Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Этил спирті 8 страница




Кері көрсеткіштері. Асқазан ішек жолдарының эрозивті-ойық жарамен зақымданулары, демікпе, бүйрек қызметінің айқын бұзылыстарында, жүктілік, емшекпен емізу кезінде, босанғаннан кейінгі ерте кезеңде, кеторолакқа, аспиринге жоғары сезімталдық. Кеторолакты 16 жасқа дейінгі балаларға тағайындамайды.

Жанама әсерлері. Лоқсу, іштің ауыруы, ұйқышылдық; мазасыздану, бастың ауыруы, тершеңдік, ісіну, егілген жердің ауырсынуы, ашуланшақтық, парестезия, депрессия, эйфория, ұйқының болмауы, бастың айналуы, тыныстың бұзылуы, тұншығу ұстамасы, зәр бөлінуінің жиілеуі, олигурия, тері қышынуы, есекжем, дәмнің және көрудің өзгеруі.

Шығарылу түрі. 10 мг таблеткада N. 10, 20; 3% ерітінді 1 мл ампулада және бір реттік қолданылатын егуге арналған шприцте.

 

9.2.2. Ауырсынуды басатын ықпал әсері бар әртүрлі топтағы дәрілер

 

Колонидин (Антигипертензивті дәрілерді қара), амитриптилин және имипрамин (Антидепресанттарды қара), карбамазепин және габапентин (Қояншыққа қарсы дәрілерді қара), баклофен (Орталыққа әсер ететін миорелаксанттарды қара), кетамин (Ингаляциялық емес наркозды қара), азот тотығы (Ингаляциялық наркозды қара).

 

9.2.3. Әсер ету механизмі аралас ауыруды басатын дәрілер

 

Трамадол (Tramadolum), трамал. Трамадол – опиоидты анальгетик, циклогексанол туындысы. ОЖЖ-нің мю-, дельта- және каппа-рецепторларының талдамсыз агонистті. Трамадол – опиоидты рецепторлардың таза агонистті, жоғары емес тропизмі бар және рецептордың әртүрлі түрлеріне қатысы бойынша айқын талдамдылығы жоқ. Изомер(-), норадреналиннің нейрональды ұсталуын тежейді, өрлеуші норадренергиялық әсерді белсендіреді. Осыған байланысты жұлын миының желатинді субстанциясында ауыру импульстарының берілуі бұзылады. Тыныштандыратын ықпал туғызады. Терапиялық мөлшерде тынысты тежемейді. Жөтелге қарсы әсер көрсетеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Әртүрлі генездегі ауыру синдромының орташа және қатты түрлерінде (сонымен қатар қатерлі ісіктерде, жедел миокардтың инфарктінде, невралгияда, жарақатта). Ауырсынумен жүретін диагностикалық немесе терапевтикалық емшараларында. Ересектер мен 14 жастан үлкен балаларға бір реттік мөлшері ішке қабылдауға - 50 мг, тік ішекке - 100 мг, к/т баяу немесе б/е - 50-100 мг. Егер парентеральды енгізу кезінде тиімділігі болмаса, онда 20-30 минуттан кейін ішке 50 мг мөлшерін қабылдау мүмкін. Балаларға 1 жастан 14 жасқа дейін мөлшері 1-2 мг/кг есептемен белгіленеді.

Кері көрсеткіштері. ОЖЖ-не тежеуші әсер көрсететін алкоголмен және препараттармен жедел улануда, жас балаларға 1 жасқа дейін, трамадолға жоғары сезімталдықта.

Жанама әсерлері. Бастың айналуы, әлсіздік, ұйқышылдық, естің шатасуы, жеке жағдайларда – церебральды генезді тырысу ұстамалары (к/т үлкен мөлшерде енгізген кезде немесе бір мезгілде нейролептиктермен тағайындауда), тахикардия, ортостатикалық гипотензия.

Шығарылу түрі. 50 және 100 мг N.10, 20, 30, 50 таблеткада және капсулалар; 100, 150 және 200 мг таблеткалар ретард N. 10, 30; 50, 100, 150 және 200 мг капсулалар ретард; 10% ерітінді 10, 20, 30, 50 және 50 мл сауытта ішке қабылдауға арналған тамшы; 100 мг N.5 тік ішек балауыздар; 5% ерітінді 1 және 2 мл және 10% 1 мл ампуладағы егуге арналған.

9.3. Шетке әсер ететін ауыруды басатын дәрілер (стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер)

Диклофенак (Стероидты емес қабынуға қарсы әсері бар, фенилсірке қышқылының туындысын қара).

Ибупрофен және кетопрофен (Стероидты емес қабынуға қарсы әсері бар, пропион қышқылының туындысын қара).

 

Лорноксикам және мелоксикам (Стероидты емес қабынуға қарсы әсері бар, оксикам туындысын қара).

 

Нимесулид және целекоксиб (Стероидты емес қабынуға қарсы әсері бар, сульфонанилид туындысын қара).

9. «Анальгетикалық дәрілер» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар бойынша тапсырма


1. Наркотикалық анальгетиктерге жататындар:

а/ кеторолак, промедол;

б/ фентанил, омнопон;

в/ этиломорфин, кетамин;

г/ омнопон, колонидин;

д/ морфин, ибупрофен.

***

2. Морфиннің қолдану көрсеткіштері:

а/ үлкен жарақаттар, күйіктер, жедел миокардтың инфаркті, қатерлі ісіктер;

б/ миокардтың инфаркті, қатты жөтелден туындаған ұқының болмауы, бас миының жарақаты;

в/ гипертониялық ауру, бастың ауыруы, премедикация үшін, шендеуші үшін;

г/ депрессия, Квинке ісінуі, кардиогенді шок;

д/ ылғалды жөтел, қатерлі ісіктер, гемолитикалық ауру.

***

3. Наркотикалық анальгетиктерді тағайындаудың кері көрсеткіштері:

а/ диагноз қойылғанға дейінгі құрсақ ішінің жедел ауыруы, іштің өтуі;

б/ маскүнемдік, миокардтың жедел инфаркті;

в/ қатерлі ісіктер, миокардтың инфаркті;

г/ диагноз қойылғанға дейінгі құрсақ ішінің жедел ауыруы, 5 жасқа дейінгі балаларға, жүктілік;

д/ депрессивті-желікпелі психоз, іштің өтуі.

***

4. Опиатты рецепторлардың агонисттерін көрсетіңіз:

а/ налоксон;

б/ морфин;

в/ метамизол;

г/ ремифентанил;

д/ просидол.

***

5. Опиатты рецепторлардың антагонисттерін көрсетіңіз:

а/ морфин;

б/ тримеперидин;

в/ налоксон;

г/ габапентин;

д/ баклофен.

***

6. Наркотикалық анальгетиктерге тән қасиеттерді көрсетіңіз:

а/ қабынуға қарсы әсер көрсетеді;

б/ ауыруды басады және жөтелді белсендіреді;

в/ кез келген қабыну генезінен болған ауыруды шеттетеді;

г/ гипертермияны және ісінуді туғызады;

д/ кез келген генезді ауыруды басады.

***

7. Морфинмен жедел уланған кезде байқалады:

а/ кома, қарашықтың тарылуы, тыныстың тежелуі;

б/ елестер, қарашықтың кеңеюі, тыныстың тежелуі;

в/ дене қызуының жоғарлауы, өкпенің гипервентиляциясы;

г/ қарашықтың кеңеюі, АҚ жоғарылауы;

д/ эйфория, жұлын ми рефлекстерінің тежелуі.

***

8. Наркотикалық анальгетиктердің негізгі қолдану көрсеткіштері:

а/ коллагеноз кездеріндегі ауырулар, миокардтың инфаркті;

б/ ревматизм кезіндегі ауырулар, подаграда;

г/ өкпе ісінуі, тыныстың тежелуі;

д/ қатерлі ісіктер кезіндегі ауырулар, миокард инфаркті.

***

9. Наркотикалық емес анальгетиктерді көрсетіңіздер:

а/ тримеперидин, метамизол;

б/ ацетилсалицил қышқылы, метамизол;

в/ колонидин, амитриптилин;

г/ омнопон, метамизол;

д/ морфин, омнопон.

***

10. Наркотикалық емес анальгетиктердің негізгі сипаттарын көрсетіңіз:

а/ кез келген генезді ауыруды шеттетеді;

б/ қатерлі ісі ауруларындағы ауыруды шеттетеді;

в/ фантомды ауыруды шеттетеді;

г/ қабыну генезіндегі ауыруды шеттетеді;

д/ қызуды жоғарылатады.

***

11. Наркотикалық емес анальгетиктерді тағайындаудың негізгі көрсеткіштерін көрсетіңіз:

а/ генезі ревматизмді ауырулар;

б/ қатерлі ісіктер кезіндегі ауырулар;

в/ миокардтың инфаркты кезіндегі ауырулар;

г/ үлкен жарақаттар;

д/ оперативті араласуларда.

***

12. Наркотикалық емес анальгетик:

а/ метамизол;

б/ тримеперидин;

в/ кеторолак;

г/ ремифентанил;

д/ иммипрамин.

***

13. Табиғаты стероидты емес қабынуға қарсы дәріні көрсетіңіз:

а/ налоксон;

б/ баклофен;

в/ колонидин;

г/ преднизолон;

д/ парацетамол.

***

14. Ауырғанды басатын дәрілер:

а/ беклометазон;

б/ просидол;

в/ гидрокортизон;

г/ фенобарбитал;

д/ хлоралгидрат.

***

15. Наркотикалық анальгетиктерді ұзақ қолданған кезде дамиды:

а/ идиосинкразия;

б/ кумуляция;

в/ дәріге тәуелділік;

г/ сенсибилизация;

д/ диурездің артуы.

***

16. Қызуды басатын әсері бар препарат:

а/ тримеперидин;

б/ кодеин;

в/ фентанил;

г/ морфин;

д/ парацетамол.

***

17. Морфиннің шығарылу түрі мөлшеріне сәйкес:

а/ ампулада 1% - 1 мл;

б/ таблеткалар 0,025 г;

в/ балауыз 0,02 г;

г/ капсулада 0,01 г;

д/ ампулада 3 % - 1 % ерітінді.

***

18. Трамадолдың қолдану көрсеткішін көрсетіңіз:

а/ кез келген қабыну кезіндегі ауыруды басады;

б/ әртүрлі генездегі орташа және күшті ауыруда;

в/ қатерлі ісік кезіндегі ауыруды басады;

г/ фантомды ауыруды басады;

д/ наркотикалық және ұйықтататын дәрілермен улануда.

***

19. Орталыққа әсер ететін наркотикалық анальгетик, әсер ету механизмі опиоидты рецепторлармен жоғары ұқсастығымен байланысты:

а/ эуфиллин;

б/ кодеин;

в/ бупренорфин;

г/ метамизол;

д/ атропин.

***

20. Мю-опиоидты рецепторлардың талдамды агонистті, әсері тез және қысқа болумен сипатталатын, опиоидты анальгетикті көрсетіңіз:

а/ эпинефрин;

б/ бупренорфин;

в/ метамизол;

г/ ремифентанил;

д/ иммипрамин.

***

21. Промедол үшін тән ерекшеліктер:

а/ тынысты күшті тежейді, морфинге қарағанда;

б/ анальгетикалық белсенділігі бойынша морфиннен артық;

в/ ішкі мүшелердің тегіс салалы бұлшық еттеріне спазмогенді әсері төмендеу, морфинге қарағанда;

г/ үйренгіштік тез дамиды, морфинге қарағанда;

д/ опияның жаңа галенді препаратына жатады;

***

22. Наркотикалық емес анальгетик, қабынуға қарсы әсер бермейді:

а/ парацетамол;

б/ ацетилсалицил қышқылы;

в/ морфин;

г/ промедол;

д/ трамадол

***

23. Қандай жағдайларда наркотикалық анальгетиктерді тағайындамайды:

а/ бас ауырғанда;

б/ жарақатты ауыруларда;

в/ қатерлі аурулар кезіндегі ауыруда;

г/ қарқынды ауырулар, ішкі мүшелердің тегіс салалы бұлшықеттерінің тарылуымен байланысты;

д/ миокардтың инфаркті кезіндегі ауыру

***

24. Аталған препараттардың қайсысын бронх демікпесі бар науқасқа қолдануға болмайды:

а/ ацетилсалицил қышқылы;

б/ бутадион;

в/ анальгин;

г/ панадол;

д/ амидопирин

***

25. Наркотикалық анальгетиктердің жанама әсерлері:

а/ ісінулер;

б/ АҚ жоғарылауы;

в/ қозулар;

г/ АІЖ жаралануы;

г/ тыныстың тежелуі.

 

 

ІІІ бөлім. Қабынуды тежейтін және иммундық үрдістерге әсер ететін дәрілер

10 Тарау. Қабынуға қарсы дәрілер

 

Қабыну үрдісі тін жасушаларының микрофлорамен, токсиндермен, химиялық немесе физикалық агенттермен зақымдалу салдарынан басталады, әрі қарай зақымдалған жасушалардан бөлінетін қабыну медиаторларының көмегімен ұсталады: серотонин, гистамин, брадикининмен жалғасады. Өлген жасушаның ақуызды ферменттері Т-лимфоциттерді белсендіреді, олар жалпы және жергілікті қызуды жоғарлататын, қабыну ошағына макрофагтар мен гранулоциттердің қозғалысын белсендіретін интерлейкиндерді өндіреді және «ақуыздың жедел фазасындағы» – фибриноген, С-реактивті ақуызды ж.т.б. синтезін күшейтеді. Бұның нәтижесінде эритроциттердің тұну жылдамдығының (ЭТЖ) артуы жүреді. Қабыну үрдісіне простагландиндерде үлкен әсер көрсетеді – ол орталық жүйке жүйесінде, ұйқы безінде, қуық түбі безінде бөлінеді. Жүйке ұшынның механикалық жаншылуы және тін ісіну аймағындағы ацидоз ауыруды шақырып, көптеген жағдайлар үшін тән болып келеді.

Қабынуға қарсы дәрілерді стероидты қабынуға қарсы немесе глюкокортикоидтар мен стероидты емес қабынуға қарсы (ССЕҚҚД) деп бөледі. Қазіргі кезде ең тиімді қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және десенсибилизациялаушы дәрілерге бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының гормондары жатады. Олар антиденелердің түзілуін тежейді, «антиген-антидене» реакцияларының қарқындылығын әлсіретеді, гистаминді тежеу және серотонин деңгейін төмендету арқылы қышынуды азайтады, холинэстеразаның өнімін белсендіреді және осы жолмен аллергиялық реакциялардың биохимиялық фазасындағы ацетилхолиннің ыдырауын үдетеді.

Дерматоздарды емдеуде тән және қажетті глюкокортикоидтардың ерекшеліктеріне – пролиферативті үрдісті басатын және тіндердегі қабынудың экссудативті фазасының белсенділігін төмендетеді. Бір мезгілде жасуша мембранасының сол сияқты тамырлар эндотелиясы және де паренхиматозды мүшелер негізінің тығыздалуы жүреді, протеолитикалық ферменттердің және гиалуронидазаның белсенділігі төмендейді. Иммуносупрессорлық әсер ету арқылы, кортикостероидты гормондар ретикулярлы және эозинофильді жасушалардың пролиферациясын тежеуге қабілетті, тез және баяу түрдегі аллергиялық үрдістерді басады, қан плазмасының гистаминопектитті индексін жоғарылатады және олардың антигенді қасиетін баяулатумен тіндік ақуыз құрылымын өзгертеді.

Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының стероидты гормондар тобына табиғи гормондар жатады – гидрокортизон мен кортизон және оның синтетикалық туындыларына – преднизон, преднизолон, метилпреднизолон, триамцинолон, дексаметазон, триамцинолон ацетонид (кеналог) жатады.

Глюкокортикоидтардың қабынуға қарсы белсенділігі әмбебапты болып келеді. Ол олардың ақуыз - липокортин синтезін белсендіру қабілетімен байланысты, ол мембраналық фосфолипидтерден арахидон қышқылының шығуын шеттету жолымен, олардың фосфолипаза А2 гидролизин басады. Ол эйкозаноидтардың синтезін азайтады: қабынуда басты рөл ойнайтын простациклинді, тромбоксанды, лейкотриендерді төмендетеді (10.1 суретті қара).

 

Сурет 10.1. Арахидон қышқылының каскады

5 – HPETE – 5-гидропероксиэйкозатетраен қышқылы; ПГЕ2, ПП2, ПГF2α – простагландиндер; ТхА2 – тромбоксан А2; ЛТА4, ЛТВ4, ЛТС4, ЛТD4. ЛТЕ4 – лейкотриендер; АТФ – антитромбозды фактор (простациклин).

 

Глюкокортикоидтардың қабынуға қарсы дәрілер ретінде қолдану көрсеткіштеріне патоиммунды қабыну жатады. Олар дәнекер тінінің жүйелік ауруларындағы жедел фазаларында кеңінен қолданылады, артрит, саркоидоз, альвеолит, терінің инфекциялық емес қабыну ауруларында. Глюкокортикостероидтардың ағзаның көптеген қызметіне әсер етуін ескеріп және бірқатар аурулардың ағымы (бронх демікпесі және басқалары) олардың осы препараттарды үздіксіз қабынуға қарсы зат ретінде қолданылуын (доғарудың қауіпті көріністері) қысқартуға бағытталған және белгілі сақтықпен тағайындалады. Басқа қырынан қарасақ, глюкокортикостероидтар ең тиімді қабынуға қарсы ықпалға ие, сондықтан оларды қолданудың тікелей көрсеткіштеріне қабыну үрдістерінің орналасуы, ағза мен жүйенің және науқастың еңбекке қабілеттілігінің немесе өмірге қауіптілігі жатады.

Глюкокортикоидтардың жанама әсерлері олардың тәуліктік мөлшеріне, қолдану ұзақтығына, енгізу әдісіне (жергілікті, жүйелі ем), сонымен қатар препараттың өзіндік қасиетіне (минералокортикоидты белсенділігінің айқындылығына, майлар алмасуына әсері ж.т.б.) тәуелді. Оларды жергілікті қолданғанда инфекциялық агенттерге жергілікті тұрақтылығының төмендеуінен, жергілікті инфекциялық асқынулардың дамуы мүмкін. Глюкокортикоидтарды жүйелік қолданған кезде Кушинга синдромының, стероидты дибеттің, стероидты асқазан жарасының, стероидты васкулиттің, остеопороздың дамуы, гипертрихоздың, натрий мен судың ұсталуы, калийдің жоғалтуы, артериалды гипертензияның, миокардиодистрофияның, инфекциялық асқынулардың (бірінші кезекте туберкулез), психоздың дамуы, бір қатар ауруларда доғару синдромының (емді доғарғаннан кейін аурудың бірден асқынуы), бүйрек үсті безі қызметінің жетіспеушілігінің (глюкокортикостероидтарды ұзақ уақыт қолданғаннан кейін) дамуы мүмкін.

Глюкокортикоидтарды жүйелік қолдануда кері көрсеткіштеріне жататындар: туберкулез және басқа да инфекциялық аурулар, қант диабеті, остеопороз (сонымен қатар, климактериялық кезеңнен кейін), асқазан мен он екіелі ішектің ойық жаралары, артериалды гипертензия, тромбозға бейімділік, психиканың бұзылуы, жүктілік. Оларды жергілікті қолдану кезінде (тері, тыныс алу жолдары, буындар) негізгі кері көрсеткішіне – дененің сол аймағында инфекциялық үрдістің болуы жатады.

 

СЕҚҚД - әртүрлі химиялық құрылымға ие, қабынуға қарсы қасиетінен басқа сонымен қатар, анальгетикалық және қызуды басатын белсенділігі бар. СЕҚҚД тобын салицил қышқылының туындылары (ацетилсалицил қышқылы, мезалазин), кейде индол (индометацин, сулендак), пиразолон (фенилбутазон, клофезон), фенилсірке қышқылы (диклофенак), пропион қышқылы (ибупрофен, напроксен, флурбипрофен, кетопрофен), оксикам (мелоксикам, пироксикам, тиноксикам) туындылары мен басқа да химиялық топтар (бензитамин, набуметан, нифлум қышқылы) құрайды.

СЕҚҚД-ің әсер ету механизмінің басты элементіне – арахидон қышқылының метаболизміне қатысатын негізгі фермент - циклооксигеназа (ЦОГ) белсенділігінің тежеуімен байланысты болатын, простогландин синтезінің басылуы жатады.

Арахидон қышқылы фосфолипаза А2 қатысуымен мембраналық фосфолипазадан түзеледі (бұл ағзаның физиологиялық үрдістеріне қатысатын қабыну медиаторының, сол сияқты бір қатар ББЗ көзі – қанды сұйылтатын простациклин, тромбоксан А2 қанның ұюын жоғарылататын, гастропротективті простагландиндер және т.б.).

Арахидон қышқылының метаболизмі екі жолмен жүреді:

• ЦОГ қатысуымен жүретін (простагландиндердің, простациклиннің, тромбоксан А2) циклооксигеназды;

• липооксигеназды (лейкотриендердің түзілуіне = интерлейкиндер липооксигеназаның қатысуы кезінде).

Простагландиндер қабынудың басты медиаторы деп саналады, себебі олар ноцицепторларды қабыну медиаторларына сенсибилизирлейді (гистаминге және брадикининге), сонымен қатар гистаминге және серотонинге тамыр қабырғаларының сезімталдығын жоғарылатады, сезімталдық шегін азайтады, ол жергілікті тамырлардың кеңеюіне әкеледі (терінің қызаруы, тамыр өткізгіштігінің жоғарлауы → ісіну). Сонымен қатар, простагландиндер микроорганизмдер мен олардың токсиндерінің әсерінен синтезделінетін екіншілік пирогенді заттардың әсеріне жылуды реттеу гипоталамиялық орталықтардың сезімталдығын жоғарылатады (мысалы, интерлейкин 1).

ЦОГ−1 мен ЦОГ−2 бар:

ЦОГ−1 − көптеген жасушаларда үнемі болатын (тек эритроциттерде ғана жоқ) құрылымды фермент. Жасушалардың қалыпты белсенділік қызметін қамтамасыз етуіне қатысатын простагландин өнімін реттейді (гатропротекция, тромбоциттердің агрегациясы, бүйрек қан айналымының жағдайы, жатыр тонусы, сперматогенез ж.т.б.).

ЦОГ-2- қабынудың алдында простагландин синтезіне қатысады.

Көптеген СЕҚҚД тең дәрежеде ЦОГ-1 мен ЦОГ-2-ні баяулатады, ол біріншіден – қабыну үрдісін тежесе, ал екіншіден қорғаныстық простагландин өнімдерін төмендетіп, шырышты тосқауылды бұзады, оның негізі асқазанда гастропатияның туындататын репаративтік үрдістерге жатады. Демек СЕҚҚД негізгі әсер ету механизмі де жанама әсерлері де жатады, нақты айтқанда оларды қабынуға қарсы дәрілер ретінде қолданылу мақсатында қалаусыз болып келеді.

Қабынуға қарсы ықпалы. СЕҚҚД белгілі мөлшерде экссудация фазасын тежейді. Ең күшті препараттар − индометацин, диклофенак, фенилбутазон сол сияқты – пролиферация фазасына да әсер етеді (коллаген синтезін азайтады және тіндердің склероздануы осыған байланысты), бірақ экссудативті фазаға әлсіз әсерін тигізеді. СЕҚҚД альтерация фазасына мүлдем әсер етпейді. Қабынуға қарсы әсері бойынша фосфолипаза А2 ферментін баяулату арқылы фосфолипидтердің метаболизмін тежейтін және простагландиндер мен сол сияқты, қабынудың маңызды медиаторы болып келетін лейкотриендердің түзілуін бұзатын барлық СЕҚҚД белсенділігі глюкокортикоидтардан төмен (10.2 сурет).

 

Сурет 10.2. Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілердің әсер ету механизмі

 

Анальгетикалық ықпалы. Көп дәрежеде бұлшықеттерде, буындарда, сіңірлерде, жүйке бағандарында, сонымен қатар бас және тіс орналасқан қарқындылығы әлсіз және орташа ауыру кездерінде қолданылады. Көп жағдайларда өте күшті висцеральді ауырсынуларда СЕҚҚД әсері төмендеу және көрсететін анальгетикалық күші морфин тобының препараттарына қарағанда (наркотикалық анальгетиктерге) әлсіз. Сонымен қатар, бір қатар бақыланған зерттеулердің көрсеткіштері бойынша диклофенак, кеторолак, кетопрофен, метамизол препараттарының анальгетикалық белсенділігі шаншулар және операциядан кейінгі ауырсынулар кезінде анағұрлым жоғары екендігі көрсетілген. СЕҚҚД несеп жолдарындағы тас ауруларынан болатын бүйрек шаншуларында тиімділігі, көбінесе бүйректе ПГ−Е2 өнімінің тежелуімен, бүйрек қан айналымының төмендеуімен және несептің түзілуімен байланысты.

Бұл бүйрек табақшаларында және несеп ағардың бітелген жерінен жоғары орналасқан жерде қысымды азайтады және ұзақ ауырсынуды басатын ықпалды қамтамасыз етеді. Наркотикалық анальгетиктерге қарағанда СЕҚҚД-дің артықшылығы олар тыныс алу орталығын тежемейді, дәріге тәуелділік және эйфория тудырмайды, оған қоса ұстама кезінде спазмогендік әсер көрсетеді.

Қызуды басатын әсері. СЕҚҚД тек қызба кездерінде ғана әсер етеді. Қызуды басатын механизмі бас миындағы простагландинсинтетаза белсенділігін тежеумен байланысты, нәтижесінде гипоталамустағы жылуды реттеу орталығындағы Е1 (пирогенді фактор) простагландиннің әсерін басады (10.1 суретті қара).

Қалыпты дене қызуына әсер етпейді, ол гипертермиялық заттардан (хлорпромазин) айырмашылығына жатады.

Антиагрегаттық ықпалы. Тромбоциттердегі ЦОГ-1 баяулату нәтижесінде ондағы эндогендік проагрегантты тромбоксан синтезін тежейді. Аса күшті және антиагрециалық белсенділікке аспирин ие, ол тромбоциттің өмір сүру уақытына қарай (7 күн) агрегациясын қайтымсыз тежеуі мүмкін. Ал өзге СЕҚҚД антиагрегациялық әсері әлсіз және қайтымды. Талдамды ЦОГ-2 баяулатқыштар тромбоциттердің агрегациясына әсер етпейді. СЕҚҚД негізінен ревматологияда қолданылады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-08; Просмотров: 1396; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.114 сек.