Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Этиологиясы. Салыстырмалы диагностикасы




ТИРЕОПАТИЯЛАР

АМИОДАРОН-ИНДУЦИРЛЕГЕН

Болжамы

Профилактикасы

Салыстырмалы диагностикасы

Диагностикасы

Эпидемиологиясы

Әлемде шамамен 20 млн. адамда йод тапшылығы әсерінен ойлау қабілеті төмендеген. Жеңіл йод тапшылығының халықтың ойлау қабілетіне әсерін бағалау әрине қиындықтар тудырады, дегенмен жеңіл және орташа йод тапшылығы бар аймақтардағы балалар мен жасөспірімдердің интеллектуалды даму индексі (IQ) қалыпты мөлшерде йод қабылдайтын аймақтағы балалармен салыстырғанда 10%-ға төмен.

 

Клиникалық көріністері

Неврологиялық кретинизмнің басты көріністеріне олигофрения, саңыраулық, спастикалық диплегия немесе тетраплегия, қитарлық жатады. Гипотиреоз дамымайды. Науқас йод тапшы аймақта әрі қарай тұрақтайтына орай жемсау көрініс береді.

 

Неврологиялық кретинизм ауыр йод тапшылығы дамыған аймақтарда тұратын және туылған науқастарда көрініс беретін типті белгілергі негізделе диагностикаланады.

 

Басқадай себептерден дамыған олигофрения көрініс берген неврологиялық кретинизммен жүргізіледі.

 

БДДҰ ұсынғандай, өз әсерлігін көрсеткен жалпылама йод тапшылығының профилактикасы болып тағамға қосатын тұзды йодтау табылады. Жүкті және емізтін әйелдерде жеке йод профилактикасы ретінде физиологиялық мөлшерде қосымша йодты (калий йодит 150–200 мкг/тәу) қабылдау тағайындалады.

 

Йод тапшылығы әсерінен дамыған неврологиялық және психикалық бұзылыстар қайтымсыз.

 

Амиодарон (кордарон) кең көлемді аритмияға қарсы әсерлі препарат ретінде, кейде таңдау препараты ретінде қолданылатын, осыған қарамастан ҚБ патологиясы мен тиреоидты гормондардың метаболизмінде бірқатар өзгерістер туғызатын дәрілік зат (3.30 кесте).

 

Амиодарон құрамында үлкен мөлшерде йоды (жалпы салмағының 39%-ы) бар, құрылымы бойынша Т4 молекуласына ұқсас бензофуран туындысы. Амиодаронды қабылдау кезінде ағзаға күн сайын 7–21 г йод түседі (йодқа деген физиологиялық сұраныс шамамен 200 мкг). Амиодарон көп мөлшерде май тіндері мен бауырда жиналады, оның ағзадан жартылай шығару уақыты оршама алғанда 53 күннен артық, осыған орай амиодарон-индуцирлеген тиреопатиялар препарат қабылдауды тоқтатқаннан көп уақыттан кейін дамуы мүмкін.

 

Патогенезі

Амиодарон барлық деңгейде тиреоидты гормондардың алмасуы мен реттелуіне қатысады. 2 типті дейодиназа жұмысын бәсеңдетіп, ол гипофиз тиротропоциттерінде Т4-тің Т3-ке конверсиясын бұзады, нәтижесінде тиреоидты гормондарға гипофиздің сезімталдылығы төмендейді. Осыған орай, амидарон қабылдайтын науқастарда терапияның бастапқы кезеңінде қалыпты тиреоидты гормондардың (эутиреоидты гипертиротропинемия) деңгейіне қарамастан ТТГ мөлшері жоғары болады. Амиодарон-индуцирлеген тиреотоксикоз үлкен клиникалық мәселе болып табылады және бұл патологияның екі түрін ажыратады.

 

3.30 кесте. Амиодарон-индуцирлеген тиреопатиялар

 

Этиологиясы Амидарон құрамында көп мөлшерде йод бар және ол құрылысы бойынша тироксин молекуласына өте ұқсас
Патогенезі Йод-индуцирлеген тиреотоксикоз, препараттың тура тироциттерге уытты әсер етуі, АИТ үдемелі түрде өршітеді
Эпидемиологиясы Амиодарон қабылдайтын науқастардың 30–50%-да дамиды
Басты клиникалық көрінісі Тиреотоксикоз немесе гипотиреоз симптоматикасы, жиі симптомсыз ағым тән
Диагностикасы ҚБ қызметін бағалау, ҚБ сцинтиграфиясы
Салыстырмалы диагностикасы Эутиреоидты гипертиротропинемия vs., шынайы гипотиреоз; 1 vs. 2 типті тиреотоксикоз, тиреотоксикозбен өтетін басқа аурулар
Емі Амиодарон қабылдау көрінісінде қалыпты Т4 мөлшерінде ТТГ деңгейінің жоғарылауы емді қажет етпейді; гипотиреоз кезінде орынбасушы терапия тағайындалады. Тиреотоксикоздың 1 типі — тиреостатиктер, 131I-пен терапия немесе эутиреозға қол жеткізгеннен кейін тиреоидэктомия; тиреотоксикоздың 2 типі— глюкокортикоидтар, әсері ұзақ уақыт бойы болмағанда және рецидив кезінде — тиреоидэктомия
Болжамы Қолайлы

 

Амиодарон-индуцирлеген тиреотоксикоздың 1 типі (АмИТ-1) ағаза көп мөлшерде йод түскеннен дамиды, яғни йод-индуцирлеген тиреотоксикоз жөнінде сөз қозғалып отыр. Ол көптүйінді жемсау және ҚБ-дің функциональды автономиясы көрінісінде дамиды немесе ГА манифестациясын индукциялау нәтижесінде көрініс береді.

Амиодарон-индуцирлеген тиреотоксикоздың 2 типі (АмИТ-2) жиі кездеседі және амиодаронның тироциттерге тура уытты әсер етуінен дамиды, нәтижесінде сатылы ағымды деструктивті тиреотоксикозбен спецификалық тиреоидит анықталады. Амиодаронды қабылдау нәтижесінде гипотиреоз дамуы мүмкін, себебі ТПО-АД тасымалдаушысы болып табылатын әйелдерде жиі көрініс береді, яғни йод артықшылығынан АИТ үдемелі дамиды.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 598; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.014 сек.