Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ші Сурет 1-тротил, 2-ТЭН, 3-нитроглицерин, 4- аммонал, 5-гранитол 9 страница




Күкіртті колчедандар бетондалған таза алаңдарда санаттармен маркаларға қатаң жіктеліп сақталады. Маркалары әртүрлі болып келетін колчедандардың штабельдері олардың араласуын болдырмайтын тосқауылдармен бөлінуі тиіс. Түйіршіктелген күкіртті колчеданның жүк тиеу-түсіру жұмыстары кезінде ұсақталып, тозаңдану қабілеті бар, сондықтан оларды қайта тиеу және түсіру операцияларының саны барынша кем болуы тиіс. Сақтау кезінде күкіртті колчедандар күкірттің көп мөлшерде болуы себепті өрт қауіпті болып табылады. Штабель ішіндегі температура 60°С-тан аспауы тиіс.

Күкіртті колчедандар шанақының саңылауларын бітей отырып, әмбебап жартылай вагондарға немесе жүктің саңылаудан төгілуден сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жартылай вагондарға ақтара тиеп тасымалданады. Жылдың суық мезгілінде тасымалдау кезінде өнімнің мұздануының алдын алу шараларын өткізу қажет.

Темір-кен концентраттары тау-кен байыту комбинаттарында құрамында темір бар кендерді терең байыту өнімдері болып табылады. Кен шикізатының ерекше құндылығы оның құрамында көп мөлшерде темірдің болуында, кейбір жағдайларда ол 90%-ға жетеді. Гранулометриялық құрамы бойынша концентраттар жекелеген бөлшектерінің өлшемі 0,6-0,025мм құрайтын ұнтақ тәріздес майқандалған құрам болып табылады, және де концентраттардың негізгі көлемін (75%) өлшемі 0,05мм және одан кемді құрайтын бөлшектер құрайды. Концентраттардың ылғалдығы 1-15%-ды құрайды. Олардың гранулометриялық құрамы мен ылғалдығы көлемдік салмағына, сондай-ақ, тасымалдау және сақтау шарттарына әсер етеді. Шамалы ылғалдық жағдайында концентраттар сусымалы денелердің қасиеттерін иеленеді, олар шанақтың тығыздығы аз жерлері мен саңылауларына оңай еніп, қарсы ауа ағындары әсерімен ұшуға бейім келеді. Ылғалдығы ұлғайған кезде концентраттар жылдың жылы мезгілінде вагондардың қабырғалары мен түбіне жабысады, ал суық мезгілде қатты мұзданады. 7%-дық ылғалдық жағдайында адгезия күштері әсер ете бастайды да, 14%-ға жеткенде, ең үлкен мөлшерге жетеді. Концентраттардың рауалы ылғалдығы қыста 1-2%, жазда – 6-10%-ды құрауы тиіс. Тасымалдау арнайы жабдықталған вагондармен жүзеге асырылуы керек.

Темір-кен концентраттары ашық алаңдарда сақталады. Ұзақ уақыт бойы жалғасатын жауын-шашындар кезеңінде атмосфералық ылғал 20-30см тереңдікке ғана еніп, концентраттың зауыттағы ылғалдығын өзгертпейді. Штабельге төмен температуралардың әсеру де үстірт болады: оның 40-50см-лік қабаты ғана мұзданып, үстіңгі қабаттан 1м тереңдікте оң температура (1-2°С) сақталады.

Агломерат және түйіртпектер – ұсақ кен шикізаты мен концентраттарды арнайы температуралық өңдеуден шыққан өнімдер. Домна пешіндегі жоғары шығатын газдар ағыны өлшемі 3-4мм-ден кем бөлшектерді шығаратындықтан және тозаң тәріздес кендермен жұмыс істеу отын шығынын едәуір арттыратындықтан, кен ұсағы мен кен концентраттарын тікелей домна пешіне салуға болмайды. Домна пешінің ұтымды жмыс тәртібін ұстап отыру үшін кен ұсағы мен кен концентраттарын кесектеу немесе түйіртпектеу қажет. Гранулометриялық және химиялық құрамы қажетті дәрежеде болатын кен шикізатын алудың екі тәсілі кең тараған, олар: агломерация процесі (кен ұсағы мен концентраттарды кесектеу) және темір-кен концентратын түйіртпектеу процесі (яғни белгілі бір диаметрлі түйіртпектер жасау).

Агломерация процесі үздіксіз процесс болып табылады. Технологиялық желінің басында агломерациялық желіге арнайы дайындалған шихта салынады, оның құрамына кен ұсағы мен темір-кен концентратымен қатар шаң, марганец тозаң тәріздес кен, флюстар және кокс ұсағы кіреді. Кокс ұсағы жанып тұрған газдың жоғары температурасы әсерімен толық жанып, қалған бөлшектері бірігіп қалады. Дайын агломерат технологиялық желіден температурасы 800°С жуықты құрайтын үлкен блоктар түрінде жиналып, беріледі. Содан соң ұсату, елеу және 100°С температурасына дейін суыту жүргізіледі. Агломерат төзімділігі жоғары, кесек және берілген химиялық құрамы жағдайында қалпына келтірілетін болуы тиіс. Агломераттың кеуектігі 20-дан 50%-ға дейін өзгереді, және өтпе қуыстар домна процесінің ұтымды жағдайын қамтамасыз етеді. Алайда агломераттың бұл кеуектігі оның төзімділігін төмендетеді. Қайта тиеу және тасымалдау кезінде ол ұсақталып, сапасы нашарлайды. Осыған байланысты әдетте агломерациялық фабрикалар металлургиялық зауыттар аумағына салынады. Агломератты сыртқа тасымалдау темір жолмен шағын ғана қашықтықтарға (300-400км) ыстық күйінде (до 700°С) арнайы металл хопперлермен (агломерат тасымалдағыштармен) жүзеге асырылады.

Ең құнды металлургиялық шикізат түйіртпектер болып табылады. Түйіртпектерді алу процесі екі кезеңнен тұрады, олар: арнайы құрылғылар – түйіртпектегіштер көмегімен белгілі бір диаметрлі (2-30мм) шикі түйіршіктер мен химиялық құрам шығару және оларды жоғары температурада күйдіру. Бөлшектерінің негізгі көлемінің (75-90%) өлшемі 0,044мм-ден кем болатын жұқа концентраттарды түйіртпектеген жөн. Шикі түйіртпектердің беріктігін арттыру үшін түйіртпектеуге дайындалған шихтаға байланыстырғыш қоспалар қосады. Егер шихтаға кокс ұсағы қосылса, кейіннен күйдірген кезде темірдің бір бөлігі металға дейін қалпына келіп, дайын түйіртпектердің құрамында 40% металл болады, бұл осы шикізат түрінің ұқндылығын едәуір арттырады.

Түйіртпектердің суық күйіндегі беріктігі үлкен, ал үйкелімділігі агломератқа қарағанда төмен болады. Түйіртпектердің физикалық және химиялық қасиеттері жеткілікті дәрежеде тұрақты әрі ұзақ мерзімді сақтау барысында, қайта тиеу және көлік операциялары кезінде айтарлықтай өзгермейді.

Түсті металл кендері. Түсті металл кендері мен кен концентраттары түсті және қара металлургияда кең қолданылады. Оларды сақтау, қайта тиеу және тасымалдау ерекшеліктері нақты тау жыныстарына қарай ерекше болады.

Марганец кендер темір мен марганец ң мөлшері бойынша марганец (марганец мөлшері 45-52%), ферромарганец (құрамындағы марганец мөлшері 20-30% және темір мөлшері дәл осындай) және кем марганецті (марганец мөлшері 5-15%) болып жіктеледі. Арналымына қарай марганец кендер металлургиялық және химиялық (пироксидті) болып бөлінеді. Марганец кені негізінен қара металлургияда қолданылаты, мұнда ол темірді қалпына келтіру үшін және зиянды қоспаларды жою үшін, сондай-ақ, ферромарганец шығарып, содан соң оны арнайы марганец болатқа қайта өңдеу мақсатында домна пештерінің шихтасына қосымша қолданылады. Марганец болатына тіпті аз-кем мөлшерде қоспа қосу оның механикалық қасиеттерін: беріктігін, созымдылығын, тұтқырлығын күрт арттырады. Марганец кенін қосусыз ыстыққа төзімді, аспаптар жасауға арналған, тотықпайтын арнайы болаттарды өндіру мүмкін емес. Химиялық өнеркәсіпте марганец кендер құрғақ батареялар өндірісінде, жасыл әйнектің түсін солдыру, химиялық, медициналық препараттырды жасау, кендірмай (олифа), майларды, бояуларды т.с.с. өндіруде қолданылады.

Марганец кендер (металлургиялық) алдын ала дайындалуы мен байытуына қарай төрт сұрыпқа бөлінеді. 1-сұрыпты марганец кені байыту фабрикаларының жоғары сапалы концентраты болып табылады (байыту тәсілі бойынша ол жуылған деп аталады). Оның бөлшектерінің негізгі өлшемдері 2-сұрыпты жуылған кендікіндей 4-12мм құрайды. Қарапайым марганец кендер жуылған кен мен бөлшектерінің ірілігі 0-400мм-лік әртүрлі байытылмаған кендердің қоспалары болып табылады.

Марганец кендер бетондалған таза алаңдарда, сұрыптары бойынша бір-бірімен араластырмай, бөлек және тозаң шығаратын жүктерден: көмірден, күкірттен, күкіртті колчеданнан т.б. жеткілікті қашықтықта сақталады. Ферромарганецті сақтау кезінде штабельдің биіктігі 3,5м-ден аспауы тиіс.

Ферромарганец – жанбайтын зат, бірақ ол ылғалдың әсерімен ыдырап, ысып, жанғыш газдар мен улы фторлы сутегі шығаруы мүмкін. Марганец кендер ашық жылжымалы құраммен ақтарып тиеп тасымалданады, оларды мұзданатын жүктерге жатқызады.

Хромит кендер негізгі құрамдас бөлшектерінің әртүрлі құрамымен ерекшеленеді, атап айтқанда, олардың құрамында 13-61% хром, 4-25% алюминий, 7-24% темір, 10-32% магний, 0-25% кремнезем т.б. заттар болады. Хромит кеннің құрамына кіретін кең тараған минерал металл тәріздес жылтырлығы бар қара түсті хромды темір тас болып табылады. Бұл минерал иіс шығаруға төзімді, құрылысы тығыз түйіршікті, отқа төзімділігі жоғары, жылу таралуы болмаған жағдайда 2200°С температурасына дейін көтере алады. Хромит кендер өнеркәсіпте хром ферроқоспаларды құю үшін қолданылады, сапалы болатты өндіру, төзімділігі жоғары отқағарларды жасау; хром тұздарының бастапқы өнім болып табылатын хромпиктерді өндіру кезінде хромды осы түрінде шихтаға қосады.

Теміржол көлігімен тасымалдауға сұрыпталған және қарапайым хромит кені (бөлшектерінің өлшемі 1-120мм) және концентраттары ұсынылады. Бұл орайда бос жыныстың мөлшері 1,5%-дан аспауы тиіс, құрамында көмір бар заттар мүлдем болмауы тиіс. Сақтау кезінде кеннің әртүрлі маркаларының араласуына және бөгде заттармен ластануына жол бермеу қажет. Кесек кеннің ұсақталуын болдырмау үшін тасымалдау санын барынша кеміту керек, ал жекелеген маркалы кендерді (Дх-1 және Дх-5) 1 м-ден жоғары биіктіктен лақтыруға болмайды.

Хромит кенді ашық жылжымалы құрамға ақтара тиеп тасымалдайды, оларды мұзданатын жүктерге жатқызады. Бөлшектерінің өлшемі 20мм-ден астам болып келетін сұрыпталған (еленген) хромит кенді алдын алу құралдарын қолданбай тасымалдайды.

Мыс-никель кені кешенді, көпметалды кенге жатады, оның тасымалдау, қайта тиеу және сақтау жағдайларына елеул әсерін тигізетін бірқатар өзіндік қасиеттері бар. Тасымалдауға дайындалған кенде кемінде 3,5% никель болуы керек және бөлшектерінің өлшемі 400мм-ден аспауы тиіс. Кенде бөгде қоспалар мен заттар болмауы қажет.

Ауа ортасының әсерімен мыс-никель кені қарқынды түрде қышқылданып, өздігімен тұтанады, бұл қоймада сақтау кезінде өрт туғызуы ықтимал.

Сульфидті мыс-никель кенін сақтауға арналған алаңды өндірістік және тұрғын ғимараттардан 25м-ден астам қашықтыққа орналастыру қажет. Алаңның табанында кәріз болуы тиіс. Кенді ауа толатын бос қуыстарды қалдырмай тығыз орналастыру керек, себебі сол бос орындар өрт туғызуы ықтимал. Штабельдің жел жақ бүйірінде, жотасында, кеннің ірі кесектері көп жиылған жерлерде қышқылдану мен өздігімен от алу барынша қарқынды жүреді, себебі ол жерлерде ауа ағындары пайда болады.

Кеннің өздігімен от алуының белгілері: штабельдің үстіңгі қабатында ақ, көкшіл және жасыл түсті дақтардың пайда болуы, суық ауа-райында ысып кеткен жердің астынан бу шығуы немесе жылы кезеңде тұмандануы, кеннің жекелеген кесектерінің бурыл тат басуы, кеннің нығыздалып, жабысуы мен күкіртті газ иісінің шығуы. Кенді сөндіру үшін бос алаңдар болуы тиіс. Штабельдің өлшемдері келесідей болуы тиіс: алаңы 100´25м2-ден аспауы тиіс, қарапайым кен штабелінің биіктігі 5м-ден, ал сұрыпталған кен үшін 3м-ден аспауы тиіс. Температурасы 30°С-тан асатын кенді штабельге жинауға болмайды; кенді алдын ала салқындатады.

Түсті кендердің концентраттары түсті және көпметалды кендерді байыту өнімі болып табылады. Бөлшектерінің өлшемі бойынша концентраттар ұнтақ тәріздес және тозаң тәріздес жүктерге жатады. Олардың ылғалдығы 8-22% құрайтындықтан, қыс кезеңінде концентраттар қатты мұзданады, ал жылы әрі құрғақ ауа-райында тозаңданып, вагон шанағының бос қуыстары мен саңылауларына түсуге бейім болып келеді. Өзіндік қасиеттері мен құндылығына қарай түсті кен концентраттарын ақтарып тиеп және ыдысқа салып тасымалдауға болады. Марганец, мыс, алюминий, қорғасын сияқты түсті металдардың концентраттарын жабық вагондарға ақтарып тиеп тасымалдайды, ал қалайы, никель, цинк және басқа да сирек металдардың концентраттарын ыдысқа салып тасымалдайды.

Металға жатпайтын кендер. Апатит кені (апатиттер) вулканнан пайда болған тау жынысы болып табылады, ол жоғары сынғыштығымен сипатталады, және де оның құрамындағы фосфор мен ылғал артқан сайын, сынғыштығы да артады. Апатиттердің тозаңы абразивті қасиетке ие. Апатиттер мен фосфориттер – қайталама пайда болған өнімдер, олар негізінен минералды тыңайтқыштар, фосфор мен фосфор қышқылын алу үшін, сондай-ақ, металлургияда және халық шаруашылығының тағы басқа салаларында қолданылады.

Апатит кені ашық жылжымалы құрамға ақтара тиеп тасымалданады және арнайы дайындалған ашық алаңдарда сақталады. Бұл кен аса сынғыш болғандықтан, жүк операцияларын орындау кезінде оны 1,5-2м-ден астам биіктіктен лақтыруға болмайды.

Кольск түбегінің апатит-нефелин кенінің өнеркәсіптік маңызы аса зор, ол металлургия өнеркәсібінде шойынның арнайы түрлерін алу үшін қолданылады. Тұтынушыларға жөнелтуден бұрын апатит-нефелин кені байытудың екі түрінен өтеді, олар: бастапқы және қайталама байыту. Бастапқы байыту кенді топырақ пен құм бос жыныстарынан мехникалық тәсілмен арылту үшін, ал қайталама байыту пайдалы қазбаларды бөлу үшін жүргізіледі; ол таңдап ұсақтау, флотация және магнитті сепарацияға негізделген. Апатиттердің, нефелиндердің және басқа минералдардың беріктігі әртүрлі болғандықтан, таңдап ұсақтау жүргізу мүмкін болады. Апатиттер – сынғыш заттар, олар жылдам ұсақталып, ұсақ електен өтеді, ал нефелиндердің беріктігі көбірек, олар үстіңгі қабатта қалады. Байытудың соңғы өнімі апатит концентраты және нефелин қалдықтары болып табылады, олар нефелин концентратын алу үшін әрі қарай өңдеуден өтеді.

Апатит концентратының құрамында кемінде 39,5% фосфор тотығы және 1%-дан аспайтын мөлшерде ылғал болуы тиіс. Концентраттың негізгі көлемі (86%) өлшемі 0,15мм-ден кем болатын бөлшектерден құралуы тиіс. Концентрат сұр түсті, иісі жоқ, қатты тозаңданатын, суық кезеңде тасымалдау кезінде мұздануға аса бейім ұнтақ болып табылады. Қыста ыстық концентратты (50-60°С) тиеу кезінде вагон қабырғаларына ылғал жиналуы салдарынан тереңдігі 50см-ге, ылғалдығы 10%-ға жететін мұзданған қабат пайда болады.

Боксит кендер – негізінен шөгінді тау жыныстары, олардың құрылымы тығыз, кеуекті және жұмсақ болуы мүмкін. Бокситтердің түсі олардың химиялық құрамына және құрамындағы темір мөлшеріне қарай қызғылттан күрең қызылға және сұр-жасылдан қараға жақын түске дейін өзгереді. Бокситтердің көлемдік салмағы 1,5т/м3, табиғи еңіс бұрышы 35-40°, ең тығыз түрлерінің беріктігі 6 (Моос шкаласы бойынша), ылғалдығы 5%. Боксит кеннің тозаңы абразивті қасиетерді иеленеді.

Бокситтердің сапасы ең алдымен алюминий тотығының және зиянды қоспа болып табылатын кремнеземнің болуымен айқындалады. Алюминий тотығы мен кремнезем мөлшеріне қарай боксит кендер 10 сұрыпқа (маркаға) жіктеледі.

Бокситтер көбінесе алюминий тотығын, ал содан кейінгі өңдеу кезінде алюминийді алуға арналған бастапқы шикізат ретінде қолданылады. Сонымен қатар бокситтер бояуларды, жасанды абразивтерді, қара металлургияға арналған флюстар ретінде қолданылады. Нығыздап жапсыру және балқыту жолымен бокситтерден алюминий тотықты цемент, ал электр пештерінде балқыту әдісімен электрокорунд алынады.

Бокситтерді ашық жылжымалы құрамға (думпкарлар мен жартылай вагондарға) ақтара тиеп тасымалдайды. Олардың ашық алаңдарда сақтауға болмайды, себебі жауын-шашын кезінде боксит қозғалмалы балшық тәріздес массаға айналады. Бокситтер мүзданатын жүк болып табылады, сондықтан оларды қыста тасымалдауға баса назар аудару қажет.

Алюминий тотығы – бокситтерді қайта өңдеу өнімі – сусымалылығы жоғары, аса тозаңғыш, абразивті, от қауіпті және жарылыс қауіпті ақ түсті ұнтақ. Нығыздалуға бейім болып келеді, сондықтан оның ылғалдығы 0,3-0,4% шамасында болуы тиіс. Қайта өңдеу технологиясы бойынша оның ылғалдығының 1%-дан астам көтерілуіне жол бермеу қажет. Алюминий тотығы жабық вагондармен тасымалданып, жабық жайларда сақталады. Ол тозаңданатын жерде жұмыс істейтін адамдар қорғағыш киім-кешек киіп, қорғағыш көзәйнек және респиратор тағуы тиіс.

Күкірт кендері құрамында негізгі бөлшегі – күкірттің болуымен сипатталады, олар бай (күкірттің мөлшері 10-25% және одан астамды құрайтын) және кедей (күкірттің мөлшері 10%-дан кем болатын) топтарына бөлінеді. Құрамындағы күкірттің мөлшері 6-8%-дан кем болған жағдайда кендер өнеркәсіптік емес болып саналады. Жер қабығында күкірт жыныстардың құрамында таза күйінде және химиялық байланысқан күйінде кездеседі. Пириттер мен табиғи таза күкірттің өнеркәсіптік маңызы аса зор.

Күкірт кендерінің қасиеттері әртүрлі болып келеді, олар күкірттің мөлшерімен және тау жынысының құрылымымен шартталады. Бұл кеннің кеуектігі 1-17%, ал көлемдік салмағы 2,25-2,65т/м3. Зиянды қоспаларға битумдар, күшәла, селен жатады. Күкірт кені ылғал болған кезде оның тотығу қасиеті айқын көрінеді.

Күкірт пен күкірт кенінің ең маңызды көліктік сипаттамалары өрт қауіптілігі, жарылыс қауіптілігі және улылығы болып табылады. Оның өрт қауіптілігі дәрежесі гранулометриялық құрамына байланысты болып келеді, әсіресе күкірт тозаңы от алуға бейім. Күкірт жанған кезде улы күкіртті газ шығарады. Оның жарылыс қауіптілігі ауадағы күкіртті тозаңның болуына және мөлшеріне айқындалады. Бұл орайда оның жарылғыштығының төменгі шегі 7,0г/м3. Ол статикалық электр тогы разрядынан, жанып ұрған шырпыдан жарылуы және от алуы мүмкін. Күкірттің улылығы адам ағзасында күкіртті сутегімен улану белгілерінің пайда болуына апарып соғады. Теріге тиген жағдайда күкірт тозаңы экзема туғызады, ал көзге тигенде – конъюнктивит пайда болады.

Темір жолмен тысамалдауға күкіртің келесі түрлері ұсынылады: майқандалған және ірі түйіршікті ұнтақ, түйіршіктелген және қабыршақ тәрізді, кесекті күкірт. Майқандалған күкірт ыдысқа (жәшіктерге, қаптарға, металл барабандарға) салынып тасымалданады, ірі түйіршікті күкірт пен кесек күкірт ыдысқа салып тасымалдауға болады, бірақ ақтара тиеп тасымалдауға да рұқсат етіледі; алайда ол тасымалдаудан соі вагонды мұқият жуу қажет. Күкірт кенін тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде арнайы киім киіп, респиратор пайдалану қажет. Кесек күкіртті іргесі арнайы дайындалған ашық, бірақ штабельдерді қоршау үшін тосқауылдар жасалған платформаларға үйіп сақтауға болады.

Дәріс7

МИНЕРАЛДЫ-ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРДЫҢ КӨЛІКТІК СИПАТТАМАСЫНЫҢ ТАСЫМАЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ӘСЕР ЕТУІ

Жоспар:

1. Минералдық — құрылыстық материалдар. Көліктік сипаттаммасы.

2. Тасымалдауды ұйымдастыруға әсер етуі

Инерциялы сусымалы жүктер. Инерциялы сусымалы материалдар – құм, қиыршық тас, жарықшақ тас, пішіндеу материалдары, топырақ, тас т.с.с. – кез келген ауа-райы жағдайында жақсы сақталатын тұрақты материалдарға жатады. Инерциялық минералды-құрылыс материалдары темір жолда ашық жылжымалы құраммен тасымалданады. Қыс кезеңінде бұл материалдар мұздануға бейім болып келеді.

Инерциялық минералды-құрылыс жүктері әдетте көлемін қлшеу арқылы анықталатын салмақ бірлігімен есепке алынады.

21-кестеде инерциялы сусымалы материалдардың негізгі түрлерінің сипаттамасы келтірілген.

21-кесте

 

Инерциялы сусымалы материалдардың негізгі түрлерінің сипаттамасы

Материал атауы Жеке бөлшек-терінің сызықтық өлшемдері, мм Көлемдік салмағы, т/м3 α табиғи еңіс бұрышы, град Қауіпсіз ылғалдық шегі, %  
 
тыныш күйде қозға-лыста  
 
Құм 0,05-2 1,4-1,8 34,5-40   1,25  
Қиыршық тас 5-150 1,5-1,9 30,5-45 28-32    
Жарықшақ тас 1,2-1,8 40-45 35-40    
Құрылыс тасы (соның ішінде әктас) 1,2-2,8 37,5-51,5      
Топырақ до 0,005 1,1-2,2 40-45 37-41,5 12-14  
Шлак (түйіршіктелген және қазандық) 0,5-1 37-50,5      
Топырақ (соның ішінде пішіндеуге арналған) 1,15-1,6 27-45  

 

Инерциялы сусымалы жүктерді тасымалдау кезінде вагондардың жүк көтерімділігі толық пайдаланылады.

Инерциялы сусымалы материалдардың көпшілігі жылжымалы құрамның және жүк тиеу-түсіру машиналары мен құрылғыларының үйкелетін бөлшектеріне аса жоғары абразивтік әсер етеді. Жарықшақ тас, құм, шлактарды тасымалдау кезінде вагондардың қабырғаларын қорғау үшін жабындар қолданылады.

Алебастр, кірпіш сынықтары, гипс, топырақ, сары топырақ, әк, тальк қатты ластағыш жүктерге жатады; оларды тасымалдаудан соң вагондарды міндетті түрде жуып-шаяды.

Бетон жұмыстарына арналған құмды, жарықшақ тас пен қиыршық тасты түздармен, кендермен, көмірмен, сары топырақпен, химиялық жүктермен немесе майлармен ластауға болмайды, себебі бұл қоспалар бетонды жылдам бұзады.

Құм қатты тау жыныстарының үгілуінен туындаған ірілігі әртүрлі болып келетін ұсақ түйіршіктерден тұрады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-08; Просмотров: 565; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.