Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 10 страница




«Мир» ғарыш станциясында жер сілкінісін болжау туралы қызықты тәжірибе өткізілді. Бұл тәжірибені жүргізу барысында Жердің радиациялық белдеуінің шекарасындағы бөлшектер ағынының «өзгеруі» мен жер сілкінісінің арасында байланыс бар екені анықталды.

Тектоникалық жылжулардың болуына төрт сағат бұрын жер қабатындағы магнитті «Мир» спектрометрлары Жер радиациялық белдеуіндегі бөлшектер ағынының өзгерісін байқағаны анықталды. Бұл әрбір төрт жерсілкінісінің үшеуінде байқалды.

Ғалымдардың пікірінше, бұл әдіс апаттардың болуына бірнеше сағат қалғанда білуге мүмкіндік береді.

Біздің республикадағы барлық болжағыштар түрлерін бақылау толық ауқымда жүргізілуде. Дегенмен, сәтті болжамдар бізді зақымдағыш жер сілкінісінен арылдырады деп ойлау дұрыс емес.

Дайындалу - Жер сілкінісінде шығындарды азайтудың ең жақсы әдісі. Кешенді қорғаныс шараларын өткізгенде ғана болжам тиімді бола алады.

ҚР «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңының 6 бабында жер сілкінісінен қорғану туралы АҚ шаралары анықталған.

Жоғарыдағы материалды біріктіре отырып, бірнеше негізгі қорытынды жасайық:

1. Жер қыртысы – бұл әртүрлі себептердің күшінен бір-біріне ауысып отыратын, литосфералық тақталардан тұратын жұқа қабат. Осы ауысулардың нәтижесінде жер сілкінісі болады.

2. Болжанған және болжанбаған жер сілкінісінің еселігін есепке ала отырып, қазіргі уақытта жер сілкінісі туралы болжамның тура болу мүмкіндігі шамалы екендігі анықталып отыр.

3. Апатты жер сілкінісі болуы мүмкін аймақта көп адам тұрады. Оларды көшіру қиынға соғады, көптеген жағдайда тіпті мүмкін емес.

4. Проблеманың шешуі, жер сілкінісінен болуы мүмкін шығынды азайту туралы кешенді шараларды іске асыру болып табылады, оның ішінде ең маңыздысы сейсма тұрақты ғимараттар мен қаланып жатқан ғимараттың салынуын күшейту.

 

Радиациядан қорғайтын орын (РҚО)

РҚО ауылды жерлердегі және ядролық соққы беру ықтималдылығы өте төмен шағын қалалардағы, сондай-ақ ірі қалалардан ауылды жерлерге көшіріп-қоныстандырылған халықты радиоактивті зақымданудан қорғау үшін пайдаланылады.

Бейбіт уақытта, паналайтын адамдардың қорғалуын қамтамасыз ететін, қымталмаған қорғаныс ғимараттары радиациядан қорғайтын ғимараттар деп аталады. Олар адамдарды радиоактивті зақымдалу жағдайында сәуле тиюден, тыныс органдарын, тері мен киімді радиоактивті заттардың түсуінен қорғайды.

РҚО-ға бір қатар талаптар қойылады. Оның қоршайтын құрылғылары радиоактивті сәулеленуді талай мәрте әлсірету қажеттігін қамсыздандыруға тиіс. Панахана жасырынатын адам көп келетін жерге жақын орналасуға тиіс, еденнің деңгейі топырақ суының ең жоғары деңгейінің кемінде 0,2 м биік болуға тиіс. РҚО бөлмесінің биіктігі еден белгісінен бастап жабынан төменге дейін 1,9 м кем болмауға тиіс. Жертөлені және басқада тереңдетілген жайларды панахана ретінде ыңғайластыру кезінде олардың биіктігі төмендеу болуы мүмкін (1,7 м). РҚО ретінде ыңғайластырылған бөлменің қорғаныс қабілетін арттыру бөлменің сыртқы қабырғасының сыртына еден деңгейінің 1,7 м биіктікке тас пен кірпішпен қосымша қалқа немесе топырақ салынған қаптар қою арқылы қамтамасыз етіледі. Кіреберістер саны панахананың сыйымдылығына байланысты, алайда екеуден аспауға тиіс. Сыйымдылығы 30 адамға дейінгі бір кіреберіс ұстауға рұқсат етіледі. Кіреберістер жасырынатындардың негізгі тобының қозғалысын ескере отырып панахананың қарсы жағына орнатылады.

РҚО-ның сыртқы қабырғасына қатты қымталған есік ішкі қабырғасына қымталған есік орнатылады. Есіктер адамдарды көшіру кезінде ашылуға және есік қорабына есік қаңқасының мығым қысылуын қамтамасыз ететін резина төсемдері мен сыналары болуға тиіс.

Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді. Негізгі бөлмелерге басқару және санитарлық нүктелері бар бөлмелері жатады.

Панахананы электрмен жабдықтау қаланың (объектінің) сыртқы желісінен сыртқы желісінен және қажетті жағдайда қорғалған көзден жүргізіледі. Сыртқы желілерден электр беру тоқтаған жағдайда панаханада көшпелі шам, батарея велогенератор мен басқа көздерден авариялық жарық қарастырылады.

Әрбір панаханада қалалық және жергілікті радиохабар желісіне қосылған кәсіпорынды басқару нүктесі мен дауыс қатайтқышы бар телефон байланысы болуға тиіс. Резервтік байланыс құрал ретінде объекті (аудан) АҚ желісінде істейтін радиостанция қызмет ете алады.

Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңынан нормасы екіярусты нар кезінде 0,5 м2 және үшярусты нар кезінде 0,4 м2 болуға тиіс.

Панаханаларда өз бетімен ағатын немесе панахана ішіне қозғалтқыш орнату арқылы айдау жолымен сыртқы канализация желісіне ағын суды айдайтын санитарлық тораптар орнатылады. Канализация жоқ кезінде жоқ дәретті жинау үшін пудр-клозет немесе резервуар-шұңқыр орнатылады. Ал сыйымдылығы 20 және одан да аз адам сиятын орындарды дәретті қабылдау үшін тығыз жабылатын ыдыс қойылады.

Санитарлық тораптар ерлер мен әйелдер үшін бөлек орнатылады.

Ластанған киімді сақтауға арналған бөлме кіреберістердің біріне ыңғайластырылады және бөлмеден жанбайтын қоршаулармен ажыратылады. Сыйымдылығы 50 адамға дейінгі жасырынатын орында лас киім үшін кіреберіске киім ілгіш қоюға болады.

Жасырылатын орынды жылыту ғимараттың ортақ жылыту жүйесіне қосылады және ажыратқыш қондырғылармен жабдықталады. Жылытылмайтын бөлмелерге уақытша жылыту қондырғысын қою қарастырылады.

РҚО-да қарапайым желдеткіш немесе механикалық желдеткіш қарастырылады. Қарапайым желдеткіш ауа ұстағыш және сорғыш шахталар арқылы жұмыс істейді, келетін ауаны беруге арналған саңылау бөлменің төменгі жағына, ол сорғыш саңылау жоғары жағына орналасады. Механикалық жұмыс істейтін желдеткіш жүйесінің ауа ұстағыш қондырғысы жерден кемінде 2 м биіктікте орнатылып, радиоактивтік шаңнан қорғайтын қалпақшамен жабдықталады.

Жарық үшін батареялық немесе аккумуляторлық шам мен шырақдандар пайдаланылады. Авариялық жарық ретінде май шамды да жағуға рұқсат етіледі.

Панаханадағы ауыз су қоры әрбір адам үшін тәулігіне. 3 л есеппен жасалады. РҚО-ны ауыз су қорымен жабдықтау ортақ су құбырынан жүргізіледі.

Барлық панаханалар кіреберіспен сыртқы есіктегі көрнекі жерге орналасқан белгілермен таңбаланады, ал панаханаға қарай қозғалыс бағыты нұсқағышпен көрсетіледі.

Барлық тізбеленген шаралар ғимарат жасырыну режиміне көшірілген кезде жүргізілуге тиіс.

РҚО құрылысы өте қысқа мерзімде, 12 сағатқа жетпей аяқталуға тиіс.

 

Қарапайым үлгідегі панаханалар (ҚП)

Панахана мен РҚО жетпеген, сондай-ақ уақыт ең қаражат болмаған жағдайда еңбекке жарамды бүкіл халық қарапайым панахана – қуыстарды (ашық және жабық) салады.

Қарапайым панахана жағдайда панахана мен РҚО сияқты халықты қорғаныс ғимараттар мен қамсыздандыруда аралық кезең болып табылады.

Олар халықты ядролық жарылыстың соққы толқынынан, жарық сәулесінен және өткіш радиациядан қорғайды, шығын ашық жермен салыстырғанда 1,5 есеге азаяды. Сәуле тию ықтималды 2,3 есеге азаяды.

Егер қуысты жапса, онда жарық сәулесінен толық қорғануға болады. Соққы толқынынан қорғану 2,5-3 есеге, өткіш радиациядан қорғану 200-300 есеге артады, қуыстарды жабу, сонымен қатар киімге радиоактивті заттардың жұғуынан, сондай-ақ қираған ғимараттардың сынықтарынан зақымданудан қорғайды.

Қуыс ашық немесе жабық болуы мүмкін. Ашық қуыс радиоактивті сәуле мөлшерін 2-3 есеге, жабық – 40-50 есеге азайтады. Бастапқыда қуыс ашық болып салынады. Әдетте оның тереңдігі 180-200 см, жоғарыдағы ені – 110-120 см және төмендегі ені – 80 см болады.

Қуыстың ұзындығы жасырынатындардың санымен анықталады және бір адамға 50-60 есеппен жасалады. Қуыстардың қалыпты сыйымдылығы 10-15 адам, ал үлкен қуыстыкі 50 адам.

Кіреберістер түйіспелі учаскеге тікбұрышты болып жасалады, бұл жағдайда сыйымдылығы 20 адам қуыста бір кіреберіс, ал одан артық болған жағдайда екі кіреберіс жасалады. Әлсіз топырақта қуыс қабырғалары киіммен, қалың тақтаймен, темірбетон құрылғысымен және басқа материалдармен ыңғайтылады. Қабырғалардың бірінің бойымен отыру үшін орындық, ал қабырғаларға, азық-түлікпен ауыз суы құйылған ыдысты сақтау үшін қуыс жасайды. Қуыс еденнің астына одан шығар жерде орналасқан су жинағыш құдығы бар дренажды арық орнатылады.

Қуыстың жабыны бөренеден темірбетон плитасынан немесе тіреуден істелінеді, үстіне балшық қабатын немесе өзге су жібермейтін материал төсеп, топырақ себеді (0,6 – 0,7) дерн жабады.

Кіреберістер сыртынан есік қалқанымен жабатын люк немесе есігі бар төмендетілген баспалдақты саты түрінде жасалынады.

Қуысқа тақтайдан істелінген желдеткіш қорап орнатылады.

Қуыстың ағаш бөлшектер, сыртқа шығып тұрған ұштарын оттан сақтайтын кранмен жабады.

Ашық қуыстарды салу жау шабуылы қауіпі туындаған сәттен бастап қысқа мерзімді аяқталуға тиіс. Бұдан кейін қуыстар жабылады. Бұдан кейін қуыстың қорғаныс қабілеті өсіп РҚО деңгейіне жеткізілуге тиіс.

 

Қорғаныс ғимараттарын толтыру және оған келіп-кету тәртібі

Қорғаныс ғимараттарын толтыруға, онда адамдарды орналастыруға және өзін-өзі ұстау тәртібін қамсыздандыруға басшылықты панаханаға қызмет көрсететін топтың, (буынның) жеке құрамы осы қорғаныс ғимаратының коменданты болып табылатын командир жүргізеді.

Қорғаныс ғимаратына келген адамдарда жеке қорғаныс құралдары (газқағар, респиратор, мақта-мата таңғышы), екі тәулікке жететін азық-түлік қоры, ауыз суы қоры, тазалық бұйымдары, ең қажетті жеке заттар мен құжаттар болуға тиіс. Панахананы толтыру ұйымдасқан түрде жедел жүргізіледі.

Панаханаға бірінші кезекте балалар мен қарттар жіберіледі, балалар мен ата-аналар жеке бөлмеде немесе олар үшін арнайы бөлінген жерге орналасады.

Паналаушылар комендант пен қызмет көрсету тобының (буынның) жеке құрамының өкімін мүлтіксіз орындауға, ғимараттағы тәртіпті сақтауға тиіс.

Қорғаныс ғимаратындағы демалыс әрбір адамның жатып тыныстауы үшін кезекпен ұйымдастырылады.

Қажетсіз ғимарат ішінде жүруге, шулауға, темекі тартуға рұқсатсыз керосин шамын, май шамды, электр жарығын инженерлік агрегаттар мен тораптарды қосу мен ажыратуға, панахана аспаптарын, мүлігімен жабдықтарын рұқсатсыз алуға белгіленген жерге тамақ қалдықтарын тастауға, коменданттың рұқсатынсыз азық-түлік пен ауыз суына тыйым салынады. Бірінші кезекте балалар мен қарт адамдар демалады. Онда сұхбаттар, дауыстап оқу, радио хабарларын тыңдау ұйымдастырылады.

РҚО-да жоғарыда келтірілген келіп-кету тәжірибемен басқа кейбір қосымша тәртіптер сақталуға тиіс.

Панахана еденін ара-тұра сумен шайып, ал 2-3 тәуліктен соң РҚО-ның барлық жері мен ондағы заттарды ылғал шүберекпен сүрту қажет. Азық-түлік пен суды ластағыш заттар түспеу үшін жақсы жабылған ыдыста сақтайды.

Тамақ пен су ішу кезінде ғимарат желдеткіші тоқтауға тиіс. Тамақ ішер алдында қолды ылғал шүберекпен сүрткен жөн. Фильтрлі желдеткіш жүйесін ажырату және қайта қосу қажеттілік бойынша жүргізіледі. Қарсылас жақ химиялық қаруды қолданған жағдайда панаушылар газқағарлары мен теріні қорғау құралдарын киеді.

Қорғаныс ғимаратынан шығу сырттағы жағдай мен түсетін әмірлер және дабылдар туралы панаушыларға комендант хабарланғаннан кейін оның өкімі бойынша жүргізіледі.

Кіреберістер мен авариялық шығаберістер үйінді астында қалған жағдайда комендант АҚ құрамаларының көмегін күтпей, паналаушыларды жұмысқа тарта отыра оны тазалауды ұйымдастырады. Бірінші кезекте шығар есікті ашуға шара қолданылады, сол үшін оны тиегінен босатады. Жайпақ есікті сүйемен және сына арқылы ілгешегінен алады. Жайпақ есікке бұрғымен, кескішпен және арамен саңлау жасайды, бұдан кейін іштегі үйінді қиқымдарын жинап кіреберісті үйіндіден тазартуды одан ары жалғастырады. Бір уақытта авариялық шығаберістер үйіндіден тазартылады. Адамдарды қорғаныс ғимаратынан шығару мына тәртіппен жүргізіледі: әуелі төбеге бірнеше адам шығып өз бетімен көтеріле алмайтындарға көмектеседі, бұдан кейін зардап шеккендер, балалар мен қарттар әкетіледі.

 

Бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарын күтіп ұстау және пайдалану тәртібі

Қорғаныс ғимаратын пайдалануға даярлықта ұстау мен оны дұрыс пайдалануға бақылауды панахана мен жасырыну орындарын ұйымдастыру қызметі, ал оларды күту мен пайдалануды осы ғимаратқа қызмет көрсететін топ (буын) жүргізеді. Буын командирі (ол қорғаныс ғимаратының командиры) ғимаратқа қызмет көрсететін инженерлік-техникалық қызметшілерден тағайындалады.

Бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын пайдалану кезінде бөлмелерді белгіленген мерзімде қорғаныс ғимараттары режиміне көшіруді қамтамасыз ететін барлық талаптар орындалуға және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарына адам келуге қажетті жағдайлар сақталуға тиіс.

Бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын пайдалану кезінде жалпы, сондай-ақ оны жекелеген бөліктерінің – кіреберістер мен авариялық шығаберістердің және қорғалған-қымталған есіктердің, баулықтардың және жарылыстардан қорғайтын қондырғылардың, бүкіл қорғаныс ғимаратының, инженерлік-техникалық қондырғылардың қорғаныс қабілетінің сақталуы, қымталуы мен суды өткізбеушілігі және оны кез келген уақытта соғыс уақытындағы режимде пайдалануға көшіру мүмкіндігі қамсыздандырылуға тиіс. Қорғаныс ғимараттарының қондырғыларын бөлшектеуге, бөлмелерді өзгертуге, қоршағыш құрғыларға саңылау мен ойық істеуге және қорғаныс қабілеті мен қымталудың өзгеде бұзылуына тиым салынады.

Қорғаныс ғимаратында мына құжаттар болуға тиіс. АҚ хабарының дабылдары, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану тәртібі, кіреберіс-шығаберіс, су алатын нүктелер, санитарлық тіректер көрсеткіштері, қорғаныс ғимаратының күтіп-ұстау тәртібі мен жабдықтау табелі, панахана паспорты, ажырату қондырғыларын көрсеткімен ішкі және және сыртқы инженерлік тораптар жоспары, қорғаныс ғимараттың жәй-күйін тексеру журналы, желдеткіш-сүзгі және өзге инженерлік жабдықтарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар, приборларды пайдалану тәртібі. Сонымен қатар АҚ және ТЖ лауазымды тұлғаларының, емдеу мекемелерімен өрт командарымен, телефон мен мекен жайының тізімдері жасырынатындардың өзін-өзі ұстау тәртібі көрнекі жерге ілінуге тиіс.

Қорғаныс ғимараттарының жәй-күйі бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын пайдаланатын кәсіпорын (мекеме) басшысы белгілеген тәртіппен жүргізілетін жыл сайынғы және арнайы (кезектен тыс) қадағалауларда тексеріледі.

Қорғаныс ғимаратының кіреберісіне кедергі жасауға болмайды. Қала (аудан) ТЖ және АҚ басқару органдарының келісімісіз кіреберістерге, шығаберістерге және сыртқы ауа келетін қондырғыларға жақын учаскелерге құрылыс салуға тиым салынады.

Қорғалған-қымталған есіктер бейбіт уақытта ғимарат пайдаланған кезде ашық болуы және оңай жабылатын ілгешектерде тұруға тиіс.

Есік ойықтарын жабу үшін кәдімгі есіктер қойылуға тиіс.

Қорғаныс ғимаратының бөлмелері құрғақ болуға қажет.

Температура қысқы уақытта бейбіт уақытта бөлмелерді пайдалану талаптарына сәйкес ұсталуға тиіс.

Бөлмелерді есікті ашық және таза желдету режимі бойынша сүзгілік желдету қондырғысын қысқа мерзімді жұмысы үшін қоса отырып ұдайы ауасын тазартып отыру қажет.

Қорғаныс ғимаратының инженерлік-техникалық қондырғылары пайдалану үшін ақаусыз күйде кетілуге тиіс. Оны бейбіт уақытта пайдалануға рұқсат етіледі (сүзгіш-жұтқыштар мен регенеративті қондырғыларды қоспағанда).

Ауыз суының авариялық қорының ыдыстарында екі тәуліктің бойында су толық айырбасталуға тиіс. Авариялық қысымсыз ыдыста таза күйінде болуға және панахана режиміне көшкен кезде сумен толтырылуға тиіс.

Дәрет жинауға арналған авариялық резервуарлар жабық болуға тиіс, оларды бейбіт уақытта пайдалануға рұқсат етілмейді. Бейбіт уақытта пайдалануға қажеттігі жоқ санитарлық тораптар жабық болуға және сүргіштелуге тиіс.

Бейбіт уақытта пайдаланылмайтын ДЭС тоқтатылады. Оларды тоқтату қорғаныс ғимаратын панахана режиміне көшіру кезінде жүргізіледі.

Панахана (РҚО) режимі бойынша пайдалануға қорғаныс ғимараттарын әзірлекке келтіру үшін мына іс-әрекеттер жүзеге асырылады:

Ø қорғаныс ғимараттарының алдын тазалау, жазбакөрсеткіштерді және «Кіру» жарық дабылын қою;

Ø қорғаныс ғимараттарын панахана режимінде пайдалану кезінде пайдаланылмайтын мүлік пен материалдан босату, ғимараттарды нарлармен және орындықтармен жабдықтау;

Ø инженерлік-техникалық қондырғылардың тоқталуын жүргізу;

Ø қорғалған-қымталған есіктердің, олардың ілгешектерінің ақаусыздығын тексеру;

Ø технологиялық ойықтарды, барлық қорғау-қымтау қондырғыларын жабу (жүк люктері мен лифт шахталары, монтаждық ойықтар және т.б.);

Ø бейбіт уақытта панахана желдеткіші үшін пайдаланылмайтын желдеткіш жүйесінің ауа ұстағыш және сорғыш саңлауларын жабу және қымтау;

Ø авариялық шығаберістерін жәй-күйін тексеру және қажет болса оларды тексеру;

Ø желдеткіш, жылыту, сумен жабдықтау, канализация, энергиямен жабдықтау және ажыратқыш қондырғылары жүйесінің ақаусыздығын тексеру;

Ø қорғаныс ғимараттарының қымталуын тексеру;

Ø бейбіт уақытта пайдаланылмайтын санитарлық тораптарын ашу;

Ø сыртқы су құбырына қорғаныс ғимаратының су құбырын жүйесін қосу, авариялық су қорын толтыру және ауыз суына арналған ыдысты қою;

Ø ғимараттың жарық жүйесін панахана режиміне қосу;

Ø дауыс шығарғыштар мен телефондарды орнату және қосу қажет жағдайда панахананың жабдықпен, аспаппен, прибормен, жеке қорғаныс құралымен жабдықталуын тексеру;

Ø ғимаратты желдету;

Ø азық-түлік пен дәрі-дәрмек қорын жасау.

Қорғаныс ғимараттарының панахана режимінде пайдалану қызмет көрсету буынның басшылығымен жүргізіледі, ол халықты қабылдауға даярлықты, паналаушыларды дұрыс орналастыруды және олардың панаханаға келіп-кету тәртібін сақтауын, сондай-ақ ішкі қондырғылар мен байланыс құралдарының тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

«Баршаңыздың назарыңызға!» ескерту дабылы және іс-әрекет туралы белгіленген ақпарат бойынша қызмет көрсету буының жеке құрамы панаханаға келіп жылыту жүйесін ажыратады, бүкіл бөлмелердегі жарықты қосады, сүзгіш-желдеткіш қондырғыларды жұмысқа әзірлейді, авариялық шығаберістердің және сорғыш желдеткіш реттегіш оқшаулағышын жабады, қажет болса транзиттік коммуникацияның қондырғысын жабады, келген адамдарды қабылдап орналастырады.

Қорғаныс ғимараты толып, панахананың қорғалған-қымталған есіктерінің жапқаннан кейін таза желдеткіш жүйесі бойынша оны ауамен толтырады.

УЗ қолданылғандығы туралы берліген ақпарат бойынша ауамен жабдықталған жүйесі бірден сүзгіш-желдеткіш режиміне қосылады.

Ядролық жарылыстан кейін сүзгіш-желдеткіш жүйесі бір сағатқа ажыратылады, толық оқшаулау режимі белгіленеді, ахуал анықталады және қалыптасқан ахуалға сәйкес режимге көшу жүргізіледі.

Сүзгіш-желдеткіш режиміне таза желдеткіш қосылардың алдында ауада УЗ бар-жоғы тексеріледі. Келген ауада УЗ іздері байқалған жағдайда сүзгіш-желдеткіш режимі сақталады.

 

 

Халықты көшірудің негізгі принциптері

Көшіру шаралары зілзалаға, апаттарға душар болуы мүмкін аудандардан, зақымдану аумақтарынан халықты алдын ала әкету (көшіру) мақсатында, тұрғындарды, жұмысшылар мен қызметкерлерді табиғи және техногендік төтенше жағдайлар кезіндегі, сондай-ақ осы зақымдау құралдары қолданылған кезінде қорғау тәсілі ретіндегі негізгі әдіс болып табылады.

Бұрында соғыстар кезінде көшіру кең қолданылатын. Бірақ та, бұрын өткізілген көшіру шаралары, яғни Ұлы Отан соғысы кезінде, зілзалалар, авариялар мен апаттар уақытында белгіленген көшіру шараларынан қатты ерекшеленеді. Мысалы, Ұлы Отан соғысы кезінде халық жауға қарама-қарсы бағыттағы қашық аудандарда көшетін. Қазіргі көшіру шаралары ең ықтимал қирау, зілзала, авариялар мен апаттар аумақтарынан халықты әкетуді (көшіруді) қарастырады.

Көшіру шаралары мынаны қамтиды:

- көшіру – төтенше жағдайлар аймағымен және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін мекендерден адамдардың өмірін және өндірістің жұмыс істеуін сақтау мақсатында халық пен материалдардық құндылықтарды ұйымшылдықпен әкету.

- қоныстандыру – бұл соғыс уақыты жағдайында қалаларда жұмысын жалғастыратын ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін (олардың отбасы мүшелерін) қала сыртындағы аймаққа ұйымшылдықпен апару және орналастыру. Қаладағы ұйымдарда тек ауысымда жұмыс істеушілер ғана қалады, ал қалған жұмысшалыр мен қызметшілер қала сыртындағы аймаққа орналастырылады. Жұмыс орнына апарып қайту ең аз уақытты ескере отырып ұйымдастырылады (үш сағаттан аспайды).




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 885; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.178 сек.