Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сурет-70. Мерез




МЕРЕЗ

Мерез бозғылт спирохетадан (трепанома) пайда болатын созылмалы арнайы аурулар қатарына жатады. Спирохета адам денесіне бұзылған ауыз қуысының кілегей қабығы арқылы кіреді. Мерез жүре пайда болған және туа пайда болған деп екіге бөлінеді.

Мерез өзінің дамуында 4 кезеңнен өтеді:

1. Инкубациялық (жабық); 2. Бірінші; 3. Екінші; 4. Үшінші кезеңі.

Инкубациялық (жабық) кезеңі бір айға дейін созылады. Бұл кезеңнің уақыты емдеуге байланысты бір айдан аз болуы да мүмкін.

Бірінші кезеңнің басталуы спирохета енген жерде түйін пайда болған уақыттан басталады. Бұны түйінді-қатты шанкр деп атайды. Бірінші кезең 6-7 жетіге созылады. 7-8 күннен кейін лимфа түйіндері үлкейіп дене қызуы көтеріліп, бас, буындар ауырып, организм әлсірейді. Бұл уақытта спирохета палида өте тез көбейіп өседі. Қатты шанкр жараға айналып, 2 жетіден кейін өзінен-өзі жазылады. Кейбір кезде жара орнында кішкене түйін қалуы мүмкін.

Екінші кезең осыдан 6-8 жетіден кейін басталады. Оның бірінші элементі барлық тері қабатында ішінде суы бар қызылша бөртік пайда болудан басталады. Лимфа түйіндері үлкейеді. Сулы бүршік ішінде мыңдаған спирохета пайда болады. Осы кезең өте жұқпалы қауіпті болып есептеледі. Осыдан кейін екінші мерез өзінің жабық кезеңіне айналып барлық белгілері төмендейді. Бірақ, серологиялық реакция әрқашан оң

нәтиже көрсетеді. Екінші мерез 2-4 жылға созылады.

Үшінші кезең немесе гумма мерезі 6-7 жылдан кейін басталады. Бұның бірінші құрамдық бөлігі-элементі гумма (мерез түйіні) болып есептеледі. Мерез түйіні қаттылау-майысқақ, қызыл-күрең түсті. Бұл тері немесе кілегейлі қабық астында орналасып, кейін түйін ортасында өзек пайда болады. Өзек кілейлі суланып басқа тіндерден бөлініп шығады, яғни түйін ортасында жара пайда болады. Ол терең, жан-жағы тегіс, қатты, ойық (кратер) тәріздес. Түбі терең мұз астындай жалтылдап жатады, кейбірде жара түбінде қайта тіктелген дәнекер тіндер-грануляция болады. Жара ауырмайды.

Бет-жақ сүйегінің ішінде мерез мұрын сүйегінде көп кездеседі. Мұрын сүйегінің қабынып жоғалуына байланысты оның түрі-формасы ер тәріздес өзгереді, яғни мұрынның орта бөлігі төмен түседі.

Ауыз қуысында гумма әдетте таңдай сүйегінде орналасады. Қабынуға байланысты таңдай сүйегімен қатар кілегей қабығы да жойылып ауыз қуысы мұрын қуысымен жалғасады. Осыған байланысты таңдайда жоғарыда айтылған белгілері-симптомдары бар жара пайда болады да, дауыс үні бұзылады. Осындай дауыстың өзгеруін қазақ маңқа деп атайды (70-сурет).

Мерез ауруын тиісті мекемелерде емдегеннен кейін, бет-жақ хирургтері осы аурудан кейін пайда болатын ақаулар мен деформацияларды емдейді.

 

11.4. Адамда қан тапшылығының қоздырғышы

Адамда иммундық тапшылық вирусы инфекциясы-ВИЧ-адамның жұқпалы ауруы болып,иммундық жетіспеушіліктен пайда болады. Адамда иммун-дық тапшылық вирусы инфекциясы ауруымен ауырған адамның барлық қор-ғаныс жүйесі мен жүйкені реттеп тұратын орталықты зақымдалады. Адамда иммундық тапшылық вирусы инфекциясы жеке-дара

аурулар санатына жат-пайды және белгілі-кешенді сипатқа ие. Бет-жақ аймағында адамда иммундық тапшылық вирусы инфекциясының бірлі-жарым белгілері пайда болуы мүмкін. Бірінші рет баспада адамда иммундық тапшылық вирусы инфекциясы адамда қан тапшылығының қоздырғышы деген атпен жарық көрді.Сонымен қатар АҚТҚ туралы 1981 жылы Американың ауруларды қадағалау Федералды орталығы мәлімдеме жасады және бұл ауру тек қана біртекті жыныстық қатынаста болатын адамдарда кездесетіні дәлелденген. Қазіргі кезде бұл аурумен ауыратын адамдардың саны күннен күнге артуда.

Бұған мысал ретінде 2006 жылғы Оңтүстік Қазақстан облысындағы жас балалардың жаппай адамның вирустық инфекциясы ауруына шалдығуын келтіруге болады. Қазақстан Республикасы ТМД елдері ішінде 5-ші орында, бірақ саны артуда.

Келіп шығуы. Адамда иммундық тапшылық вирусы ауруының қоздырғышы-вирустар, олар ретровирустар тобына жатады. Вирустар негізінен инфекциялы қоздырғыштардан организмнің қорғаныс жүйесінде аса маңызды рөл атқаратын ақ қан жасушаларын (Тх-жасушасын), моноциттер-макрофактар, жүйке жасушаларын зақымдайды. Адам организміндегі барлық қорғаныс жасушаларын қырып-жойып, иммундық тапшылық және әртүрлі қалыпсыз жағдайлар туғызады.

Таралуы басым көпшілік жағдайда жыныстық жолмен және адамда иммундық тапшылық вирусы ауруы мен ауыратын әйелден баласына, адамда иммундық тапшылық вирусы ауруы мен ауыратын адамның қанын көк тамырға енгізу арқылы, наркомандар арасында залалсыздандырылмаған ине шаншуды қолданғанда. Вирусты француз вирусологы Л.Монтанье 1983жылы ашқан, ал оны бөлшек-бөлшектеріне және егжей-тегжей зерттеген америкалық ғалым Р.Галло 1984 жылы.Адам қоздырғыш-вирустарды жұқтырғаннан кейін бірінші клиникалық белгілердің пайда болуы және инкубациялық мерзімі бірнеше аптадан 4-айға немесе 4-5 жылға, ал оның жасырын түрі ұзақ жылдарға дейін созылады. Адамда иммундық тапшылық вирусынан кейін антитела-қарама-қарсы қорғаныс жүйесі пайда болады. Вирус қанда, кіші дәретте, ұрықта және сілекейдің құрамында болады. Адам организміне түскен немесе енген вирус, ол бірден адамда иммундық тапшылық вирусы ауруын келтіріп шығармайды. Адамда иммундық тапшылық вирусы бар адамдарда, осы ауруға тән бірен-сараң белгілердің пайда болуы мүмкін.

Клиникалық көрінісі В.И.Покровскийдің жіктеуі бойынша адамда иммундық тапшылық вирусы ауруын 4 сатыға бөледі:

І-ші сатысы- инкубация- аурудың жұққан кезден бастап клиникалық белгілерінің пайда болғанға дейінгі мерзім, антитела-қарама-қарсы қорғаныс жүйесінің пайда болуы.

ІІ-ші сатысы- алғашқы, бірінші-клиникалық белгілерінің пайда болуы- ол өткір инфекция, белгісіз инфекция, лимфа түйіндері жүйесінде тұрақсыздық жағдай-лимфаденопатии.

ІІІ-ші сатысы- екінші-клиникалық белгілерінің пайда болуы.

ІV-ші сатысы- ақтық (соқғы) дау кезеңі.

Стоматологиялық тәжірибеде барлық кезде ауыз қуысында болатын өзгерістерге баса көңіл аудару керек. Адамда иммундық тапшылық вирусы ауруымен ауырған науқастарда жалпы белгілермен қатар, ауыз қуысында көптеген патологиялық өзгерістер болады. Олар: лимфаденопатия, кандидоздар,гингиво-пародонтальді өзгерістер, стоматиттер және ксеротомия. Ауыз қуысының зақымдануын J.Pinborg мынандай жіктейді: шашты лейкоплакия, микотикалық инфекция, стоматиттің сан-алуан түрлері, пародонтоздың жайылмалы түрі, неопластикалық кезеңдер, вирусты инфекциялар.

Лимфа түйіндерінің көлемінің үлкеюі соның ішінде бет және мойын патологиялық өзгерістер лимфаденопатия түрінде байқалады. Бет аймағында және ауыз қуысында болатын өзгерістер-көлемінің үлкеюі байқалмайды, ал оның қоздырғышын табу қиын. Салыстырмалы нақтамасын мерезбен, туберкулезбен, инфекционды мононуклеоза мен өткізуге болады.

Ауыз ішілік кандидоз-(оральный)- иммундық тапшылықтың салдарынан пайда болады, сонымен қатар асқазан-ішек жолдарында осындай өзгерістер болуы мүмкін. Ауыз қуысындағы кандидамикоз: жаралы- жұқа қабық (пленка), эритематоз,гистоплазмоз түрінде көрініске ие.

Кандидамикоздың клиникалық көрінісі ауыз қуысындағы көрінісі ыдырап бара жатқан қатерлі ісікке ұқсайды.

Адамда иммундық тапшылық вирусы ауруымен ауырған науқастарды арнайы диспансерлерге жіберіп нақтамасын анықтау қажет.

Серонақтамасын- арнайы мекемелерде жүргізіледі.

Емдеу нәтижелері тексерулер мен иммундық тапшылықты жоюға бағытталған.

Алдын алу шаралары: Адамда иммундық тапшылық вирусы ауруымен ауырған науқастарға стоматологиялық көмек көрсету кезінде барлық санитарлық ережелерді мұқият орындау қажет.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 1971; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.