Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жедел лимфадениттер




Науқас басын қимылдатқанда ыңғайсыздық білініп, қабынған түйін немесе түйіндер аумағында әлсін-әлсін ауыру сезімі туады.

Аурудың алғашқы белгісі, қабынған аймақта көлемі шағын, домалақ, ауырмайтын немесе аздап ауыратын ісік пайда болады. Науқастың ауру

тарихында тістер бадамшасының, жақ-бет аймағындағы тағы да басқа ағзалардың қабыну процесстері болғаны аталған.

Сары су лимфаденитінде науқас организмінде жалпы өзгеріс байқалмайды, тек дене қызуы аздап көтеріліп (субфебрилді) лейкоцитоз (аздаған) болады. Қарап көргенде ауырған жағында қоршаулы ісік, терісі қозғалмалы өзгеріссіз болады.

Сипап көргенде ауыратын үлкейген, қозғалмалы тығыз, сопақша пішінді, лимфатикалық түйіндер байқалады. Мұқият тексергенде қабынудың алғашқы ошағы периодонтит, пародонтоз, перикоронарит, стоматит, тонзилит, шиқан немесе бет жарақаты т. б. анықталады.

Алғашқы қабыну ошағын жойған кезде сарысулы лимфадениттің кері дамуы басталады.

Емдеу дұрыс жүргізілмесе, сарысулы лимфаденит іріңді лимфаденитке айналады. Науқастар, солқылдаған ауыру сезімінің қабынған аумақта күшейе түскеніне, мазасыздығына, тамаққа тәбетінің жоқтығына, дене қызуының көтерілуіне (37,2-38,0°Сдейін) шағым жасайды. Жергілікті периодонтиттің клиникалық көріністерінің басым болуына байланысты, лимфатикалық түйін шекараларының анықтығы жоғалады. Ол қозғалыссыз, басқа түйіндермен жабысып бірігіп, іріңдей бастайды. Қабынған түйіндер аумағындағы тері ісінген, қатты, қозғалыссыз, қызарған, артынан ол жұмсарады. Науқастың жалпы жағдайы ауырлайды. Шеткі қан айналысында, лейкоциттердің көбейгені байқалады, нейтрофилез сол жаққа жылжыған, эозинопения.

Патологиялық анатомиясы. Лимфатикалық түйіндегі қабыну оның қызаруынан және синустарының кеңеюінен басталады. Эндотелий клеткалары жиырылып, домалақтанып, қозғалып макрофагтың міндетін атқарып, микробтар мен бөтен заттарды ұстайды.

Аденофлегмона. Инфекциялық қабыну процессі үдеуінен лимфатикалық түйін қапшығының сырт жағындағы тіндерге жайылып лимфаденитке тән клиникалық сурет жойылып көбінесе остеофлегмонаға ұқсайды. Сөйтсе де аденофлегмонаның дамуы, ағысы остеофлегмонаға қарағанда жәй және ақырын болады. Дененің қызуы аденофлегмонада 37-38,7°С, өте сирек жағдайда 39°С көтеріледі.

Лейкоцитоз, нейтрофилез болады, ЭТЖ 30-40 мм/сағ дейін көтеріледі, бұл суреттер жәй дамитын процесске тән.

Қарап көргенде лимфатикалық түйіндер аумағында жайылмалы ісіктер көрінеді. Терінің қызарғаны, ісік үстіндегі терінің қатаюы, артынан жұмсаруы остеофлегмонаға қарағанда кешірек байқалады.

Жедел лимфадениттің емі. Ем одонтогенді, одонтогенді емес инфекцияның алғашқы ошағын жоюдан басталады. Кейінгі емдеу, аурудың клиникасына, кезеңіне байланысты. Жедел лифадениттің сарысулы кезеңінде отасыз-консервативтік ем қажет, ол организмнің инфекциямен қарсыласуын, күресуін күшейтуге арналады (құнарлы тамақтану,

поливитаминдер, десенсибилизациялық дәрі-дәрмектер).

Қабыну процессі асқына бастағанда антибактериялық емдерді (антибиотиктер, сульфаниламидтер,нитрофуран қатарынан дәрі-дәрмектер), физиоемдеуді бастайды (УЖЖ, ӨЖЖ сәл жылу мөлшерінде, УКС).

Іріңді лимфаденит пен аденофлегмонада іріңді ошақты тері жағынан кесіп қашыртқы-дренаж қояды. Қалған ем бет-жақ аймағындағы абсцесстер мен флегмоналарды емдеу шараларына тән.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 797; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.