Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Овогенез физиологиясы




Жұмыртқа клеткасының даму циклін овогенез дейді. Аналық гаметалардың дамуы аналық жыныс бездерінде жұреді. Аналық жыныс клеткаларының дамуы үш дәуірге бөінеді: 1) көбею, 2) өсу 3) пісіп жетілу.Көбею дәуірінде оогонийлар митоздық жолымен бөлінеді, осының гәтижесіне клеткалардың саны көбейеді. Оогонийлар сперматогоний сияқты қоректік заттарды жеңіл сіңіреді. Адамның аналық жыныс клеткаларының көбею дәуірі эмбриогенез кезінде жүреді. Эмбриогенездің соңғы кезінде алғашқы фолликулалардың пайда болуымен оогонийлардың көбеюі аяқталады, осыдан кейін олар І ретті ооциттерге немесе алғашқы ооциттерге айналады. Өсу дәуірінде бірен саран алғашқы фолликулдар ғана өседі. Олар үлкейіп, Граф көпіршігіне айналады. Фолликулдың өсуімен бірге І ретті ооциттің көлемі де бірнеше есе өседі, центросомасы жойылады, ядросы хроматинінен ажырайды, цитоплазмада сарыуыз жиналады, ооцит қабықшамен қапталады. Аналық жыныс клеткасының дамуында қалыптасу дәуірі болмайды. Жұмыртқаның қалыптасуы оның өсу процесі кезінде жүреді. Сперматогоний мен оогоний дамуының нәтижесінде хромосомалардың гаплоидтық саны бар аналық және аталық гаметалар пайда болады.

Жыныс клеткаларының пісуіне және жыныс гормондарының өнуіне тигізетін гипофиз гормондарының әсерінің ролі.

Жыныс гормондарының түзілуі және бөлінуі нейрогуморальдық жолмен реттеледі. Нерв жүйесі жыныс бездерінің қызметін рефлекстік жолмен гипофиздің гормон бөлу қабілетін өзгерту арқылы реттейді. Гипофиздің фолликуланы жандандырушы гормоны аналық организмде фолликуланың пісіп жетілуін, ал аталық организмде сперматогенезді жандандырады. Лютеиндеуші гормон жыныс гормондарының түзілуін, ал пролактин сары денеде прогестеронның бөлінуін және сүттену процесін жандандырады. Эпифиз мелатонині жыныс бездерінің өсіп дамуын тежейді.

Әдебиеттер:

1.Х.Н.Сәтпаева „Адам физиологиясы”

2. Н.Н:Гуминский „Практикум по физиологии человека и животных”

3. П.Ф.Текутов „Практикум по физиологии человека и животных”

4. А.Н.Кабанов „Руководство к практичеким занятиям по физиологии

Дәріс №7

Тақырыбы: Қан физиологиясы

Дәріс мазмұны:

1 Қан мен лимфа органнзмнің ішкі ортасы екендігі.

2 Қанның физикалық және химиялық қасиеттері

3 Қанның құрамы. Плазма қасиеттері.

4. Қанның элементтері мен топтары

1 Қан мен лимфа органнзмнің ішкі ортасы екендігі.

Қан, лимфа және клеткааралық (интерстициялық) сұйықтык организмнің ішкі ортасын құрайды. Клетка тіршілігі үшін осы ішкі ортаньщ оның ішінде қан құрамының физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттері тұрақты болуы шарт, тек осы. тұрақтылықтың арқасында организм сырттағы құбылмалы да күрделі езгерістерге төтеп бере алады. Адамның солтүстік полюс суығын-да да, оңтүстіктің шыжыған ыстығында да өмір сүре беретіні осы тұрақтылыққа байланысты. Ішкі тұрақтылықтың өмір үшін аса кажет шарт екеніне тұңғыш көңіл белген француз физиологі Клод Бернар еді. Организмнің ішкі сұйықтык, ортасының салыстырмалы тұрақтылығы тіршілікті сақтауда өте қажет, деп мәлімдеді ол 1878 -жылы. 1929 ж. америка физиологі В. Кэннон ішкі ортаның, организмнің басты-басты биологиялық керсеткіштерінің (константалардың) тұрақтылық дәрежесін белгілеу үшін гоме-остаз деген жаңа термин ұсынды. Гомеостаз деп қан келемі мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттсрінің тұрақтылығы,. яғни барлық биологиялық константалар-ды (артериялық қан қысымы, дене температурасы т. т.) айтады. Клеткалардың тіршілігіне байланысты және олардың айналадағы табиғи құбылыстарымен ойдағыдай қарым-қатынас жасауы әрдайым гомеостаздың сақталуына қауіп төндіретін жағдай болып саналады. Бірақ буйрек, тер бездері, өкпе сияқты көптеген ағзалардың қызметі арқасында, сондай-ақ денедегі арнайы механизмдердің қатысуымен гомеостаз әдетте бұзылмайды. Осыған

орай ішкі орта үшін абсолюттік тұрак,тылықтан гөрі салыстырмалы және динамикалық гомеостаз тән. Қан — жан-жануарлардың тіршіліх етуіне аса қажет сұйықтық. Жарақаттану салдарынан қаннын, 25—30% сыртқа ағыгс кетсе, тіршілікке қауіп тенеді, ал 50% ағып кетсе еледі. Қан та-мырда жылжымай тоқтап қалса не қан ағысы тым баяуласа адам өлуі мүмкін. Мысалы, денедегі кейбір клеткалар, әсіресе ми қыртысынын, нейрондары уақытында келетін қан мөлшері азайса, 5—6 минуттан кейін бұзыла бастайды.

Қанның негізгі функциялары:

1) Тіршілікке қажет заттарды клеткаларға, тканьдерге жет-кізеді, ал зат алмасу өнімдерін сыртқа уақытында шығарып оты-раДы (тасымалдау қызметі).

2) Оттегін өкпеден тканьдерге, клеткалардағы көмір қышқыл газды өкпеге жеткізеді (тыныс алу щызліеті).

3) Ішек-қарыннан қоректік заттарды, витаминдерді, су меи тұздарды (минералдарды) тканьдерге жеткізеді (трофикалыщ, яғни қоректендіру қызметі).

4) Зат алмасу барысында пайда болған өнімдерді, мәселен адам денесіндегі уытты заттар, азот қалдықтарын тканьдерден бүйрекке, екпеге, тер бездеріне, ішекке апарады. Сөйтіп оларды шығарып тастайды (экскреторльщ қызмет).

5)Қан клеткалары (лейкоциттер), плазмадағы антиденелер-денеге енген микробтарды, вирустарды, табиғаты жат, улы заттарды бейтараптап, зиянсыздайды (қорраныс қызметі).

6)Адам денесіндегі көптеген функцияларды, процестерді рет-теуге қатысады (гуморальдық реттеу). Қандағы биологиялық. әсері күшті заттар — гормондар, медиатоірлар, метаболиттер ағзалар мен клеткаларға өтіп тікелей немесе қан тамырларының. ішкі бетінде орналасқан хеморецепторларды тітіркендіру арқы-лы әсер етеді (рефлекстік реттеу).

7) Қан клеткалары (формалы элементтер) ткань клеткалары-мен креаторлық байланыста болады. Қреаторлық байланыс жа-ңарған клеткалардың және тканьдерд-ің табиғи құрылысы ме» кейпінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жаңа клеткалар құрылы-сы жағынан ескі клеткаларға ұқсас болу үшін клеткааралық ин-формациялардың маңызы өте зор. Қлеткаларға қажет мағлұмат-тарды макромолекулалар тасиды. Марлұматтар бір клеткадан екінші клеткаға клеткааралық.каналдар арқылы және пиноцитоз жолымен жеткізіледі. Мұндай макромолекулаларды басқа клеткаларға қан клеткалары да жеткізіп отырады.

8)Қан бүкіл денеге тән гомеостазды сақтай отырып клетка-лар мен тканьаралық сұйықтьііқтың коллоидтық, осмалық тұрақтылығын сақтайды. Осмалық тұрақтылық бұзылса клеткалар ісіп не бүрісіп қалады. РН тұрақтылығын сақтауда буферлік роль атқарады.

9) Қан көп энергия шығарып қызып кеткен ағзаларды суыта-ДьІ, ал суыған ағзаларды жылытады. Сөйтіп, дене қызуын бірқалыпта сақтауға қатысады.

2 Қанның физикалық және химиялық қасиеттері

Сұйық зат ретінде қанға физикалық және химиялық қасиеттер тән. Қан қызыл түсті, оның құрамы өте күрделі. Қанның түсі, реңі эритроцит ішіндегі гемоглобинніқ әртүрлі газдармен, басқа да химиялық заттармен реакцияға түсіп, тиісті қосындылар құ-руына байланысты. Мәселен, артерия қаныньщ ашық қызыл түсі қанда оксигемоглобиннің (гемоглобинмен оттегі қосындысы ННвСЬ), вена канының күңгірт түсі карбогемоглобиннің (гемо-глобин мен көмір қышқылды газдың қосындысы — ННвССҺ) кө-<>ірек болуына байланысты. Адамға иіс тигенде гемоглобин иісті газбен қосылып карбоксигемоглобин (ННвСО) түзіледі де, қан-, ньщ түсі қызыл күрең (таңкурай түсті) тартады. Қүкіртсутек (№3) асерінен сульфгемоглобин түзілсе қан қарайып кетеді. Ге-моглобиннің оттегі мен хұрақты қосындысы метгемоглобин қо-•сындысынан қан қоңыр түске боялады. Қанның иісі оның құра-мындағы тез буланатын май кышқылдарына байланысты, дәмі тұзды, м. с. 1,050 — 1,060, плазманьщ м. с.-нан (1.025—1.035) жо-ғары, бірақ эритроциттікінен (1.090) төмен.

Есейген балаларға қарағанда жаңа туған нәресте қанының м. с. едәуір басым (1.060—1.080). М. с. негізінен қанда эритро-диттердің аз-көптігіне байланысты. Ол тұрақты көрсеткіштер-дің бірі, бірақ кейбір физиологиялық және патологиялық жағ-дайларға байланысты езгеруі мүмкін. Мәселен, адам бірнеше апта тауда болса, қанында эритроциттер саны көбейіп м. с. ар-тады. Жаздың өте ыстык, күндерінде адам қатты терлейді де, оның қаны қойылып салмағы артады. Қара жүмыс істеп, қатты терлесе {әсіресе ыстық цехта) қанының м. с. 1,070 — 1.077-ге жетуі мүмкін. Қанның қойылуы көбінесе ішек індеттері кезінде байқалады. Наукас адам жиі-жиі құсса не оның іші өтсе қанда су мөлшері азаяды. Адам қансыраса, оның қан тамырлары тканьаралық сұйық-тыққа толып кетеді де қан сұйылады, яғни оның м. с. азаяды.

Қанның келесі физикальгқ касиеті оның тұтқырлыры. Ол к,ан түйіршіктері мен плазмадағы, әсіресе ірі молекулалы заттардың деңгейіне байланысты. Қан тұтқырлығы қанның қойылуына не сұйылуына қарай әрдайым өзгеріп отырады. Демек, қанның бұл қасиеті қан түйііршіктерінің, плазма белоктарының әсіресе гло-булиндердің мөлшеріне байланысты. Қанның тұтқырлығы әдетте Удың тұтқырлығынан 4 — 5 есе артық. Плазманың тұтқырлығы 1>7 — 2,2.

Жаңа туған нәресте денесінен су көп мөлшерде сыртқа шығады, осыған орай оның қаны қойылып, эритроциттер саны кебей-еД' Де. Кан тұтқырлығы 10,0— 14,8-ге жетеді, бірақ 5—6 күннен кейін 8,6 — 8,8-ге дейін төмендеп, бір ай өткен соң есейген балані-жімен теңеледі (4,6- 5).

Қанның өте маңызды қасиеттерінің бірі — • осмостьщ қысымы. Қою және сұйық ерітіндіні қатар қойып, олардың арасына мем-'брана салса, еріткіш (су) сұйық ерітіндіден қою ерітіндіге өте бастайды. Жартылай өткізгіш мембрана арқылы ерітіндіні өткізе-тін күш осмостық қысьш деп аталады. Ол жарғақтың екі жағын-дағы (бетіндегі) ерітінділерде еріген электролиттер мен молекулалар санына, олардың арасындагы айырмашы-лыкка байланысты. Ерітіндінің осмостық концентрациясы мен осмостық қысымының аз кемтігі еріген бөл-шектердің химиялық тегіне емес, жалпы санына байланысты, еріген заттардың иондар саны неғұрлым кеп болса, оның осмостық қысьшы соғұрлым жоғары болады. Қанның ос-мостық кысымының 60%-і ас тұзы (МаСІ) иондарына байланыс-ты. Плазма құрамында белок көп (7,2—8,5%)- Бірақ оның моле-кулалары ірі болатындықтан саны бейорганикалық зат ионда-рының санынан аз, сондықтан қанньщ жалпы осмостық қысымы-ның 1/200 бөлігі ғана белок қысымына байланысты. Қанның ос-мостық қысымы оның қату температурасы арқылы анықталады. Әдетте канның қату температурасы Д (депрессия көрсеткіш) 0,56°—0,58°С. Бұл шамада канның осмостық қысымы 7,5—7,6 атмосфераға тең, ал СИ жүйесі бойынша 302—310 м.осм/л. Қан клеткалары мен плазманың осмостык қысымдары бірдей (тең). Қанның белок молекулалары тудыратын осмостық қысымы коллоидтық-осмостық қысым деп аталады. Ол 0,02—0,03 атмосфера-ға не сынап бағанасы бойынша 25—30 мм-ге тең. СИ жүйесі бойынша 2,0—2,1 м.осм/л. Онкотикалық қысьш аз, бірақ оның қан-ткань арасындағы су алмасу цфоцестерін реттеуде зор мәні бар. Белоктардың гидрофилдік (су ұстап тұру) касиеті өте жоғары. Бұл қысым белгілі бір деңгейге жетісімен плазма сұй-ықтығының сыртқа шығуы тоқтайды да тканьдегі судың қан тамырына етуі үдейді, сондықтан тамырдағы қанның көлемі плаз-малық белок мелшеріне байланысты. Сумен бірге ондағы еріген заттар мембраналар арқылы қанға, лимфаға немесе кері қарай тканьге өтеді, яғни тіршілікке өте қажет сіңіру, сыртқа шығару процестері қандағы белок деңгейіне де байланысты.

Осмостық қысымы қанның осмос қысымына тең тұз ерітіндісі изотониялык, ерітінді деп аталады. Мысалы жылы қандылар үшін 0,85—0,9% КаСІ ерітіндісі, салқын қандылар үшін 0,65%. Бұл ерітінділер физиологиялық ерітінді деп аталады. Қанға қа-рағанда тұзы аз болса — гипотониялық ерітінді дейді. Мұндай ерітіндіде су клеткаларға қарай өтетін болғаңдықтан олар ісіп кетеді. Тұз мөлшері қандағы тұз мелшерінен жоғары болса ги-пертониялық ерітінді дейді. Мұндай ерітіндіде клетка құрамын-Дағы су сыртқа шығады да клетка бүрісіп қалады. Сонымен ос-мостық, онкотикалық қысымдар, тіршілік процестердің барысына тікелей әсер етеді. Клеткалар өлмей қалыпты қызмет атқару үшін осмостық қысым тұрақты болуға тиіс.

Қанның құрамы.

Қан сарғылттау келген сұйық зат — плазмадан және оның ішінде жүзіп жүрген қан клеткаларынан, яғни формалы элемент-терден тұрады. Қан клеткалары қызыл түйіршіктер (эритроциттер) мен ақ түйіршіктер (лейкоциттер), қан пластиикалары

3 Қанның құрамы. Плазма қасиеттері

1 —су 90—91%; 2 —ңұрғаң қалдық 9— 10%; 3 — плазма; 4 — формалы элемент-тер; 5 — тромбоциттер; 6 — лейкоциттер; 7 — эритроциттер.

тромбоциттер. Плазма қан құрамының 52 — 58%-іне, қан клетка-лары — 42 — 48%-не тең

Қан клеткаларының жалпы гематокриттік керсеткіші 42—48%, ал қанның әр литрінде 0,42 — 0,48 литр. Соңғысы гематокриттік көрсеткіш деп аталады.

Плазманың құрамы. Оның 90 — 92%-і судан, қалғаны (8 — 10%) құрғақ заттардан тұрады. Соңғыларының 8 — 9%-і органикалық заттар, оның ішінде белок 6 — 8%; 0,9% — 1% бей-органикалық (минерал) заттар. Бұлардың көбі ас тұзы (90%). Органикалық заттардың көбі белоктар: альбумин, глобулин (а, р, ү) фибриноген. Альбуминдер мен фибриноген бауырда, глобу-линдер бауырда және сүйек кемігінде, кекбауырда, лимфалық түйіндерде түзіледі. Бұлармен қатар плазмада глюкоза, липид-тер, сүт қышқылы, пировиноград қышқылы және молекуласында азоты бар заттар (амин қышқылдары, мочевина, зәр қышқылы, креатин, креатинин) түрлі ферменттер, гормондар, витаминдер, пигменттер, еріген күйінде оттегі, көмір қышқылды газ, азот болады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-16; Просмотров: 1712; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.028 сек.