Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

ЭЕМ буындары 2 страница




Алмастыру буфер арқылы мәліметтердің көшірмесін алу және жылжыту үшін Сілтеу бағдарламасы аркылы керекті файлды тауып, тышқанның оң жақ батырмасын басу керек, файлды алмастыру буферіне көшіру үшін – шыққан контекстік мәзірден Көшірме алу (Копироватъ) командасын, ал файлды жаңа орынға жылжыту мақсатында оны буферге қиып алу үшін - Қиып алу (Вырезать) командасын орындау. Сілтеу терезесінің сол жақтағы бөлігінде мәлімет тасымалданатын буманы ашып қойып, бос орынға тышқанның оң жақ батырмасын басу керек және шыққан контекстік мәзірден Енгізу (Вставить) командасын орындау қажет.

Wi Сілтеу –файлдық жүйенің кез келген объектісін қолданушы іздеп табуға көмек жасайтын және олармен қажетті әрекеттер орындайтын программа. Сілтеу программасын жүктеу тәсілдері:

· Пуск/программы/Проводник

· Негізгі менюде тышқан батырмасының оң жағын басып, жанама менюде Проводникті таңдау;

· Мой компьютер программасында жанама менюді шақырып, онда Проводникті таңдау

Сілтеуіш программасы екі бөлікке бөлінген. Сол жақ бөлікте жинақтауыштар атаулары және бумалар бейнеленеді. Бума атауындағы + белгі буманың ішкі бумаларды қамтитынын білдіреді. Ал оң жақ бөлік таңдалынып алынған буманың мазмұнын қамтиды.

 

Лекция №9. Сервистік программалық қамсыздандыру.

Дәрістің мақсаты: қызметтік программалардың жұмыс істеу принципі мен мүмкіндіктерін таныстыру.

Жоспар:

1. Қызмет көрсету программалары

2. Деректерді сығу

3. Вирусқа қарсы программалық құралдар.

Кілттік сөздер: сервис,архиваторлар, антивирустар.

Иллюстрациялық материал: слайд.

Файлдарды ұзақ сақтау үшін немесе компьютер желісі арқылы оңай әрі тез тасымалдау үшін файлдар арнайы файлдық менеджерлер және арнайы архивтеу бағдарламалары көмегімен архивтеледі (сығылады).

Архивтеу алгоритмдері мен әдістері. Мәліметтерді еш нұқсансыз (жоғалусыз) архивтейтін әртүрлі архивтеу алгоритмдері бар. Мәліметтерді қайтадан қалпына келтіргенде ол бастапқы күйге келеді. Мәліметтерді сығудың ең қарапайым алгоритмі (мәтінде бірдей символдар тізбегі, ал графикалық редакторда - бір түспен боялған облыс және т.б болуы мүмкін) қайталанатын биттерді алмастыруға негізделген. Мысалы, мәтінде 10 байт болатын 10 бос орын тізбегі қатар келеді, Архивтеу барысында ол 3 байтпен (бірінші байт - алмастырылатын символды кодтайды; екінші байт - архивтеу жалаушасын көрсететін арнайы байт, ол бірінші байттағы байттарды архивтен тізбек түрінде ашу кажеттілігін көрсетеді; үшінші байт -қайталанатын байттар санын көрсетеді) алмастырылады.

Файлдарды архивтеудің жоғарыда көрсетілген немесе баска да архивтеу алгоритмдерін колданатын әртүрлі (ZІР, RАR, АRJ және т.б.) әдістер бар. Архивтеу әдістері файлдарды сығу дәрежесімен, орындау жылдамдығымен және басқа да параметрлерімен ажыратылады. Мәтіндік және графикалық файлдар өте жақсы сығылады, ал архив файлдары іс жүзінде сығылмайды.

Архиваторлар. Файлдарды архивтейтін көптеген арнайы бағдарламалар -архиваторлар (WinZір, WinRAR, РоwегАrсhіvег және т.б.) бар.

Ең көп тараған архивтеу және оларды басқару құрылғыларының бірі -МS-DОS, \Windows, Lunix және т.б. жүйелерде жұмыс істей алатын, толық орысшаланған WinRAR архиваторы болып табылады.

WinRAR RAR және ZІР архивтерімен жұмыс істеуге, сонымен бірге мәліметтерді сығудың тиімді алгоритмдерін қолданып көпатомды және өзі ашылатын архивтер және сол сияқтыларды құруға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта компьютерлік вирустармен күресу тәжірибесі мол, антивирустық программалар өңделген, программалар мен мәліметтердің қорғау әдістері анық. Антивирустық программалардың құрылуы компьютерлер жұмысының аномалиясында табылады. Бұдан кейін вирус терең зерттеледі, оның сигнатурасы бөлінеді.

-байттардың жүйелілігі, вирус программаларының толық мінездемесін береді, вирус жұмысының механизмі анықталады, жұғу әдістері. Алынған ақпарат магнитті дискіде және компьтер жадысынан вирусты табу әдісін өңдеуге мүмкіндік береді, вирус алгоритмін зиянсыз ету. Антивирустық программаларды бірнеше типтерге бөлуге болады. Олар: детекторлар, докторлар, яғни ревизор, доктор-ревизорлары, фильтрлер және вакциналар (иммуникаторлар).

Детектор программалары- олар вирусты табу үшін ғана арналған. Вирустың детекторлары дискеттің жүктемелі секторын белгілі жүктемелі секторлармен салыстыруға болады, операциялық жүйенің әр нұсқаулардан құрастырылады. Белгілі вирустың сигнатурасын табу мақсаты мен жүктемелі вирусты табу мен магниттік дискіге сконерлеуді орындау. Мұндай программалар нақты түрде қазіргі кезде өте аз.

Докторлар (Фаги) – бұл программа вирусты табу ғана емес, сонымен қатар жою мүмкіндігі бар. Жұққан программалардан позын жою және де олардың жұмыс істеу қабілетін қолына келтіреді. (мүмкін болса). Ресейде белгілі фангболып Aidstest К. Лозинскийдің құрғаны. 1997 жылы қаңтар айында бұл программа 1600 шамамен вирусты тауып зиянсыз жасау мүмкіндігі болды. Апта сайын бұл программаның жаңа нұсқаулары пайда болды, он шақта жаңа вирустарды зиянсыздайтын. Даниловтың құрған өте қуатты және нәтижелі антивирустың құрал Doctor Web фагі болып табылады. Бұл фагтың детекторы белгілі бір вирус сигнатурасында файлдар көшіріп қана қоймайды. Doctor Web эвристикалық вирустарды іздеу әдісін таратады, оларды тауып және зиянсыз етеді, нақты анықталған сигнатурасы жоқ полиморфты вирустарды архивта бар файлдарды тексереді. Вирустардың табылуына Doctor Web процессордың прораммалық эмуляциясын қолданады, яғни ол микропроцессордың 1-8086 программалық моделінің көмегімен қалған файлдың құралуын орындайды, осыдан барып вирустардың көрінуіне және олардың көбеюі үшін орта құрады. Doctor Web программасы полиморфта вирустармен ғана күреспейді, сонымен қатар перспективада пайда болатын вирустармен де күреседі. Комплекста мамандар Ridstest және Doctor Web-ті қолдануды ұсынады.

Ревизорлар. Ревизор программасы вирус-программаның мүмкін болатын таралу жолдарын және компьютердің жұғуын бақылайды. Ревизорлар программасы файлдарды орналастыру кестесіне жатады (FAT- file allocation table) және кез келген файлдармен жұмыс жасау мүмкіндігін болдырмайды. Жүктемелі – файлдық вирустар жүктемелі және файлдық вирустар принципін қолданады және өте қаупті болып келеді.

Доктор- ревизор программасы файлдарға және иесінің жүйелікаймағындағы өзгерістерді тауып қана қоймайды, сонымен қатар өзгерген кезде олады автоматты түрде бастапқы қалпына келтіре алады. Мұндай программалар доктор-программаларына қарағанда көп жақты болып келеді. Оларды емдеу кезінде алдын ала сақталған диск аймағын және файлдың қалып күйін қолданады. Бұл файлдарды программа жазылған кезде құрылмаған вирустары емдеу мүмкіндігі бар. Бірақ олар барлық вирустарды емдемейді, тек программалар жазылған кезінде файлдың жұғу механизмі белгілі және стандартталарын ғана емдейді.

Фильтр- програмалары компьютерлік оперативті жадыдағы резидентті орналастырады және вирустың көбеюіне және зиян келтіруіне қолданылатын операциялық жүйеге үндеуін қамтиды және қолданушыға хабарлайды. Қолданушы сәйкес келетін операциялары орындауға рұқсат беруі және бермеуін де болады.

Кейбір фильтр-программалары кейбір күдікті іс әрекетті ұстамайды, тек вирустың бар болуына программаның орындалуына шақырылғаннын тексереді. Бұл компьютердің баяу орында луына әкеп соғады. Алайда фильтр-программалардың қолдану артықшылығы- вирус таралмай тұрып ерте кезеңдегі көптеген вирустарды табу мүмкіндігін береді. Осыдан барып вирустан алған шығынды минимумге қиылыстыруға болады.

Вакцина-программасы және имунизаторлар программалар жұмысында бейнеленбейтін дискілерді және программаларды жаңартады, вакцинация жүргізілген вирус бұл программаларды немесе дискілерді жұқтырылған деп санайды. Бұл программалар өте тиімді емес.

 

Лекция №10. Ақпаратты қорғау негіздері

Дәрістің мақсаты: компьютерлік вирус түрлерімен таныстыру.

Жоспар:

1. Қорғау объектісі және пәні.

2. Ақпаратты қорғау әдістері.

3. Компьютерлік вирустар сипаттамасы.

Кілттік сөздер: вирустар, қорғау, топтамасы.

Иллюстрациялық материал: слайд.

Ақпаратты қорғаудың негізгі екі түрі бар:

- Ақпаратты көшіргенде - файлдың көшірмесін құрғанда және дискеттің жүйелі облысында;

- Ақпараттарға кіруге шек қою – оқылмайтын ақпараттарды көруге, программа мен дұрыс жұсыс істемегенде және қолданушының қате қозғалысы.

Компьютперлік вирус - өздігінен басқа бағдарламаларға жабысып, соларға зақым келтіретін бағдарлама. Компьютерлік вирустардың әртүрлі типтері бар, олар: жүктелетін, файлдық, макровирустар және желілік компьютерлік вирустар.

Жүктелетін вирустар дискеттердің немесе винчестердің жүктеуші секторларын зақымдайды. Жуктелетін вирустармен зақымдалған жүйені қайта косқанда басқаруды операциялық жүйенің жуктеуші багдарламалық кодына емес вирус кодына береді.

Файлдық вирустар өзінің көбеюі үшін операциялық жүйенің файлдык жүйесін пайдаланады. Файлдық вирустар әртүрлі форматтағы (ЕХЕ, СОМ, ВАТ, SYS және т.б.) орындалушы файлдарды закымдайды.

Макровирустар мәліметтерді өңдеуге арналған жүйелерге (мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер және т.б.) орнатылған тілдерде жазылған бағдарламалар болады. Өзінің көбеюінде мұндай вирустар макро-тілдер мүмкіндіктерін қолданады және олардың көмегімен закымдалған файлдың (құжаттың немесе кестенің) біреуінен басқаларына көшеді. Макро-вирустар көбінесе Visual Basik for Аррlісаtіоп тілінің мүмкіндіктерін қолданатын Місrosoft Office-те кең таралды.

Желілік вирустар жергілікті және ауқымды желі хаттамаларын пайдалану барысында таралады. Желілік вирустардың негізгі жұмыспринципі - өз кодын алыста орналасқан компьютерге беріп, тасымалдай алуы.

Вирустардан қорғау және зақымдалған компьютерлерді емдеу ушіи антивирустыц багдарламалар колданылады, оларды әрекеттеріне қарай блоктаушы, ревшорлар және полифагтар деп бөлуге болады.

Антивирустың блоктаушылар — «вирусты-кауіпті» жағдайларды қармап және ол туралы пайдаланушыға хабар жеткізетін резиденттік бағдарламалар. Мысалы, дискінің жүктеу секторына жазылған жазба «вирусті-қауіпті» болып табылады, оларды BIOS Setup пограммасы арқылы тоқтатуға болады.

Ревизорлардың жұмыс істеу принципі дискіде сақталған файлдардың бақылау қосындыларын есептеуге негізделген.

Полифагтардың жұмыс істеу принципі файлдарды, секторларды және жүйелік жадыны және олардағы белгісіз және жаңа (полифагқа белгісіз) вирустарды тексеруге негізделген.

 

Лекция №11. Windows-тың стандартты қосымшалары.

Дәрістің мақсаты: стандартты бағдарламалармен таныстыру.

Жоспар:

1. Windows ортасын баптау

2. Стандартты программалар

3. Қызметші міндетті стандартты программалар

Кілттік сөздер: қосымшалар, калькулятор, блокнот, мультимедия.

Иллюстрациялық материал: слайд.

Windows операциялық жүйесі қолданушыға ортаны баптауға арналған көптеген құралдарды ұсынады. Олардың барлығы Панель управления бумасында орналасады. Оны шақыру негізгі меню арқылы орындалады Пуск/Настройка/Панель управления. Барлық құралдарды екі топқа бөлуге болады.

1-жүйелік баптауға арналған құралдар класы – құрал-жабдықтарды баптауға және қосымшаларды орнатуға арналған: программаны орнату және өшіру, екі немесе одан да көп монитор қосу, құрал-жабдықтар орнату, тестілеу, конфигурациялау.

2- қолданбалы интерфейсін баптауға арналған құралдар - жүйенің сыртқы түрін өзгертуге арналған: уақыт және мерзімді орнату, жұмыс үстелін безендіру.

Windows операциялық жүйесі нің стандартты программаларына Paint – графикалық редакторы, WordPad – мәтіндік редактор, Калькулятор, Бокнот және бейнелермен жұмыс жасауға арналған Imaging программалары, Связь программалық кешені, Развлечения мультимедиалық кешені жатады.

Windows операциялық жүйесі құрамына компьютерде күшті бағдарламалық орталар орнатқанға дейін күнделікті қарапайым жұмыстарды атқаруға арналған шектеулі қолданбалы бағдарламалар енеді. Windows операциялық жүйесімен коса қамтамасыз етілетін мұндай бағдарламаларды стандартты багдарламалар деп атайды. Стандартты бағдарламаларға WordPad -мәтіндік редакторы, Блокнот, Калькулятор, Раіпt бағдарламасы кіреді. Құжаттар мен мәтіндерді дайындау - дербес компьютерлерді пайдаланудың кең таралған жолының бірі. Бұл салада компьютерлер тек баспа машинасының ролін ғана атқарып қоймай, құжаттарды дайындағанда, көптеген қосымша мәселелерді шешуге мүмкіндік береді және ұшан теңіз жұмыстарды шығармашылық еңбекке айналдырады. WordPad мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік кұжаттарды құру мүмкіндігін береді. WordPad құжатында мәтін мен абзацты форматтауға, шекараларын жылжытуға, шегіністерді орнатуға, әр түрлі қаріптерді пайдалануға, графикалық бейнелерді, дыбыстық үзінділерді және бейнеклип қоюға болады.

Компьютердің сандық ақпараттармен жұмыс атқару мүмкіндігін Windows -тың көмекші бағдарламасы Калькулятор аркылы көруге болады. Сонымен катар Калькулятор қосымшасы компьютердің сандық ақпараттармен жұмыс (мысалы, санды бір жүйеден екінші жүйеге ауыстыру, логикалык арифметика принциптері, есептеу дәлдігін анықтау және т.б.) істеу принципін тереңірек түсінуге көмектеседі. Жүйеде калькулятордың екі Қарапайым және Инженерлік түрлері бар.

Қызметші міндеттегі программаларға:

· Дискіні дефрагментациялау.

· қызмет көрсету шебері.

· міндеттелген тапсырмалар.

· -дискіні тазалау

· -ресурстар инденфикаторы

· -дискіні тексеру

· -жүйе туралы мәлімет

· -жүйелік монитор

Лекция 12-14. Алгоритм ұғымы. Оның қасиеттері, түрлері. Тілдер және программалау әдістері

Дәрістің мақсаты: алгоритмнің, программаның және программалаудың негізгі ұғымдарымен таныстыру. Программа құру принципін, алгоритмнің базалық құрылымын меңгерту.

Жоспар:

1. Алгоритм ұғымы.

2. Алгоритмнің қасиеттері және оларды сипаттаудың әдістері.

3. Алгоритмнің түрлері.

4. ЭЕМ-де есеп шығару кезеңдері

5. Программалау тілдері және әдістері

6. Программалау тілдерінің даму тарихы

7. Программалау тілдерінің жіктемесі

Кілттік сөздер: алгоритм, қасиеттер, классификациясы, программалау.

Иллюстрациялық материал: Электрондық оқулық, слайд, схема.

"Алгоритм" сөзі IX ғасырдағы Орта Азияның ұлы математигі әл-Хорезми атының латынша жазылу – аlgorithmi – қалпынан шыққан.

Орындаушының белгіленген мақсатқа жетуіне бағытталған түсінікті де дәл нұсқаулары алгоритм деп аталады. Алгоритмнің басқаша тағы да бір анықтамасы:

Алгоритм дегеніміз - анықталған мақсатқа жету үшін орындаушыға арналған, орындалу тәртібі ұйымдастырылған, түсінікті, ықшамды, шектелген нұсқаулар тізбегі. Алгоритм мынадай қасиеттерге ие: дискреттілік, анықтылық, жалпылық, нәтижелік.

Алгоритм айқын, аяқталған әрекеттер болып табылатын жеке қадамдарға бөлінуі керек. Орындаушының келесі қадамға етуі алдыңғысын аяқтағаннан кейін ғана мүмкін. Алгортимнің жеке кадамдардан құрыла алатын касиеті дискреттілігі деп аталады.

Алгоритмнің әрбір нұсқауы немесе командасы орындаушыға түсінікті болуы тиіс, яғни олар бір мағынада түсініліп, қайталанатын алғашқы деректер бойынша бірыңғай нәтижелерге әкелуі қажет. Алгортитмнің бүл қасиеті анықталгандыгы деп аталады.

Алгоритмнің нақты бір мәселені ғана емес, бүкіл бір типті мәселелерді шеше алатын мүмкіндігі бар. Мысалы, квадрат теңдеуді шешетін алгоритм ін түбірін кез келген коэффициент мәндерінде табуға мүмкіндік береді, ал жол жүру ережелері баршаға ортақ. Алгоритмнің бұл қасиеті жалпылығы деп аталады.

Айқын белгіленген әрекеттер тізімнің әркайсысы нәтижеге жеткізе бермейді. Мысалы шахматта 10120 жүрістен тұратын ұтылыссыз ойын стратегиясы бар, бірақ оны түгел орындауға адам баласының ғүмыры жетпейді. Сондықтан да кез келген алгоритмді орындағанда белгілі бір нәтижеге қол жеткізу керек алгоритмнің бұл қасиеті нәтижелігі деп аталады.

Алгоритмдердің жасалуының үш негізгі түрі бар: сызықтық, тармақцталған, циклдік.

Егер орындаушы командаларды бірінен соң бірін ілесу тәртібімен орындайтын болса, алгоритм сызықтық деп аталады.

Орындаушының әрекеттері қандай да бір шартты нұсқауларға тәуелді орындалатын болса, ол алгоритм тармақталган болып саналады.

Жеке командалар немесе команда топтары бірнеше рет қайталанатын болса, алгоритм циклдік деп аталады.

Блок-схемалар. Компьютерде есеп шығару кезеңдері.

Алгоритмнің берілуінің ең көрнекі әдісі болып блок-схемалар түрінде берілуі болып табылады. Блок-схема - есептеу амалдарын көрсетуге арналған графикалық бейнелер жиынтығы болып табылады. Алгоритм бұл жерде бағытталған байланысы бар геометриялық фигуралармен сипатталып беріледі. Геометриялық фигуралардың ішіне орындалып жатқан әрекеттерді түсіндіретін ақпарат орналасқан. Блоктардағы сызықтар блоктар арасындағы байланыс функцияларын орындайды. Байланыс сызықтарының бағыттары, егер олар жоғарыдан төмен немесе солдан оңға қарай бағытталған болса, үшкір сызықшамен (стрелкамен) белгіленбеуі мүмкін. Блок-схема түрінде сипатталған алгоритм орындалатын әрекеттер көрнекілігін арттырады.


- эллипс, алгоритмнің басын, соңын белгілеу;   - төртбұрыш, қадамды орындау командасы;   - параллелограм, мәліметтерді енгізу, шығыру;   - ромб, шарттың ақиқат, жалғандығын тексеру;   - көмекші алгоритмді шақыру.
Алгоритм командаларының блок схема түріндегі бейнеленуінің жалпы үлгісін қарастырайық:

Алгоритмдерді бағдарламалау тілінде көрсету - багдарлама деп аталады. Багдарламалау тілі дегеніміз - бағдарлама жазуға арналған тіл. Компъютерде есеп шыгару кезеңдері:

1. Математикалық модель құруды қамтитын есептің қойылуы (есептің
математикалық қойылуы);

2. Есеп шешудің алгоритмін жазу;

3. Бағдарламаны құрастыру;

4. Бағдарламаны жөндеу;

5. Компьютерде есепті шешу және нәтижені талдау.

Автоматты цифрлы есептеуіш машиналарды құруға алып келген революциялық пікірлердің бірі XIX ғ. 20-шы жылдары Чарльз Бэббидж айтқан есептеуді- келешекте автоматтылыққа, программаға жүзеге асыру үшін машина әрекеттерінің ретін алдын-ала жазу туралы ойы болды. Бэббидж пайдаланған перфокарталардағы программалар жазбасынан бастап программалау тарихы басталады.

Ч. Бэббидждің замандасы Аду Лавлейс аналитикалық машинаның құндылығын бағалаған жер шарындағы 1-ші программист. Ол теориялық түрде программалауда пайдаланылатын есептеу тізбегінің кейбір тәсілдерін басқаруды өңдеді және қазіргі заманғы прогаммалау тілдері үшін маңызды болып табылатын конструкция – циклды сипаттап берді.

Программалау тілдерінің тарихындағы революциялық мезет - арнайы символдардың көмегімен машиналық командаларды кодтау жүйесінің пайда болуы болды. Мұны Пенсильван университетінің қызметкері Джон Моучли ұсынды. Моучли ұсынған кодтау жүйесі оның компаниясының қызметкеріөзінің барлық өмірін компьютер мен программалауға арнаған Грейс Мюррей Хоппер деген қызметкерді қызықтырды. Ол жер шары бойынша 1-ші үлкен цифрлы компьютерлердегі 3-ші программист болғандығын еске алады. Марк – 1 компьютерінде жұмыс жасауда Хоппер және оның тобы көптеген мәселелермен қақтығысты және олар ойлап тапқандардың барлығы жаңа болды. Олар ішкі программаны ойлап тапты. Сонымен бірге программалау техникасының іргелі ұғымдарының бірі баптауды алғаш болып енгізді (1945). Debugging (насекомое) –баптау.

40-шы жылдарыдың соңында Джон Моучли жоғарғы деңгейдегі дөрекі программалау тілі болып табылатын “Short Code” атаудағы жүйесін құрады, Онда программист шығарылатын есепті математикалық формула түрінде жазып, содан кейін арнайы кестені пайдаланып, символдарды кезекпен аударып, бұл формулаларды екі литерлі кодтарға түрлендірді. Болашақта компьютердің арнайы программасы бұл кодтарды екілік машиналық кодқа айналдырды. Дж. Моучли құрған жүйе дөрекі интерпретатордың алғашқысы болды.

Тек 1951 ж. Хоппер жер шарындағы 1-ші компиляторды құрды, ал 1954 ж. Хоппердің жетекшілігімен программалау тілінен және компилятордан тұратын MATH-MATIC жүйесі өңделді. Хоппер және оның тобы қолданушыларға қарапайым ағылшын тіліне жақын болатын тілде программалау болатын жаңа тіл мен компилятор өңдеуге кіріседі. 1958 ж. FLOW-MATIC компиляторы пайда болды.

50 ж. ортасы программалау облысында прогресс болуымен сипатталады. Машиналық командалы программалау ролі азайып, жаңа типтегі программалау тілдері пайда бола бастады. Бірінші және кең тараған – Фортран болды (FORTRAN, FORmula TRANslator – формула аударушысы). 1954 ж. IBM фирмасының программистер тобы өңдеген.

60-шы ж. ортасында Дартмутск колледжінің математика факультетінің қызметкерлері Томас Курц пен Джон Кемени қарапайым ағылшын тілінің сөздерінен құралған арнаулы программалау тілін құрды. Жаңа тілді “бастаушыларға арналған универсальды символикалық код” деп атады (Beginners All-Purpose Symbolic Instruction Code немесе қысқаша BASIC) (1964 ж.). PL/1 (Programm Language One, 1967), АЛГОЛ-68 (1968).

Ресейде 50-ші жылдары Сергей Петрович Ершовтың жетекшілігімен Альфа трансляторы құрылған (Алголдың орысша версиясы). Кейініректе академик Ершов СССР-де мектеп информатикасының қалыптасуында маңызды роль атқарды.

Алгоритмдерді өңдеуді құрылымдау туралы Алголдың идеяларын дамыту 1970 ж. басында швейцар оқымыстысы Никлаус Вирт Паскаль тілін құруға алып келді. Паскаль тілі бастапқы кезде оқыту тілі ретінде құрылған, шындығында, қазіргі кезде де ол программалауға үйрететін тілдерідің негізгілерінің бірі болып отыр. Турбо-Паскаль жүйесін француз, джазист Филип Кан өңдеді..




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-16; Просмотров: 985; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.08 сек.