Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Учебно-методический комплекс




Осымша

Қосымшада курстық жұмыстың негізгі бөлімінде қарастырылған материалдар негізіндегі статистикалық және басқа ба қосымша мәліметтерді қосуға болады.

Курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Курстық жұмысқа қойылатын негізгі талаптары болып:

§ Айқындылық;

§ Материалдың логикалық түрде баяндалуы;

§ Ақпараттың дәлдігіне көз жеткізу;

§ Жұмыс нәтижесін нақты баяндау;

§ Тұжырымдамаларды дәлелдеу және ұсыныстарды негіздеу;

§ Сауатты түрде рәсімдеу.

Курстық жұмыстың келесідеу құрылымын сақтау ұсынылады:

§ Бет-форзац;

§ Басқы бет;

§ Мазмұны;

§ Кіріспе;

§ Үш тарау;

§ Қорытынды;

§ Қолданылған әдебиеттер тізімі;

§ Қосымша.

Басқы бет курстық жұмыстың бірінші беті болып табылады. Басқы бетте келесідей мәліметтер келтіріледі:

· Жұмыс түрі-курстық жұмыс;

· «тақырыбында» сөзін көрсету арқылы жазылған курстық жұмыс тақырыбы;

· Мамандық шифры мен атауы;

· Сол жағында – «орындаған», оң жағында Студенттың аты жөні,

· Бір жол төмен «ғылыми жетекшінің» аты-жөні, ғылыми дәрежесі т.б. жазылады.

Жұмыстың тәжірибелік мәні. Курстық жұмыс материалдардың нақты цифрлары негізінде орындалуы керек.

Қазіргі әдістемені қолдану. Курстық жұмысты дайындау барысында Студент кәсіпорынның (ұйымның, фирманың) ұйымдық мәдениетін реттеу, болжау, жоспарлау механизмін жетілдіру бойынша өз білімін тереңдетеді. Сондықтан да оны орындау барысында Студентқа менеджмент саласындағы арнайы әдебиеттерді, шетелдік мерзімдік басылымдарды, ресми статистикалық мәліметтерге сүйенуі қажет.

Зерттеу тақырыбы бойынша арнайы әдебиет көздері мен әдістемелік материалдар бойынша алдыңғы қатарлы отандық және шетел тәжірибесін оқып біле отырып, оның нәтижесін талдау нұсқасында көрсете отырып, Студент зерттеу обьектісінің талаптарына сай келетін нақты ұсыныстар жасай отырып, қорытынды жасау керек. Курстық жұмыста көрсетілген ұсыныстар мен тұжырымдамаларды негіздеп, дәлелдеу керек.

 

Курстық жұмыстың орындалуын ұйымдастыру

Курстық жұмыс тақырыптары кафедра Студенттардың оқу жоспарының артықшылықтарын ескере отырып құрастырылады. Кафедра мәжілісінде мақұлданып, рәсімделген курстық жұмыс тақырыптары Студенттарға сәйкес тақырыпты таңдау үшін таратылады.

Ғылыми жетекші Студентқа курстық жұмыс жоспарын құруға көмектеседі.

Ғылыми жетекшінің міндеттері:

1. Студенттардың курстық жұмыстарының ғылыми және тәжірибелік тұрғыда сапалы түрде орындалуын қамтамасыз ету;

2. Курстық жұмыстың орындалу барсынын бақылау;

3. Дайын, тексерілген жұмысты комиссия мүшелеріне берілуін қамтамасыз ету.

Ғылыми жетекші жоғары мектептің барлық талаптарына сай келетін курстық жұмысты қорғауға рұқсат береді.

 

Студенттың курстық жұмысты орындау барысындағы өзіндік жұмысы

Студент ең алдымен,экономикалық әдебиеттерге шолу жүргізеді және осының негізінде сұрақтарды анықтап, жұмыстың жоспарын құрады. Кез келген зерттеу библиографиялық шолудан басталады.

Ғылыми әдебиетпен жұмыс бастай отырып, тек оның негізгі идеясын ғана емес, сонымен қатар мазмұнын да игер керек, яғни оқылған мәліметтерді шағырмашылық түрде қайта әзірлеу. Бұл материалды жан-жақты талдауды қажет етеді. Әдебиет көздеріне шолуды аяқтай отырып, Студент сол бойынша және қарастырылған ғылыми – әдістемелік мәселе бойынша өзіндік тұжырымдама жасау керек, сонымен қатар жинақталған материалдарды (статистикалық, кестелік және т.б.)талдауға өтуі керек.

Курстық жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар

Курстық жұмыс А4 стандартты парақта орындалып, мұқабалануы тиіс. Жұмыс көлемі компьютерде теріліп, 30-35 бет (қосымшамен) көлемінде, 14 кегль, 1,0 интервалмен жазылады. Шрифт – Times New Roman. Курстық жұмысты рәсімдеуде: жоғарғы және төменгі жағы -2см, сол жағы -3, оң жағы -1 см болуы қажет.

Курстық жұмыс тарауларының атауын негізгі текстен жоғарғы жағы және төменгі жағынан үш интервал қалдырып, соңында нүкте қоймай жол ортасына жазу керек. Тарау атарулары бас әріптермен жазылады. Жұмыстың әрбір құрылымдық элементі (кіріспе, әрбір тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымша) жаңа беттен басталады; параграф-алдыңғы параграф аяқталған бетте жазылады. Текст пен тақырып арасындағы қашықтық 2интервал болу керек.

Абзац жаңа жолдан басталып жазылады.

Курстық жұмыстың иллюстрациясы мен қосымшасын қосқандағы барлық беті нөмірленеді. Бірінші беті басқы бет болып есептеледі.

Бет нөмірі «Мазмұны» бетінен басталады. Барлық текст бойынша нөмірлерді талапқа сай сақтап, қағаздың төменгі жағының ортасына нүктесіз, тізбекті бет нөмірі араб сандарымен қойылады. Параграфтар әрбір тараудың шегінде нөмірленеді. Параграф нөмірі тараудың бөлігінен нүкте арқылы белгіленеді (мысалы, 1.3).

Тараулар және параграфтар:

- Тарау мен параграф атауы беттің ортасынан жазылады;

- Тарау атауы қалың шрифтпен белгіленеді;

- Тарау мен параграфтардың атауы жақшасыз жазылады, атау соңында ешқандай үтір нүкте қойылмайды;

- Курстық жұмыстың тарау көлемі, осы параграфқа қойылған міндетті ашуы қажет.

 

Мысалы:

1 Тарау Бизнесті ұйымдастырудың теориялық аспектілері

1.1 Бизнесті ұйымдастыру пәнінің: мәні мен мазмұны

Курстық жұмысты жазу барысында құрылымдық элементтер көлемінің талаптарын сақтау керек. Талапқа сай, кіріспе мен қорытынды орташа есеппен 3-5 беттен тұрады, I тарау (кіріспемен бірге) – жұмыстың 30%, II тарау – 40-45%, III (қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімін қосқанда) -25-30% құрайды. Әрбір параграфтардың бір-бірінің арасы, орта есеппен 8-10 беттік көлемді құрауы керек. Бір бөлім көлемі 4 бет, келесісі 15 беттен тұрса, ондай курстық жұмыстың қателігіне рұқсат берілмейді.

 

Кестелердің бейнеленуі

Барлық кестелердің атауы болуы қажет және реттік нөмірлері араб сандарымен нөмірленеді. «Кесте» сөзі кестенің үстінде және сол жақтан басталып жазылады. Содан соң оның атауы тире арқылы жазылады. Кесте атауынан кейін ешқандай үтір нүкте қойылмайды.

Кестелер өзі ескертілген мәтіннен кейін орналастыру қарастырылады. Кестелер келесі параққа көшіру барысында барлық бағаналардың (яғни, өзі қанша бағанадан тұрса, сонша бағана) нөмірі бағананың ортасында нөмірленеді, және «жалғасы» сөзі жазылады, кесте нөмірі көрсетіледі, мысалы, «1 кестенің жалғасы».

Қосымшаға шығарылған кестелерден басқа, кестелер басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.

Егер мәтін мазмұнына, кесте немесе графикалық материалдарға түсінік не анықтамалық мәліметтер қажет болса, курстық жұмысқа ескерту енгізіледі. Ескертулерді абзацтан және бас әріптен бастап жазады. «Ескерту» сөзі абзацтан бас әріппен жазылуы және сызылмауы тиіс. Ескертуді оған қатысты мәтіннен, графикалық материалдан кейін немесе кестеге орналастырады. Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып, ескерту бас әріппен жазылады. Бір ескерту нөмірленбейді. Бірнеше ескертулер араб сандарымен рет-ретімен нүктесіз нөмірленеді. Кестелер бойынша ескерту кестенің аяқталуын білдіретін соңғы сызықтың үстінен жазылады.

Формулалар және теңдеулер мәтіннен басқа жеке жолға бөлініп көрсетіледі. Әрбір формулалар және теңдеулердің жоғары және төменгі жағына бос, бір жолдан кем емес орын қалдыру қажет.

Курс жұмысындағы формулаларды реттік нөмірлермен нөмірлеу барлық жұмыс шегінде дөңес жақшаға алынып, сандармен оң жақ шетте бір жолда қарастырылады.

Мәтінде қолданылып отырған сілтемелерді жақшамен белгілеген дұрыс. Парақтың соңында мәтін бойынша міндетті сілтемелер қолданылған әдебиеттермен қойылады. Осы тұрғыда, авторды, жұмыс атауын, басылымын, жылы мен беттерін көрсету керек. Егер кезекті басылым материалдарын қолданылса, онда авторды, мақала атын, журналдың атын, жыл, нөмірі мен беттерін көрсету қажет. Internet ресурстық базасын қолдану мүмкін (егер сайттар ресми болса).

 

Курстық жұмысын қорғау тәртібі

Талапқа сай аяқталған курстық жұмыс, Студенттың қолы қойылып, ғылыми жетекшіге ұсынылады. Ғылыми жетекші титул бетіне қорғауға жіберілгендігі жөніндегі өзінің жазбаша пікірін жазады. Курстық жұмыс қабылданбаған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қоймайды.

Курстық жұмыс қорғау комиссиясына бағытталады.

 

 

Курстық жұмысты қорғау

Студенттың ресми түрде қорғауына оқу құралдары бейнеленген арнайы баяндама құрастырылады.

Курстық жұмыс кафедра отырысында бекітілген комиссия алдында қорғалады. Бір курстық жұмысты қорғау ұзақтығы, бір Студентқа 10-15 минуттан аспауы керек.

Студент жұмыстың негізгі мазмұнын 5 минуттан артық баяндайды.

Студент өзінің қорғау кезінде келесілерді баяндауы керек:

- тақырыптың өзектілігін;

- жүргізілген зерттеу нәтижелері;

- нақты қорытындылар және елдің ұлттық экономикасының жеке саласында мәселелерді шешу негізіндегі мүмкіндіктерді жүзеге асырудағы ұсыныстар.

Курстық жұмысты қорғап болған Студент, комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап береді.

Курстық жұмысты қорғау қорытындысы бойынша баллдық-рейтингтік әріптік жүйемен баға қойылады. Курстық жұмыстың қорытындысы ведомостьке қойылып, курстық жұмысты жүргізген күні бағалары айтылады.

Курстық жұмысты қорғап болған соң, кафедра лаборантына, одан кейін университет архивіне тапсырылады.

 

«Бизнесті ұйымдастыру» пәні бойынша курстық жұмыс тақырыптары

1. Кәсіпкерлік тәуекелдің экономикалық мазмұны функциясы.

2. Шағын кәсіпкерліктегі франчайзинг (...... кәсіпорын мысалында).

3. Қазіргі экономикадағы ақпарат рөлі және ақпараттық қызмет нарығы.

4. Өнімнің бәсекеқабілеттілігі мен сапасын арттыруды қамтамасыз ету және өлшеу

5. Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігі мен ішкі және сыртқы қауіпті болдырмау жолдары.

6. Кәсіпорын банкроттылығы: анықтау механизмі және алдын алу жолдары

7. Ғаламдық экономикалық дағдарыс жағдайындағы шағын бизнес

8. Қазіргі экономикадағы шағын және орта бизнестің ынтымақтастық формасы (сотрудничества).

9. Бәсекелестік нарық механизмінің элементі ретінде.

10. Адам капиталы және оның қазіргі экономикадағы рөлі.

11. Инвестиция экономикалық өсу факторы ретінде.

12. Лизинг нарықтық экономика қатынастарының формасы ретінде.

13. Тұтынушы мінез құлқының мотиві, таңдау факторы және тұтынушы тәуекелі

14. Банк жүйесінің нарықтық экономикадағы рөлі.

15. Венчурлық капитал: мәні, формасы және оның қазіргі экономикадағы рөлі

16. Қазіргі жағдайда өнімділікті арттыру жолдары.

17. Әлемдік дағдарыстың нарықтық экономика жағдайына әсері

18. Нарық құрылымы мен институттары.

19. Интеллектуалдық капитал экономикалық өсу факторы ретінде.

20. Ұлттық экономиканың бәсекеқабілеттілігі.

21. Шағын бизнестің экономикалық әлеуеті (потенциал).

22. Шағын және орта бизнестің өзара іс әрекетінің институционалық инфрақұрылымы.

23. Қазақстанда консалтингтік қызмет нарығын қалыптастыру

24. Ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру: институционалды аспект.

25. Нарықтық қатынастар жағдайындағы кәсіпорынның коммуникациялық саясаты

26. Өнім сапасын басқарудағы маркетинг

27. Әлеуметтік жұмыстағы маркетинг: мәні мен проблемалары

28. Кәсіпорынның жарнама-ақпараттық қызметін басқару және ұйымдастыру

29. Кәсіпорынның өткізу қызметін басқару және ұйымдастыру

30. Қоғамдық тамақтану және және қызмет көрсету кәсіпорындары қызметін бақылауды ұйымдастыру

31. Нарық жағдайында шағын кәсіпорындарды ұйымдастыру және өндірісті басқару

32. Шағын бизнес кәсіпорындарындағы ақпараттық қызмет нарығын бағалау

33. Өнім сапасы мен бәсекеқабілеттілігін басқару жүйесін әзірлеу

34. Кәсіпорынның ұзақ мерзімді дамуы бойынша іскерлік жобаны әзірлеу

35. Кәсіпорын персоналын басқаруды жетілдіру

36. ҚР франчайзинг жүйесін қалыптастыру және дамыту

37. Салық жүйесінің кәсіпорынды басқару тиімділігіне әсері

38. Желілік маркетинг бизнесті жүргізу формасы ретінде.

39. Мейрамхана бизнесінің маркетингтік қызметі

40. Фирманы басқару тиіміділігін арттыру құралдары мен жолдары

41. Фирманың даму стратегиясын әзірлеу

42. Фирма қызметіндегі дағдарыс тенденциясын талдау

43. Көтерме мауда саласындағы компанияның жарнамасын әзірлеу

44. Қызмет көрсету нарығында компанияның жарнама қызметін әзірлеу

45. Әлеуметтік-мәдени сервис және туризм индустриясындағы франчайзинг

46. Қонақ үй кешенінің бәсекеқабілеттілігін басқару

47. Туризмдегі инновациялық қызмет тиімділігін арттыру

48. Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту

49. Қазақстанда жеке кәсіпкерлікті дамыту

50. Бизнестің ұйымдық формасы ретінде серіктестік мәні мен мазмұны

51. Бизнестің ұйымдық формасы ретінде акционерлік қоғам мәні мен артықшылықтары

52. Қазақстанда корпоративтік басқаруды дамыту

53. Қазақстан Республикасы мен шетелде шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары.

54. Қазақстанда бизнесті инвестициялық және қаржы-несиелік қолдау.

55. Қазақстанда бизнесті өндірістік және инновациялық қолдау.

56. Бизнестің ақпараттық, ғылыми-әдістемелік және кадрлық қамтамасыз етілуі.

57. Инфрақұрылым –кез келген тұтас экономикалық жүйенің міндетті компоненті ретінде. Бизнес инфрақұрылымының элементтері.

58. Несиелік жүйе бизнес инфрақұрылымы ретінде.

59. Факторинг – комиссиондық операцияның түрі ретінде.

60. Салық жүйесі, салық инспекциясы және оның бизнеске әсері.

61. Сақтандыру компаниясы мен коммерциялық тәуекелді сақтандыру жүйесі.

62. Арнайы жарнамалық және апараттық агенттік және оның бизнесті дамытудағы рөлі.

63. Жарнама және оның коммуникациялық саясаттағы рөлі.

64. Нарықты кешенді зерттеу және оның мазмұны мен міндеттері.

65. Өткізуді ынталандыру, сервистік саясат және тура сату. Жәрменке, көрмелерге қатысу.

66. Шет елде ҒЗТКЖ сферасында шағын инновациялық кәсіпорындардың қызмет істеуі.

67. Шағын кәсіпорындардың ғылыми-техникалық қызметі қалыптастыру көздері.

68. Инновациялық қызмет: негізгі бағыттары, бағалау жолдары

69. Инвестициялық қызмет: көздері, бағалау жолдары

70. Бизнес-жоспар – нарық талаптарына сай жобалық-инвестициялық шешім құралы ретінде.

71. Бизнеске инвестицияларды тартуда шетел тәжірибесі.

72. Лизинг кәсіпкерлік қызмет формасы ретінде

1.

учебной дисциплины «Деловая компьютерная игра

«Бизнес-курс Корпорация плюс»

 

Издательство

Пермского государственного технического университета

Составители: Гакашев Марат Миратович

 

 

УДК 330 (075.8)

 

Рецензент: канд.экон.наук, доцент В.В. Ленина

 

 

Зав.кафедрой ЭУП, Быкова Е.С.

канд.экон.наук, доцент

 

Секретарь Ученого совета Трубина С.В.

Гуманитарного фак-та

 

Декан Гуманитарного фак-та,

док.социол.наук,проф., академик РАСН Стегний В.Н.

 

© Пермский государственный технический университет, 2012

ОГЛАВЛЕНИЕ:

 

Программа курса «БИЗНЕС-КУРС: Корпорация Плюс» …………….......4

ТЕМА 1. ВВЕДЕНИЕ В ПРЕДМЕТ ИГРЫ …………………………….........5

Правила игры и управленческие решения………………………………………5

1.1. Исходные положения…………………………………………………........6

1.2. Производство и сбыт……………………………………………………….7

1.3. Финансовые операции……………………………………………………14

1.4. Овердрафты и банкротство………………………………………………21

1.5. Прогноз денежного потока………………………………………………22

ТЕМА 2. АНАЛИЗ И ПЛАНИРОВАНИЕ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ …………..23

2.1. Бухгалтерский учет………………………………………………...................24

2.2. Управленческая отчетность………………………………………………….24

2.3. Финансовая отчетность…………………………………………………........25

2.4. Налоговая отчетность………………………………………………. ……….26

2.5. Сводный отчет………………………………………………………...............26

2.6. Финансовые показатели……………………………………………………...28

2.7. Налоговые показатели………………………………………………..............28

2.8. Операционный анализ………………………………………………..............28

2.9. Анализ цены и структуры капитала……………………………………........29

2.10. Инвестиционный анализ………………………………………………........30

2.11. Рынок акций……………………………………………………………........31

2.12 Графики и диаграммы……………………………………………………….31

ТЕМА 3. ОЦЕНКА ЭФФЕКТИВНОСТИ УПРАВЛЕНИЯ ……………..........32

3.1. Обсуждение проблемы…………………………………………………………32

3.2.Механизм формирования рейтинга………………………………………..........33

3.3. Рыночная цена акции……………………………………………………............35

3.4. Влияние эмиссионной политики на рейтинг……………………………...........38

Пример прохождения игры «БИЗНЕС-КУРС: Корпорация Плюс» ……..39

Перечень выносимых на защиту проекта вопросов ……………………….46

Критерии допуска к защите проекта ………………………………………...48

Шкала оценок …………………………………………………………………..48

Словарь терминов ……………………………………………………………...49

Список использованной литературы ………………………………………..57

ПРОГРАММА КУРСА «БИЗНЕС-КУРС: КОРПОРАЦИЯ ПЛЮС»

Аннотация. Программа «БИЗНЕС – КУРС: Корпорация Плюс» - это коллективная сетевая игра. Программа «БИЗНЕС – КУРС: Корпорация Плюс» предназначена для профессиональной подготовки специалистов в области финансового менеджмента. Эта программа отличается набором управленческих решений и большим объемом отчетно-аналитической информации. Она последовательно развивает навыки управления в условиях конкуренции, дает конкретные экономические знания, вырабатывает экономический образ мышления. Деловая игра представляет собой своеобразный интерактивный учебник по управлению и финансам с огромным количеством примеров, порождаемых действиями самих обучающихся.

Учебная задача. Научить студентов управлять экономическим объектом, деятельность которого имитирует компьютер; развить у студентов навыки управления фирмой в условиях конкуренции; выработать у студентов умения аналитически обрабатывать экономическую информацию с целью принятия хозяйственных решений; развить умение у студентов обобщать и применять на практике знания, полученные при изучении таких дисциплин как «бухгалтерский учет», «экономический анализ», «финансовый менеджмент», «производственный менеджмент», «экономика предприятия», «банковское дело», «маркетинг», «рынок ценных бумаг», «финансы предприятий», «управление персоналом», «стратегическое планирование».

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-26; Просмотров: 769; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.127 сек.