Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Адренотежегіштер 4 страница




А1 және А2 –рецепторларының антагонисті ксантиндер, ал А3 және А4 - рецепторларында – жоқ. А1 – рецепторларының белсенуі аденилатциклазаның баяулауымен және калий түтікшелерінің белсенуімен, сондай-ақ, бірқатар жағдайларда С фосфолипазасының белсенуімен өтеді. Ал А2–рецепторлары аденилатциклаза белсенуіне жанама әсер етеді.

Эндогенді пуриннің физиологиялық қызметі адрено- және холинорецепторларға сезімталдықты өзгерту арқылы әртүрлі тіндердегі жасушалардың белсенділігін реттейді. Пуринергиялық заттар – адренергиялық, дофаминергиялық, холинергиялық және инсулинді рецепторлардың модуляторы болып келеді. Пуриндер сүтқоректілердің ағзасында көп қызметті қосылыстарға жатады; олар макроэрго ретінде орындайды, нуклеин қышқылының, әр түрлі коферменттердің құрамына кіреді және жүйке импульстарының берілуіне қатысады. Пуринді рецепторлар тромбоциттердің агрегациясы, иммунокомпонентті жасушалардың толық дамуы мен өсуі сияқты үрдістердің дамуын күшейтеді. Пуриндер өзіндік нейромедиаторлық жүйе қызметін түрлендіруге ықпал етеді (адренергиялық және холинергиялық), сонымен қатар парасимпатикалық және симпатикалық жүйе белсенділіктерінің арасындағы қарым-қатынасты реттейді.

Пуринергиялық рецепторлармен әрекеттесу жолымен, өзінің фармакологиялық ықпалдарын жүзеге асыратын дәрілік заттарды келесі топтарға бөледі:

1. Р1 пуринергиялық рецепторларды тікелей ынталандыратын дәрілік заттар, талдамсыз Р1 аденозиномиметиктер: аденозин, инозин.

2. Р2 пуринергиялық рецепторларды тікелей ынталандыратын дәрілік заттар, Р2 аденозинмиметиктер: аденозинтрифосфат (АТФ).

3. Жанама түрде Р1-пуринергиялық рецепторларды ынталандыратын дәрілік заттар, тура емес Р1-аденозиномиметиктер: дипиридамол

4. А1-пуринергиялық рецепторларды таңдамалы түрде тежейтін дәрілік заттар, талдамды А1-аденозинолитиктер: теофиллин, кофеин-бензоат натрий.

Аденозин фосфат (Adenosinі phosphas), фосфаден, аденокор. Адинозин фосфат қысқаша айтқанда АМФ тамырларды кеңейтетін және антиагрегациялық әсер көрсететін тотығу-тотықсыздану үдерістерін реттейтін және порфириндер биосинтезіне қатысатын бір қатар коферменттерге кіреді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Жедел ауытқымалы порфирия мен қорғасынмен уланудағы айқын полиневратикалық синдромда, созылмалы бітелуші эндартеритте, тромбофлебитте, созылмалы көк тамырлық жетіспеушілікте, көк тамыр тромбозында, жүректің ишемиялық ауруында, сонымен қатар 12-елі ішектің ойық жаралы зақымдалуында тағайындалады. Жедел порфирияда бұлшық етке 2% ерітіндіні 3 мл күніне 5 рет береді, кейіннен препаратты қолдануды күніне екі ретке дейін, бірнеше апта бойы қолданады. Өзге ауруларда ішке 0,025 - 0,05 күніне 2-3 рет немесе бұлшықетке тәулігіне 0,02-0,04 г 2 апта бойы береді.

Кері көрсеткіштері. Бронх демікпесі, атриовентрикулярлы тежелу.

Жанама әсерлері. Лоқсу, бас айналуы, тахикардия, аллергиялық реакциялар болуы мүмкін, бұл жағдайларда мөлшерлемені азайтуға немесе препараттың қабылдауын тоқтату керек.

Шығарылу түрі. 25 және 50 мг таблеткалар N.30, 50; 2% ерітіндіні 1 мл N.10 бұлшықет егулері үшін құтыларда.

Аденокор (Adenocorum) аритмияға қарсы дәрі, ол миокардтағы метаболикалық үдерістерді қалыптастырады (Адинозин фосфатты қараңыз).

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Пароксизмалдық қарынша үстілік тахикардиясы. Көк тамырға 3 – 12 мг мөлшерінде береді.

Кері көрсеткіштері. Атриовентрикулярлық тежелу, синустық түйіннің әлсіздік синдромы.

Жанама әсерлері. Аденозин фосфатындағыдай.

Шығарылу түрі. 0,3% ерітіндіні 2 мл N.6 ампулаларда көк тамыр ішіне енгізу үшін.

Инозин (Inosinum), рибоксин. Инозин пуриннің АТФ ізашары түріндегі туындысы, нуклеотид ретінде жасуша ішіне ене отырып, миокардтың энергетикалық тепе-теңдігін жоғарылатады, Кребс циклы ферментінің белсенділігін ынталандырады, алмасу үдерістеріне оң әсер етеді, тәжілік қан айналымын жақсартады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Жүректің ишемиялық ауруы, кардиомицит, жүрек гликозидтерін пайдаланудан болған жүрек ырғақтығының бұзылулары, бауыр ауруларында (гепатиттер мен цирроз) кезінде, және порфирияны емдеу үшін. Ішке тәулігіне 3-4 рет қабылданымға 0,6-2,4 г, көк тамыр ішіне 200-400 мг тәулігіне 1-2 рет.

Кері көрсеткіштері. Подагра.

Жанама әсерлері. Қышыну, тері гиперемиясының байқалуы мүмкін, кей кездері қандағы несеп қышқылы құнарлығының жоғарылауы, ұзақ қолданғанда подагра асқынуы мүмкін, осы кезде препаратты қабылдауды тоқтату керек.

Шығарылу түрі. 200 мг таблеткалар мен капсулалар N.50, 100, 1000; 5 және 10 мл құтыдағы 2% ерітінді мен ампулалар N.10 көк тамыр ішіне енгізілуі үшін.

Натрий аденозин үшфосфат (Natrii adenosintriphosphas), АТФ. Препарат пуринергиялық рецепторларды қоздыру медиаторларының бірі болып табылады, мұнымен қоса адренергиялық және холинергиялық синапстарда жүйке қозуын және жүректің кезбе жүйкесінің қозуын беруге қатысады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Бұлшықетдистрофиясы мен атрофиясының кешенді терапиясы, шеткері тамырлардың тарылуы – ауыспалы ақсаңдау, Рейно ауруы, бітелмелі тромбангиит, кейде босану үдерісін ынталандыру үшін қолданылады. 1% егу түрінде – алғашқыда 2-3 күнде 1 рет бұлшықетке 1 мл мөлшерлемесінде, сосын күніне 2 рет 2 мл егеді.

Кері көрсеткіштері. Миокард инфарктының жедел түрі.

Жанама әсерлері. Бас ауыруы, тахикардия, бұлшықетке енгізгендегі диурездің күшеюі, ал көк тамыр ішіне енгізгенде лоқсу, бет қызаруы, бас ауыруы байқалуы мүмкін, бірақ мұның бәрі өздігінен тыйылады.

Шығарылу түрі. 1% ерітіндіні 1 мл N.10 ампулаларда көк тамыр ішіне егу үшін.

Дипиридамол (Dipyridamolum), курантил, персантин. Дипиридамол аденозинді ыдырататын фермент аденозиндезаминазаның бәсекелестік баяулатқышы. Дипиридамолдың маңызды ерекшелігі ретінде оның тромбоциттердің агрегациясын тежеу және тамырларда тромб түзілуіне кедергі келтіру қасиетін атау керек. Препарат простациклин биосинтезін және тромбоксандар (тамыр тонусын реттеуші және қан жүйесін ұйытатын үдерістерге қатысатын биологиялық белсенді заттар) синтезін ынталандырады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Тромбоздар, тромбоэмболиялық асқынулар, аяқ тамырларының бітелу аурулары. Ішке тамақтануға дейін күніне 3-4 реттен 50-100 мг тағайындайды.

Кері көрсеткіштері. Миокардтың жедел инфаркты, коронарлық атеросклероз, артериалдық гипотензия, субаорталды стеноз, декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі, қан кетудің үлкен қауіпі бар жағдайлар, жүктілік.

Жанама әсерлері. Лоқсу, бас ауыруы, миалгия, артериалдық гипотензия, тахикардия көрінісіндегі қанның бетке шабуы.

Шығарылу түрі. 25, 50, 75 және 100 мг таблеткаларда, 25 және 75 мг дражелер N.15; 2 мл ампуладағы егуге арналған 0,5% ерітінді.

Теофиллин (Theophylinum) орталық жүйке жүйесіне ынталандыру әсерін береді, миокардтың жиырылу қызметін күшейтеді. Аздап шеткері, теждік және бүйрек тамырларын кеңейтеді, орта дәрежеде диуретикалық әсер етеді, тромбоциттер агрегациясын баяулатады, месше жасушалардан аллергия медиаторларының босансып шығуын тежейді. Әсіресе теофиллиннің бронхты кеңейткіш әсері маңызды болып табылады. Теофиллиннің әсер ету механизмінде фосфодиэстеразаның баяулауы мен ұлпаларда циклдік 3'-5'-аденозинмонофосфатының жинақталуы маңызды рөл атқарады. Теофиллиннің молекулярлық механизміндегі мәні, оның аденозиндік (пуриндік) рецепторларды тежеу қасиеті жатыр.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Бронх демікпесі, обструктивтік бронхит, өкпе эмфиземасы. Ересектерге тәулігіне 2-4 реттен 100-200 мг, балаларға бір қабылданымға 10-100 мг тағайындайды.

Кері көрсеткіштері. Геморрагиялық инсульт, миокардтың жедел инфаркты, айқын коронаросклероз, ауыру тарихында қан кету жайлы мәліметтер, жүктілік, емізу.

Жанама әсерлері. Диспептикалық бұзылыстар, бауыр, бүйрек қызметтерінің бұзылуы, ішек атониясы, тахикардия, аритмия, стенокардия мен холецистит асқынуы, артериалдық гипотензия, дірілдеу, қозу, ұйқысыздық, лейкопения, тромбоцитопения, аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі. 100 мг таблеткаларда балаларға N.30 және 200 мг N.30; 50, 75, 100, 250, 300, 400 және 500 мг капсулаларда 0,5% шырынп; 200 мг тік ішек балауыздары.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sirupi Theophylini 0,5% - 200 ml

D. S. 1 асхана қасығы күніне 2 – 3 рет.

#

Кофеин (Coffeinum) шәй, кофе, какао, кола және басқа өсімдік дәндерінде болатын алкалоид. Ми қатпарына айқын қоздыру әсерін тигізеді, психикалық қызметті ынталандырады, ойлау және физикалық жұмыс қабілетін жоғарылатыды. Қабылдағаннан кейін сергектік байқалады, уақытша шаршағандық, маужырау белгілері жоғалады. Кофеиннің әсерінен жүрек қызметі күшейеді, миокард жиырылуы қарқындала түседі және жиілейді. Коллапстық жай-күй кезінде артериалдық қысым жоғарылайды.

Кофеиннің ынталадырғыш әсеріне қатысты нейрохимиялық механизмінде пуриндік нуклеотид – аденозин эндогендік лиганды болатын, мидың телімді Р1-пуриндік рецепторларын тежеу қабілеті, оның маңызды көрсеткіші болып саналады. Кофеиннің әсер ету механизмінде оның фосфодиэстера ферментіне күйзелткіш әсері маңызды рөл атқарады, бұл циклдік аденозинмонофосфаттың, ал ол арқылы (екіншілік медиатор ретінде) түрлі биогендік дәрілік заттардың физиологиялық әсерін қамтамасыз ету мүмкіндігін береді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Орталық жүйке жүйесі менжүрек-тамыр жүйесінің қызметін күйзеліске ұшырататын инфекциялық және басқа аурулар кезінде, наркотиктермен және басқа улармен уланғанда, ми тамырларының тарылуында (бас сақинасы т.б. кезеңдері) психикалық және физикалық жұмыс қабілетін арттыру үшін тағайындалады. Ересектерге арналған орташа мөлшерлемесі бір қабылданымға 0,05-0,1 г күніне 2-3 реттен. 2 жастан асқан балаларға жасына қатысты бір қабылданымға 0,03-0,075 г береді.

Кері көрсеткіштері. Жоғары дәрежедегі қозу, ұйқысыздық, артериалдық гипертензиялар, органикалық жүрек-тамыр аурулары, егде жас, глаукома.

Жанама әсерлері. Шамадан тыс көп бергенде ұйқының қашуы, лоқсу белгілері, тахикардия, аритмия, қозу жай-күйінің орын алуы мүмкін.

Шығарылу түрі. Балаларға 75 мг таблеткаларда N. 10, 100 және 200 мг; 10 және 20% ерітіндісі 1, 2, 5 және 10 мл; сондай-ақ тері асты егу үшін 1 мл құтыдағы шприц-сықпалар.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Coffeini natrii benzoatis 10% - 1 ml

D.t.d. N.10 in amp.

S. 1-2 мл тері астына.

#

 

«Жалпы медиаторлық әсерлі заттар» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар:

1. Бас ми қабығына айқын қоздырушы әсер береді:

а/ резерпин;

б/ метилэфрин;

в/ празозин;

г/ кофеин;

д/ энинефрин.

***

2. Бронхты кеңейтетін әсері бар препарат?

а/ клофелин;

б/ норэпинефрин;

в/ теофиллин;

г/ гуанетидин;

д/ кселометазолин.

***

3. Физикалық және психикалық жұмысқа қабілеттілікті арттыру үшін, қолданылады:

а/ эпинефрин;

б/ допамин;

в/ инозин;

г/ лабиталол;

д/ кофеин.

***

4. Қандай препарат енжардық және ұйқышылдықты уақытша жоятын қабілетке ие?

а/ амантадин;

б/ кофеин;

в/ мелаксин;

г/ тиамин;

д/ тироксин.

***

5. Қандай препарат аденозинді(пуринді) рецепторларды тежейтін қабілетке ие?

а/ теофиллин;

б/ адреналин;

в/ фентоламин;

г/ резерпин;

д/ допамин.

***

6. Тромбоциттердің агрегациясын тежейтін қабілеті бар:

а/ диазепам;

б/ диперидамол;

в/ нафазолин;

г/ эпинефрин;

д/ пропофол.

***

7. Тромбоздардың және тромбоэмболиялық асқынуларды емдеуде қолданылады:

а/ изопреналин;

б/ троподифен;

в/ надолол;

г/ диперидамол;

д/ сальбутамол.

***

8. Пуринергиялық рецепторларды қоздыратын медиаторлардың біріне жатады:

а/ натрия аденозинтрифосфат;

б/ серотонин;

в/ норэпинефрин;

г/ мелаксин;

д/ метилэфрин.

***

9. АТФ ізашары ретіндегі пуриннің туындысына жатады:

а/ нафазолин;

б/ пилокарпин;

в/ инозин;

г/ тропацин;

д/ празозин.

***

10. Тотығу-тотықсыздану үрдісіне қатысатын коферменттер тізіміне кіреді:

а/ кодеина фосфат;

б/ ацетилцистеин;

в/ аденозина фосфат;

г/ изопреналин;

д/ теофиллин.

***

11. Пуринергиялық рецепторларды қоздыратын медиаторлардың бірі:

а/ аденозина фосфат;

б/ натрия аденозинтрифосфат;

в/ адинозина монофосфат;

г/ эпинефрин;

д/ метилэфрин.

***

12. АТФ ізашары ретіндегі пуриннің туындысына жатады:

а/ хлорпромазин;

б/ нафазолин;

в/ тироксин;

г/ клофелин;

д/ инозин.

***

13. Серотонинды 5-НТ1 рецепторлардың антогонисті болып табылады:

а/ пизотифен

б/ сальбутамол;

в/ танинолол;

г/ платифилин;

д/ гуанетидин.

***

14. 5-НТ1В/1Д – серотонинды рецепторларының таңдамалы антогонистіне жатады:

а/ амантадин;

б/ апоморфин;

в/ наратриптан;

г/ метоклопрамид.

д/ пропранолол

***

15. Талдамды 5-НТ-рецепторының агонисті триптиминнің туындысына жатады:

а/ хлорпромазин;

б/ суматриптан;

в/ фентоламин;

г/ пирензепин;

д/ пропранолол.

***

16. Ұйқы ырғағын реттеуде, әсіресе уақыт белдеуі өзгергенде қолданылады:

а/ домперидон,

б/ тимолол;

в/ кселометазолин;

г/ мелатонин;

д/ ацеклидин.

***

17. Сәулелі терапияда, жалпы сәулелік реакцияны алдын алу үшін қолданылады:

а/ изопреналин;

б/ пизотифен;

в/ амантадин;

г/ мексамин;

д/ гистамин.

***

18. Вирусқа қарсы заттың паркинсонизмге қарсы әсері анықталған:

а/ резерпин;

б/ ремантадин;

в/ амантадин;

г/ пилокарпин;

д/ бромкриптин.

***

19. Дофаминді D2 – рецепторларының антогонисті болып табылады:

а/ хлорпромазин;

б/ диперидамол;

в/ эпинефрин;

г/ допамин;

д/ домперидон.

***

20. Құсуға қарсы әсерге қабілетті:

а/ метоклопрамид;

б/ апоморфин;

в/ сулперид;

г/ платифилин;

д/ резерпин.

***

21. Шамалы антипсихотикалық белсенділік әсері бар, әлсіз және ынталандырушы қасиеттермен қосыла әсер етеді:

а/ аминазин;

б/ сульпирид;

в/ домперидон;

г/ пизотипен;

д/ атропин.

***

22. Антипсихотикалық, тыныштандыратын, құсуға қарсы басқа фенотиазин туындылары:

а/ мелатонин;

б/ дипироксим;

в/ пирензепин;

г/ эфедрин;

д/ хлорпромазин.

***

23. Босанудан кейінгі лактацияны тежеу үшін гинекалогиялық тәжірибеде қолданылады:

а/ добутамин;

б/ галазолин;

в/ фенотерол;

г/ бромокриптин;

д/ талинолол.

***

24. Құсыққа қарсы зат ретінде қолданылады:

а/ празозин;

б/ пропофол;

в/ апоморфин;

г/ ацеклидин;

д/ мускарин.

***

25. Этиологиясы әртүрлі шокты жағдайда қолданылады:

а/ лобелин;

б/ допамин;

в/ платифиллин;

г/ пилокарпин;

д/ резерпин.

 

7 Тарау. Наркозға арналған дәрілер. Этил спирті

7.1. Наркозға арналған дәрілер

Наркоз – ағзаға бір немесе бірнеше наркозды заттарды енгізумен туындаған, ағзаның көптеген қызметіне әсер көрсететін, орталық жүйке жүйесінің қызметін жасанды, қайтымды тежейді: естің жоғалуы, рефлекторлы қызметтің тежелуі, әртүрлі сезімталдық түрлерінің жоғалуы (ауыру, жанасу ж.т.б.) мен бұлшықеттерінің босансуы. Наркозға арналған заттардың негізгі ықпал әсерлері қозудың нейрон аралық өткізгіштіктің тежелуімен байланысты, ол кезде қыртысты-қыртыс асты қарым-қатынасының бұзылысы, аралық, ортаңғы және жұлын миының қызметінің бұзылыстары болады. Наркозға арналған заттардың орталық жүйке жүйесіндегі нейрондарындағы алмасу үрдісінің тежелуін түсіндіретін бірнеше теориялар ұсынылған, бірақ осы теориялардың біреуі де наркотикалық заттардың синаптикалық өткізудегі қозуларына тежегіш әсерінің механизмін молекулярлық деңгейде түсіндіре алмайды. Бас миының әртүрлі деңгейдегі қызметтік жағдайы, наркозға арналған заттарға сезімталдығы бірдей емес. Осыған байланысты бұл заттардың әсерін белгілі сатыларға бөледі. Ең көрнектісі наркозға арналған эфирде айқын байқалады:

I сатысы – анальгезиялық (ауыру сезімталдығының басылуы);

II сатысы – қозу (Қыртыс астықұрылымның белсенділігінің жоғарылауы);

III сатысы – хирургиялық ұйқы (бас миында, сонымен қатар жұлын миы деңгейінде нейрон аралық өткізгіштіктің әрі қарай тежелуі);

1 – дәрежеде – үстіртін наркоз

2 – дәрежеде – жеңіл наркоз

3 – дәрежеде – терең наркоз

4 – дәрежеде - өте терең наркоз

IV сатысы – агония сатысы, өлім алдындағы жағдай(бұл тек наркоздық дәрінің улық мөлшеріне келіп қалғанда болады. Ол сопақша мида орналасқан тыныс алу мен тамырларды қозғау орталықтырының тежелуімен байланысты, тыныс алу орталығының салдары және оның нәтижесі жүректің тоқтауына әкеледі).

Наркозға арналған дәрілерді қолданған кезде келесі сипаттамалар өте маңызды: айқын қозусыз наркоздың тез басталуы, тиімді жағдайларда операция жүргізуге мүмкіндік беретін наркоз тереңдігінің жеткіліктігі, наркоз тереңдігін жақсы басқарылуы, наркоздан тез және асқынусыз шығу. Наркозға арналған заттар жеткілікті наркотикалық кеңдікке (наркотикалық кеңдік) ие болуы керек – терең хирургиялық наркоз сатысын туғызатын заттың шоғырымы мен тыныс алу орталығының тежелу салдарынан тыныстың тоқтауы болатын ең аз улы шоғырым диапазонының арасы.

Сонымен қатар, наркозға арналған заттар енгізілген жерде тіндердің тітіркенуін туғызбауы керек, ең аз жанама әсерлерге ие болуы тиіс. Наркозға арналған заттар өрт қауіпсіздігі болмау керек. Бірақ қазіргі кезде осы талаптарға толық жауап беретін заттар жоқ. Осыған байланысты жаңа кезеңдегі анестезиологилық тәжірибеде наркозға арналған заттарды біріктіріп қолданады, ол енгізілетін дәрілердің мөлшерін және олардың қалаусыз ықпалдарын азайтуға мүмкіндік береді.

Қолданылатын наркозға арналған заттар әртүрлі химиялық жіктерге жатады, сондықтан тәжірибелік көз қарас бойынша және енгізу жолдары бойынша олар келесі топтарға бөлінеді:

1. Ингаляциялық наркозға арналған заттар.

А/ Ұшқыш сұйық заттар: галотан, энфлуран, изофлуран, севофлуран, диэтил эфирі.

Б/ Газ тәріздес заттар: динитроген оксид, ксенон.

2. Ингаляциялық емес наркозды дәрілер (дәріні тамыр арқылы енгізу):

- тиопентал натрия, пропанидид, пропофол, кетамин, натрия оксибат.

 

Кесте 7.1.1. Ингаляциялық наркозға арналған дәрілердің жалпы сипаттамасы

 

әсер ету механизмі Қолданылуы Кері көрсеткіштері Жанама әсерлері
ОЖЖ қозудың нейронаралық (синаптикалық) берілуін басады. Қуыстың оперативті араласулар, ауыру синдромы. Феохромоцитома, гипотензия, аритмия, қатерлі гипертермия, миастения, бас ішілік қысымның жоғары болуы, жоғары сезімталдық, Бауыр мен бүйректің органикалық зақымданулары Брадикардия, гипотензия, аритмия (n.vagus ынталандырады), қан кетуді жоғарылатады, ауыру, қалтырау.  

7.1.1. Тыныс арқылы берілетін наркозды дәрілер

Галотан (Haloanum), фторатан. Галотан – наркоздық белсенділігі жоғары, фтордан тұратын алифатикалық қосылыс, өзіне тән иісі бар, мөлдір ұшқыш сұйықтық. Наркоз айқын қозу сатысыз тез басталады және оңай басқарылады. Оны өз алдына наркоздың хирургиялық сатысына қол жеткізу үшін немесе басқа заттармен біріктіріп, біріктірілген наркоз ретінде қолдануға болады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Балалар мен қарт адамдардағы құрсақ пен көкірек қуысының мүшелеріне әртүрлі оперативті араласуларда. Препаратты енгізуді 0,5 көл. % оттегімен, кейін оны 2 ‑4 көл. % 1,5-3 мунит барысында. Хирургиялық наркозды ұстап тұру үшін 0,5‑1,5 көл.% құнарлықта қолданылады.

Кері көрсеткіштері. Бауыр қызметінің айқын бұзылыстарында, феохромоцитомада, қатерлі гипертермияда, аритмияда, миастенияда, бас миының ішкі қысымы жоғары болғанда.

Жанама әсерлері. Артериалды гипотензия, брадикардия, жүрек ырғағының бұзылыстары, бауыр қызметінің бұзылуы, гепатиттіер, бас миының ішкі қысымының жоғарылауы, гипертермия, бас ауыруы, наркоздан оянғаннан кейінгі жүректің айнуы және дірілдеу мүмкін.

Шығарылу түрі. 50 және 250 млсарғыш-қызыл түстіжақсы тығындалып жабылған флаконда (ұшқыш сұйықтық) шығарылады.

Рецепт үлгісі. Rp.: Halotanі 250 ml

D.t.d. N.2.

S. Ингаляциялық наркозға арналған.

#

Энфлуран (Enfluranum), этран. Энфлуран қасиеті бойынша галотонға ұқсас, бірақ белсенділігі төмен. Наркоз тез, айқын миорелаксациямен жүреді және аз деңгейде миокардты адреналин мен норадреналинге сенсибилизациялайды.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Жалпы ауырсынуды басу үшін хирургиялық тәжірибеде, балаларда қысқа мерзімді оташалауда, сонымен қатар акушерлік тәжірибеде – кесар тілігін жасаған кезде қолданады. Наркозға кіргізуді 0,5 көл.% кұнарлық мөлшерден бастайды да біртіндеп 4,5 көл.% жоғарылатады кейін ұстап тұрушы құнарлық 0,5-2,5 көл.% мөлшерде, кесар тілігі кезінде 0,5-1 көл.% мөлшерде қолдану қажет.

Кері көрсеткіштері. Қояншықпен зардап шегетін немесе тырысу белсенділігі жоғары науқастарға болмайды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-08; Просмотров: 880; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.128 сек.