Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сурет. Остеобластокластома




Эпулис

Сурет-103. Алып –жасушалы-клеткалы Сурет-104. Ангиоматозды эпулис

Гемосидерин түйірлері кездеседі. Отадан соң қайталануы мүмкін. Жүктілердің гранулемасы (жүктілердің эпулисі)— кейбір әйелдердің екіқабат кезінде пайда болып, тез өсіп қанағыш келеді. Босанған соң гранулема кішірейеді, кейде мүлдем жоғалып та кетеді.

Жұмсақ тіндерден өсіп шыққан эпулистерді рентгенде қарағанда сүйекте ешқандай өзгеріс көзге шалынбайды.

Фиброматозды, ангиоматозды эпулистерді емдеу жолы тек ота ғана емес. Бірінші және негізгі мәселе жарақат көздерін түгел жою керек. Мысалы, көпір протезді алу, пломбаны тузету, кариесті емдеу, түбірлерді жұлу және тістесуді қалпына келтіру. Осыларды мұқият орындаса 2-3 аптадан соң қызыл иектегі ісіктер күрт кішірейіп, тіпті жоғалып та кетеді. Бірнеше тістің аумағында орналасқан үлкен эпулис түгел жоғалып кетпей тұрып қалуы да ықтимал. Дегенмен ол кішірейіп, қатайып, айналадағы кілегей қабаттан айырмасы білінбей қала береді, Әйтседе оны кесіп алуға асықпаған жөн, себебі кері даму бірнеше айларға созылып оң нәтижемен аяқталуы мүмкін. Протез салу қажет кезде эпулис кесіп алынады. Шеткі алып жасушалы-клеткалы гранулеманың емі-сау тіндердің деңгейінде кесіп алу. Гранулемадан 2-3 мм-дей әріден қандауырмен тінді сүйекке дейін тіліп, қырғышпен патологиялық тінді сүйектің қабығымен қоса бөліп алады.

Қанаған жерлерді электро-коагулятормен тоқтатып, егер тоқтату мүмкін болмаса, йодоформды дәкемен жабады. Жарада грануляция пайда болысымен тампонды алады. Оның орнына эпителий өсіп жетіледі. Отадан кейін тістердің мойындары аршылып қалады. Эпулистің барлық түрлері мен шеткі алып клеткалы гранулемада ісік аумағында тұрған дербес тістерді сақтап қалған дұрыс. Әйелдердің екіқабат кезіндегі гранулемасын емдеудің қажеті жоқ. Бірақ, қызметтік-функционалды өзгерістер пайда болса, ісікті кесіп алуға болады.

Одонтома. Олардың екі түрі бар. Нашар дамыған тіс тіндерінен тұратын, тек өсе бастаған тіс ұрығында ғана кездесетін жұмсақ одонто-малар,екіншісі негізінен петрификатталған, жақсы дамыған тіс құры-лымдарынан тұратын қаттыодонтомалар.

Бұл ісіктердің жиі кездесетін жері төменгі жақтың бұрышы мен оған жақын тұрған бұтағы мен денесі. Көптеген мамандардың айтуынша қатты одонтомалар жоғарғы жақта сирек кездеседі десе, И. И. Ермолаев (1959) екі жақта да бірдей кездеседі деп жазады.

Құрылым ерекшеліктеріне қарай қатты одонтомалар күрделі, күрделі-аралас, жай және кисталы болып жіктеледі. Күрделілері, әртүрлі дәрежедегі ісік, бірақ біртұтас боп бірігіп кеткен бірнеше тіс сияқты заттар мен тіс ұрықтарынан құралады. Кейде мұндай одонтомада көптеген тіс рудименттері мен тіс сияқты заттар кездеседі.

Клиникада мұндай одонтомалар жақ сүйегінде бұдырланып, ауырмайтын қатты томпақ, ал рентгенде қаттылығы тіске ұқсас, бірақ біркелкі емес тіннің көлеңкесі көрінеді. Көлеңкенің шеттері көбінесе шұңқырлар мен қылқандардан түзіледі де бүлдірген, жүзім немесе тұт жемістеріне ұқсас келеді (А.И. Евдокимов, 1959). Көлеңкелі айнала ашық жолақ көрінеді, одан әрі сүйек жолағының нығыздалған (склероздалған) көлеңкесі көрінеді. И.И.Ермолаевтың айтуынша, кәрі адамдарда одонтоманың сыртында ашық жолақ болмауы да мүмкін.

Күрделі-аралас одонтомалар қалай болса солай тәртіпсіз араласып кеткен тістің қатты және жұмсақ тіндерінен құрылған конгломерат түрінде кездеседі. Оның ішінде жекелеген, жартылай қалыптасқан тістер де ұшырасады. Рентгенде күрделі-аралас одонтома біркелкі емес қатты, домалақ, яғни сопақ пішінді, қырлары біршама тегістеу, сыртында ашық жолағы бар көлеңке болып көрінеді.

Жай одонтомалар бір тіс ұрығынан болмаса тіске ұқсас заттың конгломератынан (аралас, қырық құрау) құралады.

Жай одонтомалар, өз кезегінде толық (тістің толық ұрығы тіске ұқсас, яғни домалақ пішінді), толық емес (оның бір бөлігі ғана) болады. Олар тістің қайсы бөлігінен өсіп шыққанына қарап, одан әрі қай бөлігін деформациялағанына қарап түбір немесе сауыт одонтомасы деп аталады. Кисталы одонтома фолликула кистасында орналасады. Сондықтан клиникада ол фолликула кистасы болып көрінеді де, рентгенде-кистаның ішінде ретенцияға ұшыраған тіс емес, одонтома көрінеді.

Одонтомалардың клиникалық белгілері, олардың құрылымы, көлемі, орналасуы, қабының асқынуына байланысты. Әдетте кілегей қабықты тесіп шыққан сүйек тәрізді зат көрінеді. Тесіктің айналасы қалталанып оған тамақ, сілекей, микроорганизмдер толады да жұмсақ, қатты тіндерде созылмалы қабыну процессі басталады.

Қатты одонтомаларға қарағанда жұмсақ одонтомалардың нақтамасын қою қиындау. Оларды адамантинома, остеобластокластома т.б. сүйек ісіктерінен айырып анықтау керек. Олар, радикалды емделмесе қайталап өсуі, малигнизациялануы да мүмкін. Жұмсақ одонтомалардың клиникалық белгілері жоқ. Олар тек тұрақты тістері қалыптаса бастаған балаларда көбірек кездесетінін атап айтуға болады. Олар екі жақта да, әдетте үлкен азу тістер маңында өседі. Бұл ісік адамантиномаға ұқсап біркелкі, бұдырлы томпақ болуымен суреттеледі. Жақтың кортикалды пластин-касын бұзып, айналасындағы жұмсақ тіндерге өсіп кіреді, яғни ауыз қуысына қарай томпайып өседі. Ауызда бұдырлы, серпімді-эластикалық, көкшіл, сәл тисе қанайтын ісік пайда болады. Бұл ісіктің сыртқы көрінісі эпулиске ұқсайды.

Жұмсақ одонтоманың диагнозын қою оңай емес, ол патогистологиялық тексеру негізінде анықталады.

Жұмсақ одонтома, қатты одонтомаға немесе одонтогенді саркомаға айналып кетуі мүмкін.

Ренттенде одонтоманың нақтамасын қою онша қиын емес. Ісік сүйек тінінде әркелкі ақ дақтар түрінде болады. Онда қалыптасқан тіс пен оның бөліктер жиынтығы кездесіп қалады. Кейде ол ортасында қаттылығы сүйек пен дентинге ұқсас затпен толған қуысқа ұқсайды. Одонтоманың салыстырмалы рентген нақтамасының қажеті шамалы. Ісік дистопия мен ретенцияға ұшыраған тіс ұрығына өте сирек ұқсайды.

Емі — хирургиялық. Оларды дәнекер тінді капсуласымен бірге, қалдырмай мұқият алып тастау керек. Бір бөлігі қалып қойса қайталауы-рецидив беруі мүмкін. Отаның ішкі (альвеолды өсіндісіне) және сыртқы (жақ бұрышында, денесінде, бұтағында) екі жолы бар. Түбегейлі-радикалды алу үшін сүйектегі тесік (ісікті алып оның орнын қырып тазалауы үшін) үлкен болғаны шарт. Отадан кейін сүйектің орны бірте-бірте толып бітеледі. Үлкен одонтомаларды (сүйекті бұзған) сүйекке жартылай кесіп алып-резекция, соңынан сүйек пластикасын (төменгі жақта) қатар жасау арқылы аламыз. Жоғарғы жақтың ақауы обтуратор протезбен уақытша бекітіледі.

Цементома — жарып шыққан тістің перицементінен бастау алған шын ісік пен диспластикалық процесстің (цементодисплазия) аралығындағы ісік. Гистологиялық тұрғыдан цементома құрамында цементиклдер (клеткасыз цемент жиынтығы) мен одонтоцементобласттарға айналатын фибробластардан тұратын дәнекер тіндерінің қабаттарының жиынтығы. Кейде ол остеоид тіндерін де қосып алады. Ісік сүйек ішінде орналасып баяу үлкейе береді. Үлкен цементомалар ісігі ауырып науқасты мазалай бастайды.

Цементомалардың екі түрі кездеседі. Бірі ошақтық- бір тістің төңірегінде өседі. Екіншісі жайылмалы — сүйектің едәуір жерін қамтиды. Олар әртүрлі жастағы адамдарда, жиірек әйелдердің төменгі жағында кездеседі. Әдетте жақтың орта бөлігінде күрек, сойдақ тістердің тұсында орналасады.

Микроскоппен қарағанда цементома эластикалық ақшыл-сұр тін болып көрінеді. Ісік дәнекер тінді қапшықтың ішінде орналасып, зақымданбаған сүйектен оңай ажырап алынады. Периапикалды цементо-дисплазиялардың шеттері ирек, өздері тым қатты болады. Жай көзбен қарағанда бұл ісіктер тіс цементіне ұқсас тіндерден құралады. Ошақты зақымданудың 80% белгісіз болып, рентген жасағанда кездейсоқ анықталады. Рентген суретінде периапикалды аймақтың остеолизі гранулемаға өте ұқсас болып келеді. Егер мұндай көрініс сау тіс айнала-сында кездессе ешбір күдіксіз нақтама қойылады. Кариеспен зақым-данған тіс төңірегіндегі осы тектес цементомаларды, ісіктің асқынып ұлғайған кезінде ғана анықтай аламыз. Кейбір кездерде ошақты зақым-данған сүйек өте қатты, құрылымы белгісіз затқа ұқсайды. Ол сүйектің зақымданбаған бөлігімен ақшыл жолақ арқылы бөлініп тұрады. Уақыт өткен сайын ақшыл жолақ-қалыпты сүйек тінімен алмасады. Ісік ұзақ уақытқа созылса, түбірлер гиперцементозы сияқты көрініс қалыптасады.

Төменгі жақтың периапикалды цементомалары негізінен оның орта бөліктерінде солитар немесе топ болып орналасады. Ісіктің көлемі бірнеше милиметрден бірнеше сантиметрге дейін болады. Өсе келе ол кейбір тістерді ығыстырып орнынан жылжытады. Жылжыған тістердің түбірлері көбіне аномалиялы болып келеді.

Жайылмалы зақымданудың рентген суреттерінде сүйектен де қатты тіндер яғни көптеген цементиктермен толған киста қуыстары көрінеді. Ота радикалды жасалмаса ісік жедел өсе бастайды.

Рентгенде цементомалар фиброзды дисплазияға ұқсас келеді. Қатты түйірлі заттары бар киста тәрізді жерлердің арасында өзгермеген сүйек тіндері кездеседі. Жайылмалы зақымданған сүйек зақымданбаған, яғни құрылымы өзгерген сүйек тінімен, хаосты орналасқан қатты жерлермен алмасып отырады. Рентгенде жайылмалы зақымдану өте айқын, анықтауды қажет етпейді. Цементоманың ошақты түрін одонтома, остеома, оссификацияланған фибромадан гистологиялық тексеру арқылы ажыратып алуға болады. Цементома үлкейе келе айналадағы анатомиялық құрылымдарды ығыстырады. Жоғарғы жақ пен мұрын қуысы қабырғаларын ығыстырғанмен, оларға өсіп кірмейді. Ісік шекаралары барлық кезде анық көрінеді. Бірақ, рентгенде түрлі проекциямен бірнеше сурет жасалғанымен мұны дәл анықтау қиын. Цементоманы остеобластокластома, остеома, остеохондрома, түбірлік киста, остеогенді саркома, остеоид -остеома т.б. ісіктерден ажырату керек.

Емі — тек хирургиялық. Жақ ауырып, ісік жедел өсе бастаса, патологиялық сынғанда маңында созылмалы қабыну процессі болса, бет пішіні мен қызметі бұзылса ота жасалады.

Ота кезінде цементомамен байланысты тіс жұлынады. Жедел өсе бастаған, сан алуан элементтері көп ісік қайталамас-рецидив бермес үшін маңындағы тіндермен қоса алынады.

Түбір ұшын кесу тек біртүбірлі тісте түбегейлі-радикалды оңай алып тастау мүмкіндігі бар кезде ғана қолданылады.

Остеобластокластома. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жіктеуі бойынша — остеобластокластома. Басқа да түрлі атаулары бар: алып жасушалы-клеткалы ісік, алып клеткалы репаративті гранулема т. б. Клиникалық көріністері онша айқын емес (жақ сүйегінің белгілі бір жерінің ұлғайып деформациялануы, тістердің жан-жағына қарай қисайып-конвергенцияға ұшырап босауы). Остеобластокластомамен зақымданған сүйектің аймағы амелобластома мен кистадан да үлкен болып ұлғайып ісінеді (105-сурет).

 

 

Сипап тексерген кезде-пальпацияда аздап ауырып, пергаменттің қытыры сезіледі. Әдетте өздігінен ауырмайды.

Рентген көріністеріне қарап 3 түрге бөлеміз: ұялы, кисталы және литикалық. Басқаларынан көрнектірек деп ұ ялы түрін атауға болады. Мұнда зақымданған бөлік ерекше ісініп, кортикалды пластинка барынша жұқарады.

Ұялар онша үлкен болмайды, олардың саны көп болғандықтан ісік сабын көбігінің жинағына ұқсайды. Ісіктің бұл түрі баяу өсіп, көбіне жасы үлкен адамдарда кездеседі. Ұялар әртүрлі, арасындағы перделер толық, жартылай, ісік көлемі-контуры анық. Ісік аймағында сау сүйек тіні мен тіндердің қайта тіктелуі-регенерация жоқ. Кортикалды табақша-пластинка әбден жұқарып, жойылып кеткен сияқты болады. Сүйектің ісінуі оның өсіне көлденең орналасқандықтан, анықтау үшін оксиальды проекциядағы рентген суреті жасалуы керек. Ұялы остеобластокластоманың көлеңкесі біркелкі, амелобластома мен кистадан сәл ашық түсті келеді. Зақымданған аймақтағы тіс түбірлерін ешқашан ығыстырмайды, олар негізінен таралып, жымдалады. Бұл осы ісікке тән ерекшелік.

Кисталы түрімен зақымданған жақ сүйегі ұлғайып, жедел өсуімен, көбінде ісіктің ауырғанымен ерекшеленеді. Рентгенде ісік қырлары анық, пішіні сопақ немесе домалақ, киста сияқты болып көрінеді. Ісіктің кішкентай кезінде табақша-пластинка жұқармайды. Үлкен кисталы остеобластокластомалар қоршалып, кортикалды табақша-пластинканы тым жұқартып, ол тілге қарай томпайып тұрады.

Литикалық түрі сирек кездеседі, оның нақтамасын-диагнозын қою да оңайға түспейді. Ісіктің бұл түріне тән ерекшелік ол жақ сүйегінің кортикалды табақша-пластинкасына сыбайлас орналасып іштен сыртқа емес, керісінше өседі. Кортикалды табақша-пластинка томпайған жұқа қабық ретінде сақталады. Пластинка бұзылған соң ісік жұмсақ тінге қарай өседі. Сүйек ақауының көлемі-контуры өте анық болады.

Кистадан жоғарғы жақтың остеобластокластомасы қуысының үлкендігімен пішінсіздігімен, қуыс ішіндегі тіс түбірлерінің сорылуымен-резорбциясымен ерекшеленеді. Орталықта орналасқан ісіктерден басқа, жақ сүйегінің шет бөліктерінде, кілегей қабықта немесе қызыл иекте кездесетін кездері де болады. Қызыл иекке орналасқанын алып клеткалы репаративті гранулема деп атайды.

Шеткі орналасқандары диаметрі 2 см-ден аспай үстіңгі, төменгі жақ сүйектерінде кездеседі, олар орталықта орналасқандықтан жақты 4 есе жиірек зақымдайды. Көбіне жас, ер адамдар ауырады. Көпке дейін белгісіз болып келген ісік ұлғайып жақ сүйекті деформациялаған кезде айқындала бастайды. Ісіктің өсуіне тістің жұлынуы тікелей әсер етуі мүмкін.

Емі хирургиялық. Кисталы, ұялы түрлерінде зақымданған жерді мұқият қырып тазалау жеткілікті. Егер ісік жақтың біраз жерін қамтыған болса, онда жақ сүйегіне резекция жасап, қолма-қол сүйек пластикасы жасалады (106-сурет).

106-сурет. Төменгі жақ ісіктерінің хирургиялық емдеу әдістері

 

Литикалық түрінде жақтың бүгіндігін сақтап, жартылай резекция жасалады, кейде жақтың бір бөлігін резекция жасап, бір мезгілде сүйек пластикасы қолданылады. Белгілі себептерге байланысты хурургиялық тәсілмен емдеуге жол болмаса сәулемен емдейді.

Жақ остеомалары. Остеома жақ- сүйегінің кортикалды немесе кеуекті қабаттарында кездесетін негізінен жетілген сүйек тіндерінен құралған, сирек кездесетін ісік.

Ол жиірек төменгі жақты зақымдайды, бірақ, гаймор қуысының ішкі қабырғасында, мұрын қуысында, шықшытмаңы безінде кездесуі мүмкін.

Клиникалық ағымы. Остеомалар белгісіз, жылдар бойы баяу өседі. Науқастың алғашқы шағымы ісіктің орналасқан жері мен көлеміне байланысты. Төменгі жақтың ішінде өскен ол төменгі жақ нервісін қысып ауық-ауық мазалайды, бет асимметриясы байқалады. Тәждік өскінде орналасса бірте-бірте төменгі жақтың қимылы шектеледі. Мұрын қуысында өссе мұрынмен тыныс алуға кедергі жасайды. Гаймор қуысындағы остеома тіпті кеш байқалады. Ол жайлап гаймор қуысын толтыра өседі. Оны кездей-соқ рентген жасағанда немесе көзге айқын шалына бастағанда, бет асимметриясында табамыз. Кейде жақ қарысып қалғанда остеоманың үстіңгі жақ бұдырына орналасқанын анықтаймыз.

Өсе бастағанына қанша жыл уақыт өткендігіне қарай оның көлемі де үлкен болады. Шағын остеомалар баяу, ауырмай, ағза қызметі мен пішінін бұзбай қала береді. Бірақ ұлғайып өсе келе адам келбетіне нұқсан келтіріп, жақты қарыстырып, көз алмасын да ығыстырып жібереді.

Гистологиялық тұрғыдан олар: жинақты, кеуекті және жұмсақ болып бөлінеді.

Жинақты остеоманың нақтамасын-диагнозын қою қиын. Ол рентгенде анық, қатты «артық тін» (плюс ткань) болып көрінеді. Кеуекті жұмсақ остеомаларды остеобластокластома, қомақты адамантинома, сүйек дисплазиясы, остеофит, экзостоз, созылмалы периоститтен ажырата білу керек.

Сүйек қылқандары — остеофиттер мен ірірек өскіндер — экзостоздар көбіне созылмалы тітіркену немесе созылмалы қабыну салдарынан пайда болатынын анамнезден айқындауға болады.

Емі тек хирургиялық, ісікті түгел алып тастайды. Ота жасалар алдында функциялық және косметикалық ауытқуларды жою үшін алмалы тіс протезі дайындалады.

Остеоид-остеоманы, яки жұмсақ остеоманы кейбір мамандар нағыз ісік емес, ол реактивті қабынудың көрінісі деп есептейді. Олар жақ сүйектерде өте сирек кездеседі (А. А. Колесов бойынша жақтың ісік пен ісікке ұқсас құрылымдарының 0,5% ғана құрайды).

Жұмсақ остеома сүйектің кеуекті, кортикалды қабаттарында немесе субпериосталды орналасады. Диаметрі 5-20 мм.

Оның клиникасы сыздап, ауық-ауық, әсіресе түнде мазалайтын ауыру болады. Бір ерекшелігі аспирин дәрісі оны басады. Сыртқа орналасқанда бет асимметриясына әкеледі. Рентгенде, оның сыртын ала ағарған жолақпен қоршалған, орта тұсында рентген өткізгіш бөліктен тұратын көрініс байқалады. Бұл кейде дөңгелек одонтоманы еске салады. Бірақ, басқа, жолақпен қоршалған, біртектес, түгел рентген өткізгіш түрі де кездеседі.

Патологиялық тексеруден бұрын нақтамасын-диагнозын дәл қою қиын.

Емі — хирургиялық, мұқият қырып алып тастамаса қайта өсіп шығуы мүмкін.

Миксома (миксофиброма). Орналасқан жерінде жұмсақ тіндерге ене өсетін қатерсіз ісік. Кілегей заттың жиналуына байланысты едәуір тез өседі. Қапшығы жоқ сүйекті бұзып өседі. Жиі (рецидив) қайталанады, бірақ метастаз бермейді. Негізінен жас, орта жастағы адамдарда кездеседі.

Клиникалық көріністері айқын емес. Ісік бар жердегі жақ сүйек томпайып, ауырады. Ісік аймағындағы тістер босап, жылжып (қисайып) түбірлері ыдырай бастайды. Рентгенде қарағанда «сабын көпіршігі» сияқтанып, арасында сүйек перделері бар майда ұялардан түзілген сүйектің бүлінуі-деструкциясы көрінеді.

Жай көзбен қарағанда ісік кілегейленіп тұрған жұмсақ, сұр түсті болып көрінеді. Микроскоппен қарағанда миксоид стромасына орналасқан дөңгелек, қырланған жасушалар-клеткалар көзге түседі. Миксома құрамында басқа да дәнекер тіндерінің болуына қарап ол миксофиброма миксохондрома т.б, болып аталуы мүмкін.

Емі. хирургиялық жақ сүйегіне резекция жасалынады.

20.4. ЖҰМСАҚ ТІНДЕРДІҢ ҚАТЕРСІЗ ІСІКТЕРІ

 

Жалпақ жасушалы-клеткалы папиллома — көпқабатты жалпақ эпителийден өсіп шығады. Клиникалық көрінісінде айналасындағы тіндерден жіңішке немесе жалпақ (экзофитті өсу) табаны арқылы биіктеп, көлемі 1-2 мм-ден, диаметрі 2 см-ге дейін емізікше өсіп шығады. Ісік кез келген жерде (тіл, ұрттың кілегей қабығы, таңдай) кездесе береді. Әдетте папилломаның түсі айналасындағы кілегей қабықпен бірдей, эпителий қабығы мүйіздене бастағанда ол ақшыл, кейде жылтыр ақ түске енеді. Папиллома ауырмай, баяу өседі. Оның қатерлі ісікке айналуының белгілері жылдам өсуі, жараға айналуы және төңірегіндегі тіндерге ұйыспа-инфильтрациясының болуы.

Папилломаны фибромадан ажыратады. Папиллома кілегей қабық пен терінің шекарасында орналасса жиі мүйізденеді. Гистологиялық тексеру арқылы папилломаның дәл нақтамасын-диагнозын қояды.

Емі. Қандауырмен, яғни электрпышақпен түбегейлі-радикалды түрде кесіп алынады.

Қызыл иек фиброматозы. Қызыл иек пен оның емізікшелерінің диффузды түрде өсуі. Жастар мен орта жастағыларда кездеседі, жалпы сирек кездесетін ісік.

Клиникасы: Қызыл иектің тіс сауытын жартылай, түгел жауып жұмырланып өседі. Көбінесе ауыздың кіреберісі жағынан зақымданады, бірақ бұл өзгеріс тіл, таңдай тұста да болуы мүмкін. Ісіктің беті бөлшекті, папиллома тәрізді, ал (көбіне тегіс жылтыр, түсі боз немесе қызарып көрінеді. Сипап тексергенде-пальпацияда фиброматоз ауырмайтын тығыз серпімді. Тіс сауыты мен ісік арасында қалталар пайда болып, оларға тамақ, тіс тасы жиналып қабынады, қызыл иекті зақымдап тістен ажыратады.

 

 

107-сурет. Қызыл иек фиброматозы

Рентгенде, ұзақ уақыт өскен фиброматозда түбір арасындағы перде мен ұяшық өсіндісінің қыры ыдырай бастайды. Жоғарғы жақ будырларына орналасып, көбірек таңдай тұстан көрінетін ісіктер үстіңгі жақ бұдырларының фиброматозы (ертеде симмертиялы фибромалар деген) деп аталады. Осындай фиброматоз төменгі жақ ұяшық өсіндісінің артқы бөліктерінде де кездеседі.

Микроскоппен қарағанда қызыл иек фиброматозы тығыз, талшықты қан тамырлары аз, дәнекер тінді болып көрінеді.

Емі. Патологиялық тінді сүйекке дейін, сүйек қабығын қоса біртіндеп кеседі, сонымен бірге 8-6, 6-8 тістер тұсын үстіңгі немесе төменгі жақтан кесіп, жарақат бетіне йодоформ тампонын 7-8 күнге дейін қалдырады. Грануляция өсіп жара эпителиймен жабылғанда йодоформды тампонды алады. Кейде отадан кейін-соң қайталануы-рецидив болу да мүмкін.

Ринофима — орта, одан да үлкен жастағы ер адамдардың мұрын шеміршегі терісінің май бездерінен болатын ісікке ұқсас зақымдануы. Ол ауырып, бұдырлы, тығыз серпімді, түсі көкшіл- қызыл болады.

Ринофима бірнеше, тіпті ондаған жылдар бойы жайлап өсіп адамның көркін бұзады (108-сурет).

Оның патоморфологиялық көрінісі май бездерінің гиперплазиясы, ерекше васкуляризациясы, содан соң созылмалы қабынуымен суреттеледі.

Емі. Патологиялық зақымданған тіндерді кесіп алып тастап бірден тері пластикасын жасау. Кішкентай ринофиманы фрезамен жонып алып, жара бетін майлы таңғышпен жабу керек. Жара беті өзі эпителийленеді.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 2839; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.