Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Диагностикасы. БГА артериялық гипертензиямен сырқаттанғандардың 1–2%-да нақтыланады




Эпидемиологиясы

БГА артериялық гипертензиямен сырқаттанғандардың 1–2%-да нақтыланады. Шамамен 1% жағдайда кездейсоқ анықталған бүйрек үсті безінің көлемді түзілістері альдостеромалар (инциденталома) болып табылады. Альдостеромалар әйелдерде 2 есе жиі анықталады. ЕГА -ның таралу жиілігі белгісіз, бірақ оның таралуы БГА-мен салыстырғанда бірнеше есе артық болады.

 

Клиникалық көрінісі

Біріншілік гиперальдостеронизм

1. Артериялық гипертензия, әдетте орташа ауырлықта және стандартты гипотензивті терапияға резистентті.

2. Гипокалиемия асқынулары өте сирек кездеседі: бұлшықет әлсіздігі, тырысулар, парестезиялар; ауыр гипокалиемия клиникалық полиурия және никтуриямен (гипокалиемиялық нефрогенді қантсыз диабет) көрінетін бүйректің дистрофиялық өзгерістерімен асқынады.

 

Екіншілік гиперальдостеронизмге спецификалық клиникалық көріністер тән емес, себебі ол көптеген аурулар мен жағдайларда дамитын компенсаторлы феномен болып табылады, бірақ БГА-ге тән электролитті бұзылыстар ешқашан ЕГА кезінде дамымайды.

 

Егер науқаста гипокалиемиямен бірге артериялық гипертензия көрініс берсе БГА анықтау үшін зерттеулер жүргізу қажет. Бірқатар жағдайларда, БГА кезінде калий мөлшері 3,5–3,6 ммоль/л-ден төмен болмайтынын естен шығармаған жөн. Науқасты зерттеуге басқа көрсеткіштерге қалыпты гипотензивті терапияға резистентті артериялық гипертензия мен/немесе 40 жасқа дейінгілер жатады. БГА-ның диагностикасы негізінде альдостерон, ренин деңгейі және олардың арақатынасы анықталады. БГА-ге альдостеронның жоғары мөлшері, плазмадағы ренині белсенділігінің (ПРБ) төмен болуы, альдостерон/ренин арақатынасының жоғары болуы тән. Альдостерон/ренин арақатынасы БГА-да қауіпті мәннен асып кетеді және төменде көрсетілген:

 

альдостерон (нг/дл)

> 50

ренин (нг/мл/сағ)

 

альдостерон (пмоль/л)

> 1400

ренин (нг/мл/сағ)

 

альдостерон (пг/мл)

> 140

ренин (нг/мл/сағ)

 

Плазма ренинінің белсенділігін (ПРБ) дұрыс анықтау үшін қанды алу барысында барлық ережелерді сақтау қажет: қан антикоагулянты бар түтікке жиналады, плазма центрифуга арқылы алынады. Анализді орындауға 6 аптаға дейін ААФ ингибиторлары, диуретиктер, β-блокаторлар және кальций каналдарының тосқауылдаушылары, верошпирон (спиронолактон) қабылдауды тоқтатады.

Егер альдостерон/ПРБ арасындағы қарым-қатынас көрсетілген межелі деңгейден жоғары болса, науқасқа марштық (ортостатикалық) сынақ жүргізу тағайындалады. Бұл сынақ, қалыпты жағдайда таңертең түнгі ұйқыдан кейін горизонтальды қалыпта альдостерон мен ПРБ вертикальды қалыпқа өткенге дейін 30%-ға төмен болатынына негізделеді. Альдостерон мөлшерін анықтау мақсатында, бірінші қан таңертең сағат 8-де төсектен тұрмай тұрып алынады. Осыдан кейін науқасқа 3–4 сағат вертикальды қалыпта жүруін өтініп, кейін қайталап қан алынады. Автономды альдостерон өндіретін аденома кезінде альдостерон гиперсекрециясы нәтижесінде дамитын БГА-де, ПРБ деңгейі бастапқыда төмен болады және ортостатикалық жүктемеден кейін жоғарыламайды. Альдостерон деңгейі бастапқыда жоғары болады, бірақ сынақтан кейін қалыпты жағдайдағыдай жоғарыламай, керісінше төмендейді. Бұл альдостерон секрециясының ангиотензин ІІ деңгейіне тәуелділігінің жоғалғанын көрсетеді және енді оның өндірілуі АКТГ секрециясына бағынады. Себебі, АКТГ секрециясы циркадты ырғақ бойынша түске қарай төмендейді.

Диагностикалаудың келесі сатысы КТ немесе МРТ көмегімен бүйрек үсті безін визиуализациялау болып табылады. Альдостерома бүйрек үсті безінде көлемді түзіліс болып көрінеді. Идиопатикалық БРГ кезінде бүйрек үсті безі өзгермейді немесе майда ошақты түзілістер дамиды. Зақымданудың латерализациялануы кезінде мысалы екі бүйрек үсті безінің көлемді түзілістерінде бүйрек үсті без көктамырының катетеризациясы орындалады және онымен қатар альдостерон және кортизол деңгейі оң және сол жақ бүйрек үсті безінде салыстырмалы түрде анықталады.

ЕГА жеке сырқат болып табылмайды және нақты диагностикалауды талап етпейді.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 763; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.