Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Штрихтауды редакциялау 1 страница




Жасақталған штрихтауды редакциялау үшін HATCHEDIT (Редштрих) бұйрығын пайдаланылады. AutoCAD-та штрихтаудың барлық параметрлерін редакциялауға болады: масштаб, сызықтардың қисаю бұрышы, сурет, шекара және т.б.

Штрихтауды өзгерту мүмкіндігін жүзеге асыру үшін келесі әрекеттерді жүзеге асыру қажет:

· HATCHEDIT (Редштрих) бұйрығын бұйрық жолына енгізіңіз;

· Modify Object Hatch (Редакциялау Нысан Штрихтау) бұйрығын орындаңыз;

Осы әрекеттерді орындаған соң бағдарлама келесі сұранысты көрсетеді:

Select hatch object: (Штрихтауды таңдаңыз:)

Штрихтау нысанын көрсетіңіз, содан соң Hatch and Gradient (Штрих және градиент) терезесі ашылады, ол Hatch Edit (Штрихтауды өзгерту) деп аталады, мұнда штрихтаудың параметрлерін өзгертуге болады.

Бақылау сұрақтары:

1. Аймақты штрихтау үшін қандай бұйрық қолданылады?

2. Штрихтаудың қалпын қалай таңдауға болады?

3. Штрихтау аймағын қалай таңдауға болады?

4. Штрихтаудың қандай түрін білесіз?

Дәріс №11.

Тақырыбы: Блоктар.

Мақсаты: Блоктың бұйрықтарымен және оның белгілерімен танысу.

Блоктар — құрамында байласқан қарапайымдар бар және бір нысан ретінде өңделетін күрделі нысандар. Редакциялау аспаптарын қолдана отырып, қарапайымдардың негізінде күрделі нысандар жасауға болады. Егер бір-біріне ұқсас нысандар жасасаңыз, кейде қарапайымдардан үнемі сол бір күрделі нысандарды жасауыңыз мүмкін.

Бірдей нысандарды құруды неғұрлым оңайлату үшін блоктар қолданылады - құрамында байласқан қарапайымдар бар және бір нысан ретінде өңделетін күрделі нысандар. Блок бірнеше сызбаларда қолданылуы және құжатта сақталмауы мүмкін. Оны файлдың көлемін үлкейтпей-ақ бір сызбада бірнеше рет қолдануға болады. Блок сызбаға тек сілтеме ретінде сақталады, сондықтан құжатта оның тек атауы, оны қою нүктесі және қасиеттері туралы мәліметтер сақталады.

Блоктарды құру

Блоктарды құру оның суреттемесінен басталады. Блоктың суреттемесін құрастыру үшін бұйрық жолына BLOCK (Блок) бұйрығын енгізу қажет. Сол кезде Block Definition (Блоктың суреттемесі) сұхбаттық терезесі ашылады.

Осы терезені шақыру үшін Draw Block Make (Сурет салу Блок Ендірме) бұйрығын орындау қажет немесе басқару пульті 2D Draw (Екіөлшемді сурет салу) тақтасындағы Make Block (Блок құру) батырмасын басу қажет.

Block Definition (Блоктың суреттемесі) терезесінің көмегімен блок жасау үшін келесі әрекеттерді орындаңыз.

Name (Аты) өрісіне блоктың атын және Description (Суреттеме) оның суреттемесін енгізіңіз.

Жобаға блокты енгізу нүктесін таңдау үшін Pick point (Нүктені көрсету) батырмасын басыңыз. Содан соң Block Definition (Блоктың суреттемесі) терезесі уақытша көрінбей қалады, ал сізге қою нүктесінің координаттарын көрсету қажет болады. Таңдап алынған қажетті нүктені шерткен соң Block Definition (Блоктың суреттемесі) терезесі қайта шығады және берілген координаттар Base point (Негіз нүктелері) аймағында көрінеді.

Блоктың құрамына енетін қарапайымдарды анықтаңыз. Сіз Select objects (Нысанды таңдау) немесе QuickSelect (Жылдам таңдау) батырмаларын пайдалануыңызға болады. Бірінші жағдайда блоктың құрамына енетін қарапайымдарды жұмыс аймағында бөліп көрсету қажет, ал екіншісінде – олрды Quick Select (Жылдам таңдау) терезесінде көрсетіп. Сіз сондай-ақ, нысандарды терезе жабылған соң да Specify On-screen (Экранда көрсету) жалаушасын қоя отырып, көрсетуіңізге болады.

Objects (Нысандар) аймағында блокты құрғаннан кейінгі бастапқы нысандардың әрекетін анықтаңыз. Егер ауыстырып-қосқышты Retain (Сақтау) қалпына қою керек, сонда барлық қарапайымдар өз орындарында сақталады. Convert to block (Блокта жаңғырту) қалпын таңдаған жағдайда олар блокта жаңғыртылады. Және соңында, ауыстырып-қосқыштың Delete (Удалить) қалпында бастапқы нысандар жойылады.

Behavior (Сипат) аймағында блоктың кейбір сипаттамаларын көрсетіңіз. Егер блок қысқа мазмұнды болуы керек болса, онда Annotative (Қысқа мазмұн) жалаушасын қойыңыз. Ол кезде Match block orientation to layout (Блоктың бетшеге қатысты бейімделуі) жалаушасы қолжетімді болады, ол блоктың бетшеге қатысты бейімделу-бейімделмеуін анықтайды. Егер блокты әртекті масштабтауға рұқсат еткіңіз келсе, Scale uniformly (Әртекті масштаб) жалаушасын және құрамдас бөліктерге бөлуге рұқсат ету үшін Allow exploding (Бөлуге рұқсат ету) жалаушасын орнатып кетіңіз.

Қажеттілікке қарай, блоктың басқа сызбаларға ауысу кезінде қолданылатын өлшемдер бірлігін өзгертіп қойыңыз. Ол үшін Block unit (Блоктың өлшемі) тізімінде керекті мәнді таңдаңыз. Үнсіз келісім бойынша миллиметр (Millimeters) өлшемі қолданылады.

Блокты құру үшін ОК батырмасын басыңыз.

Блоктарды қою

Блоктарды қою үшін INSERT (Қою) бұйрығы қолданылады. Блоктарды бағдарламаның келесі мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қоюға да болады:

Insert Block (Блокты қою) бұйрығы;

Басқару пультінде 2D Draw (Екіөлшемді сурет салу) тақтасындағы Make Block (Блокты қою) батырмасы;

Insert (Қою) құрал-саймандар тақтасындағы Insert Block (Блокты қою) батырмасы.

Жоғарыда айтылған әрекеттерді орындап болған соң, Insert (Қою) (6.3 сурет) терезесі ашылады. Енгізілетін блокты таңдау үшін Name (Аты) тізімі пайдаланылады. Терезе ашылған соң, онда соңынан енгізілген блоктың аты көрсетіледі. Егер суретте тек бір ғана блок болса, онда тек соның ғана аты көрінеді.

Сызбаға тек бұрын сақталған блокты ғана емес, сондай-ақ, басқа да сызбаны қоюға болады. Ол үшін Browse (Шолу) батырмасын басу қажет және ашылған Select Drawing File (Сызба файлын таңдау) терезесінде қажетті файлды көрсету қажет. Себебі, сызба үшін, блокқа қарағанда оның базалық нүктесі берілмейді, ол үшін сызбаның алғашқы нүктесі қызмет етеді.

Insertion point (Қою нүктесі) аймағында блоктың базалық нүктесімен сәйкес келетін нүктені көрсету қажет. Оны координаттар нүктесін қолмен беріп жасауға болады. Нүктелердің орналасуын экранда көрсету үшін Specify On-screen (Экранда көрсету) бөліміне жалауша орнату қажет. Бұл жағдайда нүктені Insert (Қою) терезесі жабылған соң таңдау қажет болады.

Блокты қою кезінде сондай-ақ үш өс бойынша қоюдың масштабтық коэфициентін анықтауға болады. Үнсіз келісім бойынша блок бірге тең коэфициенттермен қойылады. Егер осы немесе басқа өске 1-ден кіші коэфициент беретін болсақ, онда қою кезінде блок осы өстің бойында сығылады, ал егер 1-ден үлкен коэфициентті көрсететін болсақ, онда ол созылады. Егер барлық үш өс бойынша масштабтаудың бірдей коэфициентін беру талап етілсе, онда Uniform Scale (Бірдей масштабтау) бөліміне жалауша орнатыңыз. Бұл жағдайда, Х өрісіне енгізілген, масштабтау коэфициентінің мәні Y және Z өстерінің де мәні болып табылады.

Rotation (Айналдыру) аймағының параметрлері блоктың қою нүктесіне қатысты айналдыру бұрышын анықтауға мүмкіндік береді. Егер Angle (Бұрыш) параметрінің мәні оң болса, блок сағат тілінің бағытымен берілген бұрышқа бұрылады, егер де теріс болса – оған қарсы айналады. Егер сіз айналу бұрышын тышқанның көмегімен қолдан қойғыңыз келсе, онда Specify On-screen (Экранда көрсету) жалаушасын орнатыңыз. Бұл жағдайда Insert (Қою) терезесі жабылған соң бұрышты экранда көрсету қажет болады.

Егер блокты қою кезінде оны құрамдас қарапайым бөліктерге бөлу қажет болса, онда Explode (Бөлу) жалаушасын орнатыңыз.

Блоктардың ерекше белгілері

Әр блоктың бір немесе бірнеше ерекше белгілері – суреттеуге қызмет ететін және белгі салатын, мәтіндік үзінді болуы мүмкін. Ерекше белгілер қарапайым сияқты блоктың құрамдас бөлігі болып табылады, және блокты енгізу кезінде сызбаға қосылады. Ерекше белгілерді тағайындау әртүрлі болуы мүмкін және ол сызбада блоктардың қандай мақсатта қолданылуына байланысты болады. Егер блок сызбаның қалпы болып табылатын болса, онда ерекше белгілер бір мәтінді қайталап енгізуді жеңілдету үшін қолданылуы мүмкін. Егер блок бөлшектерді жылдам жасау үшін қызмет етсе, онда ерекше белгілерде олардың бейнеленуі және техникалық сипаттамасы болуы мүмкін. Қандай мақсатқа қолданылуына байланысты ерекше белгілер жасырын немесе сызбада көрінетін болуы мүмкін.

Ерекше белгілерді жасау үшін келесі әрекеттерді жүзеге асырыңыз:

Бұйрық жолына ATTDEF (Аттопр) бұйрығын енгізіңіз;

Draw Block Define Attributes (Сурет салу Блок Атрибуттарды анықтау) бұйрығын орындаңыз.

Содан соң экранда Attribute Definition (Атрибуттарды анықтау) терезесі ашылады, онда ерекше белгілердің негізгі параметрлері беріледі (6.4 сурет). Attribute (Белгі) аймағы ерекше белгілердің атауын енгізуге арналған өрістен (Tag), (Prompt) блогты қою кезінде көрінетін шақырулардан, сондай-ақ, блокты қойғаннан кейін (Value) жанында көрінетін мәндерден тұрады.

Mode (Режим) аймағы ерекше белгілерді қолдану режимін анықтауға көмектеседі. Қажетті жалаушыларды орнату арқылы сіз ерекше белгілерді сызбада көрінбей тұруы үшін (Invisible) жасырып, ерекше белгілердің мәтіні өзгеріссіз қалуы үшін (Constant) тұрақты, ерекше белгілердің мәні блокты қою кезінде тексеріліп отыруы үшін (Verify) бақыланатын, блокты қоюдың әр кезінде ерекше белгілердің мәнін бұйрық жолына қайталап енгізбеу үшін алдын ала орнатылатын (Preset), блоктың ішіндегі ерекше белгілердің орналасуын өзгертуді мүмкін болдырмайтын (Lock position) блокталған жағдайы, және мәтіннің көп жолды болуы үшін (Multiple lines) көпжолдылық етіп қоюыңызға болады.

Insertion Point (Қою нүктесі) аймағында сызбадағы ерекше белгілердің жайын анықтауға болады. Егер Specify On-screen (Экранда көрсету) жалаушасы орнатылса, онда сіз оның жайын экранның қажетті жерін басып анықтауыңызға болады. Жалаушаны алып тастап, координаттарды қолдан қоюға болады.

Ерекше белгілер мәтіндік үзінді болғандықтан, оған мәтінді форматтаудың кейбір параметрлерін беруге болады. Ол Text Settings (Мәтінді күйге келтіру) аймағында жасалады. Бұл жерде мәтіннің стилін (Text style), оның биіктігін (Text height) және айналу бұрышын (Rotation) көрсетуге болады. Соңғы екі параметрді сандық мәнмен ғана емес, сондай-ақ, экран аймағында тышқанның сілтеуішімен де қоюға болады. Егер ерекше белгілердің мәтіні көпжолды болса, Boundary width (Кеңдік шекаралар) алаңында жолдардың енін көрсетуге болады.

Мәтін үшін Justification (Тегістеу) тізімінен қажетті нұсқаны таңдап, тегістеу параметрлерін орнатуға болады.

Left (Солға). Бұл параметрді таңдағанда экранда нүктені көрсету қажет. Осы нүкте бойынша мәтін сол жақ шетке қарай тегістеледі.

Align (арасына кіргізіп жазу). Бұл жағдайда мәтін орналасқан көлденең сызық елесінің басы мен аяғын көрсету керек. Мәтінде қаншалықты бейнелер көп болса, оның биіктігі де соншалықты төмен болады.

Fit (Ені бойынша). Бұл мәнді таңдаған кезде мәтін орналасқан көлденең елес сызықтың басы мен аяғын көрсету керек. Мәтінде қаншалықты бейнелер көп болса, оның ені де соншалықты қысқа болады.

Center (Орта). Бұл параметрді таңдаған кезде экраннан нүктені көрсету керек. Мәтін осы нүктеге қарай ортаға көлденеңдеп орналасады.

Middle (Қақ ортасы). Бұл мәнді таңдаған кезде экраннан нүктені көрсету керек. Мәтін осы нүктеге қарай қақ ортасына көлденең және тіке шоғырланады.

Right (Оңға). Бұл мәнді таңдаған кезде экраннан нүктені көрсету керек. Осы нүкте бойынша мәтін оң жақ шетке қарай тегістеледі.

Top left (Жоғарғы сол жақ). Бұл мәнді таңдаған кезде экраннан мәтіннің жоғарғы сол жақ бұрышының нүктесін көрсету керек.

Top center (Жоғарғы ортасы). Бұл мәнді таңдаған кезде экраннан нүктені көрсету керек. Осы нүкте бойынша мәтін оның жоғарғы жағына және ортаға қарай тегістеледі.

Top right (Жоғарғы оң жақ). Бұл мәнді таңдаған кезде экраннан мәтіннің жоғарғы оң жақ нүктесін көрсету керек.

Middle left (Сол жақтағы ортасы). Бұл мәнді таңдаған кезде экраннан жазбаша әріптердің ортасы болатын нүктені көрсету керек. Сол кезде мәтін сол жақ шетке қарай қысылады.

Middle center (Орталықтағы ортасы). Бұл мәнді таңдаған кезде экраннан жазбаша әріптердің ортасы болатын нүктені көрсету керек. Сол кезде мәтін көлденеңдеп орталықтанады.

Middle right (Оң жақтағы ортасы). Бұл мәнді таңдаған кезде экраннан жазбаша әріптердің ортасы болатын нүктені көрсету керек. Сол кезде мәтін оң жақ шетке қарай қысылады.

Bottom left (Төменгі сол жақ). Бұл мәнді таңдаған кезде экраннан мәтіннің төменгі сол жақтағы бұрышы болатын нүктені көрсету керек.

Bottom center (Төмендегі ортасы). Бұл параметрді таңдаған кезде экраннан нүктені көрсету керек. Сол кезде мәтін оның төменгі жағында және сол жағынан орналасады.

Bottom right (Төменгі оң жақ). Бұл мәнді таңдаған кезде экраннан мәтіннің төменгі оң жақ бұрышы болатын нүктені көрсету керек.

Жасалған ерекше белгілерді блокқа кәдімгі қарапайымдарды орналастырған сияқты қоюға болады. Ерекше белгілерді сызбаға енгізгеннен кейін ол нысандар тізімі енгізіледі және сіз оны Quick Select (Жылдам таңдау) терезесін қолдану арқылы таңдауыңызға болады.

Бақылау сұрақтары:

1. Блок дегеніміз не?

2. Блокты калай құрамыз?

3. Блокты қалай қоямыз?

4. Блоктың қандай атрибуттарын білесіздер?

 

 

Дәріс №12.

Тақырыбы: Өлшемдер.

Мақсаты: Өлшемді сызбаға қою және оның түрлерімен танысу.

Өлшемдерді, ену рұқсаты және шығару сызықтарын орнату әрекеті Dimension (Өлшемдер) мәзірінің бұйрықтарымен және Dimension (Өлшемдер) құралдар тақтасының батырмаларының көмегімен орындалады.

 

 

Сурет14. Dimension құралдар тақтасы

 

Ұзындық өлшемі (DIMLINEAR) – көлденеңінен, тігінен немесе бұрылған өлшемдерді құрады.

Параллельді өлшем (DIMALIGNED)

Базалық өлшемдер (DIMBASELINE) – алдыңғы өлшемнен алынған екінші сызықтың жалғасқан сызық өлшемі болып табылады

Өлшемдік шынжыр (DIMCONTINUE) бірінен кейін бірі жалғасатын сызықтық өлшемдер тобын құруға мүмкіндік береді.

Диаметрлі өлшем (DIMDIAMETER) – шеңбердің немесе доғаның диаметрін құрады.

Радиусты өлшем (DIMRADIUS) – шеңбердің немесе доғаның радиусын құру.

Бұрыштық өлшем (DIMANGULAR) – параллель емес екі сызықтың немесе төбелерден және екі басқа нүктелерден құрылған, доғаның арасындағы бұрышты көрсететін доғаны құру.

Жылдам өлшемі (QDIM) – бір типті өлшемдер тобын немесе базалық өлшемдер мен өлшемдікті тез құру үшін арналған.

Тез шығару (QLEADER) сынықтан не тегіс шығару сызығынан немесе нұсқағыштардан басталатын (немесе басқа күйге келтірілген символдардан) және бір не бірнеше мәтін жолдарынан немесе мултимәтіндермен аяқталатын, бірнеше сегменттерден тұратын бір атаулы қарапайым шығаруларды тұрғызады.

Ординаттық өлшем (DIMORDINATE) көрсетілген нүктенің абцисса немесе ордината мәндері орнатылған шығаруларды құруға мүмкіндік береді.

 

Опциясы:

Х мәні (Xdatum) – шығарылған сызық соңының тұрған жеріне қарамастан абсцисса шығаруын береді;

У мәні (Ydatum) – шығарылған сызық соңының тұрған жеріне қарамастан ордината шығаруын береді;

Бұрыш (Angle) – шығару жазбасының бұрышын беру;

Мәтін (Text) – шығарудың жаңа мәтінін енгізу;

Ммәтін (Mtext) – мультимәтін мүмкіндіктерін қолданып, шығарудың жаңа мәтінін енгізу.

Бақылау сұрақтары:

1. Өлшемді қою бұйрығы қай мәзірде орналасқан?

2. Бұрыштық өлшемді салу қандай бұйрықпен қамтамасыз етіледі?

3. Радиус белгісін шығаруды қалай жүзеге асыруға болады?

4. Диаметрлік өлшемді қалай қояды?

5. Шығаруы бар өлшемді қалай қоюға болады?

Дәріс №13.

Тақырыбы: Кестелер.

Мақсаты: AutoCAD жүйесінде кестелерді құрудың тәсілдерімен танысу.

AutoCAD 2005-тен бастап жүйеге жаңа құрал енгізілді – ол кестелер. Кестелер сызба жасауда түсіндірме мәтін жазу үшін, ерекшеліктер, қосылған кестелер үшін қажет, бұларды әр сызба сызушы белгілі бір мақсатта пайдаланады. AutoCAD 2006-да кестелерді құру және редакциялау мүмкіндігі кеңейтілді. Қарастырылып отырған бағдарлама нұсқасындағы кестелер Microsoft Excel-дегі қарапайым электронды кестені еске түсіреді. Қолданушының кестенің сыртқы түрін және ұяшықтардағы мәліметтерді басқаруға, сондай-ақ өрнектер бойынша есептер шығаруға мүмкіндігі бар. Одан басқада, сіз Excel кестелерімен байланысты жүзеге асыруыңызға болады. Бұл кестелердегі мәліметтер Excel бағдарламасына енгізілген өзгерістерге қарай жаңарып отырады.

Кестелердің құрылуы

Кестелерді құру үшін келесі тәсілдердің кез келгенін қолдануға болады:

TABLE (Кесте) бұйрығын қолдану.

Мәзірден Draw Table (Сурет салу Кесте) бұйрығын шақыру.

Аспаптар пультінен 2D Draw (Екіөлшемді сурет салу) тақтасындағы Table (Кесте) батырмасын басу.

Бұйрықты шақырғаннан кейін Insert Table (Кестені ендіру) сұхбаттық терезесі ашылады.

AutoCAD 2008-де кестені сызбаға қосудың үш тәсілі мүмкін еді, оны таңдау үшін Insert options (Қосу параметрі) ауыстырып-қосқышын арнайы жағдайға келтіріп қою қажет.

Start from empty table (Бос кестеден бастау)

Бұл тәсіл бос кестені құруға мүмкіндік береді, оның мәліметтерін қолмен енгізуге болады. Table style (Кестенің стилі) аумағында болашақ кестенің стилін арнайы тізім бойынша таңдауға болады. Бұл тізімде үнсіз келісіммен тек қана Standard (Стандартты) стилі бар, бірақ қолданушының өзінің стилін ойлап табуына мүмкіндігі бар (кесте стилін ойлап табу туралы аталған дәрістен қараңыз).

Осы сұхбаттық терезеден ендірме тәсілін таңдауға болады. Бұл үшін Insertion behavior (Ендірме тәсілі) аумағында ауыстырып-қосқышты келесі жағдайлардың біріне қосыңыз:

Specify insertion point (Ендірме нүктесіне сұраныс) — бағдарлама кестені кестенің сол жақ бұрышының нүктесі көрсетілгеннен кейін құра бастайды;

Specify window (Орналасу аумағына сұраныс) — бағдарлама кестенің орналасу аумағына және көлеміне сұраныс жасайды. Бағандардың ені, жолдардың биіктігі және олардың саны берілген күйге келтіруге және рамканың көлеміне байланысты.

Болашақ кестенің бағандары мен жолдарының санын белгілеу үшін Column & row settings (Бағандар мен жолдарды күйге келтіру) аумағындағы алаңды қолдану қажет. Columns (Бағандар) және Column width (Бағандардың ені) алаңдарында бағандар мен жолдардың санын көрсетіңіз. Data rows (Жолдар саны) және Row height (Жолдардың биіктігі) алаңдарында кестенің жолдарының саны мен биіктігін көрсетіңіз.

Set cell styles (Ұяшықтың стилін құру) аймағы кейбір кестелердің стилін анықтауға көмектеседі. Ашылған тізімдердің көмегімен алғашқы жолдың стилін (First row cell style), екінші жолдың стилін(Second row cell style) және басқа да жолдардың (All other row cell styles) стилін беруге болады. Үнсіз келісіммен тізімдер ұяшықтардың тек үш стилін ғана көрсетеді, бірақ, кестеде кездесетіндей, сіз өзіңіздің стиліңізді ойлап табуыңызға болады. Insert Table (Кестені енгізу) сұхбаттық терезесін жабу үшін ОК батырмасын басыңыз.

Insert Table (Кестені енгізу) диалогтық терезесінің барлық қажетті мәліметтерін беріп және оны жауып болған соң, сіз бұйрық жолында (немесе тышқанның көрсеткішінің жанында, егер Dynamic Input (Динамикалық енгізу) қызметі белсенді күйде болса) кестені енгізу нүктесін нұсқауға шақыруды көресіз:

Specify insertion point:

(Енгізу нүктесі:)

Экранның қажетті аумағында тышқан батырмасын шертіп ендіру нүктесін көрсетіңіз немесе бұйрық жолына нүктенің координаттарын енгізіңіз. Керекті нүктені енгізгеннен кейін экранда кесте көрінеді. Кестенің үстінен, кестеге мәтінді енгізудің күйге келтірулерін басқаруға арналған, Text Formatting (Мәтінді пішімдеу) құрал-саймандар тақтасы шығады. Онда мәтінді пішімдеуге қажетті барлық параметрлер бар.

Кестені редакциялау кезінде бағандар мен жолдардың нөмірлері көрсетіледі.

AutoCAD-та қажетті мәліметтерді енгізу кестенің жеке ұяшықтарына жасалады. Мәлімет енгізілетін қажетті ұяшықты табу үшін, оның белсенділігін қосу қажет. Ол үшін перне тақтадағы меңзерді басқару пернесін қолдануға болады. Ұяшық белсенді болғанда, мәліметтерді перне тақтадан енгізуге болады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-08; Просмотров: 969; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.088 сек.