Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Стационар




ПМСП

Емдеу тактикасы

Пациентке преэклампсияның жеңіл дәрежесі диагнозын қойғаннан кейін жоғары денгейдегі мекемелерге диагнозды нақтылау үшін жіберіледі.

Жеңіл преэклампсия – ем қажет етпейді, тек қана мұқият бақылау жүргізу.

Ауыр преэклампсия белгілері анықталса – магний сульфатын енгізуді бастац және көрсеткіштер бойынша гипотензивті терапия.

Қабылдау бөлімшесінде ауыр преэклампсияның белгілерімен келген жүкті әйелді дәрігер қарайды.

Егер босану қызметі немесе босануга дейінгі қағанақ суының кету анықталған жағдайда жүкті әйелдә міндетті түрде босану блогына жатқызады.

Жүкті әйелдің жағдайына байланысты акушер-гинеколог анестезиолог-реаниматолог дәрігермен арнайы бөлімшелерге жатқызуды шешеді. Жүкті әйелді бөлімшелерге тек қана каталкада тасымалдайды.

Аыур преэклампсияның бірден-бір нәтижелі емі – босандыру.

Шұғыл босандыруға көрсеткіштер:

1) ауыр преэклампсия;

2) ұрықтың жағдайы нашарлауы;

3) преэклампсияның симптомдарының өсуі.

 

Жүктіліктің 37 аптасы немесе одан жоғары мерзімінде босандыру жүргізіледі.

 

Операциясыз өз бетінше босану тиімді болып табылады.

 

Жатыр мойнының толық емес ашылуын ынталандыру үшін (Бишоп бойынша 6 баллдан кем емес) ПГ Е2 немесе Е1 қолданылады(тек қана жатыр мойныішілік немесе қынапішілік енгізу).

Жатыр мойнының толық ашылуында окситоцин, амниотомия қолданылады (Бишоп бойынша бағалауы 6 баллдан кем болмау керек).

Жансыздандыру әдісі – перидуральді анестезия.

 

Ауыр преэклампсия кезіндегі кесар тілігіне көрсеткіштер:

- босануды ынталандырудың нәтижесіз болуы;

- гестация мерзімі 32 аптадан кем.

 

Ұрықтың жағдайын мұқият бақылау жүргізу үшін – ұзақ немесе тұрақты КТГ. Босанушы әйел жалғыз қалмау керек.

Операция арқылы босандырудың жансыздандыру әдісі – спинальды немесе перидуральды анестезия.

 

Симптоматикалық ем

Тырысуға қарсы және гипотензивті терапия

Тырысуға қарсы терапия

Магнезиальды терапия преэклампсии/эклампсии кезіндегі ең нәтижелі және қауіпсіз әдіс.

 

Бастапқы доза

Магнезия сульфаты (5г құрғақ зат) 20 мл-25% 10-15 минутқа инфузатормен енгізу

 

Ұстап тұрушы доза

Магнезия сульфаты (1-2г. құрғақ зат) 20 мл-25% 10-15 минутқа инфузатормен енгізу

Инфузатор болмаған жағдайда 320 мл 0,9% физ/ер 80 млмагний сульфаты 11 тамшы минутына (12-24 сағат ішінде) 10 г. құрғақ затты 5-5 грамнан 2 жамбасқа 1 мл 2% новокаинмен немесе 1 мл1% лидокаинмен енгізуге болады.

 

 

Гипотензивті терапия

Тез әсер ететін гипотензивті препараттар:

Нифедипин (Са блокаторларының тобы) – бастапқы доза 10 мг (сублингвальді), 30 мин кейін қайталау (максимальді тәуліктік доза 120 мг).

 

Баяу әсер ететін гипотензивті препараттар:

Допегит (антигипертензивті препарат орталыққа әсер ететін, метилдопа) –бастапқы доза 250 мг/тәу, әр 2 күнде дозаны 250 мг/тәулігіне арттырады.

Тырысу кезіндегі көмек

Құрал-жабдықтарды дайындау (воздуховод, отсос, маска, мешок, оттегі) және минутына 4-6 л оттегі беріледі.

Әйелді зақымданудан сақтаңыз, бірақ қатты ұстамау керек.

Әйелді сол жақ бүйірімен жатқызу - тамақтың, құсық массасы және қанның тыныс алу жолдарында тұрып қалудын алдын алады.

Тырысу аяқталғаннан кейін ауыз қуысын және жұтқыншақты сорғышпен тазалау.

Содан кейін магнезиальды терапия жүргізіледі.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-16; Просмотров: 506; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.