Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сурет-90. Сабы бар Лимберг ілмегі 3 страница




Тіс толық шыққан кезінде науқастар жарақатының әсерінен пайда болған тіс қатарындағы ақауға шағымданады. Қарап тексергендегі белгілер тістің жартылай шығуындағы белгілерге ұқсас. Науқас дәрігерге өзінің түскен тісін әкелуі мүмкін. Түскен тістің ұяшығы қан ұйығымен толған. Қызыл иектің шырышты қабығы жырылған, үзілген, тіс ұяшығының бір қабырғасы сынған немесе болмауы мүмкін. Тіс ұяшығы қабырғаларын міндетті түрде тексерген дұрыс, себебі тек сақталған қабырғалары бар ұяшықтарға және жарақаттан кейінгі уақыт 3 тәулікке жетпесе тісті қайта отырғызу мүмкіншілігі туады.

Тістің қадалып шығуы (вколоченный вывих). Тістің толық шығуының бір түрі, бұл кезде түс түбірі ұяшықтың компакті пластинкасын тесе отырып, альвеолды өсіндінің сүйек кемігіне енуі байқалады. Бұл жағдайда қантамыр-жүйке шоғыры толық үзіледі.

Тіс қадалған кезде науқас жарақаттанған тіс аймағындағы ауыру сезімінің болуына шағымданады. Қарап тексерудегі өзгерістер жоғарғы аталып кеткен белгілерге ұқсас. Тістің төмен (төменгі жақ сүйегінде) немесе биік (жоғарғы жақ сүйегінде) орналасқан және оның өз өсінен бұрылғаны немесе бір бағытқа ауытқығаны анықталады. Кейде тіс сауыты түгелдей ұяшыққа еніп, альвеола қырынан төмен орналасуы мүмкін. Сүйектің механикалық әсерінен, тіс орнында мықты тұрады. Тіс ұлпасы өлеттенеді. Рентген суретте периодонт саңылауы кішірейген, кейде тіс бөлігінің төмен түсуі әсерінен периодонт саңылауы мүлдем байқалмайды.

Емі. Жергілікті жансыздандыру арқылы шыққан тісті саусақпен ұяшық өсіндісімен бірге қоса ұстап ақырын орнына қою керек. Тісті иммобилизациялау каппалық құрсаулар арқылы жүргізілгені дұрыс. Бекітілетін тіске тістесу кезіндегі ауырлық қысым үшін, оның тістесу қырын пластмассадан ашық, бос қою қажет, бұл және емдеу барысында ұлпаны электроодонтометрдің көмегімен тексеруге қолайлы. Егер иммобилизация тегіс қапсырма шеңдеуіш арқылы жүргізілсе лигатура тістің мойын бөлігінде орналасуы және тістеу қыры арқылы сыртқа және ішкі бетін орай орналасуы қажет. Құрсаулар 5-6 аптадан ұзақ уақытқа қойылады.

Тіс толық шыққан кезінде белгілі әдістермен реплантация жүргізуге болады. Тісті каппалы құрсаумен бекітеді. Реплантация жүргізуге болатын көрсеткіштер жоғарыда берілген.

Тіс шегеленіп шыққан кезінде бір мезгілді репозиция көрсетілмеген, себебі бұл жағдайда тіс түбірі сорылуы (резорбциясы) мүмкін. Шегеленіп шығу кезінде тіс өзегінен бірте-бірте қалыпты орнына келеді. Жарақаттан соң өлген ұлпадан тазартып, өзектерді пломбалық материалдармен толтыру керек. Егерде тісті бастапқы орнына қою қиынға түссе ортодонтиялық аппарат көмегімен қалпына келтіреді.

Жедел қабыну процессі дамыған кезде, тістің жұмсақ тіндерге, жақ сүйек денесіне түгелінен енуі кездерінде тісті жұлу көрсетілген. Науқастардың дәрігерге кеш қаралу жағдайларында, шыққан тісті ортодонтиялық әдістер арқылы орнына келтіреді.

Тіс сынықтары. Тіс сынықтары тістің шығуымен қатар жүреді, себебі периодонт қоса жарақаттанады. Периодонт жарақатына байланысты тістің қозғалғыштығының дәрежесі анықталады. Тістің сыну себебі оның шығу кезіндегі себептерге ұқсас.

Жоғарғы тістің сауытын төменгі тістерді жұлу кезінде сындырып алуы мүмкін.

Жоғарғы тістер төменгі тістерге қарағанда, жиі сынады. Тіс көлденеңінен және бойлай сынуы мүмкін. Бірінші жағдайда сыну сызығы тіс сауыты немесе түбірі арқылы вертикальды өсіне көлденең, ал екінші жағдайда тіс сауыты және түбірі арқылы вертикальды өс бойына жүреді.

Тіс сауыты эмаль немесе дентин деңгейінде тіс қуысының ашылуынсыз және ашылуымен мойын бөлігінен түгелдей сынуы мүмкін.

Тіс түбірі ортаңғы, жоғарғы немесе төменгі бөліктерінен сынуы мүмкін. Кейде тіс түбірінің ортаңғы немесе жоғарғы бөліктерінің сынықтары кезінде, қан тамыр-нерв шоғырының зақымдануынсыз жүруі мүмкін. Тіс түбірінің сынықтары көлденең, қиғаш, кейде ұзына бойы болады. Сынықтардың орналасу орнына байланысты науқастар механикалық, температуралық тітіргендіргіштер әсерінен немесе өздігінен пайда болатын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде ауыз қуысы аймағына түскен күш орнында жұмсақ тіндердің ісінуін, қанталау ошақтарын, жара, жырылу т.б. белгілерді байқауға болады.

Тістер көбінесе толық түйіспейді. Тіс сауытының сынықтары кезінде оның әртүрлі ақауларын, кейде тіс ұлпасының ашылғанын көруге болады. Тіс түбірінің сынықтары кезінде ұлпаға қан құйылу әсерінен сауыт қызғылт түстен күлгін түске дейін боялуы мүмкін.

Тіс қозғалмалы. Сынық сызығының түбір ұшына жақын орналасқан сайын, тістің қозғалғыштығы кеми береді. Тісті ұрып тексергенде- перкуссиясы ауру сезімін тудырады.

Ауыз қуысының ішінен түсірген рентген суретте тіс түбірінің сыну сызығының бағыты, орналасу деңгейі анық көрінеді.

Емі. Тіс сауытының қуысы ашылмай сынған кезде емдеу шаралары өткір қырларды егеу, ақауы орнын бітеме-пломбалық материалдармен қалпына келтіруге бағытталады. Тіс сауыты сынғанда ұлпа ашылып қалса,

оны алып, түбір өзектерін бітеме-пломбалық материалдармен толтырып, тіс сауыты қалпына келтіріледі.

Тіс сауыты толық сынған кезде түбірлерді әрдайым жұла бермейді, себебі оны штифті тіс орнатуға қолдануға болады. Түбір ұшы сынықтары кезінде өлген ұлпаны алып, түбір өзектерін бітеме-пломбалық материалдармен толтырып, операция арқылы сынған бөлігін алып тастауға мүмкіндік бар. Егер ұлпасы тірі тіс қозғалмалы болса онда тіс ұлпасын сақтай отырып құрсау — каппамен бекітеді.

Егер тіс түбірі ортаңғы бөлігінен сынса және қан тамыр-жүйке шоғыры сақталса, онда цементобласттар мен одонтобласттардың пластикалық қызметінің нәтижесінде, цемент пен дентин аймақтарында сынық бітуі мүмкін. Ұлпаның тіршілікке қабілеттілігін тексеріп алғаннан соң құрсау — каппамен тісті кем дегенде 5 аптаға бекітіп тастайды. Егер де қан тамыр-жүйке шоғыры сақталмаса ұлпаны алып, сынықтарды болат штифтімен бекітеді. Штифт шайнау қысымының әсерінен деформацияланбайтын материалдардан дайындалғаны дұрыс және де оның ұзындығы мен жуан-дығы жеткілікті болуы тиіс. Тіс ұзына бойы сынған кезде, оны жұлу керек.

13.11.1 Төменгі жақтың шығуы

Төменгі жақтың шығуы жарақаттан және туа пайда болған, жедел және үйреншікті, алдыңғы және артқы, бір және екі жақтық болып бөлінеді.

Төменгі жақ екі жағынан шығып кеткен кезде ауызды жабу мүмкіншілігі болмауынан науқас шағымдарын дәрігерге жеткізе алмайды. Тек ымдау, бет қимылдары арқылы ауыру сезімі бар екенін, көп мөлшерде сілекейдің ағуын түсіндіреді. Қарап тексергенде бет конфигурациясы оның төменгі бөлігінің ұзаруынан және иектің алға жылжуынан өзгерген. Тіл құрғақ, бірақ ауыздан көп мөлшерде сілекей бөлініп тұрады. Меншікті шайнау еттері кернелген. Құлақалды аймағындағы тіңдер ішке енген, ал бет доғасы астында (екі жақта бірдей) саусақпен басып тексергенде буынды өсіндінің буын басы анықталады.

Сыртқы құлақ жолында буын басының қозғалыстары анықталмайды. Ауыз қуысы ішінен сипап тексергенде төменгі жақ сүйегінің тәжді өсіндісінің алға жылжығанын айқын анықтауға болады. Тістесуі ашық, тек- үлкен азу тістер ғана түйіскен. Бүйір проекцияда жасалған рентгенограммада төменгі жақ сүйегінің буын басының, буын төмпешігінің алдыңғы бүйіріне орналасқаны анықталады. Буын шұңқыршасы бос.

Екіжақты буынның шығуын жақтың буынды өсінділерінің сынық-тарынан ажырата білу қажет. Сынықтар кезінде иек артқа қарай жылжы-ған, құлақалды аймағында тіндердің ішке енуі сирек кездеседі. Рентген суретте сүйек бүтіндігінің бұзылысын, сынық сызығын анықтауға болады.

Төменгі жақтың біржақты шығуы кезіндегі науқастар шағымының жоғарыда айтылған шағымдардан көп айырмашылығы жоқ. Иектің алға және сау жағына жылжуынан бет әлпеті өзгерген. Қалған белгілер жоғарыда берілгендей, тек бір бетінен анықталады. Тістер бір-бірімен түйіспеген, орталық сызық сау жағына жылжыған. Төменгі жақтың бір жағынан шығуын, буынды өсіндінің бір жағынан сынуынан ажырату керек. Бұл кезде орталық сызықтың сынық жағына жылжуы анықталады. Сыртқы есту жолыңда саусақпен баса отырып буын басының буын шұңқыршасындағы қозғалыстарын анықтауға болады. Сынық орналасқан жағындағы тістер тығыз түйіскен.

Төменгі жақтың, артқа шығуы өте сирек кездеседі, иекке бағытталған соққының әсерінен пайда болады. Буынды өсіндінің басы артқа қарай жылжиды, бұл буын қапшығының зақымдануымен және есту жолының сүйек қабырғаларының сынуымен жүруі мүмкін, осының әсерінен кейде құлақтан қан ағуы байқалады.

Төменгі жақтың үйреншікті шығулары. Үйреншікті шығу ол жалпақ буын басы немесе буын төмпешігінің жалпақ болуынан, буын байлам-дарының әлсіздігінен, тістесулердің әртүрлі аномалиялары мен жақ сүйектерінің ақаулары кезінде пайда болуы мүмкін.

Осы жағдайларда есінеу, жақ сүйекке аз күш түсіру, жөтелу немесе түшкіру кезінде шығулар пайда болу мүмкін. Дәрігердің көмегінсіз өзінен-өзі орнына түсуі тән.

 

 

 

Сурет-91. Самай төменгі жақ буынының шығуы

Емі. Гиппократ әдісі.Жақты орнына салу үшін науқасты төменгі жақ сүйегі дәрігердің шынтақ буыны деңгейімен бірдей қалыпта отырғызу қажет. Дәрігер бас бармақтарын төменгі азу тістердің шайнау бетіне орналастырып, қалған саусақтарымен жақ сүйекті орай ұстайды. Орнына түсетін буын басы, буыннан шыққан жолын, керісінше қайталау қажет, яғни төмен, артқа және жоғары бағытта. Бұл үшін дәрігер бас бармақтарымен ақырын төмен басып күшті біртіндеп күшейте түседі. Бұл шайнау етінің талшықтарын ауыру сезімісіз созуға көмектеседі. Ал тістерге тез күш түсіру шайнау етінің рефлекторлы түрде жиырылуын шақырады және қатты ауыру сезімін тудырады.

Біраз уақыт өткеннен соң иекті жоғары көтере отырып төменгі жақ сүйегінің артқы бөлігін бірге төмен басу керек. Осы қарама-қарсы бағыттағы қозғалыстарды үйлестіре отырып, буын басын төмен түсіруге болады. Сонымен бірге төменгі жақ сүйегін артқа жылжыта оның бұрыштарын жоғары көтеру керек.

Буын басының буын төмпешігінің алдыңғы құрамасынан, буын шұңқыршасына түсуі тістердің қатты тістесуімен аяқталады. Сол үшін дәрігер бас бармақтарын көп қабатты дәкемен орап алғаны және дер кезінде саусақтарын ұяшық өсіндісінің вестибулярлы бетіне ауыстырғаны жөн. Шыққан буынды орнына салған соң иек астынан таңғыш қойғаны дұрыс. Науқасқа сұйық тамақ ішуге, ауызды 7-10 күндей қатты ашпауға кеңес беру керек. Біржақты буынның шығуы кезінде орнына салу жоғарыда берілген тәсіл бойынша бір жағынан жүргізіледі.Алдын ала 3-5 мл 2% новокаин ерітіндісін латеральды қанатша етке жіберу буынды орнына салуға қолайлы жағдай туғызады, себебі латеральды қанатша еті буын басын басқа орында ұстап тұрады және контрактура дамиды. М.Д.Дубов бойынша жансыздандыру жасау үшін шыққан буын басын саусақпен сипап тексеру арқылы анықтап, инені буын басының алдыңғы жағынан бет доғасы астынан төменгі жақ ойығы арқылы 2-2,5 см тереңдікке шаншып, ерітіндіні жібереді.

Г.Л.Блехман әдісі. Ауыздың кіреберісімен дәрігер төменгі жақ сүйегінің тәжді өсіндісінің орналасуын анықтап алады. Дәрігер сұқ саусақтарымен тәжді өсідіні артқа және төмен басады. Осының әсерінен шайнау етінің босауы және буын басының орнына түсу мүмкіншілігі туады.

Бұл тәсілді ауыз қуысы сыртынан жүргізуге болады, ол үшін бет доғасы астынан тәжді өсіндіні саусақпен анықтап алады (Ю.Д. Гершуни бойынша). Содан соң ұрт тіндері арқылы тәжді өсінділерге артқа және төмен қарай күш түсіреді.

Төменгі жақтың мерзімі 4-5 аптадан асқан алдыңғы шығулары кезінде жоғарыда айтылған әдістермен орнына салу мүмкіншілігі бола бермейді. Осындай жағдайларда В. Попеску ұсынған тәсілді қолданған жөн. Науқас ауызды барынша кең ашып жатады. Үлкен азу тістер арасына диаметрі 1,5-2 см болатын қатты тығыз дәке біліктерін орналастырады. Иек астынан жоғары қарай күш салады, бұл кезде төменгі жақтың буын басы төмен түседі. Содан соң иектен артқа қарай басады, бұл кезде буын басы орнына түседі. Бұл әдіс жалпы немесе жергілікті жансыздандыру арқылы жүргізілуі тиіс. Бұл кезде де төменгі жақты 2-3 аптаға иммобилизациялау көрсетілген.

Төменгі жақтың артқы шығуларын орнына салу үшін дәрігер бас бармақтарын ұяшық өсіндісінің вестибулярлы бетімен үшінші үлкен азу тіс аймағына қиғаш сызық арасына орналастырып, қалған саусақтарымен төменгі жақ сүйегін орай ұстайды. Бас бармақтардың көмегімен төменгі жақты төмен тартып, ал қалған саусақтарымен алға қарай жылжытады, осылай шыққан буын орнына түседі.

Буынның үйреншікті шығуларында отасыз-консервативті және ота-хирургиялық жолмен емдеуге болады. Отасыз-консервативті ем самай-төменгі жақ буынының патологиясын шақырған негізгі ауруды емдеуге (подагра, полиартрит) және буын қапшығымен байламдарын күшейтуге бағытталған. Ортопедиялық аппараттар немесе шеңдеуіштер көмегімен буындағы қозғалыстарды шектеудің үлкен маңызы бар.

Петросов аппараты ауыздың ашылуын, буын басының буын төмпешігінен аспайтын деңгейде шектейді. Ол жоғарғы және төменгі тістерге кигізілетін жасанды сауыттардан және шектегіш шарнирден тұрады.

Төменгі жақтың буын өсіндісінің амплитудасын азайту мақсатымен қолданылатын Бургонскийдің, Ходоровичтің аппараттары мен Ядрованың шеңдеуіштері бар.

Емдеудің ота-оперативті әдістері буын төмпешігінің биіктігін жоғары-латуға, буын шұңқыршасын тереңдетуге, төмпешік алдына қосымша тірек қоюға, буын қапшығы байламдарын күшейтуге бағытталган.

Мысалы Линдеман сүйек төмпешігін жарықшақтап, алдыңғы аяқшасын төмен түсіру арқылы биіктетті (92 а, б-сурет).

 

Сурет -92. Линдеман әдісімен буынды төмпешіктің биіктігін көтеру




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 983; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.023 сек.