Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Этиологиясы. Қандайда бір көлемдегі хирургиялық емнен кейін нормокальциемия науқастардың 10%-да сақталады




Болжамы

Қандайда бір көлемдегі хирургиялық емнен кейін нормокальциемия науқастардың 10%-да сақталады, ал қалғандары қайта операция жасауды талап етеді. БГП рецидивтері солитарлы паратирома жөнінде орындалған операциядан кейін науқастардың 1/20 –де, ал ҚМБ гиперплазиясы жөнінде орындалған операциядан кейін науқастардың 1/6 бөлігінде көрініс береді.

 

8.4. ЕКІНШІЛІК ГИПЕРПАРАТИРЕОЗ

Екіншілік гиперпаратиреоз (ЕГП)- генезі әртүрлі гиперфосфатемия және ұзаққа созылған гипокальциемиядан кейін дамитын ҚМБ-нің компенсаторлы гиперфункциясы мен гиперплазиясы (8.4 кесте). Үшіншілік гиперпаратиреоз кезінде гиперплазияға ұшыраған ҚМБ-нен паратгормонның автономды артық өндірілуі немесе ұзақ жылғы екіншілік гиперпаратиреоздан ҚМБ-і аденомасы дамиды.

 

· Бүйрек патологиясы: созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, тубулопатиялар, бүйректік рахит.

· Ішектік патология: мальабсорбция синдромы.

· Сүйектік патология: остеомаляция (сенильді, пуэрперальды, идиопатикалық), Педжет ауруы.

· D дәруменінің жеткіліксіздігі: бүйрек, бауыр аурулары, тұқымқуалаушылық ферментопатиялар.

· Қатерлі аурулар: миеломды ауру.

ЕГП басты себебі бүйрек аурулары мен асқорыту жүйесі сырқаттатры болып табылады. Осыған орай ЕГП-ні бүйректік және интестинальды деп ажыратуға болады. Гемодиализді кең қолдануға байланысты СБЖ-мен сырқаттар ұзақ уақыт өмір сүруіне орай ЕГП жиі кездеседі.

 

Патогенезі

СБЖ кезінде ЕГП бүйректе белсенді D3 [1,25-(OH)2-D3] дәруменінің синтезделуінің бұзылуынан дамиды. Қан сарысуында органикалық емес фосфат деңгейінің үдемелі жоғарылауы шумақтық фильтрация жылдамдығы 60 мл/мин немесе одан да төмен болғанда көрініс береді. Гипокальциемия паратгормоны секрециясын ынталандырады. Бүйректік остеодистрофия 1,25-(OH)2-D3 тапшылығы көрінісінде дамитын остеомаляцияның паратгормон артық өндірілуі көрінісінде дамитын сүйек резорбциясының жоғарылауымен ұштасады (8.7 сурет).

 

8.4 кесте. Екіншілік гиперпаратиреоз

Этиологиясы Бүйректік патология (СБЖ), мальабсорбция синдромы, остеомаляция, Педжет ауруы, D дәруменінің жеткіліксіздігі, қатерлі ісіктер
Патогенезі Бүйректе белсенді D3[1,25-(OH)2-D3] дәрумені синтезінің бұзылуы, кальций мен D дәруменінің мальабсорбциясы, 25-OH-D3-ке холекальциферол алмасуының бұзылуы
Эпидемиологиясы Гемо- және перитонеальды диализ емін алатын СБЖ-мен сырқаттанған науқастардың 45-70 %-да көрініс береді. Гастроэктомия, остеопатиядан кейін науқастардың шамамен 30%-да дамиды
Басты клиникалық көріністері Басты сырқаттың симптомдары, сүйектің ауруы, проксимальды бұлшықет бөліктеріндегі әлсіздік, спонтанды сүйектің сынуы, қаңқа деформациясы, сүйектен тыс кальцинаттар, кальцифилаксия, периартикулярлы кальцинаттар
Диагностикасы Нормокальциемия, ПТГ↑, гиперфосфатемия, сілтілі фосфатаза↑, 1,25-(OH)2-D3↓; остеопороз, субпериостальды және субхондральды сүйек резорбциясы, басты сырқатты диагностикалау
Салыстырмалы диагностикасы ЕГП-ды дамытатын сырқаттар арасында
Емі Бүйректік остеодистрофияны емдеу және алдын алу: D (1-ОН-D3) дәруменінің белсенді метаболитерімен кальций карбонатын (1 г/тәу) ұштастыру
Болжамы Басты сырқат пен ағзалық өзгерістерді алдын алуды уақтылы бастауына қарай анықталады

 

ЕГП-дің интестинальды түрінің патогенезі негізінде ҚМБ қызметінің гиперстимуляциясына әкелетін кальций мен D дәруменінің мальабсорбциясы жатыр. Бауыр аурулары кезінде ЕГП дамуы холекальциферолдың 25-OH-D3-ке айналуының бұзылуымен байланысты. Бұл жиі біріншілік билиарлы цирроз кезінде көрініс береді. Үшіншілік гиперпаратиреоз патогенезі автономды қызметі жоғарылаған ҚМБ-нің түзілуімен байланысты дамиды.

 

8.7 сурет. Бүйректік остеодистрофия патогенезі

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 566; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.