Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Мен флегмоналар




Флегмоналар.

1. Көзасты аймағының («айбат» шұңқыры).

2. Шықшыт аймағы.

3. Көз ұясы аймағы.

4. Самай аймағы.

5. Самайасты қанатша-тандай шұңқыры.

6. Қатты және жұмсақ таңдай.

ІІ. Төменгі жақ сүйегі маңында орналасатын абсцесстер мен флегмоналар.

1. Иекасты аймағы.

2. Ұрт аймағы.

3. Жақасты үшбұрыштығы.

4. Жақ-қанатша кеңістігі.

5. Жұтқыншақ маңы кеңістігі.

6. Меншікті шайнау еті астының кеңістігі.

7. Меншікті шайнау еті-құлақмаңы аймағы және жақарты шұңқыры.

IIІ. Ауыз қуысы түбі абсцесстері мен флегмоналары.

1. Ауыз қуысы түбінің жоғарғы бөлімінің абсцестері мен флегмоналары (аша сүйек-жақ-тіласты бұлшықетінен жоғары)

2. Жақ сүйек-тіл абсцесі.

3. Ауыз қуысының төменгі бөлімінің абсцестері мен флегмоналары (аша сүйек-жақ-тіласты бұлшықетінен төмен).

IV. Тілдің абсцесстері мен флегмоналары;

1. Меншікті тіл абсцессі.

2. Тіл түбірі флегмонасы.

8.8.1. Жоғарғы жақ сүйегі маңында кездесетін абсцесстер

Көзасты аймағының абсцесстері мен флегмоналары.

Бұл аймақтың анатомиялық шектері: көз ұясының қыры, жоғарғы жақ сүйегінің ұяшық-альвеолды өсіндісі, мұрынның бүйір қабырғасы, жақ және шықшыт сүйектерінің жігі. Бұл жерде, борпылдақ (жұмсақ) шелді қабатпен-фасциялармен қоршаған «күлкі бұлшықеттері» орналасқан. Еттердің арасында, көзасты аймағынан шықшыт және ұрт аймақтарына ірің тарайтын шел (май) клетчаткасы болады. Сондай-ақ инфекцияның таралуына, өте көп көк тамырлық-веналық тордың болуы, оның бұрыштық көк тамыр-вена арқылы көз шарасы (ұясы) көк тамырмен-веналарымен жалғасуы үлкен рөл атқарады. Көзасты аймағында іріңді кезең-процесстің, пайда болуына, бұзылған жоғарғы ит және кіші азу тістер, кей жағдайда кіші күрек тістер мен екінші кіші азу тістер- премолярлар себепші болады.

Клиникалық көрінісі. «Айбат» шұңқырында, ісік пайда болып, домбығу мұрын қапталына, жоғарғы және төменгі қабақтарға, шықшыт аймағына, жоғарғы ерінге тарайды. Соның әсерінен мұрын-ерін қатпары тегістеледі, езуі төмен түседі, көз саңылауы жабылады. Науқас, көзасты аймағы жүйкесінің-нервісінің қысылып, тітіркенуінен болатын интенсивті (үдемелі) ауруына шағым айтады.

 

Сурет- 58.Бас және мойын аймақтары

Кейбір жағдайларда, тері қабатының да іріңді кезеңге-процесске шалдығуы ықтымал. Тері қабаты қызарып, қолмен басқанда күлтілдеу-флюктуация байқалады.

Емі. Іріңді затты шығару үшін, ауыз қуысы арқылы өтпеді қатпарды 3-ші, 4-ші тістің тұсында кесіп, сүйектің сыртқы қабығын тіледі де, қан тоқтататын қысқаш арқылы, жоғарғы жақ сүйегінің алдыңғы бетінде орналасқан бұлшықеттердің арасын ашып, «айбат» шұңқыршасына жетеді. Іріңді сырттан шығару үшін ұзындығы 2,5 см етіп ерін-мұрын қатпары бойымен тіледі.

Асқынулар. Көзасты қырының остеомиелиті, гайморит, флебит.

Шықшыт (бет) сүйегі аймағының абсцесстері мен флегмоналары. Бұл аймақтың шегі шықшыт сүйегінің шегіне сай келеді, жоғарғы жағында көз ұясы-орбита қыры мен самай шұңқыршасының төменгі қыры, алдында — көзасты аймағы, астыңда—ұрт аймағы, артында — құлақ маңы шайнау бұлшықеті аймағы орналасқан.

 

 

Сурет-59. Көз ұясының флегмонасы

Бұл аймаққа іріңді зат көрші клетчаткалы кеңістіктерден кіреді де, жайылмалы, өте қатты ауыратын ұйыспа-инфильтрат және бүйір тармақтар-коллатеральды домбығу пайда болады.

Қабыну құлақ маңы-шайнау бұлшықеті аймағына тараса, төменгі жақ сүйегінің қабыну қарысуы-контрактурасы болуы мүмкін.

Емі- тек хирургиялық жолмен жүреді. Ұйыспаны-инфильтраттың төменгі полюсімен, бет жүйкесінің-нервісінің бұтақтарына параллель етіп, ұзындығы 2-2,5 см тері қабатын кеседі де, қан тоқтатқыш қысқашпен

қабынған тіндерді ашып іріңді шығарады. Ірің шыққан қуысқа хирургиялық қолғаптан жасалған қашыртқы-дренаж (түтікше) қойып жараны таңады.

Көз шарасының абсцесстері мен флегмоналары. Көз шарасының клетчаткалы кеңістігіне инфекция тромбофлебитте бұрыштық көк тамыр-вена арқылы, гаймор қуысынан, самайасты және қанатша-таңдай шұңқыршасы флегмонасынан енуі мүмкін.

Көз шарасы флегмонасының клиникалық көрінісі өте ауыр болады: дене қызуы жоғары көтеріліп, зардапты бас ауруы пайда болып, улану күшейеді. Қабақ домбығып, (хемоз) шырышты қабығының айналып сыртқа шығуы (экзафтальм), көздің шарасынан бұлтиып шығуы (диплопия) пайда болады. Ірің көз шарасының тереңіне (бөлімдеріне) кеулесе, «көз алмасының» қимылы бұзылады (59-сурет).

Көз шарасы флегмонасына ұшыраған науқастарды емдеу окулистің, нейрохирурггың, стоматологтың кеңесінен кейін ғана жүргізіледі. Іріңді шығару үшін көз шарасының төменгі-сыртқы қырының терісін, шел клетчаткасын, шелді қабат-фасциясын тіліп, қан тоқтатқыш басы иілген қысқаш аспапты, көз ұясының сыртқы қабырғасымен сүйекке тақай отырып, терең жылжытады да, іріңді шығарады. Жараға қашыртқы-дренаж қояды. Көру жүйке-нервісінің көп уақыт бойы басылып қалуы — соқырлыққа себепші болады. Сондықтан, ауыр қабыну жағдайларында, көз шарасының іріңін, гаймор қуысы арқылы шығаруға тура келеді. Бұл жағдайда гаймор қуысын ашып (трепанация), оның жоғарғы сүйек қабырғасын алып тастайды да көз ұясына кіреді. Гаймор қуысының ауыз жағындағы трепанациялық тесігі, 10-15 күнде өз бетімен жазылады.

Самай шұңқыршасының абсцесстері мен флегмоналары. Самай шұңқыршасының шегі: жарты ай тәрізді бұлшықет — жоғарғы және артқы шегі, шығыңқы бет сүйегінің маңдай өсіндісі — алдыңғы, шығыңқы бет сүйегінің самай өсіндісі, шығыңқы бет сүйегі доғасы және самайасты қыры — астыңғы шегі болып табылады.

 

 

Сурет-60. Самай шұңқыршасының флегмонасы

Самай шұңқыршасы сыртынан қалың апоневрозбен қапталтан, ол бас сүйегімен тығыз бітіскен, тек төменгі шегінде ғана ұрттың май түйіншегі, самайасты және қанатша-таңдай шұңқыршаларымен байланысты. Самай щұңқыршасына инфекция осы клетчаткалы кеңістіктерден кіреді. Әсіресе, іріңді қабынудың пайда болуына үстіңгі азу тістер жиі себепші болады.

Самай аймағында бірнеше қабат клетчаткалы кеңістіктер бар:

1 қабат — теріасты шелі, 2 қабат — самай бұлшықеті мен апоневроздың арасында, 3 қабат — самай бұлшықетінің астында (самай сүйегі бетінде), ең тереңі.

Теріасты шел қабатының флегмонасында -үлкен шегі көмескі ұйыспа-инфильтрат пайда болады, бұлшықет қабынбайды, сондықтан қарысу-контрактура байқалмайды. Клиникалық көрінісі ауыр емес. Іріңді шығару

үшін ұйыспаны-инфильтраттың төменгі шегін бойлай кеседі.

Егер ірің 2-ші қабатта орналасса, клиникалық көрінісі ауырлау болады. Организмнің улануы-интоксикация күшейіп, II дәрежелі қабыну қарысуы-контрактурасы пайда болады. Іріңді шығару үшін самай шұңқыршасын алдыңғы шегінде тіледі де, жоғарғы азу тістердің өтпелі қатпары арқылы контрапертура жасайды. Қашыртқы-дренаж ауыз қуысындағы және сыртындағы кесілген жараны қосып бұруы қажет. Сондай-ақ жараны жылы антибиотик, антисептик және фермент ерітінділерімен жуып тұрады.

Терең, бұлшықетасты клетчаткасы қабатының флегмонасында да улануы-интоксикация күшейіп, дене қызуы жоғары көтеріледі. Қабыну қарысуы-контрактурасы пайда болады. Сырт көзбен қарағанда жастық тәрізді көтерілген ұйыспаны-инфильтратты, қабақтың домбығуын, терінің керіліп тұрғанын көруге болады. (Флегмонаны кесіп - ашу үшін, (терең және жайылмалы) самай бұлшықеті талшықтарының бойымен, ұзындығы 4-5 см етіп, 2-3 радиальды және самай бұлшықетінің бекіген жерінде доға тәрізді ұзындығы 9 см-дей етіп кесу керек те, бұлшықетті сүйектен ажырату қажет. Ірің шыққан соң жараға бірнеше жерден қашыртқы-дренаж қою керек.

Самайасты және қанатша-таңдай шұңқыршаларының абсцесстері мен флегмоналары. Самайасты шұңқыршасының анатомиялық шегі: артында — біз тәрізді өсіндіге бекитін бұлшықеттер, алдында- жоғарғы жақ сүйегінің бұдыры, латеральды (қапталында) - төменгі жақ сүйегі бұтағының ішкі беті, үстінде-самайасты қыры, медиальды жағында қанатша-таңдай шұңқыршасымен шектеседі.

Самайасты шұңқыршасы көзасты саңылауы арқылы — көз ұясымен (шарасымен), ал төмен жағында саңылаулы клетчаткалар аралығы арқылы жұтқыншақ маңы, жақ-қанатша кеңістігімен және ұрттың май түйінімен байланысады. Осы аймақта орналасқан қанатша (венозды) өрімдері, бүйір тармақтар-коллатеральдар арқылы бас сүйегі вена қуыстарымен тіке байланысқан. Сондықтан инфекцияның бас сүйек қуысына тарап, өмірге қауіпті асқынулар тудыруы мүмкін. Самайасты және қанатша таңдай шұңқыршаларында іріңді кезең-процестің пайда болуына, жоғарғы азу тістер себепкер болады.

Бұл флегмоналардың клиникалық көрінісі өте ауыр, улануы-интоксикация күшейіп, зардапты бас ауыруы пайда болады, дене қызуы көтеріледі. Бірінші тәуліктерде өзгеріс байқай қою қиын, тек ауыз қуысы арқылы жоғарғы жақ бұдырын қолмен басқанда — қатты ауыратыны және өтпелі қатпардың тегістелгені байқалады. Кейінірек шығыңқы бет сүйегі доғасының жоғарғы жағында ұйыспа-инфильтрат пайда болып, қабақ домбығады. Ірің жедел түрде жұтқыншақ маңына жайылып, жұтыну және дем алу процесстерін қиындатады.

Іріңді шығару үшін үлкен азу тістердің тұсында шырышты қабықты 2,5-3 см етіп тіліп, иілген қан тоқтатқыш қысқашты жоғарғы жақ бұдырымен астынан жоғары қарай, сырттан ішке қарай, алдынан артқа қарай бағыттап, қанатша-таңдай шұңқыршасының кіреберісіне жетеді де, қысқаштың аузын ашып сол бойымен кейін шығарады. Ауыз қуысын антисептик ерітінділерімен жиі шайқау керек.

Жұмсақ және қатты таңдайдын, іріңді кезең-процесстері. Жұмсақ таңдайдың аумағында аз ғана клетчаткалардың бар екені анық. Сондықтан осы жерде абсцестер мен флегмоналардың пайда болуы ықтимал. Бұл жерге инфекция, көбінесе жоғарғы үшінші азу тістің түбір ұшынан жетуі мүмкін. Жұмсақ таңдай мөлшері дереу үлкейіп, сау жағына қарай жылжыған, бұлшықеттері шала салға, парезге ұшыраған.

Емі. Шырышты қабықтың томпайып көтеріліп тұрған жерін, алдынан артқа қарай ұзындығы 2 см етіп тіледі. Қатты таңдайда абсцесстер ұяшық-альвеолдық өсіндінің таңдай бетіне жақын орналасқан, бұзылған тіс түбірлерінен пайда болады (кіші күрек тістер, бірінші азу тістің таңдай түбірі). Қатты таңдайдың шырышты қабығының астына жиналған ірің қатты ауырады, өйткені бұл жерде борпылдақ клетчатка болмайды. Сондықтан шырышты қабық сүйек сырты қабығымен бірге сүйектен ажырап, сезімтал жүйке-нерв талшықтарының тітіркенуіне әкеп соғады. Абсцессті ашу үшін, шырышты қабықты ұйыспа-инфильтраттың дәл ортасынан үшбұрышты не ромбы тәрізді етіп кесіп алып тастау қажет. Сонда ірің дереу шығады, жараның шеттері тез жабыса қоймайды.

8.8.2. Төменгі жақ сүйегі маңында кездесетін абсцесстер




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 3452; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.03 сек.