Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 6 страница




Жер сілкіну кезінде жүргізілетін құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар. Жер сілкінісі — бұл сейсмикалық құбылыс. Ол көп аудандарды қамтып, жердің қатты қыртысын бұзып, біркатар тұрғын үйлер мен ғимараттарды және коммуналдық-энергетикалық жүйелерді істен шығарады. Елді мекендер мен шаруашылық жүргізуші объектілерінің жер сілкінісіне қарсы тұрақтылығын күшейту үшін мынадай комплексті шараларды іске асыруы керек: жер сілкінуі болатын аудандарды белгілеу, үйлер мен ғимараттардың тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл шараларды толық іске асырған жағдайда жер сілкінуден туатын күйреу, тағы басқадай апаттардың әсерін бірқатар әлсіретуге мүмкіндік туады.

Сейсмикалық қаупі күшті аудандарда жер сілкінуінен туған зардапты жою үшін алдын ала жоспар жасалады. Жоспарға мынадай қорғау, құтқару және басқа шұғыл жұмыстары енгізіледі: барлау жұмысын жүргізу, үйінділердің астында қалып қойған адамдарды тез құтқару, азаматтық қорғаныс жасақтарының жұмыс істейтін объектілеріне жету үшін үйінділер арасынан жол салу, жарақат алған адамдарды көшіру, коммуналдық-энергетикалық жүйелер мен жолдардағы аварияларды жойып, онан әрі жайылуына жол бермеу. Құлайын деп тұрған ғимараттардың конструкцияларын бекіту, егер бекітуге келмесе онда құлату керек. Жарақаттанған адамдар жиналатын және дәрігерлік жәрдем көрсететін пункт ашып, оны сумен қамтамасыз ету. Мұнан басқа жоспарға мынадай мәселелер енгізіледі: жұмысты қауіпсіз жүргізу шаралары және коменданттық қызмет ұйымдастыру. Жер сілкінген аудандардағы зардап шеккендерге жәрдем көрсетумен және басқа шұғыл жұмыстарын жүргізуге барлық еңбекке жарайтын адамдар қатыстырылады. Бұл жұмыстың орындалуына жауапкершілік азаматтық қорғаныс жасақтарына жүктеледі. Құтқару және басқа шұғыл жұмыстарын жүргізу үшін объектілер белгіленеді.

Ал енді 1988 жылдың желтоқсан айында Арменияда және басқа кезеңдерде Жер шарының түрлі түкпірінде болған жер сілкіністеріне тоқталайық.

Армениядағы Ленинакан, Спитак қалаларындағы жер сілкінісі зардабын жою кезінде адамдарды қирау астынан шығару бойынша алынған тәжірибесінен: бұзылыстарды аршуға 16 тоннадан кем көтермейтін қуатты көтергіш крандар, үлкен экскаваторлар, жылжымалы электростанциялары мен прожекторлар түнгі жұмыстарында талап етіледі. Мысал үшін, қысқа мерзімде апат болған жерде құтқару жұмыстарын орындауға кем дегенде 1200 ауыр крандар қажет болды.

Ешбір ел әзірше тірідей көмілгендерді құтқару үшін үй қирауларын абайлап, әрі жылдам аршуда шешім тапқан жоқ. Соңғы жылдардың жер селкіністері адамдар қирау астында екі-үш аптадай (егер де жарақат алмаса) тірі болатындығын көрсетеді. Мысал үшін, Мексикада 1985 ж. жер сілкінісі 4,5 мың адам өмірін әкетті, адамдардың тірілері 13 күннің ішінде табылып тұрған. Ленинаканда зілзаладан кейін бес тәулік өткеннен соң тірі қалған 5398 адам шығарылды. 11-ші тәулікте чехославакиялық құтқарушылар бұзылыс астынан 58 жасындағы әлсіреген тірі әйелді тапқан. 45 жастағы басқа әйел 9 қабатты үй бұзылысынан 10-шы тәулікте шығарылды, сол сәтте ол жан жағына бір қарап аяғына тұрып кетті.

Қайғылы мәліметтерге сүйінсек: жер сілкінісінен кейін бұзылыстың астындағы мың адамнан 50-і сағат сайын қаза болады. Сондықтан кешіккен бір минут уақыт тірідей көмілген бір адамның өмірін әкетеді.

Жан-жағынан шығып тұрған бетон плиталары бар жабық төмпешік секілді болған қирау мен бұзылыстарды аршу, соның ішінде ең бастысы – адам іздестіру әрі құтқару шараларын орындау айрықша күрделі іс. Армениядағы жер сілкінісі зардабын жоюға Франция, Англия, Швейцария, АҚШ және басқа елдерден келген мамандар үлкен көмек көрсетті. Олар өздерімен бірге терең жерден тірі адамдарды іздеуге арнайы үйретілген иттерді, жер астында адам табуға көмек беретін сезгіш инфра қызыл камералары мен, бұзылыстарды бағытты тыңдауға арналған (егер де ара қашықтық көп болмаса жүрек соқтығысын естуге болатын) құрал-жабдықтарын әкелді.

Бұлар байланыс құралдарымен, жылжымалы кескіштермен, қуатты фонарларымен, титан карабинды-капронды стропаларымен жабдықталған.

Тірі адамдарды тапқан бойда құтқарушылар жіңішке құдық қазып, ол арқылы дәрі-дәрмек, су, азық-түлік жіберіп тұрады да, кейін бұзылысты ақырындап аршиды. Сөйтіп Ленинакан қаласына 9 желтоқсанда, былай айтқанда, жер сілкінісі болғанына екі тәулік өткеннен соң француз құтқарушылар тобы келді. 84 құтқарушы 30 арнайы үйретілген иттерімен тәулік ішінде 60 адамды құтқарып шығарды.

Кейде өлім мен өмір ортасында темірбетон тұрғандай. Оны кран арқылы тез көтеру қауіпті – астында жатқан жарықшақтары жылжып, адамды басуы мүмкін. Француз, австриялық құтқарушылары бетон плитасын кран арқылы көтеріп, бесінші тәулікте, бірнеше түнгі сағаттар жұмысынан кейін бетон қамалынан, жетінші ай аяғы ауыр болған Алиса Нахапетян құтқарды.

Өрт өшіру құрамалары құтқару жұмыстарын өткізу барысында жанқиярлық пен ерлік көрсетті. Апаттан кейін алғашқы сағаттарында Ленинакан, Спитак, Кировакан қалаларында өрт жойылды, ол өз алдына жағдайдың күрделуіне әрі жаңа құрбандықты доғаруға мүмкіншілік берді.

Жер сілікіністен кейін қираған Ленинакан қаласына аман қалған алты өрт өшіру машиналары кірген. Бесеуі басталып келе жатқан өрт ошақтарын жоюда болды, ал алтыншысы жылжымалы байланыс тірегіне айналды. Қала ішін қараулап жүріп, оның экипажы барлық ақпаратты жедел беріп тұрды. Егер де әрең басталған өрт ошағы бастамасында жойылмағанда, қала өрт жаулап алған от теңізіне айналып, газ иісі мен түтін құтқару жұмыстарын күдікке қалтырар еді.

Сөйтіп, бірінші соққыдан кейін мұнай базасындағы құйып-алу эстакадасы жанды. От жалыны тез-тез жоғары көтеріліп айналадағы кеңістікті басып алды, оның қасында мыңдаған тонна бензин және дизель отыны бар үлкен сыйымдылықтарымен резервуарлық парк орналасқан. Егер де өрт оларға түскенде қаланы талқандырар күші бар жарылыс болар еді.

Өрт өшірушілер тек отпен күресіп шектелген жоқ, сонымен қатар өрт өшіруші Арзуманян С. өз бетімен 20 адамды құтқарды. Бір қираған үйдің іргесін балтамен бұзып жарықшақтардың астынан шекарашы жанұясын - әйелі мен төрт баласын құтқарып алды. Мұндай мысалдар айтарлықтай көп.

Армения АҚ штабының бастығы генерал-майор Л. Мелконов былай деді: «Егер де бізде қажетті техника болғанда, қаза болғандардың жартысын құтқаруға болар еді!»

Су тасқыны кезінде жүргізілетін қүтқару және басқа шұғыл жұмыстар. Су тасқыны туу себебіне қарай үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа су тасқыны күшті ақ жауыннан немесе қардың күрт еруінен туады, екінші топқа жататын су тасқыны күшті қуалай соққан желдің әсерінен өзеннің теңізге құятын жеріндегі бөгеттерде пайда болады. Осының салдарынан өзен суы көтеріліп, арнасынан шығып, су құрғаққа жайылады, үшінші топқа жататын су тасқыны су, теңіз, көл астында болған жер сілкінудің әсерінен пайда болады. Мұндай толқындардың биіктігі 15—20 метр, жылдамдығы сағатына 400—500 километрге жетеді. Су тасқынының қаупін күні бұрын болжауға болады. Мұндай болжау комплексті ескерту шараларын жоспарлап, құтқару және басқа шүғыл жұмыстарын жүргізуге қолайлы жағдай жасайды. Су тасқынымен күресу үшін азаматтық қорғаныстың күш-құралдары пайдаланылады. Су тасқынына қарсы күш-құралдарды пайдалану тәртібі арнайы жасалған жоспарға енгізіледі. Жоспарда мынадай нәрселер көзделінеді: жағдайдың қысқаша сипаттамасы, оған қарсы жүргізілетін шаралар және керекті күш-құралдар. Су тасқынымен күрес жұмысын үйымдастыру және құтқару жұмысын қауіпсіз жүргізу объектінің азаматтық қорғаныс бастығына жүктеледі. Құтқару жұмысын жүргізгенде адамдарды су тасқынынан қорғау ең маңызды жұмыс.

Сел және қар көшкіні кезінде жүргізілетін құтқару жұмыстары. Сел дегеніміз су деңгейінің күрт көтеріліп тау өзендерінің арналарында пайда болатын уақытша тасқын. Сел ұзақ уақыт жауған күшті нөсер жауыннан болады. Сел әдеттегі тасқындай емес, бөлек-бөлек толқындар түрінде қозғалады. Сел ағынының көлемі жүздеген мың, ал кейде миллион текше метрге дейін жетеді. Аумағы үлкен және қозғалысы тез болғандықтан селдің жылдамдығы сағатына 15 км дейін жетеді. Селдің жайылуынан жолдар, су тораптары және объектілер бұзылады. Селге қарсы күрестегі басты шаралар: тау баурайындағы, әсіресе сел ағыны туатын жерлердегі топырақ пен өсімдіктердің қабатын әрдайым нығайту керек. Тау алқабынан сырғыған топырақ пен жиналған шөп-шаламдардан сел жолын тазарту, сондай-ақ сел қаупінен сақтану үшін су қоймаларындағы жиналған суды алдын-ала ағызып селден қорғайтын плотина салу керек. Селге қарсы күресте маңызды мәселе сел ошақтарын мезгілінде анықтап, сел шығатын бассейндердің картасын жасау болып табылады, бұл жұмысты тиісті ауа райын зерттейтін қызмет орындары жүргізеді. Селмен күресудің нақтылы жоспары жасалынып, бұл үшін керекті күш-құралдар дайындалады. Сел қаупі туатын аудандардағы халықты дер кезінде хабарландырып, оларды күні бұрын қауіпсіз жерге көшіру керек. Жағдайға байланысты сел тасқынының зардабын және туатын шығынды азайту үшін азаматтық қорғаныстың жасақтары, өндірістердің техникасы мен адам күштері толық пайдаланылады. Азаматтық қорғаныс бастығының ең жауапты міндеті күш-құралдарды дұрыс пайдаланып, құтқару жұмыстарын қауіпсіз, қарқынды жүргізу.

Қар басып қалушылық пен мұз басу да табиғи апаттардың бірі. Қар басып қалушылық бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін қалың қар жауып, боран соғудан пайда болады. Әсіресе, таудан қар көшкен кезде қар басушылық қауіпті. Мұз тұру күшті қар жауған кезде температураның кенет төмендеуінен пайда болады. Қар басып қалушылық және мұз тұру біздің еліміздің көптеген аудандарында жиі кездеседі. Олар халық шаруашылығы жұмысына үлкен бөгет жасайды, шаруашылық жүргізуші нысандарының жұмысын біршама қиындатып, кейбір жағдайда мал фермаларында мал шығыны көбейеді. Қар басып қалушылық пен мұз тұрудың зардабын жою үшін шаруашылық органдарының басшылары нақтылы тиімді шараларды іске асыруы керек. Барлық күш-құрал — техника, адам күштері, бірінші кезеңде қар басудың қауіпті әрекетінен адамдар мен малдарды қорғауға, оларды аман сақтап қалуға пайдаланылады.

 

 

Дәріс № 7 Өндіріс ортасының кері факторларының жіктелуі

 

Тақырыптың негізгі ұғымдары: Техносфераның кері әсері.

 

Дәрістің мақсаты: Өндіріс жұмыстарын ұйымдастырғанда экологиялық және қауіпсіздік ережелерін үйрену.

 

Қарастыратын тақырыптар:

1) Экология

2) Экожүйе

3) Абиотикалық факторлар

 

Экология — тірі организмдердің айналадағы ортаға қарым-қатынасы туралы ілім. Басқаша сөзбен айтқанда, экология – бұл организмдердің бір бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым. Бұл терминді алғашқы рет неміс биологы дарвинист-ғалымы Геккель енгізді. Ол «үнем, хайуанаттардың үй жағдайындағы тіршілігі, олардың неорганикалық сондай-ақ органикалық ортаға бейімделуі туралы ғылымның негізін салды». Бұл термин гректің «экос» (үй, тұрақ, тұрғын орын) және логос (ілім) деген сөздерінен шыққан. Қарапайым тілмен айтқанда «экология» хайуанаттар мен өсімдіктердің өмірі туралы ғылым болып табылады.

Организм — тірі зат. Бізді қоршаған ортада организмдер тірі табиғатты құрайды, олар айналадағы ортамен ерекше айналысады. Тірі организмдердің бір бөлігі неорганикалық заттармен көректенеді, басқалары өсімдік пен жәндіктерді жейді, бұдан кейін осы тамақты өз денесіндегі клеткаларда игереді (сіңіреді, органикалық затқа айналдырады). Олардың өсуі мен дамуы осылай өтеді. Органикалық заттардың ыдырауына дем алу барысында сыртқы ортадан алынатын оттегі қатысады. Осы ыдыраудың есебімен организмге оның тіршілігі үшін қажетті энергия түседі.

Көптеген өсімдіктер сыртқы ортадан тек неорганикалық заттарды алады (су, топырақ, топырақтағы минералды тұз), сондай-ақ ауадан көмір қышқыл газын алып, олардан органикалық заттарды — қант пен крахмалды жасайды, өсімдіктермен салыстырғанда хайуанаттарға тамақтану үшін күрделі органикалық заттар: белок, май, және көмір қышқылы қажет. Хайуанаттардың өздері оларды неорганикалық заттардан жасауға қабілетсіз. Тірі организмдер қоректеніп, дем алады, сыртқы неорганикалық ортамен тұрақты өзара байланыста болып, бір- бірімен өзара іс-әрекет етеді.

Организмге әсер ететін сыртқы неорганикалық орта жағдайларының жиынтығы абиотикалық факторларды, ал организмге басқа организмдер тіршілігі ықпалының жиынтығы биотикалық факторларды құрайды.

Биотикалық факторлар организмдердің бір-бірімен ыкпалдасуының нәтижесінде пайда болады. Осы факторларды талдай отыра мыналарды атап өтуге болады:

- олар басқа организмдер үшін тамақ көзі ретінде қызмет
етеді (хайуанаттар өсімдіктермен және басқа да әлсіз хайуанаттармен қоректенеді);

- тіршілік ортасы болып табылады. Қожайын-организмге паразиттар қоныстанады. Мысалы, шырмауық - паразит өсімдік. Оның ұшындағы сорғыш қожайын-өсімдіктің ұлпасында (зығыр, жоңышқа, құлмақ) жабысып, одан сумен нәрлі шырындарды сорып алады. Хайуанаттардың тұрақты паразиттері - гельминттер (жыланқұрт), бит, қышыма майсана;

- уақытша паразиттердің арасында кандала, маса;

- олардың көбеюіне ықпал етеді (тозаңдандырушылар: жәндіктердің өсімдіктерді тозандандыруы; кейбір тропикалық өсімдіктерді құстар - колибри, нектарница тозаңдандырады);

- химиялық әсер етеді (улы өсімдіктер адамның немесе
хайуанаттың организміне еніп, уландырады, атап айтқанда - ит-жидек адамдарға нашақорлык әсер етеді, ит, мысық, құс үшін қауіпті, алайда қояндарға залалсыз; құстар анистің, зираның және аскөктің жемістерінен өледі, ал адам осы жемістерді тамаққа пайдаланады);

- микробтарды тудырады;

- бірлесіп өмір сүреді (симбиоз олардың бір-бірімен өте
тығыз қарым-қатынаста болады саңырауқұлақ пен биік өсімдіктің, азот күшейткіш организмдер мен ірі бұршақтың бірігіп өмір сүруі; сүтқышқылды бактериялар – ацидофилді таяқша іштегі шіріткіш микробтарға қарсы түрады);

- механикалық әсерлерді тудырады (обыр шегіртке егістіктерді, орманды құртады).

Биотикалық факторлар тірі организмдердің әр-түрлі тектерінің бір-біріне ықпалы түрінде пайда болады.

Қоршаған орта – бұл біздің айналамыздағы бүкіл тіршілік (жер, ауа, орман, су, және т.б.). Бізді қоршаған әлемдегі организмдер тірі табиғатты - өсімдіктерді, хайуанаттарды құрайды. Алайда олар дербес өмір сүрмейді, қоршаған өлі табиғатқа аса тәуелді, онсыз хайуанаттар мен өсімдіктер өмір сүре алмайды. Олар неорганикалық ортадан ауа мен суды алады, жер бедері жаулар мен қолайсыз ауа райынан қорғануға пана болады.

Организмге ықпал ететін неорганикалық орта жағдайларының жиынтығы абиотикалық факторларды құрайды. Мысалы, құрғақ топыраққа қарағанда құнарлы, ылғалды, жақсы кептірілген топырақта өсімдіктер түрі көп кездеседі. Абиотикалық факторлар өсімдіктердің өсуіне маңызды роль атқарады.

Неорганикалық ортаны құрайтындар тірі табиғатпен салыстырғанда коректенбейді, өсіп-өнбейді, заттармен алмаспайды, өлмейді.

Абиотикалық факторлар химиялық және физикалық немесе климаттық болып бөлінеді. Алғашқылары атмосфераның, теңіз және ауыз суының, топырақтың химиялық құрамына тәуелді. Жер бетіне жақын ауа атмосферасының белгілі химиялық құрамы бар: құрғақ ауада көлемі шамамен 78 пайыз азот, 21 пайыз оттегі, 0,94 пайыз аргон, 0,003 пайыз көмір қышқыл газы, 0,001 пайыз сутегі және басқа газдардың мардымсыз үлесі, су буының 0,1 пайызынан 4 пайызға дейінгі мөлшері. 2000 жылы Алматы қаласында атмосфераға 172,6 мың тонна зиянды заттар шығарылды.

Жол полициясы басқармасының мәліметтері бойынша Алматы қаласында 210 мың автокөлік бірлігі тіркелінген. Бұған тағы да 40-45 мың басқа қалалар машиналарын қосу қажет. 2002 жылы автомобиль көлігінен шыққан улы заттар көлемі 159,6 мың тоннаны құрады. Автомобильдердің пайдаланған газдары қаланың жер үсті бетін екі метр қабатпен жабады, олардың құрамында адам организмін улайтын иісті газдың үлкен мөлшері бар. Оның әсерінен адамдар қаза болған көптеген оқиғалар белгілі.

Ауадағы оттегінің жетіспеуі организмнің бұзылуын – оттегі аштығын тудырады. Тамырдың соғысы мен тыныс алу жиілеп, әлсіздік пайда болады, бұлшық еттер босаңсиды, тіпті жүйкенің тозуы байқалады. Тіршілік ортасы тұщы су болып табылатын хайуанаттар тұзды теңіз суында өмір сүре алмайды, ал керісінше, теңіз бен мұхитты мекендеушілердің көпшілігі тұщы суды қабылдамайды. Кейбір жерлерде су бассейндері ешбір тірі тіршіліктің өмір сүруі үшін жарамсыз. Мысалы, Қара теңізде 150 м тереңдіктен кейін су күкірт-сутегімен зақымданған, сондықтан онда тірі организмдер жоқ.

Тұз көп сіңген топырақта өсімдік мүлдем өспейді, алайда егер тұз сәл азайса тұзды жақсы көретін өсімдіктер өседі.

Физикалық немесе климаттық факторлар температураға, желге, ағысқа, радиациялық режимге тәуелді.

Тірі организмге климаттық жағдайдың ықпалы теңіз деңгейінен әр-түрлі биіктікте орналасқан тау беткейінен жақсы көрінеді. Тауға көтерілген сайын атмосфералық қысым мен ауаның температурасы төмендеп, күн радиациясы күшейе түседі. Топырақ пен өсімдік жамылғысының өзгерісі осыған байланысты.

Мысалға Жоңғар Алатауының жотасын алайық. Төменгі жазықта жас жасыл жапырақты бұтақты және шөпті өсімдіктер, ал баурайдан жоғары көтерілген сайын өскен ағаштар нағыз жапырақты орманды құрайды. Ал одан жоғары қою жасыл қылқан жапырақты алқапты көруге болады. Бұдан кейін биіктігі 1,5 м-ге дейін жететін әкті өсімдіктер қалың шөп арасында қаулай өскен субальпі белдеуі орналасқан. Әрі қарай шөпті өсімдіктер сирей түседі. Мәңгі қарлар шекарасына жақындағанда сирек және аласа өсімдіктер кездесетін альпілік шалғын. Ал ең биікте — мәңгілік қардың ақ мекені.

Дала климатына ыстық жаз (+40 °С дейін) және суық қыс (-40°С дейін). Дала хайуанаттары бұл жағдайға көндіккен: ұсақ жәндіктердің 50-ден астам түрі, құстардың 250-ге жуық түрі кездеседі.

Құмды шөлейттерді өмір сүру үшін қолайлы орын деп санауға болмайды. Жақын жерде су жоқ болса, құмды мекендеушілер тірі қалу мүмкіндігінен айрылады. Алайда, шөлдегі хайуанаттар әлемі ауаның температурасы көлеңкеде +40 — +45 °С дейін көтерілсе де мүлдем құрыған емес. Саршұнақ, көртышқан, қосаяқ, жорға торғай, шегіртке, жылан, шөлді аймақта жиі кездеседі. Ең ыстық уақытта індеріне, құмның астына жасырынады немесе бұталар мен ағаштардың тамырлары мен жапырақтарының астында отырады.

Климат пен өсімдік үшін жер бедерінің маңызы үлкен. Биік таулар жартастар мен жазықтықтарда әр түрлі климаттық жағдайларды тудырады. Солтүстіктегі жартастарда, жоталарда, төбелерде көктемде қар ұзақ жатады, жаз кешірек келіп, күз бен қыс ерте түседі. Оңтүстіктегі жартастарда шөп жазда тез күйеді. Ал көлеңке жағында ұзақ уакыт бойы көк шалғынды болып қалады.

Жер бетінің құрылымы (рельеф), геологиялық және климаттық жағдай, олардың айырмашылығы, оларға бейімделген хайуанаттардың, өсімдіктердің, микро-организмдердің өмірінде әр алуан роль атқаратын орасан зор әр түрлі абистикалық факторларды тудырады. Ареал шегіндегі организмдердің саны мен таралуы (хайуанаттар немесе өсімдіктердің белгілі бір түрлерінің өмір сүретін жер бетінің бір бөлігі) шектеуші абиотикалық факторларға, яғни ең аз мөлшерде өмір сүру үшін қажетті жағдайға байланысты (мысалы, шөлдегі су).

Экожүйе — тірі және жанама бөлшектер өзара затпен және энергиямен алмасу арқылы байланысатын, тірі организмдер мен тіршілік ортасын құрайтын біртұтас табиғат кешені.

Жоғарғы үлгідегі экожүйе биосфера болып табылады, ол бір құбылыстарды қамтиды. Мұнда планетаны мекендейтін барлық тірі организмдердің тіршілігіне байланысты заттардың шеңберлі айналысы мен энергияға айналуы өтеді.

Біздің планетамыздың жалпы құрылымындағы биосфераның орны қандай?

Жер қабатының ең сыртқы және созылған қабығы магнитосфера — жер төңірегі кеңістігінің аймағы, оның физикалық ерекшелігі. Планетаның магнит өрісімен және зарядталған бөлшектер ағымдарының өзара әсерімен анықталады. Жердің бұл қабығында өмір жоқ.

Келесі қабық - ауа қабаты намесе атмосфера. Бұл «қатты» жерді қоршаған және онымен бірге айналатын газды орта. Атмосфераның төменгі бөлігі — тропосфера. Оның биіктігі 8 км (полюстің үстінде), 18 км-ге дейін экватордың астында, оның бүкіл массасының 80 пайызын құрайды. Атмосфераның тек төменгі бөлігінде ғана өмір бар. Тропосфераның үстінде биіктігінде, 55 км-ге дейін стратосфера орналасқан, атмосфера массасының шамамен 20 пайызы.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 1274; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.041 сек.