Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Этиологиясы. Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларынан ҚД-2-мен сырқаттанған науқастардың 75%-ы




Болжамы

Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларынан ҚД-2-мен сырқаттанған науқастардың 75%-ы, ал ҚД-1-мен сырқаттанған науқастардың 35%-ы қайтыс болады. ҚД кезінде шамамен науқастардың 50%-ы ЖИА асқынулары әсерінен, 15%-ы бас миы қантамырларының тромбоэмболиясы әсерінен қайтады. ҚД кезінде миокард инфаркті әсерінен дамитын өлім көрсеткіші 50%-дан асады.

 

7.8.2. Диабеттік ретинопатия

Диабеттік ретинопатия (ДР) — жартылай немесе толық көру қабілетінің жоғалуына әкелетін, микроаневризма, қан құюылу, экссудативті өзгерістер мен жаңа түзілген қантамырлардың пролиферациясымен сипатталатын көздің торлы қабығы қантамырларының микроангиопатиясы (7.17 кесте).

 

ДР дамуына әкелетін басты этиологиялық түрткі созылмалы гипергликемия болып табылады. Басқа түрткілердің маңыздылығы айтарлықтай емес (артериялық гипертензия, дислипидемия, темекі тарту, жүктілік).

 

Патогенезі

ДР патогенезінің басты тармақтарына жатады:

• гипоперфузияның дамуына әкелетін қантамыр саңылауын тарылтатын торлы қабық қантамырларының микроангиопатиясы;

• микроаневризманың түзілуімен сипатталатын қантамырлардың дегенерациясы;

• қантамырлар пролиферациясын үстемелейтін және майлы дистрофия мен торлы қабықта кальций тұздарының жөгуіне септігін тигізетін үдемелі гипоксия;

7.17 кесте. Диабеттік ретинопатия

Этиологиясы мен патогенезі Созылмалы гипергликемия, торлы қабық қантамырларының микроангиопатиясы, торлы қабықтың ишемиясы мен неоваскуляризациясы, артериовенозды шунттардың түзілуі, витреоретинальді тракциялар, торлы қабықтың сыдырылуы және ишемиялық дегенерациясы
Эпидемиологиясы Еңбекке жарамды халық арасында соқырлыққа әкелетін басты себеп. ҚД-1 түрінде 5 жылдан кейін — науқастардың 8%-да, 30 жылдан кейін — 98%-да анықталады. ҚД-2 диагностикалау барысынла науқастардың 20–40%-да, ал 15 жылдан кейін — 85%-да көрініс береді. ҚД-1 кезінде салыстырмалы түрде жиі пролиферативті ретинопатия, ал ҚД-2 — макулопатия (75 % макулопатия жағдайларында) анықталады
Басты клиникалық көрінісі Пролиферативті емес, препролиферативті, пролиферативті ретинопатия  
Диагностикасы Офтальмологиялық тексеру ҚД-1-мен сырқаттанған науқастардың барлығына дерлік сырқаттың манифестациясынан 3–5 жылдан кейін, ал ҚД-2-мен сырқаттанған науқастарға анықталғаннан бастап тағайындалады. Мұндай зерттеуді жыл сайын қайталап отыру қажет
Салыстырмалы диагностикасы ҚД-мен сырқаттанған науқастарда дамитын басқа да көз аурулары
Емі ҚД компенсациясы, лазерлі фотокоагуляция
Болжамы ҚД-мен сырқаттанған науқастардың 2%-да соқырлық дамиды. ДР байланысты соқырлықтың жаңа жағдайлар жиілігі жылына 100000 халыққа 3,3 жағдайды құрайды. ҚД-1 кезінде HbA1c дейгейінің 7,0% түсуі ДР даму қаупін 75%-ға және оның үдемелі даму қаупін 60%-ға төмендетеді. ҚД-2 кезінде НbA1c деңгейінің 1%-ға төмендеуі ДР даму қаупін 20%-ға азайтады

 

• жұмсақ «мақталы дақтардың» дамуына әкелетін экссудациямен микроинфаркттар;

• тығыз экссудаттардың түзілуімен липидтердің жиналуы;

• торлы қабық гипоперфузиясының өршуіне және көктамырлардың дилатациясына әкелетін, шунттар мен аневризманы дамытатын қантамырлар пролиферациясының торлы қабықта артуы;

• инфильтраттар мен тыртықтардың дамуына әкелетін, ишемизацияны әрі қарай үдететін ұрлау феномені;

• ишемиялық дезинтеграция нәтиежесінде торлы қабықтың сыдырылуы және витреоретинальді тракциялардың түзілуі;

• геморрагиялық инфаркт, массивті қантамырлық инвазия және аневризманың жыртылуы нәтижесінде шыны тәрізді денеге қан құйылу;

• екіншілік глаукоманың дамуына әкелетін нұрлы қабық қантамырларының пролиферациясы (диабеттік рубеоз);

• торлы қабықтың ісінуімен макулопатия.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 785; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.