Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Материализм идеализм 4 страница




1. Бұл зерде дененің функциясы болып табылады.

2. Өзектілікке айналғанға дейін, ол тақтаға түсірілген жазулар тәрізді.

Ибн-Рушд бұл қағидаға қарсы шығып, «егер материалдық интеллект психикалық күш болса, онда зерденің сезімнен ешбір айырмашылығы болмас еді», - дейді. Зерде адамның бір бөлігі емес, ол өлілер мен тірілер және әлі дүниеге келмегендер үшін ортақ біреу ғана. Ибн-Рушд таным адамдар ұрпағының шексіз танымы дегенді айтады. Ибн-Рушда іліміне берілген Э. Ренанның бағасымен келісуге болады: «Мынадай нақты ойларға болашақ қана емес, бүгінгі таңда да зәруміз. Таным негізіне қатысты жағдаяттардың түп негізін оның берген ұғымдарынан алуға болады»

Калам - исламдағы діни-саяси ағымдардың пайда болуымен қатар дамыған дискуссиялар, мұсылмандардың басқа сенім өкілдерімен, христиан өкілдерімен пікірталасы. Бұл пікірталаста құдайдың мәні, құранның негізі, құдайдың жазуы, бостандық мәселесі қаралды.

Суффизм («суф»-жүн, шаш) - исламдағы мистикалық аскеттік ағым. Адам үшін жоғарғы игілік адамның қоршаған ортадан, барлық қызықтан бас тартуы. Суфизм - дегеніміз адамның дүниеге деген рухани-теоретикалық, рецептурлық-пәндік қатынасының органикалық тұтастығы болып келетін рухани-тәжірибелік ерекше іс-әрекеті және бұл қатынастар адамдардан мүлдем аулақтау, өмірден баз кешу дегенді емес, адамның бойыСуфизмнің теоретиктері мистикалық экстазға жетудің төрт жолын көрсетеді:шариғат, тариқат, мағрипат, хақиқат.

 

6- тақырып. Ренессанс философиясы

Қайта Өрлеу философиясы (Ренессанс) XIV - XVI ғ.ғ. қамтиды. Ренессанс философиясы ортағасырлық теоцентрлік сипаттың орнына атропоцентрлік принципті қояды. Ренессанс философиясын анықтайтын бірнеше кезеңдерге бөлуге болады. Олар: гуманисік, утопиялық, реформаторлық, натурфилософиялық және әлеуметтік-саяси көзқарастар. Қайта Өрлеу дәуірі философиясы антикалық философия дәстүрін қайта жаңғыртып, адам мәселесін зерттеуге талпынды. Гуманизм, адамның шығармашылық дербестігі принципі, оның өмірдегі барлық жақсылықтарды иеленуге құқығы бар сияқты идеялары кең тарады.

Гуманистік бағыт XIVғ.-XVғ. орта шені, оның орталығы Италия болды. Гуманизм бағытының негізін салушы Ф. Петрарка. Шығармалары: «Өлеңдер кітабы», «Менің құпиям». Ол бірінші болып жеке бастың өзіндік санасының қалыптасуының негізін салды. Гуманистік антропоцентризмнің басты сипаттамасы - адам басты құндылық болып есептелінеді. Гуманистер не еретиктер, не атеистер болған емес, керісінше олардың көпшілігі құдайға сенді, бірақ олар ең бірінші орынға адамды қойса, одан кейін құдай туралы сөз қозғайды.

Оның шығармаларынан тіл мәдениетінің өзгерісін, құндылықтардың жаңаша межелін көреміз. Беделге жүгіну, бір дәстүрге бас июшілік мәдениет байлығын зерттеумен алмасады. Гуманизм адамдарға көзқарастардың кеңдігін, жаңа идеяларға ашылу, діни қауымдардың шырмауынан босанып дәстүрді таңдаудағы еркіндік берді.

Пико дела Мирандоланың атақты «Адамның абыройы жайында сөзінде» (1496 ж.) гуманистердің антропоцентристік идеялары жинақталған. Ол қазіргі антропологиялық философиясын негіздеудегі адамның еркіндігін анықтамасына керемет түсініктемелер береді: әлемдегі барлық мән өзінің табиғатына ие, өмір сүруінің мәні, мағынасын, өз өмірін басынан аяғына дейін алдын ала белгілейді, тек адам ғана мүмкіндіктерін шектейтін нақты табиғатқа ие емес. Адам «табиғаты» - еркін болу, яғни өз - өзін жасаушы, өз «мәнін» анықтаушы, өзін іс - әрекетте тудыру.

Томас Мор (1478-1535)-утопистік социализмнің негізін салды. Мордың атақты шығармасы "Утопия" деп аталды. Утопия грекше «жоқ жер» дегенді білдіреді. Томас Мордың Утопиясында:

- жеке меншік жоқ;

- барлық азаматтар өндірістік еңбекпенен айналысады;

- еңбек ету бәрін еңбекке міндеттеу негізінде жүзеге асады;

- барлық өндірілген өнім қоғам меншігіне өтеді және барлық Утопия тұрғындарына бірдей бөлініп беріледі;

- барлығының еңбекпен айналысуына байланысты Утопияны қамтамасыз ету үшін 6 сағатық жұмыс күні жеткілікті;

- ғылымға ерекше қабілеті бар адамдар қара жұмыстан босатылады;

- ауыр қара жұмысты құлдар-тұтқындар және сотталған қылмыскерлер атқарады;

Утопистік социализмнің көрнекті өкілі Томмазо Камнанелла (1568-1639) «Күн қаласы», «Галилей апологиясы» деген еңбектер жазды. «Күн қаласында» оның тұрғындары-солярийлер әлеуметтік әділеттілікті орнықтырып, өмір мен еңбектің рахатын көреді.

Томмазо Кампанелланың Күн қаласында:

- жеке меншік болмайды;

- коммунистік идеал-4 сағаттық жұмыс күні;

- барлық азаматтар еңбек етеді, еңбектің нәтижесі бүкіл қоғам меншігіне өтіп, барлық тұрғындарға, қоғам мүшелеріне теңдей бөлінеді.

Бұл философияның антропологиясы адам проблемасын көпсаналы, көпсалалы тұрғыдан қарастырады. "Мен адаммын, сондықтан адамға тән нәрсенің барлығы маған жат емес", деген принцип осы дәуірдегі ізгі жандылардың басты философиялық қағидасы еді. Әлемдік философияда жеке адам проблемасы осы кезеңде тұңғыш рет мәселе ретінде қойылды.

XVI ғасыр – Реформация ғасыры. Гуманизм интеллектуалды этиканы қозғаса, Реформация көпшіліктің ойын қамтыды. Ол католик шіркеуіне қатты соққы тигізіп, христиандықтағы үшінші бағыт – протестантизмнің тууына себепші болды. Католик шіркеуін екіжүзіділік және сатқындығы үшін сынаған Мартин Лютер (1483-1546) Виттенберг шіркеуінің есігіне бірнеше тезистерді қағып, 1517 ж. Реформацияның негізін салды. Оның басты тезисі: ешбір «іс-әрекетсіз» (ғибадат) тек жалғыз сенім арқылы құтқарылу. Осылайша, клирдың рухани жетекшісі жойылып, барлық «қасиетті аңыздың» (папалық декреттер, жолдаулар, қаулылар, соборлар) мағынасы айырылады. Адамның құтқарылуы үшін тек жалғыз Інжіл керек. Протестантизмнің екінші басты принципі – жалпы дін жолы. Барлығы Құдай алдында тең. Осылайша, руханилық жойылмаса да, сандар және құқықтары жағынан мәнді шектелді. Протестантизм моралында ерте буржуазиялық қайырымдылық, протестанттық этика көрінді: «сиын және жұмыс жаса», әрекетшіл бол, үнемшіл және өмірде қарапайым бол. Ісіңдегі сәттілік, байлық және мансап – осы іске Құдайдың «қабілеттілігінің» және «таңдаулысының» белгісі.

Қайта өрлеу дәуірінің диалектикасы даму проблемасына деген жаңа көзқараспен сипаттайды, ол шексіздік пен ақырғының бірлігі ретінде түсіндіріледі. Бұл диалектика Николай Кузанскийдің (1901-1964 жж.) есімімен байланысты. Кузанец деп атауларына оңтүстік Германияда орналасқан туған ауылының есімімен байланысты еді. Шын аты – Кребс немесе Круфтс. 1426 жылы ол дін қызметкері болады да, 20 жыл өткен соң кардиналдық дәрежеге жетеді. Діни қызметтерін үнемі философиямен байланыстырып отырған. Кузанецтің туындыларының ішіндегі ең көрнектілері «Ғалымдардың білмейтіні жайлы» (1438-1440 жж.), «Құдайды іздеу жайында» (1445 ж.) атап көрсетуге болады. Николай Кузанецтің діни-философиялық жүйесінің негізін диалектика алып жатыр. Өз диалектикасын құру жолында болмыстың жаңа қырынан шығады. Ол болмысты жаңаша түсіндіреді.

Платон жеке дараны (болмыс) жеке дара емеске қарама-қарсы қойып қарастырса, Кузанец антикалық дуализмді бекерге шығарып, «жеке, дара дегеніміз – барлығы» дегенді қуаттайды. Бұл арада Джордано Бруноның пантеизмімен тізе қосқады. Аталған көзқарас теистік монизмге сай емес. Бұл онтология деген шын мәнісінде қайта өрлеу көзқарасына тән. Н. Кузанский осы қағидадан жеке, дара шексіздік пен ұшы - қиырсыздыққа тепе-тең деген қорытынды жасайды.

Н. Кузанскийдің пайымы бойынша «ғарыштың ортасы мен айналасы - Құдай. Сондықтан да әлем ақырғы, әрі шексіз. Ол - тәжірбиелік, эксперименттік танымның жақтаушысы. Ғылымда математикадан өзге дәйекті ештеңе жоқ» - дейді ол. Оның әдістемесінің жеке даралығы да «білімсіз ғалымдар» деген атпен берілген, толыққанды математикаға негізделген болатын. Бұл әдістің негізі мынада жатыр еді: шеткі дүние жайлы сөз болғанда шешім шығару қиын емес, ал мәңгілік жайлы айтар болсақ, әрине, бұл жағдай өте ауыр және шешім шығару мүмкін емес. Біздің білімсіздігіміздің кесірі – «біткен іске қатысты пропорцияның жоқтығы». Оның философиясы пантеистік сипаттамада, оның «Құдайда барлық заттар, олардың барлығы соның бойында».

Дүниені танудың негізі - пантеистік көзқараста еді. Ол өз бойына материализм мен идеализм элементтерін қоса сіңірді. Алайда, руханилыққа қарағанда материализм басым болды. Бұл дүниетанымның онтологиясы- гелиоцентризм болып табылады.

Николай Коперник – поляк астрономы. Әлемнің гелиоцентристік жүйесін жасаушы. Коперник ілімі шын мәнінде революциялық іс болды.

1543 жылы Николай Коперник «Аспан денелерінің айналуы туралы» деген еңбегін жариялады. Осы еңбек Ренессанс дәуіріндегі адамның дүниетанымына, дүниеге деген көзқарасына түпкілікті төңкеріс жасады.

Оның мәнісі мынада еді: антикалық дәуірде Птолемей Клавдий айтқан геоорталық жүйесіне гелиоорталық жүйесін қарама-қарсы қояды. Птолемей ғаламшар жүйесінің орталығы жер, оны айнала Күн және басқа планеталар айналып жүреді деген болжау айтса, Н. Коперник барлығының орталығы - Күн дегенді дәлелдейді.

Сөйтіп, Птолемейдің жүйесіндегі тәрізділік пен шындықты ажыратпағандықтан болған қателікті ашып көрсетеді. «Күннің қозғалысы болып көрінетін, оның қозғалысынан емес, Жердің және оның сферасының қозғалысынан туындайды, олармен бірге біз барлық басқа планеталар тәрізді Күнді айналамыз», - деп жазады Коперник. Сонымен, дүниенің ортасы Жер емес, Күн. Осылайша, Н. Коперник діни дүниетанымның іргетасы болып табылатын геоцентристік жүйеге соққы берді. Ол инквизицияның қатал жазасынан өзі ажал арқылы ғана қашып құтылды.

Коперниктің төңкерісін кейінірек Джордано Бруно (1548-1600 жж.) жалғастырды Н. Коперниктің осы ілімін "Түпкі себеп, түпкі ие және бірлік туралы", "Мәңгілік және әлем мен жер беті", "Өлшенбейтін, саналмайтындар жайлы" т.б. өзінің негізгі еңбегінде одан әрі дамытты. Күн галактикасынан басқа толып жатқан әлемнің бар екендігін, ал дүние сол шексіз әлемді түзететінін дәлелдейді. "Мәңгілік және әлем мен жер беті" еңбегінде Джордано Бруно "Біздің мекеніміз - Жер, сол шексіз мұхиттың бір тамшысындай, құмның бір түйіршігіндей ғана," - деп жазды. Осы идеясы үшін Джордано Бруноны инквизиция соты отқа қақтап өлтірді.

Галилео Галилей Дж. Бруно мен Н. Коперниктің пікірлерін математикалық тұрғыдан дәлелдейді. Ол да өзінің ғылыми ойы үшін инквизиция сотына тартылды. (Олар алдында оған қойылған соңғы сұрақ "Жер айналып тұр ма?", - деген екен.)

Демек, бұл философия болмыс дегенді материалдық, яғни табиғи болмыс деп ұғынады. Оның даму көзі - өзінде. „Табиғат - заттағы Құдай" (Дж. Бруно). Ол - барлық заттардың басы мен түпкі себебі. Материалдық субстанция табиғат құбылыстарының көптүрлігімен ашылады, - дейді Дж. Бруно.

Қайта өрлеу дәуірінің саяси ілімдері Николо Макиавеллидің (1469-1527 жж.) атымен тығыз байланысты. Тарихтың даму көзі ретінде ол материалдық қызығушылық пен жеке меншікті санаған. «Адамдар жеке мүлігіне қарағанда, әкесінің өлімін тезірек ұмытады», - дейді Макиавелли. Ол негізінен діннің алар орны аз болатын, бірыңғай мемлекеттің құрылымын жақтады. Саяси ілімінің негізіне ол мынадай ұстанымдарды кіргізеді: зорлық пен қорқытуларға позитивтік көзқараста болу деген сияқты.

Бұл дәуірге алғаш рет қоғам жайлы әлеуметтік әділдік деген утопиялық ойларымен социализм деген атқа ие болған идеялар қосыла бастайды.

 

7- тақырып. Жаңа дәуір және Ағартушылық философиясы

Жаңа дәуір философиясы белгілі бір әлеуметтік-экономикалық, саяси-қоғамдық қатынастардың жемісі болатын Өйткені, Батыс Еуропада капиталистік құрылыстың пайда болуы орта ғасырлық діни идеологияға қарсы күресті үдете түсті. Тауарлы-ақшалы шаруашылықтың дамуы ортағасырлардағы тұйық қоғамның жемісі болған барлық әлеуметтік, саяси-идеологиялық қатынастарды талқандауға әкеліп соқты. Жаңа заман, яғни капитализм дәуірі құлдық пен феодалдық-өндірістік қатынастардың формаларын түбірінен жаңартып, қайтадан заттық-тауарлық қатынастарды қалпына келтірді. Адам ендігі жерде сатып алатын, сатылатын тауарларға бағынышты болды. Оны өлтіруге, сатуға және сатып алуға болмайды. Бірақ, адамның жұмысшы күші сатылады, өйткені, ол қосымша құн тудырады. Бүкіл байлық — капитал осы процесс арқылы дүниеге келеді.

Философияның ендігі мәселесі капиталистік өндіріс нарық тудырған, бірте-бірте өндіргіш күшке айнала бастаған жаңа типтегі ғылым және оның жаңа әдісі туралы болды. Философия сонымен қатар жаңа дүниетаным жаңа көзқарасты дүниеге әкелді. Жаңа философия қалыптасты.

Жаңа көзқарас әлемді біртұтас дүние ретінде тануға, дүниенің барлық салаларын жан-жақты қамтуға әрекет етті. Табиғатты толық тануға ұмтылған бұл көзқарас, бір жағынан, жаңа заман ойшылдарының діни-мистикалық қапастан шыққаннан кейінгі еркіндік аңсаған армандарының орындалуы еді. Дүние кең байтақ, ұшы-қиыры жоқ, оны танитын, оның сырын ашатын табиғаттың нәрестесі (құдайдың жаратқан құлы емес) — адам. Ол бүкіл дүниені тануға және игеруге ұмтылды.

Адам орта ғасырлық, қаратүнек қараңғылықтан, шырмаудан босанып шығысымен ендігі жерде тек өзіне ғана сенді. Ол өзінің еркіндігін және күшін танып, өз ісін қызметінен әділеттілік пен зерделілікті көрді.

Таным теориясында бір-біріне қарама-қарсы екі бағыт пайда болды. Олар сырт қарағанда ойлау процесіндегі ой-пікір, пайым мен зердеден келіп шықты. Олардың бірі эмпирикалық (эмпирия - латын тілінде тәжірибе), ал екінші рационалистік (рацио - латын тілінде ақыл, зерде) болып бөлінді. Бұлар кейін келе-келе бір-бірімен қарама-қарсы бағытқа айналды. Таным теориясындағы бел екі бағыт философия тарихындағы, таным процесіндегі көптеген қайшылықтардың бетін ашты. Ал метафизикалық, механикалық әдіс таным теориясындағы осы екі ағымның диалектикалық байланысын анықтаудың орнына, оларды бір-бірінен алшақтатып жіберді. Бұл әдіс ақыл мен зердені табиғаттың, тіпті, құдайдың тудырған жемісі ретінде қарастырды.

Айталық, ағылшын ғалымы Ф.Бэкон «Жаңа Органон» атты шығармасында табиғатты өзінің зерттеу нысаны етіп ала отырып, одан алынған білімнің қандай әдіспен, қалай пайда болғанына назар аударады. Сөйтіп, ол философия мен ғылымда эмпирикалық және индуктивтік әдістердің негізін қалаушы болды. Бірақ, оның әдісінің бәрі тәжірибемен тығыз байланысты болып, кең көлемді теорияның тууына жол аша алмады. Мұндай тар өрістілік Бэкон сияқты философқа танымның әлеуметтік негізін ашып, адамның табиғатын түсінуіне мүмкіндік бермеді.

Ол табиғатты байлықтың көзі деп қарай отырып, оның негізгі мәнін, адамға қатысты жақтарын аша алмады. Сондай-ақ, ұлы философтың ғылыми жаңалықтарымен бірге, негізгі кемшілігі қоғамды, ондағы қатынастарды түсінуде де айқын көрінді. Ол орта ғасырдағы ақылдың адасушылығын тамаша көркем тілмен суреттеп бере отырып, оның мәнін терең түсіндіре алмады. Сондықтан да біз ағылшынның ұлы ғалымы, әрі философы Ф.Бэконның жаратылыстану саласындағы ғылыми еңбегін зор бағалай отырып, оған тән тар өрістілік оның ғылыми әдісінде, әсіресе пайымның шеңберінен толық шыға алмағандығында жатыр дер едік.

Ф. Бэкон "ғылым - күш" деп есептеген. Өз философиясында ол ғылымның классификациясын ұсынған.

Ф. Бэкон білім арқылы табиғатты игеруді танымның жоғары міндеті деп біледі. Білім - күш, алайда, тек ақиқат болған жағдайда ғана ол күшке айналады. Сондықтан Ф.Бэкон тәжірбиенің екі түрін көрсетеді: жеміс беруші және жарық беруші. Мақсаты адамға тікелей пайда әкелетін тәжірбиелерді "жемісті", ал мақсаты адамға тікелей пайда әкелу емес, құбылыстардың және заттардың қасиеттерін тану болып табылатын тәжірбиелер "жарық беруші".

Ф. Бэконның пайымдауынша, ескі әдіс өлмейді, ол адамдардың саласында идолдар, нанымдар түрінде жатталынып қалады. Ол 4 түрлі нанымды бөліп көрсетеді: тектік идолы, үңгір идолы, алаң идолы, театр идолы.

"Тектік идолы" - барлық адамдарға тән, табиғаттың адамға арнаған, табиғат жайлы өз қасиет-қадіріне сәйкес ойлайды. Осыдан келіп табиғат туралы телеологиялық қателер, яғни, олар әртүрлі тілектер мен ынтықтықтың әсері мен адами сезімдердің жетілмеуінен келіп шығады. Ф. Бэкон: "Олардың негізі адамның өз табиғатында, адамның тегінде", - деп жазады. "Адамның сезімі - заттардың өлшемі дегеніміз бекер. Заттардың бейнесін өзгертіп көрсететін қисық айна тәрізді адам ақылы жайында да осыны айтуға болады".

"Үңгір идолы" - адам баласының субъективтік таным-түсінігіне орай қалыптасатын қателіктер. "Олар жеке адамның адасуының негізінде өрбиді. Біздің әрқайсымыздың Платон суреттегендей өз үңгіріміз бар. Ол табиғаттың жарық нұрына кедергі болады, жарықты бүлдіріп көрсетеді".

"Алаң идолы" адамдардың арасында сөз арқылы пайда болады. "Бұлар адамдардың өзара байланыстылығынан және қауымдастығынан келіп шығады: адамзат сөз арқылы топтасады. Сондықтан сөздердің жаман әрі ыңғайсыз орналастырылуы ақылды таңқаларлық жағдайда ақылды жаулап алады. Сөз ақылды тікелей зорлайды, сөйтіп барлығына бөгет жасайды да адамдарды шексіз бос сөзді дауласуға жетелейді".

"Театр идолы" - ғылымда сұрыпталмаған, теріс пікірлер арқылы туындайтын кедергілер. "Олар адамдарға философияның түрлі догматтарынан, сонымен бірге, теріс заңдар мен дәлелдемелерден келіп орнықты.

Қаншама философиялық жүйе жасалынса, соншама комедиялар қойылды, олар ойдан шығарылған жасанды әлемді көрсетеді" [20].

Ф. Бэкон онтология мен гносеология мәселелерінен бойын аулақтатпайды. Оның онтологиясы материалистік дүниетаным сипатын иелене бастайды. Болмыс - табиғат материалдық бастау Бэконда оның алдындағы философтарға қарағанда тек механикалық сипатта қалып қоймауымен ерекшеленеді.

Басты әдіс ретінде талдауды, индукцияны, экспериментті ұсынады. Ф. Бэкон тұңғыш рет ғылым негізі ретінде жаңа эмпирикалық білімнің қажеттілігін атап көрсетеді. Сондықтан да Ф. Бэкон еуропалық эмпиризмнің туын көтеруші, оны XVII ғ. ағылшын философтары қостады.

Дж. Локк (1632-1704) XVII ғасырда Англияда болған саяси-әлеуметтік өзгерістер ғылым мен техника саласында да, сондай-ақ, ойлау процесінің дамуында да көптеген жаңалықтар әкелді. Бұл жаңалықтар, әсіресе, 1688 жылғы Англиядағы қала буржуазиясы мен ауылшаруашылық аристократиясының өзара ымыраға келуімен тығыз байланысты еді. Осындай ірі төңкерістер мен өзгерістерді басынан кешірген ұлы философ Локк өз қоғамындағы қайшылықтардың шиеленісе түскенін шығармаларында айқын көрсетіп берді.

Оның «Адам ақыл-ойының тәжірибесі туралы» деген еңбегінде философия тарихында бірінші рет таным теориясының жүйеге келген негізі көрсетілді. Адамның ақылы, зердесі - зерттеудің негізгі нысаны. Сондықтан ақылдың мүмкіндігін, оның қабілетін зерттей отырып, оны қалай пайдалану керектігін білуіміз қажет. Білім қандай жолмен пайда болады? Ақыл білімге қалай келді? Локк осы мәселелерді шешуде жалаң рационалистік көзқарасқа сүйенген Декарттың дүниетанымын қатты сынға алды. Ол ең алдымен Декарттың білім «туа пайда болады» деген идеясын сынай отырып, сезімде жоқ нәрсе ақылда да болуы мүмкін емес деп, эмпирикалық таным әдісін ұсынады. Адамның жаны ақ қағаздай тап-таза, оған белгі түсіріп, жазу жазатын сыртқы дүние. Ал сыртқы дүние сезім мүшелеріміз арқылы бізге әсер етіп, білім береді. Білімнің негізі тәжірибеде жатыр. Мұндай көзқарас сонау Бэконның философиясынан басталатын белгілі бір эмпирикалық бағыттың сара жолы болатын.

Локк материалистік сенсуализмнің принципін негіздеді. Оның басты тезисі: алдын ала түйсікте болмаған нәрсе ақыл-ойда болмайды. Түйсіктер сыртқы дүниедегі заттардың біздің сезім мүшелерімізге әсер етуінен туындайды. Дж.Локк сапаны алғашқылық және соңғылық деп екіге бөлді. Кейін бұл субъективтік идеализмге негіз болды. Метафизикалық тәсілді жасауда Локк көрнекті роль атқарды. Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстарды тәжірибе жүзінде танып-білу үшін оларды жеке-дара, байланыссыз қарастыру қажет деді.

Жаратылыстану саласындағы ғылыми жаңалықтар мен қоғам өміріндегі ұлы өзгерістердің орталығына айналып, жаңа қоғамның барынша дамып, өркендеуіне жол ашқан Англия елінің Т. Гоббс сияқты ойшылы дүниеге келді. Оның философиясы өзіне дейінгі өмір сүрген атақты ойшыл Т. Гоббстың саяси-әлеуметтік, қоғамдық көзқарасын айқын бейнелейтін шығарма – «Левиафан». Бұл шығарма қоғамның пайда болуын, оның даму жолдарын жан-жақты талдауға әрекет жасайды. Ұлы ойшыл қоғамды екі дәуірге бөледі. Алғашқы дәуір табиғи деп аталады. Мұндағы адамдардың барлығы тең қүқылы, олар барлығына, яғни заттарға толық иелік етеді. Бірақ, бұл тең құқылық адамдардың арасындағы өзара қақтығысқа, соғысқа, бірін-бірі қырып-жоюға, сөйтіп адамзаттың жер бетінен кұрып кетуіне әкеліп соғатын еді. Осыған байланысты «адам адамға қасқыр» принципі шықты. Сондықтан адамдар өзара келісе отырып, «мынау менікі, мынау сенікі» деген құқықтық қатынастарды тудырады. Мұның өзі әркімнің жеке меншігінің пайда болуына әкелді. Ал жеке меншікті қорғау керек. Ол үшін белгілі бір күш, әкімшілік орын, яғни мемлекет қажет. Ендігі жерде адам баласы екінші дәуірге аяқ басты, яғни бұлардың шығуы қоғамның тууына әкеліп соқты. Сөйтіп, Гоббстың ойынша, қоғамның шығуы заңды түрде жеке меншік пен мемлекеттің тууына әкеліп соғады. Олай болса, жеке меншік, мемлекет әрі заңды, әрі қажетті, әрі объективті, әрі қасиетті. Ендеше, заңды түрде пайда болған бұл процеске қарсы шығуға болмайды. Осыған орай, «қоғамдық келісім» теориясы орнайды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-20; Просмотров: 883; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.044 сек.