Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ші Сурет 1-тротил, 2-ТЭН, 3-нитроглицерин, 4- аммонал, 5-гранитол 6 страница




Қазынды көмірлерді кендермен және химикаттармен бірге сақтауға болмайды. Қазынды көмірлердің құрамында тіпті аз ғана мөлшерде болса да марганец кені қоспасының болуы қазандықтардың оттығын істен шығарады. Құрамында күкіртті колчедан, аммиак селитрасы, бертолет тұзы бар көмір тозаңы жарылғыш қоспаны құрайды. Сондықтан да қазынды көмірлерді басқа жүктердің қалдықтары қалған вагондарға тиеуге рұқсат етілмейді.

Кокс. Кокс-химиялық өндірісте қазынды көмірлер ауасыз температуралық өңдеуден – айырудан өтеді. Көмірді айырудың бірінші кезеңінде химиялық өнеркәсіптің шикізаттары болып табылатын газдар мен шайырлар бөлініп шығады. Қазынды көмірлердің құрамынан ұшпа заттар мен шайырларды шығарғаннан кейін қалған қатты қалдық кокс қалдығы деп аталады.

Қазынды көмірлер жоғары температура (900-10000С) әсерімен бұзылған кездегі жұмыс қалдығы кокс деп, ал төмен (550°С дейінгі) температура әсерімен бұзылған жағдайдағы қалдығы жартылай кокс деп аталады. Жартылай кокс жоғары калориялы түтінсіз отын ретінде қолданылады.

Кокс-химиялық өндірістің негізгі өнімі кокс болып табылады, бұл металлургия өнеркәсібінің ең маңызды шикізаты. Кокс пештерден жекелеген кеуекті және үйкелуге төзімді берік кесектер түрінде шығады.

Кокстың органикалық салмағының 96-98%-ына жуығын көміртек, 1%-ына жуығын сутегі, 0,5-2,5%-ын күкірт құрайды. Кокстың жұмыс құрамының 10-13%-ын минералды қоспалар және 3-5%-ын су құрайды. Металлургиялық кокстың жанғыш массасының жану жылуы 33285 Дж/кг дейін жетеді. Кокстың тұтану температурасы 700°С.

Кесектерінің өлшемдеріне қарай кокс үш санатқа сұрыпталады: ұсақ, жаңғақ, домналық (16-кесте).

16-кесте

 

Кокстың сипаттамалары

Кокс санаты Жеке кесектерінің өлшемдері, мм Жалпы массасынан шамаман шығу мөлшері, %
Ұсақ 0-10 2-4
Жаңғақ 10-25 2-5
Домналық >25 91-96

 

Кесектерінің өлшемі 25мм-ден асатын коксты металлургиялық кокс деп те атайды. Кесектерінің өлшмдері бойынша металлургиялық кокстың сапалық сипаттамасы мына коэффициентпен анықталады:

 

k = (60)

 

мұндағы (40-80) – 40-80 мм санатындағы кокстың мөлшері, %; (>80) – >80 мм санатындағы кокстың мөлшері, %; (25-40) – 25-40 мм санатындағы кокстың мөлшері, %.

k коэффициенті неғұрлым жоғары болған сайын, кокстың гранулометриялық құрамы соғұрлым біркелкі болып, сапасы артады.

 

Жүк тиеу-түсіру жұмыстарын орындау кезінде және қозғалыс кезінде динамикалық жүктемелер түсуі нәтижесінде кокс ұсақталып, үйкеліп, әрбір тасымал ішінде 3-4%-ы майқандалады да, оның сапасы нашарлайды.

Стандарттардың талаптарына сай металлургиялық кокстың ылғалдығы 12%-дан аспауы тиіс. Стандарттарда ұсақ және жаңғақ санатты кокстың ылғалдығына шектеу қойылмаған, сондықтан қыс кезеңінде кокстың осы екі түрі мұздануға бейім болып келеді.

Кокстың сусымалылығы 32-38° тең болып келетін табиғи еңіс бұрышымен сипатталады. Кокстың көлемдік салмағы оның химиялық құрамына байланысты болып келеді және де ол 0,35-0,5 т/м3 шегінде өзгеріп отырады. Вагондардың жүк көтерімділігін барынша дұрыс пайдалану үшін тас көмір коксы үшбұрыш пішінді «артығымен» тиеледі және де оның ең үлкен биіктігі 1150мм болады. Алайда бұл жағдайда да вагондардың жүк көтерімділігі 50-67%-ға ғана пайдаланылады.

Вагондағы кокстың салмағын анықтау вагон таразысына салып өлшеу немесе көлемін өлшеу жолымен жүргізіледі. Тас көмір коксы үшін мына шамалар белгіленген: табиғи шығын нормасы жүк салмағының 0,7%-ын және әрбір қайта тиеуге 1%, вагоннан вагонға қайта тиеуге 0,8%. Кокс ашық алаңдарда сақталады.

Жанғыш сланецтер. Жанғыш сланецтер теңіз микроағзалары мен планктонның ауа жетіспеушілігі салдарынан бұзылуы нәтижесінде пайда болады. Сонымен, шығу тегі мен құрамы бойынша олар сапропелиттік қазынды көмірлерге жақын болып табылады.

Жанғыш сланецтердің органикалық құрамында 68-74% көміртек, 10-11% сутегі, 7%-ға дейін күкірт, 8-20% оттегі болады. Сланецтердің жұмыс құрамында 25-70% минералды қоспалар және 12-20% су болады. Жанғыш сланецтердің құрамында пайдасыз заттардың осыншама көп мөлшерде болуы олардың құндылығын едәуір кемітеді.

Сыртқы пішіні бойынша жанғыш сланецтер органикалық заттармен қаныққан жасылдау немесе сарғыш-сұрқай қатты тау жынысы болып табылады. Жанғыш сланецтер ашық және жабық тәсілдермен өндіріледі.

Сланецтердің жанғыш құрамында 90%-ға дейінгі мөлшерде ұшпа заттар бар. Сондықтан Жанғыш сланецтер оңай жанып, сары түсті түтінді жалын болып жанады. Оның жұмыс құрамына жатқызылған жану жылуы 8374-11723 кДж/кг құрайды.

Жанғыш сланецтердің құрамында 90%-ға дейін пайдасыз заттар, яғни балласт бар болғандықтан, оларды үлкен қашықтықтарға тасымалдау тиімсіз болып табылады. Сондықтан жанғыш сланецтер электр станцияларына, өнеркәсіптік құрылғыларға және тұрмыстық қажеттіліктерге арналған жергілікті отын ретінде қолданылады. Алайда сланецтердің негізгі арналымы – олардың химия өндірісінің шикізаты ретінде қолданылуы. Жанғыш сланецтер 550°С жуық температурада қайта айдалады, бұл орайда сланец шайыры, газдар және күл пайда болады. Сланец шайырынан жанармай, дизель отыны, ихтиол, пек, тиокреолин, шатыр лагы, шпалдарға сіңгіш май, асфальт т.б. өндіріледі. Газдар отын ретінде, ал күлі цемент, құрылыс материалдарын өндіруде т.с.с. қолданылады.

Жанғыш сланецтердің көлемдік салмағы 1,06-1,2 т/м3 құрайды, сондықтан оларды тасымалдау кезінде вагондардың жүк көтерімділігі толық пайдаланылады. Сланецтердің

сусымалылығы 40°-қа тең болатын табиғи еңіс бұрышымен сипатталады.

Жанғыш сланецтердің құрамында ылғалдың болуы олардың қыс кезеңінде мұздануына апарып соғады. Осыған байланысты қысқы кезеңде олардың мұздануының алдын алуға бағытталған іс-шараларды орындау қажет.

Жанғыш сланецтерді беру кезінде әрбір тасымалға бүкіл өнім салмағының 0,7%-ы мөлшерінде табиғи шығын нормасы есепке алынады. Жанғыш сланецтер ашық алаңдарда сақталады. Сақтау кезінде сланецтер көмір штабельдеріндегідей қышқылдану процестері нәтижесінде өздігімен ысып, тұтануға бейім болып келеді. Өздігімен ысып, тұтануға қарсы алдын алу шаралары ретінде жанғыш сланецтер қоймаларында оларды қабат-қабат етіп нығыздап жатқызып, штабельдердің бүйір жақ еңістерін нығыздап тегістеу жақсы нәтиже береді.

Шымтезек. Шымтезек қияқ, қамыс-құрақ, су астындағы, саз бастпақтағы мүктің ауа жеткіліксіздігі салдарынан бұзылуынан туындаған өнім болып табылады.

Жаңа өндірілген шымтезектің құрамында 80-95% су болады. Ол шымтезек айналма коллоид болып табылады, яғни кептірген кезде судан оңай арылып, ылғалданған кезде қайтадан суды сорып алады. Алайда 35-34% ылғалдыққа дейін кептірілген жағдайда шымтезек айналмайтын коллоидқа айналады, яғни суды сіңіріп алмайды, бірақ үстіңгі қабаты суланады. Сондықтан шымтезектің 30-32%-ға дейінгі ішкі ылғалдық нормасы белгіленген. Шымтезектің жалпы немесе жұмыс ылғалдығы (60) формуласы бойынша есептеп шығарылады. Жеткізушілер мен тұтынушылар арасындағы есеп айырысу және тасымалдау жоспарын орындау үшін шымтезектің салмағы шартты ылғалдыққа шағып қайта есептеледі. Шартты ылғалдықтың келесі мәндірі белгіленген: кесек шымтезек үшін – 50%; фрезерлі шымтезек үшін – 53%; ауылшаруашылық тыңайтқыш ретінде жөнелтілетін шымтезек үшін – 65%.

Өндіру түрі мен тәсіліне қарай шымтезектер кесек шымтезек және ұнтақ түріндегі фрезерлік шымтезек деп бөлінеді. Кесек шымтезекке кесінді, машинамен пішінделген және сулы шымтезектерге жіктеледі.

Шымтезек тұрмыстық және өндірістік-энергетикалық мұқтаждықтарда қолданылатын отын ретінде және ауыл шаруашылығына арналған тыңайтқыш ретінде кең қолданылады.

Шымтезектің жанғыш құрамының 54-60%ын көміртек, 32-35%-ын оттегі, 6%-ын сутегі құрайды, сонымен қатар шамалы мөлшерде күкірт пен азот бар. Шымтезектің жұмыс құрамында су мен жанғыш заттармен қатар 15%-ға дейінгі мөлшерде минералды қоспалар бар. Шымтезектің жұмыс құрамының жану жылуы 8374-10467 кДж/кг құрайды.

Шымтезектің жалпы ылғалдығына қарай оның көлемдік салмағы кең көлемді болады: 0,2 т/м3-ден бастап (ауасы бар құрғақ өнім үшін) для воздушно-сухого продукта) 0,65 т/м3 дейін (ылғалды өнім үшін). Сондықтан әмбебап теміржол вагондарының жүк көтерімділігі толық пайдаланылмайды.

Вагондардың жүк көтерімділігін пайдалануды жақсарту үшін жиектері 800-900мм-гге биіктетілген жартылай вагондардан шымтезек салынған «айналмалар» жасалады.

Жөнелту және бағыт станцияларында шымтезектің салмағын вагон таразысына салып өлшеу немесе көлемін өлшеу арқылы анықтайды. Шымтезекті берген кезде жүк салмағының 0,7%-ы мөлшерінде табиғи шығын нормасы есепке алынады. Шымтезектің сусымалылығы 39-42°-қа тең болатын табиғи еңіс бұрышымен сипатталады.

Ұзақ уақыт сақтау жағдайында шымтезек ауа оттегісімен өзара әрекеттестік нәтижесінде жүктің ішінде туындайтын химиялық, биохимиялық және физикалық процестер әсерімен өздігімен ысу және тұтануға бейім болып келеді. шымтезек температурасының 65-70°С-тан жоғары көтерілуі кезінде шымтезектен жартылай кокс пайда болып, ол ауа оттегісінің әсерімен тұтанып, өрт туындатуы ықтимал.

20-65% ылғалдықта шымтезек өздігімен ысуы мүмкін. Отынның ылғалдығы өскен сайын оның жылу шығаруы қарқындай түседі. Сонымен қатар шымтезектің ылғалдығының артуы оның жылу сыйымдылығын, жылу өткізгіштігін, тығыздығын өзгертіп, керуен (штабель) ішіне ауа кіру жағдайын нашарлатады, сөйтіп, ақыр аяғында өздігімен ысу процесін баяулатады. Ал керуендердің ең жоғарғы қабаттарында шымтезек барынша қарқынды түрде ысиды.

Шымтезекті өндірілген жерінде ашық алаңдарда керуендерге жинап ұзақ уақыт сақтайды. Керуендердің ең үлкен көлемі 125´30´7,5 м болады. Керуенді орналастыру жерін ескі шымтезектен мұқият тазарту қажет.

Температурасы 40°С-тан жоғары болатын, құрамында жартылай кокс бар шымтезекті, сондай-ақ, құрамының 10%-ын ұсақ шымтезек бар кесек шымтезекті және құрамының 5 %-ын ұнтақ пен қоспалар (ағаш, құрғақ шөп т.с.с.) құрайтын шымтезекті сақтауға қоюға болмайды.

Шымтезектің температурасын кемінде 15 күн сайын керуеннің үстіңгі қабатынан 1-1,5 м тереңдікте тексереді. Температурасы 50°С дейін және одан жоғары көтерілген жағдайда оны кемінде 5 күн сайын тексереді. Температурасы 60°С дейін көтерілген жағдайда шымтезекті ысыған жерден алып, ол жерге ылғалдығы 65%-дан төмен болмайтын шымтезекті салады. Температурасы 65°С дейін не одан жоғары көтерілген жағдайда немесе өздігімен тұтанған жерлері байқалғанда, қозып тұрған шымтезекке су құйып, шығындау үшін шығарады.

Физика-химиялық қасиеттері бойынша шымтезек оңай жанатын жүктерге жатады. Бағыт жолында оның жануын болдырмау үшін тиеудің келесі тәртібі орындалады: ылғалдығы қалыпты шымтезек вагон жиектерінің жоғарғы деңгейінен 200мм төмен орнадастырылады, ал ылғалдығы 65%-дан төмен болмайтын шымтезекті оның үстіне салады. Оны биіктігі 200-250 мм болатын үшбұрышты қималы «артығымен» тиейді. Сыртқы ауа температурасы 20°С-тан жоғары болған жағдайда шымтезектің бетін қосымша ылғалдайды.

Ағаш көмір. Ауа жеткізбей ағашты 500-600°С температурасында құрғақ өңдеу нәтижесінде органикалық заттар ыдырап, газдар, скипидар, сірке суы, шайыр заттар, метил спирті және тағы басқа химиялық өнімдер пайда болады. Ағашты құрғақ өңдеудің қалдық өнімі ағаш көмір болып табылады.

Ағаш көмір – қара түсті қатты жанғыш зат. Оның көлемдік салмағы өңдеу үшін қолданылған ағаш түрінің типіне байланысты болып келеді және 0,13-0,25 т/м3 құрайды.

Ағаш көмірдің жұмыс құрамында 10%-ға жуық ылғал, 2% күл және органикалық жанғыш заттар болады. Органикалық құрамға 85-90% көміртек, 2-4% сутегі және оттегі кіреді. Жұмыс салмағының ең кіші жану жылуы 27214 кДж/кг уықты құрайды. Ағаш көмір 2500°С температурасында жалынсыз жанады.

Ағаш көмір металлургия, теміршілік және құю өндірісінде кең қолданыс тапқан, бұл оның құрамында күкіртті және ұшпа заттардың болмауымен түсіндіріледі.

Ағаш көмір ылғал тартқыш материалдарға жатады. Ол әртүрлі газдар мен су буын белсенді түрде сорады. Оның бұл қасиеті әртүрлі өнеркәсіп салаларында сұйықтықтарды тазарту мен түсінен айыру үшін, сондай-ақ, әртүрлі арналымды сүзгілер мен медицина саласында қолданылады.

Ағаш көмір жабық жылжымалы құрамда тасымалданады. Ағаш көмір вагондарды ластайтын жүк болғандықтан, оны тасымалдаудан соң вагондарды жуу қажет. Ағаш көмірді тасымалдау кезінде оның көлемдік салмағына және жылжымалы құрамның типіне қарай вагондардың жүк көтерімділігі 20-48%-ға пайдаланылады. Оңай жанатын жүк ретінде ағаш көмір жеткізу шарттарының орындалуын талап етеді.

Отындар және ауылшаруашылық өндіріс қалдықтары. Отындар ұзындығы 1м дейін жететін кесінділер түрінде жеткізіледі. Жүк қабылдаушының келісімі болған жағдайда ұзындығы 4-6,5 м-лік ұзын ағаштарды тасымалдауға ұсынуға болады.

Ылғалдығына қарай отындық ағаш үл топқа жіктеледі: ылғалды – ылғалдығы 35%-дан астам болып келеді; жартылай құрғақ – ылғалдығы 25-35%; құрғақ – ылғалдығы 25%-дан төмен. Жаңа кесілген ағаштың ылғалдығы 50-60%-ды құрайды. Ағаш отынды 1,5-2 жыл бойы табиғи жағдайда кептірген кезде оның ылғалдығын 16-20%-ға дейін төмендетуге болады.

Отынның шіруі немесе кінәраты, көгеруі (өңезденуі) оның жылу құндылығын төмендетеді. Отынның осы аталған зақымдарға шалдығуы нормалары белгіленген.

Ағаш түрлерінің қаттылығына қарай отындар төрт топқа жіктеледі: бірінші топқа емен, қызылқайың, ақ үйеңкі, үйеңкі; екіншісіне – қайың, сағызқарағай; үшінші топқа – балқарағай, қараағаш, қарағай, самырсын; төртінші топқа – тал, көктерек, бәйтерек, жөке ағаштары жатады.

Ағаштар негізінен жүк көтерімділігі 60-65%-ға пайдаланылатын жартылай вагондарға тиеп тасымалданады.

Отын ретінде қолданылатын ауылшаруашылық өндіріс қалдықтарына сабан, діңше, күнбағыс қауызы, күріш қауызы, жүгері собығы т.с.с. жатады. Құрамы және жылу құндылығы бойынша бұл отын түрлері отынға жақын келеді, сондықтан әдетте олар тұрмыстық отын ретінде қолданылады.

Көлемдік салмағы аз болғандықтан, ауылшаруашылық өндіріс қалдықтарын тасымалдау мен жағу едәуір қиындық туғызады. Сондықтан бұл отын түрлері әдетте брикеттеліп жинақталады. Ауылшаруашылық өндіріс қалдықтары оңай жанатын жүкке жататындықтан, сақтық шараларын қолдануды талап етеді.

Отындық брикеттер және тозаң тәріздес отын. Брикеттерді ұсақ, тозаң тәріздес немесе құрылымы әлсіз жанғыш материалдарға арналған арнайы престерге салып, тура пішінді кесектер етіп нығыздау жолымен жасайды. Мұндай отын түрлерін брикеттеусіз қолдану тиімсіз болып табылады, себебі ол желтартқыш тор мен сорғыш мұржа арқылы айтарлықтай жойылады. Қазынды көмірлердің ұсақ бөлшектерінен, фрезерлі шымтезектен, ағаш үгіндісінен, ауылшаруашылық өндіріс қалдықтарынан т.с.с. отын брикеттері жасалады.

Ыстық брикеттеу жағдайында байланыстырғыш материал отынды ауа кірмейтін жағдайда ысыту кезінде бөлініп шығатын шайыр болып табылады, ал суық брикеттеу жағдайында ондай зат тас көмір пегі, мұнай битумы, шайыр, сірне т.б. болып табылады. Брикеттеу үшін құрылымы біркелкі және ылғалдығы 15%-ға жететін отын қолданылады.

Отындық брикеттердің құрамында 10%-ға дейінгі мөлшерде күл болады, олар ылғал тартпайды, механикалық беріктігі едәуір, қоршаған ортаның сыртқы температурасы мен ылғалдығына төзімді болып келеді. Отынның түріне байланысты болып табылатын брикеттердің көлемдік салмағы 0,6-дан 1т/м3-ше дейінгі аралықты өзгереді. Отындық брикеттердің калориялылығы бастапқы отынның калориялылығына сәйкес келеді.

Тозаң тәріздес отын тас көмір мен шымтезекті жеке бөлшектерінің орташа өлшемі 20-25мк болғанға дейін мұқият ұнтақтау жолымен жасайды. Тозаң тәріздес отынның көлемдік салмағы 0,8-0,9 т/м3 құрайды.

Тозаң тәріздес отынның өздігімен ысу және тұтану қабілеті аса жоғары болып келеді. Ауамен қосылғанда тозаң тәріздес отын оттан оңай тұтанып, жарылатын қоспаны құрайды, сондықтан тозаң жиналуы ықтимал жайлар мен құрылғыларды мұқият желдету қажет.

 

Дәріс 5

МҰНАЙДЫҢ ЖӘНЕ МҰНАЙ ӨНІМДЕРІНІҢ КӨЛІКТІК СИПАТТАМАСЫНЫҢ ТАСЫМАЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ӘСЕР ЕТУІ

Жоспар:

1. Құйылмалы жүктердің классификациясы

2. Мұнай және мұнай өнімдердің тасымалдау, сақтау шарттарын және құю мінезін анықтайтын негізгі қасиеттері

Тауарлық мұнай өнімдері туралы жалпы мәліметтер. Мұнай және оны қайта өңдеу өнімдері әртүрлі агрегаттық күйде болатын және өзіндік ерекше қасиеттері бар кең көлемді жүктер тобын құрайды. Тиеу жоспары мен есепке алу номенклатурасына сәйкес осы аталған топтар үш кіші топқа жіктеледі, олар: шикі мұнай, ашық түсті мұнай өнімдері және күрең түсті мұнай өнімдері.

Шикі мұнай өзіндік ерекше иісі бар, түсі ашық сарыдан қоңырға, қараға жақынға дейін өзгеретін жанғыш майлы сұйықтық болып табылады.

Мұнайдың физикалық және химиялық қасиеттері ол шығарылған кен орнына және тіпті жату қабатына байланысты болып келеді. Мұнай – әртүрлі заттардың күрделі қоспасы болғандықтан, оны сипаттау үшін оның химиялық, топтық және фракциялық құрамын анықтап алу қажет.

Мұнайдың химиялық құрамы: көміртек 83-87%, сутегі 11-14%, оттегі мен азот 0,1-1,5%, күкірт 0,05-5,0%.

Мұнайдың топтық құрамы парафинді (10-70%), нефтенді (25-75%), хош иісті (5-30%) көміртектер мен әртүрлі гетероорганикалық қоспалардың сандық құрамын сипаттайды. Топтық құрамы бойынша мұнайды қайта өңдеу тәсілдері және алынған мұнай өнімдерінің арналымы анықталады.

Мұнайдың фракциялық құрамында өнімнің жалпы көлемінің пайыздық қатынасы ретінде көрініс табатын оның белгілі бір температура жағдайында қайнап буланатын мөлшері анықталады. Мұнайдың 350°С дейінгі температура жағдайында қайнап буланатын жеңіл (ашық түсті) және қайнау температурасы 350°С-тан жоғары болатын ауыр (күрең түсті) фракциялары болады. Жеңіл фракциялары ашық түсті отын (әртүрлі жанармайлар, керосин т.с.с.) алуға, ал ауырлары мазут және оны қайта өңдеу өнімдерін алуға негіз болады. Мұнайдың жалпы көлемінде жеңіл фракцияларының мөлшері 30-50%-дан аспайды. Мұнайдың фракциялық құрамы мұнай мен мұнай өнімдерінің тығыздық және булану сияқты қасиеттеріне едәуір әсер етеді, өз кезегінде олар мұнай өнімдерін пайдалану тиімділігін және оның булануынан келетін ықтимал шығындарды сипаттайды.

Мұнайдың ең маңызды физикалық сипаттамасы оның жылу шығаруға жоғары қабілеттілігі болып табылады, ол 46 МДж/кг дейін жетеді, сондықтан қазіргі кезде мұнай негізінен отынның әртүрлі сұрыптарын алу үшін қолданылады.

Мұнайды қайта өңдеу процесі үш кезеңнен тұрады: қайта өңдеуге дайындау, қайта өңдеу және алынған мұнай өнімдерін тазарту. Мұнайдың құрамына және белгілі бір сападағы өнімдерді алу қажеттілігіне қарай қайта өңдеудің физикалық және химиялық тәсілдері болады. Физикалық тәсілді (тікелей мұнай айырып шығаруды) қолдану барысында мұнай молекулалық құрылымын бұзылмайтындай қайнау температуралары бойынша әртүрлі

фракцияларға жіктеледі. Тікелей мұнай айырудың технологиялық процесі мұнайды ысыту, буландыру, конденсациялау және атмосфералық қысыммен суытудан тұрады. Тікелей айдау нәтижесінде бензин (3-15%), лигроин (7-10%), керосин (8-20%), газойль (7-15%), май дистилляттары (20-25%) және мазут (65-90%) алынады. Мазутты фракцияларға бөлу вакуум жағдайында жұмыс істейтін аппараттар көмегімен жүзеге асырылады, бұл мұнайды қайнату

температурасын 450-500 °С-тан 220°С-қа дейін төмендетіп, көмерсутектердің бұзылуына жол бермеуге мүмкіндік туғызады. Осының нәтижесінде ауыр газойль, соляр, май дистилляттары және гудрон алынады.

Мұнайды тікелей айдау кезінде жанармайдың аз мөлшерде шығуы химиялық қайта өңдеу тәсілдерін әзірлеу мен енгізу қажеттілігін туғызды, олар: крекинг (температуралық және катализдік), пиролиз т.б. Температуралық крекинг (ауыр көмірсутегілердің ұзын молекулаларының төмен температурада қайнайтын бөлшектердің анағұрлым қысқа молекулаларына бөліну процесі) жоғары температуралар (500-700 °С дейін) және жоғары қысым (4-6МПа) жағдайында жүреді. Температуралық крекинг нәтижесінде мазут пен мұнай қалдықтарынан (гудрон және жартылай гудроннан): крекинг-бензин (30-35%), крекинг-газдар (10-15%), крекинг-қалдықтар (50-55%) алынады. Алынған крекинг-бензиндер тұрақсыз болып табылатындықтан, мотор отынының құрамдас бөлшектері ретінде ғана қолданылады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-08; Просмотров: 665; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.222 сек.