Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тістік имплантация 3 страница




Ауыз қуысының кіреберісіндегі шырышты қабат астындағы тіндерге пластика жасау отасы. Тіс салу кезінде протездердің жабысуы және жақсы тұруы үшін а уыз қуысының кіреберісіндегі шырышты қабат астындағы тіндерге пластика жасау отасын қолдануға тура келеді (Обвегезер). Көбінше тік тілік жасалынып, қалпына келтіріп тігіс салады.

Жоғарғы жақтың ауыз қуысының кіреберісін шырышты немесе тері трансплантаттары пластика жасау отасы. Бұл өте күрделі ота есептелінеді,ауыз қуысының кіреберісінде шырышты қабаттың жеткілікті мөлшерде болмауы, сапалы тіс протездерін салу кезінде кедергі жасайтын болса, онда оны хирургиялық ота жолыменшырышты немесе тері трансплантаттары пластика жасау отасына жүгінуге тура келеді. Шырышты немесе тері транс-плантаттарынің түрлері көп, оны хирургтың өзі анықтайды.

Тұжырым: Ең бірінші бізге тіс протездерін салу үшін, сол протезді ұстап тұратын сапалы орын керек. Сондықтан тіс протездерін салу үшін асықпай науқасты медициналық көріктен өткізіп, рентгенологиялық зерттеулер жасап, жоғарыда аталған оталардың көмегімен протезге сапалы орын дайындап, протездерді сапалы және қол жетімді етіп салып берсек нұр үстіне нұр болар еді.

 
XХ Т А Р А У

БЕТ- ЖАҚ АЙМАҒЫНДА КЕЗДЕСЕТІН ІСІКТЕР

Бет-жақ аймағы мен ауыз қуысы ағзаларында кездесетін ісіктер, онкологиялық және стоматологиялық клиникалардың мәліметтері бойынша, адам организмінде кездесетін ісіктердің ішінде көрнекті орын алады (25%-ке дейін).

Жалпы қабылданған жіктелу бойынша дененің басқа бөліктеріндегі ісіктер секілді мұнда да қатерсіз және қатерлі ісіктер деп бөлінеді.

Қатерсіз ісіктер қоршаған тіндерден анық шекарамен оқшауланып, көлемі үлкейген сайын айналасындағы тіндерге кіріп, оларды ығыстырып өседі. Олар баяу өсетіндіктен, көп жылдарға дейін байқалмауы мүмкін. Ығыстырылған тіндердің жаңа жағдайға қалыптасуының арқасында, өз қалпынан ығысқан көрші ағзалар қызметінде айтарлықтай өзгерістер болмайды. Қатерсіз ісіктер науқастың жалпы жағдайын өзгертпейді, әрі метастаздар бермейді. Олар түбегейлі отаның дұрыс жасалмаған жағдайда береді.

Қатерлі ісіктер қатерсіз ісіктерден жылдам өсуімен, қоршаған тіндерді ығыстырып қана қоймай, олардың анатомиялық құрылысы мен қызметтерін бұза отырып етіне шаншыла өсуімен ерекшеленеді. Қан тамырлары зақымдануының әсерінен қайталап қан кетулерге, жүйке жүйесінің зақымдануынан невралгиялық ауыру сезімдерге, невриттерге, парестезияға, сезімталдықтың жойылуына әкеліп соғады. Бұл ісіктер көп жағдайда метастаздар береді.

 

Қатерсіз ісіктер Қатерлі ісіктер
қоршаған тіндерден анық шекарамен оқшауланып, көлемі үлкейген сайын айналасындағы тін-дерге кіріп, оларды ығыстырып өседі. Олар баяу өсетіндіктен, көп жылдарға дейін байқалмауы мүмкін. Ығыстырылған тіндердің жаңа жағ-дайға қалыптасуының арқасында, өз қалпынан ығысқан көрші ағзалар қызметінде айтарлықтай өзгерістер болмайды. Қатерсіз ісіктер науқас-тың жалпы жағдайын өзгертпейді, әрі метастаздар бермейді. жылдам өсуімен, қоршаған тіндерді ығыстырып қана қоймай, олардың анатомиялық құрылысы мен қызметтерін бұза отырып етіне шаншыла өсуімен ерекшеленеді. Қан тамырлары зақымдануының әсерінен қайталап қан кетулерге, жүйке жүйесінің зақымдануынан невралгиялық ауыру сезімдерге, невриттерге, парестезияға, сезім-талдықтың жойылуына әкеліп соғады. Бұл ісіктер көп жағдайда метастаздар береді.

Қатерлі ісіктерді кезінде қатерсіз ісіктен клиникалық айыру өте қиын. Бірақ уақыт өте келе оның ұйыспа-инфильтративті өсуінің нәтижесінде шекарасының анықтығы жойылады. Ісіктер негізінен лимфа және қан тамырлары, жүйке талшықтары, бездердің шығу өзектері арқылы өсіп, метастаздар береді. Сау тіндердің деңгейінде ісіктерді алып тастаған күнде де жиі метастаздар береді. Қатерлі ісіктің өсуіне тән белгілері науқастың қатты азуы, әлсіздіктің пайда болуы, терісінің сары-сұрғылт тартуы, қанда гемоглобин азайып, ЭТЖ-ның артуы т. с. с.

Қатерсіз ісіктердің морфологиялық ерекшелігі оны құрайтын элементтердің (клетчаткалардың) жетілгендігі болып табылады. Бірақ ісік тіндері әрқашан атипиялы орналасады.

Қатерлі ісіктер жетілмеген, пішіні мен қасиеті өзгерген клеткалардан тұрады. Клеткалардың денесі мен ядроларының бір-біріне қатынасы қалыптағыдан тыс өзгерген. Ісіктер қатерсіз және қатерлі деп қана емес, дамыған тіндеріне қарай: дәнекер тіндік, лимфаиод және миелоид, тамырлық, эпителийлік, ет және жүйкелік деп бөлінеді. Аталғандардан басқа бірнеше тіндерден тұратын аралас ісіктер де кездеседі. Жақ сүйектерінде ерекше одонтогенді ісіктер болады, ісіктің өсуі тіндерде жасушаның-клетканың көбею қабілеті бар аймақтарда басталады. Мұндай аймақтарға тамырлар айналасындағы тін, эпидермистің ұрықтық қабаты, бездердің шығу өзектері, эпителиймен бүркенген шырышты қабықтың қойнаулары жатады. Ісіктердің қатарына ұрықтық тіндердің дұрыс қалыптасуының әсерінен пайда болған ісік тәріздес тератоидты ісіктердің пайда болу этиологиясы медицина мен биологияның өзекті мәселесі болып қала бермек. Ісіктің дамуына созылмалы үнемі алған жарақаттар, физика-химиялық әсерлер, созылмалы қабыну процесстері себеп болады.

Оқып үйрену үшін клиникада жақ-бет аймағының қатерсіз ісіктерін одонтогенді және одонтогенді емес деп бөледі. Одонтогенді емес ісіктер остеогенді сияқты, туа біткен кисталар мен тератомалар деп бөлінеді.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 1106; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.