Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Емханаларда берілетін –жалпы жансыздандыру-наркоз 1 страница




 

Емханаларда жалпы жансыздандыру-наркоз балаларға, психикасы (есі) бұзылған адамдарға, жергілікті анестетиктерге сезімтал (идиосинкрозия) науқастарға, бір уақытта терапевтік, ортопедиялық, хирургиялық санация жасағанда беруге болады. Жалпы жансыздандыру-наркоз беру үшін 11,7% Шейн-Амман (1949) немесе 400 мл циклопропан + 58,9% оттегі +1000 мл 29,4% азотты оттегі қосындылары қолданылады. Жалпы жансыздандыру-наркоз науқас орындықта-креслода отырғанда беріледі.

Жалпы жансыздандыру-наркоз деңгейі бірінші хирургиялық деңгейде жүргізіледі. Егер ота көлемі кіші және аз уақыт ішінде жасалынатын болса рауш-наркоз (жалпы жансыздандыру-наркоздың 1 кезеңінің екінші сатысы-фазасы – аналгезия) қолдануға болады. Қазіргі кезде емханаларда жалпы жансыздандыру-наркоздың тыныс алу жолдары арқылы емес-ингаляциясыз көк тамыр арқылы (вена) түрі көп қолданылып жүр.

Жалпы жансыздандыру-наркоздың асқынулары. Барлық жалпы жансыздандыру кезінде кездесетін асқынуларды негізгі үш топқа бөлуге болады:

1) жалпы жансыздандыруға;

2) жақ-бет аймағындағы патологиялық кезеңдерге, науқастың жалпы жағдайына, ота ерекшеліктеріне;

3) анестезиолог пен хирург жіберген техникалық қателіктерге байланысты асқынулар.

Клиникалық көрінісіне байланысты асқынулар 4 топқа бөлінеді:

1) механикалық жарақаттану; 2) сыртқы тыныс бұзылысы; 3) жүрек-қан жүйесі жұмысының жедел жетіксіздігі; 4) тағы басқа жағдайларға байланысты асқынулар.

6.6. Кенеттен өлген кездегі реанимация

(қайта тірілту — «жан шақыру»)

Организмнің клиникалық өлуі кезінде қайта тірілту үшін қолданылатын шараларды реанимация (латынша re — қайта, animal — жан, өмір).

Әрине, реаниматология — кенеттен өлген ағза, мүшелердің жұмысын қайта жалғастыру және жедел нашарлаған организмді қайта орнына келтіру ілімі болғандықтан, оның принциптері мен тәсілдері арнайы анестезиолог-реаниматолог тағайындайтын орындарда оқытылады. Бірақ барлық медицина мамандары реанимацияның негізгі тәсілдерін, ерекше кездесетін сын жағдайларда қолдануын білуі қажет. Осындай ерекше сын жағдайларда тыныс алу және жүрек жұмыстарының жедел ағымды тоқтауларына байланысты кездеседі.

Кенеттен өлудің негізгі себептері жүрек аурулары, нәрестенің тұншығуы, сәтсіз оқиғалар, жалпы жансыздандырудың-наркоздың асқынулары. Сафардың зерттеулеріне қарағанда осы жағдайларда қайта тірілтуге болады.

Өмірдің барлық сыртқы белгісі тоқталып, бірақ қайта тірілтуге болатын организм жағдайын клиникалық өлім дейміз. Ол жүрек жұмысы тоқтағанан кейін басталып 4-5 минутқа созылады. Егер осы уақыт ішінде тиісті шаралар қолданылмаса ми, содан кейін биологиялық өлім келеді.

Жүрек жұмысының тоқтау салдарынан қан қозғалысы және, тыныс алу тоқтайды, оларға байланысты, сыртқы және ішкі газ айналымы тоқтайды. Гипоксия және гиперкапния (тыныс алу ацидозы) кезеңдері-процестері басталады. Жүрек тоқтағаннан соң 1-2 минуттан кейін организмде болған гипоксияның әсерінен метаболдық ацидоз (толық қышқылданбаған заттардың жиналуы) пайда бола бастайды.

Жүрек тоқтауының (клиникалық өлімнің) белгілері: 1) тамыр соғуының тоқтауы; 2) дем алу жоқ немесе соңғы тыныстар; 3) көз қарашығының толық кеңуі (жүрек тоқтағанынан 1 минуттан кейін) және қозғалмауы; есінің жоғалуы; тері түсінің бозаруы немесе көгеруі, егер жара болса, одан қан ағуының тоқтауы.

Жүрек тоқтағанда қолданылмайтын әрекеттер (4-5 минуттан кейін ми өлетін болғандықтан, секундпен саналатын қымбат уақытты өткізіп алмау керек); Қан қысымын өлшеу мен кеуде тынысын тыңдауға уақыт жібермеу; Электрокардиограмма жазудың (бұны реанимациялық шараларды бастағаннан кейін) қажеті жоқ; Қан жүрісі тоқтауына байланысты дәрілер енгізудің қажеті жоқ; Ерітінділер және қан құю үшін көк тамыр арқылы-система қоюдың қажеті жоқ. Оны реанимация басталғаннан кейін қоюға болады; Жәрдем шақыруға жүгірмеген абзал.

Жүрек тоқтағанда қандай шаралар қолдану қажет? Тездетіп, жалғыз нәтиже беретін реанимациялық шара қолдануға кірісу керек. Яғни жүректі массаждау арқылы қолдан дем алдырып және қан айналымын жақсарту. Бұл шаралар гипоксия және гиперкапнияны азайтып, миды өлімнен сақтап, клиникалық өлім уақытын ұзартады.

Қолдан дем алдырудың ауызбен ауыз арқылы әдісі.

 


Сурет-23. Алғашқы жәрдем түрлері

 

а- бір қолмен маңдайды басып, екінші қолды мойын астына жіберіп аурудың басын барынша артқа қарай шалқайту керек. б-маңдайдағы қолмен мұрынды қысып жабады, ал өз аузымен аурудың аузын толық қамтиды; в- ауызбен ауаны аурудың өкпесіне кеудесі көтерілгенше үрлейді;

Реанимация кезеңдері:

I - орталық жүйке жүйесіне жедел ауа (газ) жеткізу (оксигенация);

II - қан айналысын қалпына келтіру;

III - қалпына келтірілген кезеңдерді әрі қарай жалғастыру.

I. Қолдан дем алдыру (жедел түрде кірісу қажет), оның екі әдісі бар:

1. Экспираторлы: ауызбен ауыз, мұрын, түтік арқылы (1 сурет).

2. Аппараттық: дем алдыратын немесе наркоз беретін аппарттар арқылы

Аппараттық дем алдыру әрқашан жақсы нәтиже береді, бірақ барлық жағдайда дем алдыруды экспираторлық әдістен бастайды. Өйткені бұны ұйымдастыруға ешқандай уақыт кетпейді.

Қолдан дем алдырудың ауызбен ауыз арқылы әдісі. 1) Бір қолмен маңдайды басып, екінші қолды мойын астына жіберіп аурудың басын барынша артқа қарай шалқайту керек. Бұл тілдің көмейге жылжымауын қамтамасыз етеді; 2) Маңдайдағы қолмен мұрынды қысып жабады, ал өз аузымен аурудың аузын толық қамтиды; 3) Ауызбен ауаны аурудың өкпесіне кеудесі көтерілгенше үрлейді; 4) Ауыз бен мұрынды босатқанда еріксіз дем шығады; 5) Бір минут уақытта 12-15 рет ауыз арқылы өкпені үрлейді;

Ауыз-мұрын арқылы қолдан дем беру әдісі. 1) Бір қолмен маңдайдан ұстап, екіншіқолды төменгі жақастына жіберіп ауызды жабады; 2) Ерінмен мұрынды жақсылап жабады, төменгі жақты сол қалпында ұстайды; 3) Ауызбен ауаны аурудың өкпесіне мұрын арқылы кеудесі көтерілгенше үрлейді; 4) Ерінді мұрыннан алып, төменгі жақты ұстап тұрған қолымен ауызды ашқанда еріксіз дем шығады: 5)Бір минут уақыт ішінде 12-15 рет өкпені осылай үрлейді.

Жоғарғы тыныс жолдарын тазарту. Ауыз қуысы және жоғарғы тыныс жолдары құсық, қан, тағы басқа заттармен бітеліп қалған жағдайда, оларды реанимация жасаудан бұрын алып тазалау қажет. Ол үшін ауруды етпеттен жатқызып қолмен жауырын аралығынан ұрады, саусақтарды орамалмен немесе басқа шүберекпен орап ауыз қуысын тазалау керек. Егер кішкене бала болса, оның аяғынан бір қолымен ұстап басын төмен жіберіп ауыз қуысын тазалап, көмекейі мен тамақта тұрған заттарды бос қолдың саусақтары арқылы жауырын ортасынан ұрып түсіруге болады.

Дем алдыратын немесе наркоз аппараттарымен дем беру кеңірдекке түтік жіберу арқылы жасалады. Оны тек анестезиолог-реаниматолог жасаған жөн.

II. Жүрекке массаж жасау (уқалау, сығу)

Бұл қан айналымын қолдан қалпына келтіріп, газдарды ағзалар мен жүйелерге тарату.

Жүректі сырттан сығу. Жүректі кеуде мен омыртқа желісінің аралығына қысу. Аурудың клиникалық өлу уақытында кеудені омыртқа желісіне қарай 4-5 см тереңдікке қысып жылжытуға болады (2 а, б-сурет).

Әдісі. 1) Ауруды шалқасынан қатты нәрсеге (жерге, еденге, столға, арбаға) жатқызады. 2) Реаниматордың алақаны кеуденің төменгі 1/3 орналасып, кеудеге тек білезік сүйегі тиюі қажет. 3) Төсте жатқан алақанның сыртқы жағына екінші қолдың алақаны қойылып кеудені омыртқа желісіне қарай, шынтақ буынын сәл бугіп, кеуденің жоғарғы жағынан барлық салмағымен бір ырғақпен қысу қажет. 4) Ересек ауруларға 1 минут уақыт аралығында 50 рет кеудені басу керек, ал балалар кеудесін бір қолмен немесе саусакдіен 1 минут уақытта 100-120 рет басу қажет. 5) Жүрек массажы (қысу) қолдан дем берумен қатар жүргізіледі. Егер реанимацияны бір адам жасайтын болса, онда 2-3 рет ауыз немесе мұрын арқылы дем бергеннен кейін кеудені 15 рет басу қажет. Ал екі адам жасаған уақытта бірі дем салып, ал екіншісі кеудені басады. Бұл жерде айтатын өте қажет жағдай, өкпені үрлеу мен кеудені басу бір-бірімен қатар болмай, бірінен соң бірі жасалуы керек.

 

 

Сурет -24. Жүрекке массаж жасау (уқалау, сығу)

а — реаниматордың алақаны кеуденің төменгі 1/3 орналасып, кеудеге тек

білезік сүйегі тиюі қажет. б — төсте жатқан алақанның сыртқы жағына екінші қолдың алақаны қойылып кеудені омыртқа желісіне қарай, шынтақ буынын сәл бугіп, кеуденің жоғарғы ағынан барлық салмағымен бір ырғақпен қысу қажет.

2. Журекке ашық немесе тікелей массаж (уалау) жасау. Жүректі сырттан сығу тәсілі 1-2 минут ішінде нәтиже бермеген жағдайда, кеудені ашып оны тікелей сығу тәсілі қолданылады. Ол үшін асептиканы ескермей, қолға түскен өткір пышақпен, төстің сол жағынан бір елі қалдырып кеудені IV-V қабырға аралығымен жұмсақ тіндерді орталық қолтықасты сызығына дейін кесіп кеудені және жүрек қабын ашады. Осыдан кейін жүректі екі алақан арасына салып минутына 60-80 рет бір қалыпта қысады. Бұл әдісті жүрек жұмысы қалпына әкелгенше жасайды.

 

Сурет-25. Жүрекке сыртынан жабық массаж жүргізу

 

Содан кейін жүрек қабын жиналған сұйықтан босатып оны тігеді, Кеуде тіндері қат-қабат тігіледі.

3. Жүрек массаждарының (сыртқы, ішкі) нәтиже көрсеткіштері. Егер қан айналымын қалыпты жағдайға келтірсе (әсіресе мидың) жүрек массажы жақсы нәтиже берген болып есептеледі. Массажды 5 секундтан (Гордан) артық уақытқа тоқтатуға болмайды. Оны үзіліссіз жасау қажет, Жүрек массажының нәтижесі болған жағдайда оның соғуы және дем алуы қалпына келгенімен, мидың толық тірілуі болмайды. Сондықтан жүрекке массаж жасағаннан соң бірден оның жұмыс нәтижесін тексеру керек.

Жүрекке массаж нәтижесінің көрсеткіштері: 1.Кеудені басқанда немесе жүректі қысқанда ұйқы тамырларының соғуы білінеді.

2. Егер атропин, эфедрин, адреналин сияқты, көз жанарын қысатын дәрілер енгізілмесе ол кішірейеді. Сонымен қатар бетке және ерінге қан жүгіріп, олардың түсі жақсарады.

3. Көбінесе, сфигмометр арқылы қан қысымын анықтауға болады. Әдетте оның деңгейі сынап бағанасымен 70-80 мм жетеді. Бірақ, көп жағдайда қосымша ем тәсілдері қолданылады.

Жүрек жұмысын қалпына келтіру. Қолдан дем беріп, жүрек массажын бастағаннан кейін бірден миокард және қан тамырлары жұмысын көтеретін шаралар қолдану қажет. Олар үшін:

а) Миокардтың күшін көбейтетін дәрілер қолдану. Норадреналин - 0,5 мл немесе адреналин— 0,5 мл. Қосымша - 5,6 мл 10% кальций, 1 мл 0,1% атропин ерітінділерін бір шприцпен ұзын ине арқылы төс сүйегінің сол жағасынан 1 елі алып IV-V қабырғалар арасымен, жүректің сол жақ қарыншасынан енгізу керек. Енгізер алдында поршенді сыртқа қарай тартқанда шприцке қан құйылуы қажет. Егер массаж бен қолдан

дем беру нәтижелі болса, онда бұл дәрілерді вена ішіне жіберуге болады.

б) Метаболды ацидозбен күресу. Ол үшін венаға— 75 мл 5% бикорбонат ерітіндісін әрбір 5 минут сайын жіберіп отыру керек (Сафар). Бір тәулік ішінде 200-600 мл бикорбонат құюға болады (Неговский). Ерітіндіні дайындау әдісі: 5 г соданы 100 мл ыстық стерилді дистиляциядан өткен сумен араластырады. Тығыз тығынмен аузы бекітілген, ішінде 5% бикорбонаты бар флаконды 30 минутқа автоклавқа салып стерилизация жасау керек.

в) Жүректі электр тогымен дефибриляция жасау. Егер массаж, қолдан дем беру нәтижелі бола тұрып және жоғарғы айтылған дәрілерді енгізгеннен кейін жүрек жұмыс істемесе, онда жүрек қарыншаларының фибриляциясы (дірілдеуі) болғаны. Онда жүрекке электр тогын жіберу арқылы дефибриляция жасау қажет. Дефибрилятордың электродтарын хлорлы натрийдің изотониялық ерітіндісімен ылғалданған дәкемен бірін оң жақ жауырын астына, екіншісін жүрек ұшына қатты басып ұстайды.

Дефибриляцияны 3,5 Ку ток күшінен бастап, әр бірінде 0,5 Ку қоса отырып 6 Ку дейін апарады. Дефибриляция жасаған кезде ауруға ешкім жанаспау қажет.

г) Глюкокортикоидтарды енгізу. Ол үшін келесі дәрілерді қолдануға болады: преднизолон 30-60 бірлік, 150-300 мг (ерітінді ампулада 25 мг, оны енгізу алдында 5 мл бикорбонат ерітіндісімен қосу қажет); 150-300 мг гидрокортизон ацетатын 5% глюкоза ерітіндісінің 250-500 мл қосады. Осы айтылған дәрілерді венаға енгізеді.

д) Жүрек энергетикасының қорын молайту үшін: 30% глюкоза +12 бірлік инсулин; 1% глюкоза + 2мл АТФ; В витамині, кокарбоксилаза ерітінділерін венаға құю қажет.

з) Жүректің тоқтау себебін жою. Жоғарыда айтылған реанимациялық шаралармен бірге, жүректі тоқтатқан себептермен

күресу қажет. Мысалы: қан азаюымен күрес, организмді удан тазарту т.б.

Есте сақтайтын негізгі қағидалар; 1) Жүрек жұмысы өз бетімен дұрысталмағанша жүрек массажын және қолдан дем беруді тоқтатпау қажет. Үзіліс тек жүрек ішіне дәрілер енгізу және дефибриляция жасау уақытында ғана; 2) Жоғарыда айтылған барлық ем жүрек уқалауын-массажын және қолдан дем берумен қатар орындалады.

 

III. Қалпына келтірілген кезеңдерді әрі қарай жалғастыру.

Жүрек жұмысы өзі бетімен қалыптасқаннан кейін реанимацияның үшінші кезеңі басталады. Егер жүректің уақыты қысқа болып, қан айналымын аз уақытта өз қалпына келтірсе ауру бір сағат ішінде есіне келуі мүмкін. Ал аурудың жалпы жағдайы, жүрек тоқтау алдында ауыр болса реанимациялық шаралар көп уақытқа созылып, орталық нерв жүйесі жұмысының қалыпқа келуі бірнеше сағаттан тәуліктерге созылады.

Орталық нерв жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіру, реанимациялық бөлімшелер немесе интенсивті терапия бөлмелерінде дәрігер-анестезиолог-реаниматологтар міндеті болып есептеледі. Бұл бөлімшелер барлық ауруханаларда болуы тиіс.

 

6.7. ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯДАҒЬІ ЖЕРГІЛІКТІ ЖАНСЫЗДАНДЫРУ

Науқастың есі қалпында бола тұра, оның денесінің белгілі бір жерінде ауырғанды сездірмеуге бағытталған іс-шаралар жергілікті жансыздандыру-анестезия деп аталады.

Ота-операция болатын жердің ауырғанын сездірмеуге әрекет ерте кездерден-ақ белгілі. Мысалы, египеттіктер ота-операцияның алдында теріні крокодилдің майымен сылаған, мемфис тасын сірке суымен араластырып теріге таңып қойған. Орта ғасырларда теріге меңдауана араласқан май жаққан. Аталған әдістер жөнді нәтиже бермеген соң жансыздандыру-анестезия үшін механика, физика әдістерді қолданыла бастады. Жүйке- нерв талшықтарын қысу, мұз басып мұздату 16 ғасырда қолданылса, бертін келе 19 ғасырдың 70 жылдарында жергілікті жансыздандыру-анестезия үшін эфир, хлороформ, бромэтил жиі қолданылды. Стоматологияда тек хлорэтил ғана кеңінен пайдаланылды. Ол негізінен абсцестерді, флегмоналарды тілуде, тіс жұлуда әжептәуір нәтиже береді. Жансыздандыру-анестезия үшін суықты пайдалануды С.Е.Березовский ғылыми еңбектерінде арқау етті.

1843 жылы Воод үшкіл жүйкенің ұстамалы ауруын (нервтің невралгиясын) емдеуге алғаш рет морфин мен апиын ерітіндісін екті. Әйтседе жергілікті жансыздандырудың-анестезияның тарихы 1879 жылы фармаколог В. К. Анрептің кокаинды қолдануынан басталады. Алғаш рет оны 1884 жылы Австрияда көзге ота-операция жасағанда (Коллер) қолданды. Кейінірек жергілікті жансыздандыруда-анестезияда жақ-бет

оталарында-операцияларында қолданыла бастады. 1885 жылы Голдстадт астыңғы жақ қуысына кокаин енгізіп алғаш рет тіс жұлды. Бірақ кокаинмен улану, тыныс, жүрек орталықтарының салдануы (параличі), науқас өліміне соқтыруы бұл саладағы ізденістерді жалғастыруға мәжбүр етті.

1905 жылы Эйнгорнның новокаинды ашуы үлкен жаңалық болып, жергілікті жансыздандыруда-анестезияда жаңа дәуір басталды.

Содан бері жергілікті жансыздандырудың-анестезияның үлкен бір тармағы қалыптасты.

6.8. ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯДА ЖЕРГІЛІКТІ ЖАНСЫЗДАНДЫРУҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ДӘРІЛЕРГЕ КЛИНИКА-ФАРМАКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ЖАСАУ

Сезімтал жүйке (нерв) талшықтарына (афферентті) жанасқанда ондағы жүйке серпінін (нерв импульсін) тоқтататын дәрілерді жергілікті жансыздандыру дәрілері немесе анестетик деп атайды. Олар кейде жүйке (нерв) сабақтарына, яки оны қоршаған тінге енгізілсе тағы бірде ерітінді, май күйінде кілегей қабыққа жағу арқылы әсер етеді.

Хирургиялық стоматологияда көбірек қолданылатын жансыздандыру дәрілері немесе анестетиктер: новокаин, тримекаин, лидокаин, бенкаин және дикаин. Химиялық құрылымы жағынан олар екі топқа бөлінеді.

1. Күрделі эфирлер, 2. Амидтер тобы.

Жансыздандыратын дәрі-дәрмектердің молекулалық құрамы 3 бөлімнен тұрады:

- Липодильді- майлы (хош иісті топ)

- Гидрофильді- сулы (аминді топ)

- Аралық қоспалар (эфир және амид қоспалары)

Күрделі эфирлер тобы. Күрделі эфирлердің құрамы өте тұрақсыз болғандықтан, олар қанның плазмасында тез ыдырайды, өте улы емес, эфирлік байланысы тұрақсыз және нашар болғандықтан суда тез ериді, сондықтан жансыздандыру уақыты ұзақ емес, қысқа. Кокаин өте улы болғандықтан қазір қолданылмайды. Новокаин, дикаин, анестезин.

Новокаин (пирокаин, аллокаин) күрделі эфирлердің хлорсутекті тұзы. Ол түссіз, иіссіз қырлы біртекті қатты зат (кристал). Суда (1:1), спиртте (1:8) оңай ериді. Хлорлы натрий изотоник ерітіндісінде (100°) 30 минут қайнатып дайындауға болады. Новокаин сілтіде тез суға ыдырайды, гидролизге ұшырайды. Улылығы аз, қолдануға ыңғайлы болғандықтан басқаларына қарағанда новокаин көбірек қолданылады. Жергілікті жансыздандыруға (инфильтрацияға)-0,25-0,5-1,0% ерітінділері, жақ пен тіске өткізгіш, Жергілікті жансыздандыруға (инфильтрация анестезиясына)- 2% ерітінді қолданылады. Терминальды (беткей) Жергілікті жансыздандыруға (анестезияға) әсерінің аздығынан қолданылмайды. Құрғақ новокаинның бір реттік жоғары мөлшері 1 грамм. Ересек адамға бір ретте 1% новокаиннен 75-100 мл-ден, ал 2% ерітіндіден 50 мл-ден артық енгізуге болмайды.

Дикаин (тетракаин) де күрделі эфирдің хлорсутекті тұзы, түссіз, иіссіз, кристалды ұнтақ. Суда, спиртте оңай ериді. Дикаин новокаинге қарағанда 10-15 есе күшті жансыздандыру дәрілері немесе анестетик, соған қарай оның улағыш әсері де соншама рет артық. Кілегей қабықтан оңай өтіп әсер етуі мүмкін, оның 1-3% ерітінділерін терминальды (беткей) жансыздандыру дәрілері немесе анестетик ретінде пайдалануға болатындығының дәлелі. Жоғары улағыштығын ескеріп оны 10 жасқа толмаған балаларға қолдануға, инъекция (егу) жасауға болмайды. Бір реттік жоғары мөлшері ересек адамға 0,09 г құрғақ зат (немесе 3% ерітіндіден 3 мл).

Амидтер тобы. Бұлар күрделі эфир тобымен салыстырғанда ұзағырақ уақыт әсер ететін жаңа жансыздандыру дәрілері немесе анестетиктер, құрамы тұрақты, РН-тың төмендеуіне төтеп бере алатын, тіндерге ену дәрежесі жоғары (қабыну кезеңдерде), жансызандыру нәтижесі өте жоғары. Сол үшін заманауи хирургиялық стоматологиялық көмек көрсетуде көпшілік жағдайларда негізінен амидтер тобына жататын жансыздандыру дәрі-дәрмектерінен қолданылады.

Олар: лидокаин (сикоин, лигноспан, ксилонор, ксилодонт, ксилокаин), мепивакаин (карбокаин, мепивастезин, скандонест), артикаин (ультракаин, септонест, альфакаин, убистезин, суперкаин), бупивакаин (маркаин, дуракаин).

Лидокаин (ксилокаин, ксикаин, лагнокаин) - бұл да хлорсутекті тұз. Ақшыл-сары кристалды ұнтақ. Суда, спиртте ериді. Дым тартқыш. Жарықта ұзақ тұрса сарғаяды. Ерітіндісін суда (100°) 30 минут қайнатып дайындайды. Новокаиннен 2,5 еседей күшті жансыздандыру дәрілері немесе анестетик, әсері ерте басталып ұзақ жалғасады. Улағыштығы аз, 0,5% ерітіндінің улағыштығы новокаинмен тең түссе, 1-2% ерітінділері новокаиннен 40-5 0%-тей артық. Терминальды өткізгіш және жансыздандыру дәрілері-инфильтрация анестезиясына ыңғайлы. Бір ота-операцияға 0,25% ерітіндінің 1000 мл-ден, ал 0,5% 500 мл-ден аспауы керек. Стоматологияда қолданылатын 1-2% ерітіндінің бір рет пайдалануға 20-30 мл-ге дейін ғана жұмсалады.

Тримекаин (мезокаин) химиялық құрамы лидокаинге ұқсас. Ақ, сарғыш, ащы ұнтақ. Суда, спиртте жақсы ериді. Оның ерітіндісін хлорлы натрийдің изотоникалық ерітіндісіне (100°) 30 минут қайнатып дайындайды. Аппликация ретінде де әсері бар. Улағыштығы дикаиннен 16 есе аз десек те, оның 1% ерітіндісі новокаиннен 1,2-1,6 есе улағыш, тінді тітіркендірмейді. Стоматологияда 1-2% ерітінділері жиі қолданылады, жансыздандыру дәрілері-инфильтрацияға 0,25-0,5% ерітіндісі жарайды. Бір мезгілде 0,25%-800 мл, 0,5% -400 мл 1%-100 мл және 2% ерітіндіден 20 мл дейін енгізуге болады. «Б» тізімінде (дикаин «А» тізімінде) аузы тығыз жабылған, жарық түспейтін жерде сақталады. Дәріханада даярланған ерітіндіні 2-3 күннен артық сақтауға болмайды. Дәрі-дәрмек (фармацевтика) өндірісінде даярланған ампулаларды қолдану мерзімі көбірек. Ерітінді шартты түрде түссіз, мөлдір болуы керек. Қолдану алдында жаңылыстан

сақтану үшін тексеріп көрген абзал. Бұл үшін Лукомскийдің новокаинге арналған сынағын жасауға болады. Сынақ өткізу үшін 2 пробирка алып, біреуіне реактив 1:1000 2 мл марганец қышқыл калий құйып, оған 2 мл тексерілетін ерітіндіні құяды. Екінші пробиркаға реактив құйып 1-2 минуттан соң оларды салыстырады. Бірінші пробиркада сарғыш түстің пайда болуы ерітіндінің новокаин екендігін дәлелдейді.

Мепивакаин (карбокаин, скандикаин) – амидтер тобына жатады. Әсер ету жағынан лидокаинге жақын, бірақ оған қарағанда әсер ету мерзімі ұзақ, улылау. Мепивакаин сорылуы баяу,сонымен қатар қан-тамырларды кеңейтпейді.2%-3%-ды ерітінділері жергілікті және өткізгіштік жансыздандыруда қолданылады. Ең жоғарғы мөлшері-4,4мг/кг.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 4209; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.058 сек.