КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Библиотека 4 страница
gW — судың меншiктi салмағы; gw = 10 кН/м3 (1 тс/м3); gS — қатты бөлiктердiң меншiктi салмағы, кН/м3 (тс/мЗ);Wp, WL — жайылу шекарасындағы және бiрлiк үлестегi аққыштық шекарасындағы топырақтың ылғалдылыы, Егер 31-формуладағы болса, онда IL<0,4, етiп алу керек. б) егер топырақты сулау мүмкiн болмаса, онда есептiк кестелiк сипаттамаларды топырақтың табиғи жағдайындағы ылғалдылығында W және аққыштық көрсеткiшiнде IL қабылдау керек (W<Wр болса, онда Wр қабылданады). 8.7. I типтегi топырақ жағдайында қолданылатын штампталған төсектегi қадалардың көтергiштiк қабiлетi көлбеу қырлы қағылмалы қадаларға арналған 4.4 тармақтың талаптарына сәйкес және 8.6. тармағында мазмұндалған қосымша талаптарды сақтай отырып тағайындалуы тиiс. 8.8. I типтегi топырақ жағдайында қолданылатын қаданың көтергiштiк қабiлетiн МСТ 5686-94 сәйкес, қаданың барлық ұзындығында топырақты жергiлiктi сулаумен жүргiзiлген, олардың статикалық сынаудың нәтижелерi бойынша 5-тараудың талаптарына сәйкес анықтау керек. I типтегi топырақ жағдайында салынатын аумақта құрылыс тәжiрибесi және қадалардың бұрынырақ ұқсас жағдайларда орындалған сынақ нәтижелерi болған кезде, қадаларға сынақ жүргiзбеуге рұқсат етiледi. Шөкпе топырақтарда орнатылатын қаданың және қабыршақ қаданың көтергiштiк қабілетiн, олардың динамикалық сынақ нәтижелерiнiң мәлiметтерi бойынша анықтауға, сонымен қатар қадалардың төменгi ұшының астындағы R және бүйiр жақ бетiндегi fi шөкпе топырақтардың есептiк кедергiлерiн осы топырақтарда зондтаумен жүргiзiлген далалық сынақтардың қорытындысының мәлiметтерi бойынша анықтауға рұқсат етiлмейдi.
Статикалық зондтауды, қаданы тiреуге арналған топырақ қабатын 8.4 тармағына сәйкес таңдау кезiнде, шөкпе қабатының шекарасынан төмен қолдануға рұқсат етiледi. 8.9. I типтегi топырақ жағдайында, 2 тарауда көрсетiлген қадалардан басқа забойымен бұрғыланған ұңғымада 3d-ден, (мұндағы d - ұңғыманың диаметрi) кем емес тереңдiкте қиыршық таспен нығыздалып, тапталып орнатылатын құйма бетон және темiр бетон қадаларды қолдану керек. II типтегi топырақ жағдайында, шөкпе қабат iшiндегi оқпан бөлiгiне антифрикциялы жабындар қондырылған қадаларды қолдану ұсынылады. 8.10. II типтегi топырақ жағдайындағы қадалардың негiзi топырақтарының көтергiштiк қабiлетi бойынша есептеудi, келесi шартқа байланысты жүргiзу керек: (32) мұндағы N - ғимараттар мен имараттардың қадалы iрге тастарын жобалау кезiндегi бiр қадаға анықталатын есептiк жүктемесi, кН(тс); Fd - 8.12 тармағына сәйкес анықталатын көтергiштiк қабiлетi кн(тс); gk - жұмыс жағдайының коэффициентi, топырақтың мүмкiн болатын шөгу мәндерiне ss l байланысты: ss l =5 см болғанда gс=0, ss l ³2su болғанда gs = 0,8 тең етiп алынады, ss l аралықтағы мәндерi үшiн gс интерполяциямен анықталады. Рn - 8.11 тармағына сәйкес анықталатын терiс үйкелiс күшi. Ескерту: Рn мәнiн толығымен сумен қаныққан топырақтарда (топырақты сулау мүмкiндiгi кезiнде) анықтау керек.
Топырақтарды төменнен сулаған жағдайда (жерасты суының көтерiлу кезiнде), терiс үйкелiс күшi табиғи ылғалдылықтағы топырақтарда анықталады. 2. Қадалардың материалдарының берiктiгi бойынша, N+Pn (топырақты үстiнен сулау кезiнде) немесе hs l тереңдiгiнде (8.11 тармағын қара) әсер ететiн N+ (топырақты төменнен сулау кезiнде) жүктемесiне есептелуi тиiс. 8.11. Қадалардың бүйiр беттерiне әсер ететiн сумен қаныққан топырақтағы Рn және табиғи ылғалдылықтағы топырақтағы терiс үйкелiс күштерi кН(тс), сумен қаныққан топырақта және табиғи ылғалдылықтағы топырақтарда МСТ 5686-94 сәйкес жұлушы жүктемен жүргiзiлген сынақтар бойынша, ұзындығы hs l қаданың ең үлкен шектi кедергiсiне тең етiп қабылданады. Жұлуға сынақ жүргiзiлгенге дейiнгi Рn мәнiн келесi формула бойынша анықтауға рұқсат етiледi (33) мұндағы u ‑ қада оқпаны бөлiгiнiң периметрi, м; hs l ‑ топырақтың өз салмағының әсерiнен шөгуiнiң мәнi 0,05 м-ге тең тереңдiкпен бiрдей етiп қабылданатын, шөгетiн топырақ қабатының бүйiрiндегi үйкелiс күштерiн жинақтау жүргiзiлетiн есептiк тереңдiк, м; топырақ негiзiнiң шөгу мәнi ҚР ҚНжЕ 5.01-01-2002 талаптарына сәйкес анықталуы тиiс; ti ‑ h= 6 м дейiнгi тереңдiктi формула бойынша анықталатын есептiк кедергi кПа (тс/м2).
ti = z szg tgjI + cI мұндағы z ‑ 0,7 тең етiп қабылданатын бүйiр қысымының коэффицентi; jI, cI ‑ hs l тереңдiгi бойынша орташаланған және МСТ 12248-96 сәйкес консолидацияланған дренажды қиық әдiсi бойынша анықталатын, iшкi үйкелiс бұрышының және меншiктi ұстасудың есептiк мәндерi 6м<h£ hs l тереңдiкте ti мәнi тұрақты және 6 м тереңдiктегi ti мәнiне тең; szg - сумен қаныққан топырақтың кПа (тс/м2) меншiктi салмағынан вертикаль кернеуi; hi — сулау кезiнде отыратын және қаданың бүйiр жақ бетiмен жанасатын шөкпе топырақтың i қабатының қалыңдығы, м.
8.12. Сығушы жүктемелерге жұмыс iстейтiн қаданың көтергiштiк қабылетiн Fd, кН (тc): а) қаданы жергiлiктi сулау кезiндегi статикалық сынақтардың нәтижелерi бойынша ұзындығы i қаданың басып енгiзушi жүктемеге көтергiштiк қабылетi және ұзындығы hs l қаданың жұлушы жүктемеге көтергiштiк қабылетiнің арасындағы айырма ретiнде; б) hs l тереңдiгiнен төмен жатқан топырақ қабатының толығымен сумен қаныққан жағдайында 8.6. тармағының нұсқауларына сәйкес есептеумен анықтау керек. 8.13. Отырымдылығы бойынша II типтегi топырақтарда қадаларға статикалық сынақтар мiндеттi түрде жүргiзiлуi керек. 8.14. Ерекше жауапты ғимараттар үшiн және топырақ жағдайы зерттелмеген аудандарда жаппай құрылыс жүргiзгенде, мамандандырылған ғылыми-зерттеу мекемесiнiң қатысуымен, нақты жағдайларға арналып жасалған бағдарлама бойынша, негiздерiнiң толық шөгуi көрiнгенге дейiн ұзақ уақыт сулап сынақтар жүргiзiлуi керек. 8.15. Егер қадалардың бүйiр жақ бетiнде терiс үйкелiс күштерiнiң пайда болуы мүмкiн болса, онда аспалы қадалардан тұратын қадалардың iргетастардың шөгуiн, вертикаль қадалардың шеткi қатарларының сыртқы қырларынан , қашықтықта орналасқан вертикаль жазықтармен бүйiрлерiнен шектелген шартты iргетасындай етiп анықтау керек. мұндағы hmt — қаданың төменгi ұшынан hs l тереңдiгiне дейiнгi ара қашықтығы; jII,mt — 29-формуладан алынған, hmt тереңдiгiндегi қабаттың iшiнде анықталады. Жүктемелердi есептеу кезiнде шартты iргетасты өз салмағына қадалардың сыртқы қырлары бойынша алынған шоғырдың периметрiне және ростверктiң биiктiк iшiндегi периметрiне тең етiп қабылданған периметр u, м кезiнде 33-формула бойынша анықталатын терiс (негативтi) үйкелiс күштерi қосылуы тиiс.
8.16. Ғимараттар мен имараттардың құрылымын есептеу үшiн, шөкпе топырақтарда қадалы iргетастардың шөгуiнiң бiркелкi еместiгiн анықауды құрылыс алаңындағы гидрогеологиялық жағдайдың болжамдалған өзгерiстерiн және көбiнесе мүмкiн болатын қолайсыз көрiнiстердi және сулау көзiнiң есептелетiн iргетасқа немесе имаратқа байланысты орналасуын ескере отырып жүргiзiлуi тиiс. 8.17. II типтегi топырақ жағдайында, топырақтың өз салмағынан шөгуi мүмкiн болғанда, қадалы iргетастардың қолданылуы, судан қорғау шараларын орындау қажеттiгiн жоққа шығармайды. Бұл жағдайда ғимараттарды қарапайым конфигурациялы блоктарға шөгiндi жiктермен бөлу қарастырылуы тиiс. Өнеркәсiптiк кәсiпорынның крандармен жабдықталған өндiрiстiк ғимараттарында топырақтың өз салмағынан шөгуiнiң жартысынан аз емес қадалы iргетастардың есептiк шөгуiнiң екi еселенген мәнiнде, кран асты жолдарын тегiстеу мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн құрылымдық шаралар қарастырылуы тиiс. 8.18. Топырақтың өз салмағынан 30 см-ден артығырақ шөгуi кезiнде, қисық сызықты шөгу ойыңқысы бөлiгiнiң iшiне түсетiн қадалы iргетастың горизонталь бағытта жылжу мүмкiндiгiн ескеру керек. 8.19. II типтегi топырақ жағдайындағы қадалы iргетастарға әсер ететiн жүктемелердi анықтау кезiнде, қада ростверкiнiң табанынан жоғары орналасқан ғимараттар мен имараттардың топыраққа тереңдетiлген бөлiктерiнiң бүйiр жақтарында пайда болуы мүмкiн, терiс үйкелiс күштерi ескерiлуi керек. 8.20. Шөкпе топырақтардан тұратын аумақтарда қадалы iргетастарды қолдану кезiнде, топырақтарды 1метрден көп етiп жайғастыра толтыру, тек арнайы негiзделгенде ғана рұқсат етiледi. 8.21. II типтегi топырақ жағдайында орнатылатын қадалы iргетастарды жобалау кезiнде белгіленуі бойынша сенiмдiлiк коэффициентi есепке алынбайды.
9. IСIНЕТIН ТОПЫРАҚТАРДА ҚАДАЛЫ IРГЕТАСТАРДЫ ЖОБАЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI 9.1. Iсiнетiн топырақтардағы қадалы iргетастарды жобалау кезiнде, қадалармен iсiнетiн топырақтардың барлық қабатын толығымен кесiп өтуiн (төменгi ұштарын iсiнбейтiн топырақтарға тiрегенде) және жарым-жартылай кесiп өтуiн (төменгi ұштарын iсiнетiн топырақ қабатына тiкелей тiрегенде) қарастыруға рұқсат етiледi. 9.2. Iсiнетiн топырақтардағы қадалы iргетастарды есептеудi, 3-6 тарауларда келтiрiлген талаптарға сәйкес, шектi жағдайлар бойынша жүргiзу керек. Iсiнетiн топырақтарда қадалы iргетастарды деформация бойынша есептеу көзiнде, сонымен қатар 9.4—9.6. тармақтарының талаптарына сәйкес топырақтың iсiну кезiндегi қадалардың көтерiлуiн анықтау үшiн, қосымша есептеу орындалуы тиiс. 9.3. Iсiнетiн топырақтардағы қадалы iргетастардың көтергiштiк қабiлетi бойынша есептеу кезiнде, қабыршық қадалардың немесе қадалардың төменгi ұштарының астындағы R және бүйiр беттерiндегi fi iсiнетiн топырақтардың есептiк кедергiлерiнiң мәндерi, құрылыс алаңшасындағы суланған iсiнетiн топырақтарда немесе ұқсас топырақтары бар шектес аумақтарда штамп қадаларды және қадаларды статикалық сынау нәтижелерi негiзiнде қабылдануы тиiс. Қадалы iргестастарды жобалау кезiнде көрсетiлген статикалық сынақтың нәтижелерi болмаған жағдайда, қадалардың және диаметрi 1 м-ден аз қабыршақ қадалардың төменгi ұштарының R астындағы және бүйiр жақтарындағы fi iсiнетiн топырақтардың есептiк кедергiлерiн iсiнбейтiн топырақтарға арналған, 1, 2 және 7 кестелерi бойынша, 3-5 кестелерде келтiрiлген басқа жұмыс жағдайының коэффициенттерiнен тәуелдiлiгiн ескеретiн gc=0,5 тең топырақтың қосымша жұмыс жағдайының коэффицентiн енгiзу арқылы қабылдауға рұқсат етiледi. 9.4. Алдын - ала бұрғыланған басты ұңғымаларға батырылған қағылмалы қадалардың, кеңейтiлмеген құйма қадалардың, сонымен қатар топырақтардың iсiнетiн аймағын кесiп өтпейтiн қабыршақ қадалардың көтерiлуiн hSW,P, келесi формула бойынша анықтау керек: , (35) мұндағы hSW ‑iсiнетiн топырақ бетiнiң көтерiлуi м; ‑ қаданың төменгi ұшының салыну деңгейiндегi топырақ қабатының көтерiлуi (iсiнетiн топырақты кесiп өткен жағдайда = 0), м; W, w ‑ 17-кесте бойынша анықталатын коэффициенттер, бұл жағдайдағы, W, топырақтың iсiну кезiндегi сiлемнiң тереңдiгi бойынша деформацияның азаюын сипаттайтын а көрсеткiшiне байланысты және iсiнетiн: сарматтық 0,31 м-1, аралдық — 0,36 м-1 және хвалындық — 0,42 м-1 балшықтар үшiн қабылданады. u ‑ қаданың периметрi, м; N ‑ gf = 1 жүктеме бойынша сенiмдiлiк коэффицентiмен анықталған қадаға келетiн есептiк жүктемесi кН(тс). Имараттың көтерiлуiнiң шектi мәндерiн, сонымен қатар iсiнетiн топырақ бетiнiң көтерiлу мәнiн hsw және қаданың төменгi ұштарының мәнi деңгейiндегi орналасқан топырақ қабатының көтерiлуiн hsw,p ҚР ҚНжЕ 5.01-01-2002 талаптарына сәйкес анықтау керек.
17-кесте
9.5. Iсiнетiн топырақ қабатын қадалармен кесiп өту кезiнде және оларды iсiнбейтiн топырақтарға тереңдету кезiнде және 36-формуладағы шарттар сақталғанда, қадалы iргетастың көтерiлуi жоққа шығарылады: (36) мұндағы Fsw — 2-кестедегi деректердi пайдалана отырып, топырақтың iсiну күштерiне арналған жүктеме бойынша сенiмдiлiк коэффициентiмен gf = 1,2 анықталатын немесе iсiнетiн топырақтардың далалық сынақтарының нәтижелерi бойынша анықталатын қаданың бүйiр жақ бетiне әсер ететiн тең әсерлi есептiк көтеру күшi. Fdu — жұлушы жүктеменiң әсерi кезiнде iсiнбейтiн топырақтарда орналасқан қада бөлiгiнiң көтергiштiк қабiлетi кН (тс). gк- екiншi формуладағыдай. 9.6. Топырақтың iсiнетiн қабатын кесiп өтпейтiн диаметрi 1м-н үлкен қаданың көтерiлуi, табиғи негiздегi iргетастардағыдай етiп ҚР ҚНжЕ 5.01-01-2002 талаптарына сәйкес анықталуы тиiс: Fu = N + gII Vg - Fsw(37) мұндағы N, Fsw — 3 формуладан алынған); gII — топырақтың меншiктi салмағының есептiк мәнi кН/м3 (тс/м3); Vg — төменгi (кiшi) диаметрi кеңейту диаметрiне d, ал жоғары диаметрi dI =h+d(мұндағы h — топырақтың табиғи бетiнен қаданың кеңейтiлген ортасына дейiнгi ара қашықтық) биiктiгi h ұлғайтылған, кесiлген конустың iшiндегi топырақ көлемiне тең етiп қабылданатын және қадалардың көтерiлуiне бөгет жасайтын топырақ көлемi, м3. 9.7. Iсiнетiн топырақтарда қадалы iргетастарды жобалау кезiнде, топырақ бетiнiң және роствектiң төменгi жазықтығының аралығында, өлшемдерi топырақтың iсiну кезiндегi көтерiлуiнiң максималды мәндерiне тең немесе одан үлкен саңылау қарастырылуы тиiс. Iсiнетiн топырақ қабатының қалыңдығы 12 м-н аз болғанда, 36-формуладағы есептiк шарттарды сақтай отырып ростверктi топыраққа тiкелей тiреп орнатуға рұқсат етiледi. 10. ӨҢДЕЛЕТIН АУМАҚТАРДА ҚАДАЛЫ IРГЕТАСТАРДЫ ЖОБАЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI 10.1. Өңделетiн аумақтарда қадалы iргестарды жобалау кезiнде, осы нормалардың талаптарынан басқа ҚНжЕ 2.01.09-91 талаптары да сақталуы тиiс; бұл жағдайда инженерлiк iзденiстердiң деректерiмен қатар қадалы iргетастарды жобалау үшiн, таулы-геологиялық iзденiстердiң және жер бетiнен күтiлетiн деформациялар туралы мәлiметтер пайдалануы тиiс. 10.2. Өңделетiн аумақтардағы қадалы iргетастарды жобалауға берiлген тапсырысты, маркшейдерлiк есептiң нәтижелерi бойынша алынған, құрылыс бөлiмшелерiндегi жер бетiнен күтiлетiн максималды деформациялар туралы мәлiметтер, соның iшiнде отыруы, еңiстiгi, созылуы немесе сығылудың салыстырмалы горизонталь деформациялары, жер бетiнiң қисықтық радиусы, кемердiң биiктiгi болуы тиiс. 10.3. Өңделетiн аумақтарда тұрғызылатын ғимараттар мен имараттардың қадалы iргетастарын есептеудi, шектi күйлерi бойынша, өңдеу кезiндегi негiздеудiң деформацияланатын жағының әсерiн есепке ала отырып, белгiленетiн жүктеменiң ерекше тiркесiне жүргiзiлуi тиiс. 10.4. Қада бастарының ростверкпен түйiндесу сипатына және аумақты өңдеуден горизонталь деформациялардың даму процесiнде негiздегi топырақпен iргетастың әрекеттестiгiне байланысты қадалы iргетастарды келесi сұлбаларға бөледi: а) қатты - қада арматурасының жаңсырықтарын анкерлеу жолымен қада бастарын ростверк iшiнде қатты бекiту кезiнде немесе ростверк iшiнде қада бастарын 7.5 тармағында баяндалған талаптарға сәйкес бекiткенде; б) икемдi - қадалардың бастарын ростверктiң iшiне 5-10 см бекiту жолымен орындалған немесе сырғанау жiгi арқылы түйiндескен қадалардың ростверкпен шартты - топсалы түйiндесуi кезiнде. 10.5. Өңделетiн аумақтарда қадалы iргетастарды және олардың негiздерiн есептеу: а) 10.6 тармағының талаптарына сәйкес, аумақты өңдеуден болған топырақтардың физико-механикалық қасиеттерiнiң өзгеруiн; б) 10.7 тармағының талаптарына сәйкес, көлбеуліктен, қисаюдан және жер бетiнде кертпештердiң пайда болуынан болған вертикаль жүктемелердiң жеке қадаларға қайта бөлiнуiн; в) 10.8 тармағының талаптарына сәйкес, топырақ негiзiнiң салыстырмалы горизонталь деформацияларынан болған горизонталь жазықтықтағы қосымша жүктемелерiн ескере отырып жүргiзлуi тиiс. 10.6. Сығушы жүктемелерге жұмыс iстейтiн қадалардың барлық түрлерiнiң топырақтың негiздерi бойынша Fcr, кН (тс) көтергiштiк қабiлетiн аумақты өңдеу кезiнде мына формула бойнша анықтау керек: Fcr = gcr Fd(38) мұндағы gcr — топырақтардың физико-механикалық қасиеттерiнiң өзгеруiн және аумақты өңдеу кезiндегi вертикаль жүктемелердiң қайта бөлiнуi ескерiлетiн жұмыс жағдайының коэффициентi. Кез келген ғимараттар мен имараттардың iргетастарындағы қада - тiректер үшiн gcr=1; икемдi ғимараттар мен имараттардың (мысалы, топсалы тiреуiмен бiрқабатты қаңқа) iргестастарындағы аспалы қадалар үшiн gcr=0,9; қатты ғимараттар мен имараттардың (мысалы қатты түйiнделумен көпқабатты қаңқасыз ғимараттар, силостық корпустар) iргетастарындағы аспалы қадалар үшiн gcr = 1,1; Fd — 4-тараудың талаптарына сәйкес есептеумен анықталған немесе 5-тараудың талаптарына сәйкес топырақты зондтау, қадаларды динамикалық және статикалық жүктемелермен сынау анықталған зерттеулердiң нәтижелерi бойынша анықталған қадалардың көтергiштiк қабiлетi кН (тс), Ескерту: Тiке құлайтын қабаттар жағдайында салыстырмалы горизонталь деформациялардың є h, мм/м, мәнiне тәуелдi қосымша коэффициентi gcr= 1/(1+100 є h) ескерiлуi керек.
10.7. Ғимараттар мен имараттардың қатты құрылымдық сұлбаларындағы қадаларға және қабыршақ қадаларға қосымша вертикаль жүктемелердi ± DN, көлбеуліктен, қисаюынан жер бетiнде кертпештердiң пайда болуынан, сонымен қатар: а) аспалы қадалардан тұратын қадалы iргетастардың және олардың негiзi 6.1 тармағына сәйкес табиғи негiздегi шартты iргетаспен ауыстырылған жағдайдағы; б) шартты iргетастың негiзi ғимараттардың (имараттардың) ұзындығы бойынша, тұрақты сызықты деформацияланатын етiп немесе iшiнде топырақтың деформация модулi және төсем коэффициентi бар бөлiкке бөлiп қабылдаған жағдайдағы топырақ негiзiнiң горизонталь деформацияларынан пайда болатын қаданың вертикаль орын ауысуының есептiк мәндерiне байланысты анықтау керек.
Дата добавления: 2014-11-09; Просмотров: 477; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |