Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кпе мен тканьдегі газ алмасу 1 страница




Дем алғанда өкпеге кіретін атмосфералық ауа мен деммен бірге шығатын немесе альвеолалық ауаның құрамындағы әр газ-дың мөлшерін жеке салыстырып екпе альвеоласындағы газдар мен қан кұрамындағы газдардың ету бағытын байқауға болады.

Негізгі газдар атмосферада, оның жеке қабаттарында ұдайы бір мөлшерде болады. Адам дем алғанда осы атмосфералық ауа өкпеге енеді, ал өкпедегі альвеолалық ауа мен дем шығарғанда шығатын ауада оттегі мен көмір қышқыл газ мөлшері ұдайы өзгеріп отырады: оттегі азайып, көмір қышқыл газ көбейді

Деммен бірге шығатын ауа мен альвеолалық ауадағы оттек пен көмір қышқыл газ мөлшерін салыстырсақ ауада оттегі көбірек, көмір қышқыл газ азырақ: альвеолалык, ауа өкпеден шығарда тыныс жолындағы («өлі» кеңістіктегі) атмосфералық ауамен араласып кетеді.

Өкпеде газ алмасуының негізгі көрсеткіші — альвеолалық ауа-дағы, газдардың құрамы мен мөлшері. Атмосфералық ауамен альвеолалық ауа құрамындағы газдардың мөлшерін салыстыр-сақ, оттегінің атмосферадан қанға, ал көмір қышқыл газдың қаннан альвеолаға өтетінін байқауға болады.

Белгілі бір ткань мен қан құрамындағы газдардың алмасу гәртібін білу үшін алдымен қандағы газдардың физикалық жайы мен мелшерін, кернеу күшін (меншікті қысымын) анықтал алу қажет.Әрбір газ қанда еріген не химиялық жолмен байланысқан күй-інде кездеседі. Биологиялық мембрана арқылы тек еріген газдар өтеді.Газдар қан айналысының үлкен және кіші шеңберлеріндегі капиллярлардан бір тәртіппен өтеді, сондықтан өкпеде немесе белгілі бір тканьде өтетін газ алмасуын бірге қарауға болады.Әрбір газ бір және бірнеше қабатты мембранадан өте алады. Оньщ өтуі мембрананың екі жағындағы меншікті қысымға, ондағы айырмашылыққа байланысты. Басқаша айтқанда, газ бір жерден екінші жерге қысымның жоғары жағынан төмен жағына қарай диффузия жолымен көшеді.Қандағы жалпы газ қысымын 1858 ж. И. М. Сеченов анықта-ган. Әр газдың мевшікті қысымы қанда кернеу күшіне тең болса сұйықтықта және ерітінді үстінде газ тепе-теңділігі пайда бола-' ды. Ал газдың меншікті қысымы кернеу кушінен жоғары болса, ол «ери» бастайды, кернеу күші жоғары болса, газ сұйықтықтың кұрамынан бөлініп шығады.

Кернеу куші деп бір молекула газдың ерітіндіден сыртқа шы-ғуға жұмсайтын кушін айтады. Газдың еруі ерітіндінің кұрамына, сұйықтықтың үстіндегі газ калпында сақталған газдардың көлемі мен мөлшеріне, ерітіндінің температурасына және газдың табиғатына байланысты болады. Газдың ерітіндіге көшуі мен ерітінді устіндегі газдар катарына шығуы арасында тепе-теңдік болады. Газ молекуласының ерітіндіден бос газдар арасына шығаратын күшін газдың сұйықтықтағы кернеуі деп атайды.

2 Газ алмасуға әсер ететін факторлар

Бір жағынан газдың альвеола ауасындағы меншікті қысымын, екінші жағынан сол газдьщ артерия мен венадағы, сондай-ақ тканьдегі кернеу кушін өзара салыстыра отырып, газ диффузиясының бағытын анықтайды Сонымен қандағы (тканьдегі) газдардың диффузия аркылы бір жерден екінші жерге өтуі, негізінен әрбір газдың мембрана-ньщ екі бетіндегі меншікті қысымына мұндағы айырмашылыққа байланысты. Оттегі т. б.газдар, сөзсіз қысымы жоғары жақтан қысымы төмен жаққа карай ойысады. Мұнымен бірге газ диф-фузиясьша басқа да факторлар әсер етеді. Оларды газ алмасуы-на жалпы және арнайы әсер ететін факторлар деп екі топқа бөлуге болады.

Жалпы эсер ететін факторлар:

1.Газ атаулының диффузиялык қасиеті. Мәселен, көмір қыш-кыл газдың бұл қасиеті оттегінікіней 24 есе жоғары. Сондықтан көмір қышқыл газдың меншікті қысымы аз болса да мембрана арқылы өте алады.

2.Мембрананьщ өткізгіштік қасиеті. Бұл қасиет неғұрлым жо-ғары болса, газ диффузиясы да соғұрлым шапшаң болады.

3.Минут сайын қанға өтетін газ мөлшері қан айналысының жылдамдығына байланысты.

4.Артерия мен вена арасындағы көпіршелер қан айналысына катысады да капиллярдағы қанның ағысын, оның шапшаңдығын езгертеді, демек бұл да газ диффузиясына әсер етеді.

Өкпеде газ алмасуына арнайы эсер ететін факторлар:

1.Өкпедегі ауаның келемі. Бір минут ішінде өкпеге кірііі шы-ғатын ауаның көлемі өсіп қан ағысына сәйкес келсе, өкпе мен кан арасында газ алмасуы шапшаңдайды.

2.Өкпе капиллярындағы қан мен альвеоладағы ауаның ор-тасындағы бөгет эндотелий мен альвеола эпителиінің жұқалығы (4 мкм), қандағы газдар мен альвеоладағы ауаның езара жанасу дәрежесі. Егер адамның екі өкпесіндегі альвеолаларды жазып жіберсе, олар 100 м2 орын алар еді. Газдардың осындай аудан арқылы альвеолалармен беттесуі нәтижесінде диффузия да жеңілдейді. Ал ауру адамда екпенің газдармен беттесу көлемі азайып кетеді, бұл газ алмасуына кедергі жасайды.

3.Оксигемоглобиннің ткань капиллярында ыдырау дәрежесі мен қанда еріген газ келемінің өсуі — бұлар жоғары болса, тканьде газ алмасу жеңілдей түседі.

4.Белгілі бір тканьнің оттегіне мұктаждығы — мембрана ар-қылы тек еріген газ ғана өте алады, оксигемоглобин тез ыдырап, оттегі неғұрлым көп бөлінсе, оттегі тканьге соғұрлым тез өтеді де-дік. Осы жағдайда ткань оттегіне нерұрлым мұқтаж болса, ол от-тегін соғүрлым тез сіңіреді.

Денеде газ алмасуы негізінен физикалық заңға бағынады, бірақ оған кептеген биологиялык, процестер әсер ете алады. Мә-селен, орталық жүйке жүйесі биологиялық процестерді (жоға-рыда көрсетілген мембрана өтімділігі, қан айналысыныд жыл-аамдығы) езгерте отырьш физиқалық процестерді де реттейді.

Газдардың қан арқылы тасымалдануы

Тірі организмде тіршілікке қажет газдар өкпеден тканьге, тканьнен өкпеге қанмен жеткізіледі (тасылады). Оттегі мен кө-мір қышқыл газ, сондай-ақ азот қанға атмосфералык, ауадап енеді. Алғашқы аталған екі газдың мөлшері артерия мен венада бірдей емес артерияда оттегі, ал венада кемір қышкыл газ көбірек. Өкпеде оттегі ауадан қанға қарай, көмір қыш-қыл газ қаннан альвеолаға етеді. Ал тканьде керісінше, оттегі каннан тканьге, көмір қышқыл газ тканьнен қанға көшеді (ауысады). Азот — газ алмасуына қатыспайтын бейтарап газ. Оның көлемі (1%) артерия мен вена қанында бірдей болады.

Газдардың қай-қайсысы да қанда химиялық қоспа және бос ерітінді күйінде кездеседі.

3 Оттегінің қан арқылы тасымалдануы

Оттегі кебіне гемоглобинмен қосылып оксигемоглобин түрінде тасымалданады.

Қандағы газдардың, әсіресе еріген газдардың жалпы көлемі олардың атмосферадағы меншікті қысымына байланысты. Оттегінің меншікті қысымын әдейі жоғарылатса, ол қанда әсіресе еріген оттегі) кебейе түседі. Ал капилляр эндотелиінен тек еріген газ өтетіні белгілі, осыған орай оттегі тканьге де көбірек өтеді. Оттегінің бұл қасиеті медицинада емдеу мақсатымен кеңінен колданылады (гипербарлық оксигендеу, яғни оттегін қанға қьісыммен енгізу). Адам оттегіне толы қысым камерасына кіргізіледі де оттегінің қандағы меншікті қысымы көбей-тіледі. Мұның нәтижесінде канда гемоглобин оттегімен әрекет-тесіп, түгелдей оксигемоглобшге айналады, еріген оттегінің көлемі де арта түседі, сөйтіп қан әбден оттегіне қанығады. Гемоглобиннің толық оксигемоглобинге айналуы, яғни 100 мл қандағы оттегінің мейлінше (максимум) көбеюі қанныц оттегіне қаныгу сыйымдылығы деп саналады. Әдетте бір литр қанның оттегіне деген сыйымдылығы 180—200 мл. Оттегі артерия қанынан тканьге түгелдей етпейді, оның біра-зы рена қанында қалып қояды. Оттегінің артерия қанынан тканьге келіп сіңген бөлігін отте-гін сіңіру (пайдалану) коэффициенті деп атайды. Мұны білу үшін артерия қанындағы оттегі мен вена қанындағы оттегі сыйымды-лығы арасындағы айырмашылық есептеп шығарылады да, бұл артерия қанының оттегі сыйымдылығына бөлініп, 100-ге көбейті-леді. Осылай шығару арқылы оттегінің сыйымдылығы артерия қанында 200 мл/л-ге, венада 120 мл/л-ге тең екені анықталды. Демек, оттегін сщіру коэффициенті (200—120): 200x100=40%. Әдетте тыныш отырған адамда ол 30—40%; қара жұмыс істеп кеп күш жұмсаған адамда 50—60%-ке жетеді. Зор қаркынмен қызмет атқарған ағзаның оттегін сіңіру коэффициенті әдеттегіден әлдеқайда жоғары болады. Демек, оттегінің сіңіру коэффициенті ағзалар мен тканьдердің қызмет қарқынының көрсеткіші.

Қан айналысының үлкен шеңбері капиллярларында оксигемоглобин ыдырап, оттегін беліп шығарады. Бөлініп шыққан оттегі сол арадағы тканьге өтеді. Оксигемоглобиннің түзілуі мен ыдырауы қандағы оттегінің кернеу (меншікті) күшіне байланысты.

Қан айналысының үлкен шеңберіндегі капиллярларын жай-лаған көмір қышқыл газы тканьнен қанға өтеді. Оның кәлемі артерия қанында 52%, венада 58% жетеді. Мұның 4,5%-і карбоге-моглобин, 2,5%-і жәй еріген газ, 51% химиялық қосынды (көмір кышқылы, оның тұздары — МаНСОзКНСОз).

Қан айналысының кіші шеңбері капиллярларындағы артық көмір қышқыл газ (6%) альвеолаға етіп, ондағы ауамен бірге сыртқа шығады. Вена қаны артерия қанына айналады. Көмір қышқыл газдың қан арқылы тасымалдануы, қызыл қан түйір-шіктері — эритроциттерден қан плазмасына ауысуы сол қанда-ғы оттегінің алмасуымен тығыз байланысты Қлеткада үздіксіз түзілетін кемір қышқыл газ алдымен плазмаға, одан әрі эритроциттерге өтіп, осмостық қысымын жоғарыла-тады да плазмадан оған су өтеді. Эритроцитке карбоангидраза.ферментінің қатысуымен көмір қышқылы түзіледі: СО22О->Н3СО3

Плазмада карбоангидраза ферменті болмайды, сондықтан он-да кемір қышқылы түзілмейді. Эритроциттегі кемір қышқылы тез ыдырай бастайды:Осыған орай эритроцитте көмір қышқыл ангидриді көбейіп кетеді, ал плазмада аз, сондықтан артық көмір қышқыл ангид-риді эритроциттен плазмаға ауысады. Қатиондар мен аниондар тепе-теңдігін сақтау үшін С1 ~ анионы N3+ ионынан босап шығып, эритроцитке өтеді. Плазмада көмір қышқылының натрий тұзы (ЫаНСОз) түзіледі, сөйтіп сілті қоры (резерві) арта түседі. Онда К+ ионының тепе-теңдігі де сақталады. Эритроциттерде көмір қышіқылының калий тұзы (ҚНСОз) көбейіп кетеді, өйткені гемоглобин қышқыл реакциялы қосынды, ткань капиллярларын-да оксигемоглобиннің калий тұзынан (ол өкпеде түзіледі) оттегі босап шығадьг да гемоглобинтң калий тұзы түзіледі. КНв02-> —>-КНв + О2, гемоглобиннің калий тұзы көмір қышқылымен әрекеттесіп, дезоксигемоглобин (ННв) және көмір қышқылының калий тұзы түзіледі.

Көмір қышқылы гемоглобиннен қышқылдау, сондықтан ол КНв-нен К+ ионын ығыстырып, өзіне қосып алады. Сонымен қанда көмір қышқыл газдың көбеюі эритроцитте көмір қыш-қылының калий тұзының (КНСО3), плазмада оның натрий тұзының (МаНСОз) кебеюіне әкеліп соғады. Қорыта келгенде С02 тканьнен өкпеге кемір қышқылының калий, натрий тұздары ретінде тасымалданады.Өкпеде оттегі тіікелей ауадан қанға етеді. Гемоглобин оттегі-мен қосылып оксигемоглобин түзеді (Нв + 02-^НвО2). Оксигемо-глобин көмір қышқылынан қышқылдау екені жоғарыда айтыла-ды, сондықтан ол калий ионын көмір қышқылының калий тұзы-нан ығыстырып өзіне қосып, оксигемоглобиннің калий тұзы жә-не көмір қышқылының ангидридін түзеді. НвО3 + КНСО3-> КНвО2 +НСС'

Көмір қышқыл ангидриді (НСО^) ондағы сутегімен қосылып көмір қышқылын құрады:

Н++НС03-*НЛСО3

Карбоангидраза ферментініқ қатысуымен көмір қышқылынан көмір қышқыл газ бен су бөлініп шығады. Н8С03->СО2-һН3О

Олар эритроциттен плазмаға, плазмадан альвеоладағы ауаға ауы-сады. Эритроцитте көмір қышқыл ангидридінің азаюына байланыс-ты плазмадағы ангидрид эритроцитке өтеді де СІ ~ анионы қайта-дан эритроциттен плазмаға ауысады. Мұнымен қатар эритроцит-тегі карбогемоглобин ыдырап, дезоксигемоглобин мен көмір қышқыл газы бөлінеді.ННвС03-ННв+СО2

Өкпеде көмір қышіқыл газдың кернеу күші қандағыдан төмен болғандықтан ол қаннан екпеге өтеді.

4 Тыныс алудың реттелуі

Тыныс алудың жиілігі, тереңдігі оттегінің адамға қажет мөл-шеріне және қандағы көмір қышқыл газ деңгейіне сәйкес өзгеріп отырады. Бұл сәйкестілік жүйке жүйесі арқылы реттеледі.

Демді ішке алу, шығару тыныс алу еттерінің жиырылуы аркылы іске асырылатыны белгілі. Тыныс алу еттерін жиырылта-тын жүйке нейрондары жұлын мен ми қүрамына кіреді: диафраг-малық жүйке нейрондары жүлынньщ III—IV мойын сегментікін алдыңғы мүйізінде, ал қабырғааралық еттердің жүйке клеткала-ры жұлынньщ көкірек сегменттерінде орналасқан. Егер жүлын мен мидын, түйіскен жерін кесіп тастаса, тыныс алу тоқтайды. Ал жүлынньвд сопақша мимен байланысын бұзбай, оны мойын бөлімі мен көкірек бөлімінің түйіскен жерінен көлденең кессе, диа-фрагма еттері бұрынғысынша жиырыла береді, мұның арқасында тыныс алу тоқтамайды, бірак қабыррааралық еттер тыныс алу процесіне қатыспайды. Демек, бұл тәжірибелер тыныс алу ми мен жұлын арқылы реттелетінін көрсетеді. Адам өз еркімен ты-нысын жиілете және тереңдеп алады, тіпті біразға дейін тоқтата да алады. Бұл да тыныс алу процесін реттеуге ми, әсіресе ми қыртысынын, қатысатынын көрсетеді.

Тыныс алу орталығы, оның орталық жүйке жүйесіндегі орны Тірі организмнін, тіршілік етуіне қажет аса маңызды функцияларды белгілі бір орталықтар реттеп отырады. Тыныс алу — осы функциялардың бірі. Сондықтан тыныс алу процесін реттейтін орталықтың орталық жүйке жүйесіндегі орнын анықтау үшін көптеген тәжірибелер жасалды. Тәжірибеде, мәселен мидьщ әр жерінен көлденең кесу әдісі қолданылады. Ми бағаны варолий кепіршесінің жоғары жағынан келденен, кесілсе, тыныс алу процесі бұзылмайды, ал варолий көпіршесінен төмен, сопақша мимен түйіскен жерінен кесілсе дем алу фазасы ұзарады да (апнейзис) тыныс алу сирейді.

Миды сопақша мидан төменірек оның жұлынмен түйіскен же-рінен кессе, тыныс алу тоқтап қалады, тыныс алу еттері әдетте-гідей белгілі бір ырғақпен жиырылу қабілетінен айырылады. Демек, тыныс алу процесін реттейтін нейрондар тобы (тыныс алу орталығы) сопақша мида орналасқан. Тыныс алу орталығынын сопақша мидағы орнын табу үшін оның әр жерін инелеп бүру, бұзу, тітіркендіру әдістері қолданылады. Қазан университетінін. профессоры Миславский аталған әдістерді қолдана отырып, тыныс орталығынын, ромба тәрізді ойықтьщ астьщғы (төменгі) бұрышына жақын орналаоқаныін, бұл орталықта инспир.ация (дем алу), экспирация (дем шығару) бөлімдерінің бар екенін, бұл белімдердің жүптаса орналасқанын анықтады. Бұл мәліметтер соңғы кезде микроэлектродтармен олардьщ әрекет потенциалдарын тір-кеу арқылы дәлелденді. Тыныс алу нейрондары функциясының да әртүрлі екені, яғни дем аларда козатын инспираторлық, дем шығарарда қозатын экспираторлық нейрондар, сондай-ақ кері-сінше, дем алу кезеңінен дем шығару кезеқіне көшер сәтте қоза-тың инспираторлық-экспираторлық, экспираторлық-инспиратор-лық нейрондар бар екені анықталды. Тыныс алу орталығының үстіңгі — артқы (дорзал) жағында ромба ойығынын, төменгі бүрышына жақын көбінесе инспираторлық, ал астыңғы — бауыр (вентрал) жағында экспираторлық және аздаған инспираторлық ал астыңғы — бауыр (вентрал) жағында экспираторлық жәнё аздаған инспираторлық нейрондар орналасқан. Инспираторлық нейрондар орындайтын қызметіне карай: I — а, 1 — |3 қозу және тежеу (инспираторлық тежеу) болып бөлінеді: I — а нейронда-рын орталық және шеткі хеморецепторлардан келетін серпініс-тер коздырып дем алдыратын болса, I — р клеткаларды өкпенің керілгенін қабылдайтын рецепторлар мен I — а нейрондар қоз-дырады. I — (3 нейроңдардың қозуы дем алуды тежейтін нейрон-дардың белсенділігін кушейтіп, инспираторлық орталықтың қозу процесін бәсеңдетіп тоқтатады.Тыныс орталығының инспираторлық және экспираторлық бө-імдері арасында реципроктық (кері) қарым-қатынас бар екені көптен белгілі. Инспираторлық бөлім козған сәтте экспиратор-лық бөлім тежеледі. Экспираторлық бөлім қозса, керісінше ин-спираторлық бәлімінің жұмысы тежеледі. Осы екі бөлімнің қызмет механизмі туралы әртүрлі пікірлер бар. Солардың бірі — ва-ролий кепіршесінде орналасқан пневмотаксикалық тыныс алу орталығының қызметі. Оны 1963 ж. Лумсден ашқан. Пневмотак-сикалық орталық дем алу және дем шығару кезеңдерінің белгілі бір кезекпен реттелуін қадағалап отырады. Дем алу орталығының қозуы қандағы газдар мөлшеріне, хе-морецепторлардың қозуына байланысты. Бұл ортальщ пневмотаксикалық орталықты, ал ол инспираторлық орталықтың дем алуды тежейтін клеткаларын коздырады да инспираторлық ор-талықта тежеу процесін дамытады. Пневмотаксикалық орталық, сондай-ақ экспираторлық орталықты қоздырады, мұның нәтиже-сінде дем алу еттері (инспираторлық еттер) босайды да, дем шығару еттері (экспираторлық еттеп) жиырылады.

Тыныс алу орталығы қызметінің қандағы газдар мөлшеріне тәуелділігі

Тыныс алу орталығының қызметі кандағы газдар мелшеріне байланысты екені көптен белгілі. Қандағы оттегінің мелшері азайса (гипоксия) немесе көмір қышқыл газ деңгейі артса (гипер-капния) тыныс алу жиілейді. Мұны гиперпноэ дейді. Әдетте ере-сек адам минутына 16—20 рет дем алады (эйпноэ). Егер қанда көмір кышқылды газ азайса (гипокапния) тыныс алу сирейді, тіпті тоқтап та қалады (апноэ). Кеңірдекті қысып, біраз уақыт дем алмай қойса (асфиксия) гиперкапния мен гипо-ксемия процестері удейді де адам жиі-жиі әрі терең дем алады, яғни диспноэ пайда болады.. Қөпке дейін қандағы СО2 мен О2 тыныс алу орта-лығына қалайша әсер ететіні белгісіз болып келді. Соңғы кезде қандағы газдардын, хеморецепторларды тітіркендіретіні, сөйтіп тыныс алу орталығына рефлекстік жолмен әсер ететіні анықтал-ды. Организмде хеморецепторлардың екі түрі бар: біреуі — арте-рия қабырғасында-орналасқан шеткі хеморецептор (артериялық), екіншісі — сопақша мида орналасқан орталық хеморецептор (медуллярлық). Шеткі хеморецепторлардың бір тобы жалпы ұйқы артерия-сының екіге бөлінген жерінде — каротидтік рефлексогендік алаң мен қолқа доғасында — қолқалық рефлексогендік алаңда орна-ласқан. Олар әсіресе С02 мен Н+ —иондарының көбеюіне, қанда оттегі деңгейінің төмендеуіне (гипоксемияға)өте сезімтал келеді. Бұлардан шығып тыныс орталығына жететін серпіністердің саны қандағы газдардың мөлшеріне байланысты. Орталық хеморе-цепторлар сопақша мида 0,2 мм тереңдікте М және I деп белгі-ленетін екі зонада орналасқан. Бұлар қандағы СО2 мен О2 және жұлын сұйықтығындағы Н+ мөлшеріне өте сезімтал. Қандағы көмір қыщқыл газ алдымен жұлын сұйықтығындағы сутегін кө-бейтеді де, орталық хеморецепторлар аркылы тыныс алу орта-лығына әсер етеді. Осығаң байланысты сигналдар орталыққа шеткі хеморецепторлар арқылы тезірек жетеді. Орталықтағы хе-морецепторлардың тыныс орталығына әсері шеткі хеморецептор-ларға қарағанда күштірек болады.

Механорецепторлардың тыныс,алуды реттеудегі маңызы

1868 жылы неміс ғалымдары Геринг пен Брейер иттің өкпесін ауаға толтырып керсе немесе оның бүйіріне пневмоторякс жасап өкпенің көлемін кішірейтсе дем алу және дем шырару кезеңдері өзгеретінін байқаған. Өкпені ауамен кергенде үш түрлі рефлекс пайда болады.

1.Инспираторлық тежеу рефлексі — өкпені ауамеи керген сәтте организм кенеттен дем ала алмай қалады.

2.Өкпені дем шығару кезінде керсе, келесі жолғы дем алу са-тысы кешеуілдейді де, дем шығару сатысы созыла түседі. Мұны экспираторлық жеңілдеу рефлексі деп атайды.

3.Дем алған сәтте өкпені қаттырақ керсе, инсгщраторлык ет-тер шектен тыс қатты қозады да ит дірілдеп демін қатты ішіне тартып жан ұшырады (Хэд парадоксы). Ал өкпенің крлемін пневмотаркс арқылы кішірейтсе, дем шығару қысқарады, бірақ лем алу ұзарады, яғни келесі жолғы дем алу сатысы тездейді. Бұл өкпе кішіреюіне берілген рефлекстік жауап. Өкпе көлемі өзгерген сәтте оның ішіндегі керу рецепторлары (механорецепторлар) қозып тітіркенеді, бұдан пайда болған сигнал тыныс орталығына кезеген жүйке арқылы жетеді. Қезеген жүйке серпіністері дем алған, дем шығарған сәттерде тіркелетін болса, олар дем алған кезден бастап жиілейді, дем ішке қатты гартылған сәтте шектен тыс жиілейді де дем шығарысымен біртіндеп сирей бастайды Сонымен, Геринг пен Брейер рефлекстері өкпенін, керу рецеп-торларынан кезеген жуйке арқылы тыныс алу орталығына жететін сигналдардың тыныс алу жиілігін реттейтіні және дем алу мен дем шығару сатылары нақты бір кезекпен алмасып отыратыны, өкпеден орталыққа баратын серпіністер санына байланысты екенін көрсетеді. Сондықтан Геринг пен Брейер рефлекстері өкпенің өзін-өзі реттеу рефлекстері деп те аталады.

Әдебиеттер:

Х.Н.Сәтпаева „Адам физиологиясы 221-226 беттер

Т.Несіпбаев.Жануарлар физиологиясы. Алматы. Ғылым.125-152б.

Дәріс №13

Тақырыбы: Талдағыштар

Дәріс мазмұны:

1. Талдағыштар

2. Талдағыштардың үйлесімді қатыныастары

3. Көру талдағышы

4. Иіс сезу сенсорлық жүйесі

5.Дәм сезу сенсорлық жүйесі.

6. Есту сенсорлық жуйесі.

7 Соматикалық сенсорлық жүйе,

8. Вестибулярлық (гравитациялык) сенсорлық жүйе.

1 Талдағыштар

Сенсорлык жүйелер функцияларының жалпы заңдылықтары. Сенсорлық жүйелердің тітіркендірулерді таңдауды кдмтамасыз ететін біртұтас жүйе екендігі. Сенсорлык, жүйелер курылымындагы морфофункционалдық принциптері. Сенсорлык жүйелерді зерттеудің өдістері. Сезім органдары организмнің сырткы және ішкі ортасындагы тітіркендіргіштер туралы.акпараттар кезі екендігі. Рецепторлар классификациясы, олардың мамандануы. Тітіркену жөне айыру табалдырыктары. Рецепторлар қозуының мехаиизмі. Генераторлык жөне рецепторлық потенциалдар.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-16; Просмотров: 3968; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.