Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сурет-111. Меланома Сурет-112 Алып пигментті невус




Меланомалар

 

 

Қатерлі меланома ісігін анықтау үшін тек қана әйнекке жағылған (әйнекті ісікке ақырын жапсырып алынған) жұғындыны микроскоппен қарау керек (цитология).

А.И.Савицкийдің пікірі бойынша қатерлі меланоманы төрт клиникалық сатыға бөлудің қажеті жоқ, себебі, меланоманың даму процессінің қай сатыда екенін байқау мүмкін емес, сондықтан да оны алғашқы және жайылған түріне бөлген жөн.

Сонымен бірге А. И. Савицкийдің айтуынша қатерлі меланомадан биопсия алуға болмайды.

Тері меланомасының даму болжамы көптеген жағдайларға-факторларға тығыз байланысты (науқастың жынысы, жасы, ұлты, алғашқы ошақтың орналасқан жері және т. б.) Көбінесе европалық халықтардың арасында көп кездеседі. Меланома өте күрделі ісік. Кейде ол пигментті дақ немесе түйін секілді, кейде жалпақ негіздегі папилломатозды өсінді түрінде кездеседі. Түсі қарадан көгілдір немесе сұр, ал кей жағдайда түссіз де болып кездеседі. Ісік жаралануы да мүмкін.

Болжау барысында меланомды клеткалардың дермаға енуі маңызды орын алады (Кларк жүйесі бойынша 5 деңгей).

I — Меланомды жасуша-клеткалар базальды пердеден аспайды.

II— Базальды перде мен емізікті қабатқа жетеді.

ІІІ— Емізікті қабат пен торлы қабатқа дейін толады.

IV—Дерманың торлы қабатындағы коллаген талшықтарына енеді.

V —меланома теріасты май қабатына өтеді. Бреслау бойынша меланоманың ену деңгейі ойша екі топқа бөлінеді:

I — Ісіктің қалыңдығы 0,76 мм-ден кем болмаған кезде қолайлы жағдай деп есептеледі.

II—0,76 мм-ден артық болса метастаз мүмкіншілігі бар кез деп саналады.

Меланоманың қалыңдығы 2 мм-ден кем болғанда науқастың аман қалуы 80%-тей.

Емі. Қатерлі меланома ісігін емдеудің бүгінгі таңда екі жолы бар. Біріншісі хирургиялық жолмен ісікті алып тастау. Екіншісі -аралас әдіс. Мұндай жағдайда, әуелі ісікті рентген немесе гамма сәулесімен өлтіріп, содан кейін хирургиялық жолмен қалған қалдықты түп нұсқасымен, ісіктің айналасынан 2-3 см қашықтықтағы терісімен қоса сылып алып тастайды. Әлбетте, хирургиялық оталарды электр пышақпен жасау қажет, өйткені кейбір шашыраған меланома клеткалары электр пышағымен бірге күйіп кетеді.

Алғашқы I-III деңгейдегі тері меланомасын емдеудің негізгі әдісі хирургиялық. Меланоманы сау тіндерден алып тастау. Жайылмалы түрінде дәрімен емделеді. Өкпедегі, бауырдағы, сүйек және ми ішіндегі метастаздарға қарағанда тері мен мойынның лимфа бездеріндегі метастаздар химиялық емге сезімтал. Меланоманың диссиминальдық түрінде еқ тиімді дәрі декарбазин болып табылады.

Нитрозомочевинаның өнімдерін екінші шектегі препарат ретінде пайдаланады. Әсері жоғары жаңа препараттардың ішінде платинаның өнімдері цистплатин немесе платидиам, параплатин, карбоплатин, платинді айтуға болады.

Полихимиялық емнің әсері де улылығы да монохимиялық емге қарасанда 25-35%-тей жоғары. Операциядан кейін ауру одан әрі асқынып кетпес үшін қолайсыз IV-V және IIIдеңгейдегі қалыңдығы 2 мм-ден жоғары меланомаларда адекватты ем қатар қолданылады.

Монохимиялық ем: 1. Декарбазин, 2. Араноза, 3. Декарбин.

Полихимиялық ем: 1-ші тәсіл. Декарбазин, винбластинмен, цистпластинмен қосып жасалады. 2-ші тәсіл. Нитрозометилмочевина дактиномицинмен, винкристинмен қосылып жасалады.

Иммуномодуляторлар мен иммунологиялық емнің алатын орны енді зерттелу үстінде. Х2 интерферон метастаз жұмсақ тіндерде болған кезде 25-27% тиімді. Емнің әсері бір дәрінің немесе бір схеманы қолдануында емес, метастаздың орналасуына байланысты. Лимфа бездері мен терідегі кішігірім метастаздарда ғана 100%сорылу әсеріне қол жетеді. Кей жағдайда интерлейкин-2 цитостатикалық препараттармён қосылып беріледі. Меланоманың диссиминациялық түрінде тамоксифенді ұзақ уақыт химиялық еммен қатар немесе онсыз пайдалануға болады.

20.10. Еріннің ісіктері

Қазақстанда ерін рагімен ауырған адамдардың саны әр 100 мың адамға шаққанда: ерлерде -5,8%, әйелдерде 1,6% (40-60 жастың арасында). Ауылшаруашылығындағы, зиянды өндіріс аймақтарындағы тұрғындардың ауруға шалдығу жиілігі жоғары. Н.П.Наталковтың мәліметтері бойынша ТМД елдерінің ішінде Украина мен Ресейдің көрсеткіштері жоғары. Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы (Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан обл.) тұрғындар солтүстік облыстардағы тұрғындарға қарағанда аз ауырады. Қазақстандағы жергілікті тұрғындарға қарағанда сырттан келген европалық терісі ақ тұрғындарда ерін рагі 15 есе көп кездеседі. Ісік әдетте төменгі ерінде болады, жоғарғы еріннің алғашқы жарақат-тануы 10 есе сирек. Көлемі 0,5-1,0 см ісіктің клиникалық суреттері өзінің өсу түріне байланысты айқындалады.

Экзофитті ісіктің түрі инфильтративті негізі бар капиллярлық немесе саңырауқұлақ тәрізді болады. Жарақаттанудың әсерінен ол тез жараланып қанауы мүмкін (113-сурет).

 

Сурет-113. Ерін рагі Сурет-114. Ауыз қуысының дермоидті




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 1641; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.