Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ші Сурет 1-тротил, 2-ТЭН, 3-нитроглицерин, 4- аммонал, 5-гранитол 1 страница




Кесте

Кесте

Кесте

Қауіпсіз ылғалдық шегі

 

Жүк атаулары Қауіпсіз ылғалдық шегі, %
Тас көмір  
Қоңыр көмір  
Бокситтер  
Мыс кендер  
Флюстер  
Баритті концентраттар  
Түсті кен концентраттары  
Магнезит кендер  
Магнитогорск кендері 6,5-7
Никополь кен орнының марганец кендері 10-15
Құм 1,25
Қиыршық тас  
Түйіршіктелген шлак (1 тәулік ішінде тасымалданған жағдайда)  

 

Жүктің ылғалдығын қауіпсіз шекке жеткізу қиын немесе мүлдем мүмкін емес болған жағдайларда мұздануға қарсы алдын алу іс-шараларын өткізу қажет.

Нығыздалу – кейбір жүктердің бөлшектерінің өнім температурасы көтерілген жағдайда бір-біріне жабысу қасиеті. Гудрон, асфальт, пек, кен агломераттары т.с.с. жүктер нығыздалуға бейім болып келеді. Жүктердің нығыздалуын болдырмау мүмкін емес дерлік. Ондай жүктерді түсіруге едәуір еңбек шығыны жұмсалады.

Тұтқырлық дегеніміз – сұйықтық бөлшектерінің сыртқы күштер әсерімен бір-біріне қатысты қозғалыс жасауға кедергі жасау қасиеті. Тұтқырлық бөлшектердің арасындағы ішкі үйкелісті сипаттайды және молекулалық ілінісу күштерімен түсіндіріледі. Динамикалық, кинематикалық және шартты тұтқырлық болады.

Динамикалық тұтқырлық ішкі үйкеліс коэффициентінің шамасын анықтайды. Сұйықтықтың екі қабатының арасындағы F ішкі үйкеліс күші мына формула бойынша анықталады:

 

F = η S (5)

 

мұндағы S – сұйықты қабатының ауданы; – сұйықтық қабаттарының қозғалыс бағытына перпендикулярлы орналасқан х бағытындағы қозғалыс жылдамдығы градиенті; η – динамикалық тұтқырлық.

 

Кинематикалық тұтқырлық ν – ішкі үйкелістің таза коэффициентінің шамасын анықтайды.

Динамикалық жән кинематикалық тұтқырлықтар арасында тәуелділік бар:

 

ν = (6)

 

мұндағы ρ – сұйықтықтың тығыздығы.

 

Тәжірибеде сұйықтықтарды бағалау үшін көбінесе «сұйықтықтардың шартты тұтқырлығы» ұғымы қолданылады. Сұйықтықтардың шартты тұтқырлығы Энглер градустарымен өлшенеді, бұл өлшем бірлігі өнімнің 200см3 өлшеу температурасы жағдайындағы аяқталуының 20°C жағдайындағы тазартылған судың аяқталуына қатынасын анықтайды. Температура төмендеген сайын өнімнің тұтқырлығы бірте-бірте артып, ол толық ұйып не қатып қалады. Ұю не қату температурасына жеткен жағдайда пробиркадағы сұйықтық 45°-қа еңкейткен кезде бір минут бойы қозғалыссыз болады. Сұйықтықтардың қату немесе ұю температурасы олардың химиялық құрамына байланысты болып келеді. Тұтқырлық дәрежесі бойынша және ұю не қату температурасына қарай сұйық жүктер төрт топқа бөлінеді (3-кесте).

Құйылмалы жүктердің аса тұтқырлығы оларды басқа ыдысқа құю жылдамдығын төмендетіп, оның бөлшектерінің жылжымалы құрам шанақтарының үстіңгі қабаттарына жабысуы нәтижесінде жойылуын туғызады.

Аязға төзімділік – жүктің төмен температуралардың әсерінен бұзылмай, еріген соң өзінің сапалық көрсеткіштерін сақтау қасиеті. Төмен температуралардың әсерімен жүктің құрамдас бөлшегі болып табылатын ылғал мұзданып, өнімнің тінін бұзады. Ыдыстарға құйылған сұйық жүктердің мұздануы оның бұзылуына, кейіннен жүктің шығынына апарып соғады. Балғын көкөністердің мұзданып, кейіннен еруі олардың дәмінің бұзылуына және өнімнің жылдам бұзылуына апарып соғады. Келтірілген мысалдар жүктердің аязға төзімсіздігін сипаттайды.

Сұйық жүктердің тұтқырығы бойынша топтастырылуы

 

Тобы 50°С жағдайын-дағы шартты тұтқырлық, град. Қату немесе ұю температурасы, °С Кейбір жүктердің тұтқырлық топтары бойынша атаулары
I 5-15 от -15 до 0 Глицерин, тікелей алынған және флоттық мазут, автолдар т.б.
II 16-25 от +1 до +15 Анилин, бензол, кит майы, жағармай (мазут), өсімдік майлары т.б.
III 26-40 от +16 до +30 Сұйық каустик, күкірт қышқылы, авиациялық май, кокос майы, мұнай, олеум, шәрбат т.б.
IV Свыше Выше +30 Битумдар, гудрон, саломас, сіріңке парафині, там көмір шайыры, сұйық пек т.б.

 

Ылуға төзімділік – заттардың жоғары температура әсерінен туындайтын биохимиялық процестердің дамуына, бұзылуға, қышқылдануға, балқуға немесе өздігімен жанып кетуге қарсы тұру қасиеті. Жоғары температуралар әсіресе өсімдіктер мен малдан өндірілген жүктерге, тас көмірге, шымтезекке, сланецтерге және құрамында оңай балқитын заттар бар жүктерге қатты әсер етеді.

Отқа төзімділік – жүктердің оттың әсерінен жанбағыштығы және өздерінің бастапқы қасиеттері мен пішінін өзгертпеу қасиеті. Жүктердің шектеулі тобына наға отқа төзіділік тән болып келеді. Әдетте жүктердің көпшілігі оттың әсерімен жанып, бұзылады, ыдырайды немесе бастапқы қасиетін: беріктігін, пішінін, түр-түсін т.с.с. жоғалтады.

От қауіптілік – заттың жану ошағы пайда болған жағдайда жанып-өртенгіштігі қасиеті. Ауада заттың газдарының, буларының немесе шаңның белгілі бір концентрациясы пайда болған жағдайда зат тұрақты түрде жана бастайды. Ол концентрацияның ш ктері тұтану шегі деген атауға ие болды. Тұтану шегі неғұрлым көлемді, ал жарылыс қабілеттіліктің концентрацялық шегі неғұрлым төмен болса, жүктің от қауіптілігі де соғұрлым жоғары болады.

Жанғыш сұйықтықтар үшін от алу температурасы мен тұтану температурасы аса маңызды сипаттамалар болып табылады. От алу температурасы дегеніміз – сұйықтықтың қаныққан буы сыртқы тұтандыру көзінің бес секундтық әсерінен от алып кетуге қабілетті болатын температура.от алу кезінде сұйықтықтың буы ғана от алып, жанады.

Сұйық жүк өздігімен жанып кететін температура өздігімен тұтану температурасы деп аталады. Заттың өздігімен тұтану температурасы сұйықтықтың булары тұрақты түрде жана алатын ең кіші температураны сипаттайды. Ол от алу температурасынан әлдеқайда жоғары болып келеді.

Өздігімен ысу және өздігімен жану дегеніміз – жүк температурасының ішкі жылу көздерінің, яғни жүктердің өздерінде өтетін химиялық және биохимиялық процестер әсерімен жану қасиеті. Дәнді дақылдар, талшықты материалдар, шөп, күнжара, тас көмір және қоңыр көмір, шымтезек, сланецтер, кейбір кендер мен олардың концентраттары және т.б. жүктер өздігімен ысуға бейім болып келеді. Жүктердің әрбір атауларының өздігімен ысуы өзіндік себептермен туындайды.

Ауылшаруашылық өндірсінен шыққан жүктердің өздігімен ысу процесі үш себеппен түсіндіріледі, олар: өнімнің тыныс алуы, микроағзалардың тіршілігі және зиянкестердің әсері. Жылу өткізгіштігі кем болуы салдарынан жүк массасында жылу жинақталып, ақыр аяғында бұл өнімнің бүлінуіне, күюіне немесе өздігімен жануына апарып соғады. Сақтау және тасымалдауға қолайлы жағдай туғызу, жүкті барынша белсенді желдетіп отыру биохимиялық процестерді болдырмауға немесе баяулатуға, микроағзалар мен зиянкестердің өмірі мен қызметінің қарқындылығын төмендетуге, өнімнің өзі шығаратын көмірқышқыл газ бен жылуды уақтылы шығарып отыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы шаралар ауылшаруашылық өнімдердің өздігімен ысуының, бүлінуінің және өздігімен тұтануының алдын алуға мүмкіндік туғызады.

Кендер мен кен концентраттарының, тас көмір мен қоңыр көмірдің, шымтезектің, сланецтердің және тағы басқа да жүктердің өздігімен тұтануы ауа оттегісімен өзара қатынасқа түсуі нәтижесінде туындайтын химиялық реакциямен түсіндіріледі. Қышқылдану реакциясымен қатар жүк массасынан жылу шығып, жинақталып отырады. Өз кезегінде өнім температурасының жоғарылауы қышқылдану процесін жылдамдатады. Жүкте жинақталған жылудың сыртқа шығарылуы қамтамасыз етілмесе, оның өздігімен ысуы өздігімен тұтанып, жанып кетуіне апарып соғуы ықтимал.

Қышқылдану процесі қарқындап, оның аяғы жүктің өздігімен жануы орын алатын температура шекті температура деп аталады.

Жарылыс қауіптілік дегеніміз – жүктердің физикалық или химиялық жарылысқа бейімділігі. Тығыздалған және сұйытылған газдар физикалық жарылыс туындатуы мүмкін.

Химиялық жарылыс жарылғыш заттың (ЖЗ) ауа оттегісімен аса үлкен жылдамдықпен қышқылдану реакциясына түсу қарқынды процесі болып табылады. ЖЗ жануы әсерінен детонация пайда болып, бүкіл өнім массасының бір сәтте жарылуын және жарылыс толқынын туғызады. ЖЗ қауіптілік дәрежесі өнім мөлшеріне және оның салынған ыдысы мен орамының сапасына байланысты болып келеді. Түріне, қасиеттеріне және тасымалдау жағдайларына қарай ЖЗ бірнеше топқа бөлінеді.

Тозаңданғыштық – заттың ең ұсақ бөлшектерінің ауамен араласып, тұрақты қоспалар құрап, ауа ағынымен жүк орналасқан жерден едәуір қашықтыққа таралу қабілеті. Көмір, цемент, ұн, дәнді, фрезерлі шымтезекті және т.б. заттарды тиеу-түсіру кезіндегі шаңдану және тозаңдану процесі осы құбылыстың ең айқын мысалы болып табылады. Шаңның қоршаған ортадан булар мен газдарды сорып алу қасиеті аса жоғары болады. Бұл әсіресе ауада улы заттар көп болған кезде аса зиян.

Жүктердің қатты тозаңдануы адамдардың жұмысын ауырлатып, мұрнын дәкемен орауын, респираторлар мен газтұтқыш қолдануын қажет етеді. Органикалық және металл тозаңның белгілі бір концентрациясы кез келген сыртқы от көзінің әсерінен өздігімен тұтанып, жарылуға бейім болып табылады. Сондай-ақ, бұл өнімнің шығынына және қоршаған ортаның ластануына апарып соғады.

Жүктердің тозаңдануын болдырмау үшін оларды салатын ыдыстар мен орамдарды жетілдіріп, мамандандырылған жылжымалы құрам мен жүк тиеу-түсіру құрылғыларын жасау керек, тозаңданатын жүктерді сақтау қоймаларындағы желдету құрылғыларына сүзгі орнатып, жүктердің бетін жабынмен жабу қажет және сол сияқты т.б. шараларды қолдану керек.

Шаңсыйымдылық – жүктердің қоршаған атмосферадан шаңды көптеп тартып, сорып алуға қабілеттілігі. Ауадан шаң тартуы материалдардың бүлінуін туғызады немесе өнімді өндірісте пайдаланар алдында шаңнан тазартуды қажет етеді. Талшықты материалдар, маталар, елтірі бұйымдары, ылғалдығы аса жоғары, т.с.с. жүктер жоғары шаңсыйымдылықпен ерекшеленеді.

Сынғыштық – кейбір жүктердің механикалық әсерден көзбен көріп байқайтындай пластикалық деформациясыз бұзылу қасиеті. Олармен жүк тиеу-түсіру жұмыстары мен тасымалдау операцияларын орындау кезінде оларды қаттап, бекіту қажет және лақтыру, түсіру, құлатуды т.б. болдырмау қажет. Ол тауарлардың ыдыстары мен орамдары жарамды болып, олардың бұзылудан, сынудан қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс. Сынғыш заттарға: әйнектен жасалған әртүрлі бұйымдар, қыш бұйымдар, әртүрлі аппараттар, аспаптар, шифер т.б. жатады. Кейбір жүктерде аса төмен температура жағдайында сынғыштық пайда болады. Ол температура әртүрлі материалдар үшін әртүрлі болып келеді. Мысалы, қалайы -15°С-тан төмен, ал резина -45°С-тан төмен температура жағдайында сынғыш бола бастайды.

Жүктердің қышқылдану қасиеті – жүктердің артық оттегіні өзге заттарға беру қасиеті. Сондықтан қышқылдардың қоспалары жанғыш заттардың тұтануын туғызып, олардың ауасыз да тұрақты түрде жануын қамтамасыз етуі ықтимал. Жанғыш атериалдар мен қышқылданатын жүктерді теміржолда бірге тасымалдауды ұйымдастыру кезінде оларды сақтау орындары мен жүк тиеу орындарын орналастыруда осы ерекшелікті ескеру қажет. Кейбір қышқылдағыштар органикалық заттармен қосылған жағдайда детонация, үйкеліс немесе соққы әсерінен жарылатын жарылғыш қоспаларды құрауға бейім болып келеді. Әсіресе сұйық қышқылдар, тотықтар, тұздар, минералды тыңайтқыштар, сутегі тотығы т.с.с. заттар белсенді қышқылдағыштар болып табылады.

Белсенді қышқылдағыш заттарды тасымалдау кезінде олардың жылжымалы құрамның және жүк тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру құралдарының металл бөлшектеріне тотықтырғыш әсерін болдырмау шараларын қолдану қажет.

Тотығу – металдар мен металл бұйымдардың қоршаған ортамен химиялық немесе электр-химиялық өзара әрекеттестігі нәтижесінде бұзылуы. Металдардың тотығуы немесе қышқылдануы металлоидтерге оттегінің, хлордың, бромның және кейбір басқа элементтердің қосылу процесі болып табылады. Теміржол көлігі жағдайына әсіресе электр-химиялық процестерден туындайтын атмосфералық тотығу тән болып келеді. Бұл жағдайда ылғалдың жұқа қабаты немесе жеке тамшылары электролит рөлін атқарады. Ауаның ылғалдығы мен температурасы артып, ол көмір, күл тозаңымен, хлоридтермен немесе газдармен ластанған жағдайда тотығу үрдісі жеделдейді. Мысалы, ірі өнеркәсіп орталықтарының мөлшерінен артық газдануы адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізумен қатар машиналар мен құрылыс құрылғыларын тотықтырып, олардың істен шығуын жылдамдатады.

Тотығудан сақтау үшін металдар мен металл бұйымдарды тасымалдау кезінде мұқият орап, қажетті жағдайларда вагонның қабырғалары мен шатырын тығыздайды, ашық жерлеріне тотығуға қарғы май жағады және оларды белсенді қышқылдағыш болып табылатын жүктермен бірге тасымалдануына жол бермейді.

Зияндық – кейбір жүктердің буларының немесе қоспа бөлшектерінің адамдардың сезім органдарының, терісін, тыныс жолдарын және өкпесін зақымдау қабілеті. Зақым тітіркендіргіш құбылыстардың пайда болуы, улану, силикоз ауруы және әртүрлі инфекциялық және теріс аурулары түрінде көрініс табуы мүмкін. Адамның ағзасына әсіресе қорғасын, цемент, фосфор, жанармай, минералды май, қарамай, былғары шикізатының, сынаптың т.с.с. булары не шаң-тозаңы жағымсыз әсер етеді. Зиянды заттардың ауадағы шекті рауалы мөлшері белгіленген. Ондай жүктерді қайта өңдеу кезінде қызмет көрсетуші адамдардың денсаулығын сақтау шараларын қолдану қажет.

Улылық – кейбір жүктердің адамдар мен жануарларға тікелей зиян келтіру қасиеті. Удың адам не жануар ағзасына енуі үш жолмен іске асырылуы мүмкін: тыныс алу кезінде, терісі арқылы және тамақтану, темекі шегу, сусын ішу т.б. кезінде ағзасына енуі арқылы. Улы заттардың (УЗ) ағзаға тигізетін кері әсері олардың улылығымен анықталады. УЗ қауіптілігі олардың апатты жағдайларда ауада қауіпті концентрацияда жинақталу қабілетімен айқындалады. Қауіптілік дәрежесіне қарай УЗ бірнеше топқа бөлінеді.

УЗ-мен жұмыс істеу кезінде тамақтануға, темекі шегуге, сусын ішуге тыйым салынады. Қажет болған жағдайларда қызмет көрсетуші жұмыскерлер қорғағыш тыныс алу аппараттарымен және арнаулы киім-кешекпен жабдықталады. Егер жұмыс кезінде УЗ-тың ыдысы немесе орамы бүлініп қалса, УЗ шашылып, төгіліп қалса немесе қандай да бір басқа қауіпті жағдай туындаса, қызмет көрсетушу жұмыскерлер дереу қауіпті аймақтан кетуі тиіс немесе химиялық қорғаныстың тиісті шараларын қолдануы керек.

Инфекциялық қаупі бар жүктерге тірі мал, шикі мал өнімдері, малдың терісі, былғары шикізаты, бактериологиялық препараттар және тағы басқа заттар жатады. Ондай жүктер әртүрлі инфекциялардың, аурулардың таралуына, тіпті адамдар мен жан-жануарлардың өліміне себеп болуы ықтимал.

Радиоактивтілік – кейбір заттардың адамдар мен жануарлардың денсаулығы мен өмірі үшін қауіпті радиоактивті сәуле шығару қасиеті.

 

2. Жүктердің көлем және салмақ сипаттамалары

Жүктердің көлем және салмақ сипаттамалары оларды жылжымалы құрамға және қоймаларға орналастыруға байланысты есептеулерде есепке алу үшін қолданылады.

Тығыздық дегеніміз – заттың көлем бірлігіндегі массасы. Тығыздық бірлігі – 1кг/м3, алайда өндірістік тәжірибеде көбінесе 1т/м3 бірлігі қолданылады.

Сұйық жүктердің тығыздығы олардың температурасы өзгерген сайын өзгеріп отырады, сондықтан тығыздық белгісінің оң жақ жоғарғы бұрышында ол анықталған температура көрсетіледі. 20˚С температурасындағы сұйық жүктің тығыздығы стандартты болып табылады. Сұйық жүктердің тығыздығын анықтау үшін ареометрлер, гидростатикалық таразылар және пикнометрлер қолданылады.

Сұйық жүктің температурасы өзгерген жағдайда оның жаңа жағдайдағы тығыздығын мына есептеу арқылы анықтауға болады:

 

ρi = ρt + Δ (t – i) т/м3 (7)

 

мұндағы ρ – сұйықтықтың тығыздығы, т/м3; i – сұйықтықтың тығыздығы анықталып отырған температурасы, 0С; t – сұйықтықтың тығыздығы белгілі болып табылатын температурасы, 0С; Δ – орташа температуралық түзету, т/м3 град.

 

Үйінді және ақтарылма жүктер мөлшері мен пішіні әркелкі болып келетін көптеген бөлшектер болып табылады. Жекелеген бөлшектердің арасында және олардың ішінде бөлшектердің бір-біріне тығыз қабыспауынан және капиллярлардың қуыстарынан пайда болған бос кеңістіктер болады. Демек, үйінді және ақтарылма жүктердің көлемі материалдың мөлшеріне ғана емес, бос кеңістіктердің болуы мен көлеміне де байланысты болып келеді. Үйінді және ақтарылма жүктердің тығыздығы жүк көлеміндегі бос кеңістіктерді есепке ала отырып, көлем бірлігіндегі зат көлемін сипаттайды.

Жүктің тығыздығын вагон немесе тауар таразысына өлшеп немесе зертханалық жолмен анықтауға болады. Вагон таразысы қолданылған жағдайда вагон шанақтары ыдыс рөлін атқарады. Тауар таразысында ыдыс ретінде сыйымдылығы 1м3 құрайтын жәшік қолданылады. Бес-сегіз рет өлшеуден соң алынған тығыздық мәндерінің орташа мәні есепке алынады.

Ылғалдықтың, күл құрамының, гранулометриялық құрамының өзгеруі өнім тығыздығы шамасының өзгеруін туғызады. Осы аталған сипаттамалар өзгерген жағдайда практикалық мақсаттар үшін жеткілікті нақтылық беретін мына формуланы қолдануға ұсынуға болады:

 

ρ2 = ρ1 + а (W2 – W1) + b (А2 – А1) + с (Т2 – Т1) т/м3 (8)

 

мұндағы ρ1 – жүктің белгілі тығыздығы, т/м3; ρ2 – жүктің жаңа жағдайдағы тығыздығы, т/м3; W1, A1, Т1 – өнімнің тығыздығын бастапқы анықтау кезіндегі ылғалдың, күлдің және ұсақ бөлшектердің пайыздық мөлшері, %; W2, A2, Т2 – жүктің көлеміндегі ылғалдың, күлдің және ұсақ бөлшектердің нақты пайыздық мөлшері, %; а, b, с – өнімнің 1%-дағы тиісті сипаттамалардың өзгеруі жағдайындағы жүк тығыздығы шамасының өзгеруін ескеру коэффициенттері.

 

4-кестеде кейбір көлемді жүктерге арналған а, b, с түзету коэффициенттерінің мәні келтірілген.

 

Түзету коэффициенттерінің мәндері

 

Жүктің түрі а b с
Тас көмір 0,005 0,01
Кокс 0,005 0,002
Темір кені 0,02
Құм 0,015

 

Үйінді және ақтарылма жүктердің ылғалдығы өзгерген жағдайда олардың жаңа жағдайдағы тығыздығын есептеп шығару үшін мына формуланы қолдануға болады:

 

ρ2 = ρ1 т/м3 (9)

 

Сонымен қатар үйінді және ақтарылма жүктердің тығыздығының шамасына штабельдерді жасау тәсілдері, жүкті сақтау және тасымалдау мерзімдері мен жағдайлары едәуір әсерін тигізеді.

Жүктің тығыздығы жүздік бөлшектерге дейінгі нақтылықпен анықталуы тиіс, себебі бір ондық шегіндегі қателік төрт білікті вагондағы өнім көлемін есептеуде 5-7т-ға айырма береді. Өнім тығыздығын анықтау мерзімділігі оның негізгі физика-химиялық қасиеттеріне қарай, бірақ кемінде бір айда бір рет белгіленеді.

Жүк массасы бірлігінің көлемі таза көлем деп аталады. Үйінді және ақтарылма жүктердің таза көлемі өнімнің тығыздығына кері шама болып табылады.

Ыдысқа салынатын және дара жүктер үшін жекелеген жүк орындарының негізгі сипаттамаларын: ұзындығын, енін, биіктігін, сыртқы көлемін және брутто салмағын, – білудің маңызы аса зор. Ыдысқа салынатын және дара жүктердің таза көлемі мына формуламен анықталады:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-08; Просмотров: 537; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.058 сек.