Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Темуров Ф.Т. 3 страница




Хирургия бөлімінің жұмыс нәтижесі тәжірибесі мол мамандармен қамтамасыз етілуіне және олардың еңбегінің дүрыс ұйымдастырылуына байланысты. Жұмыс кестесін әрбір кезекте бір тәжірибесі мол дәрігермен бір жас дәрігерді қосып жасаған дұрыс.

Себебі жас дәрігер тәжірибелі дәрігерден оқып үйренеді. Егер кезекте бір дәрігер-хирург істейтін болса, онда тәжірибелі дәрігерді науқастар көп келетін кезекке қойған абзал.

Емдеу жұмысын ұйымдастыру. Хирургиялық оталардың мөлшері мен түрі — дәрігер-хирургтің тәжірибесіне байланысты.

Ота емханалық жағдайларда, тек қана отадан кейін үйіне өз бетімен немесе біреудің көмегімен кететін науқастарға жасалады. Жасалатын оталар ішінде тіс жұлу отасы көбірек кездеседі.

Емханада жасалатын ауыр оталар қатарына: дистопия, жартылай ретенция, ретенция болған тістерді алу, периостит, лимфаденит кезіндегі іріңді шығару, жұмсақ тіндердің жарақатын тігу, жақ сүйектері сынғанда, шығып кеткенде орнына салу жатады. Бұл оталар жоспарланбаған топқа жатады.

Емханаларда жоспарлы түрде жасалатындарға оталарға: тісті реплантация, трансплантация, имплантация жасау, тіс түбірінің ұшын кесу, жақ-бет аймағындағы жұмсақ тіндерде, сүйектерде кездесетін кішігірім қатерсіз ісіктерді, биопсия, сары сулы ісіктерді, сілекей бездерінің түтіктерінде орналасқан тастарды алу, сонымен бірге кішігірім ақауларға пластика жасау, секвестрэктомия және пародонтит ауруларын хирургиялық әдіспен емдеу жатады.

Бөлімнің (бөлімшенің) жұмысы бөлмелерді науқас қабылдауға дайындықтан бұрын басталады. Бөлменің санитарлық жағдайын тексереді күнделікті әрбір кезек басталар алдында мейірбике екі залалсыздырылған үстел дайындайды. Оның бірі құралдарға арналса, екіншісі таңу жабдықтарына арналған. Егер бөлмеде екі мейірбике болса, бірі залалсыздырылған үстелді қолмен жасақтау әдісімен айналысып, екіншісі дәрігерге науқастарды қабылдауға көмектеседі.

Мейірбике жалпы жағдайлары ауыр науқастарды дәрігерге бірінші кезекпен кіргізеді, қалғандарын дәрігерге жазылу уақытына байланысты кезекке қояды. Науқастарды дәрігерге тек сыртқанамамен ғана кіргізу

керек. Қабылданғаннан кейін дәрігер науқастарды зерттеп, нақтамасын қойып, емдеу кезегін белгілейді.

Жоспармен жасалатын оталарды арнайы кітапшаға тіркеп, олардың күндерін белгілейді. Барлық қорытындылар және дәрігер нұсқаулары мекеменің арнайы іс қағазына жазылады. Науқасты зерттеу нәтижесінің мәліметтері, дәрігердің іс-қимылдары, нұсқаулары және ем нәтижесі сырхатнамаға жазылып, науқасты қайта қарау керек болса, уақыты, күні, бөлменің саны және дәрігердің аты-жөні көрсетіледі. Осы науқастардың сырхатнамасы дәрігер бөлмесінде сақталады.

Үйінде көмек көрсетілетін науқасқа, дәрігер мейірбике бөледі.

Ота жасалатын бөлменің жұмысын ұйымдастыру. Ота алдында дәрігер медбикені жасалатын оталардың тізімімен таныстырып, оған керекті құралдар мен материалдарды дайындауға тапсырма береді. Залалсыздандырған заттарды екі үстелға бөледі, бірі таңу жабдықтары, екіншісі құралдар үшін. Хирургке ота жасауға көмекші қажет. Оның қызметін тәжірибелі мейірбике, дәрігер немесе жоғары курс студенттері атқарады. Отадан кейін науқасты 30 минуттан 1 сағатқа дейін уақытша демалатын бөлмеге жатқызған жөн.

Әдетте мамандандырылған стоматология емханалары кеңес беру - методикалық орталық болып есептеледі. Оларға басқа мекеме, аудан дәрігерлері науқастарды кеңес алу үшін жібереді. Бұл емханаларда кеңес беруші болып ғылыми атағы бар дәрігерлер істейді. Осымен қатар оларға облыстық, аудандық, емханалар бекітіледі.

Әрине, хирургия бөлімдері жұмысының ішінде аурудың алдын алу қызметі жоғары орында болуы қажет.

Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығында «Дәрігер-стоматологтың бақылауында болатын науқастардың диспансерлік үлгісінің жобасы» берілген.

Хирургиялық стоматология ауруханасы жұмысын ұйымдастыру. Қазіргі хирургиялық стоматология мен жақ-бет хирургиясы ауыз қуысына жасалатын оталардан бастап, өте қиын қатерлі ісікті алу және күрделі пластикалық оталармен айналысады.

Осыған байланысты хирургиялық аурулар ауыз қуысында, жақ сүйектерде, бетте, мойында орналасқан науқастарға толық көмек көрсету үшін облыстық, қалалық, аудандық ауруханалардың құрамында жақ-бет хирургиясының бөлімдері жұмыс істеуі қажет.

Ота бірлестігінің санитарлық-гигиеналық талаптары. Ота бірлестігінің(көлемі, едені, қабырғалары, есік-терезелері, жарықтығы температурасы және т.б.) тиісті құжаттарға сәйкес болуы тиіс.Ота бірлестігі ота жасайтын, ота алдындағы, залалсыздандыру жасайтын, ұйықтату арналған, құрал-саймандар тұратын, құралдар сақталған, хирург және мейірбике отыратын, материалдар тұратын, гипс салатын, душ қабылдайтын бөлмелерден тұрады.

Мүмкіндігіне қарай ота жасайтын екі бөлме болуы қажет. Бірі жақ-бет аймағында пластикалық оталар, екіншісі ауыз қуысына және іріңді оталар жасайтын бөлме. Оларға кіретін есіктер бөлек болуы қажет. Егер екі бөлме болмаған жағдайда, бірінші кезекте «таза» ота жасалынып, екінші кезекте іріңді оталарды жасауға болады. Осыдан кейін бөлмені, ондағы жиһаздарды антисептикалық (хлорамин, лизол, сулема т.б.) ерітінділерімен тазалап жуғаннан кейін, бактериоцидтік шаммен тазартады. Клиникадағы ота бөлмесіне көп студенттер, курсанттар кірмеуі үшін, отаны теледидар арқылы алыстан көрсететін бөлме дайындаған жөн немесе оталық бөлменің төбесін (күмбезін) жақсы көрінетін әйнекпен жабу қажет.

Жақ-бет бөлімінде науқастарды таңатын екі бөлме қажет. Олардың бірінде «таза» оталардан, екіншісінде іріңді оталардан кейінгі науқастарға жәрдем көрсетіледі.

Бөлімде ота бірлестігі, таңу бөлмелерінен басқа, тіс және ауыз қуысын емдеу, дәрігер-протезист, ауыз қуысын тазалайтын бөлмелер болулары қажет. Осымен қатар шағын (1-2 орынға) тіс-техникалық лабораториясы болғаны жөн. Егер ауруханада кино-фото лабораториясы болса, оны жақ-бет хирургиялық бөлімі кеңінен пайдалануы қажет.

Әрбір бөлімде, оның мүмкіншілігіне қарай, отадан кейін науқастар жататын екі (ер, әйелдер) бөлме, төсек басында оттегін, азот қышқылың жіберетін бөлмелі қалқанша және сорғыш резервуармен қосылатын штуцер болуы керек.

Жақ-бет аймағындағы аурулардың ауруханалармен қамтамасыз ету үшін (Ф.А.Любилов, Г.А.Попов, Т.М.Лурье зерттеулері бойынша) 10000 тұрғынға 1,7 төсек керек.

Республикалық, облыстық, қалалық, ауруханалардағы жақ-бет хирургиялық бөлімдер сол жерлердегі орталық ұйымдастыру және әдістемелік орын болып табылады. Олар студенттер және курсанттар оқытатын орталық клиника болып саналады. Бөлмелер штатына сол ауруханаларда жұмыс істейтін стоматологтардың барлығы кіреді.

2.3. Бөлімдер алдына қойылатын негізгі міндеттер

1.Науқастарға хирургиялық, емдік жоғары мамандандырылған көмек көрсету және күрделі ота жасау мен жақ протездерін салу.

2.Бөлім меңгерушісі немесе оның көмекшісі ауруханадағы барлық стоматологиялық науқастарға көмек көрсетулері тиіс.

Бөлім жұмысының сапасын тексеру.

3. Ауруханалар мен емханалардағы науқастарды қарау және кейбір науқастарды диспансерлік бақылауға қою.

Хирургиялық науқастарды емдеу нәтижесін көрсету және дұрыс нақтама қою үшін консилиум ұйымдастыру немесе оған қатысу.

4. Стоматологтардың, орта медицина қызметкерлерінің білімдерін жетілдіру қызметін ұйымдастыру (курстар, тематикалық семинарлар жұмыс орнында т. б.).

5. Дәрігер-хирургтердің, травматологтердің, учаскеде істейтін дәрігерлердің, орта білімді медицина қызметкерлерінің стоматологиялық науқастарға жедел көмек көрсету және жақ-бет аймағында орналасқан ісіктерге нақтама қоюында білімдерін көтеру жұмысына белсенді қатысу.

Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс. Жергілікті жердегі стоматологиялық науқастарға нақтама қою және емдеу нәтижелеріне күнделікті сараптау, бөлімге жіберілген науқастардың нақтамасын клиникада қойылған нақтамасымен үйлесуі және үйлеспеуін тексеру.

Тапсырманы қайталауға арналған естемелік жаттығу сұрақтары:

 

1. Хирургиялық стоматологиялық бөлменің көлемі:

/ бір орындыққа 14 м2 және 7 м2 әрбір қосымша орындыққа

/ бір орындыққа 7 м2 және 5 м2 әрбір қосымша орындыққа

/ бір орындыққа 17 м2 және 7 м2 әрбір қосымша орындыққа

/ бір орындыққа 10 м2 және 7 м2 әрбір қосымша орындыққа

/ бір орындыққа 25 м2 және 10 м2 әрбір қосымша орындыққа

 

2. Хирургиялық операциялық бөлмесінің қабырғасы немен қапталады:

/ сулы эмульсиялы бояумен

/ қағазбен

/ ағашпен

/ торкөз қышпен

/ майлы бояумен

 

3. Хирургиялық бөлмеде ылғалды жинау неше рет жүргізіледі:

/ 2 рет

/ 5 рет

/ 6 рет

/ 10 рет

/ Жүргізілмейді

4. Хирургиялық науқастарды тексеру қай жерде жүргізіледі:

/стоматологиялық орындықта

/ егу бөлмесінде

/ дәлізде

/ ота бөлмесінде

/ тексеру қажет емес, бірден емдейді

 

5. Хирургиялық стоматология бөлімшесінің (бөлмесінің) жабдықталуы Денсаулық сақтау Министрлігінің ________санды бұйрығы негізінде іске асырылады?

/ 12.06.1984 жылғы № 670-ші бұйрығы

/ 25.12.1987 жылғы № 432-шы бұйрығы

/ 25.11.1997 жылғы №735-ші бұйрығы

/15.01.1983 жылғы №513-ші бұйрығы

/05.03.1988 жылғы №153-ші бұйрығы

 

6. Ота жасайтын бөлменің көлемі:

/ Ота жасайтын бөлменің көлемі бір орындыққа 14 м2, ал келесі қойылатын әрбір орындыққа 7 м2 болуы қажет.

/ Ота жасайтын бөлменің көлемі бір орындыққа 17 м2, ал келесі қойылатын әрбір орындыққа 11 м2 болуы қажет.

/ Ота жасайтын бөлменің көлемі бір орындыққа 18 м2, ал келесі қойылатын әрбір орындыққа 3 м2 болуы қажет.

/ Ота жасайтын бөлменің көлемі бір орындыққа 11 м2, ал келесі қойылатын әрбір орындыққа 8 м2 болуы қажет.

/ Ота жасайтын бөлменің көлемі бір орындыққа 15 м2, ал келесі қойылатын әрбір орындыққа 2 м2 болуы қажет.

 

7. Дәрігер қабылдауын күтетін бөлменің көлемі:

/ бір ауруға 1,2 м2 орта есеппен 4 ауруға арналуы керек.

/ бір ауруға 1,5 м2 орта есеппен 3 ауруға арналуы керек.

/ бір ауруға 0,2 м2 орта есеппен 7 ауруға арналуы керек.

/ бір ауруға 0,7 м2 орта есеппен 5 ауруға арналуы керек.

/ бір ауруға 0,9 м2 орта есеппен 8 ауруға арналуы керек.

 

8. Хирургия бөлімшесін ашу үшін кемінде.... бөлме керек. Олар:

/ Дәрігер қабылдауын күтетін бөлме, Ота алдындағы бөлме, Ота бөлмесі, Залалсыздандыру жасайтын бөлме, Отадан кейін аурулар уақытша жататын бөлмесі.

/ Дәрігер қабылдауын күтетін бөлме, Залалсыздандыру жасайтын бөлме, Отадан кейін аурулар уақытша жататын бөлмесі.

/ Ота алдындағы бөлме, Ота бөлмесі, Залалсыздандыру жасайтын бөлме,

/ Дәрігер қабылдауын күтетін бөлме, Залалсыздандыру жасайтын бөлме,

/ Ота алдындағы бөлме, Залалсыздандыру жасайтын бөлме,

9. Хирургиялық бөлмелердің қолайлы температурасы...... болып табылады.

/18—25°

/12-17°

/15-17°

/15-17°

/27-33°

10. Бөлімшені (бөлмені) жетісіне неше рет жалпы тазартудан өткізеді?

/ бір рет жалпы тазартудан

/ екі рет жалпы тазартудан

/ үш рет жалпы тазартудан

/ бес рет жалпы тазартудан

/ жеті рет жалпы тазартудан

 

11. Науқасты дәрігер зерттеп көргенде және дәрігерлік әрекет жасағанда міндетті түрде..... пайдалануы тиіс.

/ бет перде, көзді қорғайтын көзілдірік, резеңке қолғап

/ көзді қорғайтын көзілдірік, резеңке қолғап, халат

/ бет перде, көзді қорғайтын көзілдірік, бахила

/ көзді қорғайтын көзілдірік, резеңке қолғап, бахила

/ бет перде, көзді қорғайтын көзілдірік, халат

 

12.Дәрігер ота кезінде....... киюі шарт.

/ залалсыздандырылған халат, аяғына бахила

/ аяғына бахила, көзді қорғайтын көзілдірік, резеңке қолғап,

/ залалсыздандырылған халат, бет перде, көзді қорғайтын көзілдірік

/ аяғына бахила, бет перде, көзді қорғайтын көзілдірік

/ залалсыздандырылған халат, көзді қорғайтын көзілдірік, резеңке қолғап

 

13. Қазақ Республикасының Денсаулық сақтау Министрінің бұйрығы бойынша........ бөлінген.

/10000 тұрғынға 4 дәрігер-стоматолог

/15000 тұрғынға 8 дәрігер-стоматолог

/20000 тұрғынға 7 дәрігер-стоматолог

/25000 тұрғынға 5 дәрігер-стоматолог

/30000 тұрғынға 9 дәрігер-стоматолог

 

14. Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы бойынша қанша дәрігерге 1 дәрігер-анестезиолог тағайындалған

/ 20

/ 10

/ 15

/ 12

/ 14

15. Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы бойынша қанша дәрігерге 1 дәрігер-рентгенолог тағайындалған

/25

/12

/15

/18

/20

16. Емханаларда жасалатындарға оталар........ болып бөлінеді:

/ жоспарлы, жоспарсыз

/ жоспарсыз, арнайы

/ жоспарлы, арнайы емес

/ жоспарсыз, арнайы емес

/ жоспарлы, арнайы

 

17. Залалсыздандырған заттарды....... бөлінеді.

/ екі үстелге

/ үш үстелге

/ бес үстелге

/ төрт үстелге

/ жеті үстелге

 

18. Залалсыздандырған заттар......... болып үстелдерге бөлінеді.

/ таңу жабдықтары, құралдар үшін.

/ таңу жабдықтары, кеңсе заттары

/ құралдар, зертхана заттары

/ таңу жабдықтары, зертхана заттары

/ құралдар, кеңсе заттары

 

19. Жақ-бет бөлімінде науқастарды таңатын..... болуы қажет.

/ екі бөлме

/ төрт бөлме

/ бір бөлме

/ бес бөлме

/ үш бөлме

 

20. Жақ-бет бөлімінде науқастарды таңатын..... бөлмелер қажет.

/ таза, іріңді

/ іріңді, жоспарлы

/ таза, жоспарсыз

/ іріңді, жоспарсыз

/ таза, жоспарлы

 

21. Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы бойынша қанша тұрғынға қанша төсек-орын болуы керек?

/10000 тұрғынға 1,7 төсек керек.

/15000 тұрғынға 1,5 төсек керек.

/20000 тұрғынға 2,1 төсек керек.

/25000 тұрғынға 2,2 төсек керек.

/30000 тұрғынға 2,3 төсек керек.

 

22. Отаның нобайын жазу жорналының үлгісін көрсетіңіз.

/ Ф.№ 069/у

/ Ф.№ 094-1/у

/ Ф.№ 095-1/у

/ Ф.№ 043/у.

/ Ф.№ 030/у.

 

23. Уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы анықтаманың үлгісін көрсетіңіз.

/ Ф.№ 094-1/у, 095-1/у

/ Ф.№ 030/у, 069/у

/ Ф.№ 043/у, 069/у

/ Ф.№ 069/у, 028/у

/ Ф.№ 030/у, 027/у

 

24. Науқастарды диспансерлік есепке алу және бақылау жорналының үлгісін көрсетіңіз.

/ Ф.№ 030/у.

/ Ф.№ 069/у

/ Ф.№ 095-1/у

/ Ф.№ 028/у

/ Ф.№ 027/у

 

25. Стоматологиялық науқастар үшін емханалық сырқатнама үлгісін

көрсетіңіз.

/ Ф.№ 043/у.

/ Ф.№ 027/у

/ Ф.№ 028/у

/ Ф.№ 030/у.

/ Ф.№ 069/у

 

 

 
IІІ ТАРАУ

БЕТ-ЖАҚ АЙМАҒЫНЫҢ АНАТОМИЯЛЫҚ, ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 1249; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.097 сек.