Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Инесіз жансыздандыру жасау




Инесіз дәрі құю аспабын-иньектор қолданғанда дәрі кілегей қабықтан өтіп барып сүйек қабығына сіңеді. Сүйектен өте алмаса да ерітінді оның майда тесіктері арқылы қан тамыры арқылы жүйкелер өрімдеріне жетеді.

Инесіз жансыздандыру қажеттілігі ішке сіңу жансыздандыруыныңинемен дәрі енгізгендей қолданады:

1. Жоғарғы жақтың тістері мен төменгі жақтың бір түбірлі тістерін

жұлу; 2.Тіс ұяшығы өсіндісі мен жақ сүйектеріндегі оталар (цистотомия, цистэктомия, түбір ұшын кесу); 3. Периостотомия; 4. Қатерсіз ісіктерді алу; 5. Жараны алғаш хирургиялық өңдеу; 6. Тіс ұяшығы қабынған- альвеолитте ұяшықты қырып тазалау-кюретаж.

Жұмсақ тінде, тіс пен тіс ұяшығы өсіндісінде толыққанды жансыздандыру ішке сіңу жансыздандыруын қолданғанда ғана болады. Жоғарғы жақта күрек тіс пен таңдай тесіктері тұсынан өткізгіш жансыздандыру жасаған дұрыс.

Төменгі жақтың тістері мен тіс ұяшығы өсіндісі 5/5тістер аралығында ғана толық жансызданады. Азу тістері үшін қосымша жансыздандыру қажет. Ол үшін инесіз дәрі құю аспабымен жасалатын жерді жансыздандырып, мандибуляр жансыздандыру жасайды, ұрт жүйкесі инесіз дәрі құю аспабымен жансызданады.

Жалпы ереже: дәрі құю аспап ұшын кілегей қабыққа тигізіп перпендикуляр ұстайды. Шамамен тіс түбірінің тұсына 0,2 мл-дей, 1- 2 мл/г дәрі ауыз кіреберісінен, одан соң 1-2 дәрі таңдай немесе тіл жағынан жасалады. Іс-қимылды бірден бастай беруте болады.

6.13. Өткізгішті жансыздандырулар (анестезиялар)

Ішке сіңу жансыздандыруынанөткізгіш жансыздандырудың бірнеше артықшылығы бар (С. Н. Вайсблат). Олар:

1. Инені бір шаншығанның өзінде-ақ көп аймақты жансыздандырады.

2. Жұмсалатын жансыздандыратын дәрі-анестетик мөлшері аз.

3. Қабынған тіннен аулақ қадалған ине індет- инфекция тарау мүмкіндігін болдырмайды.

4. Қабынған сүйек қабығынан ішке сіңу жансыздандыруы жақсы нәтиже бермейді, оның үстіне тіннің қышқыл реакциясы новокаин әсерін төмендетеді. Өткізгіш жансыздандыруда бұл кемшіліктер жоқ.

5. Хирургиялық іс-қимыл үшін толық жансыздандыруға мүмкіндік туады.

6. Бірнеше тісті қатарынан жұлуға болады.

7. Төменгі жақтын, азу тістерін жұлуға ыңғайлы.

8. Жансыздандыру ұзақ уақыт әсерін сақтайды.

9. Жақ сүйектеріне ота жасауға болады.

10. Тістің ұлпасы мен қатты тіндерін жақсы жансыздандырады.

11. Ота жасалатын тіннің көлемі өзгермейді, себебі жансыздандыратын дәрі-анестетик ол жерден аулақ жерге енгізіледі.

12. Жақ қарысып қалғанда өткізгіш жансыздандыруны қолдану тиімді.

13. Егде жастағы адамдарға қолдануға болады.

14. Ауыз рефлекстерінің төмендеуі хирургке ота жасауға қолайлы жағдай туғызады.

15. Сілекей бөлінуі азаяды.

16. Қан тамырларының жүйкелері де жансызданғандықтан, ота кезінде қан ағуы азаяды.

6.13.1. Жоғарғы жақты өткізгішті жансыздандыру.

Төмпешік-тубералды жансыздандыру.

Нысана жоғарғы жақтың төмпешігі. Онда жоғарғы тістер өрімінін, артқы бөлігіне кіретін көптеген тесіктер бар. Нысана белгілері: 8 7 6 / 6 7 8 тістер, өтпелі қатпар мен шықшыт-тіс ұяшығы-альвеола қыры. Ақыл тіс ұясының шетінен тесіктеріне дейін 2,0-2,5 см-дей.

Ішкі әдіс — Ауызды сәл ашылған қалпында езу мен ұртты стоматологиялық айнамен сыртқа тартады. Инені шықшыт- тіс ұяшығы -альвеола қырының артын ала 2 азудың немесе 2-3 азудың арасына шамалап өтпелі қатпарға қадайды. Сүйекті жағалай отырып жоғары, артқа, ішке қарай бағытталған ине жоғарғы жақ төмпешігін айналып өтеді. Ине жылжыған сайын аздап жансыздандыратын дәрі-анестетик жіберіп отырады, бұл қан тамырларын инемен жарақаттанудан сақтайды. Шаншу тереңдігі 2,0-2,5 см 10-12 мин соң жоғарғы артқы тіс ұяларының жүйкесі жансызданады (30-сурет).

Жансыддандыру аймағы. Үш азу мен оның тұсындағы тіс ұяшығы өсінді, кіреберістегі кілегей қабық, жоғарғы жақ дөңесі, гаймор қуысының артқы қабырғасының кілегей қабығы.

Сурет-30. Төмпешіктік жансыздандыру

Сыртқы әдіс — Науқастың басын қарсы жаққа бұрып сол қолмен шықшыт- тіс ұяшығы қырын белгілейміз. Оң жақтан ине шаншығанда сол қолдың сұқ саусағы мен бас бармақты жоғарыдан төмен қарай ұстаймыз. Мұнда сұқ саусақ қырдың иілген жеріне тіреледі. Бет сүйегі мен шықшыт- тіс ұяшығы қыры арасында үлкен бұрыш пайда болады. Жұмсақ тіндер саусақпен сүйекке қарай сығылады. Инені аталған бұрышқа шаншып, ерітінді жібере отырып жоғары, ішке, артқа қарай 2,0-2,5-дей тереңдікке бойлатады.Сол жақтан ине шаншығанда бас бармақ шықшыт-тіс ұяшығы қырының алдында, ал сұқ саусақ шықшыт-тіс ұяшығы бұрышы мен қырдың арт жағын ұстайды.

Көзасты-инфраорбиталды жансыздандыру. Нысана- көзасты тесігі, көз шарасының төменгі қырынан 0,5-0,75 см-дей төмен жүргізілген сызық пен 2-ші жоғарғы кіші азулар мен иек тесігі арқылы жүргізілген тік сызықтар қиылысында немесе тік алға қарап тұрған көз қарашығы арқылы жүргізілген тік сызықтар қиылысында орналасқан.

Іс кезінде көз шарасының төменгі қырындағы жоғарғы жақ пен бет сүйегінің бірігуінен пайда болған бұдырдан 0,5-0,75 см төмен алады. Өзек алға, ішке төмен қарай бағытталған. Олардың жалғасы орта күрек тістердің арасындағы қызыл иектен сәл жоғарылау жерде қиылысқан болар еді.

 

Сурет -31. Көзасты жансыздандыру

Ішкі тәсіл — көзасты тесігінің проекциясын анықтаған соң сол қолдың сұқ саусағымен жұмсақ тіндерді сүйекке баса ұстап, бас бармақпен жоғарғы ерінді жоғары, сыртқа қарай ысырады. Бұл кезде ауыз жабық болады. Инені орта және шеткі күрек тістер аралығынан өтпелі қатпарға шаншиды. Көзасты тесігіне бағытталған инені сүйекке тигенге дейін бойлатып, біраз анестетик жібереді. Енді инені әрі қарай жылжытқанда ауырмайтын болады. Ине суқ саусақ тұсына жеткен кезде, оны жайлап

жылжытып көзасты тесігін табады. Инені өзекке кіргізбей-ақ тесіктің алдында 0,5-0,75 мл-дей анестетик жібереді. Инені өзекке кіргізіп әрі қарай жылжытып жансыздандырғыш дәрі жіберу көзасты нервісінің жарақаттануына әкеліп соғады.

Орта, алдыңғы тіс өрімдерінің анестезиясы 5-7 минуттан кейін пайда болады.

Сыртқы әдіс — Жоғарғы күрек тістердің тұсындағы тіс ұяшық-альвеола өсіндісінде қабыну кезеңі-процессі болса, сыртқы тәсілді қолдануға болады. Сұқ саусақпен көзасты тесігін белгілеп ұстап жіңішке инені сол жерден 0,5 см-дей төмен және ішке таман теріге шаншиды. Ине жоғары, арт, сырт бағытта болып, көзасты тесігіне барып кіреді.

Жансыздандыру аймағы — жоғарғы алдыңғы альвеола жүйкелері мен көзасты жүйкесінің соңғы бұтақларына дейін, күрек, сүйір тістер, тіс ұяшық-альвеолды өсінді мен кілегей қабықтың босаға тұсы, төменгі қабақ пен жоғарғы жақтың алдыңғы және бүйір тұсы, көзасты тіндері, мұрынның бір беткейі мен жоғарғы ерін, жансыздандыратын дәрі-анестетик тереңдеп сіңіп кеткен жағдайда орта тіс ұяшығы-альвеоляр өрімге де әсер етіп кіші шайнау тістері мен оны қоршаған тін де жансызданады.

Таңдай жансыздандыру (32-сурет). Нысана - таңдайдың үлкен тесігі, ол тіс ұяшық-альвеола өсіндісінің ішкі жағына үшінші азудың тұсында, егер үшінші азу әлі шықпаған болса, екінші азудың артына таман ішке қарай орналасады.

Тіс жоқта басқа белгілер есепке алынады. Тесік А сызығынан (қатты таңдайдың шетінен) 0,5 см-дей алға қарай, қызыл иек пен таңдайдың орта сызығының ортасында деп белгілейді.

Жалпы ереже. Инені ауызды мүмкіндігінше қаттырақ ашып тесік тұсынан 1 см-дей алға, ішке қарай шамалап шаншиды. Ине жоғары, артқа және сыртқа қарай бағытталады да сүйекке дейін енеді. 0,5 мл-дей жансыздандыратын дәрі-анестетик жіберіледі. Жансыздандыру-анестезия 3-5 мин кейін білінеді.

Жансыздандыру аймағы. Қатты таңдайдың артқы 2/3 бөлігінің кілегей қабығы сүйір, тістің тұсына дейін, аздап жұмсақ таңдай жансызданады.

 

 

Сурет -32. Таңдай жансыздандыру

Күрек тіс жансызандыру. Нысана - күрек тіс тесігі. Ол таңдайдың орта сызығының бойында ортаңғы күрек тістердің арасындағы қызыл иек шетінен 7-8 мм-дей қашықтықта орналасқан. Тесіктің сәл алдыңғы жағында күрек тіс бүртігі бар.

Ішкі әдіс. Ауызды кере ашып инені күрек тіс бүртігіне немесе оның бір шетін ала шаншиды да сүйекке жеткенге дейін ендіреді. 0,25-0,5 мл ерітінді жіберген соң 3-5 мин уақыт күтеді.

Жансыздандыру аймағы. Сүйір тістерді қосатын сызықтың алдыңғы жағындағы таңдайдың кілегей қабығы. Инені өзекке 0,5-0,75 см-дей ендіріп дәрі жібергенде жансыздандыру анестезия толығырақ болады, себебі, мұнда жансыздандыратын дәрі-анестетик байламға-анастомозға да әсер етеді. Күрек тіс бүртігіне ине шаншудан бұрын 2-3% дикаин ерітіндісін жағамыз.

Сыртқы (мұрын іші) әдіс. Мұрын төменгі қуысы мен мұрын пердесі түбіне инемен жансыздандыратын дәрі-анестетик жіберіледі немесе 2-3% дикаинмен суланған тампон қойылады.

 

6.13.2 Төменгі жақтың өткізгіш жансыздандырулары.

Мандибулярлы (төменгі жақ) ж ансыздандыру (33-сурет).

Нысана - төменгі жақ тесігі. Ол төменгі жақ бұтасының ішкі жағында орналасып, алдыңғы ішкі жағынан кішкене томпақ — төменгі жақтың тілшесімен қалқаланған. Орташа алғанда тесік жақ бұтасының алдыңғы шетінен 15 мм, артқы шетінен 13 мм, төменгі жақ ойығынан 22 мм, төменгі жақтың астыңғы қырынан 27 мм қашықтықта орналасқан. Томпақ, иненің тесікке жетуіне мүмкіндік бермейді. Сондықтан дәрі тесіктен жоғары жіберіледі. Жүйкенің-нервтің тесікке жетпей сүйек науасында жатуы жансыздандыратын дәрі-анестетикті тесіктен 0,75-1 см-дей биігірек жерге енгізудің сәтті болатынын дәлелдейді. Бұл жерде орналасқан борпылдақ тін ерітіндіні өзіне жақсы сіңіреді. Ақыл тістің артқы жағында төменгі азу тіс артында үлкен және кіші үшбұрыштары жатады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 2341; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.035 сек.