Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Салыстырмалы диагностикасы. 1. Тестостерон мөлшері сәл ғана жоғарылайды, бірақ АБПС-мен сырқаттанған әйелдердің басым




Диагностикасы

1. Тестостерон мөлшері сәл ғана жоғарылайды, бірақ АБПС-мен сырқаттанған әйелдердің басым көпшілігінде қалыпты деңгейде болады және гирсутизмнің айқындылығана байланысты жиі корреляцияланбайды.

2. Әйелдердің 50–70 %-да ЛГ жоғары болады, бұған әсіресе ЛГ/ФСГ (>3) арақатынасының жоғарылауы тән (соңғы кездері диагностикалық қағида ретінде қарастырылмайды).

3. Әйелдердің 50 %-да жыныс гормондарын байланыстыратын глобулин мөлшері төмендейді.

4. АБПС диагностикалауда аса бағалы мәліметтерге ие болатын аспаптық зерттеу әдісі - трансвагинальды датчикпен кіші жамбас астауының УДЗ-сі. АБПС-нің ультрадыбысты қағидаларына диаметрі 10 мм аспайтын 8-ден астам кистаны анықтау және овариальды строма көлемінің ұлғаюы жатады (сурет. 5.5). Сонымен қатар, эндометрий гиперплазиясы көрініс береді (қалыңдығы >10 мм).

5. Қантты диабет немесе көмірсуларға толеранттылықтың бұзылуын анықтау мақсатында гликемия дәрежесін анықтау міндетті, қажет болған жағдайда оральды глюкозаға толерантты тестті жүргізу маңызды. АБПС диагнозы төменде көрсетілген 3 симптомдардың ішінен 2-уі көрініс бергенде қойылады: ановуляция (бедеулік), зертханалық дәлелденген гиперандрогения, аналық бездердің поликистозды өзгеруінің ультрадыбысты белгілері.

 

5.5 сурет. Аналық бездің ұлғаюы, көп мөлшерде эхонегативті қосылыстар

1. Аналық бездің андрогенөндіруші ісіктері өте сирек сырқат болып табылады. Оған кенет үдемелі дамитын ауыр гисутизм, вирилизация және айқын тестостерон мөлшерінің жоғарылауы (> 5–10 нмоль/л) тән. Өте сирек кездесетін бүйрек үсті безінің андрогенөндіруші ісіктеріне жоғарыда аталған симптоматика мен ДЭА, андростендионның жоғарылауы тән.

2. Туа біткен бүйрек үсті безі қыртысты затының дисфункциясы диагнозын жоққа шығару мақсатында (4.6 бөлімді қараңыз) 17-гидроксипрогестерон мен ДЭА анықтау, қажет болған жағдайда — 1-24АКТГ-мен сынама жүргізіледі.

3. Гиперпролактинемия ұқсас клиникалық көрініс беруі мүмкін (2.4 бөлімді қараңыз), сонымен қатар, АБПС-мен сырқаттанған әйелдердің 30%-да пролактин мөлшерінің сәл жоғарылауы анықталады.

4. Идиопатикалық гирсутизм — өзгермеген менструальді цикл және сақталған фертильдік көрінісінде әйелдерде гирсутизм және гипертрихоздың дамуымен сипатталатын жағдай.

5. Басқа генезді бедеулік пен менструальды қызметтің бұзылуы.

 

Емі

 

1. Дене салмағын төмендету (семіздікті емдеу). Дене салмағын қалыптастырудың өзі ғана менструальды және овуляторлы қызметтің қалпына келуіне, сонымен қатар гирсутизмнің кері дамуына әкеледі.

2. Инсулин сенситайзерлерінің ішінде метформин өз әсерлігін көрсетті (7.6 бөлімді қараңыз). Клиникалық және зертханалық мәліметтер бойынша расталған инсулинрезистенттілік кезінде дәріні тәулігіне 1–2 граммнан тағайындауға болады, бірақ метфоринді жүкті әйелдерге қолдануға болмайды.

3. Антиандрогенді терапия:

оральды контрацептивтер. Олардың эстрогенді құрамы аналық бездерде андрогендердің өндірілуін тежеп, жыныс гормондарымен байланысатын ақуыздар мөлшерін арттырады, ал гестагенді құрамы ЛГ синтезін төмендетеді. Жиі антиандрогендік белсенділікке ие ципротерон ацетаты мен этинилэстрадиолдың фиксирленген комбинациясы тағайындалады.

ципротерон ацетаты андрогенді рецепторлардың тосқауылдаушысы болып табылады (эстрогендермен бірге циклдің екінші фазасында 25–100 мг).

— әлсіз антиандрогенді әсері бар спиронолактон (тәулігіне 50–200 мг мөлшерде тағайындауға болады);

флутамид (тәулігіне 125 мг) айқын антиандрогендік қасиетке ие, бірақ ауыр жағымсыз әсерлерінің дамуына байланысты АБПС кезінде сирек қолданылады.

финастерид (тәулігіне 5 мг) 5α-редуктазаның ингибиторы.

4. Бедеулікті емдеу:

кломифен цитраты (25–150 мг 5 тәулік бойы менструальды циклдің 5-ші күнінен бастап тағайындалады) эстрогендердің гипофизге әсерін төмендетіп, фолликулалардың өсуін ынталандыратын ФСГ өндірілуін күшейтеді. Кломифен терапиясы көрінісінде науқастардың 80%-да овуляция дамып, 65%-да жүктілік болады;

гонадотропин препараттары (рекомбинантты адам ФСГ-ны) кломифен әсері болмағанда қолданылады. Овуляция 94 % жағдайда көрініс беріп, препаратты бірнеше курс бойы енгізгенде ғана 40% жағдайда жүктілік дамиды;

хирургиялық ем қатарына лапароскопиялық диатермия немесе лазерлі дриллинг жатады. Бұрын хирургиялық ем ретінде ашық секторальды аналық без резекциясы қаралатын. Мұндай операциялық араласулардан кейін овуляторлы қызметтің қайта қалыптасуы әлі күнге дейін түсініксіз. Операциядан кейін әйелдердің 90%-да овуляция қайта қалыптасып, 8 ай көлемінде науқастардың 80%-да жүктілік дамиды;

— экстракорпоральды ұрықтандыру.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 557; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.