың, қышқылдардың, негіздердің ерітінділері;

в) фенолфталеин, оксидтер.

1.5 1-тәжірибе: Металл оксидтерімен бейметалл оксидтердің сумен әрекеттесу реакциясы.

а) Екі пробиркаға 2-3 мл дистилленген суды құйыңыз және біреуіне СаО, екіншісіне ВаО (кішкентай қасықша-шпательмен) оксидтерін салыңыз. Әрбір пробиркаға 2-3 тамшы фенолфталеин тамызып, негіздер түзілгенін анықтаңыз. Реакциялар теңдеуін жазыңыз.

б) Пробиркаға 2-3 мл дистилленген суды құйыңыз да оған Кипп аппараты арқылы көміртек (ІV) оксидін өткізіңіз. Орын алатын реакция теңдеуін жазыңыз.

2-тәжірибе: Нашар еритін мыс, никель және темір гидроксидтерін алу.

Үш пробиркаға 2-3 мл: 1-не мыс, 2-не никель, 3- не темір (ІІІ) тұзының ерітінділерін құйыңыз.

Әрбір пробиркаға натрий гидроксидінің немесе калий гидроксидінің ерітіндісін тұнба түзілгенше қосыңыз. Орын алатын реакциялар теңдеулерін жазыңыз.Түзілген тұнбаның түсін жазып көрсетіңіз.

Тұнбаларды сақтаңыз!

3-тәжірибе: Гидроксидтердің беріктігі.

2-ші тәжірибе бойынша алынған мыс, никель, темір гидроксидтерінің тұнбаларын абайлап отқа қайнағанша қыздыру керек. Қай гидроксид түсін өзгертті, себебі не, қай гидроксид ыдырады? Реакциялар теңдеулерін жазыңыз.

Тұнбаларды сақтаңыз!

4-тәжірибе: Мыс, никель және темір (ІІІ) орта тұздарын алу.

3-ші тәжірибе бойынша алынған гидроксидтер тұнбаларына азот қышқылын қосыңыз. Тиісті реакциялардың теңдеулерін жазыңыз.

5-тәжірибе: Қальцийдің қышқылды тұзын алу.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 1235; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.